Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



жүктеу 2.81 Kb.

бет30/32
Дата22.12.2016
өлшемі2.81 Kb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Əдебиеттер 
1. ҚР Тіл туралы заңы. -Алматы: 2004. - 5 – 11 б. 
2. Тілдерді дамытудың 2001-2010 ж. арналған Мемлекеттік 
бағдарлама. -Алматы: Юрист, 2004. - с. 17-30. 
3.  Колосов  А.  В.  Как  начинался  Интернет  в  Казахстанских 
регионах // Computer Club № 9, 2003. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
320 
4.  Колосов  А.  В.,  Родионов  А.  Аудитория  Интернета  в 
Казахстане. - Computer Club № 4, 2004. 
5.  Қазақстан  Республикасындағы Тілдер  туралы  негізгі  заң 
актілері. - Алматы: Юрист, 2005. – 40 б. 
С.С.Татиева, А.М. Қазезова,  
 
 
Салимова Н.Т. 
№94 Мектеп-гимназиясы 
Алматы, Қазақстан 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫ-
КОММУНИКАТИВТІК ƏДІС-ТƏСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесі  қарқында  даму  үстінде. 
Оның  алға  қойып  отырған  міндеттерінің  бірі  –  болашақ 
мамандарды 
даярлау 
барысында 
оқытудың 
жаңашыл 
технологияларын  барынша  кеңінен  қолданып,бəсекелестікке 
қабілетті,  сауатты,  жан-жақты,  рухани  қазынасы  бай, 
адамгершілігі мол азаматты тəрбиелеп шығару. 
Осыған  байланысты  Қазақстан  Зеспубликасының  «Білім 
туралы» Заңында: «Білім  беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық 
жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға  жəне кəсіби 
шындауға  бағыталған  білм  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау, 
оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық əдіс-тəсілдерді 
еңгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желілірге шығу». 
«Инновация»  дегеніміз  –  латынша  –  жаңа,  жаңғырту, 
жаңашылдық, өзгерту деген мағыналарды білдіреді. 
Өткен ұрпақ үшін білім алып, өзін жан-жақты дамыту үшін 
кітаптың  рөлі  қандай  маңызды  болса,  қазіргі  кезде 
компьютерлік  техниканы  қолдану  да  үйренушінің  тілді  жете 
меңгеріп,  білікті  де  парасатты  маман  болып  қалыптасып,  еліне 
елеулі қызмет етуі үшін де сондай өте маңызды. Компьютермен 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
321 
оқыту- оқушылардың өз бетімен ізденіс жасауына үлкен септігін 
тигізетін  бірден-бір  тиімді  құрал.  Оқушы  электрондық 
оқулықтағы  жаңа  грамматикалық  материалды  өздік  оқып,  оны 
пысықтау  үшін  берілген  түрлі  қызықты  жаттығуларды 
орындайды, тірек сөздермен жұмыс жасайды, сол арқылы жаңа 
тақырыпты  қаншалықты  меңгергенін  анықтайды.  Лексикалық 
тақырыпты  өткен  кезде  қызуғышылық  тудырған  тұстарда 
оқушы  кітапханалық,  мұрағаттық  қорға  кіріп,  галереяға  саяхат 
жасап, қосымша ақпарат ала алады, суреттер салу, оны баяндау 
негізінде тақырыпты бекітеді, портреттер, пейзаждармен танысу 
арқылы  өзін  жан-жақты  дамытып,  эстетикалық  байыта  түседі, 
сауалдарға  жауап  беру,  ой-толғаныс  тапсырмаларды  орындау 
арқылы  логикалық  ойлау  икемділігін  арттырады.  Мұнда 
сонымен  қатар,  анықтамалық,  аударма  сөздіктермен  жұмыс 
жасау  мүмкіншілігі  де  бар.  Ал  материалды  жақты  есте  сақтау 
үшін  анимация,  айрықшалау,  т.б.  компьтерлік  амалдар 
қолданылады. 
Өтілген  тақырыпқа  қатысты  жаттығуларды  компьютермен 
орындау  оқушыны  өз  бетімен  жұмыс  істеуге,  жауаптылыққа, 
төзімділікке,  мақсаткерлікке  тəрбиелейді,  шығармашылық 
қабілетін  дамытады.  Білімді  бақылау  мен  бағалаудың  осындай 
тиімді  жолдарының  біріне  тест  тапсырмалары  жатады.  Тест 
сұрақтары қарапайым, түсінікті тілмен құрастырылып, мазмұны 
айқын,  нақты  болуы  тиіс.  Аралық  бақылауды,  сынақ, 
емтихандарды тест арқылы қабылдау оқушылардың мемлекеттік 
тілді меңгерту деңгейін айқындап береді. 
Сабақтың  тақырыбы:  Қаныш  Сəтбаев  атындағы 
планета
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  халқымыздың  біртуар 
перзенті,  Ғылым  академиясының  тұңғыш  президенті  –  Қаныш 
Сəтбаевтың өмірбаяны мен еңбегі туралы əңгімелеу, Қ.Сəтбаев 
атындағы планета туралы жалпы мəлімет бере отырып,мəтіннің 
мəн-мазмұнын түсіндіру, мəнерлеп оқуға үйрету. 
Дамытушылық  –  тапсырмалар,  сұрақтар,  ойын  арқылы 
оқушылардың  дүниетанымын,  ойлау  қабілеттерін,  жазба, 
ауызша  тіл  байлықтарын  жəне  шығармашылық  қабілеттерін 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
322 
дамыту,өздігінен  жұмыс  істеуге,  белсенділікке,  тиімді  шешімді 
табуға, синоним, антоним сөздермен дұрыс сөйлем құрастыруға 
дағдыландыру. 
Тəрбиелік  –  оқушылардың  бойларына  жақсы  қасиеттерді 
жинай  білуіне,  ұлтжандылыққа,  еңбекқорлыққа,  адамгершілік 
қасиетті  сіңіре  білуге,  көркем  сөйлеуге  жəне  өзгенің  пікірін 
сыйлай білуге баулу. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру. 
Сабақтың түрі: іздендіру сабағы. 
Сабақтың əдіс-тəсілі:   əңгімелеу,  сұрақ-жауап,  топпен 
жұмыс, талдау, тест 
Техникалық құралы: интерактивті тақта, компьютер. 
Сабақтың  барысы:  I.  Ұйымдастыру  кезеңі.  IІ.  Үй 
тапсырмасын тексеру.  ІIІ. Жаңа тақырып. 
І.  Сəлемдесу.  Əнұранды  айту.  Кезекшімен  сұхбат. 
Оқушыларды  түгендеу,  белгілеу.  Сыныпты  3  топқа  бөлу, 
назарларын  сабаққа  аудару.Топ  басшыларына  бағалау  парағын 
таратып  беру  (бағалау  парағына  жауап  берген  оқушыларды 
белгілеп отыру керек). 
ІI.  Үй  тапсырмасын  сұрау.  Интерактивті  тақта  бойынша 
Қ.Сəтбаевтің өміріне шолу(слайдтар көрсетіледі). 
1 – топ 
Қаныш  Сəтбаев  туралы  не  білесің?  Ол  қай  жылдары  өмір 
сүрген?  
Қай жерде дүниеге келген? Сəтбаевтің атында нелер бар? 
1 – топқа арналған карточка.(Берілген сөздердің синонимін 
тап жəне сөйлемдер құрастыр). 
Жан-жақты, ...     ; тұңғыш, ....  ;  
ықпал,  ....  ; байлық, .... ; 
ерлік, ....  ; тірегі, ....  . 
2 – топ 
Қ.Сəтбаев қандай ғалым? Ғалымның қағидасы қандай еді? 
 Ер дегеніміз кім? Қ.Сəтбаев қандай адам болған? (сипатта). 
 2 – топқа арналған карточка.(Берілген сөздердің антонимін 
тап жəне сөйлемдер құрастыр). 
Қысқа бойлы - .....  , ақ құба - ....  ,  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
323 
батыр - ....  , биік - ....  ,   бостандық - ... , алып денелі - ...   .  
3 – топ 
Қ.Сəтбаев  Англияда  кіммен  кездесті?  Өз  елі  туралы  не 
деді? 
Қ.Сəтбаевтің ерлігі неде? Қ. Сəтбаевтің мінезі қандай  деп 
ойлайсыңдар? 
3 – топқа арналған карточка. (Берілген сөздерді сөз құрамына 
қарай талда). 
Бірінші  рет,  тарихында,  қағидасы,  кен  орны  рудаларынан, 
ықпалын тигізген, Арқаның айдынында. 
ІІI.  Жаңа сабақ.  
Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек ? 
Қ. Сəтбаев атында планета бар екендігі туралы. 
Мəтінді  түсініп  оқып,  өз  білімдерін  жеткізе  білулері  . 
Планетаны сипаттай білу. 
Бүгінгі сабақта нені үйренуіміз керек? 
Сөздік  қорды  молайту  барысында,  жаңа  сөздерді  меңгеру, 
олармен сөйлемдер құрастыра білу. 
Сөйлем ішінен бастауыш пен баяндауышты тауып, оларды 
тұлғасына  қарай  ажырата  білу.  Синоним,  антоним  сөздермен 
жұмыс жүргізе білу. 
Жаңа сөздер:  
Ұсыныс – предложение; 
Қолдау – поддержать;  
Бекіту – утвердить; 
Айнала қозғалады – движется вокруг; 
аспан  денесі  –  небесное  тело;  көлемі  шағын  –  площадь 
небольшая; 
Қашықтық – расстояние.  
(Сөздерді 
хормен  оқыту,  жеке  оқыту,  сөйлемдер 
құрастыру). 
Оқулықтың 136 – бетін ашып, мəтінмен жұмыс жасау. 
Сұрақтар  қою  арқылы  мəтіннің  мазмұнын  оқушылар 
жеткізе білуге тырысады. 
(Топпен  жұмыс:  1-  топ  сұрақ қояды, 2  –  топ жауап  береді,  
3 – топ сұрақ қояды, 1 – топ жауап береді) 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
324 
1-2 оқушы планетаны сипаттайды. 
Интерактивті  тақтаға  жаттығу  жұмыстары  жазылып, 
оқушылар  бастауыш  пен  баяндауышты  ажыратып,  оларды 
тұлғасына қарай талдайды. 
(Тақтамен жұмыс, дəптермен жұмыс). 
1. 
Қазақ 
КСР 
Ғылым 
академиясы 
Астрофизика 
институтының  ғалымдары  Күн  жүйесінің  бір  планетасына 
Қаныш  Имантайұлы  Сəтбаев  есімін  беру  жөнінде  ұсыныс 
жасаған 
еді.Бұл 
планетаны 
1979 
жылы 
Қырым 
Обсерваториясының  аға  ғылыми  қызметкері  Н.Черных  ашқан 
еді.  Жерден  жүздеген  шақырым  қашықтықта,  космос  төрінде 
Қ.Сəтбаев атындағы планета ұшып жүр. 
2. 
Синонимдерін тауып, сөйлемдер құрастырыңдар: 
Ғалым,  ...      ;  əйгілі,  ...    ;  есімін  берді,  ,,,;  өте  бағалы,  ....  ; 
атақ, ... . 

Антонимдерін тауып, сөйлемдер құрастырыңдар: 
Білімді - ... ; мəлім - ...  ; алыс - ...;  тұңғыш - ... ; дүниеге 
келді – ....  . 
«
Ой қозғау» кезеңі. 
Интерактивті тақтаға тапсырма жазылған: 
Зат есім  - 1 
Планета 
  (
бастауыш) 
Сын есім  - 2 
қара сұр, қара қоңырлау 
Етістік  - 3 
айналып шығады, ұшып жүр.          
                              (
баяндауыш, күрделі) 
Сабақты қорыту. 
Интерактивті тақтаға тест сұрақтары жазылған. (Жеке қағаз 
алып, жылдам жауап беру) 
1. Қ. Сəтбаев кім? 
А)   ғалым, геолог; ə) ақын, айтыскер; б) жазушы,оқымысты 
2. Қай жылы ЮНЕСКО – ның шешімімен  «Сəтбаев жылы» 
аталды? 
А) 1998 жыл;  ə)  1964жыл;  б) 1999 жыл 
3. Қ. Сəтбаев атындағы планета қай жылы ашылды? 
А)  1968 жылы;   ə)  1979 жылы;    б) 1989 жылы 
4. Планетаны ашқан кім? 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
325 
А)  Астрофизика  институтының  ғалымдары;    ə)  Уинстон 
Черчилль; б) Н.Черных 
5. Планетаның диаметрі қандай? 
А)  бір  жарым  шақырымдай;  ə)  төртбұрышты;  б)  бір 
шақырымдай 
Бағалау. (Бағалау парақтарын жинап алу) 
Оқушылардың  сабаққа  қатысу  ынтасын  ескере  отырып, 
тиісті бағаларын қою. 
Үйге  тапсырма:  136-137  бет  мəтінді  мазмұндау,  жаңа 
сөздерді жаттау,  
138 – бет, 9 – тапсырманы жазбаша орындау. 
 
Əдебиеттер 
1. Адамбева Ж. , Оразбаева Ф., Оналбаева К. Қазақ тілі. 10 
сынып. – Алматы, “Мектеп”, 2006 – 136 б.  
2. Использование интерактивной доски...// 12 летнее 
образование, 2008. № 2. – С. 33 
3. Қазақ тілінде қолданылатын ақпараттық – компьютерлік 
технологиялар – 12 жылдық білім 2008, № 3 – 24-25 б.   
Татиева С.С., Н.И. Бөлекбаева Н.И., 
Казезова А.М., Р.М.Ускенбаева 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖҮЙЕЛІ МЕҢГЕРТУ 
БАРЫСЫНДАҒЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Білім  беру  тұжырымдамасында  өмір  талабы  ретінде  екі 
тілде сөйлеуді одан əрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін 
басқа  ұлт  өкілдеріне  мемлекеттік  тілді  меңгерту,  сол  сияқты 
орыс  аудиторияларында  қазақ  тілін  оқытудың  сапасын 
жақсартудың міндеттерін алға қойып отыр.  
Жоғары  оқу  орындарында  оқитын  студенттердің  қазақ 
тілінде  дұрыс  сөйлеуін,  жазуын,  мамандығына  қатысты 
баяндауын  жетілдіру,  кəсіби  сөйлеу  тілін  дамытуды  жүзеге 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
326 
асыру  үшін  оқытушы  болашақ  маман  иелерінің  сөздік  қорын 
мамандыққа  байланысты  кəсіби  лексикамен  молайтып,  кəсіби 
тілдік қатынаста жүзеге асыруы керек. 
Оқу  орыс  тілінде  жүргізілетін  аудиторияларда  қазақ  тілін 
оқыту  мəселесі  студенттердің  қазақ  тілін  өз  дəрежесінде 
меңгеріп шығатындай деңгейде болуы тиіс.  
Бірыңғай  жазу  жұмыстары,  жалаң  сөз  жаттатудың 
студенттерді  жалықтырып  жіберетіндігі  белгілі.  Басқа  ұлт 
өкілдеріне  қазақ  тілін  меңгертудегі  көзделетін  негізгі  мақсат  - 
студенттерге  əрбір  сабақта  үйренген  сөздерін  ауызекі  сөйлеуде 
жəне  сөйлем  құрамында  дұрыс  қолдана  білуге  үйрету,  өз 
мамандығы  жайлы  мағлұматын  кеңейтіп,  кəсіптік  ынтасын 
арттырып,  əрі  пəнге  деген  қызығушылығын  арттыру  болып 
табылады. Орыс аудиториясындағы қазақ тілі пəнінің білімділік, 
тəрбиелік мақсаттарын басқа пəндермен байланыста меңгертуде 
бүгінгі таңдағы педагогикалық технологиялардың орны ерекше 
болып табылады.  
Осы мақсаттағы озат технологиялардың бірі - ойын арқылы 
оқыту технологиясы. Ойын адамның барлық маңызды ақыл - ой 
əрекеті. 
Ойын 
арқылы 
оқыту 
студенттердің 
барлық 
қабілеттерінің  дамуына,  дүние  жайлы  түсініктерінің  кеңеюіне, 
тілінің,  сөздік  қорының  молаюына,  байланыстыра  сөйлеуін 
дамытуға,  берілген  тапсырманы  тез  əрі  оңай  қабылдауына 
ықпал етеді.  
Қазақ тілін жүйелі меңгерту барысында мынадай парасатты 
ойындарды  қолдануға  болады.  Мысалы:  «Белсенділер  жəне 
тапқырлар  клубы»,  «Бақытты  сəт»,  «Жоғалған  сөз»,  «Сөздер 
аукционы», «Нарық жəне біз», «Кім жылдам», «Жоғалған заттар 
бюросы », «Полиглот», «Жалғасын айт», «Бəйге» т.б. 
Бұл ойындар студенттердің танымдық көкжиегін кеңейтіп, 
қызығушылығын оятады, білімдерін айқындап, қазақ тілін жетік 
меңгерулеріне  ықпал  етеді.  Сондықтан  бұл  ойындарды 
студенттердің  білім,  білік  дағдыларын  жетілдіру  үшін, 
оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды жəне 
дербес  деңгейлік  принциптерінің  талаптарына  сəйкес  сабақ 
барысында  сергіту  жаттығуларымен  қатар  жаңа  тақырыпты 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
327 
меңгерту,  өткенді  пысықтау  мақсатында  ойын  түрлерін  кең 
қолдану  керек.  Ойындарды  ұстаз  өз  мақсатына  сай, 
студенттердің 
қабілеттеріне 
сəйкес 
шығармашылықпен 
түрлендіріп, өзгертіп қолдануына болады. Аталған ойын арқылы 
оқыту  технологиясының  тіл  үйрету  барысында  Қазақстанның 
тарихын,  тілін,  салт  -  дəстүрін,  мəдениетін  өзге  ұлт  өкілдеріне 
меңгертуде өз көмегін тигізетіні сөзсіз. Ойын түрлерін ұтымды 
ұйымдастыру,  студенттерді  мамандыққа  байланысты  тілдік 
материалдармен 
практика 
жүзінде 
таныстыра 
отырып, 
мамандыққа  қатысты  оқыту  келешек  ұрпақтың  сабақта  алған 
білімдерін  болашақ  қызметінде  пайдалану  мүмкіндігін 
туғызады. 
Сонымен, қазақ тілін ойын арқылы оқыту барысында, мына 
қағидаларды үнемі назарда ұстаған жөн: 
1.
  Сабақ  барысында  ойын  түрлерін  саналы  түрде 
пайдалану  арқылы  студенттердің  бойындағы  құмарлығын, 
қызығушылығын  жойып  алмай,  оның  тілдік  материалдарды 
меңгерудегі  талап  -  тілектерін,  сұраныс  пен  мұқтаждықтарын 
ескере отырып, шығармашылығын жетілдіру. 
2.
  Ойын  түрлері  мен  деңгейін  ескере  отырып,  тақырыпты 
жетік меңгерулеріне қолайлы жағдай жасау. 
3.
  Ойын  арқылы  студенттердің  өзін-өзі  дамытатын  тұлға 
қалыптастыруларына ықпал ету. 
Ойын түрлерін сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге 
деген қызығушылықты арттырады. Сонымен ойындардың басты 
қызметі  -  шынайы,  дайындықсыз  сөйлеуге  қажетті  ахуалды 
туғызу.  Тіл  үйренушілер  сөйлеу  жағдаятына  ене  отырып,  тілді 
қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады.  
Оқу 
үдерісінде 
оқытушылар 
тіл 
үйренушілердің 
грамматика,  лексиканы  жақсы  меңгеріп,  мəтін  мазмұнын 
түсініп,  айтып  бере  алғанмен,  еркін,  өз  бетінше  сөйлей 
алмайтындығын айтып жатады. Бұның себебі - сабақта əр түрлі 
тілдік  дағдыларды  (фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық) 
қалыптастыруға 
арналған 
жаттығу 
жұмыстары 
жүйелі 
жүргізілгенімен,  олар  өзара  байланысты  табиғи  қарым-
қатынасқа  көтерілмейді.  Сондықтан  дағды  түрлері  жеке-жеке 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
328 
топ ретінде есте қалғанмен, сөйлеу қажеттілігіне жауап бермей 
жатады.  Ойындар  -  осы  олқылықты  толтырудың  бірден-бір 
жолы.  Оның  нəтиже  беруі  -  дұрыс  ұйымдастырылуы  мен 
ұсынылуына  тəуелді.  Ойындарды  екі  топқа  бөлуге  болады: 
сөйлеуге 
жаттықтыратын 
жəне 
сөйлеу 
практикасын 
ұйымдастыратын  ойындар.  Жаттықтыратын  ойын  түрлері 
қарапайым  əрі  қысқа,  қолданылатын  тілдік  құралдардың 
ауқымы тар. Ал сөйлеу практикасын қалыптастыратын ойындар 
əлдеқайда  күрделі,  көлемді  жəне  тілдік  құралдардың  ауқымы 
кең. 
Ойын  элементтері  белгілі  бір  мақсатта,  тілді  меңгеруге 
деген  қызығушылықты  арттыра  отырып,  орындаушылық 
қабілетке  де  жетектейді.  Қажетті  сөздерді  үйренсем,  тауып 
айтсам деген ойлау қабілетін дамытады. 
Сабақта  ойын  элементтерін  қолдану  студенттердің 
белсенділігін  арттырып,  оларды  ынталандырады,  теориялық 
білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Біз ойын 
элементтерін  сабақта  екі  түрлі  мақсатта  пайдаланамыз.  Оның 
біріншісі  -  студенттің  сабаққа  қызығушылығын,  ынтасын 
арттыру,  тілін  дамыту,  екіншісі  -  студенттерді  тапқырлыққа 
баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру жəне ойлау қабілетін 
дамыту.  
Студенттердің тілін дамытып, қоғамдық өмірдің сан алуан 
саласында  қандай  қарым-қатынас  жасау  керектігін  үйретеді, 
қазақ тілінде сөйлей білу қабілетін жетілдіреді.  
Сабақ  барысында  əрдайым  өзіміз  жасаған  ойын  түрлерін 
пайдаланамыз.  Жұмысты  орындау  барысында  студенттер  өзара 
жарысқа  түседі.  Кейінен  мұндай  тапсырма  əр  студенттің  өз 
бетімен жұмысты орындауына ұсынылады.  
Ойынды  ұйымдастырудың  мынандай  кезеңдерін  бөлуге 
болады: 
1)  ойынның  мақсаты  мен  тілдік  материалдың  мазмұнын 
анықтау (қандай тілдік материалды қолдануды көздейді? қандай 
сөйлеу мақсатын орындауға бағытталады?); 
2) ойын сценарийін құру; 
3) рольді бөлу; 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
329 
4) тіл үйренушілерді психологиялық жағынан дайындау. 
Бірінші  ойын  түрлері  үшін  1  жəне  4-кезеңді  дайындау 
қажет.  Ал  екінші  ойын  түрлері  үшін  4  кезең  бойынша  жұмыс 
жүргізіледі.  Ойынды  өткізу  үшін  тіл  үйренушілердің 
психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент 
болып табылады. Тіл үйренушілер ситуацияны толық қабылдап, 
өзін  еркін  сезінуі  қажет.  Кейбір  тіл  үйренушілер  қозғалыс 
еркіндігіне  ие  болуы  қажет.  Ойынды  өткізу  кезінде 
оқытушының  да  ролі  өзгереді.  Ол  тіл  үйренушілермен  кейбір 
рольдерді орындайды. Ойын кезінде қатені түзеуден, аударудан 
бойды аулақ ұстау қажет.  
Ойынды ұйымдастыруда өтілетін орынды да өзгерту қажет. 
Орындық,  үстелді  тіл  үйренушілер  бір-бірін  көретіндей  етіп 
өзгерткен жөн. 
Сабақта  қолданылатын  ойындардың  түрлері  өте  көп. 
Мысалы:  1)  өзара  сөйлесуге  жаттықтыратын  ойындар,               
2)  грамматикалық  дағдыны  қалыптастыратын  ойын  түрлері,               
3) сөйлеу практикасына арналған ойындар. 
1) Барлық қатысушылар айнала тұрады. əркім ойша белгілі 
адамның  өмірін  таңдайды:  əнші,  актер  ...  Мақсат:  өзін 
таныстыру, бірін-бірі таныстыру. Мысалы. Менің атым Мəдина 
Сəдуақасова,  мен  қазақпын,  Алматыда  тұрамын.  ..Қатар  тұрған 
тіл  үйренуші  оны  келесі  адамға  таныстырады.  Бұл  Мəдина 
Сəдуақасова, оның ұлты қазақ... Басқалар түрлі сұрақтар қояды: 
«Мамандығыңыз  кім?»  ...  танысу  этикеттерін  қолданады.  «Өте 
жақсы», «Танысқаныма қуаныштымын». 
2)  Жақынырақ  танысайық.  Алдын  ала  сұрақтар  жазылған   
2 карточканы алып, қатысушының əрқайсысы жеке-жеке жауап 
береді.  Сонан  соң  жауаптарын  бір-біріне  көрсетеді.  əр 
сөйлемнің мазмұнына қарай екінші оқушы сұрақ қоюы қажет. 
Сұрақ түрлері: 
1. Мектепте бірге жүрген досының аты. 
2. Жиі қарайтын теледидар бағдарламаң. 
3. Сен ұнататын тағамның түрі. 
4. Есте қалған оқиғаң. 
5. Сенің жақсы көретін актерің. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
330 
6. Саған ұнайтын жыл мезгілі. 
Бұл  ойынды  əр  түрлі  тақырыптарда  («Отбасы»,  «Бос 
уақыт», «Өзім туралы», «Кəсіп» жəне т.б.) пайдалануға болады. 
Сұрақтардың мазмұны лексикалық тақырыпқа қарай өзгертіледі. 
3)  Жоғалған  заттар  бюросы.  Бюро  қызметшісі  мен  ойынға 
қатысушылар  əр  түрлі  заттардың  суреттері  бар  карточкалар 
алады. Бұл - олардың жоғалтқан заттары. Ал бюро қызметкеріне 
əр  түрлі  заттардың  суреттері  жапсырылған  плакат  ұсынылады. 
Дайындықтан  кейін  қатысушы  бюроның  терезесіне  келіп, 
қызметкермен  сөйлеседі.  Мақсат:  өз  затын  толық  сипаттау, 
белгілерін  атау,  қызметкердің  сұрақтарына  жауап  беру. 
Қызметкер  заттың  түсін,  көлемін  (үлкен,  кіші),  неден 
жасалғанын  сұрайды.  Сипатталған  затты  өзінде  бар  заттармен 
салыстырады. Егер олар сəйкес келсе, іздеушіге береді. Бюрода 
болатын заттардың бірнешеу болғаны дұрыс. Мысалы: 3 қолғап, 
2 сумка. Қызметкер ролін мұғалімнің өзі ойнай алады. 
4)  Барлық  қатысушылар  айнала  тұрады.  Ойынды  мұғалім 
бастайды.  Ол  былай  деуі  мүмкін:  «Кеше  мен  көшеде  біреуді 
кездестірдім».  Қатысушылар  кім  екенін  анықтауға  тырысады: 
«Сіз  менің  мамамды  кездестірдіңіз»,  ...  Мақсат:  болжам, 
белгілерді  айтып,  қатысушыларды  қызықтыру.  3-4  фразадан 
кейін  жұмбақтың  шешімін  айтып,  жаңа  адамды  жұмбақтауға 
кірісу.  Мақсат:  өткен  шақтың  жасалу  жолдарын  бекіту. 
Ойынның  əр  түрлі  варианттары  болуы  мүмкін.  Мысалы:  Мен 
кеше бір тамақ жедім... Кеше мен бір кино көрдім. 
5)  Ойынға  қатысушылар  сөйлемдер  жазылған  карточкалар 
алады.  Оқытушы  жалғаулықтар  қатарын  атайды.  Қатысушылар 
көмекші  сөздерді  қажетті  орнына  қойып  отырады.  Бірінші 
аяқтаған қатысушы жеңімпаз атанады. 
6)  «Бəйге».  Бір  студент  тақтаға  шығып,  əр  түрлі  сұрақтар 
қояды, кім көбірек жауап берсе, əрі нақты болса, сол студент бас 
бəйгеге ие болады. 
7)  «Полиглот»  ойыны.  Оқытушы  мақал-мəтелдердің  бір 
сөзін  тастап  кетіп  оқиды,  ал  тыңдап  отырған  студенттер  жоқ 
сөзді  шапшаң,  тез  арада  тауып,  оларды  айтуы  керек.  Мысалы: 
«... - алтын қазына». « ... инемен құдық қазғандай» т.б.  

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
331 
Кез  келген  технологияның  түпкі  мақсаты  қойылған 
мақсатқа  тиімді  жəне  нəтижелі  жету  болып  табылатыны  да 
белгілі.  Осыған  орай  қазақ  тілін  екінші  тіл  ретінде  оқытуда 
ерекше  орын  алатын  ойын  арқылы  оқыту  технологиясында 
техниканы пайдалануды атауға болады. Ақпараттық кеңістіктің 
дамуы мен қарқыны етек жаюы тілді оқытуда осы ақпараттарды 
таратушы құралдарды тиімді қолдануға жол ашып отырғаны да 
белгілі.  Қазіргі  өмірде  техникасыз  елестету  мүмкін  емес. 
Техниканы пайдалану жəне оны іске қосу əрекеті əрине оңай. Ал 
сол  техниканы  білім  алу  жүйесінде  қаншалықты  ұтымды 
қолдануға  болатыны  мен  оның  əсіресе  қазақ  тілін  үйренуші 
үшін  тиімді  құрал  ету  жолдарын  іздестіру  бүгінгі  күннің  кезек 
күттірмейтін мəселесі болып табылады. 
Ойын  арқылы  оқыту  технологиясы  əр  түрлі  міндеттерді 
жүктейді  жəне  оларды  түрлі  мақсатта  пайдалануға  болады.  Ол 
міндеттер мен мақсаттар мыналар: уəждік, ақпараттық, бақылау 
жəне  түзету.  Бұл  міндеттер  қазақ  тілі  сабақтарында  дербес 
немесе  барлығын  біріктіріп  іске  асыруға  болады.  Ол  əрекеттің 
табысты  болуы  сол  таңдалған  ойын  құрал  арқылы  берілген 
кодталған ақпараттың дұрыс шешіліп алынуы болып табылады. 
Сондықтан да ақпараттар да əр түрлі жолмен беріледі. Мысалы: 
слайдтар,  суреттер,  фотографиялар,  динамикалық  визуальды 
қатарлар т.с.с. Ал ақпараттың қайта өңделу үрдісі əр түрлі, бірақ 
олар  міндетті  түрде  бір-бірін  өзара  толықтырады  жəне  бір-
бірімен  өзара  байланыста  болады.  Осы  жерде  міндетті  түрде 
студенттердің  ойлау  операциялары  ескерілген  жөн.  Өйткені 
əрбір  студенттің  ойлау  жəне  кодты  шеше  білу  қабілеттері  əр 
түрлі болатыны белгілі. 
Қорыта  келгенде,  ойын  арқылы  оқыту  технологиясының 
студенттердің  тілін  дамытады,  өмірдің  сан  алуан  саласында 
қарым-қатынас  жасау  керектігін  үйретеді,  қазақ  тілінде  сөйлей 
білу  қабілетін  жетілдіреді.  Қазақ  тілі  сабақтарында  ойын 
арқылы  оқыту  технологияларын  компьютерлік  кешендерді 
ұтымды қолдану студенттің болашақ маман ретінде мемлекттік 
тілді тиімді жəне ұтымды меңгеруіне бірден-бір септігін тигізері 
хақ. 


1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал