Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет25/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
264 
тақырыптармен,  қайталаумен  байланысты  болуын  айтады 
[2,20б.].  Ғалым  И.В.Рахманов  жаттығу  жүйесіне  қойылатын 
талаптарды төмендегідей етіп көрсетеді: 
1)  жаттығу  жүйесі  меңгерілуге  тиіс  материалдың  көлемін 
қамтуы тиіс; 
2)  жаттығулар  тұрақты  жүргізіліп,  тілдік  жаттығулар  жəне 
сөйлеу жаттығулары болып жүргізілуі керек; 
3)  жаттығуларды  қажетіне  қарай  түрлендіріп,  көрнекілік-
терді қажетіне қарай қолдану; 
4) жаттығулар сөйлеуге қатысты болуы керек; 
5) жаттығулардың талапқа сай қолданылып отыруын есеру 
қажет. [3, 65.].  
 И.А.Грузинская  шет  тілін  үйретуде  ең  басты  мəселе  – 
меңгерген білімді сөйлеу тілінде қолдана білуге үйрету, – дейді. 
Осы  мəселені  жаттығу  жұмыстары  арқылы  жүзеге  асыруды 
ұсынады. 
Жаттығу 
жүйесіне 
қойылатын 
талаптарды 
төмендегідей етіп көрсетеді: 
–  жаттығулар  тілдік  құбылыс  ретінде  танып,  іріктеуге 
үйретеді;  
– сөйлеуде қолдануға үйретеді; 
– 
меңгерілген 
материалды 
сөйлеуде 
пайдалануға 
жаттықтырады. 
Жаттығу  жүйесі  айтылу,  жазылу,  сөйлеу,  грамматикалық 
дағдыларын  қамтуы  тиіс,  бұл  жұмыс  əр  сабақта,  бірнеше 
сабақтан кейін тиянақты қайталанып отыру керектігін көрсетеді 
[4, б.]. 
Сөйлеуге  дайындайтын  жаттығулар  ауызша  жəне  жазбаша 
түрде  орындатылады.  Жаттығу  жұмыстары  арқылы  тілдік 
материалды  меңгере  отырып  сөйлеу  үлгілері  қалыптасады. 
Нағыз  сөйлеу  жаттығуларын  орындату  арқылы  өз  ойын  еркін 
жеткізуге, естігенді ұғынуға үйрететіндігін айтады. 
Жаттығуларды  түрліше  топтастыра  келе,  шет  тілінің 
ғалымдары  тіл  біліміндегі  тіл  жəне  сөйлеу  (речь)  болып 
топтастырылуына  суйенуді  жөн  деп  көрсетеді.  Ол  туралы 
М.С.Ильин  былай  дейді:  «В  качестве  критерия  для  типологии 
упражнений  по  инностранному  языку  было  использовано 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
265 
лингвистическое  членение  язык-речь.  Соответсвенно  этому 
членению все упражнения, с которыми приходится иметь дело в 
процессе 
обучения 
иностранному 
языку, 
должны 
разграничиваться  на две самые  общие группы  (т.е.на  два  типа) 
упражнений:  языковые  и  речевые.  Согласно  этой  типологии 
устанавливается, 
что, 
сначала 
посредством 
языковых 
упражнений  учащихся  запоминают  явления  языкового  строя, 
затем используют их в речевых упражнениях» [5, 111 б.]. 
Қазақ  тілін  басқа  ұлтқа  үйретуде  жаттығулардың  маңызы 
зор екендігімен келісе отырып, қазақ тілін үйретудің əдістемесін 
зерттеп,  əдіскер-ғалымдар  өз  үлестерін  қосып,  толықтыру 
үстінде.  Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектепте  оқытудың  əдістемесін 
қарастырушы ғалым А.Күзембаева тілдік жаттығуларды 7 түрге 
бөліп  олардың  қазақша  тілін  дамытуға,  тіл  үйретудің 
практикалық,  қатысымдық  бағытталуына  септігін тигізетіндігін 
айтады [6,172.]. 
Жоғары  оқу  орындарында  қазақ  тілін  өзге  ұлт  өкілдеріне 
пікірлесім  арқылы  үйреудің  əдістемесін  жасаушы  ғалым              
Б.  Мешінбаева  төмендегідей  жаттығу  түрлерін  ұсынады. 
Пікірлесуге  дайындық  жəне  қатысымдық  жаттығулары  деп 
көрсетеді [7].   
Əдіскер  С.Нұрғали  айтылым  əрекеті  арқылы  қазақ  тілін 
мамандыққа  байланысты  диалогтық,  монологтық  сөйлеуге 
үйрету жүйесін мəтінмен жұмыс жəне жағдаяттарға негізделген 
жұмыс түрлерін ұсынады [8].  
Ғалымдар  жаттығуларды  түрліше  топтастырғанымен,  мəн, 
мазмұны  үндесіп  отыратыны  байқалады.  Мысалы,  тілдік 
жаттығуларды  ғалымдар  сөйлеуге  дайындайтын  жаттығулар, 
дайындық  жаттығулары,  грамматикалық  жаттығулар  деп 
түрліше  атап  жүр.  Бірақ  олардың  бəрінде  де  бұл  жаттығулар 
тілдік  бірліктерді  танытып,  оны  сөйлеуде  қолдануға  тіл 
үйренушіні  жаттықтырады.  Қорыта  келгенде,  көпшілік 
ғалымдардың жаттығуларды топтастыруы профессор Н.Оралбай 
мен  К.Жақсылықованың  оқулығындағы  тілдік  жаттығулар  мен 
сөйлеу 
жаттығулары 
деп 
топтастырудың 
дұрыстығын 
дəлелдейді[9]. 
Сондықтан 
біз 
өз 
жұмысымызда 
осы 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
266 
топтастыруды  қолдандық.  Оларадың  əрқайсысының  өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Жаттығулардың  бұлай  бөлінуі  олардың 
мақсатына да байланысты. Тілдік жаттығулар тілдік материалды 
танытуға,  меңгертуге,  сөйлеу  жаттығулары  сөйлеуге,  өз  ойын 
еркін жеткізе білуге, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға үйретеді.  
Ғылыми  деректерге,  тəжірибелі  оқытушылар  пікіріне 
сүйене  отырып,  жаттығулардың  ішкі  мазмұнына  қойылатын 
талаптарды анықтадық: 
   Жаттығуларда сөйлеу мақсатының көзделуі;  
   Жаттығуда сөйлесім түрлерінің толық қамтылуы; 
   Жаттығуларды орындатудағы қиындықтың ескерілуі; 
  Жаттығуда  дыбыс  үндестігін  қайталауда  толық 
қамтылуы, онымен байланысты болуы; 
  Жаттығу мазмұнымен қазақ халқының мəдениеті, өнері, 
дəстүрімен байланысты болуы; 
  Жаттығулардың  мазмұны  дұрыс,  қызықты,  түсінікті 
болуы; 
   Жаттығулардың  мазмұны  тіл  үйренушінің  өміріне, 
мамандығына байланысты болуы көзделеді. 
Жаттығу  түрлерін  қолдана  отырып,  қосымшаларды  дыбыс 
үндестігіне  сай  сөзге  дұрыс  жалғау  дағдысын  қалыптастыру 
мақсатында  тілдік  жаттығулар  жүргізіледі.  Тілдік  жаттығулар 
дыбыс  үндестігі  тақырыбы  бойынша  алған  білімдерін  бекітуге, 
оны  дұрыс  қолдану  дағдысын  қалыптастыруға  арналады. 
Жаттығу  жұмыстары  жеңілден  басталып,  күрделене  түседі.  Тіл 
үйренушілер  тілдік  бірліктерді  ауызекі  сөйлеуде,  сөйлем 
құрастыруда  орынды  қолдануды,  меңгеруді  жаттығудан 
бастайды.  Дыбыс  үндестігіне  арналған  жаттығулар  тіл 
үйренушілердің  сөзбен  қосымшалардың  дұрыс  байланысуын, 
оны  ауызша,  жазбаша  тілде  қолдана  білу  дағдысын 
қалыптастырады. 
Сөйлеу  жаттығулар  тіл  үйренушілерге  грамматикалық 
материалды  меңгерту  тілдік  тұлғамен  байланыста  үйрету 
арқылы  дыбыс  үндестігін  сөйлеуде  дұрыс  қолдану  дағдысын 
қалыптастыру  мақсаты  көзделді.  Тіл  дыбыстары  акустикалық 
ерекшелікке 
қарай 
дыбыстардың 
жасалуы, 
жіктелуі, 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
267 
артикуляциясымен 
байланысты 
қарастырылады. 
Тілдік 
жаттығулар  арқылы  тілдің  түрлі  дыбыстық  заңдылықтарымен 
танысып,  дыбыстарының  жіктелуін  оңай  ажыратумен  бірге, 
орфографиялық,  орфоэпиялық  ережелерді  есінде  сақтап, 
сауатты жазу, оқу дағдысын меңгереді. Қазақ тілін өзге ұлттарға 
үйретуді орфографиялық жаттығу жұмыстарының алатын орны 
ерекше.  Орфоэпиялық  жаттығулар  əр  сабақта  жиі  қайталанып 
жүргізілуі 
тиіс. 
Айтылуда 
кездесетін 
қиындықтарды 
жеңілдетуге,  жоюға  байланысты  орфоэпиялық  жаттығуларды 
орындату қажет.  
Қазақ тілін оқыту, ең алдымен оның дыбыстық ерекшелігін 
білуіне  байланысты.  Сабақта  тіл  дыбыстарының  ерекшелігі 
ескерілу  қажет.  Орыс  тіліне  тəн  ерекшелігі  бар  дыбыстар жəне 
қазақ  тіліне  тəн,  айрықша  дыбыстардың  айтылуын,  сөздер  мен 
сөйлемдердің  интонациясын  қадағалау,  екпінді  дұрыс  қою 
сияқты  қиындықтарды  ескере  отырып,  жаттығуларда  мынадай 
мəселелерге айрықша мəн беріледі: 
–  дыбыстардың  сөз  ішінде,  сөз  арасында  дұрыс  айтылуын 
меңгерту; 
– дыбыс үндестігінің орфографияға қатысты жағын үйрету; 
– дыбыс үндестігінің орфоэпияға қатысты жағын меңгерту; 
–  сөздің  соңғы  дыбысының  оған  қосылатын  қосымшаны 
алдыңғы дыбысына əсеріне назар аударуға жаттықтыру; 
–  түбір  сөздің  дыбысының  дыбыс  үндестігіне  байланысты 
өзгеруін салыстыру арқылы үйрету; 
–  дыбыс  үндестігіне  бағынбайтын  жағдайлар  барын 
білдіру. 
Дыбыс  үндестігіне  ұшырайтын  сөздерді  дұрыс  айтуға 
жаттықтыратын  жұмыстардың  маңызы  зор,  олар  студенттердің 
дұрыс  сөйлеу  нормасын  қалыптастырады.  Ғылыми  түрде 
сұрыпталынып алынған сөйлемдер мен мəтіндерді дұрыс оқып, 
дұрыс айтуға жаттықтыру өте қажет.  
Алдымен жаттығуларда қатысымдық бағыт болу көзделеді. 
Тілді үйретуде қатысымдық бағыт негізгі орын алуы қажет екені 
əдістеме  ілімінде  əбден  дəлелденгені  қазір  ешбір  күмəн 
туғызбайды.  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
268 
Жаттығулар  студентті  белсенді  түрде  ойлануға  мəжбүр 
ететін  болу  керек.  Мұнда  студенттің  шығармашылық  қабілеті, 
мүмкіндігі  ескеріледі,  сол  арқылы  ойлауы  дамиды.  Бұл 
жаттығулардың  мазмұнына  да  қатысты.  Мазмұнға  қойылатын 
талапты  ескеру  қажет.  Сонда  ғана  студент  сөйлеуге  үйреніп 
қана қоймай, тілдік бірліктерді де бекітеді. 
Дыбыс  үндестігін  меңгерту  арқылы  қазақша  сөйлеуге 
үйрететін  жаттығуларды  орындату  үшін  төмендегідей  талаптар 
қойылады: 
1.  Жаттығуларды  орындауға  қажетті  тілдік  бірліктерді 
студент меңгерген болу керек. Дыбыс үндестігі əр қосымшамен 
байланысты  үнемі  еске  түсіріліп,  қайталануы  заңдылық.  Ол 
оқытудың бір кезеңіне ғана қатысты заңдылық емес. Сондықтан 
тілдік  бірліктердің  дыбыстық  варианттарын  қолдануды 
меңгеруде  студент  дыбыс  үндестігіне  сүйеніп  отырады.  Олай 
болса,  жаттығулар  түрлерін  орындау  үшін,  студентте  тілдік 
бірліктерді  білу  жəне  оларды  дұрыс  таңдап  қолдану  дағдысы 
болу  қажет.  Ол  тілдік  жаттығуларда  орындалады,  ал  сөйлеу 
жаттығуларында  жалғастырылады,  ал  қатысымдық  жаттығу-
ларда дамытылады.  
 2.  Жаттығуларды  орындату  үшін  студенттің  оған  қатысты 
сөздік  қоры  болу  қажет.  Жаттығу  тақырыбына  сай  жеткілікті 
сөздік  қор  сөйлеу  жаттығуларын  орнатуға  мүмкіндік  береді. 
Қажетті  жаңа  сөздер  жаттығуларда  беріліп  отырады.  Бірақ 
тақырыпқа  қатысты  негізгі  ойға  қажетті  сөздік  қор  студентте 
болу  керек,  оның  жаңа  сөзбен  толықтырылуы  –  қатысымдық 
жаттығуларды орындатуда өрбітіледі. 
3. Жаттығулар адамның өз ойын тілдік нормаға сай басқаға 
жеткізуін талап етеді. Ал аяқталған ой сөйлем арқылы беріледі. 
Студент  ойын  басқаға  жеткізу  үшін  сөйлем  құрастыра  білу 
керек.  Ол  үшін  сөйлем  құрайтын  мүшелерді,  олардың 
сөйлемдегі  орнын  жəне  бір-бірімен  байланысу  жолын  білу 
керек. Бұл мəселелерге тілдік жəне сөйлеу жаттығулары кезінде 
студент  үйренеді,  дағды  алады.  Сол  дағды  қатысымдық 
бағыттағы  жаттығулар  кезінде  ойланбай  қолданылатын 
дəрежеге келтіріледі.  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
269 
4.  Тілдік  жаттығуларда  жасалатын  дайындықтың  бірі  – 
орфоэпиялық  норма.  Бұл  тілдік  жаттығуларда  дыбыстарды 
өткен  кезде,  дыбыс  үндестігімен  байланысты  мəтіндерді  оқуда 
қалыптастырылады. Сөйлеу жаттығулары əңгімелесім, сөйлесім, 
пікірлесім ретінде болғандықтан, студент сөйлеу жаттығуларын 
орындауда  орфоэпиялық  норманы  меңгерген  дағдысына 
сүйенеді.  
5. Тілдік, сөйлеу жаттығулары тек ауызша ғана орындалып 
қоймайды,  жазбаша  да  орындалады.  Сондықтан  мұнда  тілдік 
жаттығуларды  меңгерілген  орфографиялық  белгілі  дəрежедегі 
сауаттылық  болуы  қажет.  Студент  мазмұндама  жазғанда, 
шығарма  жазғанда,  жазбаша  орындалатын  жұмыстарды 
орындағанда  тілдік  жаттығуларда  игерілген  сауаттылыққа 
сүйенеді,  соны  сөйлеу  жаттығуларында  дамытады,  ал 
қатысымдық бағыттағы жаттығуларда қалыптастырылады.  
6.  Жаттығулардың  тақырыбы  алуан  түрлі,  оның  бір-
сыпырасы  тілдік  жаттығуларда  кездесетіні  белгігі.  Сөйлеу 
жаттығуларында  олар  өрбітіледі,  кеңітіледі.  Сондықтан  сөйлеу 
жаттығуларын  орындатуда  түрлі  тақырыпта  сөйлей  алу 
дағдысының  алғашқы  адымы  тілдік  жаттығуларда  жасалуы 
сөйлеу  жаттығуларына  дайындық  болады.  Ал  қатысымдық 
бағыттағы жаттығуларында тақырыптар кеңейтіліп, дамытылып, 
еркін,  сауатты  сөйлеуге  үйренеді.  Меңгерілген  материалдарды 
нағыз  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыратын  қатысымдық 
бағыттағы жаттығулар түрлері арқылы меңгертіледі.  
 
Əдебиеттер 
1.  Успенский  В.П.  Совершенствование  методов  и  приемов 
обучения  русского  языка  в  национальной  школе.  -М.,  1979.  -         
152 с. 
2.  Гез  Н.И.  Некоторые  проблемы  начального  этапа 
обучения // Иностранный язык в школе. -1963. -№ 4. -20 с. 
3.  Рахманов  И.В.  Теоритических  основы  начального 
учебника по иностранному языку // Иностранный язык в школе. 
-1968. -№5. -40 с. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
270 
4.  Грузинская  И.А.  Методика  преподавания  английского 
языка. -М., 1947. -201 с. 
5.Ильин М.С. Основы теории упражнений по иностранному 
языку. -М., 1975. -151 с. 
6.Күзембаева 
А. 
Оқу 
орыс 
тілінде 
жүргізілетін 
мектептердегі  5-класс  оқушыларының  қазақша  тілін  дамыту 
əдістемесі. Пед. ғылым. канд.дисс. 13.00.02. – Алматы: Абай ат. 
Қазмемпедунив., 1994. -172 б. 
7.  Мешінбаева  Б.  Гуманитарлық  бөлім  студенттерін 
қазақша  пікірлесім  арқылы  сөйлеуге  үйрету  əдістемесі. 
Пед.ғылым.канд.дисс. 13.00.02. –Алматы: Абай ат. АлМУ, 1999. 
-163 б. 
8.  Нұрғали  С.  Жоғары  оқу  орындарында  қазақ  тілі 
үстеулерін  айтылым  əрекеті  арқылы  оқыту  əдістемесі.  Пед. 
ғыл.канд.  дисс.автореф.  13.00.02.  –Алматы:  Абай  ат.АлМУ, 
2006. -27 б. 
9.Оралбай Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде 
қазақ тілін оқыту əдістемесі. –Алматы: Ана тілі, 1996. -208 б. 
 
Нұртаева Г.Е. 
КазНПУ им. Абая 
Алматы, Қазақстан 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТІЛ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ƏЛЕМНІҢ 
ТІЛДІК БЕЙНЕСІ 
 
Кез-келген атау тіл арқылы бейнеленіп көрінеді, тіл арқылы 
ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізіледі.  Тіл  адамның  ой-санасымен, 
мəдениетімен,  рухани  өмірімен  тығыз  байланысты.  Көрнекті 
неміс лингвисі, жалпы тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі 
В.Фон  Гумбольдтың  түсіндіруінде  тіл  дүниені  тікелей  түрде 
бейнелемейді, адамның дүниені қалай түсінгенінен хабар береді. 
Ғалымның пайымдауынша, тіл-адам мен қоршаған əлемді, яғни 
сыртқы  құбылыстар  əлемі  мен  адамның  ішкі  əлемін 
жалғастырушы дəнекер болып табылады.  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
271 
Тілдің  қоршаған  ортадан,  болмыстағы  шындықтан,  адам 
санасы мен ойынан тыс өмір сүруі мүмкін емес. Сондай-ақ, адам 
санасында  шындық  өмірдің  бейнеленуі  тілсіз  іске  асуы  мүмкін 
емес.  Тіл  біздің  ойымызды  білдіре  отырып,  біздің  қоршаған 
өміріміз  жайлы  білімімізді  сақтаушы  болып  есептеледі  жəне 
объективті  дүниедегі  заттар  мен  құбылыстарды,  олардың  сапа 
белгілері мен бір-бірімен қарым-қатынасы туралы қандай да бір 
ойды айтып жеткізуге икемді болады. (1,50)  
Адамға  берілген  ерекше  қасиет-оның  сөздерді,  сөз 
бірліктерін  жасай  алуы  жəне  оны  айта  білуге  қабілетті  болуы. 
Адамның ойлау қабілеті тікелей сол үшін қызмет жасайды. Тіл 
мен  ойлаудың  дамуы  қоғамға,  қоғамдағы  өзгерістерге 
байланысты.  Сондықтан  қоғамның  дамуы  мен  тілдің  дамуы 
бірге  жүреді.  Тіл  бір  орында  қалып  қоймай  үнемі  өзгеріп 
отыратын процесс. (2,23) 
Тіл  əлемді  бейнелеумен  байланысты  екі  процеске 
қатысады,  біріншісі-əлемдік  бейненің  тілдің  түп  негізіндегі 
құрылуы болса, екіншісі-тіл арқылы басқа əлемдік бейнелердің 
сипатталып, сыртқа шығарылуы болып табылады. Сол себептен 
де  тілдің  əлемдік  бейне  жасаудағы  роліне  ғылымның  көңілі 
аударылып,  тілдің  лингвистика,  философия,  педагогика, 
фольклор, өнер, мəдениет жəне т.б. салалардағы атқаратын ролі 
зерттелу үстінде. Əлемдік бейнелердің барлығы да тілді ерекше 
құбылыс  ретінде  көрсетеді  жəне  тілдің  атқаратын  функциясын 
өздерінше анықтайды. Тілдің əртүрлі əлем бейнелерінің көрінісі 
ретінде  көрінуі  жəне  зерттелуінің  нəтижесінде  оның 
табиғатының  басқа  қырын  ашуға  мүмкіндік  туды.  Осыған 
байланысты  қазіргі  заманғы  тіл  ғылымында  əлемнің  тілдік 
бейнесі деген ұғым қалыптасып отыр.  
«Əлемнің  тілдік  бейнесі»  деген  ұғымның  қайнар  көзі  тіл 
философиясының  өкілі  Вильгельм  фон  Гумбольдтің  ғылыми 
еңбектерінен  бастау  алады.  В.фон  Гумбольдтың  ізбасарлары              
Г.  Штейнталь  мен  М.Лацарус  этностар  психологиясының  тілге 
əсерін қарастырса, В.Вундт тілдің əлеуметтік сипатын зерттеді. 
Белгілі  ғалым  А.А.Потебня  тіл  халықтың  мəдениетінің  негізгі 
қайнар көзі екендігін дəлелдеп, халық ауыз əдебиетіндегі аңыз-

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
272 
əңгімелердің 
ерекшеліктерін 
анықтады. 
Лингвист                     
Ф.де  Соссюрдің  теориясы  бойынша  халықтың  мəдениеті,  салт-
дəстүрлері  мен  менталитетінің  тілге  əсері  мəселелері 
этнолингвистика  пəні  тұрғысынан  зерттелген.  Американдық 
ғалымдар 
Э.Сепир 
мен 
Б.Уорфтың 
лингвистикалық 
салыстырмалы  болжам  гипотезасында  тіл  мен  мəдениеттің 
арақатынасы туралы жан-жақты баяндалған. 
Американдық  дискриптивті  мектептің  ірі  ғалымы  Эдвард 
Сепир  «Тіл»(1927),  «Грамматист  жəне  оның  тілі»(1924), 
«Лингвистиканың  ғылым  ретіндегі  статусы»(1929)  деген  жəне 
осыдан  басқа  бірнеше  мақалалар  жазып,  өз  еңбектерінде  тілді 
шындық өмірдегі жол көрсетуші құрал деп атап өтеді. Шындық 
дүниенің  өзі  қандай  да  болмасын  əлеуметтік  топтың  тілінің 
негізінде құрылады. Тіл мен мəдениеттің байланысын алғаш сөз 
еткен  ғалым  «Мəдениет-халықтың  ойлауының  көрінісі,  ал  тіл-
қалай  ойлаудың  көрінісі»  деп  тіл  мен  мəдениеттің  бір-бірінен 
ажырамас əлеуметтік құбылыс екенін дəлелдейді. Қоғамның өзі 
адамнан, ал адам тіл мен мəдениет бірлігінен тұрады.  
Американдық  ғалым  Б.Уорф  əлемнің  тілдік  бейнесін 
əлемнің ғылыми бейнесімен байланыстырып қарастырады. Осы 
екі бейнені  бір-бірімен  салыстыра  отырып  олардың  бір-бірімен 
тең  дəрежеде  тұрғанын  көрсетеді.  Э.Сепир  мен  Б.Уорфтың 
лингвистикалық  ықтималдық  болжамдарының  негізгі  қағида-
ларын  Лео  Вайсгербер  жалғастырады.  Лео  Вайсгерберді  тілдің 
идиоэтникалық  мазмұны  ерекше  қызықтырды.  Ол  идеяны 
лингвист ғалым В.Гумбольдтың тілдің ішкі формалары жайында 
жазған  еңбектерінен  тапқан.  «Əлемнің  тілдік  бейнесі»  деген 
ұғымды  тұжырымдауды  30-жылдардың  басында  бастаған         
Л.  Вайсгербер  белгілі  біл  тілдің  сөздік  қоры  барлық  тілдік 
таңбалар  жиынтығынан  жəне  сол  тілге  ие  қоғамның  үлесінде 
болатын  ұғымдық  құралдардан  тұратынын  дəлелдеген. 
Ғалымның  пікірінше,  сол  тілде  сөйлеушілердің  əрқайсысы 
сөздік қорды меңгеру деңгейіне қарай өз ұлтына тəн пайымдау 
құралын  да  меңгереді  жəне  осы  тұрғыда  белгілі  бір  əлемдік 
бейнені  иемдене  отырып,  осы  бейнені  өзінің  қоршаған 
ортасына, 
яғни 
өз 
қоғамының 
барлық 
адамдарына 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
273 
таратады.(3,355)  Бұл  жерде  Л.  Вайсбергер  «əлемнің  тілдік 
бейнесін» тілмен байланыстырып тұр.  
Қазіргі  лингво-мəдени  зерттеулердің  ішіндегі  өзекті 
мəселелердің  бірі  болып  табылатын  «əлемдің  тілдік  бейнесі» 
деген ұғымға лингвистер əртүрлі анықтама беріп отыр.  
Солардың  бірнешеуіне  тоқтала  кетейік,  В.А.Маслова 
əлемнің  ұлттық  бейнесін  сипаттап  беретін  əлемнің  тілдік 
бейнесі  əр  түрлі  деңгейдегі  тілдік  бірліктер  арқылы  көрініс 
береді десе, (4,51) В.В.Руднев «əлемнің бейнесі дегеніміз-нақты 
бейне  туралы  интуициялық  түсініктердің  жүйесі»  деп 
түсіндіреді.(5,127)  
В.Г.Гак 
əлемнің 
бейнесін 
экстралингвистикалық 
болмыстың  құрылымдарының  тілдік  формалардағы  бейнесі 
арқылы  көрінеді  деп  тұжырымдайды,  яғни,  «картина  мира-  это 
отображение в формах языка устройства экстралингвистической 
действительности». (6,36) 
З.Д.Попова  əлемнің  тілдік  бейнесін  əлемнің  этностық 
ерекшеліктерін  көрсететін  тілдік  құралдардың  жиынтығымен 
байланыстырады,  оның  пікірінше,  «языковая  картина  мира-это 
совокупность  представлений  народа  о  действительности, 
зафиксированных  в  единицах  языка,  на  определенном  этапе 
развития народа». (7,6)  
Осы  айтылған  ой-тұжырымдарды  бір  жүйеге  келтіретін 
болсақ,  біздің  қоршаған  ортамыздығы  құбылыстар  мен  заттар 
туралы  ілімнің  жиынтығы  əлемнің  тілдік  бейнесі  болып 
табылады. Қандай да болмасын тілден құралатын əлемнің тілдік 
бейнесі  оның  лексикасымен  тығыз  байланысты,  себебі  сөз 
арқылы  нақты  бір концептуалды  жүйе құрылады.  Ол  сөздердің 
өзара логикалық байланысы арқылы көрінеді.  
Əлемнің  тілдік  бейнесі  нақты  құрылымға  ие  жəне  көп 
салалы  болып  келеді.  Ол  кəдімгі  тірі  организм  сияқты  уақыт 
ағымымен бірге өзгеріске түсіп, дамып отырады. Жалпы мəдени 
құндылыққа ие əлемнің тілдік бейнесі адам мен қоршаған орта 
туралы ақпараттың қайта өңделген нəтижесі болып табылады.  
 Сонымен  қатар  ол  адамның  өзіне  ғана  тəн  ерекшелігі  мен 
тұрмыс-тіршілігін,  сыртқы  дүниемен  байланысын  жəне  өмір 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
274 
сүруінің 
негізгі 
заңдылықтарын 
бейнелейтін 
бастапқы 
ұғымдардың қатарына жатады.  
В.И  Постовалованың  «Адамның  өмірлік  іс-əрекетіндегі 
əлемнің  бейнесі»  деген  жұмысында  ерекше  концептуалды 
құрылым  ретіндегі  əлемнің  бейнесіне  кең  тұрғыда  логико-
методологиялық  сипаттама  берілген.  Бұл  жұмыста  əлемнің 
концептуалды  жəне  тілдік  бейнелерінің  қатар  өмір  сүретіні 
жөнінде сөз қозғалады. «Адамның əлемдік бейнесі оның өмірлік 
іс-əрекетінің  негізінде  құралады  жəне  оның  барлық  рухани 
белсенділігінің  нəтижесі  болып  табылатын  əлемнің  біртұтас 
глобалды  образы.  Глобалды  образ  ретіндегі  əлемдік  бейне 
адамның  дүниемен  барлық  байланыстарының  негізінде 
жасалады»  деген  В.И.  Постовалованың  пікіріне  сүйенетін 
болсақ,  адам  əлем  бейнесін  өзінің  күнделікті  тіршілігінің 
нəтижесінде құрайды.(8,191) 
В.И.Постовалова  əлемдік  бейнені  адамның  дүниеге 
көзқарасындағы  негізгі  əрі  маңызды  элементінің  формасы  деп 
қарастырады.  Əлемдік  бейненің  адам  санасында  ғана  емес, 
психикасында,  мінез-құлқында,  мəдениетінде  жəне  тағы  да 
басқа  қырларынан  көрінетінін  дəлелдеген  ғалым  əлемдік 
бейненің  функционалды  сипатының  екі  қызметін  көрсетіп 
береді, оның біріншісі- интерпретациялық функция, ол дүниені 
көруді жүзеге асырады, екіншісі- реттеуші функция, ол адамның 
іс-əрекетіне бағыт-бағдар беріп отырады.  
Адам  тілі  өз  табиғаты  мен  құрылымы  жағынан  күрделі 
жүйе екені əрі олардың əр түрлі кішігірім жүйелерден тұратыны 
мəлім.  Олар  өзін  объективті  дүние  мен  əр  алуан  бейнелерде 
көрсетеді. Əр жүйенің өзінің тілдік бейнесі бар.  
Солардың ішінде танымдық мүмкіндігі басымырағы-тілдің 
лексикалық  жəне  фразеологиялық  жүйелері.  Əлем  бейнесі  мен 
халықтың мəдениетін, тарихын көрсететін халықтың лексикасы 
мен  фразеологиясы  баға  жетпес  лингвистикалық  қазына  болып 
табылады. Объективті дүниені бейнелеу мен түсіну аспектісінде 
дүниенің тілдік бейнесінің осы екі түрі маңызды роль атқарады. 
Морфологиялық, синтаксистік жəне тағы басқаларына қарағанда 
əлемнің осы бейнелерінің басымырақ болуы тілдегі лексикалық 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
275 
жəне  фразеологиялық  бірліктердің  көп  болуымен  түсіндіріледі. 
Осы  сөз  бірліктерінен  əлемнің  тілдік  бейнесінің  танымдық 
табиғатын  табу  əлдеқайда  оңай.  Осыған  орай,  лексика  мен 
фразеология,  лексикалық  жəне  фразеологиялық  жүйе  өздерінің 
функционалдық  бағыттарына  сəйкес  белгілі  қызметтер 
атқарады:  лексика  адамға  тəуелсіз  материалдық  физикалық 
дүниенің 
табиғатының, 
қасиеттерінің, 
белгілерінің, 
қатынастарының, байланыстарының, дамуы мен қызмет етуінің 
көрінісі  мен  түсініктемесі,  ал  фразеология  қандай  да  бір 
этностың  өмірін,  тарихы  мен  мəдениетін,  менталитеті  мен 
психологиясын  білдіреді.  Лексика  мен  фразеология  жүйелі 
түрде  бірігіп  əрекет  ете  отырып,  физикалық  жəне  адамдық 
əлемді  бейнелейді.  Сонымен  қатар,  əртүрлі  дүниені  бейнелеп, 
əрі  түсіндіре  отыра  шынайы  болмысты  да  көрсетіп  береді. 
Лексика  мен  фразеологияның  дүниені  бейнелеу  мен  түсіндіру 
формаларына  тоқталатын  болсақ,  оның  əдіс-тəсілдері  əр  түрлі 
болып  келеді:  лексика  дүниені  заттық-объективтік,  ұғымдық 
формада 
бейнелесе, 
фразеология 
образдық-субъективтік 
концептуалдық этникалық реңкті формада бейнелейді. (9, 46)  
Осы  жерде  көрнекті  ғалым,  профессор  Исабековтың 
лексикалық  жəне  фразеологиялық  жүйенің  маңызы  жөнінде 
айтқан  пікірін  келтіре  кеткеніміз  жөн.  «Лексическое  значение 
отражает  и  представляет  явления  мира  непосредственно  всем 
своим  содержанием,  ибо  оно  содержит  в  себе  результаты 
познавательной 
деятельности 
человека.» 
деп 
тілдің 
гносеологиялық  маңызы  көрінетінін  айтса,  «Фразеологическое 
значение  отражает  и  представляет  мир  не  прямо,  а 
опосредованно,  через  то  или  иное  конкретное  представление.» 
деп  тілдегі  сөздік  бірліктердің  сипаты  ішкі  формалары  арқылы 
көрінетінін айтады. (2,23) 
Адам  танымы үшін  сөз  бен  фразеологиялық бірліктің  ролі 
зор,  екеуі  де  адамның  ойлай  алу  қабілеттілігінің  жемісі  болып 
табылады,  екеуі  атқаратын  қызметтері  бірдей  болғандықтан 
лексика  мен  фразеологияны  номинацияның  біртұтас  уникалды 
жүйесіне топтастырады. Адамның ең басты қарулы күші болып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет