Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



жүктеу 2.81 Kb.

бет27/32
Дата22.12.2016
өлшемі2.81 Kb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Əдебиеттер 
1.Айтбаев  Ө.  Қазақ  терминологиясының  дамуы  мен 
қалыптасуы. Алматы: Ғылым, - 1988. 
2.Құрманбаев  Ш.  Қазақ  лексикасының  терминденуі. 
Алматы: Ғылым, - 1998.  
3.  Атамұратова  Қ.  Физика  терминдерінің  орысша-қазақша 
сөздігі. Алматы, 1981 
4.  Қазақша-орысша  терминологиялық  сөздік.  Алматы: 
Рауан, 2000, 5 том. 
5.  Əбішев  Х.  Қазақша  -орысша  терминологиялық  сөздік. 
Тіл білімі институты, 1959, 2 том. 
 
 
Рахимжанова К.Е. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
287 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ƏДЕБИЕТ ЗЕРТТЕУШІСІ 
 
Біздің 
танымымызда 
əдебиетші 
ғалым                                          
М.  Мырзахметұлының  ғылыми  лабораториясында  туған 
дүниелер  негізгі  бес  салаға  жіктелмек:  абайтану,  мұхтартану, 
бауыржантану,  ясауитану  жəне  түркология.  Бұл  қазақ 
əдебиетіне  байланысты  зерттеулері  турасында  айтарымыз. 
Сондай-ақ  осы  жəне  басқа  мəселелерді  зерделей  жүріп  ғалым 
отаршылдық саясаттың өткеніміз бен бүгінгімізге теріс ықпалын 
танып білген. Нəтижесінде тіл, дін, діл, ұлттық менталитет т.б. 
күрделі  тақырыптарды  толғауымен  қоғамдық  санаға  сілкініс 
əкелген мақалалары өз алдына бір төбе.  
Сонымен  ірі  зерттеуші  ғалым  М.  Мырзахметұлы  абайтану 
саласына  не  алып  келді?  Абайтану  тарихын  ғылыми  жүйлеп 
жазып  шықты.  Абайдың  Шығысына  барлау  жасап,  кейбір 
беймəлім түсініктерді ғылыми айналымға қосып отыр. Абайдың 
ақындық  кітапханасын  саралап,  ақын  дүниетанымын  ғылыми 
жүйелеуге үлес қосып отыр. Абайдың əдеби мұрасына қатысты 
зерттеулер  негізінде  библиографиялық  көрсеткіш  жасап  берді. 
Бертінде  шəкірті  Р.  Саламатоваға  «М.  Əуезовтен  кейінгі 
абайтану тарихының зерттелу жайы» тақырыбында кандидаттық 
диссертация қорғатқан зерттеуші абайтану тарихын қайта жазып 
шығуды  қолға  алып  отыр.  Көпке  дейін  Абайдың  Шығысқа 
қатысы терең зерттелмеуі ұлы ақын шығармаларындағы күрделі 
ой желісі мен танымын түсінуде қиыншылық туғызып келген-ді. 
Жалпы  Абайдың  Шығысқа  қатысын  арнайы  жүйелеп,                
М.  Əуезовтен  кейін  ғылыми  тұрғыдан  дəлелдеген  де                       
М.  Мырзахметұлы  екендігі  баршаға  аян.  Абайдың  Шығысқа 
қатысын  талдаған  монографиялық  зерттеуінде  («Абай  жəне 
Шығыс)  ғалым  Абайдың  исламиятқа  қатысы  мəселесіне 
тереңдеген.  М.  Əуезовтің  «Абай  діні  ─  сыншыл  ақылдың 
шартты  діні»  деген  тезистік  ойларын  «жан  кұмарынан»  «жан 
сырына» қарай, хауас мəселесінде, «жан қуаты» жайлы танымда 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
288 
Абайдың:  «іштегі  жан  қуатымен»  жиған  нəрсенің  аты  ақыл, 
ғалым еді ғой», ─ деген сөзі мен «жан құмары» туралы өлеңінің 
шешуін салыстыра отырып зерделейді. Профессор ұлы Абайдың 
Шығысы,  ақынның  текстологиясы,  данышпанның  философия-
лық  көзқарасы,  Абайдың  қазақ  поэзиясына  əкелген  жаңалығы 
сынды  іліктес  мəселелердің  бəрін  мұхтарлық  таныммен  ашып 
отыр. Ақын шығармашылығындағы əрбір өлең жолының мəнін 
ашып, түсініксіз сөздердің төркініне бойлап, сөз қолданысы мен 
көркемдеу  тəсілдерін  зерделеу,  Абайдың  астарлы  ойын 
айқындап,  шығарманың  жазылу  сырын  ашқан  ғалым  өзіндік 
жаңа  бағытта  тыңнан  жол  салған  бірегей  зерттеуші  ретінде 
танылып  үлгерді.  Абайдың  ақындық  кітапханасына  дендеген 
ізденуші Абай оқыған əдебиеттерді түпнұсқадан оқу үшін араб, 
латын,  өзбек,  татар,  əзірбайжан,  шағатай  тілдерін  меңгеруді 
мақсат  етті.  Сол  мақсатына  жетті  де.  Осы  табандылығының 
нəтижесінде ақын қолданысындағы кейбір түсініксіз сөздер мен 
терминдердің  шығу  төркінін  анықтап,  Абай  шығармаларында 
олардың қандай мəнге ие екендігін ашқан.  
Мекемтас  Мырзахметұлы  ─  Абай  мұрасын  тану  ісі 
нəтижесінде  мұхтартану  саласына  да  өз  үлесін  қосып  үлгерді. 
Ғалымның  өз  сөзіне  сүйенсек,  зерттеуші  Əуезовті  тануға  1975 
жылы арнайы бет бұрған екен. Бұл салада ұлы Мұхаңның бүкіл 
мұраларын  жинаумен  қатар,  ол  дүниелердің жарыққа шығуына 
да атсалысқандығын көреміз. Академиктің Абай мұрасы туралы 
ғылыми  зерттеулері  мен  көркем  туындыларының  өзі  жəне 
олардың  түрлі  қолжазба  нұсқалары,  тезистері,  неше  түрлі 
шашпа,  һашиялары,  жазба  пікірлері,  сөйлеген сөздерінің  өзі  он 
бес  томды  құрайтындығын  анықтап,  жинақтап  отыр.                          
М. Əуезовтің абайтанудағы орнын айқындаумен қатар, келешек-
те  даярланатын  академиялық  толық  ғылыми  жинақтары  елу 
томдық еңбек болатынын бағдарлаған ғалым: «Мұхтартанудағы 
ой  маржандары  рухани  даму  кілті  болар  еді»  [2,7  б.]  ─  дейді. 
Оның  үстіне  «Мұхтар  Əуезов»  энциклопедиясына  үлес  қосып, 
редколлегия  құрамына  енді.  Зерттеушінің  «Абай,  Мұхтар 
мұрасы  айналасында»,  «Абай  жəне  сопылық  ілім»,  «Абайдың 
ғылым  жайлы  танымынан»  сынды  мақалаларында  ақын 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
289 
мұрасында  кездесетін  əдеби  ұғым  түсініктерге,  терминдік 
атауларға  анықтама  берумен  қатар  жанрлық  түрлерін,  түрлік 
ерекшеліктерін  нақтылауынан  абайтану  мен  мұхтартану 
саласын  жаңа  заман  тұрғысында  тереңдете  зерттеуді  қолға 
алғандығы байқалады. Абайтану мен мұхтартануды тереңдеткісі 
келген  ізденушілер  бұл  салада  профессордың  ашқан 
жаңалықтарын  зерделеуі,  араб,  парсы,  тіліндегі  түпнұсқаларды 
еркін  оқып,  қазақ  əдебиеттану  ғылымының  көкжиегін  одан  əрі 
кеңейтуге атсалысу қажет. Абайтанумен жарты ғасырдай жүйелі 
айналысқан ғалым-ұстаз алдағы уақытта Абайдың академиялық 
жинағын  жəне  ақын  тіліндегі  кейбір  сөздерге  түсініктеме  беру 
мақсатында «Абай лұғатын» шығаруды жоспарлап отыр.  
«Бауыржан  Момышұлының  əдеби  мұрасы  XXI  ғасыр 
көгінде»  ғылыми-зерттеу  орталығын  ашудағы  негізгі  мақсат 
батырдың  жүз  жылдығына  дайындық  болатын.  Мерейтойдың 
жөн-жобасымен 
танысқан 
Серік 
Үмбетовтың 
тікелей 
араласуымен  бұл  мəселенің  материалдық  жағы  қамтамасыз 
етілді.  Бауыржан  Момышұлының  қолымен  жазылған  рухани 
мұраларын,  айтқан,  жарияланған,  архив  сөресінде  жатқан 
қомақты дүниесін бір жерге жинақтап, жүйелеп, екшей отырып, 
келер ұрпақтың қолына беріп кету. Баукең арабша да, латынша 
да, орысша да жазған. Осылардың барлығын бір жерге біріктіру, 
шоғырландыру, 
ортасында 
Баукеңнің 
бүкіл 
радиоға, 
теледидарға  түскен,  дауыстары  мен  бейнесінің  бəрін  біріктіріп 
үнемі  жас  ұрпақтың  назарында  ұстау.  Сонымен  қатар,  ол  кісі 
туралы 
түсірілген 
телефильмдер, 
кинофильмдер, 
кино 
хроникалардың  бəрін  түсіріп  мұны  да  келер  ұрпақтың  қолына 
аманат  ретінде  тапсыру.  Мұнда  ең  тиімді  мəселе  –  бір  томдық   
Б.  Момышұлы  туралы  толық  жеке  энциклопедия  жасау. 
«Стандартты  өмірдің  стандартсыз  адамы»  (Т.  Ахтанов)  – 
Бауыржан  Момышұлының  мұраларын  тұтас  жеткізуші  де, 
ғылыми айналысқа түсіріп, мұраларын жинақтап, жариялап келе 
жатқан  да  ─  М.  Мырзахметұлы.  Батырдың  ұлағатын, 
тағылымын  меңгеріп,  оның  аузынан  шыққан  əңгіме  мен 
халқымыздың  бай  шежіресін  қағазға  түсіре  берді.  Батырға 
арналған өлеңдер мен поэмаларды жинастыра жүріп, халықтың 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
290 
қаһарман ұлына деген сыйын өзіне қайтару керек деген ниетпен 
«Халық сыйын» жариялайды. Сонан бергі уақытта да Бауыржан 
туралы  еңбектерді  жинастырып,  «Айналған  аты  аңызға 
Момышұлы»  деген  атпен  он  бес  баспа  табақ  көлемінде  үлкен 
еңбек,  «Психология  войны»,  «Қанмен  жазылған  кітап», 
«Бауыржан  батыр»  кітаптарын  бастырып  шығартты.  Жалпы 
2004  жылдың  26  ақпанында  М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз 
Мемлекеттік 
университеті 
қабырғасынан 
ашылған 
Бауыржантану  ғылыми-зерттеу  орталығына  басшылық  етіп 
отырған  зерттеуші  тарапынан  Б.  Момышұлының  əдеби  мұрасы 
жан-жақты қарастырылуда. 
Қоғамдық  ғылымдарда  бұрын-соңды  сүрлеу  салынбаған 
мəселелерге 
өзінше 
барып, 
түрен 
салатын 
тұлғаның 
түркологияға қатысты зерттеуінің өзі арнайы қарастыруды күтіп 
тұрған  дүние.  Ғалым  жалпы  түрік  халқына  ортақ  мəселені 
көтеріп,  рухани  тұтастықты  сақтап  қалу  үшін  ортақ  емледегі 
жазу таңбасын қабылдау, хал ілімін жетілдіру жəне жоғары оқу 
«Түрік халықтары əдебиеті» курсын оқу бағдарламасына арнайы 
түрде  ендіруді  қолға  алуды  ұсынып  жүр.  Саны  жағынан  дүние 
жүзінде  үшінші  орынға  көтерiлiп  бара  жатқан  түркі 
халықтарының  басын  қосатын  кілт  жазу  таңбаларында  деп 
білген  ғалымның  осы  орайдағы  ой  легіне  кезек  берсек:  «Осы 
өлкеден шыққан ұлылардың мұраларына үңілсек дейміз. Демек, 
Дулати,  Баласағұн...  мұралары...»  [3,  3  б.].  Зерттеуші  кезінде 
бабамыз  Бабыр,  кейінірек  Ататүрік  тарапынан  көтерілген  түрік 
халықтары  ортақ  əріп  таңбаларын  жасауы  тиіс  екенін  алға 
тартып,  ортақ  жазу-таңбаларына  көшуді  ұсынады.  Екіншіден, 
бір-бірімен жалғасып келе жатқан Баласағұнның жəуəнмəртлік, 
Ясауидің хал ілімі, Абайдың толық адам туралы, Шəкəрімнің ар 
ілімін  негізге  алып,  түрік  халықтарының  моральдық  комлексін 
жасау  қажеттілігін  міндеттеп  отыр.  М.  Мырзахметұлының 
басшылығымен қыруар тірлік тындырып үлгерген «Түркология» 
бөлімінде  бекітілген  үш  үлкен  мақсат  −  ойма  жазудың  жаңа 
жобасын  жасау;  түркі  халықтарының  əдебиет  тарихын  жасау 
жəне  отаршылдық  сарында  жазылған  тарихты  археологиялық 
қазбалар  арқылы  негiздеу.  Зерттеуші  Махмұт  Қашқаридің 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
291 
«Диуани  лұғат  ат  түрік»  сөздігіндегі  Алып  Ер  Тоңа  туралы 
жоқтауына  сүйеніп,  түркі  халықтарының  əдебиетін  б.ж.с. 
бұрынғы  VII  ғасырдан  бастау  алды  деп  қарастыруды  ұсынады. 
Желілі  ұйқастың  қазақ  əдебиетінде  жалғастық  табуын  Абай, 
Дулат  мұралары  арқылы  дəлелдей  отырып,  əдебиет  тарихын 
гректерден  үш  ғасыр  бұрын  б.ж.с.д  VII  ғасырдан  бастау 
мəселесін  көтеріп,  түркі  халықтарының  хрестоматиясын, 
оқулығын  жасауға  кіріседі.  Себебі,  Қазақстанның  жоғары  оқу 
орнында  төл  əдебиеті  мен  тарихы  барлық  факультеттерде 
оқытылуы  тиіс.  Осы  арқылы  ғана  ұлттық  танымымызды, 
тарихымызды  бажайлап,  туыстық  қатынасымызды  сезініп, 
керемет  дүниелер  жасаймыз  дегенге  нық  сеніммен  қарайтын 
түркітанушы  ғалым  түріктердің  дүниежүзіндегі  саяси  орнын 
орнықтыру  үшін  осы  мəселелердің шешілуіне шындап  кіріскен 
сияқты.  
Түркология  ғылыми  зерттеу  институты  ұстанған  маңызды 
мақсаттың  тағы  бірі  –  түрік  халықтарының  тілін,  ұлттық 
мəдениеті  мен  əдебиетін,  тарихи  жады  мен  ділін,  руханият 
ошақтарын  ғылыми  негізде  танып  білумен,  ұлттық  қалпын 
сақтаумен айналысу нəтижесін қалың оқырман қауымға ғылыми 
еңбектер арқылы жеткізу. Институттың қолжазба қорында араб, 
парсы,  қытай  тілдерінен  аударылған  көне  еңбектер  мен  түрік 
халықтарының орта ғасырлық жазба ескерткіштері, қыпшақ тілі 
тарихына  байланысты  қолжазбалар,  ел  ішінен  жинақталған  екі 
мыңнан  астам  қолжазба  көшірме  еңбектер  (діни  қисса-
дастандар, халық ауыз əдебиеті жанрынан да тың қолжазбалар) 
бар.  «Насапнамалардың»  он  сегіз  нұсқасы,  Ясауидің  жолын 
қуған ақын сопылардың (Шамседдин Тарази, кейде Шамсиддин 
Табризи)  өлең  жырлары  бар  Ферғана  жағынан  келген  екі  мың 
беттік  көшірме  қолжазба,  «Темірнама»  қолжазбасында  тың 
деректер  молынан  кездеседі.  Осы  дүниелерді  зерттеу 
нысанасына  алған  ғалым  өз  шəкірттеріне  ғылыми  тақырып 
бекітіп, осы тақырыптардың ашылуына жетекшілік етуде.  
Əдеби  процестер  жайлы,  қоғамда  орын  алып  жатқан 
құбылыстар  хақында  қалам  тербемей  тұра  алмайтын  зерттеуші 
ғалым  егемен  еліміздің  рухани  тəуелсіздікке  қол  жеткізуі  жəне 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
292 
жаһанданумен  жұтылып  кетпесі  үшін  мерзімді  басылым 
беттерінде  ұлттық  идеологияға  саятын  тіл,  діл,  дін,  тəлім-
тəрбие,  қазақи  менталитет  мəселелерін  мемлекеттігіміздің 
мүддесі,  ұлтымыздың  болашағымен  байланыстыра  қарайды. 
Отаршылдар  мен  басқыншылардың  билігінен  бодандық 
қамытын киген халқымыз өз руханиятына жасалған шабуылдың 
мəнін  ə  дегеннен  ұға  қойған  жоқ.  Бұл  құйтырқы  əрекеттің 
астарын  аңдаған  қазақ  зиялылары  шамасынша  тойтарыс 
бергендігі,  оның  арты  не  болғандығы  баршамызға  аян.  Сөйтіп, 
арқасын  кеңге  салған  тоталитарлық  идеология  салдарынан 
сексенінші  жылдары  елді  мекен  атауларының  топонимикалық 
отарлауға  ұшырауына  көзі  қарақты  азаматтарымыз  қарап  жата 
алмады. «Абай жолында» қазақ даласының тау-тасы мен төбесі, 
сай  саласы  ұғар  адамға  тарихтың  талай  сырын  шертетінін 
астарлап  жеткізген  М.  Əуезовтің  ишаратын  түйсінген  М. 
Мырзахметұлы  архив  материалдарына  сүйеніп,  академиктің 
айта  алмай  кеткен  ойын  таратып  ашып  берді.  «Қазақ  қалай 
орыстандырылды»  еңбегі  осының  айғағы.  Осы  зерттеуінде 
ғалым  отаршылдық  топонимикасының  жеті  түрлі  қатерін 
айқындаған.  Шұбарланып  біткен  саяси  картамызды,  ұлттық 
жадымызды, бұрмаланған тарихымызды отаршылдықтың қанды 
ізі  деп  танытқан  зерттеуші  барлық  билік  органдарының 
жанынан  ономастикалық  комиссияның  құрылуына  түрткі 
болды.  Бұл  ұйымдар  тез  арада  топонимикалық  ономастика 
құрбанына  айналған  жер-су,  елді  мекен  атауларын  қалпына 
келтіруге қызу кірісіп кетті. 
 
Əдебиеттер 
1.  Мекемтас  Мырзахметұлы  –  абайтанушы  ғалым.  – 
Астана: Руханият орталығы, 2001. - 292 б. 
2. // ЖОММ. - қор 715. - тізім 1. - байлам 1. - іс 5. 
3.  Мекемтас  Мырзахметұлы  –  абайтанушылардың  бүгінгі 
көшбастаушысы // Ақ жол. – 2000. - 21 маусым. 
4. Өмірəлиев Қ. Абай жəне Əуезов. – Алматы, 1992. - 325 б. 
 
 
Рахманқұлова М.Р., Байлыбекова А.С. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
293 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ЖҰРТЫНА БІЛІМ СЫЙЛАҒАН 
 
Мұғалім бəрінен де қымбат, өйткені  
мұғалім – мектептің жүрегі. 
Ыбырай  (Ибраһим)  Алтынсарин  1841  жылы  20  қазанда 
Николаевка  уезі,  Аманқарағай  болысында  (қазіргі  Қостанай 
облысы,  Затобол  ауданы)  дүниеге  келген.  Ыбырай  үш  жасқа 
толғанда əкесі Алтынсары қайтыс болады. Сөйтіп балалық шағы 
атасы  Балқожа  бидің  қолында  өтеді.  Балғожа  би  өз  ортасының 
беделді,  сыйлы  адамдарының  бірі  болған.  Халықтың  əдеби 
мұрасын  көп  білген,  шешен  кісі  екен.  1850  жылы  Ыбырайды 
Орынбор  шекара  комиссиясы  жанынан  ашылған  мектепке 
береді. Соңырақ Орынборда оқып жүрген жас Ыбырайға атасы 
өлеңмен  хат  жазып,  оның  болашағынан  көп  үміт  күтетінін 
білдіріп, ақ батасын береді: 
Үміт еткен көзімнің нұры – балам,  
Жаныңа жəрдем берсін хақ тағалам,  
Атың мұнда анаңмен есен-аман,  
Сүйіп сəлем жазады бүгін саған. 
Атаңды сағындым деп асығарсың,  
Оқуға көңіл бөлсең басыларсың.  
Ата-анаңды өнер білсен, асырарсың. 
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың. 
Мектепте  Ыбырай  өзінің  зеректігімен,  еңбекқорлығымен 
ерекше көзге түседі. Ол 1857 жылы мектепті «өте жақсы» деген 
бағамен  бітіріп  шығып,  Балғожа  бидің  қолына  келді.  Халқы 
үшін  еңбек  етуді  армандаған  ол  өз  тілегі  бойынша  Торғай 
қаласында бастауыш мектепке мұғалім болды.  
Қазақстан 
мектептерінің 
жұмысы 
Ы.Алтынсариннің 
педагогтік  қызметпен  айналасуынан  бастап  ерекше  жаңданды. 
Ол  қазақ  даласында  мектеп  жұмысын  ұйымдастырудың 
мағыналы жаңа жобасын жасап берді. Бүкіл қазақ ұл-қызына:  
Оқысаңыз балалар, 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
294 
Шамнан шырақ жағылар. 
Тілегенің алдыңнан,  
Іздемей-ақ табылар 
Кел балалар, оқылық.  
Оқығанды көңілге  
Ықыласпен тоқылық! деп ұран салды. 
Қазақ  балаларын  оқытуда  Ыбырайдың  алдынан  шыққан 
көптеген  қиындықтардың  өте  бір  күрделісі  –  сол  кездегі  оқу 
құралдарының  тек  татар  тілінде  болуы.  Ал  татардың  кітап  тілі 
араб,  парсы  сөздеріне  лық  толы  еді.  Ол  Ыбырайды 
қанағаттандырмады.  Ыбырай  өз  халқының  табиғи  жəне 
əлеуметтік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  соған  лайық 
оқулықтар жасауды қажет деп санады. Осы тұрғыдан ол «Қазақ 
хрестоматиясын» (1879 ж.) жазды. Бұл қазақ балалары үшін ана 
тілінде жазылған алғашқы оқулықтардың бірі-тін. 
Ыбырай  Алтынсарин  халықты  оқыту  ісін  оның  əлеуметтік 
мүдесімен  тығыз  байланыстыра  қарады.  Қазақтың  бастауыш 
мектептерінде  қолөнер  сабағын  жүргізу  жөніндегі  оның  еңбегі 
де  əлеуметтік  мəселелерді  шешуге  бағытталған.  Алайда 
губернатор қолөнерді  сабақ  үстінде  үйрену  – қазақ  балаларына 
орыс тілін үйретуге, орысша дұрыс жаза білуді үйретуге кедергі 
болады деп, Ыбырайды кінəлаған. Бұдан Ыбырайдың халықтық 
мүдесі  мен  губернатордың  орыстандыру  саясатының  қарама-
қарсы келгенін көреміз. 
Ыбырай Н.И. Ильминскийге жазған бір хатында бар сырын 
ақтара отырып, мектептегі шəкіртеріне парақор болып шықпауы 
үшін  адамгершілік  жағынан  əсер  етуге  бар  күшін  салатынын, 
тіпті  оқытудан бос  уақытында білгенінше  молдалық жасап, дін 
тарихынан  да  пайдалы  əңгімелер  айтып  отыратынын 
хабарлайды.  Міне,  бұдан  екі  нəрсені  аңғаруға  болады. 
Біріншіден, сол кездегі қазақ арасында іріңдей дендете бастаған 
парақорлықтың  ықпалынан  жасөспірімдерді  сақтап,  қоғамға 
адал,  таза  пиғылды  азаматтарды  қалыптастырып  шығару. 
Екіншеден,  ғылымға  негізделген  азаматтық  мектептерде  де 
діннің  адамгершілікке,  имандылыққа  тəрбиелейтін  пайдалы 
жағын  пайдалану  тəжірибесінің  құндылығын  көрсетеді. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
295 
Қоғамның  əлеуметтік  ахуалын  жетілдіре  тасу  процесінде 
алғашқысынан сақтану керек болса, соңғысынан қашпау абзал. 
Ислам  діннің  қазақ  арасына  дұрыс  таралуына  күш  салған 
Ыбырай  бұл  салада  бірқыдыру  жұмыс  тындырды.  Ол  ислам 
дінінің  оқулығы  есебінде  «Шариат  Ул  –  ислам»  атты  кітабын 
жазып, оны 1884 жылы Қазанда бастырып шағарды. 
Ыбырай  қазақтың  өзара  қоғамдық  қарым-қатынасында 
ескілікті  əдет-ғұрыптың  қандай  орын  алып  келгенін  де  көп 
зерттеп,  оның  əлеуметтік  өмірде  қандай  маңызы  болғаны 
жөнінде 
дұрыс 
ғылыми 
пікірлер 
айтады. 
Балаларды 
имандылыққа, ұлттық дəстүрімізді қастерлеуге, табиғатты сүюге 
баулитын əңгіме, ертегілер жазды. 
Қорыта  айтқанда,  кеменгер  ұлы  бабамыз  Ыбырай 
Алтынсарин  туған  халқына  жан  аямай  еңбек  етті,  ұрпақтарына 
үлгі-өнеге  боларлық,  тəлім  аларлық,  рухани  нəр  боларлық  бай 
мұра  қалдырды.  Қазір  оның  шығармалары  дүркін-дүркін 
басылып,  ел  арасында  кеңінен  тарауда.  Республикамыздың 
қоғамтану  ғылымында  Ыбырай  тану  саласы  пайда  болып,  нық 
қалыптасып келеді. 
Сондай тұлғалардың бірі қазақ халқының тарихындағы аса 
бір  көрнекті  орын  алған  қайраткері  Ыбырай  (Ыбыраһим) 
Алтынсарыұлы (1841 – 1889). Ол жаңашыл дарынды ағартушы 
ғана емес, халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу-маржан 
жырларын  ойға  толқып,  еңбегіне  арқау  еткен,  өзі  өмір  сүрген 
дəуірдің  мұрат-мүделерінің  кəдісіне,  ұрпақ  тəрбиесіне  жарата 
білген ірі тұлға. 
Ыбырайдың ата тегі Торғай өңірін мекендеген Орта жүздің 
Қыпшақ  руынан.  ХІХ  ғасырдың  ортасында  бұл  елдің  басынан 
бүкіл қазақ елі сияқты талай тар жол, тайғақ кешулер өтті.  
Ыбырай  заманы  тарих  тəлкегінің  тағы  бір  аумалы-төкпелі 
шағы  болды.  Əлемге  аян  болған  1723  жылғы  ақтабан 
шұбырынды,  алқакөл  сұламадан  кейін-ақ  Ресей  патшалығы 
қазақ  жерін  біртіндеп  жаулай  бастады.  Отарлаудың  барысы 
ғасырға  жуық  жалғасып,  ХІХ  ғасырдың  ортасында  бүкіл  қазақ 
жері əдейі көшірілген орыс шаруалары мен қазақ орыстарға лық 
толды. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
296 
Ғасырлар бойы ел басқарып, жер тұтастығын сақтап, елдің 
елдігін,  ұлттың  бірлігін,  діні  мен  тіршілігін  қызғыштай  қорғап 
келген  қазақ  елінің  хандық  құрылысын  жойып,  патша  үкіметі 
қазақ жерін толып жатқан губернияларға, окуругтерге, ояздарға, 
облыстарға, болыстық аймақтарға бөліп тастады. 
Патшаның  бұл  шаралары  қазақ  елінің  байтақ  жеріне 
сырттан  келіп,  əдейі  жасаған  төңкеріс  болды.  Халқын  бастаған 
хандар,  ел  тыныштығын  сақтаған  билер  тізгінінен  айырылды. 
Малын  бағып,  егінін  салып,  дəулетін  тасытып  жатқан 
қарапайым  халық  атадан  қалған  мирастан  айрылып,  суы  мол, 
шөбі  шүйгін  қоныстарын  тастап,  таста  құм  шөлейтті  өңірлерге 
орналасуға мəжбүр болды.  
Əрине  сондай  зорлық-зомбылық  зобалаңсыз  болсын  ба? 
Жер-жерде атқа мінген, сойыл, шоқпар ұстап, ту көтеріп күреске 
шыққан халық отарлаушыларға қарсы қаншама көтеріліс жасап, 
күш жұмсап та көрді.  
Ыбырай сондай ауыр заманда білім алып, ат жалын тартып 
мініп, білім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқарудың жолын 
ол білімнен іздеді.  
Қоғамдық-əлеумметтік,  тұрмыс-тіршіліктегі,  адамдардың 
өзара  қарым-қатысындағы  отаршылардың  көпе-көрнеу  зорлық-
зомбылықпен  күнделікті  жүргізіп  жатқан  қиянатшыл  саясаты  - 
Ыбырайдың заманы осындай еді. 
Сондықтан  заман  толғандырған  Ыбырайлар  елдің  түкпір-
түкпірінен  бой  көрсетіп,  біреулері  сойыл-шоқпарын  алып  атқа 
мінсе, біреулері халық жағдайына, тарих əділетсіздікке ғылыми 
талдау  жасап,  қолына  қалам  алды,  біреулері  өнерімен,  өткір 
сөзімен  əлеуметтік  əділетсіздіктің  астарын  ақтарып,  халқын 
күреске шақырды. 
Иə, Ыбырай заманы осындай еді... 
Ыбырайдың 
замандастары 
– 
ғасыр 
тағдырының 
жаршылары  –  байтақ  еліміздің  жер-жерінен  үн  қосып,  ұран 
көтеріп,  халық  басына  төніп  тұрған  ұлттық  құлдыраудан 
құтылудың  жолдарын  көрсетіп  жар  салып,  қазақ  өз  ұлтын 
сақтауға шақырды.  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
297 
Абай  мен  Ыбырайдың  ақындық,  ағартушылық  еңбектері 
бірін-бірі  толықтырып  үндестіріп  жатты.  Екі  ғұламаның  да 
шығармаларын  терең  зерттеп,  олардың  үндестігін  дəлелдеп 
берген  –  академик  Мұхтар  Əуезов  болды.  М.Əуезов  «Уақыт 
жəне Əдебиет» атты зерттеу еңбегінде былай деп жазды: «Абай 
Ыбырайды  жақсы  білген.  Кейін  Абайдың  өзі  қадірлегендіктен 
Абайдың  қолжазбаларының  ішінде  Пушкин,  Лермонтов, 
Крылов  шығармаларынан  жасалған  аудармалар  қоса  кірумен 
бірге  Ыбырай  өлеңдері  үнемі  бірге  көшіріліп  жазылып  жүруші 
еді...  Ыбырайдың  əрқашан  Абай  атымен  бірге  жазылып, 
жатталып,  таралып жүруі  бұл  екеуінің  үні  бір,  үміті  бір, арман 
бағыты жəне болашақ тағдыры бір ақын екендіктерін танытушы 
еді»  
Ы.  Алтынсариннің  өмір  сүрген  заманы  ұлы  жазушы 
Л.Н.Толстоймен тұтас болды. Тарихи мəні бар Ясная Полянада 
шаруа балаларына əдейілеп мектеп ашып, оларға оқулық жазып, 
оқытқан  Лев  Николаевичтің  арманы  Ы.Алтынсариннің  қазақ 
даласындағы ағартушылық еңбегімен ұштасып жатыр. 
Ыбырай  өз  замандастарының  қатарында  қазақ  халқаның 
ағартушылық  туын  көтерген,  білім  жорығын  бастаған  ас  ірі 
тұлға  болды.  Ол  білімді  болу,  теңдікке  жеткізудің  көзі  деп 
түсінді. 
Ыбырай  заманы  қым-қиғаш  айқастар  заманы  еді. 
Қазақстанның  жер-жерінде  отаршыларға  қарсы  қарулы  күрестер, 
ішкі  озбырлық  жасаушыларға  ызалы  наразылықтар,  рулар 
арасында  жер  дауы  мен  жесір  даулары,  шен  талас,  бақталас, 
күндестік  дегендер  елдің  берекесін  кетіріп  жүрген  жұрттың 
бірыңғай  бейбіт  шаруашылықпен  айналасуына  кедергі  болып 
отырғаны Ы.Алтынсаринді қатты толғандырады. 
Қазақ  жерінде  алғашқы  ғылыми  қоғам  Орынборда  1869 
жылы құрылды. Ол «орыс жағрапия қоғамының» бөлімі болды. 
Патша  үкіметі  қазақ  балаларын  оқытуға  қатаң  шек  қойды. 
Балаларын  оқытқысы  келген  ата-аналар  патша  үкіметінің 
жергілікті  жерлердегі  оқу  орындарының  арнайы  рұқсат 
қағазымен  ғана  оқытатын  болды.  Ондай  рұқсат-қағазға  50 
тиыннан  ақша  төлейтін  болды.  Рұқсат-қағаздан  бас  тарқан, 
баласын  мектепке  өз  бетімен  бергендерге  бірінші  рет  10  сом, 


1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал