Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет3/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
26 
бұл кездегі міндет-тілдің өзі қалаған мамандықпен қатысын, осы 
саладағы  жұмсалу  ерекшеліктерін,  терминдерді,  кəсіби  сөздік 
қорын игерту. Сондай-ақ бұл сабақтарда талапқа сай студенттің 
өзіндік  ізденісінің  салмағын  арттыруға  мəн  беріледі.Ол  үшін 
сабақ  барысында  машинажасау  саласына  қатысты  жаңа  сөздер 
бойынша  теледидардан,  радиодан  хабарлар  тыңдау,  көру, 
баспасөз  беттерінен  материалдар жинақтау,  сала  терминдерінің 
түсініктемесіне  үңілу  (түсіндірме  сөздік  негізінде),  осы  сала 
аумағында  жұмыс  істейтін  таныстарынан,  ата-аналарынан  əр 
сабақта  сөздер  үйреніп  келу.  Бұндай  тапсырмалардың  студент-
терге  жаңа  сөздерді  меңгеру,  дұрыс  сөйлеу,  сөздік  қорларын 
молайту, тіл үйрену дағдыларын қалыптастыруға тигізер көмегі 
көп. 
Сондай-ақ  сабақтарда  интерактивтік  əдістерді  қолдану  да 
тиімді нəтижесін беріп жүр. 
Интеракция  жеке  индивидтердің,  топтың,  жұптың  өзара 
біріккен əрекетке бір-біріне алма-кезек əсер етуі. Бұл əдіс, əсіресе, 
сұхбат құруда студенттердің қызығушылығын арттырады. Бірігіп 
жұмыс  істеуге  үйретеді.  Бұл  əдіспен  сабақ  өткізу  кезінде 
оқытушы кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде 
əрекет  ете  отырып,  бірін-бірі  қолдау,  толықтыру  арқылы  сұхбат 
құруға,  терминдермен  жұмыс  жасауға  үйренеді.  Студенттің 
бойында  төмендегідей,  əдет-дағдыларды  қалыптастырады:            
1.  Студент  өзін-өзі  батыл,  еркін  сезінеді.  Үйреніп  жатқан  тілге 
деген қызығушылығы артады, яғни өз қажеттілігі үшін үйренуге 
ынтасы  оянады.  2.  Өзіне  бөлінген  тақырып  бойынша  сөйлеу 
барысында,  ізденуге,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге,  тіпті, 
өзінің  бүкіл  түйсігін,  сезімін  белгілі  мəселеге  жұмылдыруға 
үйренеді. 
Бүгінгі  таңда  кəсіби  бағытта  студенттерге  тіл  үйрету  үшін 
ҚазҰТУ-дың  қазақ  тілі  кафедрасында  жүйелі  жұмыстар 
жоспарланып, бағдарламаға енгізілген. Азды-көпті жиналған іс-
тəжірибеге байланысты 2007 оқу жылында техника саласындағы 
барлық  мамандықтарға  арналған  қазақ  тілі  пəні  бойынша 
студенттің  оқу-əдістемелік  кешендері,  силлабустар  (Қазақ  тілі 
пəні  бойынша  050907;  050907;  050903;  050724;  050711;  050729 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
27 
тау-кен  саласындағы  мамандықтар  үшін,  050729  құрылыс, 
050420  сəулет,  050608  экология  мамандықтары  үшін,  050720 
техникалық  физика,  050712;  050713;  050724;  050732  машина-
жасау саласындағы мамандықтар үшін т.б.) даярланды. 
Бұл  бағытта  студенттер  əр  сабақ  сайын  машинажасау 
саласына  қатысты  мəтіндерді  оқып,  кəсіби  сөздер,  сөз 
тіркестері,  терминдермен  танысып,  оларды  есте  сақтауға, 
сауатты  жазуға,  сөйлеу  тілінде  дұрыс  қолдана  білуге  үйренді. 
Мысалы,  «Дүниежүзілік  машинажасау  ісінің  даму  тарихы», 
«Машинажасау 
саласы 
мамандықтарының 
ерекшелігі», 
«Қазақстандағы машина-жасау зауыттары» сияқты мəтіндермен 
жұмыс жүргізгенде, əсіресе мамандыққа қатысты машинажасау 
терминдерін оқытуда атауларды құр жаттап қоймай, ол сөздерді 
практикада қолдана білуге үйрету көзделеді. 
Жаңа  атауларды  өткен  грамматикамен  байланыстырып 
түрлендіру,  олармен  сөз  тіркестерін  жасау,  сөйлемдер 
құрастыру  сияқты  жұмыс  түрлері  атауларды  есте  сақтауға 
көмек-теседі.Терминдердің  көпшілігі  орыс  тілінен  жəне  орыс 
тілі  арқылы  енген  сөздер  болғандықтан,  бұл  сабақтармен 
байланысты  кірме  сөздерге  қосымшалардың  жалғануы  ретін 
айту сауатты жазуға жəне қазақ тіліндегі дыбыстардың емлесін 
жете  түсінуге  ықпал  етеді.  Сонымен  қатар  кредиттік  жүйеге 
байланысты  студенттердің  өз  бетімен  жұмыс  жүргізуіне 
тапсырмалар беру арқылы, олардың жаңа сөздерді, терминдерді 
қаншалықты меңгергенін байқауға болады. 
Бұдан  кейін  студенттер  термин  жүйесін  үйреніп,  кəсіби 
сөздерді  меңгеру  үшін  ғылыми-техникалық  стильде  жазылған 
шығармалармен  жұмыс  істеуі  қажет,  яғни,  оқытушы 
студенттердің  ғылыми  əдебиетпен  жұмыс  істеу  дағдыларын 
қалыптастырып,  сол  арқылы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына 
икемдеуі  қажет.  Сонымен,  машинажасау  саласына  қатысты 
терминдерді  дұрыс,  орынды  пайдалану  үшін,  семинарлар 
ұйымдастырып  отыру  қажет.  Бұл  мəселе  студенттердің 
болашақта  алатын  мамандығын  бар  ықласпен,  үлкен 
ыждаһатпен түсініп оқуына септігін тигізеді. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
28 
Жалпы  термин,  оны  оқыту  мен  меңгерту  мəселесі  бір 
күндік немесе, бір мақаланың аясында айта салатын əңгіме емес, 
сондықтан  біз  инженер-мамандарын  дайындайтын  техникалық 
университетте жұмыс істейтіндіктен, негізгі мақсатымыз: 
-  білімді,білікті мамандар дайындау; 
-  келешек  инженер  мамандарға  терминдерді  игертумен 
қатар, сол терминдердің мағынасын, түсінігін қалыптастыру; 
-  ғылыми-техникалық  терминдердің  жасалу  жолдарын, 
тəсілдерін игерту; 
- əр сала бойынша терминком бекіткен, ғылымға негізделіп 
жасалған  техникалық  терминдерді  дұрыс  пайдалануға  студент-
терді үйрету. 
Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Түптеп келгенде жоғары оқу 
орындағы студенттің термин меңгерудегі білімі жүйелі берілсе, 
практикада олардың ақсамайтыны мəлім.  
 
Əдебиеттер 
1. Р.А. Будагов. Ведение в науку о языке.М.1988. 
2.  Қазақша-орысша  орысша-қазақша  терминологиялық 
сөздік:  Машинажасау  \  жалпы  редакциясын  басқарған  п.ғ.д., 
профессор А.Қ. Құсайынов. Алматы: Республикалық мемлекеттік 
«Рауан» баспасы. 2000. 
3.  Қазақ  тілі  пəні  бойынша  Машинажасау  саласындағы 
мамандықтар  үшін  (050712,  050713,  050732,  050724)  студенттің 
пəндік оқу-əдістемелік кешені. Алматы. 2007.  
 
 
Шүленбаева Ұ.Р., Əбдісүлейменова Р.Ш.,  Итемирова А.С. 
Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
МАМАНДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ МƏТІНДЕРДІ 
МЕҢГЕРТУ ТƏСІЛІ 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
29 
Біздің  еңбегіміздің  ең  негізгі  өзекті  мəселесі  –  орыс  тілді 
аудиторияда  студенттерді  қазақша  сөйлеуге  үйрету  болып 
табылады. 
Оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі жəне басты формасы – 
сабақ екендігі мəлім. Мемлекеттік тілді студенттерге үйретудің 
басты  жолы  қазақ  тілі  сабағын  дұрыс  ұтымды  ұйымдастыру 
болып табылады.  
Бүгінгі  таңда  студенттер  алатын  ақпарат  жан-жақты 
дамыған.  Атап  айтсақ,  интернет  желісі  мен  электронды 
поштаның  өсуі,  күнделікті  тұрмыста  қолданысқа  енуі, 
студенттердің  ойлау  жүйесінің  артуына,  ақпараттарды  мол 
қабылдауына  өз  əсерін  тигізіп  отыр.  Сондықтан  оқытушы 
студенттермен  тығыз  қатынас  орната  отырып,  шығармашылық 
байланыста болуы керек. Соңғы жылдары жоғары оқу орнында 
қазақ  тілін  мамандыққа  сəйкес  оқыту  тілдің  қолданыс  аясын 
кеңейте түсті.  
Қазақ  тілін  оқытуды  басқа  ұлт  өкілдерінің,  əсіресе, 
студенттер  қауымының  ауызша  тілімен  қатар,  мамандығына 
байланысты  бағытталған  лексиканы  жазылым  əрекеті  арқылы 
меңгертудің  орны  ерекше.  Оқытушының  басты  міндеті- 
болашақ маман иелерінің сөздік қорын мамандыққа байланысты 
лексикамен  молайту,  жазбаша  тілдік  қатынасты  жүзеге  асыру 
болып табылады.  
Мамандыққа  қатысты  оқытудың  басты  мақсаты  –  өз 
мамандықтары  бойынша  алған  білімдерін  қазақ  тілінде 
мамандықтарына  қатысты  жаңа  сөздермен,  сөз  тіркестерімен 
байыту болып табылады. Өз ойларын грамматикалық тұрғыдан 
дұрыс,  логикалық  бірізділікпен  жүйелі  жеткізуге  үйренеді.  Өз 
бетінше ізденуге мүмкіндігі ашылады. Лексикалық тақырыптар 
грамматикалық  материалдарға  сəйкес  əр  мамандықтың 
ерекшелігіне қарай іріктелініп алынады. Оқытушы студенттерге 
ірі  ғалымдардың  өмірімен  жəне  ғылыми  еңбектерімен 
танысуына бағыт беріп отырады.  
Бүгінгі  заман  талабына  сай  нарықтық  экономика өркендеп 
отырған кезеңде студенттердің, яғни болашақ мамандардың ой-
өрісінің жан-жақты бай болуы, тілді меңгеруде «қазақ тілі-қазақ 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
30 
халқының  ана  тілі»  екендігін  сезіне  отырып,  еліміздің 
экономикасын,  мəдениетін  дамытқан  асыл  мұра  ретінде  тани 
білуі қажет.  
Кез-келген  жағдайларда  қоғам  үшін  өте  пайдалы  іс  істеу 
үшін  болашақ  маман  өз  мамандығынан  бұрын,  адам  бола  білу 
мамандығын игеріп, қазақ халқының тілін, тарихын, мəдениетін 
бойына  сіңіріп,  оны  жалғастырушы  болып  халыққа  танылуы 
тиіс.  
Осы орайда студенттерге қазақ тілін оқыту – ең маңызды іс. 
Қазақ  тілін  оқыту  процесінде  тіл  дамыту  жұмыстарын  жүзеге 
асыра білуі, ойын ашық айтуы, үйреніп отырған тілдің өзіне тəн 
дыбыстарын  дұрыс айтып,  сөзді, буынды  мəнерлеп  оқи  алатын 
болуы негізгі талаптар болып табылады.  
Оқытушы  өзіне  қажет  ғылыми-əдістемелік  шеберлікті 
меңгеруі  тиіс.  Студенттің  психикалық  қабілетін,  іскерлігін 
ұтымды  жетілдіріп,  сабақты  нақты  дерекке  сүйене  отырып 
тартымды  өткізсе,  сөзсіз  мақсатына  жетеді.  Оқытушының 
еңбегінің  жемісті  болуы  оның  біліктілігіне,  əдістемелік 
шеберлігіне  байланысты.  Оқытушы  өз  ісін  зерттеп  жаңашыл 
əдіс-тəсілдермен студенттердің білім сапасын арттыруы керек.  
Күнделікті  сабақта  осы  міндеттерді  басшылыққа  алып, 
студенттердің сөздік қорын байытуға көңіл бөліп, сөйлем құрата 
білуге,  байланыстырып  сөйлеуге  жаттықтырып  жəне  оның 
элементтерін, 
көрнекті 
жəне 
техникалық 
құралдарды 
пайдалануға  баса  мəн  бергені  тиімді.  Белгілі  бір  ғылым 
саласынан  толық  мағұлмат  алу  үшін,  терминдерді  игеру, 
болашақ  маман-өз  ана  тілімен  қатар,  мамандыққа  байланысты 
сөздерді  үйреніп,  сөздік қорын  байытуы  керек.  Оны  келешекте 
қызмет  барысында  қолдануы  олардың  білімді  де  іскер,  жан-
жақты,  өз  мамандығын  жетік  меңгерген  терең  білімді  маман 
болуына аса қажет.  
Қазақ  тілін  орыс  тілді  студенттерге  оқыту  олардың 
біліктілігі  мен  білімділігін,  ойлау  мүмкіндігін  жетілдіру 
мақсатына бағытталады. 
Мамандықтың  қай  саласы  болмасын  қоғамдағы  қызметін 
тіл  арқылы  ғана  жүзеге  асыра  алады.  Тілді  студенттердің 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
31 
болашақ  мамандығымен  байланыстырып  оқыту  тілді  үйренуге 
деген ұмтылысты арттырудың маңызды тəсілі. 
Мамандыққа  қатысты  мəтіндерді  меңгергенде  студенттер 
сөз  жүйесін  түсінеді,  əрі  сөздің  орынды  қолданылуы  арқылы 
ойды толық жəне дəл жеткізуге қалыптасады. Сонымен қатар өз 
мамандығына  байланысты  қызмет  ететін  сан  алуан  мағыналы 
сөздерді  жете  түсініп,  талдап,  таңдап  қолдана  білуге  үйренеді. 
Сол  арқылы  мамандығына  қажетті  терминдерді  меңгеріп, 
оларды  күнделікті  қатынас  құралы  ретінде  қолданудың 
қажеттілігін біледі. 
Мамандыққа  қатысты  мəтіндер  мазмұнын  нақты  дұрыс 
түсінуін  қамтамасыз  етуге  арналған  жұмыстың  түрлерін 
белгілеу қажет. Мəтінмен жұмыс арқылы, оның мазмұнын ғана 
емес,  мəтіндегі  тілдік  құралдардың  қолданысын  есте  сақтау, 
ойын,  тілін  дамыту  жұмыстары  да  басты  назарда  болуы  тиіс. 
Мəтінді  оқытуда,  оның  мазмұнын  студент  нақты  түсіну  үшін 
тақырыптың  ішкі  бөліктеріне  студент  көңілін  аударуымыз 
қажет.  Ол  үшін  мəтіндегі  ішкі  əр  бөліміне  жеке  тақырып 
қойғызып,  əр  бөлікке  сұрақтар  қойып,  оған  жауап  бергізу 
арқылы тірек сөздерді тапқызу жұмыстарын жүргіземіз. 
Мəтінде  тілдің  барлық  деңгейіне  қатысты  тілдік 
тұлғалардың  бəрі  орын  алады.  Сондықтан  мəтін  арқылы  тілдің 
грамматикасын  оқытуға  болады.  Ал  түрлі  деңгейдегі  тілдік 
тұлғалардың бəрінің түйісетін орны – мəтін. Сол себепті ол тіл 
оқытудағы басты тұлға болып саналады. 
Мəтін  арқылы  тілдік  қатынастың  барлық  түрі  үйретіледі. 
Ол  мəтінді  оқыту  əрекетімен  бірге,  мəтін  бойынша  əңгімелеу 
арқылы  сөйлеу  əрекетіне,  мəтін  бойынша  сұрақ-жауап  арқылы 
тілдесім əрекетіне, мəтін бойынша мазмұндама жазғызу арқылы 
жазу  əрекетіне,  мəтінді  оқумен  бірге  тыңдау  əрекетіне,  мəтін 
туралы ойын жеткізе айту əрекетіне үйретіледі. 
Қазақ  тілін  оқытуда  мамандыққа  байланысты  мəтіндерді 
меңгерту маңызды. Оның мынадай себептері бар: 
– студентті мамандыққа байланысты мəтіндер қызықтырады; 
–  мамандыққа  қатысты  қазақша  терминдермен  танысады, 
сол арқылы сөздік қорын байытады; 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
32 
– мамандыққа байланысты меңгерген сөздік қор қай салада 
болмасын қажет; 
–  мамандыққа  байланысты  мəтін  студентке  мамандық 
жөнінен қосымша мағұлматтар береді; 
Мамандық бойынша берілетін мəтінге қойылатын талаптар 
мынадай: 
–  мəтіндер  аяқталған  ойды  білдіретін  біртұтас  мазмұнды 
болуы керек; 
–  мəтін  мазмұны  студент  шамасына  лайықты,  түсінікті 
болуы тиіс; 
–  мəтінде мамандыққа байланысты сөздер болуы керек; 
–  мəтін  мазмұны  студентті  қызықтыратын  тартымды, 
пайдалы мағұлматқа құрылуы тиіс; 
– мəтін тілі əдеби тіл нормасына сай болуы тиіс; 
– мəтін көлемі бір беттен аспағаны дұрыс; 
Жоғарыда 
аталған 
талаптарды 
ескергенде 
тіл 
үйренушілердің сөйлеу тілін қалыптастыруда мəтіндердің орны 
ерекше болып табылады. Сөз адамдардың өзара қарым-қатынас 
жасауының аса маңызды құралы. 
Қазақ  тілін  оқытуда  студенттерге  сөздің  мағынасын  жете 
түсіндіру  өте  қажет.  Орыс  тілді  студенттерге  қазақша  сөйлеуге 
үйрету  үшін  оларға  қазақ  тілінің  белгілі  бір  шамадағы  сөздік 
қорын  меңгертіп,  сөздерді  дұрыс  айтуға,  сауатты  жазуға, 
ауызекі тілде дұрыс қолдануға дағдыландыру керек. 
Студент мамандығына қатысты мəтінді меңгеруде техника 
тілін  қазақша  түсінуі  керек.  Ол  үшін  студенттің  сөздік  қоры 
болуы  тиіс.  Олардың  өз  ойын  біреуге  жеткізе  білуі  тілді 
оқытудағы  негізгі  жұмыстардың  бірі.  Сабақ  барысында 
мамандыққа  қатысты  мəтінмен  бірге  грамматика  да  қатар 
жүреді. 
Тіл 
үйренушілердің 
қазақша 
сөйлеу 
тілін 
мамандықтарына  сəйкес  жетілдіру  мақсатында  лексика  басым 
бағытта  меңгертіледі.  Студенттерді  мамандықтарына  бағыттап 
оқыту – болашақ мамандардың қазақ тілін сауатты біліп шығуы 
үшін ұтымды тəсіл болып табылады. 
Мамандыққа  қатысты  тілді  меңгертуде  əдістемелік  оқу 
құралдарының  да  басты  орын  алатыны  белгілі.  Онда 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
33 
мамандыққа бағыттап оқытудың жүйесі мен мақсаты белгіленіп, 
міндеті  айқындалады.  Өмір  талабына  сай  мұндай  əдістемелік 
оқу  құралдарын  мақсатқа  сай  толықтырып,  жетілдіріп  отырған 
дұрыс.  Сондай-ақ  тіл  үйренушілердің  талап-тілегі  ескеріліп, 
оқытушы өз тарапынан тəжірибесін байытып отырады. Бұл тілді 
үйретудің  мақсатына  жетудегі  басты  көмекші  құрал  болып 
табылады. 
Мамандығына  байланысты  орыс  тіліндегі  ғылыми  мəтінді 
қазақшаға  аудару  жұмысы  тілді  оқытуда  үлкен  қызмет 
атқарады.  Жұмыстың  бұл  түрі  студенттің  қазақ  тілінен  алған 
білімін тəжірибеде қолдануға жаттықтырады. Бұл өздік жұмыс. 
Студент мəтінді аударуды өзінше жасайды, оған бұл істе сөздік 
қана  көмектеседі.  Сөздік  арқылы  студент  өзіне  таныс  емес 
сөздің  қазақша  аудармасын  іздейді.  Мəтіндердегі  сөйлемдерді 
қазақшаға аударуда студент өздері білетін сөйлем модельдеріне 
сүйенеді.  Сөйлем  түрлерінің  үлгілері  студенттерге  үйретілген 
жəне  ол үлгілер бойынша  сөйлем  құрау  дағдысы да  бірсыпыра 
қалыптастырылған. 
Орыс тіліндегі мамандыққа байланысты ғылыми мəтіндерді 
қазақ  тіліне  аудару  –  студентті  қазақша  сөйлеуге  апаратын 
жолдың бірі. 
Сонымен бірге орыс тіліндегі мəтінді қазақ тіліне аударуы 
студенттің қазақша сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Ол 
жұмыстардың  бəрі  қазақша  сөйлеуге  жаттықтырады,  қазақша 
сөйлеу  дағдысын қалыптастырады.  Оқытушы студенттің дұрыс 
айтпаған  сөздерінің  дұрыс  айтылуын  көрсетіп,  сөздерді, 
сөйлемді  дұрыс  құрауға  жаттықтырады.  Сондықтан  мəтінді 
баяндаудың, əңгімелеудің бұл реттегі пайдасы да зор. 
Сонымен  қатар,  қазақ  тілі  сабағында  өзі  оқитын  оқу 
орнының  тарихына  арналған  жəне  мамандығына  қатысты 
мəтіндермен  жұмыс  жасап,  болашақ  мамандығына  құрметпен 
қарауға тəрбиелеу ісі басты мақсаттарымыздың бірі. 
Қорыта  айтсақ,  мамандыққа  байланысты  мəтіндер 
студентке  мамандық  туралы  қосымша  мағлұмат  берумен  бірге, 
студенттің  тілін  дамытып,  сөздік  қорын  байытады  да,  белсенді 
сөздік қорына айналады. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
34 
 
 
Шүленбаева Ұ.Р., Əбдісүлейменова Р.Ш., 
Карамендина М.Ө., Бакиева А.Ə. 
Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ «ТІЛ-ҚҰРАЛЫНДАҒЫ» 
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ 
 
Қазақ  тілі  өткен  ғасырдың  орта  шенінен-ақ  əртүрлі 
зерттеулердің  назарын  аударғаны  мəлім.  Сол  кезде  жазылған 
көбіне  тəжірибелік,  ішінара  теориялық  еңбектердің  авторлары 
қазақ  тілінің  фонетика-грамматикалық  құрылысын  европа 
тілдері  лингвистикасының  дəстүрі  тұрғысынан  түсіндіруге 
тырысқандығы  да  заңды.  Өйткені  қазақ  тілінің  құрылысы  мен 
жүйесін  сипаттап  беретін  атаулар  мен  олардың  анықтамасын 
қазақтың  төл  сөздерімен  тиянақтап  бере  қоятын  мамандар 
болған  жоқ.  Бұл  орайда  1920-30  жылдардың  орны  ерекше 
болғанын,  сондай-ақ  қазақ  тіл  біліміндегі  атау-ұғымдардың 
бастау  көзі  –  А.  Байтұрсыновтың  еңбектері  екенін  ғылыми 
қауым кешеуілдеп болса да мойындап отыр.  
Ғалымның  аты  мен  еңбектері  жабық  жатқан  кезде  өсіп 
жетілген  филолог-ұрпақ  үшін  қазақ  тіл  білімінің  тарихында 
тосын  да  жұмбақ  жайлардың  басы  баршылығы  рас. 
А.Байтұрсыновтың  өзі  ұсынған  атау-ұғымдарды  түсіндіру 
əдістерін  аңғару  –  ғалым  мұрасын  зерттеу  жолындағы 
көкейкесті мəселелердің бірі болар деген ой туады. 
Осыған  орай  қазақ  тіл  білімінің  даму  тарихында  бірегей 
бөлектеніп,  ерекшеленіп  тұрған  «Тіл-құралындағы»  лингвис-
тикалық атау-ұғымдардың анықтамаларына назар аудардық. 
 «Тіл-құралда»  ұғым-атаулардың  өте  көп  екеніне  көз 
жеткіздік.  Бүгінгі  таңдағы  қазақ  тіл  біліміндегі  қолданыста 
жүрген 
төл 
атаулардың 
барлығының 
түпкі 
төркіні 
А.Байтұрсыновтың  туындылары  екен.  Тіптен  қазіргі  кездегі 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
35 
əбден  құлақ  үйренген  «Оқу  құралы»  тіркесінің  «Тіл-құралға» 
барып тірелетінін ешкім білмеген болар. 
«Тіл-құралдағы» 
лингвистикалық 
атаулар 
түгелдей 
қазақтың  байырғы  сөздерінің  негізінде  жасалған.  Атауға  негіз 
болған  сөздің  тікелей  мағынасы  мен  сол  атау  сөздің 
мағынасының  арасындағы  логикалық  жалғастықтың  беріктігі 
соншалық,  сол  атаулардың  бəрі  де  үйреншікті  сөздей  естіледі, 
тыңдаушы  жатырқамайды.  Сондықтан  да  болар  автор  өзі 
жасаған  атау  сөздердің  басым  көпшілігіне  анықтама 
(түсіндірме)  беріп  жатпайды.  Анықтаманы  қажет  деген 
жағдайда  жəне  сирек  пайдаланады.  Мысалы,  «I-ші  бөлімінде 
сөйлеу  мен  сөйлемді,  сөйлем  мен  сөзді,  сөз  бен  буынды,  буын 
мен дыбысты танытады. Дыбыс танудан қарып мəселесі туады. 
Дыбыс  пен  қарып  мəселесінен жазу  ережелері  мен  сөз  түрлері, 
тұлғалары,  сөз  түрлену,  өзгерулері  туады»  [1,  1925,  174]  деп 
жазады  А.Байтұрсынов.  Осындағы  лингвистикалық  бірлік 
(единица) ретінде жаңа мағынаға ие болып отырған бес атаудың 
ешқайсысына беріліп отырған анықтама жоқ. Əсіресе, «сөйлем» 
мен  «буын»  деген  атауларды  түсіндіріп  кету  қажет-ақ  сияқты. 
Алайда  қазақ  тілінің  «орау»  мен  «орам»,  «үзу»  мен  «үзім», 
«салу»  мен  «салым»  тəрізді  үлгілерін  білген  қазаққа  «сөйлеу» 
мен  «сөйлем»  де  оп-оңай  түсінікті  болып  тұр.  Бүтін  нəрсенің 
бунақ-буыннан құралатыны сияқты, сөздің де буынға бөлінетіні 
көңілге  қона  кетеді.  Осы  атаулардың  бəріне  көрнекі  мысалдар 
келтірілген, оны талдаудың да жолы қарапайым: «бір сөйлеудің 
ішінде  бірнеше  сөйлем,  бір  сөйлемнің  ішінде  бірнеше  сөз         
[2,  176],  бір  сөздің  ішінде  бірнеше  буын  [2,  177],  бір  буынның 
ішінде  бірнеше  дыбыс  [2,  178]  болады»  дейді.  Сонда  арнайы 
анықтаманың  орнына  көрнекі  талдау  жасалған  мысалдар 
молынан  келтірілген.  Сөйтіп  сөздің  байырғы  мағынасы 
лингвистикалық  атаудың  өзін  де  жеңіл  түсініп  кетуге  септігін 
тигізеді.  
Жоғарыда  А.Байтұрсыновтың  кейбір  атауларға  сирек 
жағдайда  анықтама  беріп,  яғни  мағынасын  түсіндіріп 
отыратынын айтып кеттік. Мысалы, « ... дүниедегі жұрттың тілі 
негізінде  үшке  бөлінеді:  1.  түбіршік  тіл;  2.  жалғамалы  тіл;          

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
36 
3.  қопармалы  тіл.  Түбіршік  тіл  түпкі  қалпынан  өзгерілмей 
жұмсалады,  мəселен:  қытай,  жапон  тілдері.  Жалғамалы  тіл 
сөздің  аяғына  жалғау  қосылып  өзгерілетін  тіл,  мəселен:  түрік, 
фин  тілдері.  Қопармалы  тіл  сөз  түбірімен  қопарылып 
өзгерілетін тіл, мəселен: орыс тілі, араб тілі» [2, 143]. Мұнда да 
«түбіршік»,  «жалғамалы»,  «қопармалы»  тəрізді  қазақтың 
байырғы  сөздерін  кездестіреміз.  Бірақ  та  олар  «тіл»  сөзімен 
тіркескенде  көпшілікке  түсініксіз  болып  шыға  келеді.  Қазақ 
жұрты  үшін  «қызыл  тіл»,  «ащы  тіл»,  «бала  тіл»  т.б.  тіркестер 
үйреншікті  болғанымен,  тілдің  «түбіршік»,  «жалғамалы», 
«қопармалы» 
болуы  жат  (тың)  нəрсе.  Сондықтан  да 
А.Байтұрсынов бұл атауларға анықтама беріп кетуді жөн көрген 
тəрізді.  Жалпы  тіл  білімінде  орнығып  қалған  бұл  атауларды 
(изолирующие, агглютинативные, флективные) автор қалай ғана 
қазақыландырып 
жіберген 
десеңізші. 
А.Байтұрсыновтың 
айтуындағы  дүниедегі  жұрттың  тілінің  үш  түрінің  (түбіршік, 
жалғамалы, қопармалы) орыс тіліндегі атаулары (изолирующие, 
агглютинативные, флективные) ғылыми қауымға белгілі. Сонда, 
сөздің  түбірі  мызғымай  немесе  сөзге  буын  үстеліп,  немесе 
сөздің ішінен кеміріліп жатқанын қазақ сөзімен жеткізудің шын 
үлгісін осы жерден көруге болады.  
Сөз тұлғаларын да беске (түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, 
қосалқы  сөз,  қосымша  сөз)  бөліп
,  əрқайсысына  мысал  келтіре 
отырып түсіндірген: 
1.  Түбір  сөз  дегеніміз  бастапқы  мағынасындағы,  бастапқы 
тұлғасындағы сөздер, мəселен: бас, тас, шаш, қол
2.  Туынды  сөз  дегеніміз  бастапқы  тұлғасы  да,  бастапқы 
мағынасы да өзгерген сөздер, мəселен: бастық, тастақ, шашақ, 
қолтық.
 
3. Қос сөз дегеніміз қосарланып айтылатын бірөңкей есімді 
сөздер,  мəселен:  аяқ-табақ,  киім-кешек,  төсек-орын,  жүн-
жұрқа, бақа-шаян, құрт-құмырсқа, түйе-мүйе.
 
4.  Қосалқы  қос  сөздер  дегеніміз  өз  алдына  мағынасы  кем, 
басқа сөздің маңайында тұрғанда ғана мағына шығатын сөздер, 
мəселен: да, ғой, ғана (мал да, жан да, солай ғой, осы ғана).
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
37 
5.  Қосымшалар  дегеніміз  сөз  емес,  сөзге  жалғанатын 
буындар;  бұларда  өз  алдына  мағына  да  жоқ,  басқа  сөзге 
жалғанбай бөлек айтылмайды да. Сондықтан бұлар қосымшалар 
деп аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөзінің 
тұлғасын  ғана  өзгертіп,  мағынасын  өзгертпейді;  екіншілері 
жалғанған  сөзінің  тұлғасын  да,  ішкі  мағынасын  да  өзгертеді. 
Сондықтан  бастапқы  қосымшалар  тысқарғы  жалғаулар,               
я  тікелей  жалғау  деп  аталады;  екінші  қосымшалар  ішкергі 
жалғаулар
, я тікелей жұрнақ деп аталады» [1, 154]. 
Сөз тұлғалары туралы айтылғандардан А.Байтұрсыновтың, 
біріншіден,  түбір  сөз  бен  туынды  сөзді  бір-біріне  қарсы  қойып 
түсіндіргенін,  екіншіден,  өзі  ендірген  «жалғамалы  тіл»  деген 
дайын  үлгіден  ауытқып,  «туынды»  деп  қазақ  ұғымына  етене 
жақын тіркес тапқанын аңғаруға болатын сияқты.  
А.  Байтұрсынов  сөздің  айтылуына  (орфоэпиясына)  да 
қатты мəн берген екен. Сөздің айтылу үлгісін сөздің «тұрпаты» 
деп атаған да, сөздің түбір тұлғасын сақтап жазуды қадағалаған. 
Үндестік  заңы,  жуан  сөз,  жіңішке  сөз,  сондай-ақ  сөздің  «аяқ 
дыбысына»  байланысты  қосымшаның  «тұрпаты»  өзгеріп 
отыратынын,  яғни  қазіргі  тілмен  айтқанда  сингармонизм  мен 
ассимилятивті құбылыстарды да ескерген. 
Ғалымның  еңбектерінен  дыбыстарды  қандай  артикуляция-
лық  белгілеріне  қарай  жіктегенін  оп-оңай  аңғаруға  болады, 
оның  үстіне  дыбыстардың  əрбір  тобына  үйлесімді  атаулар 
берілген.  Мысалы,  дауыстының  мол  қатысуымен  жасалатын 
дыбыстар  «дауыстылар»  делініп,  керісінше,  дауыстың  тапшы 
қатысуынан  жасалған  дыбыстарды  «дауыссыздар»  деп  атаған. 
Бұл  жерде  автор  екі  топ  дыбыстардың  жасалуындағы 
артикуляциялық  қайшылықты  негізгі  белгі  ретінде  пайдаланып 
отыр.  Бұдан  лингвистикалық  ұғым  мен  оның  атауының 
арасындағы логикалық тығыз байланысты байқаймыз.  
А.  Байтұрсынов  «жарты  дауысты  дыбыстар»  деп  р,  л,  у,  й 
дауыссыздарын  атайды.  Қазіргі  қазақ  фонетикасында  «жартылай 
дауысты»  деген  ұғымының  жоқ  екенін  жəне  дауыссыздарға 
байланысты «дауысты» сөзінің қолданылмайтыны белгілі. Алайда 
жалпы  тіл  білімінің  фонетикалық  классификациясында  аталған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет