Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
242
атадан ары, жеті өзеннен өтіп барып ал» деген сөзі де жайдан-
жай айтылмаған. Жеті ата хан алшақтығын қадағаласа, жеті
өзеннен өт дегені – емшек сүті араласпасын деген сақтығы.
Генетика ғылымы бойынша сегізінші атаға келгенде туыстық
хан ортақтығы 0,75 пайызға түседі екен. Қазақтың ақыл-ой
өрісіне бүгінгі биолог ғалымдардың өзі қайран қалды... .
Өйткені хан алшақтығын сақтамау ұрпақты аздыруға əкеліп
соқтыратынын ғылым анықтап отыр.
Халқымыздың ғасырлар бойы сақтап келе жатқан бала
тəрбиесі, отбасы, неке туралы қағидаларын ерекше атап өтуге
болады. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өйткені адам
баласының ой-санасы өсіп, ақыл ойының кемелденуі үшін де
тіршілік нəрі отбасынан кіреді. Күллі парасат пайым, отбасынан
өрбиді деп ұғады. Сол отбасының ұйтқысы əке мен ана. «Ер -
елдің иесі, əйел - үйдің киесі» деген қазақ мақалындағыдай əке
отбасының иесі, қорғаны, қамқоры, ал ана отты өшірмей
маздатып жағушы жылының иесі. Осы екі киеден қуат алған
ұрпақ əрқашан еліне жақсылық сəулесін себетін айбынды
азаматқа айналады. Саналық та, даналық та, иманжүзділік те,
адамгершілікте бала бойына отбасының тəлімі арқылы дариды
да, өзгермес қасиетке айналады.
Б. Момышұлының «Бала нені білсе жастан ұядан, өле-
өлгенше соны таныр қиядан. Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
жақсы жаман болса бала солардан» - дегендей бүгінгі ата-
аналарға бала тəрбиесіне үлкен көңіл бөлу керектігін ескертеді.
Қыз баланың тəрбиесіне үлкен көңіл бөлген дана халқымыз
«Қызға қырық үйден тыю» деген. Бүгінгі қыз ертеңгі ана,
отбасының ұйтқысы ұрпақ тəрбиешісі. «Əйелі тəрбиелі елдің
халқы тəрбиелі» деген.
Ал бүгінгі Еуропа үлгісімен өзі сүйіп қосылатын
жастардың жағдайы қалай? Неке тұрақсыздығын қалай түсінуге
болады?
Халық даналығында «Балаңды өз тəрбиеңмен тəрбиелеме,
өз ұлтыңның тəрбиесімен тəрбиеле» деген мақал бар. Бұл
қазаққа тəн жақсы қасиеттермен ұлттық сананы ұрпаққа
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
243
қалыптастыру, ұлтымыздың дүниетанымдық тəжірибесін
жалғастыру дегенге саяды.
Қазаққа тəн игілікпен ұлттық сана дегеніміз - ол əдептілік,
бауырмалдық, қонақжайлық, еңбекқұмарлық, ұрлық пен қиянат
жасамау, үлкенді сыйлау т.с.с.
Уақыт керуені алға жылжыған сайын жастар тəрбиесіне
кері əсерін тигізетін жəйттерді біз күнделікті тіршілікте көріп
жүрміз. Қазіргі техниканың дамыған дəуірінде жастарды
Батыстың əртүрлі бейне фильмдерімен əуендерінен шеттеу
мүмкін болмай отыр. Сондай да ата-анаға баланы ұлттық
дəстүрімізге сүйене отырып тəрбиелеу ата-анаға көп көмегін
тигізеді.
Қоғам, адам қай кезде болса да ұрпақ тəрбиесіне
немқұрайлы қараған емес. Қазіргі еліміздің əлеуметтік-
экономикалық даму жағдайымен жаңару жолында - ұрпақ
тəрбиесі сол тəрбиедегі отбасының рөлі ең басты мəселе болып
отыр. Дұрыс тəрбиенің кілті отбасының күнделікті тіршілігінде.
Сондықтан жас жұбайларға «Үйлену оңай, үй болу қиын»
дей отырып, ата-бабаларымыз оларға өмірдің қандай қиындығы
болса да қайыспай бірге көтеруге қамқорлық жасап жатады.
«Жақсы сөз - жарым ырыс» дегендей сөз құдіретін білуге,
үлкен-кішінің, ағайын-туғандардың қадірін түсініп, қуанышы
мен қайғысына ортақтаса білуге баулиды.
Қазақ ойшылдарының көзқарасындағы басты идея «Атаның
баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң
еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды.
Оларды жастарды тəрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары
дүниежүзілік педагогика классиктері Ж. Руссо, Д. Дидро, И. Кант
т.б. орыстың ойшыл ұлы педагогтары Л.Н.Толстойдың,
К.Д.Ушинскийдің ой-пікірлерімен терезесі тең болды.
Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты
жаны тілеп тұратын құлықты болуын, сұлу сөз, сиқырлы үн,
əдемі өң мен түрден лəззат ала білетін байсалды шымыр болып
өсуін ұлт тəрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұстаған. Ұрпақ
тəрбиесіндегі кешігу дегеніміз мертігумен бірдей. Тəрбие бала
дүниеге əлі келмей тұрып басталуы тиіс.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
244
Халық сондықтан да: Отбасында шырақ болып жанады,
Мейірімділік тарататын жанары.
Анасының тəрбиесін, тəлімін,
Сəби бала іште жатып алады.
«Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет». Байбалам
салмай бабын тауып үйретсең ғана еңбегің жемісті. Адам
тəрбиесінде зорлыққа есік жабық.
Бала жеке адамның ғана емес ұлыс пен ұлттың ертеңі,
келер тарихқа аманат. Бүгінгі бөбекке қамқор жасаған адам
ертеңге еңбек сіңіреді.
Ауыл үйдің айбары болған бабалар сөзі аталар батасы,
аналар сүті, енелер өсиеті, мірдің оғындай шешендік суырып
салма сөздері, сезімталдығы, дархан пейілі қайырымдылығы
сияқты қадір-қасиеттері бүгіні мен кейінгі ұрпақ үшін бала
шақтан болашаққа дейінгі баға жетпес байлық. Осындай асыл
қазынаны шыр етіп жарық дүниеге келген сəбидің көзін ашқан
күнінен бастап бойына сіңірмесе, рухани мүгедек болуы анық.
Оны бүгінгі күн айқын көрсетіп отыр.
Баланы «Бес жастан кейін құлша жұмса, он бес жастан
кейін досыңдай сырлас» деген ата-бабамыз. Ең алдымен баланы
мейірбандыққа үйреткен, ақылын дамытқан содан кейін барып
білім берген.
Ұлы Абай баланың бойына алты асыл қасиетпен үш асыл
мінез-құлық сіңіру парыз деген. Біріншіден, зерде зейін; өнер
өріс; тапқырлық, талап, ерлік; жігер күш; қайрат қару; білім.
Міне, осы алты қасиетпен қатар үш асыл мінез: елі мен
туған-туыс, жұрағат-жекжат, дос-жолдасқа адал болу; өте
əділетті болу; шындықты тура бетке айту.
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік
ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тəлім-тəрбиеге қатысты
салт-дəстүр, əдет-ғұрыптары да мол. «Атадан бала тусайшы, ата
жолын қусайшы» дегендей атадан балаға мұра болып келе
жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп,
ізгілікке тəрбиелеуді арман етіп шыншыл əділетті, иманды болу
сонау ата-бабамыздан келе жатқан дəстүріміз деп - сол дəстүрді
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
245
бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата
салтын мықтап ұстауын да талап еткен.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Білім
беру жүйесінің міндеті ұлттық жəне адамзаттық құндылықтар,
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға дамытуға жəне кəсіби шыңдалуға бағытталған,
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» екендігін атап
көрсеткен. Сондықтан халқымыздың өткен тарихындағы
педагогикалық
дəстүрлерін
ұлттық
жəне
адамзаттық
тұрғысынан қарап, бүгінгі ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға
ретінде қалыптастыруға пайдалану керек.
Бүгінгі ұстаз жоғары мəдениетті, ой-өрісі кең, өз
мамандығын толық меңгерген жоғары деңгейдегі кəсіпкер
болуымен қатар, өз ұлтының, халқының ғасырлар бойы
жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын, салт-дəстүрін, өнерін,
адамгершілікпен имандылықты дəріптейтін қарым-қатынас,
мінез-құлық қасиеттерді жастардың бойында қалыптастыруы
керек.
Осындай шын мəніндегі асыл қасиеттер, болашақ жас
мамандардың бойында қалыптасуы, оқу-тəрбие жұмысының
өзара дəйектілікпен ұштасып жататын алуан түрлі саласына
тəуелді. Халық тəрбиесінің қазынасында ғасырлар қойнауынан
бізге жеткен ұлттық тəлім-тəрбие, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
келе жатқан халық даналығының бай мұрасын мамандар
дайындау бағытына байланыстыруымыз қажет.
Қорыта айтқанда, заман талабын ескере отырып, əлеуметтік
эстетикалық тəлім-тəрбиені басқа да тəрбие түрлерін ата
дəстүрмен үнемі байланыстыра жүргізіп, оның құдіретті күшін
жастарға түсіндіре білу керек.
Əдебиеттер
1. К.А. Оразбаева Ұлттық психология мен халық тəрбиесі
болашақтың бастауы хақында Алматы 2000ж.
2. Ғ. Есім Хакім Абай (даналық дүниетанымы)
3. К.А. Оразбаева Отбасы психологиясы. Қазақстан
мұғалімі 1996ж.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
246
4. Б. Адамбай Халық даналығы Алматы 1976ж.
Мусаева Ə.Б., Əбдісүлейменова Р.Ш.
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ
АР-ОЖДАНЫ
Тəуелсіз қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Ə. Назарбаев
Ахмет Байтұрсынұлының 1998 жылғы 125 жылдық мерей
тойындағы баяндамасында тарихи тұлғаға тақырыбымызда
көрсетілгендей
жоғары
баға
берген
болатын.
А. Байтұрсынұлының ғылыми, көсемсөздік, ақындық мұрасы
уақыт озған сайын ұлт игілігіне қызмет етіп келеді жəне қызмет
ете беретіні баршамызға аян.
XIX ғасырдың соңғы кезі мен ХХ ғасырдың алғашқы отыз
жылы ішінде қазақ халқының қоғамдық-саяси, мəдени жəне
əдеби өміріне белсене араласып, өнімді еңбек еткен, артына
құнды мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынов көп жылдан кейін
туған халқымен қайта табысты.
Ол Ұлы Октябрь революциясына дейін-ақ үлкен
ағартушылық қызметімен бірге, ірі ғалым лингвист, əдебиет
жинаушысы-зерттеушісі, тюрколог, бірқатар оқулық пен оқу
құралдарының авторы, дарынды ақын-аудармашы ретінде
кеңінен танылған еді. Оның өмірі мен қоғамдық творчествалық
қызметінде Октябрь революциясы алдында қалыптасқан қазақ
интелегенция өкілдерінің тынымсыз тынысы, əр саладағы
рухани ізденістері, олардың бағыт-бағдары мен сəтті-сəтсіз
нəтижелері жəне өмірінің трагедиялық жағдайлары бой көрсетті.
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылдың 25 қаңтарында Торғай
уезінің Тосын болысында қарапайым шаруа отбасында дүниеге
келген.
Ахметтің əкесі Байтұрсын Шошақұлы еті тірі, намысшыл,
батыл, сергек адам болса керек, өйткені ол өзін
қолдаушылармен бірге XIX ғасырдың 80-ші жылдары сол ауыл-
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
247
аймақты басқарып жүрген Яковлев деген уездік бастықты сабап,
оның отбасын, туған-туысқандарын, сыбайластарын қуыпты.
Бұдан соң уезд басшылары ауылға жазалаушы отряд жіберіп,
ағалы-інілі Байтұрсын мен Ақтасты тұтқындайды.
Қазан округтік сотының жылжымалы сессиясы Шошақовтарды
15 жылға Сібірге жер аударуға шешім қабылдайды.
Бұл сұмдық оқиғалар кезінде Ахмет он жаста екен. Бұлар
баланың жастық сезіміне айрықша əсер еткен.
Ақынның «Анама хат» өлеңіндегі мына бір жолдар жас
кезінде көрген, түсінген сұмдық оқиғалар əсерінен жазылса
керек.
...Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенімнің бəрі харам.
Адамнан туып, адам ісін етпей,
Ұялмай не бетіммен көрге барам?!
Ахмет Байтұрсыновтың еңбек жолын ағартушылықтан
бастауының үлкен мəні бар. XIX ғасырдың соңы мен XX
ғасырдың бас кезінде қазақ интелегенциясы қалыптаса
бастағаны мəлім.
Оқығандардың бірсыпырасы сот, əкімшілік орындарда
қызмет етіп, бас пайдасын, өз мүддесін көздейтін болды.
А. Байтұрсыновтың өз тілімен айтқанда, «байға мал, оқығанға
шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз боп»
тұрғанда, оқу-білімнен кенде қараңғы қазақ қауымының
сауатын ашып, білім беру жолын қалап алғандардың бірі, бірі
ғана емес, бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Ағартушылық ісі
сол кезеңдегі қазақтың əлеуметтік тіршілігінде ең қажет, ең
игілікті əрекет болатын.
1895-1909 жылдарда А.Байтұрсынұлы Қостанай, Ақтөбе,
Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала
оқытады,екі сыныптық училищелерде сабақ береді.
Бұл жылдардың ішінде А.Байтұрсынұлы Қостанайдан
Омбыға барып, қазақ халқының тарихын, этнографиясын,
фольклорын, тілін зерттеуші А.Е. Алекторовпен танысады.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
248
А.Байтұрсынұлының ағартушылыққа байланысты білдірген
ойлары мен істері, тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Бес
жылдай (1913-1918) уақыт өз қаражатымен, сол кезең үшін
үлкен тиражбен (8000 дана) шығатын «Қазақ» газетін шығарып
отырды. Оның 1913 жылы осы газетте « Оқу жайы» деген бас
мақаласы жарияланады. Бұл мақалада оқу мен білімнің
қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен
байланыстырып дəлелдейді. Мақалада, «Қазақ жерінде өндіріс
жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді 2-3
есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген
кемшілік» дейді. «Надандық» деп отырғаны, əрине, білім-
ғылымнан қалыс қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп -
қазақ жерлерінде мектептер өте аз дейді. Оның үстіне сол
мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы екенін
ашып айтады. Мысалы, Орынбордағы Учительская школасына
қазына есебінен (яғни, степендия алатын) 7-8 орын ғана
берілетіндігі, оқуға түскісі келген балалар өз қаражатымен оқуға
тиіс болатындығын айтады. Қаражаты бар ауқатты қазақтар
баласын ақша жұмсап оқытуға ынталы еместігін, кедейлердің
шамасы келмегендіктен, сол мектепке жылына оқуға түсуге
50-60 бала келсе, солардың тек төрт-бесеуі ғана түсетіндігін
ашына баяндайды. Газетте əсіресе, тіл мəселесін бірінші орынға
қойды. Қазақ тілін сақтап, əрі қарай дамыту керектігін, ол үшін
қазақ балалары сауатын ана тілінде ашып, ана тілінде оқу
керектігін, ұлт мектептеріндегі оқу-тəрбие ісін дұрыс жолға қою
қажеттігін жиі жазды.
Қазақ халқы қараңғы дегенде, кінə халықта емес, сол
қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екенін
«алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу
жөн бе?» деп келісті сауал қойған.
Ол 1921-1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халық
ағарту институты деп аталатын оқу орнында, 1926-1928
жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында қазақ тілі
мен əдебиетінен сабақ береді.
1928
жылдың қыркүйек айында Алматыда Қазақ
мемлекеттік университеті ашылады. Бұл кейінгі Абай атындағы
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
249
пединститут (ҚазПИ) еді. ҚазПИ-де А.Байтұрсынұлы 1929
жылғы шілденің 5 жұлдызына дейін жұмыс істейді. Көп ұзамай
жалған жала жабылып тұтқынға алынады.
А. Байтұрсынұлы ағартушылық қызметін Алашорда үкіметі
кезінде де, Қазан төңкерісінен кейін де ешбір тоқтатпаған.
«Алашорда» кеңесінің ( үкіметінің) Оқу-ағарту жайындағы
комиссияның председателі болып, қазақ халқының жаппай
сауатын ашып, білім беру бағдарламасын жасайды.
А. Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен
(графикасымен)
айналыса бастайды. Сол күнге дейін
пайдаланып отырған араб таңбалары қазақ тілі үшін қолайлы
емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп,
қайта түзеуді қолға алады.
1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын
əліппені (Оқу құралын) жазғаннан кейін, көп ұзамай енді
мектепте қазақ тілін пəн ретінде үйрететін оқулық жазуға
кіріседі.
«Тіл-құрал» тұңғыш оқулық болумен қатар, бастауыш
мектепке, яғни алғашқы 4-5 жыл оқитын шəкірттерге
арналғанымен,
бұл
қазақ
тілінің
фонетикалық
жəне
граматикалық құрылымын таңдап, жүйелеп танытып берген.
Бұл қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды.
А. Байтұрсынұлы терминалогия мəселесіне қатты назар
аударған. Ол тек тіл білімі саласы емес, əдебиеттанудың да
көптеген терминдерін жасағаны мəлім.
Ғалымның тіл үйретуде жасаған еңбегі «Оқу құралы мен
«Тіл
құралды» жазумен шектелмейді. Ол қолданбалы
грамматика дегенді де жазған. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар»
деген атпен екі бөлімді екі кітап етіп 1928 жылы Қызылордада
жарыққа шығарған.
А. Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту əдістемесінің де
іргетасын қалаушы болып та саналады. Ол - қазақ тілінде дыбыс
негізінде сауаттандыру əдісінің негізін салушы. Жазу
таңбаларын (əріптерді) түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы
1912 жылдан бастап жарық көрген.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
250
Сауат аштыру əдістерінің жөн-жобасын А.Байтұрсынұлы
«Əліп-би астары» еңбегінде де көрсетеді.
А.Байтұрсынұлы əдебиетші, халық үлгілерін зерттеуші ғана
емес, оны реттеп, өңдеп бастырушы маман. Оған дəлел: «1923
жылы Мəскеуде Күншығыс баспасынан шыққан «Ер Сайын»
жыры. Кітап Шоқанның досы, əйгілі орыс ғалымы
Г.Н.Потанинге тарту ретінде шығарылған.
А.Байтұрсынұлының бұрын біз білмей келген өлеңдері:
«Ау, қазақ», «Азаматтарға», «Борыштымын» деп аталады.
Өлеңдердің аттары айтып тұрғандай А.Байтұрсынұлының
поэзиясында жиі кездесетін сөздер. Үш сөздің де таңдалуы тегін
емес. Қай қазақ бүгін азамат болып, қазақ елі алдында өзін
борышты санайды? «Ұлтын керек қылып халыққа қызмет етемін
деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенінше
қарап тұрмай кірісіп істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып,
толықпақшы» - дейді ұлы ғалым.
А.Байтұрсынұлы – Мұхтар Əуезов айтқандай, қазақ
халқының «рухани көсемі».
«Ұлт ұстазының» ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының абзал ұлдарының
бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі үркердей шағын топ –
демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді
өкілі. Сталиндік режимнің құрбаны.
Ойымызды қортындылай келе, біздің қазақ халқына «не
керек?», «ел болып қалу үшін не керек?» - деген сауалдар
бүгінгі күні де маңызды екені анық. А.Байтұрсынұлы кезінде
оған былай деп жауап берген: «... Жұртқа керегін білетіндер көп,
істейтіндер аз. Білушілеріміз істеуші болса, оларды көріп,
өзгелер де істер еді. Сөйтіп, көсемдер көбейсе, ерушілер де
көбейер еді».
Қортындымызды,
ұлағатты
ұлт
ұстазы
Ахмет
Байтұрсынұлының өз сөзімен түйіндегенді жөн көрдік: « Біздің
мұнан соңғы айтатынымыз: қазақтың бас адамдары! Əуелі, Сіздер
адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақты іс
етіңдер. Екінші, қазақтың байлары, күштілері! Жарлы-жақыбай,
нашарларыңды жермен теңгеріңдер. Бір асауға да болса құлдық
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
251
дейтіндер көбінесе солардан болады. Үшінші, Алашқа аты
шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер
адассаңдар, арттарыңнан ерген Алаш адасады. Арттарыңнан
ергендердің обал- сауабына Сіздер қаласыздар – деп ұлт
жақсыларына ерен жауапкершілік жүктеп, жұрт жұмысын адал
атқаруға үндейді. Ылайым, бұл ғибрат туған еліміздің болашағын
ойлаған бүгінгі ұрпақтың ұранына айналса игі.
Əдебиеттер
1.
Р. Сыздықова, А. Байтұрсынов, Алматы, 1990 ж.
2.
М.Құл-Мұхаммет, Е.Қосубаев, С.Қасқабасов, т.б.,
А.Байтұрсынов, 5 томдық шығармалар жинағы, Алматы, 2005 ж.
Мұсабекова С.Е.
ЗАМАНА САЗЫ ЖƏНЕ РУХАНИЯТ
Мекемтастанудың бір қайнары – профессор Мекемтас
Мырзахметұлының ұлттық менталитет мəселесіне саятын
мақалалары мен зерттеулер легі. Мерзімдік басылым арқылы
танымал болған бұл дүниелер қазақ халқының руханияты мен
тарихтың ақтаңдақ беттерінен сыр шертетін құндылықтарға
толы. Əдебиетші ғалым Абай, Мұхтар, Бауыржанмен шектеліп
қалмай, осы қазына көздерінен тапқан байлығын ұлттық
идеология тұрғысында зерттеу мақалалары арқылы жариялайды.
Кеңестiк тоталитарлық идеологияның қол астында
болғандықтан рухани құндылықтарымызды танып бiлу
мəселесiнің таптық таным тұрғысында пайда болған тұрпайы
социологиялық көзқарас құрығында қалуы себепті əдеби-рухани
мұраны танып бiлуге талпыну мен оны бағалау əрекетiнде
тұрпайы
социологиялық,
формалистiк,
компаративистiк
бағыттар басым түсiп жатты. Ғасырлар бойы қалыптасып келе
жатқан халықтың барлық рухани қазына көздерiн осы өктем
еуроцентристiк талап шеңберiнен шықпай танып бiлу, осы
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
252
тұрғыдан ғана насихаттау талабы саяси-идеологиялық өлшем
ретiнде алға қойылғандығы белгілі.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары əдебиетші-ғалым өзінің
публицистикалық мақалаларында нақты архив деректері мен
бұрын
жасырын
сақталған
патша
үкіметінің
құпия
құжаттарының негізінде ономастикалық олқылықтардың орнын
толтыруға үндеп, А. Байтұрсынұлы жетілдірген қазақша
əліпбиді кириллицаға көшірудің сырын ашады. Қазақтарды
діннен бездіріп, шоқындыру мақсатында жүргізілген əрекеттер
тұңғыш рет профессордың зерттеулерінде əшкереленіп отыр.
Рухани құндылықтарымыз бен ұлттық менталитетімізді қалпына
келтіруге арналған бұл мақалалар легі «Қазақ қалай
орыстандырылды» монографиясына алып баратын баспалдақтар
еді. Ұлттың тілін, дінін өзіне жат көрсеткен солақай саясаттың
зардаптарын тарихи деректермен дəлелдеу арқылы ұйқыдағы
ұлттық сана-сезімді оятуға болатынын түсінді. Түсінді де, ешкім
ат ізін салмаған тарихтың осы бір ақтаңдақ бетін қайта қалпына
келтіруге кірісіп-ақ кетті. Халықтың санасын улап, жылдар
бойы тарихты бұрмалап келген патша үкіметінің саясаты сол
дəуірде өмір сүрген көпшілікті адастырып жібергенде, тарих
түкпіріне тығылған шыңғырған шындықтың даусы қалай
Мекемтас ағаның құлағына жете қойды екен? Оның кілтін
«Ақын аға» романындағы Павлов пен Абай сұхбаты арқылы
тапқан ғалым академиктің автоцензурасы көмегімен патша
үкіметінің миссионерлік саясатының стратегиялық негіздері мен
техникалық əдістерін, мақсаттарын ел, жер, тіл мəселелерімен
байланыста қарай отырып анықтады.
Ұлттың тілін, дінін өзіне жат көрсететін саясат салдарынан
өз ұлтының құндылықтарына жат көзбен қарайтын нигилист
ұрпақтың пайда болуы қоғам үшін қатерлі құбылыс. Бұл
қауіптің алдын алу үшін тек қана дұрыс бағытта идеологиялық
күрес жүргізу қажет. Қоғамымызда орын алып жатқан тілдің,
ділдің, діннің ауытқуы осы қатердің белгісі деп қобалжыған
қоғам
қайраткері
М.
Мырзахметұлы
халқымыздың
антропологиялық типі жағынан қазақ болып қалғанмен, рухани
жағынан тоналып өзгеріп кету мүмкіндігіне алаңдайды. Қазақ
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
253
қоғамындағы Ресейдің отарлау саясаты улаған ұлттық
санамызды оятып, ұлттық рухты қалыптастыру мақсатында
«қансонарда аңға шыққан бүркітшінің» қаруы – білім, іздегені –
ақиқат. Бұл жолда ол талай аңшыны адастырған түлкі бұлаң
тарихты аңдымай, отаршылдықтың қанды ізін кесіп отырады.
Кеңес үкіметінің интернационалдық идеологиясы əркімге əр
түрлі жағдайда əсер етті. «Баласын медресеге біл деп бергендер»
мен «қызмет қылсын, шен алсын деп бергендердің» аражігі
ашылып, заман ағымымен қазақы болмыс өз қалпын өзгерте
бастады. Бұл жайт олардың өмір салты мен ұлтқа деген
көзқарасынан айқын көрініс бере бастады. Осы келеңсіздіктің
бүгінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл деңгейіне жете алмай
жатуына кесірі бар деп түйген ғалым бүгінгі қазақтарды таза
қазақ, шала қазақ жəне ада қазақ деп жіктейді. «Мемлекеттік
тілдің аясын кеңейтуге кедергі неде?», «Қазақ тілі туралы»,
«Отаршылдық елді мекен, жер атаулары», «Право на родной
язык», «Санамызды құрсаған сең бұзылса», «Біріңді қазақ бірің
дос...», «Əріптер неге өзгерген?», «Ұлттық сана – ұлттық рух
өзегі», «Таза қазақ, шала қазақ, ада қазақ», «Мемлекеттік тілдің
аясын кеңейтуге кедергі неде?» «Пилоттық жобаға» сын пікір»,
«Петр
Своик,
бұл
қай
сасқаның?»
«Біздер
қалай
мəңгүрттендік?», «Из истории казахской письменности», «Ойма
жазуға оралу ойымызда бар ма?», «Əріптер неге өзгерген?»,
«Аса күрделі де өте нəзік мəселе» сынды тіл тақырыбында
жазған мақалаларында жалпы түрік тілінің жайын қозғап, қазақ
тілінің тазалығын, оның қолданылу аясын кеңейту жайын,
тіліміздің даму тарихынан сыр шертетін зерттеулерінде
əліппеміздің өзгертілу саясатын ашып, рухани тұтастықты
сақтап қалу үшін ортақ жазу мəселесін көтеруде. Бұлардың
негізгі өзегі – отаршылдардың алысты көздеген саяси-
идеологиялық мақсат қоятын əрекеттерін ой таразысына салу.
Ономастикадағы отаршылдық мəселесін ең алғаш қозғаған
зерттеуші
сексенінші
жылдардың
басында-ақ
бірқатар
басылымдардан елді елең еткізген мақалаларымен көпшіліктің
ықыласына бөленіп, отаршылдық ойсыратып үлгерген талай
дүниені қалпына келтіру ісіне белсене араласып жүрген
|