Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Мейрамхана және қонақ үй қызметінің мәдениетін қалыптастыруда



Pdf көрінісі
бет97/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
 
9.1. Мейрамхана және қонақ үй қызметінің мәдениетін қалыптастыруда 
имидж ролі 
Имидж — мақсатты аудитория түсінігінде кәсіпорын бейнесі. Оң имидж 
нарықта кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттырады.Ол тұтынушыларды 
келтіреді, сатуды тездетеді және сату көлемін ұлғайтады, қорларға (қаржы, 
ақпараттық, материалды) жетімдігін және коммерциялық операцияларды 
жүргізуді жеңілдетеді. 


147 
Имидж – мейрамхана және қонақ үй кәсіпорнының стратегиялық 
мақсаттарына жету құралы. Кәсіпорынды қабылдау және бағалаудың маңызды 
аспектісінің бірі оның имиджі болып табылады.
Корпоративті имидж – ықтимал тұтынушыларға көрсетуге қажетті 
кәсіпорын бейнесі. Тиімді корпоративті имидж кәсіпорындағы құрылған 
мәдениет негізінде құрылады.
Оң имидж кез-келген кәсіпорын үшін аса маңызды. Мықты корпоративті 
имидж кәсіпорынның тұрақты және ұзақ іскерлік табысқа жетудің қажетті 
шарты болып табылады. Біріншіден, мықты имидж белгілі-бір нарықтық күш 
береді, екіншіден бәсекелестер соққыларынан қорғайды.
Кез-келген кәсіпорын, соның ішінде мейрамхана мен қонақ үй өз жұмысы 
барысында сыртқы ортамен – билік органдары өкілдерімен, іскерлік 
серіктестермен, тұтынушылармен, баспа өкілдерімен және т.б. қатынасқа 
түседі. Өз алдына кез-келген кәсіпорынның өзәнәі басқалардан ерекше ішкі 
құрылымы, иерархиясы, құндылықтар жүйесімен өзара байланысы бар. Сыртқы 
және ішкі қатынастар барысында кәсіпорын имиджі қалыптасады.
Қонақ үй немесе мейрамхана имиджі тұтынушылар санасында оның және 
ұсынатын өнім (қызмет) бейнесінің түрі болып табылады. Кәсіпорын имиджі 
стихиялы немесе мақсатты қалыптасуы мүмкін. Қазіргі бәсекенің дамуы және 
табысқа ұмтылу жағдайында кәсіпорындар өзі пікірі, жұмысы, өнімдері туралы 
оң пікірлері құрылуы мен сақталуына көңіл бөледі.
Мейрамхана және қонақ үй имиджі келесі негізгі сипаттамалармен 
ерекшелену керек: 
 адекваттылығы: кешеннің құрылған бейнесі оның мәніне сәйкес келу 
керек; 
 ерекшелік: кешен имиджі басқалармен салыстырғанда оңай танылу керек; 
 иілгіштігі: 
мәні 
тұрақты 
болып, 
кәсіпорын 
имиджі 
оңай 
модификацияланып, сыртқы және ішкі өзгерістерге жедел әрекет ету 
керек; 
 мекен-жайлық: кәсіпорын имиджі белгілі-бір тұтынушылқ топқа 
бағытталу керек, нақты мекен жайы болу керек; 
 кешенділік: кәсіпорын имиджі көп факторлы болу керек; 
 айқындылық және нақтылық: бейнеленетін факторлар нақты, 
ажыратылатын және жақсы ойластырылған болу керек; 
 аяқталмағандық: кәсіпорын имиджі біршама аяқталмаған болу керек
клиенттердің жаңа, тиімдірек бір нәрсені үнемі күтетінін қамтамасыз ету 
керек.
Имидж мақсаттары: 
 Кәсіпорын престижінің жоғарылауы, себебі фирмалық стильді құрастыру 
кәсіпорынның тек өндіріске ғана көңіл бөлмейтінін көрсетеді; 
 Жарнама тиімділігін жоғарылату және тауар айналымы бойынша әртүрлі 
шаралар. Нарыққа жаңа тауарлар мен қызметтерді енгізуді жеңілдеті, 
себебі имиджі тұрақтанған кәсіпорынға тауарды нарыққа шығару 
жеңілірек; 


148 
 Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру, себебі тең тауарлар мен 
қызметтер ұсыну жағдайында бәсеке кәсіпорын имиджі деңгейінде 
жүреді; 
Имиджді қалыптастыруда ең алдымен қазіргі уақытта және болашақта 
кәсіпорынның әрекет түрін, ұсынылатын тауарлар мен қызметтер 
бәсекелестердің тауарлары мен қызметтерінен немен ерекшеленетінін 
айқындау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет