Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты


əлеуметтік,  биопсихологиялық  жəне  өзара  байланысты



Pdf көрінісі
бет5/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

əлеуметтік,  биопсихологиялық  жəне  өзара  байланысты 
синкретті  тəрбиелер.  Бұл  тəрбие  түрлерімен  айналысушылар 
мектептегі  бала  тəрбиесімен  тікелей  айналыса  отырып,  оны 
жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруда,  оқу  орындарында 
қалыптасқан  үрдіске  бейімдей  отырып  жаңа  идея  тұрғысында 
шыңдалған азамат етіп шығаруда көп еңбек сіңіреді.  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
49 
Əлеуметтік тəрбие беру
 ісі - тəрбиеленушіде болатын туа 
біткен  мінез-құлықты,  тұқым  қуалаушылық  қасиеттерді  қажет 
жағдайда өзгерту керек деген мақсатта «жұмыс атқарады». Бұл 
тəрбие түрі көбінесе жас жеткіншекке көтерілу, жандану белгілі 
бір  дəрежеге  жету  сияқты  алға  ұмтылушылық,  оптимистік 
көзқарасты үйретеді.  
Биопсихологиялық  тəрбие  адамның  қоршаған  ортамен, 
əлеуметтік – мəдени өмірмен өзара байланыс жасау іс-əрекетінің 
маңыздылығын  айқындап  береді.  Тəрбиенің  бұл  түрі 
тəрбиеленушіні дербес тəрбиелеуде көп септігін тигізеді.  
Үшінші  тəрбие  түрі  -  тəрбие  процесіндегі  əлеуметтік, 
биологиялық,  психологиялық  жəне  тұқым  қуалаушылық 
құраушылардың  өзара  синкретті  байланыстылығына  көп 
көңіл  бөледі.  Сондықтан,  тəрбиенің  бұл  түрі  –  тəрбиенің 
салыстырмалы түрі ретінде де қолданылуы мүмкін.   
Тəрбиенің  жұмысының  негізгі  мақсаты  -  оқушының  кез-
келген  іске  белсенділігін  арттыру,  адамдармен  мəдени  қарым-
қатынасын  қалыптастыру,  кішіпейілділікке,  сыпайлыққа  жəне 
адамгершілік  пен  имандылыққа  тəрбиелеу  болғандықтан,  əрбір 
тəрбие  тегіне  ұлы  адамдардың  нақыл  сөздерін  ұран  ретінде 
алып, 
сол 
ұранның 
орындалуын 
тікелей 
қадағалау 
көрсеткіштеріне қол жеткізеді.  
Адамзат  тарихында  Аристотельден  кейінгі  екінші  ұстаз 
атанған ұлы Əбу Насыр əл - Фарабидің «Адамға ең бірінші білім 
емес, тəрбие беру керек, тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас 
жауы,  ол  келешекте,  оның  өміріне  апат  əкеледі»  дегенін  біз, 
ұстаздар  қашанда  жадымызда  ұстауымыз  керек.  Өйткені,  білім 
мен  тəрбие  -  егіз  ұғым.  Сапалы  білім  мен  саналы  тəрбие 
шынайы  астасқанда  ғана  ұлт  тілегі,  мемлекет,  халық  мүддесі 
орындалмақ, қоғам өзінің рухани дамуына сай асыл қасиеттерге 
қол  жеткізбек.  В.  Дальдің  анықтамасына  сүйенсек,  білім  беру 
ақыл-ой мен адамилық қасиеттері қалыптастырады.  
Бүгінгі таңда заман талабына сай жеке тұлғаны тəрбиелеу, 
оларға  білім  берудің  озық  үлгілерін  ұсыну  қазіргі  заман 
талабынан туындап отырған негізгі мəселелердің бірі.   

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
50 
Жеті атаны білу
 – абзал ата – бабаларымыздың аруағына 
тағзым  етіп,  құрмет  көрсету,  жеті  рулы  елдің  мұң-мұқтажын, 
асыл  арманын  бойына  жинап  жүрген  ел  жақсыларының  кісілік 
қасиеттерін,  ерлік  келбетін,  ұлт  тазалығын  жастарға  үлгі  етіп 
ұсыну.  
Халықтың  қарым-қатынас  тəрбиесінде  обал,  сауап  деген 
ұғымдарға ерекше мəн беріледі. Обал - жақсы нəрсені қадірін біл, 
оны тастама, оның зарын түбінде тартасың деген ұғымды білдіреді. 
Мысалы, «сүтті төкпе, обал болады» - деп ескерту арқылы халық 
ұрпағын  адам  мен  жан-жануарлардың,  табиғаттың  қадірін  білуге, 
олардың қасиеттерін жоғары бағалауға тəрбиелейді.  
Сауап 
-  басқаға  жақсылық  істеу.  Табиғатқа  қамқорлық,  яғни 
сауап ізгі жасау. Сауап болсын деп қайнардың көзін ашқан. Қазақ 
дəстүрінде, қарым-қатынасында «сауап жасау, сауабын алу»- əрбір 
адамның  адамгершілік,  азаматтық  борышы.  Қазақ  халқының  бір-
бірімен  қарым-қатынасында,  сондай-ақ,  кесір  –  кесапат,  ысырап 
деген ұғымдар бар. 
Кесір 
–  қалыптан  тыс  анайы  қылық,  зиянды  əрекет, 
ақымақтықтың көрінісі. Кесірдің арты кедергі, кесепат, өйткені кез 
келген  теріс  қылық  адамды  жамандыққа  ұшыратады.  «Көпті 
жамандама, көңілсіз қаласың», «Асты қорлама, құстырады» - деген 
мақалдарды халық кесір, кесапат жасамау үшін шығарған.  
Ысырап 
- əр заттың құнын, бағасын білмей тапқан-таянғанды 
босқа  шашқанды,  еңбекті  қадірлемеуді  білдіреді.  Сондықтан 
«судың  да  сұрауы  бар»  -  деген.  Халық  өсиеті  жас  ұрпақты  əр 
нəрсені    тиісінше  өз  орнымен  пайдалануға  негіздейді.  Міне, 
осының  бəрі  халықтың  қарым-қатынас  тəрбиесіндегі  негізгі 
құндылықтары, ұлттық аспектілер болып есептеледі. 
Əдеп  сақтау
  –  ол  əулет,  əлеумет  қоғам  мүшелерін 
қалыптасқан  əдептілікті  бұзбауға  міндеттейді.  Əдептілікті  бұзған 
адамға қауымдастың атынан сол ұжымның өкілі өз пікірін айтуға , 
типті,  тыйым  салуға  де  ерікті,  өйткені  əдеп  сақтау  -  əлеуметтік 
дəстүр. Əдеп сақтаудың экологиялық  та астары бар. Əдепті адам 
табиғатты  қорғай  білуі  керек.  Əдеп  сақтау  -  мінез-құлық  ережесі. 
Осы  ереже  бұзылса,  халықтық  дəстүрде  де  бұзылады.  Ұлттық 
намысқа  нұқсан  келеді.  Əдеп  -  сақтау  халықтық  рəсімге,  жол-

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
51 
жоралғыға,  тəртіпке  құлдық  етіп  амалсыз  бағыну  емес,  сол 
заңдылықтарды 
құрметтеу, 
қастерлеу, 
дəлірек 
айтқанда, 
адамгершілік  борышын  өтеу  болып  табылады.  «Əдептілік  - 
əдемілік»  -  дейді.  Халық.  Əдеп  сақтаудың  психологиялық  астары 
да терең. Əдептілік - ізеттік, кішіпейілдік деген сөз.  
Бауырмалдық 
–  қазақтың  ұлттық  психологиясына  тəн 
адамгершілік қасиеттің ерекше бір көрінісі. Бала – бауыр еттен 
жаралған  –  деп,  қазақтың  бауырмалдығы  баланы  əлпештеуден, 
баланың  ата-анасын  құрметтеуден  басталады.  Ата-текті  жақсы 
білу  бауырмалдықтың  белгісі.  Иманды  адам  ата-текті  ажырата 
білуді рушылдық емес, бауырмалдық деп біледі.  
Қазақта «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария 
келіп сəлем береді» деген сөз бар. Мұнда жасы үлкен кісі өзінің 
кішіпейілділігін  көрсетеді.Оңтүстік  қазақтары  оң  қолмен  төсін 
басып  сəлемдеседі,  енді  бір  жақтың  адамдары  қолдасып, 
құшақтасып амандасады. Осылардың бəрінде де кісілердің бір – 
біріне деген ізгі – тілегі мен мейірбандылығы жатыр.  
Техникалық  оқу  орындарының  орыс  бөлімдерінде  қазақ  тілін 
оқытуды  жалпы  дидактикалық  ұстамдар  ескеріліп,  жұмыста 
олардың негізгі əрі қажет принциптері, ұстанымдары қолданылады. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорыта  келгенде  төмендегідей 
түйін жасалады.   
Техникалық негізде жоғары білім беретін оқу орындарындағы 
Қазақ тілі пəнінің басты міндеттері – студентке қажетті ақпаратты 
өз  бетінше  алу  дағдыларын  қалыптастыру,  өзіндік  қорытынды 
жасай  білуді  үйрену,  фактілерді  салыстыру,  құбылыстарды 
бағалау,  өздері  алған  ақпараттарды  интерпретациялау,  өз  пікірін 
дəлелді  түрде  қорғай  білу,  кəсіби  лексиканы  жетік  жəне  шебер 
меңгертумен  қатар  жоғарыда  көрсетілген  қазақ  халқының  ұлттық 
тəрбие  аспектілерін  студенттердің  санасына  сіңіру  болып 
табылады.     
 
Əдебиеттер тізімі 
1.
 Сейітқазы  П.  «Ұрпақ  тəрбиесінің  кейбір  мəселелері»           
// Ұлт тағлымы. 2003. №1. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
52 
2.
 Қазақстан  мектебі  2003  №11.  халық  тағлымы  -  ұлттық 
тəрбиелеу. 
3.
 Бастауыш мектеп 2003 №9. Ұлттық тəрбие - ұлағатты іс. 
4.
 Егемен  Қазақстан  2005  сəуір.  Ұлттық  тəрбие  қоғамдық 
пікір тұтастығының кепілі.   
 
 
Абахан Ə.А 
Қ.И..Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰРПАҚ ТƏРБИЕСІНІҢ ТІРЕГІ 
 
Бүгінгідей білім – ғылымның шарықтаған шағында сапалы 
инженер кадрларын даярлау ісіне айрықша көңіл бөлінуде. Бұл 
істе  жаратылыстану  –  гуманитарлық  ғылымдарының  мəн-
маңызы  -  өлшеусіз.  Аса  маңызды  мəселенің  тек  бір  тармағы 
бойынша  ой  өрбітіп,  сөз  қорытсақ,  тірелетініміз  –  мемлекеттік 
тіліміздің  –  қазақ  тілінің  ұрпақ  тəрбиесіндегі  орны  туралы 
толғану.  Ал  ұрпақ  кім,  кімдер,  əрине,  қазақ  елінің  заңды 
азаматтары мен азаматшалары. Елім, ертеңім дейтін адам солар 
үшін өмір сүруі тиіс! Елбасымыздың қанатты болып кеткен бір 
ауыз  сөзінен  бастайық:  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ 
тілінде».  Егер  небір  білім,  ғылым  саласын  өнер  деп  алсақ, 
халқымыз  «Өнер  алды  –  қызыл  тіл»  деп  тұжырым  жасаған.           
«Ми  ойлағанды  тіл  тындырады»,  «Жер  астында  жатқанды 
қазбай  қарап  тіл  табар»,  «Тіземнен  сүріндірсең,  сүріндір, 
тілімнен  сүріндірме»,  «Тіл  тас  жарады,  тас  жармаса,  бас 
жарады»,  т.б.  тізе  берсек,  таусылмайтын  осынау  қазақ  мақал  – 
мəтелдерінен  ойып  тұрып  орын  алған  тілдің,  қазақ  тілінің 
ғаламаттығын  паш  еткен  осы  асыл  сөздер.  Тəрбиенің  түбі  осы 
қазақ тұжырымдарында, мақал – мəтелдерінде жатыр. 
Тіліміз  туралы  айбынды  ағаларымыз  айшықты  ойлар 
қалдырған:  «Ана  тілі  –  халық  болып  жасалғаннан  бері  жан-
дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін мəңгі құламайтын 
бəйтерегі»  (Ж.Аймауытов),  «...  сөздік  қоры  жағынан  қазақ  тілі 
ешкімнен  кем  де,  кедей  де  емес,  əдебиетіміздің  қаулап  өсуінің 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
53 
бір  себебі  осында  жатқан  сияқты»  (М.Əуезов),  «Тілден  биік 
асқар  жоқ,  тілден  асқан  байлық  жоқ,  тілден  терең  теңіз  жоқ»        
(Ғ.  Мүсірепов),  т.б.  Ал  ұлы  Абай  тіл  құдіретін  «...  Тіл  өнері  - 
дертпен тең», «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала 
алмас», - деп бағалаған. 
Тілдің көркі – сөз. Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді. 
Ал өзін-өзі танымаған өзгені де жарытпайды. «Жақсы сөз – жан 
азығы».  Иə,  тізе  берсек,  сөз  қадірінің  сырына  қаныға  түсесіз. 
«Сөз  сүйектен  өтеді»,  «Жақсы  лебіз  –  жарым  ырыс».  Осы 
мақалдарға 
халқымыздың 
ғажап 
ойларын 
сыйғызған 
тұжырымдарын тізбелеп бердік. Халықтан асып хан да тумаған. 
Халықтың  елеп  –  екшеп,  жүрегінен  шығарып,  жүректерге 
жеткізген інжу-маржандарын басшылыққа алып отырмыз. 
«Қиыстырып қаласаң, отың жанар, 
 Қиыстырып айтсаң, халық нанар, сөз шынды табар» деген 
өмір  тəжірибесінен  өткен  жүрек  сығындысы  бізге  жеткен. 
Жеткенде көшеге ілу үшін, көрмеге қою үшін емес, қолданысқа 
түсіп, ұрпағы одан нəр алып, тəрбиеленіп, туған елінің кəдесіне 
жарар «кірпіші» болуы үшін! 
Иə,  қазақ  тілінде  қазақтың  ғажап  ұлттық  тəрбиесі  жатыр. 
«Қазақ  тілі  –  аса  бай  икемді  тіл.  Орамын  бұрамай  тауып, 
қисынын орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, 
тас  қашап,  ағаш,  текемет  оюға  болады  –  ау.  Бұл  тілмен  май 
тамады десе де сияр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, не 
бір  алуан  –  шекер  балдай  татитын  нəріне,  əрине,  əсте, 
тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне! Осындай «майса» сұлу тілді 
қалай өгейсінуге болады». (Н.Оңдасынов) 
Кейбіреулер  қазақ  тілімен  біраз  нəрселерді  жеткізе 
алмаймыз деп уəж айтады. Бұған жауап – «тіл байлығы – елдің 
елдігін,  жұртшылығын  ғылыми  əдебиетін,  өнеркəсібін, 
мəдениетін, қоғамдық құрылысын, салт – санасын, жауынгерлік 
дəстүрінің  қай  дəрежеде  екенін  көрсететін  сөзсіз  дəлелді 
мөлшері», «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді 
ұмыту  –  бүкіл  ата-бабамызды,  тарихымызды  ұмыту»  деген 
Б.Момышұлы.  Қазақ  тілі  –  аспайтын,  атпайтын,  бірақ  тал 
шыбықтай майысқақ жас өскінді міскін қылмай мерейлі ететін, 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
54 
масыл  қылмай  асыл  етіп  жарқырататын  тəрбие!  Олай  болса, 
ұрпағымызды  тамаша  тұжырымдарымен  тəрбиелеп,  тау 
қопарып,  тас  жарған,  қала  салып,  қамал  бұзған  қасиетті  қазақ 
тіліміздің  қаймағын  бұзбай  қадірлейік,  сағын  сындырмай 
сақтайық! 
«Мен бес тіл білемін, қазақ тілін де сол тілдер арқылы оп-
оңай  біліп  алып,  өзгеге  үйретемін»  деп  айтады  дегенді  естіп 
едік.  ««Елім»  деген  сөзді  дұрыс  айтқызу  үшін  «л»  мен  «м» 
əрпінің арасындағы «і» əрпін алып тастап оқыту керек» дегенді 
де  естігенбіз.  «Нан  тауып  жерлік»  қазақшасы  бар  ғылым 
кандидаттарының  қазақ  тілін  оқытқанын,  «шығадыны»  - 
«шигады», «біледіні» «биледі» деп тұрғанын көргенбіз, тəуелдік 
жалғауын «тəуелсіздік жалғауы» деп көрсеткен «оқулықтың» да 
куəсі  болдық.  Сонда  қалай,  ағылшынша,  немісше,  французша 
оқыған  балаларды  «акцентсіз»  айтыңдар  деп  «жанын  алады 
екен»,  ал  «қазақшасы»  қисайып,  қисалаңдап  тұрса,  бəрібір 
болғаны  ма?  Жоқ, олай болмауы  керек!  Біріншіден,  қазақ  тілін 
үйрететін оқытушы атақ-дəрежесіне қарамастан, қазақ тілін жай 
ғана  біліп  қоймай,  оның  асыл  да  қасиетті  сөздерінің  ауанын 
түсіне  алатын,  сол  тілде  жетік  ойлай  алатын  (өзге  тілде  ойлап, 
онысын  қазақшаға  аударып  тұрмайтын)  адам  оқытқаны  дұрыс. 
Екіншіден,  қазақ  сөздері  сылдыр  сұйық  емес,  əр  сөзінің  мəн  – 
мағынасы  бар,  қолданысына  қарай  білдіретін  ойлары  бар, 
қымбат  қазына!  Белгілі  жазушымыз  Герольд  Бельгер  «Вид» 
деген  орыс  сөзінің  қазақ  тілінде  түр,  түс,  кескін,  келбет,  сиық, 
сымбат,  тұрпат,  нобай,  кейіп,  сұрық,  ажар,  мүсін,  өң,  бейне, 
пішін,  ұсқын,  тұлға,  рең,  шырай,  əлпет,  нұсқа,  көрік  деген 
сияқты  25-26  синонимінің  бар  екендігін  айтып  ....  –  «қазақ  тілі 
байлығына  шүбə  келтірушілер  не  дер  екен»  дейді.  Сондықтан 
халқымыздың  осындай  қазынасына  жүрдім  –  бардым  қарап 
киесіне ұрынудың, сайқымазаққа айналдырып, салдыр-салақтық 
жасаудың  жөні  жоқ.  Осы  жерде  айта  кетуіміз  керек,  оқу 
орындарында 
тіл 
мерекесі, 
түрлі 
мəдени 
іс-шаралар 
өткізілгенде,  өзге  тілде  сөйлейтіндерге  шала  қазақ  тілінде 
баяндама  жасатып  қоятын  əдетіміз  бар.  Меніңше,  бұл  дұрыс 
емес. Өйткені ол – бал жинап, баға алатын сынақ, емтихан емес, 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
55 
нақты  мерекелерді,  не  саяси  мəні  бар  шараларды,  белгілі  бір 
айтулы күндерді атап өту, не тойлау. «Ал қазақ тілін білмейтін 
баяндамашы не өзі, не өзге түсінбейтін бірдеңені оқып шығып, 
босқа уақыт алады да, жиналғандар түсінбек түгілі, қандай шара 
екенін  де  білместен  тарасады.  Сондықтан  ондай  шараларға 
қазақтың  не  бір  інжу  –  маржаны  тізілген  сөзінде  сөйлеп, 
сүйсіндіріп,  тамсандырып,  үйренбесіне  қоймайтын  күйге 
түсіретін күн туып келеді. Бұрынғыдай жалпыға ортақ түсінікті 
тілде  сөйлейік  деп  «жауырды  жаба  тоқитын»  жайлар  жайымен 
сырғып  кетуде,  себебі  тіліміз  мемлекеттік  мəртебесі  бар 
болғаннан  кейін,  оған  мемлекеттік  салиқалы  көзқарас  керек. 
Мəселе  ынтада,  санада,  сезімде,  жүректе,  тəрбиеде  дейтініміз 
сондықтан. Елбасының «еліңнің ертеңі де өздеріңсіңдер, қожасы 
да өздеріңсіңдер, халқыңа қожа, еліңе ие бол» дегені орындалып 
келеді. Мемлекетіміз – қазақ елі, мемлекеттік тіліміз қазақ тілі, 
тəрбиеміз де қазақ тілінде өрістегені дұрыс деп білеміз. 
Алматы қаласы – жастар, студенттер қаласы. Мұндағы көп 
шоғырланған  жоғары  оқу  орындарының  бірі  –  біздің  ҚазҰТУ. 
Оған оқуға түскендердің дені – қазақ жастары. Қазақ тілін олар 
мектептен – ақ он бір жыл бойы оқып келеді ғой деп ойлаудың 
қажеті  болмас.  Оларға  оқытылатын  пəндер  ұлттық  тілімізде  өз 
деңгейінде  жүргізілуі  тиіс.  Бұл  –  бір.  Екіншіден,  қазақ 
топтарындағы  студенттерге  халық  педагогикасы  пəнін  қазақ 
тілінде  қажетінше  анық,  жақсы  сөйлей  алатын,  ұлттық 
тəрбиенің,  салт  –  дəстүріміздің  небір  тамаша  жақтарын 
түсіндіре  алатын,  мəйек  сөздердің  «майын  тамызатын»  адам 
беруі  керек.  Қарапайым  ғана  мысал  келтірейін.  Өзіміздің  оқу 
орнымыздағы  түрлі  маңызды  шара  –  жиналыстарда  тəрбие  ісі 
жөніндегі проректорымыз Ұлықпан Есілханұлы Сыдықов қазақ 
тілінде сөйлегенде, əп-сəтте – ақ шыбынның ызыңы естілетіндей 
тыныштық  орнай  қалады.  Жетеліні  жетектеп,  зерделіні 
сілкіндіреді,  жігерлендіреді,  сол  жиыннан  студенттер  санасына 
нұр, жүрегіне жыр құйылғандай болып қайтады. Оқу орнымызда 
қазақ тілін, мемлекеттік тілде іс қағазын жүргізуді оқыту, халық 
педагогикасы  пəнін  жүргізуге  қамқорлық  көрсетіліп  еді.  Тіл 
мерекесіне 
байланысты 
студенттер 
жатақханаларында 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
56 
«Мемлекеттік  тіл  –  менің  тілім»  атты  кеш,  оқу  залында 
жазушылармен жүздесу өтіп, акт залында «Полиглоттар əлемі» 
мемлекеттік тілде басталып, мемлекеттік тілде қорытыланатын.  
Абай  еңбектерін  француз  тіліне  аударып,  шетелдерде 
насихатталуына  үлес  қосып  жүрген  француз  ғалымы,  ҚР 
Президентінің  Бейбітшілік  жəне  рухани  келісім  сыйлығының 
лауреаты  Альбер  Фишлер  былай  депті:  «Егер  мəдениетті  ұлт 
болғыларың  келсе,  алдымен,  өз  тілдеріңізді  білулеріңіз  керек» 
деген  сөзі  халықаралық  конференцияға  жиналғандарға  үлкен 
əсер  еткен.  Ал  Парламент  мəжілісі  төрағасының  орынбасары 
С.А.Дьяченко  қазақша  білетіндігі  жөнінде  өз  сұхбатында 
қазақша:  «Қатемді  кеш  ұқтым.  Қазақ  тілі,  ол  –  ұлы  Абайдың 
тілі,  Президентіміздің  тілі,  қаһарман  қазақ  халқының  тілі. 
Мемлекеттік тілді меңгеруде билік басындағылардың өздері үлгі 
көрсетулері  керек  ..  бұл  –  еліміздің  əр  азаматының  міндеті. 
Өзінің  елін,  жерін,  туған  Республикасын  сүйетін  əрбір 
азаматтың  тіл  мəртебесі  үшін  күресуі  қасиетті  парыз  саналуы 
керек.  Басқа  көршілес  мемлекеттерде  «мемлекеттік  тілді 
білмеген  адам  ол  елдің  азаматы  бола  алмайды.  Біздің  еліміз 
олардан кем бе? Бізде де сол тəртіп болуы тиіс. Сонда үлкен де, 
кіші  де  қазақ  тілін  тез  үйреніп  алады.  «Меніңше  Мемлекеттік 
тілді білмеу – нағыз ұятсыздық». Тағы бір мысал – американдық 
Дэниел  Беласт  деген  жігіт  1999  жылы  «қазақ  –  ағылшындық 
өзара  тілдік  байланыс»  атты  ғылыми  еңбек  қорғап  «Қазақ 
филология  ғылымының  магистрі»  деген  ғылыми  атаққа  ие 
болыпты.  Міне,  өзге  ұлт  адамдарының  тірлігі,  бізге  үйретіп, 
айтып  отырғаны!  Сондай-ақ  өз  тіліңді,  азаматы  бола  тұрып,  өз 
еліңнің  тілін  білмеу  ұятсыздық  деп  отырған  жоқ  па?  Ал  ұят  – 
адам өмірінің сенімді жол басшысы (халық). «Адамдар алдында 
ұялу – жақсы сезім, бірақ бəрінен жақсысы - өзіңнен өзің ұялу» 
(Л.Н.Толстой).  «Кім  де  кім  адамдардан  ұялмаса,  ол  Алла 
тағаладан  да  ұялмайды»  (Мың  бір  хадис).  Қосарымыз  –  кім  де 
кім  мемлекетінің,  өзінің  анасының  тілін  білмегендігі  үшін 
ұялмаса,  ол  Алла  тағаладан  да  ұялмайды.  Ал  өне  бойы  ұятсыз 
болып жүру мүмкін емес. Сондықтан біз ұяттылыққа, арлылыққа, 
тəрбиелілікке,  мəдениеттілікке  шақырып  тəрбиелейміз.  Себебі  не 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
57 
бір  асыл  құндылыққа  жетудің  жетпіс  түрі,  сексен  сыры  қазақ 
тілінде жатыр. Оған жетудің сан түрлі жолдарын сабақтарымызда 
көрсетіп те, оқытып та жүрміз. 
Қазірде  баспасөзде  кеңсе  тілінің  мемлекеттік  тілдің  өзекті 
саласы  екендігі  мəселе  етіліп  көтерілуде.  «Кеңсе  тілі  –  ұлт 
тілінің  бүкіл  тарау  –  тармағының,  барша  саласының  қақпасы. 
Кеңсе  тілі  ол  тек  іс  қағазы  ғана  емес,  ол  –  неше  мəртебелі 
жиналыс, жиын мəслихат, мəжілістер тілі. Ол – Парламент тілі, 
ол – Үкімет кеңсесінің тілі, ол – министрліктер тілі. Ол – заң тілі 
... білім, ғылым, ақпарат, мəдениет, спорт ... кеулеп кете береді, 
көркем  əдебиеттің  өзіне  де  осы  кеңсе  тілі  ықпал  етуде». 
Сондықтан кеңсе тілінің қақпасын мемлекеттік тіл ашып, қазақ 
тілінің бой жазуына мүмкіндік берілуі керек. 
Университетімізде түрлі жиналыстар, іс-шаралар мемлекеттік 
қазақ тілінде жүргізілуде. 
2005  жылы  тамыз  айында  Көкше  жерінде  «Мемлекеттік 
тілді 
оқытудағы 
жаңалықтар 
мен 
ізденістер» 
атты 
республикалық ғылыми-əдістемелік семинар болып өткен. Онда 
қазақ тілінің ана тілінде де, мемлекеттік тіл ретінде де қоғамдық 
қызметінің  көлемін  арттыру,  қолдану  аясын  кеңейту,  сөйтіп 
Қазақстанның  130-дан  аса  тілде  сөйлейтін  барша  халқының 
ортақ тілі ретінде кеңінен қолданысқа түсіру мəселесі айтылған. 
«Бұл  дəуірде  өз  тілін,  əдебиетін  білмеген,  қадірлемеген 
адамды толық мəнді интеллигент емес деуге болады. Себебі ол 
қандайлық  мамандық  білімі  болса  да  рухани,  ой  тəрбиесінде 
сыңаржақ азамат болады». (М. Əуезов) 
Туған тілде сыры терең жаным бар, 
Туған тілде мық – мық ыстық қаным бар. 
Туған тілде əні менен сəнім бар, 
Туған тілім жүрек үнім, наныңдар, 
Нанбасаңдар, жүрегімді суырып – ақ алыңдар. (Д. Əбілов) 
«Тіл  қаруы  –  сөз,  сөз  қаруы  –  ой.  Ақылды  ой,  алғыр  сөз  – 
адамның ең жоғарғы қасиеті».  
 (Ғ. Мұстафин) 
«Тілден артық қазына жоқ, 
Тілден артық қасиет жоқ». Н. Назарбаев) 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
58 
«Туған ел – тұғырың, 
Туған тіл – қыдырың». (Мақал) 
«Игі істің басы – тіл, 
Тəрбие басы – тіл». (М. Қашқари) 
«Көрінеді тілден түйсік, білім де, 
Біле білсек жарылқаушы – тілінде». (Ж. Баласағұн) 
«Тіл  –  ұлттың  жаны.  Тіл  идеяның,  сезімнің,  ойдың  жанды 
көрінісі». (А.Толстой) 
«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ». (Ш. Айтматов) 
«Əркімнің туған тілі – туған шеше, 
Оған бала міндетті сан мың есе». (С. Мұқанов) 
Соңғы  кезде  кейбір  баспасөзде,  телеарналарда  «бізде 
ұлттық  идеология  жоққа  тəн»  деген  пікірлер  орын  алуда. 
Тəуелсіз  ел  болғаннан  кейін,  оның  ұлттық  идеологиясы  неге 
болмасын? Қысқаша айтсақ, Елбасының халыққа жыл сайынғы 
Жолдауы,  əр  жылға  бағыт-бағдар  беріп,  ат  қоюы,  осылардан 
бастау  алған  оқу  орнымыздағы  жүргізіліп  жатқан  түрлі 
тəрбиелік,  мəдени,  əдеби  іс-шаралар,  оларға  қазақ  тілі 
кафедрасы  оқытушыларының  белсене  араласып,  мемлекеттік 
қазақ  тілінде  атқарған  қыруар  қызметі  т.б.  айта  берсе  тауысып 
жеткізгісіз. 
Мемлекетіміздің, 
елдігіміздің 
өзі 
ұлттық 
идеологиядан  көрінеді,  ал  ұлттық  идеология  негізі  мемлекеттік 
тілімізден көрінуі тиіс.  
Қорыта  айтқанда,  қазақ  тілі  –  ұрпақ  тəрбиесінің  тірегі, 
елдігіміздің бүгіні мен ертеңі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет