Фунциональдық фитоценология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері, фитоценоздардың қалыптасуы, құрылымы. Фитоценология пәнінің мақсаты және ғылымдар жүйесіндегі орны


Кесте №6 ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТОПЫРАҚТЫҢ СОРТАҢДАНУЫМЕН



бет27/43
Дата14.09.2023
өлшемі10,03 Mb.
#107233
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ Фитоценология лекция

Кесте №6 ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТОПЫРАҚТЫҢ СОРТАҢДАНУЫМЕН
БАЙЛАНЫСЫ /ФЕДОРОВ, 1964/

Индикаторлар /жиі кездесетін арам шөптердің түрлері/

Индикаттар /тығыз қалдықтар құрамы/

Melilotus albus Medik
Atriflex tatarica L, Karelinia Caspia Pall
Lecs
Puccinella distans L Parl.,
Jygophyllum L, Limonium Mill
Suaeda heterophylla Kar.et Kir
Petrosimonia brachiata Poll Bunge
Salicornia L, Climocoptera subcrassa M.Pop Botsch

0,43-0,8
1,2 шамасында
1,6-2,0
2,0-2,5

4. Тіршілік формалары - өсімдіктердің экологиялық факторлар жиынтығына бейімделуінің тарихи бейнесі.
Экологиялық факторлардың әсері нәтижесінде өсімдіктің айқын сырт көрінісі, кейпі оның тіршілік формасы қалыптасады. Егер біз өсімдіктің бар түрін алып қарайтын болсақ, оның ареалының әртүрлі экологиялық жағдайында әртүрлі тіршілік формаларының бар екендігін байқауға болады. Мысалы, көптеген ағаштар өзінің ареалының шекарасына жақын жерлерде формаларын өзгертіп бұталарға немесе тіпті төселіп өсетін формаларға айналады /Мфсалы Juniperus turtanica Kam- түркестан арашасы тағы с.с/. Басқаша айтқанда, өсімдіктің тіршілік формасы оның өмір сүретін жағдайының – экологиялық факторлардың өзгеруіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. “Тіршілік формасы” /жизненная форма / деген терминді бірінші рет Варминт /1884/ ұсінді. Ол өмір бойы сыртқы ортамен үндестікте болатын индивидтің вегетативтік денесінің формасын тіршілік формасы деп атады. Сол уақыттан бері бұл терминнің көптеген анықтамасы және тірішік формаларының әртүрлі жүйелері немесе классификациясы ұсінілді. Сол тіршілік формаларының көптеген классификацияларының ішіндегі дүние жүзінде дұрыс қабылданып кең тараған ол Раункиер классификациясы. Раункиер тіршілік формаларын бөлшектегенде жылодың қолайсыз уақыттарына өсімдіктердің шыдап, төзу ерекшеліктерінің ішінен бір белгісін негізге алған Ол тоқтаған /жаңару/ бүршіктердің немесе төбе өркендерінің жылдың қолайсыз уақыттарында топырақ /немесе су/ бетіне қатысты орналасуына байланысты тіршілік формаларын 5 топқа бөледі /сурет№15/ 1. Фанерофиттер /Р/- бүршіктері топырақ бетіне 30 см және одан жоғары ауада орналасқан.2. Хамефиттер /Ch/- қолайсыз кезеңде бүршіктері топырақ бетіне жақын /20-30см/ орналасқан. 3. Гемикриптофиттер /Н/- жаңару бүршіктері және төбе өркендері тікелей топырақ бетінде, төсеніш астында орналасқан. 4Криптофиттер /К/- “жасырын” жер үстіндегі өркендері толық өледі, жаңару бүршіктері жер астында, әртүрлі тереңдікте сақталады; криптофиттер тармақтары; а- теофиттер /G/- жер астында, тамырсабақтарбаданалар және т.с.с. ; гелеофиттер- батпақты жердегілер, өркендері су үстінде жаңавру бүршіктері су астында. 5. Терофиттер /Th/- біржылдықтар қолайсыз кезеңді тұқым күйінде басынан өткізеді.Раункиер ұсынған тіршілік формалары өсімдіктер структурасының негізгі үлгілері болып табылады. Олар флора және өсімдіктер жабыны тарихының өте ерте кезеңдегі диференцияланған. Олар таралған аймақтарына және климат жағдайында тәуелсіз әрбір үлкен таксон ішінде қайталанып отырады /мысалы, пальманың біржылдық терофиттен басқа, барлық тіршілік формалары табылған.

Сурет 15. Раункиер ұсынған тіршілік формаларының үлгісі: 1-фанерофит; 2а-2б- хамефит; 3а-3и- гемикриптофит; 4а-4и криптофит; 5-терофит.
17 -19 ДӘРІС.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет