Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



жүктеу 2.81 Kb.

бет28/32
Дата22.12.2016
өлшемі2.81 Kb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
298 
екінші  рет  30  сом  айып  салынды,  ал  бұл  заңды  үшінші  рет 
бұзған  ата-аналар  5  тəуліктен  15  тəулікке  дейін  түрмеге 
отырғызылады да олардың балаларын ендігі əрі мектепке алуға 
тыйым салынды. 
Қазақ  елінің  арасында  ежелден  келе  жатқан  дау-
жанжалдың  бастысы  жер  дауы  мен  жесір  дауы  болды. 
Орынборда оқу бітірген Балқожа бидің немересі елге шыққанда 
талай  жерлерде  осындай  дау-жанжалдарға  еріксіз  ара  түсуіне 
тура келеді.  
Бірде  Қыпшақтың  Үмбетай,  Аламан  рулары  құдандалы 
тату  тəтті  ел  болса  да  кейін  Үмбетей  руы  ұзатқан  қызы  жесір 
қалып,  қалың  малын қайтарып, көшіріп алып  кетіпті.  Екі  елдің 
арасы  ұшығып  барымталасып,  жауласып,  ұшыққан  елдің  ер 
азаматтарының  тағдыры  оязға  дейін  жеткенде  Ыбырай 
араласуға мəжбүр болған. 
–  Жас  төренің  қойны-қонышы  толған  қару  деседі,  патша 
ағзамның  лұқсатыменен  орысша  мектеп  ашып,  қазақ  атаулыны 
қозыдай  көгендеп,  шоқындыратын  көрінеді,  деген  лақап  тез 
тараған.  
Ыбырай  ауыл  озбырлығын  осындай  аталы  сөзбен  жеңіп, 
ауыл басшыларының айыбын мойындатты да жүріп кетті.  
Орыс  патшалығы  қазақ  жерін  отарлап  алды  да  өз 
топырағында  ғасырлар  бойы  сырт  жауларымен  жағаласа  жүріп 
іргесін  де  қозғамай,  өз  жерінде  өмір  сүріп  жатқан  халыққа 
«бұратана»  деп  кекетіп,  менсінбеушілік  атын  тағып  қорлады. 
«Инородцы,  туземцы»  деп  таңба  тағып,  көрінген  жерге  бекініс 
салып, қазақ-орыстардан қарулы итаршы қойды.  
Патшаның  зұлымдық  саясатының  бастысы  –  қазақ 
халқының бай тарихын жоққа шығарып, ата-бабаларының асыл 
мұраларынан  жұрдай  қылып,  ұлттық,  елдік  қасиетін  мүлдем 
жоюды көздеді. 
Патшаның  ғасырға  созылған  бұл  саясаты  Қазан 
төңкерісінен кейінгі 70 жылда да сталинизмге, оның əкімшілдік-
əміршілдік  саясатымен  жалғасып,  қазақ  елі  қаймаққа  шығар 
қаншама зиялыларынан айырылды. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
299 
Əр  заман,  тарихи  əр  кезең,  əлеуметтік  құбылыстар  өзінің 
дарынды  өкілдерін  жарыққа  шығарып  отырған.  Елдің  мұң 
мұқтажына  перзенттік  ыстық  махаббатпен  қарап,  бүкіл  өмірін 
сол  мүдделердің  қайшылықтарын  шешуге  бел  шеше,  жең 
сабына  кіріскен  қаншама  атабабаларымыздың  еңбегі  жарық 
көріп  жатыр.  Олар  замандар  толқынынан,  уақыт  сынынан  өтіп 
бізге  жетті.  Əр  халықтың,  адамзат  қоғамының  мұң-мұқтажына, 
игілігіне  бүкіл  күш  –  жігерін  аямай  еңбек  еткен,  келешек 
ұрпақтарына  өшпес  тағлым,  рухани  қазынаның  сарқылмас, 
тоқтықпас  үлгісін  қалдырған  ардақты  азаматтары  болғанын 
тарихтан танып біліп отырмыз. Олардың ізгілікті дəстүрлі елдің 
өмірінің өлшемі сияқты.  
Сондай  тұлғалардың бірі  қазақ  халқаның  тарихындағы  аса 
бір  көрнекті  орын  алған  қайраткері  Ыбырай  (Ыбыраһим) 
Алтынсарыұлы (1841 – 1889).  
 
Əдебиеттер 
1.
  Сүлейменов  Б.  Ы.  Алтынсарин  –  «Социалистік 
Қазақстан» 1949, 17 шілде. 
2.
  Сыдықов  Ə.  Ы.  Алтынсариннің  педагогикалық  жəне 
ағартушылық қызметі. «Халық мұғалімі» жур. 1949, № 7, 32-37 
беттер. 
3.
  Сыдықов Ə. Ы. Алтынсариннің педагогикалық пікірлері 
жəне  ағартушылық  қызметі.  Алматы  «Қазмемокуқұралбас», 
1950,188 бет. 
4.
  Ақынжанов  М.  Қазақтың  ұлы  адамдарының  ұлы 
халықпен  достығы.  (Абай  жəне  Алтынсариннің  орыс 
классиктерімен достығы). 
5.
  Ильминский  Н.  Алтынсарин  туралы  –  «Социалистік 
Қазақстан», 1966, 1 қараша. 
6.
  Қазақтың  педагог-ағартушысы  Ы.  Алтынсариннің  өмірі 
мен  қызметі  туралы  материалдардың  библиографиялық 
көрсетші. – Кітапта: Алматы, 1950, № 5,55-57 беттер. 
7.
  Ламашев  Ə.  Ибрай  Алтынсарин  и  его  русские  друзья, 
последователи. Қаз. 1888. 
 
 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
300 
Рыскелдиева Г.Д.,  А.О.Маканова А.О., Аңламасова А.Б. 
Қазақ түрік лицейі 
Алматы, Қазақстан 
 
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ТАЛДАУ 
  
Сабақтың  тақырыбы:  Ж.  Жабаев  шығармашылығына 
талдау. 
Мақсаты: 1. Шығармашылығы екі ғасырды теңдей қамтып 
жатқан  Жамбыл  шығармаларына  талдау  жасай  отырып,  оның 
ақын, айтыс ақыны, жырау, жыршы екенін таныту. 
2.  Оқушылардың  поэзиялық  шығармаларды  сатылай 
кешенді  талдау  біліктерін  дамыту,  ақынның  азаматтық 
қасиеттеріне баға бере білу, сыни ойлау, шығармашылық ойлау 
қабілеттерін дамыту. 
3.  Жамбылдың  адамдық-азаматтық  тұлғасы  негізінде 
рухани-адамгершілік, елжандылық тəрбиесін беру. 
Сабақтың тегі: бекіту, қорыту. 
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс. 
Сабақтың  əдісі:  талдау,  жинақтау,  ізденушілік,  сатылай-
кешенді талдау, көрнекілік, Блумның сұрақ қою жүйесі. 
Сабақтың  жабдығы:  Жамбыл  туралы  суреттер,  өзге 
ақындардың  Жамбыл  туралы  нақыл  сөздері,  хронологиялық 
кестелер, электронды оқулық. 
Күтілетін нəтиже: Жамбылдың бірқатар өлеңдеріне толық 
сатылай  кешенді  талдау  жасау.  Ақынның  жыршы,  ақындар 
айтысының  алыбы,  сатиралық  өлеңдердің  шебері,  лирик  ақын 
екеніне оқушылардың баға беруі. 
 
Сабақтың ұзақтығы: 40 мин. 
Сабақ барысы 
Сабақтың 
кезеңдері 
Мұғалім əрекеті 
Оқушы əрекеті 
Уақыты 
I Ұйымдас-
тыру 
 
Сынып бөлмесінің 
тазалығы 
оқушылардың 
сабаққа қатысуы 
Оқушылардың сабаққа 
əзірленуі 
3 топқа бөлу 
 
1 мин 
 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
301 
II Өткен 
тақырыппен 
байланыс 
 
 
 
 
-Біз өткенде қай 
ақынның 
шығармашылығы-
мен таныстық? 
-Ақын өмірі, 
шығармашылығы 
туралы не білеміз? 
Бір немесе екі оқушы өмірі, 
шығармашылығы туралы 
хронологиялық кесте, тірек-
сызбаларды пайдалана 
отырып əңгімелейді. 
3 мин. 
 
 
 
 
 
III Сабақ 
мақсатын 
айқындау 
 
Біз бүгінгі сабақта 
Жамбыл ата 
шығармашылығына 
талдау жасаймыз. 
Онда біз Блумның 
сұрақ қою жəне  
Н. Оразыханованың 
сатылай кешенді 
талдау жүйелерін 
пайдаланымыз. 
“Жамбыл-ақын” 
“Жамбыл-жыршы” 
“Жамбыл-айтыскер 
ақын” тақырыбына 
жауап іздейміз. 3 
топтың 
оқушыларының 
жауаптарын арнайы 
“эксперт”оқушылар 
сараптайды. 
Талданатын өлеңдер: 
“Кəдірбайдың 
төбеті”, “Бұрымға”, 
“Кедей күйі”, 
“Жалғызбын деп 
жүрмесін”, “Əділдік 
керек халыққа 
Оқушылар 3 топқа бөлінген 
1-топ “Жамбыл-ақын” 
 Білім Жамбылдың бірқатар 
өлеңдеріне сатылай кешенді 
талдау жасау.  
Түсіну Жамбыл
 өлеңдерінен 
ақынның өз бейнесін көре 
аламыз ба? 
Қолдану Ақын
 өз 
өлеңдерінде оқырманға 
қандай ой тастайды? 
Талдау__Бүгінгі_күнде_жыршылар_бар_ма__Жинақтау'>Талдау Жамбыл
 қандай 
өлеңдерінде ақын, ақындық 
өнер жөнінде айтады? 
Жинақтау Ақынның
 қай 
өлеңдері өзіңе ұнады?  
Бағалау Ақын
 өлеңдерінің 
бүгінгі таңдағы маңызы 
немесе Жамбыл атаға хат 
2-топ “Жамбыл-жыршы” 
Білім Жыршы
 деп кімді 
айтамыз? Жамбыл қандай 
жырларды жырлады? 
Түсіну Жырау
 мен жыршы 
ұғымдарын салыстырыңыз 
Қолдану
 Жамбыл 
дастандарына талдау 
жасаыңыз 
Талдау
 Бүгінгі күнде 
жыршылар бар ма? 
Жинақтау
 Өтеген батыр, 
Сұраншы батыр 
дастандарындағы 
кейіпкерлерге мінездеме бер 
Бағалау
 “Жамбылдың 
ұшқыр қиялы” тақырыбына 
эссе, ой толғау жазыңыз. 
3-топ “Жамбыл-айтыскер 
ақын” 
10 мин. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
10 мин. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
10 мин. 
 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
302 
Білім
 Айтыс қандай өнер? 
Жамбылдың қандай 
айтыстарын білесің? 
Түсіну
 “Жамбыл мен 
Айкүміс”, “Жамбыл мен 
Құлманбет” айтыстарының 
мазмұны 
Қолдану
 Жамбыл ақындық 
айтыс өнеріне қандай 
жаңалық əкелді? 
Талдау
 Осы күнгі ақындық 
айтыс өнерінің Жамбыл 
заманындағы айтыстардан 
қандай айырмашылығы бар? 
Жинақтау
 Жамбыл мен 
Құлманбет ақындарға 
салыстырмалы мінездеме 
беріңіз. 
Бағалау 
“Жамбыл-ақындар 
айтысының алыбы” 
тақырыбына шағын 
 
IV Қорыту 
 
Қорыта айтқанда, 
Жамбыл ақындығын 
түсіну үшін оның 
ауызша айтқыштығын, 
импровизаторлығын 
талдап ұғыну қажет. 
Жамбыл бірде 
М.Əуезов бастаған 
өнер адамдарын өз 
үйінде қабылдап 
отырып: «Менің 
түлкіішігімнің 
астарына шейін толған 
өлең, сілкісем өлең 
түседі»,-депті. Рас, сөз, 
Жамбыл 15 жастан 
бастап, бір ғасырлық 
өмірінде ұшан-теңіз 
өлең айтқан. Ол 
өлеңдерін бір 40 
минутқа сыйғызу 
əрине, қиын. 
Сондықтан мына 
сұрақтарға жауап 
жазып жіберсеңіздер. 
Нені білдік? Нені 
 
2 мин 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
303 
білгіміз келеді? 
V Бағалау 
 
 
 
Əр топтың “эксперт” 
оқушыларының бағалауын 
басшылыққа алу 
 3 мин. 
VI Үйге 
тапсырма 
 
 
“Халық поэзиясының 
алыбы” тақырыбына 
шығарма жазу 
1 мин. 
 
 
 
 
 
Рыскелдиева Г.Д., Сарсанбеков Қ.К. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
СӨЗДЕРДІ БІРІКТІРУ ТƏСІЛІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН  
МАШИНАЖАСАУ ТЕРМИНДЕРІ 
 
Кез-келген сөз белгілі бір мамандық атауын білдірген кезде 
ғана ғылыми- техникалық терминге айналады. 
Өзіндік  ғылыми,  мəдени,  экономикалық,  техникалық 
ұғымдары  жоқ  тілді  қоғамның  ішкі  жəне  сыртқы  сан  алуан 
сұраныстарын  қанағаттандыра  аларлық,  толыққанды  тіл  деуге 
келмейді. 
Академик Ə.Қайдаров: «Ғылым тілі-əр саладағы ғылымның 
өзіне  ғана  тəн  тілдік  ерекшеліктердің  белгілі  жүйесі  қолданыс 
тəсілдері»-деп өте орынды көрсеткен.  
Техника  саласындағы  терминдердің  де  негізі  1920-30 
жылдар  арасында  жасала  бастады.  Мысалы,  М.Əуезовтің 
аудармасымен «Құрылыс материалдары» деген кітап 1926 жылы 
жарық көрді. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
304 
Осы  тұста  Қызылорда  қаласында  араб  алфавитінде 
Қаратышқановтың  құрастыруымен  «Пəн  сөздері»  жарыққа 
шықты.  1931  жылы  латын  əріпімен  «Атаулар»  сөздігі  басылып 
шықты. 
Одан кейінгі жылдары белгілі ғалымдар мен мамандардың 
кітаптары, 
сөздіктері 
шыға 
бастады. 
(Ө.Жолдасбеков, 
Ə.Əбдірахмановтардың 
авторлығымен 
«Орысша-қазақша 
механизм  мен  машиналардың  терминологиялық  сөздігі»,            
1968-130б; 
Д.Серікбаев, 
Ө.Жолдасбеков, 
С.Тəжібаев, 
Ə.Əбдірахмановтардың 
авторлығымен 
«Машина 
жасау 
терминдерінің 
орысша-қазақша 
сөздігі», 
1974-192б; 
Е.Бекмұхамедовтардың 
авторлығымен 
«Орысша-қазақша 
политехникалық  түсіндірме  сөздік»,  1979-б;  Ө.Жолдасбеков, 
А.Ахметов,  Т.Иманқұлов,  Н.Сағитовтардың  авторлығымен 
«Машинажасау 
терминдерінің 
орысша-қазақша 
сөздігі,                   
1997-108б;  Ө.Жолдасбеков,  А.Ахметовтардың  авторлығымен 
«Қатты  денелер  механикасы  терминдерінің  орысша-қазақша 
сөздігі»,  1997-85б;  Ж.М.Есмұханов,М.Р.  Түсіпбековтардың 
авторлығымен  «Машинажасаудың  қазақша-орысша  орысша-
қазақша терминологиялық сөздігі», 2000-287б.). 
Сөздерді  біріктіру  –  жаңадан  сөз  жасаудың,  тілдің 
лексикасын  байытудың  өнімді  тəсілінің  бірі.  Сондықтан 
біріккен сөздер мəселесі ең алдымен сөзден сөз тудыру, жаңадан 
сөз  жасау  туралы  бөлімде,  грамматиканың  морфология 
саласында,  лингвистиканың  лексикология  тарауында  да 
қарастырады.  
Грамматикалық  тəсіл  ретінде,  біріккен  сөздерге  тəн  басты 
бір белгі – біріктірілген сөздердің бір – бірімен не салаласа, не 
сабақтаса  байланысуы;  құрамындағы  əрбір  компоненттің  жеке-
жеке  мағыналарының  біріккен  сөзге  кіріккендегі  ие  болған 
мағынасына дəлме-дəл сай келмейтіндігі. 
Сөздер  біріктірілгенде,  ең  алдымен,  олардың  əрбір  жеке 
компонентінің  грамматикалық  формалары  мен  грамматикалық 
топтары өзгеріске ұшырауы мүмкін. Мəселен, бұл жыл, бұл күн, 
ендігіден  əрі,  алып  бер  тіркестерінің  бірігуі  нəтижесінде  биыл, 
бүгін, ендігəрі, əпер сөздері пайда болған. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
305 
Ал  машинажасауға  қатысты  терминдердің  көбі  ешбір 
өзгеріссіз біріккен. 
Бірінші сыңары негізгі зат есім, екінші сыңары туынды зат 
есімнен біріккен сөздер. 
Жоңқаопырғыш – стружноломатель; 
жерқысқыш – заземление; 
деңгейөлшегіш – уровонмер; 
бөшкетəрізділік – бочнообразность; 
бусұйықтық – конденсат 
2)  Бірінші  сыңары  сан  есімнен,  екінші  сыңары  зат  есімнен 
болған терминдер: 
Алтыбұрыш – шестиугольник; 
біртектілік – однородность 
3)  Бірінші  сыңары  сын  есім,  екінші  сыңары  зат  есімнен 
болған терминдер: 
Айқассалын – нахлест; 
бұрамашеге – шуруп; 
бірікпеұстатқыш – блокодержатель; 
дəлмөлшер – доза; 
кеуектас – пемза; 
кірқалқан – бризговик; 
иректүтік – змеевик 
4)  Бірінші  сыңары  зат  есім,  екінші  сыңары  етістіктен 
жасалған біріккен терминдер: 
Тісқыру – зубошевингование; 
тіскесу – зубонарезание; 
тіссүргілеу – зубострогание; 
білдекжасау – станкостроение 
Осы  ретте  белгілі  суреткер  Константин  Паустовскийдің 
мына бір пікірі орынды айтылған. Ол «Əрбір адамның өзінің ана 
тіліне  деген  көзқарасына  қарап,  оның  мəдени  деңгейін  ғана 
емес, сонымен бірге азаматтық жөнінде де мүлтіксіз баға беруге 
болады. 
Қоғамдық  қатынастағы  ғылым  мен  білімнің,  техниканың 
заман талабына сəйкес дамып, өркендеп отыруына орай тілдегі 
терминдік жүйеде де өзгермей тұра алмайды. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
306 
Ғылыми  –  техникалық  терминдерді  қалыптастырудың 
кеңестік  терминология  мектебінің  негізін  қалаушы  Д.С.Лотте 
көрсеткен үш негізгі тəсіл бар: 
1-тəсіл 
туынды  сөздердің,  күрделі  сөздердің,  сөз 
тіркестерінің негізінде түзіледі;  
2-тəсіл  (семантикалық)  тілде  бар  терминдер  немесе 
жалпыхалықтық сөздердің мағынасын өзгертіп қолдану жолы; 
3-тəсіл  басқа  тілдік  терминдерді  қолдану,  яғни,  кірме 
терминдер. 
Термин  жасаудың  бұл  тəсілі  термин  біріктірумен  ғана 
шектелмейді.Сонымен  бірге  ол  сөздердің  немесе  терминдердің 
тіркесімі  арқылыда  жасала  береді.  Мынадай  басты-басты 
модельдерді іштей жіктеп көрсетуге болады. Біріншіден, термин 
құрайтын  екі  компоненттің  екеуі  де  бір-біріне  тəуелсіз  тең 
мағыналы  төл  түбірлер  болып  келуі  мүмкін:  мойынтірек 
(подшипник),  иінтірек  (рычаг),  іскенже  (тиски),  тырнақіз 
(царапина),  сымкөз  (фильера).  Екіншіден,  термин  құраушы 
компоненттердің  бір  сыңары  түбір  сөзден  болса,  екінші  сыңары 
туынды сөз болып келеді. Мысалы: бусуытқыш (пароохладитель), 
буоқшаулағыш, 
(пароизоляция), 
дірілжазғыш 
(виброграф), 
дірілөлшеуіш  (виброметрия),  жүккөтергіш  (грузовой  подъемник), 
шалапісірілім  (непровар),  ылғал-өткізгіштік  (влагопроводность) 
т.б. Үшіншіден, термин құрайтын екі компоненттің бір сыңары төл 
тілімізден  алынса,  бір  сыңары  халықаралық  атау  түрінде  қалып 
қойған: 
макроқұрылым 
(макроструктура), 
макросызат 
(макротрещина),  машинажасау  (машиностроение),  машинатану 
(машиноведение), пневможетек (пневмопровод), термоқыздырғыш 
(термонагреватель). 
Жалпы тіл білімінде сөздерді біріктірудің екі тəсілі бар.Түбір 
тұлғасын  өзгеріске  ұшыратпай  біріктіру  жəне  түбір  тұлғасы 
дыбыстық өзгеріске ұшырап барып біріктіру.Термин түзуде екінші 
тəсілден гөрі бірінші тəсіл өнімдірек қызмет атқарады. 
Бірігу  арқылы  жасалған  машинажасау  терминдері-көбіне 
атқаратын  қызметіне  қарай  берілген  атаулар.  Бұл  сөздерді 
естігенде  құрал  атауының  қандай  жұмыс  атқаратындығы  бірден 
түсінікті  болады.  Мысалы:  тозаңұстағыш  (пылеулавливатель), 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
307 
тесікойғыш 
(дыропробиватель), 
теміражыратқыш 
(железотделитель), ылғалөткізгіштік (влагопроводность).  
Осы  заманғы  техника  ғылымының  дамуына  байланысты 
туындаған жаңа ғылыми ұғымдар техника саласының үнемі жаңа 
терминдермен толығып отыруына себепкер болып отыр. 
 
 
Рысқұлбекова К.С., Көшерова М.С. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ƏЛ-МАШАНИДІҢ БҮТІН ҚАЗАҚИЯ ҚАУЫМЫНЫҢ 
АЛДЫНДА ОРЫНДАП ШЫҚҚАН МƏҢГІ ҰМЫТЫЛМАС 
АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫ 
 
Жоғары  оқу  орындарына  қойылып  отырған  бүгінгі  талап 
жан-жақты  білімді,  ой-өрісі  кең,  жаңаша  ойлауға  қабілетті,  
əлемдік  озық  технологиядан  хабары  бар  студенттерді  даярлап 
шығу. 
Бұл істі жүзеге асыруда қазақ тілі пəнінің де қосар үлесі зор. 
Қазақ  тілі  пəні  техникалық  жоғарғы  оқу  орнының  студенттеріне 
мемлекеттік  тілді  қатысымдық  тұрғыда  меңгертуге,  сөздік 
қорларын  тұрмыс-тіршілікте,  қоғамдық-əлеуметтік  салада  еркін 
пайдалана  білуге,  мамандықтарына  сəйкес  материалдарды 
меңгертумен қатар олардың жалпы дүниетанымы, рухани əлемнің 
ауқымын кеңейтуге, ойлау логикасын дамытуға үйретеді.  
Мамандыққа  байланысты  материалдарды  студенттер  зор 
ынтамен  орындайды,  себебі,  таңдап  алынған  материалдар 
студенттің болашақ мамандығы бойынша өте қажет жəне пайдалы 
мағлұмат береді. 
Мысалы,  əр  ғылымның  дамуында  қажымай  еңбек  еткен, 
негізін  қалаған  бір  туар  дарын  иелері  бар.  Солардың  еңбек 
жолдары,  бастан  кешкен  оқиғалары  сол  салада  оқып  жүрген 
студентті  қызықтырары  даусыз.  Мысалы  алатын  болсақ 
«Елімізге еңбегі сіңген ҚазҰТУ түлектері» 10 модуль 45 сабақта 
(Студенттің  пəнді  оқу  əдістемелік  кешені.  «Қазақ  тілі»  пəні 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
308 
бойынша.  А.2004  ж.  131  бет).  Ғұлама  ғалым  А.Ж.Машанов 
туралы  мəтін  берілген.  Студент  сұрыпталып  алынған  бұл 
мəтінді  оқып,  аударып,  мазмұнын  айтып,  кəсібіне  қатысты 
сұраққа  жауап  беріп,  кəсібіне  қатысты  сөздерді  теріп,  сөз 
тіркесін,  сөйлем  құрап,  тақырып  бойынша  берілген  əр  түрлі 
тапсырмаларды  орындайды.  Бұл  модуль  бойынша  СӨЖ  бен 
СОӨЖ  тақырыптарымен  көптеген  жұмыстар  жүргізу  арқылы 
ғылымға  аяқ  басады,  олардың  ізденушілік  ерекшелігі  оянып, 
интеллектуалдық  қабілеті  дамиды.  Мамандығы  кен  инженері 
ұлы  ғалымның  ғылымның  бірнеше  саласын  меңгергендігі 
студенттердің  өздеріне  деген  мүмкіндіктеріне  сын  көзімен 
қарауды  үйретеді:  геомеханика  ғылымының  негізін  қалаушы, 
Ақбастау,  Құсмұрын  кен  орындарын  ашушы,  табиғат 
ғылымдарын  қалың  оқушыға  таратушы,  жазба  əдебиетте  қазақ 
фантастикасына  алғаш  қалам  тартқан  жазушы.  Мың  жыл  бойы 
Қазақстанды  шарлап  ешбір  мəлімет  таба  алмаған  ғалым  ұлы 
ғұлама бабасы əл-Фарабидің еңбектерін басқа қалалардан, одан 
кейін  шет  елдерден  іздеуге  кіріседі  Москва,  Ленинград, 
Ташкент,  Уфа,  Қазан  қалаларының  ірі  кітапханаларына  барып 
əл-Фараби туралы мағлұмат жинап, бірнеше еңбектерін табады. 
Ғылым  іздеп  араб  халифатына  кеткен  əл-Фараби  сол  жақта 
өмірін  өткізген,  жазған  барлық  еңбектері  араб  тілінде  болған, 
көпшілік қауымның оны араб ғалымы деп түсінуі де сондықтан 
болған. 
əл-Машани  бабасының  шығармаларын  жəне  оның 
еңбектерін  зерттеген  адамдардың  дүниелерін  қолына  түсіреді 
де,  енді  оларды  аудару  үшін  араб  тілін  өзі  үйрене  бастайды. 
Араб  тілін  үйрететін  адамның  Қазақстанда  жоқтығы  біраз 
қиыншылықтар  туғызғанымен  еңбекқор  ғалым  ізденіп  жүріп 
тілді  игеріп  алады.  Ғалымның  ең  негізгі  мақсаттарының  бірі 
бабасының  жерленген  жері  Дамаскіге  барып,  оның  қойылған 
зиратын  тауып,  белгі  қою.  Ғалым  бұл  мақсатына  да  жетеді. 
Москва  арқылы  Сирияға  ұшып  бара  жатқан  ғалым  «Менің 
жүрегім  лүпілдеп,  əл-Фараби  алдымнан  қарсы  шығатындай 
сезінемін» деп жазады. Бабамыздың мəңгі мекені 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
309 
Баб ас Сағир зиратына келіп əл-Фараби қабырын да тауып 
суретке  түсіріп  алады.  Бабасының  жұпыны  қабырын  көріп 
жүрегі  сыздаған  ғалым  арабтарға  өкпе-назын  айтып  əл-
Фарабидің басына ескерткіш тас қоюға септігін тигізеді. Ғалым 
ұстаз  мың  жыл  бойы  тарих  тұғырында  жатып  қалған  дүние 
жүзінде  «екінші  ұстаз»  атанған  ұлы  бабамыз  Мұхамед 
Абунасыр əл-Фарабиді туған елімен осылай қауыштырады. 
Ғұлама ғалым əл-Машани қаламынан туындаған əл-Фараби 
мұралары  ұлы  баба  болмысын  ұрпақ  алдында  шоқтығын 
биіктете бермек.  
 

1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал