ФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ. Фитоценоздардың эволюциялық класы екіге бөлінеді: 1/ флорогенез /латыннның Flora – гүлдермен көктемнің құдайы және геректің Genesis- шығуы/; 2/ фитоценогенез / гректің фитоценоз және Genesis- шығуы/. Терминнің авторы Б.А. Быков /1953/. Фитоценогенезді –фитоценоздар дәрежесінде сұрыптау жұмысының нәтижесінде өсімдік түрлерінен қиыстырып қауымын құрастыру деп түсінуге болады
Бұл алмасудың екі типінде /флорогенез және фитоценогенез/ сыртқы жағдайдың әсерімен болатындықтан алогендік құбылыс деп қарауға болады. Сыртқы жағдайлар жанама түрде фитоценоздардың ішкі қасиеттеріне әсер етеді.
Флорогенез және фитоценогенез типтері антропогендік және табиғи тармақтарға бөлінеді. Ал антропогендік тип тармағы өз кезегінде саналы және стихиялы деген варианттарға бөлінеді. Адам өзінің саналы еңбегінеің нәтижесінде өсімдіктердің жаңа түрлерін шығарады, жергілікті жерге бұрын өспеген өсімдіктердің түрлері мен сорттарын енгізген, жабайы өсімдіктерді дақылдар қатарына енгізген. Ал стихиялы антропогендік эволюция жергілікті жерге кездейсоқ өсімдіктің жаңа түрлерінің келіп қалуынан, интродуценттердің жабайылануынан немесе радиация дәрежесінің көбеюінен, антропогендік химиялық мутагендердің әсерінен өсімдіктің жаңа түрлерінің шығуынан болады.
СУКЦЕССИЯ Сукцессия /латынның Succesio- орын басушылық, жалғастырушылық/ - белгілі бір учаскеде бір фитоценоздардың тіршілік ететін орнында екінші бір фитоценоздармен жүйелі түрде алмасып отыруы. Соның нәтижесінде біртебірте кері кері дамымайтын /немесе/ 10 жылдан аса уақытта бастапқы қалпына келетін /өзгерістің салдарынан осы ауданда кездесетін фитоценоздар типтес өсімдіктер қауымы қалыптасады. Сукцессия терминін американ фитоценологі Каулс 1901 жылы енгізген. Сукцессияның флуктуациядан айырмашылғы ол кері дамымайды және өзгеруі бір бағытта жүреді. Сукцессия кезінде өзгерістердің белгілі бір бағытта жүретіндгі фитоценоздардың алмасуын логикаға сәйкес болжауға мүмкіншілік береді. Флуктуациялар өздерінің ерекшеліктеріне байланысты сукцессияны кейде жылдамдатып / мысалы, жылы ылғалды жылдары/ кейде баяулатып өзгеріс бағытына кейбір ауытқулар енгізуі мүмкін.
КАТАКЛИЗМДЕР Катаклизмдер /гректің kataklao- сныдру, қарату/ сыртқы табиғаттың немесе ортаның анропогендік әсерінен өсімдіктер қауымының структурасының секірмелі /кенеттен/ өзгеруі, фитоценоздар динамикасының бір формасы.Катаклизмдер немесе апатты алмасулар, тек қана аллогенді бола алады, өйткені фитоценоз өзін-өзі кенеттен күйрете алмайды, сондықтан күйреудің себебі барлық уақыттар фитоценоздардың сыртында орналасады. Антропогендік катаклизмдердің шінде стихиялы және саналы жасалған варианттары болды.
№20-25ДӘРІСТЕР.