94
95
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
сияаралық келісімнің жақсы үлгісі деп айта аламыз»,-деп жаз-
ды француздың белгілі қоғам қайраткері Альберт Фишлер [70].
Бүгінгідей бүкіл әлем бір-бірімен ықпалдасып жатқан
тұста көпмәдениеттілік құбылысының орын алуын заңды құ-
былыс десек, титулды ұлтқа тән рухани құндылықтар мен салт-
дәстүрімізді, мәдениетіміз бен өнерімізді сақтауда, және дамы-
туда көпмәдениеттілік үлгісін оң
құбылыс деп бағалау дұрыс
па деген қоғамды ойландыратын сұрақтар да бар. Десек те,
қазақстандық бірегейліктi қалыптастыру саласында қазақстан-
дық патриотизм мен жалпықазақстандық мәдениеттi дамытуда
титулды халықтың мәдениетінің негізгі үйлестіруші рөлінің ба-
сым екендігі анық.
Сонымен, көпмәдениеттіліктің әр түрлі
модельдерін салыс-
тырмалы талдау нәтижесінде бірнеше жалпылама қорытынды
шығаруға болады:
1) Көпәдениеттілік – позитивті әлеуметтік құбылыс. Бұл
қоғамның дамуына оң жағдай жасайды. Бұл этникалық
қақтығыстардың дамуына жол
бермейді және адамдар ара-
сында өзара сенімділік, түсіністік орнатады.
2) Көпмәдениеттілік мәдени әртүрлілікті қолдап, оған қарсы
наразылықтың көрінісін басу үшін балама саясат ретінде пай-
да болды.
3) Демократия – көп мәдениетті қоғам құрудың маңызды
алғышарттарының бірі.
4) Аймақтардың тарихи дамуының ерекшеліктері көпмәде-
ниеттің әртүрлі модельдерінің қалыптасуын анықтады.
5) Көпмәдениеттің әртүрлі модельдерінің арасындағы кейбір
айырмашылықтарға қарамастан, мемлекет көпмәдениетті ор-
таны құруда және қолдауда шешуші рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: