Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері



бет32/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Жатыс септігінің (S0) негізгі мағынасы іс-қимылдың орнын, мекенін білдіру. Мұндай жатыс септіктегі сөз қайда? неде? деген сұрақтарға жауап береді.

Шығыс  септік іс-әрекеттің, қимылдың қай жерден, неден басталғанын білдіреді:                 Екінші сөзбен айтқанда, іс-қимылдың бір объектіден қашықтап, ұзап, алыстап бара жатқанын көрсету. Мысалы: Сескеніп ғашық үшін жүрек қайтпас, Магниті сұлу қыздың күшті емес пе, Жігітті көңілі сүйген қайтіп тартпас, Астынан ақ тамақтың деміңді алсаң, Мойныңнан ақ білекті қайтіп артпас?! (М.Дулатов, Шығ.).

Көмектес септікті сөз іс-қимылдың қандай құралмен жасалғанын білдіреді:

Мысалы: Отыз жылдай алысқан, Қырық жылдай шабысқан, Ақ беренмен атысқан, Қызыл қанға батысқанНайзаменен қағысқан (Сүйінбай Аронұлы, Ақиық).

Морфологиялық репрезентацияда септік тұлғаларының негізінде семантикалық фактор мен мәнмәтін факторының көмегімен лексика-грамматикалық мәндер түзіледі.

Сонымен, қазақ тілінде қатынас мәні етіс және септік грамматикалық категориялары арқылы репрезентацияланады. Етіс, септік категориялары субъектілі-предикаттық, объектілік, меншіктілік қатынас, мекендік-мезгілдік, көлемдік т.с.с. қатынастарды білдіріп, сөйлеушілердің ақиқат болмысқа деген көзқарасын білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет