141
Мағына түзуші функция – корпоративті мәдениет жұмысшы көзқарасына
тікелей
әсер етеді, себебі корпоративті құндылықтар оның жеке
құндылықтарына
айналу керек;
Коммуникативті функция – мейрамхана және қонақ үй корпоративті
мәдениеті құндылықтары қызметкерлердің өзара әрекеті мен түсінігін
қамтамасыз ету керек;
Рекреативті функция - корпоративті мәдениетті жүзеге асыру үрдісінде
жұмысшылардың рухани күшін қалпына келтіру;
Қоғамдық жад функциясы – мейрамхана және қонақ үй бизнесінде
корпоративті мәдениет тәжірибесін сақтау және жинақтау.
Мейрамхана және қонақ үй кешені корпоративті мәдениет көзқарасынан:
Сервис мәдениетінің жеке құрамдас бөліктері
бір-біріне қайшы келмей,
бір-бірін толықтыратын теңгерілген ұйым;
Заманауи ғылыми-техникалық жетістіктерге негізделетін әлеуметтік-
экономикалық және техникалық жүйе;
Адамдарды
басты құндылық деп санап, олар арамсындағы қатынасты
этикалық және психологиялық сауатты деңгейде жүзеге
асыратын ұйым;
Ішкі және сыртқы ортамен өз қатынастарын олардың мәнін түсіну және
ерекшелігін тану негізінде құратын ұйым болып табылады.
Мейрамхана және қонақ үй жұмысшыларының келушілерге көңіл бөлуі,
олардың қажеттіліктерін есептеу оның нарықтағы тұрақты орнын анықтайды.
Көптеген табысты мейрамхана және қонақ үйлер өздері үшін
негізгі
құндылықтар мен сенімдерін қалыптастырды, оларды шаруашылық қызметінде,
сонымен қатар қонақтармен, серіктестермен қатынсында маңызды мәселелерді
шешу кезінде басшылыққа алады.
Мейрамхана
және
қонақ
үй
кешенінің
негізгі
Достарыңызбен бөлісу: