Əдебиеттер
1.
Машанов А.Ж. Библиография. А. 1995.
2.
А.Машанов əл-Фараби жəне Абай. Алматы «Қазақстан»
1994. 28 бет
3.
Ақжан əл-Машани əл-Фараби жəне бүгінгі ғалым.
Алматы.
«Алаш» баспасы.
Савазова Х.Х.
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
М. МЫРЗАХМЕТҰЛЫНЫҢ МОНОГРАФИЯСЫ
Əдебиетші ғалым Мекемтас Мырзахметұлының «Мұхтар
Əуезов жəне абайтану проблемалары» зерттеуі академик
Мұхтар Əуезов бастап берген игі істің жемісті жалғасы.
Еңбектің аса бір құндылығы суреткер ғалым-ұстаздың ақын
творчествосын қалай бағалап, жастарға ұлы ақынды танудың
қыр-сырын жан-жақты ашып беруінің мəн-маңызын жете
түсіндіруінде жатса керек.. Кезінде Əуезов қарастырған тұтас
жүйеден абайтану ілімін қорландыратын төрт танымдық саланы
таңдап алған автор М. Əуезовтің Абайдай ақынның ғылыми
өмірбаянын жасаудағы еңбегі, ақын шығармаларын жинап,
текстологиясын қарауы, шығысқа қатысты ақын мұрасын
зерттеуі, ақынның əдеби ортасы жайлы пікірін зерделеу сияқты
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
310
төрт бірдей салада зерттеу жүргізе отырып, академиктің
абайтану негізін қалаудағы күрделі ғылыми-зерттеулерінің
проблемалық жақтарын баяндаған.
Монографияның
«Абайдың
ғылыми
өмірбаяны
-
абайтанудың іргелі саласы» деп аталған алғашқы тарауы
еңбектің бүкіл құрылымына негіз болып тұр. Ақынның ғылыми
өмірбаянының қайта-қайта жазылуы мен ондағы тарихи деректер
көзінің екшелу себептері тəптіштеп түсіндірілген. Əуезовтің
ғылыми-практикалық зерттеу жұмыстары түбегейлі зерттелген
бұл монографияның жаңалығын айтқанда осы мəселеге
тоқталамыз. Себебі, зерттеуші ақын шығармаларының көшірме
қолжазбалары мен баспа арқылы жарияланған əр' түрлі
басылымдары, ақын мұрасын жинаушы архив иелері жайында
жан-жақты мəлімет берген. Осы арқылы оқырман «Абайдың
өмірбаянының» ғылыми жүйесіне бойлап, еңбектің жазылу
тарихынан хабардар бола алады. «Абай жолындағы» образдарға
прототип болған тұлғалар жайын жан-жақты пайымдау -
монографияның жетістігі деп тануға толық негіз бар, өйткені
оның ғылым үшін де, əдеби-мəдени таным үшін де құнды дерек
екені түсінікті. Сол сияқты «Абай жолындағы» біз таныс елді
мекен, жер-су, керек десеңіз, рулардың қайсысы қандай арнадан
алынғанын анықтауынан ғалымның «Абай жолы» мен «Абай
өмірбаяны» желісінде жатқан ортақ бірлікті анықтай білген. М.
Мырзахметұлының монографиясындағы ең бір қызық деректер:
«эпопеяның бірінші кітабындағы жүз жетпіс үш кейіпкердің
отыз екісі, екінші кітаптағы екі жүз қырық кейіпкердің жиырма
жетісі, үшінші кітаптағы екі жүз елу кейіпкердің жиырма төрті,
төртінші кітаптағы екі жүз тоқсан кейіпкердің оны. Абай
өмірбаянының соңғы нұсқасындағы аты аталғандардан
алынған», - деп автордың өз пікірін дəйекті дəлелдермен
дəлелдеуінде екені рас. Бұл пайымдаудың əдеби жағынан да,
ғылыми жағынан да құнды дерек екенін өз алдына қойғанда,
монографияда осындай тексеру түйінін түю үшін автордың өзі
зерттеп отырған объектіге қандай ұқыптылықпен қарап,
қаншалық еңбек сіңіргенін аңғару қиын емес. Сондай-ақ
зерттеушінің эпопеядағы рулардың, жер-су аттарының қаншасы
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
311
қай қайнардан алынғанын іздеп тауып, олардың санына дейін
есептеп шығаруы, Абай өлеңдерінің қайсысы эпопеядағы қай
фабуланың негізіне салынуы жайлы ізденіс-табыстары аса бір
ыждағаттылықпен беріле, сарыла еңбектенудің нəтижесі екені
даусыз.
«Мұхтар Əуезов - Абай шығармаларын жинаушы əрі
текстологы» тарауында алғаш рет М. Əуезовтің Абай өлеңдерін
жинастыру жолындағы текстологиялық ізденістерінің жемісі
ретінде ақынның 45 шығармасы, яғни 1086 өлең жолы тың
архив деректері негізінде дəлелденген. Еңбекте ақын
өлеңдерінің таралу жолдары, олардың жазылу мерзімдері, арнау
өлеңдерінің саны мен жазылу сыры, Абай өлеңдерін бастапқы
қалпына келтіру, басқаша айтқанда, Абай шығармаларының
көптеген салалары жеке дара зерттеліп, Абай өлеңдерінің
текстологиясы дегенде жылдар бойы 1909 жылғы жинақ пен
Мүрсейіт қолжазбалары арасындағы сөз ауытқуды сөз ету
үрдісінің арнасы кеңейтілген. Мұхаңның Абай шығармаларын
жинаушы əрі текстологі ретіндегі еңбегіне арналған бұл тарауда
сонымен қатар академиктің текстологиялық зерттеулері ақын
шығармаларының конондық тексін жасауға негіз болғаны
туралы өзге зерттеушілердің пікірлері мен тұжырымдары да
оқырман қызығушылығын арттырады.
Бұл тарауда алғаш рет академиктің Абай мұрасын
жинастыру жолындағы текстологиялық ізденістерінің жемісі
ретінде ақынның қырық бес өлеңі тың архив деректері негізінде
өз үйіріне қосылып отыр. Ақын шығармаларының туу себептері
мен олардың жазылу мерзімдері анықталып, арнау өлеңдерінің
саны мен олардың кімге арналып жазылғаны айқындалған, өлең
шумақтарының табиғи қалыпқа келтірілуі мен өлең өрнегіне
қатысты сан алуан тақырыптар дербес түрде зерттелген. Бұл
əдеби мұраларымызды меңгеруді мақсат еткен сөз өнері
саласындағы тың дүние.
«Абайдың шығысқа қатынасы М. Əуезов зерттеуінде» деп
аталатын" еңбектің үшінші тарауы - монографияның ең көлемді
əрі өте күрделі ұғымдарға жəне беймəлім деректерге мол тарауы.
¥лы ақын мұрасының нəр алған бір саласы саналатын шығыс
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
312
мəдениеті ұзақ жылдар бойына үстірт қаралып келген-тін. Автор
осы салада көп ізденіп, ойларын көпшілік талқысына сала
білген. Мұндағы шындыққа жанасымды шығыстық деректер,
автор ізденімпаздығы нəтижесінде бір ізге түсіріле ұсынылған
ғылыми тың ой-пікірлер əдебиет сүйер қауымды тамсандырып,
зерттеуші-ғалымдарға тың бір қойнаудың өрісін ашқандай
болды.
Мұның барлығы ақын танымының шығысқа қатынасына
терең үңілу арқылы Абай шығармашылығындағы шығыстық
белгілердің сыр-сипатын толық ашуға, Абай тағылымындағы
шығыс классиктерінің рөлі мен ақын танымындағы исламият
пен мораль философиясы, Абайдың ақындық кітапханасы
сияқты сан салалы күрделі мəселелердің мəн-мағынасын
мейлінше молырақ зерделеуге. бағытталған ізденімпаздықтың
жемісі. Автор Абайдың исламиятқа қатысын академиктің «Абай
діні - сыншыл ақылдың шартты діні» тезистерін негізге ала
отырып, ақынның шығыс классиктерімен қатысын оның өлең
өрнектеріндегі шығыс əдебиетімен болған сабақтастық,
тақырып ұқсастығы, шығармашылығындағы шығыстық белгілер
нанымды айқындалған. Қазақ əдебиеті тарихында ойшыл
ақынның ғылыми өмірбаянын жасаған ғалымның еңбегін
абайтану арнасын кеңейтумен қатар мұхтартанудың ғылыми
жолын бастаған деп бағалауға толық негіз бар. Оған дəлел іздеп
қажеті жоқ. Көзі қарақты оқырман үшін осы тараудың өзі де
жетіп жатыр.
Терең
дүниетанымы
шығыс
шайырлары
мен
жұлдыздарының ой-пікірімен астасып, тікелей өзектесіп жатқан
Абай шығармаларындағы философиялық категориялардың
мазмұнын аша білген абайтанушы ғалымның шығыс
философиясын жете меңгеруі ақын шығармашылығындағы —
өлең өрнегі мен қара сөздерінде бірдей қолданылатын «мен»,
«менікі», «хауас», «имангүл», «жауəнмəрт» іспетті ұғымдардың
тағы басқа тіркестердің мəн-мағынасын толық түсіндіруге
бағытталған.
Бұл
еңбекте
автор
академиктің
Абай
творчествосын қалай бағалап, оның рухани мұрасын қалай
аралағаны, бүгінгі жəне келер ұрпаққа кемеңгер ақынды
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
313
танудың сан алуан қыры мен сырын жан-жақты ашып беруінің
маңыздылығын жете түсіндіреді. Абай өлеңдерінде бір-бірімен
ұштасып жатқан тəлім-тəрбиелік, философиялық мəселелерді
ақынның терең дүниетанымы мен нəзік сезімімен сабақтастыра
отырып, аса бір шеберлікпен ғылыми тұрғыда ашып береді.
Ақын өмірбаянының төрт нұсқасын ғылымға əкеле отырып,
автор М. Əуезовтің ақынды, оның ортасын тануының даму
жолын анықтаған. Сондай-ақ «Өмірбаян» мен «Абай жолы»
эпопеясы желісінде жатқан ортақ бірлік пен сабақтастық
зерделеніп отыр.
«Мұхтар Əуезов жэне Абайдың əдеби ортасы» атты соңғы
тарауда ақынның əдеби ортасы жайлы ұғым екі салаға жіктеле
қаралып Абайдың «өзгеден алған нəріне» ақын мұрасының нəр
алған үш бұлағына қоса оның өзі тікелей қарым-қатынаста
болған əдеби ортасы бірлікте алынған. Абайдың əдеби мектебі
немесе ақын шəкірттері деген танымды əдеби ортаға жатқыза
қараумен қатар оны ақынның «өзгеге берген нəрі» деген ұғымға
орай танытқан. Абайдың соңғы шыққан тобын Абайдың
ақындық дəстүрін жалғастырушылар ретінде таныған автор осы
монографияда Абай ақындығының айналасы, Абайдың əдеби
ортасы,-Абайдың шəкірттері, Абайдың ақындық дəстүрі, өзгеден
алған нəрі, өзгеге берген нəрі деген ұғымдардың ара жігін ашып,
оларға тəн өзіндік ерекшеліктерді анықтайды.
Сонымен қорыта айтқанда, бұл еңбекте белгілі əдебиет
зерттеушісі кемеңгер жазушының ұлы ақын мұрасын зерттеп-
зерделеуде қандай еңбек сіңіргенін баяндау арқылы абайтану
саласының соқпақ-соқпағын саралай отырып, Əуезов ізімен
абайтануды ары қарай дамытқан əрі мұхтартану даңғылын
салған.
Монография авторы ғалымның ерен еңбегінің тарихын
жасаған:
Біріншіден, М. Əуезовтің ақынның 45 шығармасын (1086
жол өлең) қайта тірілтуі талданған. Екіншіден, М. Əуезов
қолымен Абай шығармаларының қалай қалпына келтірілгенін
анықтауы арқылы бұл істің қаншалықты машақаты көп тірлік
екендігін аңғартады. Егер Мекемтас аға болмағанда Мұхаңның
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
314
Абай шығармаларының жазылу мерзімін анықтаудағы зор
еңбегін бағалар ма едік, жоқ па, белгісіз.
Ақын шығармаларының жазылу мерзімін анықтау жай бір
хронологиялық тəртіп үшін ғана емес, бұл, біріншіден, ақынның
өсу эволюциясы, тарихи ізі, баспалдағы үшін керек; екіншіден,
ақын ойының, көзқарасының уақытқа, саяси жағдайға қатысын
анықтау үшін, бұл ойлардың пісу, туу, қалыптасу кезеңін білу
үшін керек; үшіншіден, өмірінің қай кезеңінде қандай-қандай-
тақырыптарға барды дегенді анықтау үшін керек; төртінші, қай
кезде, қай бағытта болды, қай арнаға қашан барды, бұлармен
ақын ойының түйісуі, я бөлектенуі қай кезеңге тəн т.с.с.
мəселелерді анықтау үшін керек еді. Мұхаңнын мол
ізденістерін, зерттеу əдістерін, тапқан табыстарын ой
таразысына салып, «М. Əуезовтің текстологиялық зерттеулері -
ақын шығармаларының конондық тексін жасаудың негізі» деген
тақырыптағы тұжырымдарымен түйіндеген. Сонымен, Абай
мұрасына терең бойлаған автор сол тұңғиықта суреткердің
«Абай шығысы» жайлы танымына қол артқан, осы тұрғыда
мұхтартанудың негізін қалаған. Бұл кездейсоқтық емес, ілуде
біреудің ғана тағдыр талайына жазылатын бақ, көрген бейнеттің
зейнеті. Абайды танушылар Мұхаңның пікірін басты назарда
ұстап зерттеу жүргізсе, М. Мырзахметұлы академик-ғалымның
ғылыми лабораториясына дендеп, өзінше жол тапқан.
Халқымыздың ұлы ойшылы туралы бір ғасыр ішінде
жазылған еңбектерді түгел сараптаған Мекемтас Мырзахметұлы
Абайды тапшыл, сыншыл ақын деп атауға келмейтінін, оның
шығармалары қоғамның белгілі бір тобының мүддесінен биік
тұрған адами ақын екенін, демек сопылық іліммен
сабақтасатынын алдымен айтқан М. Əуезов пен Қ. Жұбанов
екенін екшеп шығарды. Абай шығармашылығынан кейін де
көптеген монография («Абайдың адамгершілік мұраттары»,
«Абай жəне Шығыс», «Абайтану тарихы», «Восхождение
Мухтара Ауэзова к Абаю», «Əуезов жəне Абай», «Түркістанда
туған ойлар») жазған ғалым еңбектерінде осы мəселелер
тереңірек түсіндіріліп келеді.
Əдебиеттер
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
315
1. Мекемтас Мырзахметұлы - абайтанушы ғалым. - Астана:
Руханият орталығы, 2001.
2. Мырзахметов М. Мұхтар Əуезов жəне абайтану
проблемалары. - Алматы: Ғылым, 1988. - 292 б.
3. Мырзахметұлы М. Абайдың адамгершілік мұраттары. -
Алматы, 1993. – 277 б.
Сағымбаева В.М., Шүленбаева Ұ.Р.
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
ИНТЕРНЕТ АЯСЫНДА ТІЛДЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ
Тілдердің қызмет ету мен дамытудың 2001-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты –
мемлекеттік тілдің əлеуметтік-қарым-қатынастық қызметтерін
кеңейту жəне нығайту; этникалық топтардың тілдерін дамыту.
Қазақстан бұрынғы ТМД құрамына кірген мемлекеттер
ішіндегі ақпараттандыру мəселесі дамыған ел болып саналады.
Дегенмен
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ə.Назарбаевтың 2005-2006 жылдарға жолдаған жолдауын іске
асырудың белгілі қиындықтары да бар. Мемлекет алдында тұрған
мəселелердің бірі – Интернет пен техникалық құралдар арқылы
берілген қарым-қатынастың өзге құралдары сияқты жаңа
əлеуметтік-мəдени шынайылықтарда қазақ тілінің бейнелену
мүмкіндіктерін кеңейту қажеттілігі болып отыр. Бұл бағытта
əлеуметтік жəне психолингвистика тұрғысынан мақсатты ғылыми-
зерттеу жұмысы жүргізілуде. Үкімет пен қоғамдық ұйымдарда
оптимальді тілді құрудың жүйесі жасалуда. Осыған байланысты,
біздің аймақта ғаламдық жүйедегі қазіргі жағдай келесі əлеуметтік
лингвитикалық параметрлермен сипаттала алатынын ескеру керек:
біріншіден, экзоголосты, өйткені кең көлемді екі тілдің
жиынтығынан тұрады, олардың ішінде: ұлтаралық қатынас тілі деп
конституциялық тұрғыдан берілген – орыс тілі, халықаралық
ағылшын тілі. Заңды түрде мемлекеттік тіл деп танылған қазақ тілі
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
316
қазақтың Интернет секторындағы киберкеңістікте атқаратын
қызмет көлемі жағынан əлі артта: екіншіден, байланыспаған,
өйткені жоғарыда аталған жиынтық əр түрлі қуатты қарым-
қатынас жиынтығынан тұрады: үшіншіден, теңсіз (аталған
себептердің күшіне байланысты) жəне ең соңғысы, біздің
көзқарасымызша, өйткені тілге əсер етуші экстралингвистикалық
факторлар, мысалы, демографиялық жағдай, елдің əлеуметтік-
экономикалық дамуы белгілі бір дəрежеде үнемі өзгеріс үстінде.
Лингвист тұрғысынан Интернет дегеніміз не? Бұрын
болмаған, қарым-қатынастың ерекше ортасы, тілдің іске
асуының ерекше ортасы. Бұл тұрғыдан ол филологтарда үлкен
қызығушылық туғызады, себебі, тілдің қарым-қатынастық
аспектісін зерттеу – бүгінгі күнгі өзекті мəселе болып отыр. Дəл
қарым-қатынастық тіл ұлттық мəдениеттің жалпы дамуындағы
маңыздылық күшіне сай зерттеудің маңызды нысаны екен.
Интернеттегі жанрлардың көптүрлілігі (кітап, журнал, газет
жəне тағы басқа құжаттардың жүйелік нұсқасы, қонақ кітаптар,
конференциялар, чат, электронды хаттар) қазіргі кезде
Интернетте қызмет етіп жатқан тілдердің бір жағынан, барлық
тілдік деңгейде, трансформацияның болуына əкеледі, екінші
жағынан, виртуальді коммуникацияның ауызша-жазбаша
орысша, қазақша, ағылшыншаның жаңа түрлілігінің шығуына
əкелетін мультилингвальді, мультимодальді, мультимедиальді
бастаулардан шығатын «жүктемелердің» ерекше түрін сезінеді.
Интернет жүйесінде қазақ тілінің қызмет ету фактісі тілдің
ғана емес, ғаламдық жүйеде берілген əлемдік қауымдастықтағы
біздің еліміздің саяси статусының дамуының көптеген
жоспарлары туралы айтады. Мемлекеттік тіл өзінің дамуында
тоқтап қалмайтынын айту керек. Оның тек ел тұрғындары мен
шетелде тұратын қазақтарға ғана емес, бүкіл түркітілдестерге
қажеттілігіне - өз кезегінде біздің елдің ғана емес, өзге елдер
азаматтарының
белсенді
азаматтық
позициясы
болып
табылатын, латын алфавитін қолданумен қазақ тілінде жазылған
хабарламаның таралуы куə. Президент Н.Ə.Назарбаевтың
Қазандағы кездесуінде латын алфавитін енгізу қажеттілігі
туралы хабарламасы алынған бағыттың дұрыс екенін
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
317
дəлелдейді. Өкінішке орай, бұл бастаманы Қазақстан қоғамы əлі
сезбей отыр, себебі шын қабылдамайды. Керісінше, əсіресе
Еуропада тұратын шетелдегі отандастарымыз бен түркітілдес
халықтар қазақ тілінде де өз уақытында ақпартты алады, оқиды,
бағалайды. Сондықтан, шетелде тұратын қандастарымыздың
туған қазақ тілін қолданудың амалын тапқан тəжірибесі туралы
ойлану керек. Мүмкін, мəселені бұлай шешу Интернет пен басқа
технологиялар саласына қазақ тілін енгізудің көптеген
қиындықтарынан құтқарады.
Айталық, орыс тілі – Қазақстан Республикасында
қызметтің барлық түрінде қазақ тілімен тең дəрежеде ресми тіл
ретінде қолданылады. Оған қоса, қазіргі уақытта орыс тілі
халықаралық қатынастардағы негізгі тіл болып орналумен
қатар, полиэтникалық мемлекеттегі ұлтаралық тіл рөлін
атқарады.
1998 жылғы мелекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері
мыналар еді: тілдердің қызмет етуінің нормативті құқықтық
базасын құру, мемлекетті еркін жəне тегін үйренудің жағдайын
жасау; мемлекеттік тілдің барлық, əсіресе, ғылым, білім, БАҚ,
мемлекеттік басқару жəне сот ісін жүргізу салаларында белсенді
қолданудың жағдайын жасау; іс жүргізуді мемлекеттік тілге
аударатын арнайы аударма базасын құру; туған тілдерді сақтау
мен дамыту үшін жағдайлар жасау. Екі жыл (1998-2000) ішінде
бағдарлама бойынша негізгі міндеттер атқарылды; іс жүргізу
ісінің ақырындап қазақшаға көшуі жүргізілуде; қазақ тілін
жоғары білім негізінде оқытудың шаралары қолға алынды;
ұлттық мектептер санының өсуі; аудармашы мамандарды
даярлау; көптеген жоғары пəндер бойынша қазақ тілді оқыту
топтарын ашу.
Жалпы, «1997 жылы ҚР тілдері туралы» заңының
қабылдану сəті мен ҚР Президентінің №550, 7 ақпан 2001
жылғы бұйрығымен бекітілген даму мен қызмет етуінің
Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында 1998-2006
жылдар
арасында
саяси,
əлеуметтік,
экономикалық,
медициналық, білім-қоғамның барлық негізгі салаларында
тілдік процесс құрылысын одан əрі кеңейту мен дамыту
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
318
шаралары қолға алынды. Бұл дегеніміз, Қазвиртуальді
кеңістігінде қазақ пен орыс тілдерінің қолдану қызметінің
сауалдары да назар аударусыз қалған жоқ.
Интернетті – ақпарат алу құралы ретінде жиі қарастырады.
Əрине, бұл сөзсіз дұрыс. Интернет арқылы аз уақыт ішінде
эксперт болмасада, белгілі-бір сұрақпен жеткілікті таныс адам
болуы мүмкін.
Бай ақпараттық ресурстардан басқа, тағы бір басымдылығы
– қатынас мүмкіншілігі болмаса, Интернет соншалықты белгілі
болмас еді. Интернет сіздің қатынас аясын кеңейте алатыны
соншалық, басқа құралдар арқылы мұндай іс істеу мүмкін емес
еді. Біріншіден, ол – электронды пошта. Оның көмегімен жай
поштаға қарағанда, ондаған адамдармен қатынас жасауға өте
ыңғайлы жəне тез. Бірақ виртуальді киберкеңістік электронды
поштамен ғана емес, Қазақстанда негізінен оқушылар мен
студенттер аудиториясында табысқа ие чат арқылы да беріледі.
Сондықтан, адамзат тарихының белгілі жайы болғандай, жас
ұрпақ қоғамды еліміздің əлемнің қазіргі дамыған елдері
қатарына кіруге мүмкіндік беретін, қарым-қатынастық
технологиялар жоғары дамуына бағыттайды жəне жетелейді.
Интернет жүйесінің электронды қатынасының бір түрі
ретінде жүзеге асқан электронды пошта – Қазақстанның
виртуальді киберкеңістігіне толық кіріп, басқа электронды
түрлерімен (электрондық дауыс беру, электрондық газет,
электрондық баспасөз) жəне ТМД-ның бұрынғы одақтастары –
көршілес мемлекеттермен салыстырғанда өзіне тиісті жоғары
орынға ие болды.
Мұндай жағдайды біріншіден, техникалық сипаттаумен
хабарламаны жеткізудің жылдамдығы; екіншіден, электронды
пошта тілінің лингвистикалық ерекшелігі; үшіншіден, кəдімгі
хатты
жібергендегі
немесе
телефонмен
сөйлесумен
салыстырғанда аз кететін қаржы шығыны арқылы түсіндіруге
болады.
Биыл электронды поштаға 10 жыл толады. Яғни, оның даму
мерзімі аз болғандықтан, осы себепті қатынастың басқа
түрлеріне қарағанда белгілі бір дəстүрлерге аз тəуелді.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
319
Интернеттің Қазақстандық сегменті, нақтырақ, оның
электронды пошта мен чат қызметінің қызықтыратыны – хат
алмасу мен қатынастың бірден бірнеше тілде жүзеге
асатынында, қазіргі уақытта олардың ішіндегі ең беделдісі –
орыс тілі. Осы ақпараттық технологиялар саласында
мемлекеттік тілдің ену қарқыны мен даму сипатын атап өту
керек, мұндағы негізгі мəселе – электронды қазақ тілінің
халықаралық домендерге мойындауы керек, яғни, латыншаға
көшуінде. Күштердің бұлай қойылуы Қазақстанның виртуальді
кеңістігінде заттардың жағдайын жөндеу керек, нақтырақ
айтсақ, мемлекеттік тіл статусын көтеру жəне сол арқылы əрбір
қазақстандықтың табиғи құқығы – туған жəне мемлекеттік
қатынас жасау мүмкіндігін жүзеге асыру керек.
Интернет – айтылым материалдарын рəсімдеу бойынша
жазбаша қатынас кеңістігі. Интернеттегі қатынас жазбаша əдеби
жəне ауызша сөйлесім тілінің өзіндік қоспасы жазбаша сөйлесім
тілінде құралады. Мұндай қоспа нəтижесі əлі жеткілікті
зерттелмеген, дегенмен, бұл саладағы зерттеу бүкіл адамзаттың
бағасыз жаңалығы болатыны анық. Əлеуметтік байланыстың
ауызша жəне жазбаша каналдарының негізін өз уақытында
меңгергендік адамдардың коммуникативтік қатынасының
ғасырлар бойы дамуын анықтап берді.
Электронды қатынас негіздерін білу бүкіл əлемдегі
қолданушыларға көптеген жаңа мүмкіндіктер ашып берді.
Электронды оқу құралының көмегімен өзінше білім алу
мүмкіндігі, электрондық кітапхана мен баспасөз, электрондық
газет-журналдар арқылы кез келген өзекті жəне қажетті
ақпаратты алу мүмкіндігі, электрондық үкімет жүйесінің
көмегімен үкіметпен келіссөз жүргізу жəне т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |