Г. И. Бейсенова


Информатика кабинетініне қойылатын талаптар



бет21/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111
3. Информатика кабинетініне қойылатын талаптар
Информатика курсы мен басқа да жалпы бiлiм беретiн жекелеген пәндердi оқытуда жаңа ақпараттық технологиялық құрылғыларды пайдалану барысында информатика кабинетiнiң құрамына келесi құралдар және құжаттар енедi:
-Психологиялық-педагогикалық, эргономикалық және техни-калық талаптарды қанағаттандыратын оқу-есептеу техникасының жиынтығы.
-Арнайы жиһаз бен оргтехника.
-Информатика кабинетiнде жұмыс iстеу барысында техника қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар.
-Болашақта әлемдiк деңгейде және аймақтық телеком-муникациялық желiлердi жүйелеудi қамтамасыз ететiн құрылғылар мен құрал-жабдықтар (компьютерлiк желiлер мен телефондық, теледидарлық, спутниктiк байланыс құралдарының синтезi).
-Информатикадан ғылыми, оқу-әдiстемелiк, анықтамалық әдебиеттер кешені.
-Жалпы білім беретін пәндерді жүргізу үшін арналған (электрондық оқулықтар, энциклопедиялар, оқыту бағдарламалары, ойын бағдарламалары) компакт-дискілеріндегі мультимедиалық шығармалар.
-Информатика кабинетінде қауіпсіздік техника ережесінің бұрышы.
-Информатика кабинетінен эвакуация жоспары.
-Өртті сөңдіру құралдары.
-ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен1 бекітілген «Дербес компьютерлерге, бейнетерминалдарға және олармен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі;
-Алғашқы көмек көрсету аптечкасы, оның құрамында дәрігерлiк құралдар мен дәрi-дәрмектiң мына түрлерi болуға тиіс:


4. Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру
Информатика кабинетіндегі жұмысты ұйымдастыру үшін мектеп директорының бұйрығымен информатика мұғалімдерінің ішінен информатика кабинетінің меңгерушісі тағайындалады.
Кабинет меңгерушісі кабинетті жабдықтау, мұғалімдер мен оқушылардың есептеуіш техника құралдарын пайдалану жұмыстарын, информатика және басқа оқу пәндерін оқытудағы ақпараттық технологияны ұйымдастырушысы болып табылады. Мектептің оқу жоспарына сәйкес кабинетті жабдықтаудың алдағы уақыттағы жоспарын жасайды.
Сонымен қатар, оқу-әдістемелік көрнекі құралдармен және оқыту техникалық құралдарымен толықтыру шараларын, кабинеттегі бар жабдықтар мен есептеуіш техника құралдарының сақталуын жауапкершілікпен қарайды.
Кабинет меңгерушісі инвентеризациялық жазу журналын жүргізуге, жабдықтардың қолдануға әрқашан даяр тұруын, ЕТ-ның профилактикалық техникалық қызмет көрсетуінің өз уақытында және ұқыпты болуын, ДЭЕМ-ның істен шығу жағдайында оларды тіркеу және жөндеуін ұйымдастыру, информатика кабинетінде санитариялық-гигиеналық талаптар мен қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды қолдауды өз жауапкершілігіне алады
Кабинет меңгерушісі информатика кабинетінде оқушылармен өткізілетін оқу, үйірме, қосымша сабақ және басқа сабақтарды жоспларлауға қатысады; сабақтың барлық формалары мұғалімнің қатысуымен өтуі міндетті. Кабинет меңгерушісі информатика кабинетінде сабақ өткізетін мұғалімдердің алғашқы және мерзімді қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауын өз уақытында жүргізуін қадағалауды жауапкершілігіне алады.
Оқу-әдістемелік семинар – мектептегі ЕТК кабинеті қызметін ұйымдастырудың маңызды түрі екені дәлелденген тәжірибе. Оның жұмысына информатика мұғалімдері ғана емес, басқа пән мұғалімдері де тартылады. Семинар оқытуда жаңа ақпараттық компьютерлік технологияларды (АКТ) қолдану тәжірибесін таратуды, жаңа бағдарламалық құралдармен таныстыруды, мұғалімдерге ЭЕМ-де жұмыс істеу кәсіптік негіздерін оқытуды, оқушылармен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын талдауды және т.б. тарату үшін ұтымды қолданылуы мүмкін. Семинар жұмысының бағыты әртүрлі, яғни мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін жетілдіру шарасы бойынша өзгеруі ықтимал.
Алғашқы нұсқауда мұғалім оқушыларды кабинеттегі тәртіп ережелерімен, қауіпсіздік техника ережелерімен және еңбек гигиенасымен, жұмыс кезінде кездесіп қалатын қауіпті кезеңдер және оған сәйкес сақтану шараларымен таныстырады. Алғашқы нұсқау лекция, әңгімелесу түрінде өткізіледі.
ЭЕМ-де жұмыс істеу алдындағы нұсқау алғашқы нұсқауды толықтырады, оның мақсаты оқушыларды жұмыс орнын дұрыс ұстап және ұйымдастыру талаптарымен, қауіпсіз жұмыс әдістерімен және қорғаныс құралдарын қолдану ережелерімен, нақты жұмыс кезінде мүмкін болатын қауіпті кезеңдермен, жұмыс атқарушының өз жұмыс орнындағы міндеттерімен, сонымен қатар, қауіпті жағдайлар туғанда өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыру болып табылады.
Жұмыс орнындағы мерзімді нұсқау қысқаша болуы керек, нақты нұсқау және керекті жағдайда жұмысты дұрыс және қауіпсіз орындау тәсілдері қоса керсетілуі керек. Оқушылармен өткізілген нұсқау мәліметтері арнайы журналға жазылады (5.1-кесте).
а) Қатармен орналастыру
б) Ортада қарама-қары топтап орналастыру
в) Периметр бойы орналастыру
5.1-сурет. Оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру нұсқалары
а) Қатармен орналастыру
б) Ортада қарама-қары топтап орналастыру
в) Периметр бойы орналастыру

Еңбек қауіпсіздігі тарапынан және жұмыс кезінде жарық түсірудің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, оңтайлы нұсқасы ЭЕМ тұрған жұмыс үстелдерін периметр бойы орналастыру болып табылады, бұрышта орналасқан екі көршілес үстелдің арасы кемінде 2 метрден тұруы қажет.


Информатика кабинетінде қатармен орналастыру ұсынылмайды, себебі іс жүзінде ДЭЕМ тұрған үстелдердің арасына 2 метрден қамтамасыз ету өте қиын.
ДК және ЕМ пайдаланушылардың бір жұмыс орнына электронды-сәулелі түтік негізінде (бұдан әрі – ЭСТ), соған қоса бой жазу объектілеріне арналған аудан, қатармен орналастырғанда 6 м2 кем емес, ортада және периметр бойымен орналастырғанда – 4 м2, кез келген орналасу кезінде тегіс дискретті экрандар (сұйық кристалды, плазмалы) негізінде ЕТ пайдалану кезінде – 4м2 құрайды [17].
ОЖО-ны орналастыруда мына санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады:
- периметр бойымен орналастыру кезінде мына аралықты сақтаған жөн: терезе ойығы бар қабырға мен ДЭЕМ тұрған үстелдердің арасы – 0,8 метрден кем болмауы тиіс; терезе ойығына қарама-қарсы қабырғалар жанындағы үстелдер 0,1 метр қашықтықта орнатылуы керек;
- оқушылардың кабинеттегі жұмыс орны мұғалімнің және оқушылардың сабақ үстінде жұмыс орнына еркін жетуді қамтамасыз етіп, оқушылар мен мұғалімнің белсенді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беруі қажет.
Оқушылардың ДЭЕМ немесе БДТ тұрған жұмыс үстеліне дұрыс отырғызу – мүшелер мен ағза жүйесінің қалыпты қызмет етуіне, қабырға мен көз қызметінің бұзылуын алдын алуға, денсаулықты және жұмыс қабілеттелігін сақтауға әсер етеді. Оқушылардың дұрыс орналастырылуын жоғарыда аталған талаптарға сәйкес орындық пен үстелдің таңдалуы қамтамасыз етеді.
Дұрыс отырғызу кезінде оқушылар тік, еңкеймей отыруы керек. Арқа жауырынның төменгі бұрыштары тұсына тіреліп, білек иықтан төмен тік бұрыш жасап, пернетақта орналасқан үстел бетіне тірелуі тиіс, сол арқылы иық пен қол бұлшық етінен статикалық күш түседі. Орындықтың ұшы оқушыға қарама-қарсы тұрған үстелдің ұшына 5-7 см-ге кіруі керек. Жіліншік пен жамбас арасында түзілге бұрыш 90-120° болуы керек, табан еденге немесе аяқ қойғышқа тірелуі керек. Бейнемонитор экраны мен көздің арақашықтығы 60-70 см құрауы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет