Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет100/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Фирмалық стиль – тауарлардың (қызметтердің), кәсіпорыннан шығатын 
барлық ақпараттың, оның ішкі және сыртқы рәсімделуінің визуалды және 
мағыналық бірлігін қамтамасыз ететін түсті, графикалық, сөздік, баспа және 
дизайнерлік тұрақты элементтердің жиынтығы. 
Фирмалық стильді қалыптастырудың негізгі мақсаттары: 
1. Кәсіпорын өнімдерін идентификациялау, олардың өзара және 
кәсіпорынмен байланысы. 
2. Бәсекелестердің аналогтық өнімдері ішінен кәсіпорын өнімін таңдау. 


151 
Фирмалық стиль оның иесіне келесі артықшылықтар береді: 
 Тұтынушыға ақпарат ағынында бағыт табу, оның талғамына сай 
кәсіпорын өнімін тез әрі қатесіз табу; 
Кәсіпорынға аз шығындалып, нарыққа жаңа өнім шығару; 
 Жарнама тиісмділігін арттыру; 
 Жарнама 
тиімділігі 
арттыру 
салдарынан 
коммуникацияларды 
қалыптастыруға кететін шығындарды азайту; 
 Корпоративті рухты жоғарылатуға ықпал ету, жұмысшыларды біріктіру, 
ортақ іске қатыстылық сезімін тудыру
 Кәсіпорынның эстетикалық деңгейі мен визуалды ортасына оң әсер ету. 
Кәсіпорынның фирмалық стилі қонақтарда өнім нгемесе қызмет сапасы туралы 
белгілі-бір пікір құрады. Фирмалық стильмен брэнд түсінігі тығыз байланысты. 
Брэнд – өнімнің (қызметтің) танымал маркасы. 
Фирмалық стильдің негізгі құрамдас бөлігі: 
 жазбалы тауарлық белгі (тауарлық марка) – бұл ерекше және есте 
қалатын шрифтпен орындалған кәсіпорын аты. әріптердің әртүрлі 
шамасында аты танымал болу керек (визитка, жарнама буклеттері, 
ақпараттық хаттар және т.б.); 
 графикалық тауарлық белгі – белгілі-бір ретте тіркелген кәсіпорынға ғана 
қатысты шартты белгі. графикалық тауарлық белгіні кәсіпорынның 
әрекеті басталған кезінде құрастыру ұсынылады. графикалық бейнелер 
мәтінге қарағанда тезірек және жеңілірек есте қалады. сондықтан 
тауарлық белгі жарнама шығындарын біршама төмендетеді. тауарлық 
белгі аналогтық тауарлар мен қызметтер ішінде бағыт табуға мүмкіндік 
береді.
 түстер гаммасы – әрбір кәсіпорын жазба және графикалық тауарлық 
белгіні рәсімдеу үшін белгілі-бір түстер үйлесімін таңдайды. түстер 
гаммасын таңдауда баспа жарнамасын жасауда баспа орындарының 
мүмкіндіктері, жарнама материалдарын орналастыру кезінде газет пен 
журналдардың полиграфиялық негізін ескеру керек; 
 фирмалық шрифт – баспа өнімдері мен іс қағаздарын рәсімдеу кезінде 
қолданылатын белгілі-бір шрифит. 
 фирмалық блок – тауарлық белгі, кәсіпорын аты, мекен-жайы, банктік 
реквизиттері, кәсіпорынның жарнамалық символы, тауарлар мен 
қызметтер тізімі жиынтығынан тұрады. оған аталғандардың барлығы 
емес, кейбіреуі кіруі мүмкін. фирмалық блок іскерлік қағаздарды, сол 
сияқты жарнама өнімін рәсімдеуде қолданылады.
 слоган – кәсіпорынның немесе оның өнімінің қысқа фразасы, девизі; 
 жарнамалық символ – жарнама және басқа шараларды жүргізу кезінде 
кәсіпорын атынан шығатын белгілі-бір персонаж, бейне. 
 аудиобейне – музыкалық фраза, композиция, дауыс немесе музыкалық 
аспап үшін бірнеше нота, белгілі-бір дыбыстар, шу үйлесімі және т.б. 


152 
кәсіпорынның аудиобейнесі радио және телероликтерде және т.б. 
танымалдық бейнесі болып табылады.
Фирмалық стиль белгілі-бір ретпен қалыптасады. Алдымен кәсіпорынның 
белгілі-бір бейнесін құрайтын басты элемент таңдалады. Содан кейін жаңа 
құрамдас бөліктері құрылып жасалады.


153 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет