Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАҚ-ТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН



Pdf көрінісі
бет7/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАҚ-ТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН 
ҚЫЗМЕТІ 
 
Қоғамның  саяси  рухани  модернизациялауда,  саяси 
шешімдердің  элетротқа  жеткізілуінде,  азаматтардың  бүгінгі 
өзгерістер  талабына  сəйкес  саяси  санасы  мен  мəдениетін 
қалыптастыруға  көмектесетін  құрал  бұқаралық  ақпарат 
құралдары. 
Саяси 
өркениеттілік 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының  дамуымен  жəне  бостандығымен  белгіленеді. 
Сондықтан елді  демократияландыру  үрдістері  ақпараттық даму 
үрдістеріне  тікелей  тəуелді.  Демократиялық  қоғамның  басқа 
қоғамнан  бір  ерекшелігі  пікір  алуандығы  мен  еркін  ақпарат 
алмасуға  мүдделігінде.  Себебі,  мұндай  құндылықтар  қоғамның 
өміршеңдігінің қайнар көзі.  
1.
 Сондықтан Н.Ə. Назарбаев бұл құндылықтарды идеоло-
гиялық  пікірлер  алундығы  ретінде  атап  көрсетті.  (29  бет 
Қазақстанның  болашағы  қоғамның  идеологиялық  бірлігінде). 
Сондықтан  бұл  үрдістердегі  даму,  халықтың  саяси  санасы  мен 
мəдениетінің қалыптасуы, этникалық жəне қоғамдық келісімнің 
сақталуы БАҚ-тың белсенді жұмыс істеуіне тəуелді. Демократия 
мен  құқықтық  кеңістік  БАҚ-тың  толыққанды  қызметінсіз 
мүмкін емес.  
Демек, ақпарат дегеніміз не? Ақпараттың саяси мəні неде? 
Ақпараттық  қызмет  дегеніміз  не?  Осындай  парадигмалардың 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
69 
мəні  мен  маңызы  неде  жəне  БАҚ-на  не  жатады  деген 
мəселелерді қарастырудың саяси қатынастардағы маңызы анық.  
Ақпарат  ұғымы  ақпараттар  туралы  теориялары  бойынша 
берілетін əр түрлі хабарлар мен мəліметтер, дыбыс, белгілер мен 
байланыстар  деп  түсінуге  болады.  (Массовая  информация           
в советском промышленном городе. Москва – 1980 жыл. 19 бет).  
Ақпаратты  мазмұны  жағынан  экономикалық,  ғылыми, 
саяси,  техникалық,  коммерциялық  деп  бірнеше  түрге  бөлеміз. 
Қазіргі XXI ғ. Қоғамындағы ақпараттың теңдей бөлінбеуі жəне 
оның  индивидтер  мен  қоғамдағы  əр  түрлі  топтар  мен  таптар 
бірдей  жетпеуінің  нəтижесінде  біреу  басқалардан  ақпараттық 
басымдыққа  ие,  соның  нəтижесəнде  адам  экономикалық, 
əлеуметтəк жəне саяси басымдықтар келіп шығады. Ақпараттың 
саяси-экономикалық  жəне  əлеуметтік  қатынастарды  жаңарту-
дағы  мəні  арта  түсуде.  Ақпараттық  тасқындарды  қабылдай 
білген,  жасай  білген  мемлекеттер  дамуда  озық  болуда.  Сол 
себепті  Қазақстан  үшін  де  тиімді  ақпараттық  саясатты 
қалыптастырудың маңызы арта түседі.  
Қазақстан  үшін  ақпараттық  теңсіздік  нəтижесі  бұл 
əлеуметтік  теңсіздікке,  яғни  XXғ.  соңы  XXIғ.  басында  ең 
қажетті,  маңызды  əлеуметтік  саяси  өзекті  мəселеге  айналып 
отыр.  (А.Сарсенбаев.  новое  информационное  пространство 
Республики  Казахстан.  Проблемы  и  перспективы.  Алматы 
1998ж. 10бет).  
Қазіргі  өркениеттілік  қоғам  талаптары  тұрғысынан 
қарастырсақ  ақпарат  қоғамға,  мемлекетке,  жеке  тұлғаға, 
қоғамдық  білім,  бағыт  беруші  əрі  табыс  əкелуші  күш. 
Сондықтан  əр  нəрседен  хабары  бар  деген  адам  ол  көп  білетін 
адам  емес,  ол  қазіргі  сауда  биржаларында,  журналистер 
аудиторияларында,  қаржы  қызметтерінде  халықаралық  саяси 
мəселелерге көп араласатын көптеген ақпараттардан хабары бар 
адам.  
Қоғамда  қоғамның  саяси,  экономикалық  жəне  əлеуметтік 
саласын  ақпаратпен  қамтамасыз  етіп,  дамытып  отыратын 
қызмет  түрін  ақпараттық  қызмет  деп  те  атайды.  Олай  болса 
ақпараттық  қызмет  дегеніміз  не?  Оның  қандай  түрлері  бар? 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
70 
Ақпараттық қызметтің мəні неде деген мəселені шешу маңызды. 
Көптеген  зерттеушілер  ақпараттық  қызметке  қоғамда  қоғам 
мүшелері  мен  билік  орындарына  қажетті  ақпараттар  беріп, 
таратып  отыратын  адам  баласының  қоғамдағы  демократиялық 
үрдістер  мен  нарықтық  экономикаға  деген  саяси  ой-пікірлерін 
дамытуға  көмектесетін  арнайы  қызмет  жүйесін  жатқызады. 
Яғни ақпараттық қызмет дегеніміз қоғамға жəне оның мүшелері 
мен билік органдарына қажетті маңызды ақпараттарды таратып 
отыратын  қызмет  жүйесі.  «Ал  ақпараттық  қызметті  терең 
қарастырар  болсақ  ол  ғаламдану,  жаһандану  факторындағы 
дүние  жүзілік  қауымдастық  өміріне  өте  белсенді  əсер  етуші 
қызмет түрі болып табылады». (Ақпараттық Москва 2000 8-бет). 
Ақпараттық  қызмет  барысында  ақпаратты  халыққа 
жеткізетін  БАҚ,  ал  БАҚ-ы  дегеніміз  халыққа  хабар  тарататын 
саяси  институттардың  бір  түрі.  Бейбіт  Исабаев  өзінің 
диссертациялық  еңбегінде  «БАҚ-ы  дегеніміз  түрлі  хабар 
ошарды көпшілікке арнайы техникалық құралдар арқылы ашық 
əрі жария түрде жеткізу үшін құрылған мекемелер» деп сілтеме 
береді. (10-бет диссерт.еңбегі). Ал мен бұл ойға қосыла отырып, 
былай  деп  анықтама  берер  едім.  БАҚ-ы  дегеніміз  халыққа  əр 
түрлі хабарлар мен мəліметтерді баспасөз, газет, журнал, радио, 
теледидар, үнтаспа, телефон, телеграф, почта, ұялы телефондар 
мен  басқа  да  техникалық  құралдар  арқылы  жеткізетін, 
техникалық жағынан дамыған мəдени, əрі халықпен ақпараттық 
байланыс жасау мекемелерінің жиынтығын айтамыз.  
В.З. Коган өзінің ақпараттар əрекеттестігінің теориясы атты 
еңбегінде  ақпараттық  үрдістердің  эволюциялық  дамуының   
ХХғ.  екінші  жартысында  сапалы  деңгейге  көтерілуін 
электрондық 
есептеуіш 
машинасымен 
байланыстырады. 
Адамдардың  ақпаратпен  байланысты  қозғалысының  дамуын 
төрт  түрлі  революциялық  жолдан  өткенін  атап  көрсетеді.  Олар 
біріншіден  тілдің  пайда  болуы,  екіншіден  жазудың,  үшіншіден 
кітап  басып  шығарумен,  төртіншіден  газет,  радио,  теледидар    
(4-бет).  Жалпы  адамзат  баласының  өткен  тарихынан  алатын 
сабақтарға үңілсек көптеген елдерде БАҚ деген мемлекеттердің 
сұранысы  аз  болған.  Бұл  кезде  мұндай  ақпарат  құралдарының 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
71 
қызметін  атқарған  жаушылар,  ұзынқұлақ,  курерлер  секілді  хат 
хабар жеткізушілер болса, бертін келе олар тіркеу қоңыраулары 
мен  мешіт  азанымен  жəне  əр  түрлі  жəндіктердің  дауысы  мен 
табиғат  құбылыстарының  техникалық  уақыт  өлшемі  сағаттың 
пайда болуымен ерекшеленеді.  
Еліміздің  демократиялық  бағытта  дамуына  байланысты 
БАҚ  -ы  нысаны  жағынан  екіге  бөлінеді.  Олар  тəуелді  жəне 
тəуелсіз БАҚ. Тəуелді БАҚ-ры бұл мемлекет тарапынан қолдау 
көрсетілетін,  нақтырақ  айтқанда  мемлекет  қоржысының 
есебінде  өмір  сүретін  мемлекет  саясатын  толық  қолдайтын 
ақпарат  құралдары.  Оған  Е.Қ  Қ.Ə  Заі  жəне  басқа  да 
басылымдарды жатқызуға болады. Ал тəуелсіз БАҚ-ры басқару 
органдарына  деген  қарсылығын  ашық  жəне  жанама  түрде 
білдіретін,  меншік  иелігідегі  жеке  тұлғалар  мен  қоғамдық 
ұйымдардың,  партиялардың  жəне  қозғалыстардың  жекелеген 
ақпарат  құралдары.  Оған  «Түркістан»,  «Солдат»,  «Жас  Қазақ», 
«Тасжарған» жəне басқа басылымдарды жатқызуға болады.  
Қазіргі  кезеңде  осы  төрт  түрлі  революциялық  жолдың 
ішіндегі ең қажеттісі əрі көп қолданатын түрі тілмен жазу. Оған 
мысал  мемлекеттік  тіл  мəселесі,  екіншіден  жазудың  енді 
бұрынғыдай  баспа  машинкалары  тұрғыда  емес,  техникалық 
жағынан дамыған компьютер арқылы əр түрлі көлемде жазылуы 
болса, үшіншіден БАҚ-ның бұрынғыдай бір елдің аумағындағы 
мəселелермен  емес  жалпы  дүние  жүзілік  мəселелердегі 
саясатпен байланысты ақпарат алмасуында. Оған мысал елімізде 
дəстүрлі  түрде  өтетін  евразиялық  медиа  форумдар.  Қоғамның 
өзгеруімен,  дамуымен  қатарласа  жүре  отыра  БҰҚ-та, 
ақпараттық  саясат  та  өзгеріп  отырады.  Ақпараттық  революция 
жағдайында  ақпараттардың  сандқ  жəне  сапалық  жаңаруы 
қоғамда  үнемі  болып  отыратын  құбылысқа  айналады.  Мысалы 
медиа  форум  арқылы  əлемнің  əр  түпкірінен  Қазақстанға 
көрнекті 
журналистер, 
саясаттанушылар, 
сарапшылар, 
жазушылар келді. Əрі бұл келген тұлғалар жай ғана адам емес, 
олардың  пікірлеріне  жүздеген  тыңдаушылар  мен  мыңдаған 
көрермен  құлақ  салатын  ықпалды  ой  əміршілері.  Яғни  бұл 
тұлғалардың  ақпарат  алмасу  барысында  ел  экономикасына, 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
72 
елдің  саяси  дамуына  жəне  басқа  да  дамуына  əсері  болмауы 
мүмкін емес. Міне сондықтан саясаттану ғылымындағы ақпарат 
алмасудың  алатын  орны  ерекше.  Осы  VII  евразиялық  медиа 
форумда  ұйымдастыру  комитетінің  төрайымы  Д.  Назарбаева 
журналистерге  Қазақстандық  ақпарат  құралдарының  деңгейі 
туралы сұраған сұрағына былай деп жауап берді. «Бүгінгі таңда 
ақпараттық  кеңістік  қанатын  жайып  қона  қойған  жоқ,  өмір 
шындығының  ауқым  аясын  тұтастай  жаулап  алды  деуге 
болады». (Е.Қ. 18 сəуір, 2007жыл).  
Əлемдік ақпарат жасаушылар тəрбиесін көріп, тəжірибесін 
тікелей  меңгерушілер,  Қазақстандағы  ақпаратты  алдымен  орыс 
тіліндегі  басылымдарда  басатындығы,  басым  болып  тұрғанын 
айта  кеткен  жөн.  Яғни  Қазақстанның  ақпараттық  кеңістігіне 
Ресейдің  ақпараттық  кеңістігінің  басымдылығы  сақталуда. 
Мұндай  ақпараттық  ахуал  Қазақстанда  Кеңес  Одағы  кезінде 
қалыптасты.  Содан  бергі  уақытта  өзгеріске  ұшырамай  келеді. 
БАҚ-ның  КСРО  кезеңіндегі  атқарған  қызметіне  келер  болсақ, 
БАҚ-ры  бұл  кезеңде  өзінің  қызметін  жарым  жартылай  ғана 
атқарды.  Оған  себеп  саяси  жүйеден  сөз  бостандығы,  пікір 
алуандығы  сияқты  қоғамдық  ойдың,  бұл  кезде  болмандығы 
болса,  екіншіден  мұндай  құндылықтарға  тыйым  салынған-
дығында.  Сондықтан  да  мемлекет  саясат  жүргізуде  өзінің 
барлық  мүмкіндіктерін  толық  пайдаланды  жəне  БАҚ  мемлекет 
бақылауында  болды.  Осындай  негіздердің  нəтижесінде  БАҚ-ы 
билеуші  мемлекеттік  органдардың  қоғамдағы  нəрменді,  саяси 
көсеу  қызметін  атқарды.  Ал  бұл  кезде  электронды  ақпарат 
құралдарының  компьютер,  дивиди  жəне  т.б.  түрлері  мен 
тəуелсіз  ақпарат  құралдары  деген  ұғымдар  туралы  сөз 
қозғаудың  өзі  артықшылық  еді.  Ал  қазіргі  кезді  Р.Н.  Байгузин, 
С.И.  Илларсионов,  Г.Н.  Рукосуев  сияқты  ғылымдар  өзінің 
ақпараттық  соғыс  деген  монографиясында  ХХІ  ғасырды 
ақпараттар ғасыры немесе ақпараттық қоғам ғасыры деп атады. 
(15  бет).  Себебі  қазіргі  ақпараттар  тасқынының  легі  мен 
қоғамдағы  алатын  орны,  рөліне  қарай,  дамыған  елдердің 
ақпараттық  экстансиясының  күшеюіне  қарай,  ғаламдық  дүние 
жүзілік  саясатта  алатын  орнына  қарай  былай  деп  айтуға  толық 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
73 
негіз  бар.  Қазіргі  кезеңдегі  ақпараттың  дамуының  тағы  бір 
ерекшелігі  оның  мəтін,  дыбыс,  сурет  жəне  сөз  жазба  түріндегі 
берілуі. (17бет. Ақпараттық соғыс).  
 БАҚ  -  ы  деген  ұғымды  механикалық  үлгідегі  мазмұны 
мынадай  мəселелерді  қарастырады.  Біріншіден  ақпарат  жинау. 
Екіншіден  ол  ақпаратты  өңдеу.  Үшіншіден  техникалық 
құралдар  арқылы  ақпарат  тарату.  Төртіншіден  ақпаратты 
адамдардың  қабылдауы.  Бесіншіден  қабылдауға  байланысты 
ақпараттың  сəйкестігі  мен  əрекеттестігі,  ақпараттық  саясаттың 
пайда  болуы,  оның  ролінің  белгіленуі,  өзіндік  төртінші  билік 
ретінде қалыптасуы. (12-бет. А.С. Сарсенбаев). Əрине қоғамдық 
организм бұл механикалық əрекеттесу мен жəне оның құрамдас 
бөлімдерімен əрқашанда сəйкес келе бермейді, сондықтан саяси 
əлеуметтік  рухани  жəне  ақпараттық  пікір  алмасу  үрдісі  өте 
күрделі  əрі  терең  мəселе.  «Адам  ақпараттар  ағыныдағы  пікір 
алмасуда  субъект  жəне  объект  ретінде  қатар  танылады». 
(политология  13-бет;  Нысанбаев).  Ақпараттық  саяси  субъекті 
субъектілі  құбылыс.  Адамдар  БАҚ-н  жасайды,  қозғалысқа 
келтіреді  жəне  тұтынды.  Олардың  өзінше  жекелеген  саяси 
немесе  əлеуметтік  экономикалық  мақсаттары  бар  қоғамның  əр 
түрлі топтары өздерінің жеке мақсат мұраттарына жетуінде бір 
біріне  əсер  етеді.  Ал  ақпараттық  саясат  мұндай  мəселелерде 
яғни адамдадың бір бірімен əрекеттестігін бекітеді, бірақ оларға 
ақпараттық  саясатты  ұлттық  мемлекет  мүддесі  тарапынан 
жүргізуді  жүктейді.  Сондықтан  БАҚ-ның  қоғамдағы  алатын  ең 
басты ролінің бірі, сол қоғамның қарым қатынасы мен қабілетін 
арттыру жəне оның өміршеңдігін қамтамасыз ету. Ел Президенті 
Н.Ə.  Назарбаев  Алматыда  өткен  Евразиялық  медиа  форумда 
«біздің  ақпараттық  тəуелсіздігіміз»  үш  түрлі  құндылықтан 
тұратындығын атап көрсетті. Олар біріншіден сөз бостандығын, 
екіншіден  жариялылық,  үшіншіден  заң.  Ал  бұл  құндылықтар 
қоғамда  толық  жүзеге  асқанда  ғана  біз  демократиялық  елге 
айналамыз.  1992  ж.  Қ.  Р.-ның  президенті  Н.Ə.  Назарбаев 
«Қазақстанның  егеменді  ел  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының 
стратегиясы»  деген  еңбегінде  тəуелсіз  БАҚ-ры  туралы  саяси 
демократия, тəуелсіз БАҚ-сыз, ақылға сыйымсыз болар еді деп 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
74 
атап  көрсетті,  яғни  тəуелсіз  БАҚ-ның  өмірге  келуі  бұл 
демократияның жемісі еді.  
Елімізде  демократиялық  бостандықтар  сөз,  баспасөз 
бостандығы  беріліп  радио  мен  теледидарды  жəне  баспасөзді 
еркін  пайдалану  мүмкіндігі  қамтамасыз  етілген  шақта, 
азаматтардың  санасының  өсуіне,  қоғам  ісіне  белсене 
араласуында, адамдардың жауапкершілігі мен қоғамдағы қарама 
қайшылықтардың  дұрыс  шешілуінде  жəне  оның  дұрыс  жолға 
қойылуы  мен  оған  дұрыс  бағыт  бағдар  берілуіне,  басшылық 
бағытқа  тəрбиелеуде,  күнделікті  өмірге  лайықты  жас  ұрпақты 
тəрбиелеуде бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы өте зор. 
Осы тұрғыдан келгенде бұрынғы бұқаралық ақпарат құралдары 
үгітшілік  насихатшылық  саясатты  қолдаса,  қазіргі  БАҚ-ы  істің 
мəн  жайын  ашық,  жария  түрдегі,  бəсекеге  лайықты  саясатты 
қолдайды.  БАҚ-ы  мемлекеттен  тəуелсіз  болса  белсенді  тиімді 
қызмет ете алады. Сонымен қатар БАҚ-ы бостандығы ексіз бола 
алмайды.  БАҚ-ры  конституциялық  талаптар  мен  принциптері 
басшылыққа  ала  отырып,  қызмет  етсе  онда  нағыз  толыққанды 
ақпараттық  саясатты  жүргізе  алмақ.  БАҚ-ры  мемлекеттік, 
ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  мұраттар  мен  құндылықтарды 
бірінші  кезекте  уағыздауға  жəне  насихаттауға  тиісті.  Алайда, 
Қазақстан жағдайында 300-жылға созылған отарлау саясатының 
əсерлерін,  қалдықтарын  жою  мен  сананы  отаршылдық 
психологиядан  тазарту,  міндетін  шешу  де  БАҚ-ы  үшін 
басымдылыққа айналды.  
 
Əдебиеттер 
1.
 Н.Ə.  Назарбаев  «Қазақстанның  болашағы  қоғамның 
идеялық бірлігінде». Алматы 2002ж. 
2.
 В.З.  Коган  «Ақпараттың  өзара  əрекеттестік  теориясы». 
М. 1991 ж. 
3.
 Б. Исабаев Диссертациялық жұмыс. (5 бет). 
 
 
Ажибекова Г.Ж. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
75 
Алматы, Қазақстан 
 
ЗЕРТТЕУШІНІҢ ПУБЛИЦИСТИКАЛЫҚ МАҚАЛАЛАРЫ 
 
ХХ  ғасырдың  сексенінші  жылдары  мен  тоқсаныншы 
жылдарының  басында  əдебиетші-ғалым  М.  Мырзахметұлы 
өзінің  публицистикалық  мақалаларында  нақты  архив  деректері 
мен  бұрын  жасырын  сақталған  патша  үкіметінің  құпия 
құжаттарының негізінде ономастикалық олқылықтардың орнын 
толтыруға  үндеп,  Ахмет  Байтұрсынов  жетілдірген  қазақша 
əліпбиді  кириллицаға  көшірудің  сырын  ашады.  Публицист-
ғалымның 
зерттеулерінде 
қазақтарды 
діннен 
бездіріп, 
шоқындыру  мақсатында  жүргізілген  əрекеттер  əшкереленген. 
Рухани құндылықтарымыз бен ұлттық менталитетімізді қалпына 
келтіруге  арналған  бұл  мақалалар  легі  «Қазақ  қалай 
орыстандырылды» монографиясына алып баратын баспалдақтар 
еді. Б. Момышұлының «Тарихты білу керек. Дəстүр, əдет-ғұрып 
аспаннан  түскен  жоқ.  Біз  олар  жөнінде  үлкен  қате  істедік.  Сол 
қатені осы күнге дейін түзей алмай келеміз», – деген ескертпе-
сынын  арқалаған  ізденуші  қолына  шырақ  алып  шындықтың 
соңына түседі. Ұлттың тілін, дінін өзіне жат көрсеткен солақай 
саясаттың  зардаптарын  тарихи  деректермен  дəлелдеу  арқылы 
ұйықтап  жатқан  ұлттық сана-сезімді  оятуға  болатынын  түсінді. 
Түсінді  де,  тарихтың  осы  бір  ақтаңдақ  бетін  қайта  қалпына 
келтіруге  кірісіп  кетті.  Оның  кілтін  М.  Əуезовтің  «Ақын  аға 
романындағы» Павлов пен Абай сұхбаты арқылы тапқан ғалым 
Мұхаңның  автоцензурасының  көмегімен  патша  үкіметінің 
миссионерлік 
саясатының 
стратегиялық 
негіздері 
мен 
техникалық  əдістерін,  мақсаттарын,  ел,  жер,  тіл  мəселелерімен 
байланысты қарай отырып анықтады.  
Қоғамдық  сананы  улаудың  сан  түрлі  жолын  қолданған 
үкіметтің  мақсаты  халықты  жадынан  айыру,  өткенге  жирене 
қарау  мен  ұлттық  рухтан  қол  үздіру  болатын.  Бүгінде  қазақша 
сөйлеуге арланатын, ұлттық дəстүрді артта қалушылық санап, өз 
қара  басы  үшін  отбасы  тұрмақ  Отанын  сатып  жіберуге  дайын 
дүбəрам  ұрпақтың  сана-сезімі  осы  отаршылдықтың  қалдығы 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
76 
ретінде  көрініс  беруде.  Халықтың  тарихи  жадын  жазалаудың 
небір 
сойқандарын 
ойлап 
табудан 
еш 
сескенбеген 
отаршылдардың жымысқы əрекетін дөп танып, сол қиратылған 
қабырғаларды  қайта  қалау  жолында  қыруар  тірлік  атқарып 
жүрген  М.  Мырзахметұлының  ұлттық  идеология  тақырыбына 
бет  бұруы  заңды  да.  Зерттеушіге  ой  салған  ономастикадағы 
отаршылдық  қалдықтарын  түбірімен  отау  үшін  тарихтағы 
ақтаңдақ  беттерді  сүзіп,  ой  елегінен  өткізіп,  өз  ой-танымын 
баспа арқылы жариялап жүрген ол жаһандану процесінде «Түркі 
тілдес, түгел бол» ұранымен түркі тілдес мемлекеттердің ортақ 
жазу  таңбасын  жасау,  түркі  халықтарының  ортақ  моральдық 
кодексін  жасау  жəне  рухани  тұтастыққа  жетудің  жолы  əдебиет 
болғандықтан  түркітектес  халықтың  ұрпақтары  бір-бірінің 
əдебиетін  біліп  өсуі  қажет  деген  парасатты  пайымдауларымен 
қалың оқырманды өзіне тəнті етіп жүр.  
Ұлт  тұтастығының  символы  –  сол  халықтың  ана  тілі.  Сол 
тұтастықты  сақтап  қалудың  бірден-бір  жолы  ата  жазуы 
екендігін ескерген сұмпайы саясаткерлер тіл мен жазуды жойса, 
тарихы  мен  ұлттық  қалпын  өз  қалаулары  бойынша  жасап 
алатынына  сенімді  еді.  Араб  шапқыншылығы  мен  Ресей 
империясының,  Қазан  төңкерісінен  кейін  билікті  қолына  алған 
Кеңес  үкіметінің  қолданған  саясаттарын,  олардың  қазақ 
жазуына  келтірген  зиянды  əрекеттерін  нақты  деректермен 
дəлелдеген  ғалым  бүгінде  ортақ  жазу  проблемеларын  ұсынып 
отыр.  Тіл  жанашырының  түрік  халықтары  əдебиеті  тарихының 
ғылыми зерттеу орталығының директоры қызметінде жүріп ұлт 
мүддесі  үшін  жүзеге  асырған  істерінің  де  дəлелі  жоқ  емес. 
Əдебиеттанушының  қолжазбаларын  ақтарып  отырғанда  қолға 
ілінген  «Түрік  халықтарының  ортақ  жазу  проблемасы» 
зерттеуінде түрік халықтары латынша жазу таңбасын ортақ жазу 
таңбасына  айналдыра  алса,  рухани  тұтастықтың  тетігін  таба 
алатыны  жайлы  ой  айтылған.  Расында,  бұл  ұсыныс  өмірге 
келгелі  біраз  болса  да,  осы  құбылыстың  сырын  ашып  беруге 
ешкім құлшына қоймады. Тіпті, бұған қарсы өре түрегелгендер 
де болды. Мұның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс дегенді қалың 
жұртшылық санасына сіңдіру үшін бүгін қолданып жүрген орыс 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
77 
жазу  таңбасын  ендіру  тарихы  мен  себебін  түсіндіріп  жататын 
жан  да  табыла  қоймады.  Бұған  құр  алақан  қарап  отыруды  ар 
санаған  автордың  ой-толғауына  құлақ  салсақ:  «...түрік 
халықтары рухани жағынан тоналып, үш жақты қысымға түскен 
қасіретті  де,  қатерлі  жолдан  өтіпті.  Алдымен  түрік 
халықтарының  ата  жазу  таңбасын,  яғни,  ойма  жазуын  арабтар 
істен  шығарып,  өздері  алып  келген  араб  жазуын  күштеп 
таңыпты.  Енді  ХІІІ-ХХ  ғасыр  ішінде  Ресей  империясы  түрік 
халықтарының  мың  жылдан  астам  пайдаланып  келген  араб 
жазуын  істен  шығарып,  орыстың  жазу  таңбасы  кириллицаны 
қабылдатып үлгеріпті. Үшінші қыспақ енді қытайлар тарапынан 
жүргізіліп  келеді.  Олар  да  қол  астындағы  отарланған  ұсақ 
ұлттарды,  яғни  ұйғыр,  қазақ,  өзбек,  қырғыз  т.б.  қытайландыру 
мақсатында  ассимиляцияға  түсіріп,  біртіндеп  сіңіріп  жіберу 
бағытын  ұстанып  отырғаны  жасырын  сыр  емес.  Осы  мақсат 
тұрғысынан  ұсақ  ұлттардың  ғасырлар  бойы  қолданып  келе 
жатқан  ата  жазуларын  да  қытайлар  үш-төрт  реттен  ауыстырып 
үлгерді.  Мақсат  ұсақ  ұлттардың  жас  буын  жаңа  ұрпағын 
халқының  тарихи  жадынан,  ұлттық  қалпы  мен  ділінен,  өзек 
негізінен  адастырып,  өткенін  ұмыттыру  арқылы  нигилистік 
танымдағы  ұлттық  рухы  жағынан  босбелбеу  космополиттік 
қалыпқа түскен тобырға айналдырудан басқа ешнəрсе де емес... 
Біз  құлдық  сананы  бұзу  арқылы  ата  жазуымызға  қайта  оралу 
мəселесі  бүгінгі  күннің  өзекті  проблемасына  айналатын  уақыт 
сағаты  соқты  деп  сенімді  түрде  айта  аламыз.  Мың  жылда  бір 
оралар сан ұрпақ арманына айналған тарихи мүмкіндік енді ғана 
туып  отыр.  Осы  тарихи  мүмкіндікті  тарихи  шындыққа 
айналдыру ұлтжанды саналы азаматтың айтулы борышы. Бұл – 
ұғынған  саналы  жанға  ауыр  міндет,  сезінбейтін  «малға  достың 
мұңы жоқ» тоғышар жанға жазылмайтын рухани дерт. Осындай 
басы  қосылмас  екі  оттың  ортасында  тұрғандай  жайымыз  бар». 
Пікірі  нық,  түйіні  мығым.  «Көне  түріктерден  қалған  қара 
шаңырақтың заңды мұрагері» қазақ халқының ата жазу негізінде 
жасалған  жаңа  жобаны  қабылдаса,  «түрік  халықтары  арасында 
көш бастаушы абыройына ие болар еді» деп сабақтайды автор.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет