ФОНЕТИКА
ІІ НҰСҚА
1. Фонетика саласының зерттеу нысаны.
A) Сөз құрамы;
B) Тіл дыбыстары;
C) Сөз тіркесі;
D) Сөйлем;
E) Сөз мағынасы.
2. Тербеліңкі дыбыстар дегеніміз не?
A) Дауыс желбезегінің жартылай қатысуынан жасалатын дыбыстар;
B) Дауыс желбезегінің қатыспауымен жасалатын дыбыстар;
C) Дауыс желбезегінің мол қатысуынан жасалатын дыбыстар;
D) Дауыс желбезегінің толық қатысуынан жасалатын дыбыстар;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
3. Дауыс желбезегінің толық қатысуынан жасалатын дыбыстар.
A) Қатаң;
B) Ұяң;
C) Үнді;
D) Дауысты;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
4. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай түрлері.
A) Еріндік, езулік;
B) Ашық, қысаң;
C) Жуан, жіңішке;
D) Тіл ортасы, тіл арты;
E) Доғал, сүйір.
5. Еріндік дауыстылар іштей қалай бөлінеді?
A) Жуан, жіңішке;
B) Доғал, сүйір;
C) Еріндік, езулік;
D) Қатаң, ұяң;
E) Езу, емеурін.
6. Езулік дауыстыларды табыңыз.
A) Ұ, Ү, О, Ө;
B) А, Ә, Ы, І, Е;
C) Ұ, Ү, Ы, Е;
D) О, Ө, Ы, І;
E) Ұ, Ү, О, Е.
7. Езулік дауысты дыбыстардан тұратын сөзді табыңыз.
A) Сабыр;
B) Нөсер;
C) Үнді;
D) Құмар;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
8. Қысаң дауыстыларды табыңыз.
A) Ы, І, Ұ, Ү.
B) А, Ә;
C) А, Ә, Ұ;
D) А, Ә, О, Ү;
E) Ы, І, О, Ө;
9. Тіл ортасы дауыстыларын табыңыз.
A) Ә, І, Ү, Ө, Е;
B) Ә, І, А, Ы;
C) Ү, Ө, Е, О;
D) А, Ә, Ы, І;
E) А, Ұ, О, Ы.
10. Жіңішке үндесім дауыстыларды табыңыз.
A) Ә, І, Ү, Ө, Е;
B) Ә, І, Ы, О;
C) А, Ы, Ұ, О;
D) А, Ы, І, Ө;
E) Ұ, О, Ы, Е.
11. Дауыстылардың ерін әуезіне қарай түрлері.
A) Тербеліңкі, жуысыңқы, жайылыңқы;
B) Ашық, қысаң;
C) Тіл арты, тіл ортасы;
D) Жуан, жіңішке;
E) Езулік, еріндік.
12. Қай дыбыстарға тән белгілер: «Дауыс желбезегі аз тербеледі немесе мүлде
тербелмейді; буын құрамайды; өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында
сөйлеу мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шығады»?
A) Дауысты дыбыстар;
B) Жуан дыбыстар;
C) Дауыссыз дыбыстар;
D) Жіңішке дыбыстар;
E) Қысаң дыбыстар.
13. W+Ү дыбыстарынан құралған дыбыс.
A) О;
B) Е;
C) Ө;
D) И;
E) У.
14. Құранды дауысты дыбыстарды табыңыз.
A) О, Ө, Е;
B) А, Ә, Ы, І, Ұ, Ү;
C) А, Ә, Ы, І;
D) А, Ә, О, Ө;
E) Ы, І, Е.
15. Ю әрпі қай дыбыстардың таңбасы?
A) ЫЙ, ІЙ;
B) ҰУ;
C) ЙА;
D) ЙӘ;
E) ЙҰУ, ЙҮУ.
16. Я әрпі қай дыбыстардың таңбасы?
A) ЙҰУ, ЙҮУ;
B) ҰУ, ҮУ;
C) ЙА, ЙӘ;
D) ЫЙ, ІЙ;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
17. Құранды дыбысты сөзді анықтаңыз.
A) Су;
B) Бұрын;
C) Жалаң;
D) Көңіл;
E) Барлық жауап дұрыс.
18. Дауыссыздардың айтылу жолына қарай түрлері.
A) Қатаң, ұяң, үнді;
B) Шұғыл, ызың, діріл;
C) Жуан, жіңішке;
D) Ерін, тіл көмей;
E) Тіл алды, тіл ортасы, тіл арты.
19. Үнді дауыссыздарды көрсетіңіз.
A) Б, Д, Ғ-Г, З, Ж;
B) П, Т, Қ-К, С, Ш;
C) М, Н, Ң, С, Ш;
D) М, Н, Ң, Р, Л, Й, У;
E) Б, Д, Ғ-Г, Л, М.
20. Аффрикат дыбыстарды көрсетіңіз.
A) Ш, С;
B) Ц, Ч;
C) В, К;
D) Х, Һ;
E) Ф, Ч.
21. Тіл үндестігі дегеніміз не?
A) Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз көлемінде не бірыңғай
жуан, не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуі;
B) Ауыз қуысынан сыртқа шыққан дыбыстың құлаққа жеткен нәтижесі;
C) Дыбысты жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің аты аталып, орны
көрсетіліп, сол сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу жолдары;
D) Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып,
үйлесіп келуі;
E) Морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың
бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.
22. Прогрессивті ассимиляцияны табыңыз.
A) Таң қалды, кейінгі, он бір;
B) Кескен, малға, тау қайда;
C) Озса, жүз сом, көз сүз;
D) Төрт топ, қашса, Жанпейіс;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
23. Ілгерінді ықпалға бағынған сөзді анықтаңыз.
A) Біз келдік;
B) Ақ үй;
C) Көк ала;
D) Жазса;
E) Сөзшең.
24. Кейінді ықпал түрі қатысқан сөз қайсы?
A) Қой қора;
B) Қара ала;
C) Баспен;
D) Баланы;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
25. Тоғыспалы ықпалды табыңыз.
A) Ұшса, қыздар;
B) Сенген, жан пида;
C) Сенбе, он бес;
D) Алтын кірпік, қайран қалды;
E) Сөзшіл, ақ жауын.
26. Ерін үндестікті сөзді табыңыз.
A) Құлан;
B) Құмар;
C) Құндыз;
D) Қалампыр;
E) Барлық жауап дұрыс.
27. Ерін үндестігі бойынша дұрыс айтылған сөзді белгілеңіз.
A) Көбелектерді;
B) Көбөлектерді;
C) Көбөлөктөрдү;
D) Көбөлөктерді;
E) Көбөлөктөрді.
28. Тіл үндестігіне бағынбайтын сөзді белгілеңіз.
A) Әкемдікі;
B) Сіздікі;
C) Қаланікі;
D) Қырғызстан;
E) Данышпан.
29. Тіл үндестігіне бағынбайтын қосымшалар.
A) -ма, -мар, -хана;
B) -сіз, -ы, -а;
C) -ғой, -қай, -ып;
D) -кеш, -мды, -шілік;
E) -паз, -қой, -мен.
30. Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын
қосымшалар:
A) ұяңнан басталады;
B) қатаңнан басталады;
C) дауыстыдан басталады;
D) ұяң не үндіден басталады;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
31. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, оған жалғанатын қосымшалар:
A) ұяңнан басталады;
B) қатаңнан басталады;
C) дауыстыдан басталады;
D) ұяң не үндіден басталады;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
32. Тұйық буын дегеніміз не?
A) Соңы дауыссызға аяқталатын буын;
B) Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын;
C) Жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға
бітетін буын;
D) Фонациялық ауаның кілт үзілуінiң не кедергіге ұшырауының нәтижесінде
пайда болатын жеке дауысты дыбыс не дыбыстар тобы;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
33. Үш дыбысты буын түрін табыңыз.
A) Спорт, спектр;
B) Оқы, ай;
C) Бал, тақ;
D) Көр, қарқ;
E) Пункт, шақ.
34. Ашық буынды сөзді табыңыз.
A) Тау;
B) Терезе;
C) Тарсыл;
D) Қауын;
E) Асшы.
35. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.
A) Қас-ық;
B) Ба-стық;
C) Ша-тақ;
D) Сарғ-ылт;
E) Дү-рс.
36. Бірыңғай ашық буынды сөздерді көрсетіңіз.
A) Келеді, өзінікі;
B) Жастардың, үйдей;
C) Білгеніміз, үйренбеді;
D) Айтса, жүрген;
E) Даладағы, айтыс.
37. Тұйық буынды сөзді табыңыз.
A) Ант;
B) Қант;
C) Еңбек;
D) Күңкіл;
E) Барлық жауап дұрыс.
38. Сағыныш сөзі қандай буынды сөз?
A) Жіңішке буынды;
B) Жуан буынды;
C) Аралас буынды;
D) Буынсыз;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
39. Құдірет сөзі қандай буынды сөз?
A) Жіңішке буынды;
B) Жуан буынды;
C) Аралас буынды;
D) Буынсыз;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
40. Ең көп буын саны бар сөзтұлғасын анықтаңыз.
A) Бармайсыңдар;
B) Ұйымдастырылмағандықтан;
C) Қажеттіліктен;
D) Салмақсыз;
E) Ойландырмайсыңдар.
41. Кемеде сөзінен үндестік заңының қай түрін табар едіңіз?
A) Түбірдің соңғы дыбысы дауысты не үнді болса, оған жалғанатын
қосымша үнді не ұяңнан басталады;
B) Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады;
C) Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады;
D) Түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан жалғанады;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
42. Үйдің сөзінен үндестік заңының қай түрін табар едіңіз?
A) Түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, қосымшалар да жіңішке жалғанады;
B) Түбірдің соңғы дыбысы ұяң болса, қосымша ұяңнан басталады;
C) Түбірдің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымша да қатаңнан басталады;
D) Түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан жалғанады;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
43. Метатеза дегеніміз не?
A) Бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі;
B) Бунақтағы сөздер арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының
түсіп қалуы;
C) Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы;
D) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
E) Сөз ішіндегі біркелкі, ұқсас буындардың бірінің түсіп қалуы.
44. Эпентеза құбылысын табыңыз.
A) Алалмады, жақсөлең;
B) Балдар, араластыр;
C) Әкпе, тоспа;
D) Кінәз, пүліш;
E) Нетейін, нешесің.
45. Элизия құбылысын табыңыз.
A) Екі адам, қара ала;
B) Жатып та ішті, көбірек;
C) Тепкі, өкпе;
D) Үстел, рет;
E) Лай, статус.
46. Протеза құбылысын табыңыз.
A) Үстел;
B) Бөрене;
C) Текстер;
D) Газет;
E) Трактор.
47. Екпін түспейтін қосымшасы бар сөзді анықтаңыз.
A) Көрме;
B) Көрмек;
C) Көрсе;
D) Көреді;
E) Көрген.
48. Интонацияның бірлігі қалай аталады?
A) Фонема;
B) Морфема;
C) Интонема;
D) Лексема;
E) Синтагма.
49. Дыбыстың айтылымы дегеніміз не?
A) Ауыз қуысындағы резонаторлар жүйесінің қалпы аталып, сөйлеу
мүшелерінің өзара қиысу күші сипатталады;
B) Дыбысты жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің аты аталып, орны
көрсетіліп, сол сөйлеу мүшелерінің өзара қиысу жолдары сипатталады;
C) Ауыз қуысынан сыртқа шыққан дыбыстың құлаққа жеткен нәтижесі
сипатталады;
D) Дыбыстың үндестік сипатын анықтайды;
E) Дауысты дыбыстар жүйесі аталады.
50. Ә.Жүнісбектің көрсетуінде дауыстылар саны нешеу?
A) 9;
B) 11;
C) 15;
D) 13;
E) 12.
51. А дыбысы қалай жасалады?
A) Тілдің орта тұсы қатты таңдайға қарай жоғары көтеріліп, ауыз қуысының
екіге бөлінуі арқылы жасалады;
B) Жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады;
C) Жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады;
D) Тілдің артқы тұсы жұмсақ таңдайға қарай жоғары көтеріліп, ауыз
қуысының екіге бөлінуі арқылы жасалады;
E) W тектес үнді дауыссыз дыбыстан басталып, Ұ тектес қысаң дауысты
дыбыспен аяқталуы арқылы жасалады.
52. Ұ дыбысы қалай жасалады?
A) Тілдің орта тұсы қатты таңдайға қарай жоғары көтеріліп, ауыз қуысының
екіге бөлінуі арқылы жасалады;
B) Жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады;
C) Жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады;
D) Тілдің артқы тұсы жұмсақ таңдайға қарай жоғары көтеріліп, ауыз
қуысының екіге бөлінуі арқылы жасалады;
E) W тектес үнді дауыссыз дыбыстан басталып, Ұ тектес қысаң дауысты
дыбыспен аяқталуы арқылы жасалады.
53. Ө дыбысы қалай жасалады?
A) Тілдің орта тұсы қатты таңдайға қарай жоғары көтеріліп, ауыз қуысының
екіге бөлінуі арқылы жасалады;
B) Жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалады;
C) Жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады;
D) Тілдің артқы тұсы жұмсақ таңдайға қарай жоғары көтеріліп, ауыз
қуысының екіге бөлінуі арқылы жасалады;
E) W тектес үнді дауыссыз дыбыстан басталып, Ү тектес қысаң дауысты
дыбыспен аяқталуы арқылы жасалады.
54. Ә дауысты дыбысы естілімі жағынан қалай дыбысталады?
A) Жіңішке үндесім әуезбен дыбысталады;
B) Жуан үндесім әуезбен дыбысталады;
C) Еріннің бейтарап қалуынан жасалады;
D) Еріннің қысаң ашылып, ауаның екпіндей шығуынан жасалады;
E) Тілдің ауыз қуысының орта тұсына орналасуынан жасалады.
55. Ы дауысты дыбысы естілімі жағынан қалай дыбысталады?
A) Жіңішке үндесім әуезбен дыбысталады;
B) Жуан үндесім әуезбен дыбысталады;
C) Еріннің бейтарап қалуынан жасалады;
D) Еріннің қысаң ашылып, ауаның екпіндей шығуынан жасалады;
E) Тілдің ауыз қуысының орта тұсына орналасуынан жасалады.
56. Жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы жасалатын
дыбыстарды көрсетіңіз.
A) Ұ, Ү, О, Ө;
B) О, Ө;
C) Ы, І, Ұ, Ү;
D) А, Ы, І;
E) А, Ә.
57. Еріннің бейтарап қалуынан жасалатын дыбыстар.
A) А, Ә, Ы, І;
B) А, О, Ө;
C) Ы, Ұ;
D) Ү, Ы;
E) А, Ә, Ү.
58. Тілдің ауыз қуысының арт жағына орналасуымен жасалатын дыбыстар.
A) Ө, Ы, І;
B) А, Ө, Е;
C) Е, Ә, Ы, Ұ;
D) А, Ы, Ұ, О;
E) А, Ә, Е.
59. Ассимиляция дегеніміз не?
A) Түбір мен қосымшалардың аралығында қатар келген буындар мен
дыбыстарға тән заңдар;
B) Бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп
дыбыстың келуі;
C) Морфемалардың
жігінде
көрші
келген
дыбыстардың
акустика-артикуляциялық жақтан біріне-бірі ұқсауы, бейімделуі;
D) Морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың
бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы;
E) Әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір
дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі.
60. Дауыссыз дыбыстар санын 25-ке жіктеген ғалым.
A) С.Мырзабеков;
B) І.Кеңесбаев;
C) Ә.Жүнісбек;
D) С.Омарбекұлы;
E) Ж.Аралбаев.
61. Ұяң-қатаң дауыссыздар тіркесінің үндесуін табыңыз.
A) Бегназар, жазмыш;
B) Қаламмен, Гүлнәз;
C) Сөстыңдады, қашша;
D) Жамболат, бұлбұл;
E) Мұқтажғылды, көгдала.
62. Үнді-ұяң дауыссыздар тіркесінің үндесуін табыңыз.
A) Көмбе, құмды;
B) Жайгелді, қарлы;
C) Бөлме, ойтолғады;
D) Тымгөп, бүркіт;
E) Көзгөрді, көбжылқы.
63. Үнді-қатаң дауыссыздар тіркесінің үндесуін табыңыз.
A) Бұлқын, суғараңғы;
B) Таубай, суда;
C) Әрғашан, жемқор;
D) Тауғалғып, жарнама;
E) Итпай, Бегзат.
64. П дыбысының жуан езулік үндесімін табыңыз.
A) Апа, пайда;
B) Пәс, әпер;
C) Пұл, пошта;
D) Пүліш, пүк;
E) Барлық жауап дұрыс.
65. Д дыбысының жіңішке еріндік үндесімін табыңыз.
A) Дауыс, дыбыс;
B) Дұрыс, дос;
C) Дүние, дөң;
D) Дөңгелек, доп;
E) Барлық жауап дұрыс.
66. Л дыбысының жіңішке езулік үндесімін табыңыз.
A) Сал, тыл;
B) Іл, зіл;
C) Бұлбұл, жол;
D) Гүл, үлкей;
E) Барлық жауап дұрыс.
67. Буын санының артуы қай сөздерде көрінеді?
A) Ырамазан, үстел;
B) Әрмен, барам;
C) Барғам, ұрұқсат;
D) Өлара, сырғай;
E) Келсап, қап.
68. АВ+А=А-ВА құрылымды дыбыс жылысуды табыңыз.
A) Үш ай, анты;
B) Айта, сөйле;
C) Оты, үш одақ;
D) Баса, сүртіп;
E) Сары ала, алтыатар.
69. АВВ+АВ=АВ-ВАВ құрылымды дыбыс жылысуды табыңыз.
A) Айтып, антым;
B) Суы, баласы;
C) Сары ала, екі алма;
D) Көрген, бес адам;
E) Ертіп, жанталасты.
70. Ілгерінді ықпалға бағынған сөзді табыңыз.
A) Күрегі;
B) Асшы;
C) Кесті;
D) Жанба;
E) Дос-жаран.
71. Кейінгі ықпалға бағынған сөз қайсы?
A) Қосжан;
B) Әкел;
C) Бес бет;
D) Көшсе;
E) Даналық.
72. Кейінді ықпалға бағынған сөзді белгілеңіз.
A) Жанға;
B) Шашса;
C) Талдықорған;
D) Жүнісбек;
E) Көре кел.
73. Элизия дегеніміз не?
A) Сөз соңындағы дыбыстың түсіп қалуы;
B) Айтуға ыңғайлы болу үшін жеке дыбысты немесе буынды ығыстыру
шығарып тастау;
C) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
D) Бунақтағы
сөздердің
арасында
қатар
келген
екі
дауыстының
алдыңғысының түсіп қалуы;
E) Бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының кейінгісінің
түсуі.
74. Гаплология құбылысы бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Қарал;
B) Балдар;
C) Жазыпталды;
D) Қапқан;
E) Мүлдем.
75. Апокопа дегеніміз не?
A) Сөз соңындағы дыбыстың түсіп қалуы;
B) Айтуға ыңғайлы болу үшін жеке дыбысты немесе буынды ығыстыру
шығарып тастау;
C) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
D) Бунақтағы
сөздердің
арасында
қатар
келген
екі
дауыстының
алдыңғысының түсіп қалуы;
E) Бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының кейінгісінің
түсуі.
76. Метатезалық құбылыстағы сөзді көрсетіңіз.
A) Металы;
B) Орны;
C) Кәкпір;
D) Секунд;
E) Лұқпан.
77. Аферезис дегеніміз не?
A) Бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі;
B) Бунақтағы сөздер арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының
түсіп қалуы;
C) Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы;
D) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
E) Сөз ішіндегі біркелкі, ұқсас буындардың бірінің түсіп қалуы.
78. Сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қысты-
рылуы.
A) Редукция;
B) Элизия;
C) Эпентеза;
D) Эпитеза;
E) Метатеза.
79. Еркін екпін дегеніміз не?
A) Сөз ішіндегі бір буынның өзге буындардан дауыстың созылыңқылығы,
әуезділігі арқылы оқшауланып айтылуы;
B) Сөздің нақтылы бір буынында ғана келетін екпін;
C) Дауыстың әуенділігіне, дауыс ырғағына байланысты екпін;
D) Фонациялық ауаның күштірек қарқынмен айтылуынан пайда болатын
екпін;
E) Сөздің кез-келген буынына түсе беретін екпін.
80. Мөлшерлі екпін дегеніміз не?
A) Сөз ішіндегі бір буынның өзге буындардан дауыстың созылыңқылығы,
әуезділігі арқылы оқшауланып айтылуы;
B) Сөздің нақтылы бір буынында ғана келетін екпін;
C) Дауыстың әуенділігіне, дауыс ырғағына байланысты екпін;
D) Фонациялық ауаның күштірек қарқынмен айтылуынан пайда болатын
екпін;
E) Екпінді буындағы дауыстыны айтқан кезде оның сол сөздің өзге
буындардағы дауыстылардан анағұрлым созылыңқы дыбысталуынан
болатын екпін.
81. Ырғақ дегеніміз не?
A) Соңы дауыссызға аяқталатын буын;
B) Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы;
C) Жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға
бітетін буын;
D) Кейбір белгілері жағынан өзара
бірдей
немесе
біршама
жуық
элементтердің қайталануы;
E) Өзіндік екпінмен, ырғақпен айтылатын сөздер тобы.
82. Транскрипцияның түрлері.
A) Фонетикалық, морфологиялық;
B) Морфологиялық, синтаксистік;
C) Фонематикалық, фонетикалық;
D) Фонематикалық, орфографиялық;
E) Орфографиялық, орфоэпиялық.
83. Жазу, әріп пен дыбыстың арақатынасын қарастыратын сала.
A) Транскрипция;
B) Графика;
C) Орфоэпия;
D) Орфография;
E) Интонация.
84. Орфоэпия дегеніміз не?
A) Сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін
ережелер жиынтығы;
B) Сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді, дұрыс жазылуын қамтамасыз ететін
ережелер жиынтығы;
C) Жазбаша тілдің ережелері мен заңдылықтарын зерттейтін сала;
D) Бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп
дыбыстың келуі;
E) Тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала.
85. Орфографияның принциптері.
A) Синтаксистік, семантикалық;
B) Морфологиялық;
C) Морфологиялық, фонетикалық, дәстүрлі;
D) Морфологиялық, фонетикалық;
E) Фонетикалық.
86. Қай сөзге қосымша жіңішке түрде жалғанады?
A) Тарих;
B) Актер;
C) Әбілбаев;
D) Тілмаш;
E) Сөзстан.
87. Қай сөзге қосымша жуан түрде жалғанады?
A) Танк;
B) Бинокль;
C) Цех;
D) Мұғалім;
E) Ансамбль.
88. Айтамысың сөзіндегі шылауды белгілеңіз.
A) Сың;
B) Мы;
C) А;
D) Айт;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
89. Қай шылаулар дефиссіз жазылады?
A) Ақ, ай, ау;
B) Ды,/ді, ты/ті;
C) Екеш, ғана, түгіл;
D) Мыс/міс;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
90. Дефис қойылатын сөздер.
A) Қосарланған күрделі атаулар;
B) Тіркесті сан есімдер;
C) Біріккен сөздер;
D) Оңашаланған айқындауыш;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
91. Бас әріп қолданылмайды.
A) Ру аттары;
B) Халық, ұлт, тайпа аттары;
C) Кісі аттары;
D) Жалпы есімдер;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
92. Орфография ережесі бойынша жазылған сөз.
A) Ухиледі;
B) Уһіледі;
C) Уһледі;
D) Ухіледі;
E) Уһоледі.
93. Орфоэпия ережесі бойынша жазылған сөз.
A) Көзбе гөз;
B) Көзбө гөз;
C) Кезбө гөз;
D) Көзбе гез;
E) Көзбе көз.
94. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөздерді табыңыз.
A) Күнгі, сенбі;
B) Кәмпит, қаһар;
C) Қаланы, мұғалімнің;
D) Жерде, бишік;
E) Сенбе, бүгін.
95. Морфологиялық принцип бойынша жазылған сөздерді табыңыз.
A) Кітаптың, қағаздың;
B) Жәрмеңке, бәтіңке;
C) Биыл, бүйтіп;
D) Жанбады, қашса;
E) Мысал, саясат.
96. Орфографиялық ереже бойынша жазылған сөзді табыңыз.
A) Әріпі;
B) Халықы;
C) Жетіеу;
D) Үрікіп;
E) Ернеу.
97. Кімнің сөзі: «Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз
ішінде пәлен қарып бар дейміз. Айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс бар
дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып,
шатастырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қарып
көрінетін, естілмейтін нәрсе?».
A) Қ.Жұбанов;
B) А.Байтұрсынов;
C) С.Жиенбаев;
D) С.Аманжолов;
E) Ә.Жүнісбеков.
98. Үндесім және дауыс сапасы белгілерімен дауысты дыбыстардың қай
қыры сипатталады?
A) Естілімі;
B) Жасалымы;
C) Айтылымы;
D) Буын құрауы;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
99. И, У дауысты дыбыстар емес, әріптер деп қарайтын ғалымдар.
A) Қ. Жұбанов; А.Байтұрсынов
B) С.Жиенбаев, І. Кеңесбаев;
C) Ә.Жүнісбеков, С. Мырзабеков;
D) І. Кеңесбаев, С.Омарбеков;
E) Барлық жауап дұрыс.
100. Ә дауысты дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Қысаң, езу, тіл ортасы;
B) Ауыз қуысты, сүйір шығысты;
C) Ашық, езу, тіл ортасы;
D) Қысаң, доғал ерін, тіл арты;
E) Ерін, тіл арты, құранды.
101. Е дауысты дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Қысаң, езу, тіл ортасы;
B) Қысаң, езу, тіл арты;
C) Ашық, езу, тіл ортасы;
D) Қысаң, доғал ерін, тіл арты;
E) Емеурін, тіл ортасы, құранды.
102. Е дауысты дыбысы айтылым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Ауыз қуысты, емеурін шығысты;
B) Ауыз қуысты, дөңгелек шығысты;
C) Ауыз қуысты, қысаң шығысты;
D) Ауыз қуысты, сүйір шығысты;
E) Көмей қуысты, қысаң шығысты.
103. Ү дауысты дыбысы айтылым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Ауыз қуысты, емеурін шығысты;
B) Ауыз қуысты, дөңгелек шығысты;
C) Ауыз қуысты, қысаң шығысты;
D) Ауыз қуысты, сүйір шығысты;
E) Көмей қуысты, қысаң шығысты.
104. Ы дауысты дыбысы естілім белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Жуан, ашық езу әуезді;
B) Жіңішке, ашық езу әуезді;
C) Жуан, қысаң езу әуезді;
D) Жіңішке, қысаң езу әуезді;
E) Жуан, қысаң ерін әуезді.
105. Ұ дауысты дыбысы естілім белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Жуан, ашық езу әуезді;
B) Жіңішке, ашық езу әуезді;
C) Жуан, қысаң езу әуезді;
D) Жіңішке, қысаң езу әуезді;
E) Жуан, қысаң ерін әуезді.
106. Байырғы сөздерде кездеспейтін, қолдан жасалған жасанды тіркестерді
Ә.Жүнісбек қалай атайды?
A) Тұрақты тіркестер;
B) Шәлкес тіркестер;
C) Дыбыстық тіркестер;
D) Атаулық тіркестер;
E) Дауыссыз дыбыстар тіркесі.
107. Р дауыссыз дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Ерін-ерінді, тоғысыңқы, ұяң;
B) Тіл ортасы, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң;
C) Тіл ұшы, діріл, үнді;
D) Ерін, тоғысыңқы, үнді;
E) Тіл ұшы, тоғысыңқы, үнді.
108. Ж дауыссыз дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Тілшiк, жуысыңқы, үнді;
B) Тіл ұшы, жайылыңқы жуысыңқы, ұяң;
C) Тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, ұяң;
D) Тіл ортасы, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң;
E) Тілшік, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң.
109. С дауыссыз дыбысы жасалым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, қатаң;
B) Тіл ұшы, тоғысыңқы, қатаң;
C) Тілшік, тоғысыңқы, қатаң;
D) Тіл ортасы, жайылыңқы жуысыңқы, қатаң;
E) Ерін-ерінді, тоғысыңқы, қатаң.
110. Т дауыссыз дыбысының жуан езулік түрі айтылым белгілері жағынан
қандай дыбыс?
A) Нық тоғысыңқы, тұтас қуысты;
B) Нық тоғысыңқы, көмей қуысты;
C) Нық жуысыңқы, көмей қуысты;
D) Босаң тоғысыңқы, көмей қуысты;
E) Босаң тоғысыңқы, ауыз қуысты.
111. Ж дауыссыз дыбысының жіңішке езулік түрі айтылым белгілері жағынан
қандай дыбыс?
A) Нық тоғысыңқы, тұтас қуысты;
B) Нық тоғысыңқы, көмей қуысты;
C) Босаң жуысыңқы, көмей қуысты;
D) Босаң тоғысыңқы, көмей қуысты;
E) Босаң жуысыңқы, ауыз қуысты.
112. Ң дауыссыз дыбысы айтылым белгілері жағынан қандай дыбыс?
A) Нық тоғысыңқы, тұтас қуысты;
B) Бос тоғысыңқы, ауыз қуысты;
C) Нық жуысыңқы, көмей қуысты;
D) Босаң тоғысыңқы, көмей қуысты;
E) Бос тоғысыңқы, көмей қуысты.
113. Ш дауыссыз дыбысының жуан еріндік түрі естілім белгілері жағынан
қандай дыбыс?
A) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, езу әуезді;
B) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жіңішке, езу әуезді;
C) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, ерін әуезді;
D) Босаң лепті, ұяң (ызың), жіңішке, езу әуезді;
E) Бос лепті, үнді (ыңыл), жіңішке, езу әуезді.
114. З дауыссыз дыбысының жіңішке езулік түрі естілім белгілері жағынан
қандай дыбыс?
A) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, езу әуезді;
B) Босаң лепті, ұяң, жіңішке, езу әуезді;
C) Күшті лепті, қатаң (шуыл), жуан, ерін әуезді;
D) Босаң лепті, ұяң, жіңішке, ерін әуезді;
E) Бос лепті, үнді (ыңыл), жіңішке, езу әуезді.
115. Екпіннің сөз айыру қызметін белгілеңіз.
A) Қойшы - қойшы;
B) Сөйледім - сөйлейді;
C) Айтушы кісі - айтушы еді;
D) Студентпіз - студентіміз;
E) Ат пенен - атпенен.
116. Екпіннің грамматикалық тұлғаларды айыру қызметін белгілеңіз.
A) Суалмаған - су ал маған;
B) Оқыдың - оқиды;
C) Көрмеге барды - сен көрме;
D) Қаламын алды - осында қаламын;
E) Қалалық жігіт - үйде қалалық.
117. «Мағына жағынан байланысты бір екпінмен айтылатын топ» қалай
аталады?
A) Екпін;
B) Дыбыстар тіркесі;
C) Күрделі сөз;
D) Ырғақты топ;
E) Синтагма.
118. Ырғақты топтарға дұрыс бөлінген сөйлемді белгілеңіз.
A) Ол // жырларды айтатын // адам // жыршы деп аталады;
B) Ол жырларды // айтатын // адам // жыршы деп аталады;
C) Ол жырларды // айтатын адам // жыршы деп аталады;
D) Ол // жырларды // айтатын адам // жыршы деп аталады;
E) Ол // жырларды айтатын адам // жыршы деп аталады.
119. Студенттер сөзіне ой екпіні қойылған сөйлемді белгілеңіз.
A) Кеше студенттер // кеш өткізді.
B) Кеше студенттер кеш // өткізді.
C) Кеше // студенттер // кеш // өткізді.
D) Студенттер кешті // кеше өткізді.
E) Кеше кешті // студенттер өткізді.
120. Қазақ тілінде 8 түрлі интонеманы - тиянақты, тиянақсыз, жалпы сұрақ,
арнаулы сұрақ, қатал бұйрық, сыпайы бұйрық, лепті сөйлемдердің
интонемасы, қыстырма сегментттердің интонемасы - көрсеткен ғалым.
A) Қ.Жұбанов;
B) Ә.Жүнісбек;
C) Ж.Аралбаев;
D) С.Мырзабеков;
E) З.Базарбаева.
|