Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет6/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

 
Əдебиеттер 
1.
 Авторлар ұжымы «Инабат» А., «Рауан» 1995. 
2.
 «Егемен Қазақстан» №209, 210, 2005. 
3.
 «Ана тілі» №34-37, 2005. 
4.
 «Қазақ əдебиеті» №37, 2005. 
5.
 «Жас алаш» №110, 2005. 
6.
 «Алматы ақшамы» №105, 2005. 
7.
 «Айқын» №176, 2005. 
8.
 «Дала мен қала» №36,37, 2005. 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
59 
 
Абдуова Б.С. 
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 
Астана, Қазақстан 
 
ШАҚТЫҚ ЖƏНЕ ТЕМПОРАЛЬДЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР 
 
Қимыл,  іс-əрекеттің  сөйлеп  тұрған  сəтпен  байланысты 
болып  өткендігін,  болып  жатқандығын,  болатынын  білдіріп, 
белгілі  жолдармен  жасалатын  етістіктің  грамматикалық 
категориясы  шақ  категориясы  деп  аталады.  Сөйлеп  тұрған 
сəтпен  байланысты  қимылдың  мезгілі,  шақтық  мағынасы  а) 
үнемі  қайталанып,  дағдыға  айналған  іс-қимыл,  сөйлеп  тұрған 
кезде  болып  жатқан  қимыл,  əрекет;  ə)  сөйлеп  тұрған  сəттен 
бұрын  болып  кеткен  қимыл,  əрекет;  б) сөйлеп  тұрған  кезде  əлі 
болмаған, бірақ кейін болуға тиісті іс, əрекеттерден көрінеді. 
Шақ категориясы – етістіктің басты қасиеті. Бұнда болатын 
формалардың  басым  көпшілігі  –  іс-əрекеттің  əр  түрлі  шақта 
болуы.  Cондықтан  да  ондай  формалардың  құбылыс  сырын, 
мағыналық  ерекшелігін  қарастыру  –  шаққа  тəн  қасиет.  Шақ 
категориясы  белгілі  бір  формалар  арқылы  беріледі.  Ондағы 
қимылдың,  жай-күйдің  өзі  белгілі  бір  уақытта,  мерзімде 
болатыны,  болғандығы  не  болып  жатқандығы  сол  етістік 
бойынан  аңғарылады.  Лингвистика  мұндай  етістіктің  берілу 
жолын  ашық  рай  деп  те  атайды.  Істің  сөйлеп  тұрған  уақыттан 
бұрын,  не  соң,  не  сол  кезде  істелуін,  не  істелмеуіне  қарай 
етістіктер  белгілі  бір  жақта,  шақта  тұрады.  Бұл  –  етістік 
категориясының  басқа  сөз  таптарынан  негізгі  бір  ерекшелігі. 
Тыңдап 
отыр, 
тыңдамақшы, 
айтты 
етістіктерінде 
субъектімен,  мезгілмен  жəне  басқа  жағдайларға  қарай,  күрделі 
(тыңдап  отыр,  көтеріліп  келе  жатыр),  дара  етістікте  де  (айтты) 
шақ  көрінісі  байқалады.  Осындай  етістіктердің  шақ  көріністері 
белгілі бір морфемалар арқылы беріледі де (айт-ты), содан кейін 
қимыл есім жағдайына қарай жіктеледі. 
А.Байтұрсынов  «Тіл-құралда»  етістіктің  шақ  көрсеткішін 
ашық  раймен  байланыстыра  қарастырады.  Ғалым  осы  шақтың 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
60 
екі  түрін  көрсетеді  де,  айтулы  қалып  етістіктерінің  жіктелген 
түрін  нағыз  осы  шақ  деп  бөліп  айтады.  Ал  өткен  шаққа 
етістіктің  –  ды,  (-ді,  -ты,  -ті)  жұрнақтары  арқылы  жіктелген 
түрін  жəне  есімшенің  –  ған,  (-ген,  -қан,  -кен)  тұлғалы  түрін 
келтіреді.  Келер  шаққа  -ар  тұлғалы  етістіктің  жекелеген  дара, 
күрделі  түрлерін  жатқызады.  Ғалым  есімшені  үш  топқа  бөліп, 
осы шақтық есімше, өткен шақтық есімше, ұйғарынды есімше 
деп  айқындайды.  А.  Байтұрсынов  еңбектерінің  құндылығы  да 
тілдің типологиялық ерекшелігін біліп, тілдік тұлғаларды дұрыс 
ажыратуы  жəне  қазақ  тілі  ғылымына  қатысты  терминдерді  ана 
тілімізде беруі. [1] 
Қ.  Жұбанов  өткен  шақты  9  түрге  бөліп,  əрқайсысының 
мағыналық топтарын атап көрсетеді. Келер шақты 4 түрге, осы 
шақты  2  түрге  бөліп  қарастырған  ғалымның  нақ  осы  шақ 
көрсеткіштерінің семантикалық ерекшеліктерін сипаттауы қазақ 
тіл біліміндегі семасиология саласы бойынша алғашқы жаңалық 
болғаны даусыз. [2] 
Ы.  Маманов  «етістіктің  шақ  атаулары  шартты  түрде 
қойылған  терминдер»  дейді.  Өткен  шақты  жедел  өткен  шақ, 
бұрынғы  өткен  шақ,  ежелгі  өткен  шақ,,  дағдылы  өткен  шақ, 
қатысты  өткен  шақ  деп  бес  түрге  бөлгенмен,  олардың 
арасындағы  айырмашылық  -  əртүрлі  мезгілдік  мағына 
білдіруінде  емес,  əрқайсысына  тəн  өзіндік  семантикасында 
екенін дəлелдейді. Шақ категориясына қатысты Ы.Маманов: 
1.  Етістіктің  шақ  формасы  қимылды,  уақиғаның  уақытын 
жалпы  түрде  көрсетеді.  Ал  дəл  өту  мезгілін,  жыл  санын 
көрсететін сан есімдермен тіркесу арқылы жəне мезгіл үстеулері 
арқылы білдіре алады. 
2.  Шақ  формаларының  арасындағы  айырмашылық  -  əр  түрлі 
мезгілдік  мағына  білдіруінде  емес,  олардың  əрқайсысының  өзіне 
тəн семантикасында. 
3. Болжалды келер шақ субъективтік мəнде сөйлеушінің бір 
іске  көзқарасын  білдіретіндіктен,  ашық  райға  жатпайды.  Тек 
мақал – мəтелдерде ашық рай мəнінде айтылады.  
4.  Ниет  есімшенің  «еді»,  «бол»  көмекші  етістіктерімен 
тіркесуі  арқылы  жасалған  күрделі  формасы  ашық  рай  мəнінде 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
61 
белгілі  бір  грамматикалық  шақ  мағынасын  білдірмейді 
(
бармақшы  болды,  кеше  бармақшы  болды,  ертең  бармақшы 
болды). 
5.  Етістіктің  ауыспалы  келер  шақ  формасы  қимылдың 
əртүрлі ағымын білдіріп, осы шақ мағынасында жұмсалады, осы 
шақ  мағынасы  -  оның  ауыспалы  мағынасы  деп  қорытынды 
жасайды. [3] 
Т. Қордабаев 1950 жылдары шақ категориясының зерттелу 
тарихына  шолу  жасайды.  Ғалым  онда  түркі  тілдеріндегі  шақ 
категориясы  туралы  ХІХ  жəне  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде 
жарыққа шыққан еңбектерге талдау жасай келе, өзінің ой-пікірін 
білдіреді.  «Ескере  кететін  бір  нəрсе  –  түрік  (кітапта  осылай 
көрсетілен.  -  А.Б.)  тілдерінің  бұрын-соңды  жарыққа  шыққан 
грамматикалық  құралдарының  негізгі  көпшілігінен  етістіктің 
шақтары  деген  жеке  тараулар  кездеспейді.  Оларда  шақ 
категориясы  етістіктің  есімше,  көсемше,  рай  салаларының 
семантикалық  көп  белгілерінің  бірі  ретінде  алынған  да,  сол 
салаларды  анықтауға  арналған  бөлімдерде  ғана  сөз  болған» 
дейді [4, 9]. 
Александр  Казем  –  Бек,  З.А.  Алексеев,  Н.К.  Дмитриев,                    
Н.П. 
Дыренкова, 
М.Терентьев, 
П.М. 
Мелиоранский,                                      
В.В.  Катаринский,  Н.  Сазантов,  Г.В.  Архангельский,                    
С. Аманжоловтардың зерттеулерін талдай келе, ғалым олардағы 
етістік  шақтарының  дұрыс  жүйеленбей  тұрғандығын  ашып 
көрсетеді. Шындығына келгенде ғалым С. Аманжоловтың 1938 
жылы  шыққан  «Қазақ  тілі  грамматикасы»  (1  бөлім. 
Морфология) кітабында етістіктің шақтарына қатысты айтылған 
пікірлері  толығырақ.  Қазіргі  күнде  қолданылып  жүрген 
«мақсатты  келер  шақ»  С.Аманжоловта  «міндетті  келер  шақ» 
деген терминмен берілген.  
1942  жылы  шыққан  С.  Кеңесбаев  пен  С.  Жиенбаевтың 
“Қазақ  тілінің  грамматикасы»  деген  оқулықтарында  өткен  шақ 
ескі өткен шақ, жедел өткен шақ, алыс өткен шақ, тиянақсыз 
өткен  шақ  деп  төртке  бөлінген.  Бұл  авторларда  «ауыспалы 
өткен  шақ»  атауы  мүлде  жоқ.  Алайда  бұл  авторлар 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
62 
С.Аманжоловтың 
кітабындағы 
міндетті 
келер 
шақты 
мақсатты келер шақ деп өзгертеді.  
1948  жылы  жарық  көрген  «Қазақ  тілі  грамматикасы»  атты 
мектеп  оқулығында  (авторлары  Ғ.  Бегалиев,  Н.  Сауранбаев) 
келер  шақты  шексіз  келер  шақ,  шекті  келер  шақ,  мақсатты 
келер  шақ  деп  үшке  бөлген.  Шекті  келер  шақ  көсемшенің 
мақсатты  түріне  алғалы  отырмын,  кеткелі  жатыр,  барғалы 
тұр  сияқты  сөздер  жəне  жатыр,  тұр,  отыр,  жүр  етістіктері 
жалғасу арқылы жасалады деп көрсетеді. 
Авторлар  аталған  еңбекте  осы  шақты  құрылысына  қарай 
дара жəне күрделі деп бөледі.  
Енді бір ғылыми еңбектерде белгілі ғалымдардың етістіктің 
шақтық  мағынасын  анықтаудағы  ұстанған  көзқарастарының 
алшақ кететінін де анық көруге болады. Мысалы, Ə. Төлеуовтің 
тұйық  етістікке  -да,  -де  қосымшасы,  кейін  жіктік  жалғауы 
жалғану  арқылы  ауыспалы  осы  шақ  жасауға  болады  [5]  деген 
ойына,  А.Ысқақовтың  оқулығында  [6]  бұндай  формаларда 
ешқандай  вербалдық  мағына  болмайтындықтан  жəне  оған 
етістікке  тəн  қосымшалар  қосылмайтындықтан,  етістіктің  шақ 
формасы  ретінде  қарастырылмауға  тиіс  деген  қарсы  пікір 
айтады.  Етістіктің  мезгілін  анықтауда  өзімізге  белгілі  үш 
шақтың  жасалуындағы  аналитикалық  форманттар  туралы 
ғылыми  негізде  дəлелдеп,  етістіктің  шақ  категориясының 
теориясына  елеулі  үлес  қосқан  ғалымдардың  бірі  ретінде             
Н. Оралбаеваны бөліп атауға болады [7]. 
Қимылдың  жасалу  тəсілін  зерттеу  1960  жылдарда  ерекше 
қарқын  алуы  қазақ  тілі  ғалымдарына  да  əсер  еткен.  Оны  1962 
жылы  шыққан  «Современный  казахский  язык»  деген  еңбектен 
байқауға  болады.  Онда  «Глаголы,  выражающие  различные 
характеристики  действия»  деген  тақырып  беріліп,  қимылдың 
тоғыз  түрлі  жасалу  тəсілі  көрсетілген  [8,  283-288].  Сонымен 
қазақ  тіл  білімінде  де  бұл  мəселе  оқтын-оқтын  түрлі  дəрежеде, 
түрліше сөз болып келді. Тек 1971 жылдан мəселе ғылыми түрде 
дəлелденіп,  бұл  категорияның  ғылыми  негізгі  жасалды,  сөйтіп, 
оқулыққа  енгізілді.  Осы  категорияны  Н.  Оралбаева  былайша 
сипаттайды:  «Бұл  категория  қимылдың  объективті  дүниеде 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
63 
қалай  жасалғанын,  қимылдың  өту  процесін  дəлдікпен  суреттеп 
береді.  Бір  қимылдың  жасалуы  əрбір  конкретті  жағдайда 
түрліше  өтеді.  Мысалы,  келіп  қалды,  келе  қалды,  келе  қойды, 
келе берді, келіп жүрді, келе салды, келе түсті, келіп алды, келе 
жатыр,  келе  бастады  т.б.  сол  сияқты  жылап  қалды,  жылай 
қойды,  жылай  берді,  жылап  жүрді,  жылай  салды,  жылай 
түсті,  жылап  алды,  жылап  берді,  жылап  жіберді,  жылап 
бақты,  жылай  бастады,  жылап  қоя  берді  т.б.»  деп,  оған 
төмендегідей  түсінік  береді:  «Жоғарыдағы  мысалдарда  кел, 
жыла етістіктері өз мағыналарын өзгерткен жоқ. Тек кел, жыла 
етістіктері  білдіретін  қимылдың  өту  процесі  əр  түрлі  болғаны 
анық  көрініп  тұр»  [7,  157].  Əрі  қарай  ғалым  əр  мысалдағы 
қимылдың жасалу тəсілін атай отырып, қимылдың əр жағдайда 
əр  түрлі  жасалатынын  дəлелдеп,  оны  негізгі  қимылдың 
жасалуын суреттеу деп санаған. Етістіктің шақтарын белгілі бір 
өзіндік  грамматикалық  категориялары  арқылы  анықтасақ, 
темпоральдылық  категорияны  уақыттың  сөйлемнің  ішкі 
мазмұнына қатысы арқылы анықтаймыз.  
Темпоральдылықты 
түсіну 
үшін 
алдымен 
көркем 
шығармадағы,  мəтіндегі  уақыттың  суреттелуін,  зейінге 
алынуын,  қабылданудың  өзгеше  сипат-ерекшелігін  анықтау 
керек. Шын өмірдегі нақты (реалды) уақыт – объективті уақыт. 
Реалды  уақыт  тек  алға,  бұрыннан  болашаққа  жүріп  отырады. 
Осы  уақыттың  өзін  адам  өз  сезімдерімен  əр  түрлі  қабылдайды. 
Адам  сезінуінде  уақыт  кейде  ақырын,  кейде  жылдам  өтіп 
отырғандай көрінеді. Ал əдеби шығармаларда уақыт кейде алға 
жылдам,  кейде  артқа  жылдам,  кейде  өте  баяу  қозғалса,  кейде 
үзіліп  кетіп  отырады.  Шығармада  жазушының  таңдап  алған 
тақырыбына,  автордың  қалауына  орай  оқиға  соңынан  басына 
қарай  жылжуы,  бірнеше  кезеңдерді  аттап  өтуі,  бір  ғана  сəттік 
уақытты кең көлемде суреттеуі мүмкін. Осыларға қарай отырып, 
шығармадағы  уақыттың  физикалық  уақыттан  əлдеқайда  кең, 
сиымдылығы  мол  екенін  аңғаруға  болады.  Осы  орайда 
əдебиеттану  ғылымындағы  «лирикалық  шегініс»  деген  термин 
еске түседі. «Лирикалық шегініс - əдеби шығармаларда (мысалы 
поэмада,  не  романда)  уақиға  желісін  кенет  үзіп,  өзі  жайлы,  не 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
64 
өзінің көңіліндегі басқа бір нəрсені баяндап беру. Мұның негізі 
уақиғаға тікелей қатысты бола қоймайды. Дегенмен, бұл əдістің 
де  өзгеше  ұтымды  жағы  бар»  [9,  227].  Қазақ  тіліндегі 
темпоральдық  (уақыттық)  категория  біздің  санамыздағы 
Уақыттың  физикалық  сипатының  бейнеленуі  арқылы  айтылмақ 
ойдың  мазмұндық  аспектісін  қалыптастырады.  Осы  сипаттардың 
молдығы  мезгілдің  функционалды-семантикалық  өрістерінің 
көптеген  сегменттерінің  барлығын  көрсетеді.  Іс-əрекет  сəтінің 
сөйлеу мезгіліне сəйкестігі (коммуникативтік сəт) немесе мəтіндегі 
сəтпен  (хабарлау  сəті)  –  сəйкестігі  субъективтік  шақ  сегментін 
қалыптастырады.  Кез-келген  сөйлем,  айтылмақ  ой  белгілі  бір 
уақыт  шеңберінде  хабарланатындықтан,  онда  етістік  пен 
есімдердің  темпоральдылығы  да  түрлі  деңгей  мен  кезеңдерде 
түрліше өтеді. Етістік заттың амалын, іс-əрекетін білдірсе, жалпы 
түбір  етістіктер  қимылды  білдіреді,  ал  қимылдың  қалай,  қандай 
тəсілдер  арқылы  жүзеге  асатынын  білдіре  алмайды.  Сөйлемде 
етістік  қолданылғанда,  тек  қимылды  ғана  білдіру  жеткіліксіз. 
Өйткені  өмірде  қимылдың  жасалуы  түрліше.  Соған  орай  ол 
қимылдың  жасалуындағы  əртүрлі  ерекшеліктерді  білдіретін  əдіс-
тəсілдер,  түрлі  көрсеткіштер  мол.  Қимылдың  жасалуындағы  əр 
алуан  ерекшеліктер  мен  олардың  өту  кезеңін  білдіретін  тілде 
арнайы  категория  бар.  Ол  -  қимылдың  белгілі  бір  уақыт 
шеңберінде өту сипатын танытатын темпоральдық категория. 
Етістіктің темпоральдық категориясының жалпы мағынасы 
қимылдың  қандай  мезгілде  қалай  жасалғандығын  суреттеу, 
қимылдың  қандай  сатыда  екенін  көрсету,  іс-əрекеттің  уақыт 
шеңберінде  қамтылуы  мен  шақтардың  мағыналық  реңкін 
ажырату  болып  табылады.  Қимылдың  мезгіл  аясында  өту 
сипаты  категориясының  жалпы  мағынасымен  қоса,  оның  өзіне 
тəн,  ішкі  мағыналары  толып  жатыр.  Темпоральдық  категория-
ның  өзіне  тəн  ішкі  мағыналық  ерекшеліктерінің  бірі  –  белгілі 
уақыт  мерзімінде  қимылдың  басталуы,  ортаңғы  кезеңі,  тез, 
қысқа  жасалуы,  созылыңқылығы,  қимылдың  соңғы  сатысының 
көрсеткіштері,  мерзім  ішіндегі  болған  оқиғаның  тиянақтылығы, 
тиянақсыздығы, аяқталғандығы, аяқталмағандығы, нақтылығы мен 
күмəндылығы  жəне  эмоционалды-экспрессивті,  т.б.  белгілері. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
65 
Сондықтан  да  етістіктің  шағы  мен  көрінісі  темпоральдылықты 
анықтай түсуге əсер етеді. 
Қазақ тіл білімінде көрініс категориясы бар деп арнайы еңбек 
жазған  -  ғалым  И.Ұйықбаев.  Ол  қазақ  тілінде  қимылдың  жасалу 
қалпына қарай көрініс аяқталған, аяқталмаған күйді білдіретіндігін, 
олардың  іштей  бірнеше  реңкті  болып  келетіндігін  айта  келіп, 
былай 
деп 
көрсетеді: 
«Аяқталған 
көрініс 
қимылдың 
тиянақтылығын,  шапшаңдығын,  бағытын,  басталғанын,  жете 
болғанын,  жол-жөнекей  жасалғандығын,  жалған  істі,  немқұрайды 
жасалған істі, бір-ақ рет болған қимылды білдіреді» [10, 77].  
Етістіктің  амал-əрекет  ұғымдары  мен  оған  тəн  сөздердің 
белгілі  дəрежеде  мезгіл  ұғымымен  байланысты  болады.  Мезгіл 
ұғымынсыз  етістікті  жеке  сөз  табы  деп  қарауға  да  болмайды. 
Сол  сияқты  темпоральдылық  категориясы  да  формалары  мен 
қызметі  жағынан  адамның  сөйлеп  отырған  кезіне  байланысты 
анықталады.  Амал,  əрекет,  қимыл,  қозғалысты  білдіретін 
етістіктер  айтылып  отырылған  сəтпен  қатысына  қарай  əлі 
тынбаған,  не  тынған,  немесе  аяқталуға  жақын,  т.б  көптеген 
сипаттарға ажыратылады.  
Көркем əдебиеттен алынған мысалдарды талдау барысында 
темпоральдылықтың  қаламгердің  жазу  машығына  байланысты 
бірнеше түрде көрініс беретінін аңғаруға болады. Автордың өтіп 
жатқан  оқиғаға,  қоршаған  ортаға  байланысты  көзқарасының 
қалыптасуына, өзі куəгер болған жағдайларға беретін бағасы сол 
уақыт  аясында  суреттеле  отырып,  түрлі  шақтық  мезгілді 
көрсетуде  темпоральдылықты  сан  алуан  бағытта  қолдануға 
«мəжбүрлейді». 
Мысалы: 
«
Екеуі 
маған 
жатты 
да 
жалынды».(С.Мұқанов).  Бұл  сөйлемді  жедел  өткен  шақтық 
мағынасында  тұрған  етістік  деп  қабылдайтынымыз  рас.  Бірақ 
сөйлемнің  мазмұнына  қарап,  тез,  жылдам  уақытта  болған 
қимыл,  əрекет  деп  айта  алмаймыз.  Оған  себеп  -  ұзақ  мерзімдік 
мағынаны  білдіретін  жатты  етістігі.  Айтылған  ойды  əсірелеу 
мақсатымен  келтірілетін  бұл  етістік  қазақ  тіліндегі  жатты  да 
ұрысты,  жатып  кеп  төбелесті,  жатып  кеп  ренжіді,  жатып 
ашуланды  деген  сөз  тіркестерінде  қолданылады.  Сөйлем 
мазмұнына қарай оқиғаның біраз уақыт көлемінде болғандығын 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
66 
жəне  ол  мерзімде  бірнеше  қайталанғандығын  аңғаруға  болады. 
Іс-əрекеттің  үздіксіздігін  таныту  мақсатында  ой  екпіні  ең 
алдымен  осы  жатты  сөзіне  түсірілген.  Салыстырайық:  екеуі 
маған жалынды жəне екеуі маған жатты да жалынды. Бірінші 
сөйлемде жалыну-дың эмоциялық реңкі мен уақыттық мөлшері 
нақты  емес,  екіншісінде  ол  да  шылауының  жəне  жатты 
етістігінің 
əсерімен 
қимыл, 
əрекеттің 
ұзақтығы 
мен 
қайталанғандығынан  хабар  береді.  Темпоральдылық  болған 
оқиғаның  шақтық  мезгіліне  қоса,  орындалған  іс-əрекет  пен 
орындалып  жатқан  əрекеттердің  уақытын  нақтылауда  айқын 
көрінеді:  «Сонда  да  айырылмай,  мықшия  тартып  келе 
жатқанымда,  ит  бір  арс  етті  де,  жұлқына  кеп  жөнелді...»            
(С. Мұқанов) деген сөйлемде бірнеше амал, əрекет суреттелген. 
Бірінші  компоненттен  нақ  осы  шақтағы  аяқталмаған  əрекеттің 
уақыт шеңберіндегі үзіліссіздігін байқасақ, екінші ой жүйесінен 
алғашқы  əрекетке  қарсы  қимылдың  аз  уақыт  ішіндегі,  жылдам 
басталып,  үдетпелі  əрекетке  жалғасқан  көрінісін  аңғарамыз. 
Мұндағы  уақыттың  жылдамдығын  арс  етті  етістігінен  гөрі,        
-а  кеп  жөнелді  түріндегі  күрделі  аналитикалық  формант 
үстемелей  көрсетіп  тұр.  Күрделі  аналитикалық  форманттар  іс-
əрекеттің  өту  сипатын  дəл  көрсете  алатын  тілдік  элемент 
болуымен  қатар  сол  сəттегі  уақыттың  оқиғаға  қатысын  да 
танытады. Мысалы: «Қарғыбауы қолымнан сусып шығып кетті. 
Мен  құлап  қала  жаздап  барып  əрең  оңалдым...»  (С.Мұқанов) 
деген  сөйлемдерде  етістік  жедел  өткен  шақта  қолданылған. 
Бірінші сөйлемнен қарғыбаудың қолдан шығуының тез, жылдам 
уақыт  аралығында  өткендігін  –  ып  кетті  аналитикалық 
формантынан  байқаймыз.  Бұл  сөйлемде  амал,  қимыл  уақыт 
шеңберінде  аяқталған,  тынған  көріністі  танытады.  Ал  екінші 
сөйлемде  аяқталған  əрекеттің  бейнелі  көрінісін  бірталай  уақыт 
шеңберінде  болғанынан  байқаймыз.  Соңғы  сөйлемдегі  əрең 
үстеуі  қимылдың  қалай  жүзеге  асқанын  ғана  емес,  біразға 
созылған  уақыт  мөлшерін  де  көрсетеді,  сонымен  қатар  бұл 
қимыл-сын  үстеуі  -п  қала  жаздап  барып  тұлғасында  келген 
күрделі  аналитикалық  форманттың  қатысына  қарай  қимылдың 
қалай  болып  өткендігін  дəл  суреттеуге  мүмкіндік  берген. 
Көркем  əдебиетте  де,  ауызекі  сөйлеу  стилінде  де  физикалық 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
67 
уақыттың  шамасы  субъектінің  бағалауына  байланысты  кейде 
«сығылады»,  кейде  «ұзартылады»,  кейде  «тоқтап  та  қалады». 
Оған  тіліміздегі  уақыттың  зымырап  өтуі  немесе  уақыттың 
өтпей  қоюы,  таңның  (түннің,  кештің)  жылжымауы  сияқты 
көптеген  қолданыстар  жатады.  Бұлардан  басқа  кейіпкер,  не 
айтушы 
оқиғадағы 
уақыттың 
мезгілінде 
орындалған 
(орындалып  жатқан,  орындалмақ  болған)  амал,  қимылдардың 
жылдамдығына  логикалық  екпін  түсіруді  мақсат  еткендіктен, 
градация тəсілін қолданады: «Ағаш жаққа қарасам, Қайырке де 
ұшып  келеді  екен.  Мен  қасына  келіп  қалдым»  (С.Мұқанов). 
Алынған  сөйлемнің  алғашқысындағы  ұшып  келу-дің  мағынасы 
аз мерзімде жылдам орындалған əрекетті танытса, оған орайлас 
құрылған  екінші  сөйлемдегі  келіп  қалу  қимылы  шапшаңдықты 
аңғартады.  Бұл  сөйлемдер  екі  түрлі  шақта  қолданылғанмен, 
мағыналық  жағынан  нақ  осы  шақта  болып  жатқан  оқиғаларға 
негізделген деп айта аламыз.  
Келтірілген  үзіндіде  етістіктің  шақтары  хабарланып 
отырылған сəтпен бірігіп, нақ осы шақта баяндалып қана қоймай, 
оқырманның  өзі  де  бақылып  тұрғандай  суреттелуі  арқылы 
уақытпен  толық  қамтылған,  тиянақталған  ойды  жеткізіп  тұр. 
Сөйлемдердегі  етістіктер  жалпы  ойды  аңғартып  тұрған  нақ  осы 
шақтағы оқиғаны суреттеуге атсалысқан. Тіл біліміндегі осындай 
мезгілдік  қатынастардың  түрлі  дəрежесін  темпоральдылық 
категорияны жан-жақты талдау арқылы ғана анықтауға болады.  
 
Əдебиеттер 
1. Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Алматы, 1991. 
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966. 
3. Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1966 ж. 
4.  Қордабаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  шақ 
категориясы. Алматы, 1955. 
5. Төлеуов Ə. Сөз таптары. Алматы: Мектеп, 1982. 
6.  Ысқақов  А.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Морфология.  Алматы:  Ана 
тілі. 1991. 
7.  Оралбаева  Н.Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  аналитика-
лық форманттары. Алматы, 1975 ж. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
68 
8. Современный казахский язык. Алма-Ата, 1962. 
9.  Əдебиеттану.  Терминдер  сөздігі.  Семей:  Толер  –  Пресс. 
2006. 
10.  Ұйықбаев  И.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  етістіктің  көріністері. 
Алматы, 1958  
11.  Мұқанов  С.  «Өмір  мектебі».Бірінші  кітап.  Алматы: 
Жазушы. 1970.  
 
Абуханов Ш.А. 
Алматы, Қазақстан 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет