Г.Ә. Сәрсеке, А. Б. Бақраденова, Г. Т. Кәріпжанова Қазақ тілінен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған тест жинағЫ



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата27.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#5031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЛЕКСИКОЛОГИЯ
ІІ НҰСҚА
1. «Сөз дегеніміз … » әрі қарай жалғастырыңыз.
A) Дыбыстық форма мен мағынаның бірлігі;
B) Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның бірлігі;
C) Дыбыстан тұратын мағынасыз бөлшек;
D) Әрі қарай бөлшектелетін, жеке дыбыстардан тұратын сөздің бөлшегі;
E) Барлық жауап дұрыс.
2. «Сөзге тән … қасиеті фонема, сөз тіркесі, сөйлемде жоқ». 
A) Күрделі мүше болуы;
B) Құрылымы жағынан біртұтас;
C) Сөйлем мүшесі қызметін атқаруы;
D) Белгілі бір сөз табына жату;
E) Барлық жауап дұрыс.
3. «Сөз мағынасы ... кең».
A) Түбірден;
B) Ұғымнан;
C) Дыбыстан;
D) Сөзден;
E) Морфемадан.
4. Жас сөзі қай сөзбен тіркеске түспейді?
A) Адам;
B) Мал;
C) Ағаш;
D) Иіс;
E) Көз.
5. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған жауапты табыңыз.
A) Қара түс;
B) Қара ой;
C) Қара киім;
D) Қара бояу;
E) Қара жолақ.
6. Синтаксистік шартты мағынаның анықтамасын табыңыз.
A) Сµздіњ затты не қ±былысты атап кµрсететін маѓынасы;
B) Сөздердің басқа сөздермен кең түрде тіркесуінен туған мағынасы;
C) Сөздің  сөйлемде  белгілі  бір  синтаксистік  қызмет  атқаруына  байланысты
туған лексикалық мағынасы;
D) Тілдіњ  қазіргі  қалпы  т±рѓысынан  қараѓанда  ары  қарай  бµлшектенбей
т‰бір ретінде танылатын сµздердіњ маѓынасы;
E) Сөздің  белгілі  бір  сөздермен  тіркесуі  арқылы,  яғни  фразеологиялық
тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы.

7. «Аянбай  еңбек  ету»  фразеологиялық  байлаулы  мағынасын  қай  жауаптан
табасыз?
A) Су төгу;
B) Құм төгу;
C) Тер төгу; 
D) Шай төгу; 
E) Барлық жауап дұрыс.
8. Қай  лексикалық  бірліктің  анықтамасы:  «Бүтіннің,  жалпының  орнына
бөлшекті,  жалқыны  немесе  керісінше  қолдану  арқылы  сөз  мағынасының
ауысу тәсілі»?
A) Метонимия;
B) Метафора;
C) Синекдоха;
D) Табу;
E) Эвфемизм.
9. Омоним дегеніміз не?
A) Әр түрлі дыбысталып, мағыналары өзара жақын болып келетін сөздер;
B) Бірдей дыбысталып, білдіретін мағыналары әр түрлі болып келетін сөздер;
C) Сөзге  грамматикалық  мағына  үстейтін,  сөз  бен  сөзді  байланыстыратын
сөздер;
D) Мағыналары қарама-қарсы сөздер;
E) Бір  сөздің  бірнеше  мағына  білдіріп,  мағыналары  арасында  байланыс
болатын сөздер.
10. Омоним болатын сөзді табыңыз.
A) Жұмыс болса әне-міне басталғалы тұр (Х.Есенжанов).
B) Абай мен Ербол енді жүрмек боп, киіне бастады (М.Әуезов).
C) Жақсыны көрмек үшін (Мақал).
D) Ерді кебенек ішінде таны (Мақал).
E) Сөзге сараң болғанымен, кісі жатырқайтын тұйық емес (Т.Ахтанов).
11. Аффикстiк жолмен жасалған омонимді табыңыз.
A) Баспа;
B) Көк;
C) Су;
D) Жүрме;
E) Жаз.
12. «Адамның басы, таудың басы, ауылдың басы, көлдің басы...»
A) Синекдоха;
B) Омоним;
C) Синоним;
D) Антоним;
E) Көп мағыналы сөз.

13. «Аяғыңды бас - ақылды бас».
A) Көп мағыналы сөз;
B) Омоним;
C) Синоним;
D) Антоним;
E) Синекдоха.
14. Доминант сөз дегеніміз не?
A) Синонимдік  қатардағы  қалған  сөздерді  мағына  жағынан  ұйымдастыруға
ұйытқы  болатын,  мағынасы  жағынан  айқын,  стильдік  жағынан  бейтарап,
жалпыхалықтық сипаты бар сөз;
B) Синоним сөздердің тобы;
C) Әр түрлі дыбысталып, мағыналары өзара жақын болып келетін сөз;
D) Синонимдік  қатарға  енетін  сөздер  бір  ғана  сөз  табына  жатуымен
ерекшеленетін сөздер;
E) Синонимдік қатардағы мағынасы көмескі сөз.
15. Ас,  тамақ,  тағам,  дәм,  ауқат  синонимдік  қатарынан  доминант  сөзді
белгілеңіз.
A) Тамақ;
B) Ас;
C) Дәм;
D) Ауқат;
E) Тағам.
16. Тура сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.
A) Көз - жанар - сұқ көз - әйнек; 
B) Тік - түзу - тіке;
C) Азайту - кеміту;
D) Жасақ - қол - шеру - қосын;
E) Дихан - егінші.
17. Тіркесу жолымен жасалған синонимдік қатарды табыңыз.
A) Бәле - жала - шатақ - дау-жанжал;
B) Бәйге - жарыс;
C) Еңбекақы - жалақы;
D) Иіс май - иіс су;
E) Тағдыр - жазмыш - талай.
18. Зат есім сөз табынан болған синонимдік қатарды көрсетіңіз.
A) Дос - жолдас - тамыр;
B) Аласа - қортық - тапал - тәпелтек; 
C) Шаншу - түйреу - қадау; 
D) Барлық - барша - түгел - бүкіл - күллі - тегіс; 
E) Тез - жылдам - шапшаң - дереу - лезде - сәтте.
19. Антоним сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

A) Отан оттан да ыстық (Мақал).
B) Арыстанмың, айбатыма кім шыдар (М.Жұмабаев). 
C) Қыр келбеті құлпырып, дәулеттенді сар дала (Жамбыл). 
D) Шығасы шықпай, кіресі кірмейді (Мақал). 
E) Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп (Мақал).
20. Антонимдік жұпты табыңыз.
A) Сену - нану;
B) Жылдам - тез;
C) Қапыда-зым - зия;
D) Ұшу - қону;
E) Ұшу - ұшыру.
21. Эвфемизм сөздерді көрсетіңіз.
A) Жай түсті, ұлыма;
B) Қабық, езбалдақ;
C) Қоспаңыз, ұзын құлақ;
D) Мырза жігіт, айдарлым;
E) Көңілінің күйі бар.
22. Қазақ  тілінің  сөздік  құрамына  ену  кезеңі  жағынан  алғашқы  болып
саналатын кірме сөздер.
A) Араб-парсы;
B) Орыс;
C) Монғол;
D) Грек;
E) Латын.
23. Қазақ тіліне енген парсы сөздерін анықтаңыз.
A) Дәрігер, шам, анар;
B) Кітап, қалам, мектеп;
C) Сөмке, ояз, шен;
D) Ас, қазы, хан;
E) Абдыра, абысын, қой.
24. Қазақ тіліне енген араб сөздерін анықтаңыз.
A) Театр, футбол, кино;
B) Саясат, тарап, амал;
C) Байтақ, мейрам, кәусар;
D) Төл, бек, ұл;
E) Ұста, станок, үй.
25. Қазақ тіліне тұлғасы өзгеріп енген орыс сөздерін анықтаңыз.
A) Атпекет, бөкебай, сіріңке;
B) Божы, тау, самал;
C) Фильм, капуста, пальто;
D) Костюм, агроном, партия;

E) Дұрыс жауабы жоқ.
26. Тіл біліміне қатысты халықаралық терминдерді көрсетіңіз.
A) Зат есім, сын есім;
B) Шылау, сөз, буын;
C) Сингармонизм, семасиология;
D) Ауа, қысым, жауын;
E) Жалғау, жұрнақ.
27. Әскери термин сөздерді табыңыз.
A) Формация, қоғам, тайпа;
B) Материя, идея, сана;
C) Қар, көз, жақ;
D) Танк, сап, штаб;
E) Теңдеу, шама, өрнек.
28. «Терминге» берілген анықтама қайсы?
A) Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер;
B) Жалпыға бірдей түсінікті сөздер;
C) Ғылым  мен  техниканың  әр  түрлі  саласында  қолданылатын  арнаулы
сөздер;
D) Белгілі бір кәсіппен байланысты айтылатын сөздер;
E) Белгілі бір кезеңде ғана қолданылған сөздер.
29. Тарихи сөздер дегеніміз қандай сөздер?
A) Халықтың  тiршiлiгi,  салт-сана,  әдет-ғұрпы,  дүние-танымына  қарай  әр
дәуiрде  қолданылып  отырған  немесе  ескiрiп,  қолданудан  қалып  қойған
сөздер;
B) Қолданылған дәуiр, кезеңмен бiрге жоғалған сөздер;
C) Ғылымның белгілі бір саласында қолданылатын сөздер;
D) Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер;
E) Тілдегі жаңа ұғымды білдіріп, жаңадан пайда болған сөздер.
30. Архаизм сөзді табыңыз.
A) Суреткер;
B) Балмұздақ;
C) Күләпәра;
D) Діңке;
E) Ақша;
31. Историзм сөздерді көрсетіңіз.
A) Дерте, білік, тай;
B) Кісен, өрмек, құрық;
C) Атқамінер, болыс, поштабай;
D) Сым, азан, ояқ;
E) Ақпан, сәуір, қой.
32. Неологизм сөздерді табыңыз.

A) Ата, ана, әке;
B) Жүз, бет, келбет;
C) Ел, азамат, адамгершілік;
D) Төмен, жоғары;
E) Ұжым, нарық.
33. Сөздер қолданылу өрiсiне байланысты қандай топтарға бөлiнедi?
A) Жалпылама лексика және қолданылу өрiсi тар лексика;
B) Жалпылама лексика және стильдік лексика;
C) Арнаулы лексика;
D) Диалектілік лексика;
E) Жаргондық лексика.
34. Жалпыхалықтық лексика дегеніміз не?
A) Белгілі бір тілдегі сөздер жиынтығы;
B) Тiлдегi қолданылу өрiсi тар, өзiне тән стильдiк мәнi бар сөздер тобы;
C) Белгілі  бір  ойға,  ұғымға  ишара  жасайтын,  астарлап,  жұмбақтап  айту  мәні
басымдау болатын халық мұрасы;
D) Белгілі бір стиль түрінде қолданылатын арнаулы сөздер тобы;
E) Бiр  тiлде  сөйлейтiн  адамдардың  барлығына  түсiнiктi  әрi  ортақ,  күнделiктi
қолданып жүретiн сөздер тобы.
35. Диалект сөздерді табыңыз.
A) Ұтыр, сұрақы, сіле;
B) Жерлеу, сіміру, ақ май;
C) Кеп, қалып, мәсі;
D) Аусыл, қарасан, серке;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
36. Мысалдағы  диалект  сөзді  табыңыз:  Арызымыз  тыңдалмай,  ақ-қарамыз
тексерілмей  өле  беретін  болған  соң,  біз  де  бір,  белгілі  мүттайым  кісі  де
бір болғаны ғой (М.Әуезов).
A) Белгілі;
B) Мүттайым;
C) Өле беретін болған соң;
D) Кісі;
E) Ақ-қарамыз.
37. Сiрiңке,  кеуiрт,  кәуiрт,  шырпы,  оттық,  шақпақ,  спешке  қатарынан
әдеби тілдегі сөзді табыңыз.
A) Шырпы;
B) Кеуiрт;
C) Спешке;
D) Сiрiңке;
E) Шақпақ.
38. Мақта шаруашылығына қатысты сөздер тобын анықтаңыз.

A) Пышқы, ыңғуыр, аттiс;
B) Қоза, шиiт, арам шақа;
C) Қабадан ау, инелiк, азына;
D) Бас арық, оқ арық, пал;
E) Мұсала, нәк, түршек. 
39. Тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Алтын сөз, кең дала;
B) Жүрек жалғау, тісін қайрау;
C) Тісі ауыру, тісін шықырлату;
D) Таныс жер, таныс адам;
E) Көзі өту, жіп өту.
40. Қарны ашты тұрақты тіркесінің мағынасын ашыңыз.
A) Тамақ ішкісі келді;
B) Өкпеледі;
C) Көңілге алды;
D) Көңілі тоймады, разы болмады;
E) Қимылдамады.
41. «Күн көрсетпеу» мағынасын ашатын тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Көңілі торықты;
B) Ат қойды;
C) Көңілге алды;
D) Басына әңгір таяқ орнату;
E) Екі өкпесін қолына алу.
42. Тұрақты тіркесті толықтырыңыз: «Тілі ...».
A) бықпырт тигендей;
B) мірдің оғындай;
C) дәмді;
D) ұшында;
E) кескен.
43. «Алдану, алдау» мағынасын білдіретін фразеологизмді табыңыз.
A) Тайға таңба басқандай;
B) Екі езуі екі құлағында;
C) Жегенін желкесінен шығару;
D) Мұзға отырғызып кету;
E) Басына көтерді.
44. Мақалды жалғастырыңыз: «Аттының несібесі - алтау, жаяу-
дың ...».
A) Шаңы шықпас;
B) Несібесі - жалқы;
C) Шаңына ілеспес;
D) Несібесі - көп;

E) Несібесі жетеу.
45. Мәтелді ажыратыңыз.
A) Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше;
B) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат;
C) Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа;
D) Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені;
E) Таз ашуын тырнаудан алады.
46. Сөздің лексикалық мағыналары қай сөздікте ашылады?
A) Терминологиялық;
B) Орфоэпиялық;
C) Түсіндірме;
D) Орфографиялық;
E) Диалектологиялық.
47. Н.Оңдасыновтың  «Парсыша-қазақша  түсіндірме  сөздігі»  (Алматы,  1974)
сөздіктің қай түріне жатады?
A) Аударма;
B) Синонимдік;
C) Арнаулы;
D) Терминологиялық;
E) Түсіндірме.
48. Этимология дегеніміз не?
A) Айтылуы бірдей болғанымен, мағыналары бөлек-бөлек сөздер,
B) Тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер;
C) Сөздердің  шығу  төркінін,  олардың  бастапқы  мағыналары  мен  дыбысталу
түрін айқындайтын сала;
D) Сөздердің жеке тұрғанда немесе сөйлемде білдіретін негізгі ұғымы;
E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер.
49. Ономосиология саласы нені зерттейді?
A) Заттар мен құбылыстардың аталуы, белгіленуі туралы сала;
B) Сөздердің қалыптасу, өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейтін сала;
C) Сөздер мен сөз тұлғаларының тарихын, шығуын, дамуын зерттейтін сала;
D) Сөз мағынасын, сөздің мағыналық ерекшеліктерін зерттейтін сала;
E) Тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасауды зерттейтін сала.
50. Кісі есімдерін зерттейтін сала.
A) Ономастика;
B) Антропонимика;
C) Топонимика;
D) Семасиология;
E) Этимология.
51. Қай сөздің мағыналары: «1)  Бір  заттың  төменгі,  ішкі қабаты;  2) Өсімдіктің
жер  астындағы  бөлігі;  3)  Өсіп  тұрған  немесе  қазып  алынған  өсімдік;  4)

Түпкірдегі шет; 5) Адамның шыққан тегі; 6) Бір нәрсенің жаны, қасы»?
A) Маңы;
B) Тамыр;
C) Алыс;
D) Төмен;
E) Түп.
52. Сөз мағынасының кеңеюі дегеніміз не?
A) Сөздің  тұлғасы  өзгермей,  бұрынғы  бар  мағынасының  үстіне  жаңа
қосымша мағынаның үстелуі;
B) Кейбір сөздер мағынасының қолданыстан шығып қалуы; 
C) Сөз мағынасының ауыспалы, келтірінді мағынада жұмсалуы;
D) Тура мағынадағы сөздердің басқа сөздермен кең түрде тіркесуі;
E) Сөз мағынасының тура мағынада жұмсалуы.
53. Қай сөздің мағынасы тарайған?
A) Бас;
B) Қатынас;
C) Байланыс;
D) Қарындас;
E) Көлік.
54. Бір сыңары кірме сөзден болған омонимді табыңыз.
A) Ат;
B) Жай;
C) Мата;
D) Ер;
E) Құс.
55. Екі сыңары да кірме сөздер арқылы жасалған омонимді табыңыз.
A) Бақ;
B) Құс;
C) От;
D) Ой;
E) Мақта.
56. Болыс омонимі қай жолмен жасалған?
A) Аффикстік;
B) Фонетикалық;
C) Синтаксистік;
D) Екі сыңары да кірме сөздер арқылы;
E) Қазақтың төл сөзі мен кірме сөздің бірдей дыбысталуы арқылы.
57. Лексика-семантикалық тәсілмен жасалған омонимді белгілеңіз.
A) Ас;
B) Адас;
C) Тең;

D) Көшір;
E) Мата.
58. Қай сөздің  мағыналары  және  ол  мағынаның  қай  түрі: «1) Буылған  жүк;  2)
Бірдей, құрбықұрдас, замандас»?
A) Тең (омонимдік мағына);
B) Құрдас (синонимдік мағына);
C) Тең (көп мағыналылық);
D) Қатар (омонимдік мағына);
E) Қатар (көп мағыналылық).
59. Қай лексикалық бірлікті топтастырудың белгілері: «1) Сөз-
дердің  дыбысталуында,  тұлғасында  айырма  болуы  керек;  2) Сөздер  бір
ғана ұғымды білдіруі керек; 3) Сөздер бір ғана сөз табына жатуы тиіс»?
A) Антоним;
B) Синоним;
C) Көп мағыналы сөз;
D) Омоним;
E) Диалектілер.
60. Жемқор - парақор синонимдік қатары қай тәсілмен жасалған?
A) Синтетикалық;
B) Аналитикалық;
C) Семантикалық;
D) Фонетикалық;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
61. Ел,  халық,  әлеумет,  халайық,  жұрт  синонимдік  қатарынан  стильдік
айырмасы  бойынша  поэтикалық  стильде  (көркем  әдебиет)  қолданылатын
түрін табыңыз.
A) Әлеумет;
B) Жұрт;
C) Халық;
D) Ел;
E) Барлық жауап дұрыс.
62. Әуес,  құмар,  құштар,  іңкәр,  ынтық,  ынтазар  синонимдік  қатарынан
сапа, белгіні білдіру дәрежесі жағынан жоғары сөзді көрсетіңіз.
A) Құмар;
B) Іңкәр;
C) Ынтық;
D) Әуес;
E) Ынтазар.
63. Бір сыңары кірме сөзден болған синонимдік қатарды табыңыз.
A) Аймақ, өңір, атырап;
B) Қас пен көздің арасында, тез, жылдам;

C) Көк ет, көк бауыр;
D) Қанішер, қаныпезер, қанқұйлы;
E) Сағыну, аңсау.
64. Көзін жоғалту - құрту - жою синонимдік қатары қай жолмен жасалған?
A) Аффикс жалғану арқылы;
B) Тіркесу арқылы;
C) Семантикалық;
D) Дыбыстық өзгеріс арқылы;
E) Фразалық тіркес арқылы.
65. Қай  лексикалық  бірліктің  анықтамасы:  «Екі  мәндес  сөз  қатар  келіп,
алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейте түсетін сөз»?
A) Узуалды сөз;
B) Окказионалды сөз;
C) Вариантты сөз;
D) Плеоназм сөз;
E) Парафраза.
66. Контекстік антонимді табыңыз.
A) Мен - ашу да, сен ақылсың нәрі аққан,
        Сен адамсың, мен - аждаһа зәр атқан (М.Мақатаев).
B) Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар (Мақал).
C) Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды,
        Екі жаман қосылса, кең дүниеге сыйыспайды (Мақал).
D) Ал енді молда қайда, сөзі қайда,
        Беретін жұмақ, тозақ анау жайда (С.Торайғыров).
E) Кедей көп өмір бойы бейнет көрген,
        Бай бар ма ол еңбектің құнын берген (С.Торайғыров).
67. «Қара алтын» тұрақты метафорасы қай сөзге қатысты айтылады?
A) Бидай;
B) Ұн;
C) Мұнай;
D) Көмір;
E) Тас.
68. Мысалдағы  асты  сызылған  сөздер  ауыспалы  мағынаның  қай  түрінде
жұмсалған: «Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы»? 
A) Тілдік метонимия;
B) Поэтикалық метонимия;
C) Тұрақты метафора;
D) Тілдік метафора;
E) Поэтикалық метафора.
69. Қай  мағынаның  анықтамасы:  «Бір  заттың  не  құбылыстың  атауының
екінші  затқа  не  құбылысқа  олардың  өзара  іргелестігі,  шектестігі  негізінде

атау болып ауысуы»?
A) Метафора;
B) Метонимия;
C) Синекдоха;
D) Тура;
E) Туынды.
70. Эвфемизмдік ауыстыруды табыңыз.
A) Қылтамақ - жаман ауру;
B) Сарқырама - өзен;
C) Тетелес - қайыніні;
D) Тулақ - ат;
E) Ұлыма - қасқыр.
71. Бұл  қолданысты  қандай  тілдік  құбылысқа  жатқызар  едіңіз:  «Күләш  -
қазақтың бұлбұлы»?
A) Эвфемизм,
B) Варваризм;
C) Плеоназм;
D) Парафраза;
E) Синоним.
72. Ата, ана, қарындас, бас, құлақ, түйе, жылқы, бота сөздерін қай  қабатқа
орналастырар едіңіз?
A) Сөздік құрам; 
B) Сөздік қор;
C) Пассив қабат;
D) Көнерген қабат;
E) Тарихи сөз.
73. Сөздік  құрамдағы  сыпырғы,  шегеле,  сөйле,  орақша  сөздері  қай  тәсілмен
жасалған?
A) Лексикалық;
B) Семантикалық;
C) Синтетикалық;
D) Фонетикалық;
E) Аналитикалық.
74. Қай  сөз  қазақ  тіліне семантикалық  және  тұлғалық  өзгерістерге  ұшырамай
енген?
A) Тағам;
B) Мөр;
C) Дихан;
D) Дәрігер;
E) Дариға.
75. Монғол тілінен енген Зайсан сөзі қандай мағына білдіреді?

A) Жаман;
B) Ақылды;
C) Суырлы;
D) Жақсы;
E) Көл.
76. Неге қатысты айтылған: «Бұлайша екi топқа бөлудiң  үлкен  маңызы  бар.  ...
енген
 сөздер
 араб-парсы
 сөздерi
 сияқты
 ауызша
 енгендiктен,
фонетикалық  өзгерiстерге  ұшыраған.  Ал  ...  сөздердiң  айтылуы  да,
жазылуы да орыс тiлiндегi қалпында сақталады»?
A) Тұлғалық өзгерістерге ұшырау; Тұлғалық өзгерістерге ұшырамау;
B) Қазан төңкерісіне дейін; Қазан төңкерісінен кейін;
C) Араб-парсы шапқыншылығына дейін; Араб-парсы шапқыншы-
лығынан кейін; 
D) Монғол шапқыншылығына дейін; Монғол шапқыншылығынан кейін;
E) Орыс отаршылдығы кезеңі; Кеңестік кезең.
77. Діни ұғымға байланысты архаизмдерді табыңыз.
A) Тоқымқағар, отқасалар, бесiк құда;
B) Ахирет, қалпе, дем салу;
C) Саптыаяқ, қазанқап, асадал;
D) Лашық, итарқа, жаппа;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
78. Лексика-семантикалық диалектiлер дегеніміз не?
A) Дыбысталуы әдеби сөздермен бiрдей, бiрақ мағыналары басқаша сөздер; 
B) Белгiлi  бiр  территориядағы  тұрғындардың  сөйлеу  тiлiнде  қолданылатын
сөздер;
C) Белгiлi бiр жерге тән заттар мен құбылыстарды бiлдiретiн сөздер;
D) Мағынасы  жағынан  әдеби  сөздермен  сәйкес  келетiн,  бiрақ  дыбысталуы
басқаша сөздер;
E) Әдеби  тілдегі  сөздерге  диалектизмге  тән  жұрнақтар  жалғану  арқылы
жасалған диалектілер.
79. Фонетикалық диалектілерді табыңыз.
A) Құдағай, үгей;
B) Малдаршылық, барғым бар;
C) Бережақ, жоян;
D) Жар, бiгiз;
E) Жуалдыз, сой.
80. Диалектілерді
 лексикалық,
 лексика-фонетикалық,
 туынды,
лексика-семантикалық диалектiлер деп топтастырған ғалым?
A) Б.Қалиев;
B) Ә.Болғанбаев;
C) Ш.Сарыбаев;
D) М.Белбаева;

E) А.Айғабылов.
81. Қай  лексикалық  бірлікке  тән:  «Бiр  дара  ұғымды  нақты  бiлдiретiндiктен,
көбiне  бiр  мағыналы  болып  келедi.  Стильдiк-эмоциялық  мән  болмайды.
Мағынасы  өзгермелi  емес,  тұрақты  болып  келедi.  ...  бiр  саласына
меншiктелiп, сол салаға қызмет етедi»?
A) Кәсіби сөз;
B) Термин сөз;
C) Диалект сөз;
D) Жаргон сөз;
E) Тура мағыналы сөз.
82. Су шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді анықтаңыз.
A) Бас тарту, ұлтан, созан;
B) Кішміш, қыртыс, көздеу;
C) Бастырып тігу, бүрме, төс қалта;
D) Кебіс, бізқорда, ұштықтау;
E) Шақа арық, құлақ, мұрап.
83. Кітаби лексикаға қатысты сөздер тобын анықтаңыз.
A) Беглер, қурметлу, йаратқан, улуғ;
B) Ел, хан, жыл, жаратқан;
C) Оғлақ, йырынчы, үшін, алпыс;
D) Сары, бар, түс, жүз;
E) Тұрақ, кіші, жазу тілі, өркен.
84. Публицистикалық стильде қолданылатын сөздерді көрсетіңіз.
A) Қаулы етедi, бұйырамын, түсiнiктеме;
B) Ақпарат хабарлар, ресми сапар, көпшiлiк қолдады;
C) Молекула, гербарий, жылу энергиясы;
D) Жер күлімдеп, нәр, құстай ұшу;
E) Тіл, теңеу, өнер.
85. Қай  лексикалық  қабатқа  тән  ерекшелiктер:  «а) Адамның
 тiкелей
қарым-қатынасы
 кезiнде,  сұхбат-әңгiме
 үстiнде
 қолданылады;
 ә)
алдын-ала  ойланып,  жүйеленбей,  сөйлеу  процесi  үстiнде  туындап
отырады; б) тақырыптық аясы өте кең»?
A) Әдеби лексика;
B) Кітаби лексика;
C) Сөйлеу лексикасы;
D) Стильаралық лексика;
E) Жалпылама лексика.
86. Тұрмыстық-қарапайым лексика дегеніміз не?
A) Функционалды стильдердiң ешқайсысына да жатқызуға болмайтын сөздер
тобы;
B) Күнделiктi
 өмiрде,
 тұрмыстық
 қарым-қатынаста
 қолданылатын

жалпыхалыққа белгiлi, сөйлеу тiлi аясындағы сөздер тобы;
C) Нақты бiр стильге емес, барлық стиль түрлерiне қатысы бар сөздер тобы;
D) Тiлге сiңбеген, сонша қажеттiлiгi жоқ бөтен тiлдiң сөздері;
E) Ауызша әдеби сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер тобы.
87. Өлең жолындағы асты сызылған сөз қай лексикалық бірлікке жатады?
                        Барымта мен партия,
                        Бәрi мастық, жұрт құмар.
                        Сыпыра елiрме, сұрқия
                        Көп пияншiк ненi ұғар (Абай).
A) Синоним;
B) Плеоназм;
C) Орыс тілінен енген сөз;
D) Варваризм;
E) Эвфемизм.
88. Фраза дегеніміз не?
A) Мағынасы  жағынан  ажыратуға  келмейтiн,  беретін  мағынасы  өзiнiң
құрамындағы  сөздердiң  мағыналарымен  байланысты  болатын  тұрақты
тіркестер;
B) Мағынасы жағынан ажыратуға келмейтiн, бірақ беретiн мағынасы жағынан
құрамындағы  сыңарлардың  мағынасымен  мүлдем  байланыспайтын
тұрақты тiркестер;
C) Фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы; 
D) Сыңарларының  бастапқы  лексикалық  мағынасы  жойылуға  жақындап,
күңгiрттене бастаған тұрақты тiркестер;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
89. Антонимдес фразеологизмді табыңыз.
A) Салт басты - салт атты;
B) Бауыр басты - жақын тартып кетті;
C) Ашық мiнез - ашық қол;
D) Қырғи қабақ - арасынан қыл өтпедi;
E) Қас пен көздің арасында - ат шаптырым.
90. Бауыр басты тұрақты тіркесіне антоним табыңыз.
A) Тұйық мiнез;
B) Бақ қонды;
C) Жат бауыр болды;
D) Салт басты;
E) Бауыр тартты.
91. Сөздердің  шығу  тегі  мен  олардың  семантикасының  дамуы  туралы
мағлұмат беретін сөздіктердің түрлері.
A) Түсіндірмелі, фразеологиялық;
B) Этималогиялық, тарихи;
C) Омоним, синоним, антонимдер сөздіктері;

D) Энциклопедиялық, иллюстративті;
E) Терминологиялық, диалектологиялық.
92. Қай  сөздіктің  сипаттамасы:  «Бiр  еңбектi  немесе  бiр  ақын-жазушының  не
ғылыми қайраткердiң шығармасының тiлiн жеке сөздiк етiп шығару»?
A) Синонимдік;
B) Энциклопедиялық;
C) Арнаулы;
D) Тарихи;
E) Түсіндірме.
93. «Қазақ тілінің тұсіндірме сөздігі» неше том және қашан шықты?
A) 9 том, 1978-1979;
B) 12 том, 1974-1986;
C) 10 том, 1974-1986;
D) 6 том, 1974-1989;
E) 8 том, 1964-1968.
94. Барлық сөздерді емес, белгілі бір  дәуірдегі  сөздерді  не лексиканың  белгілі
бір саласын қамтитын сөздіктің аталуы.
A) Толық сөздік;
B) Кіші сөздік;
C) Арнаулы сөздік;
D) Энциклопедиялық сөздік;
E) Жалпы сөздік.
95. Фонетикалық принцип дегеніміз не?
A) Сөздің
 шығу
 тегін
 айқындауда
 тілдердің
 генеологиялық
классификациясына,  яғни  тілдердің  шығу  тегінің  бірлігіне  қарай
топтастырылуына негізделуді талап етуі;
B) Тілдердің  тарихи  даму  барысында  сөздің  морфологиялық  құрылымы,
оның  құрамындағы  морфемалардың  бастапқы  арақатынасы,  жігіндегі
өзгерісті есепке алуды талап етуі;
C) Сөздердің  шығу  тегін  айқындауда  фонетикалық  заңға  сүйенуді,  туыстас
тілдердегі  дыбыстардың  өзара  сәйкестілік  заңдылығын  арқау  етуді  талап
етуі;
D) Әдеби  тілдегі  жалпылама  және  жиі  қолданылатын  сөздерді  қамтып,
олардың мағыналарының талдап түсіндірілуі;
E) Белгілі  бір  шет  тілдегі  сөздер  мен  фразеологизмдердің  ана  тіліне
аударылып берілуі.
96. Ғылыми этимологиядағы принциптер жазылған топты белгілеңіз.
A) Генеологиялық, фонетикалық;
B) Лексикологиялық, синтаксистік;
C) Фразеологиялық, орфографиялық;
D) Орфоэпиялық, түсіндірме;
E) Синонимдік, антонимдік.

97. Сөздердің  тіркесу  сипатына  байланысты  туѓан  лексикалық  маѓыналарды
көрсетіңіз.
A) Атауыш мағына;
B) Тура, ауыспалы мағыналар;
C) Түпкі, туынды мағыналар;
D) Еркін, фразеологиялық байлаулы, синтаксистік шартты маѓыналар;
E) Омоним, синоним, антонимдік мағыналар.
98. «Қазақ  тіліндегі  зат  есім  синонимдер»  (Алматы,  1957),  «Қазақ  тіліндегі
синонимдер» (Алматы, 1970) еңбектерінің авторы.
A) К.Аханов;
B) Ә.Болғанбаев;
C) І.Кеңесбаев;
D) Ғ.Мұсабаев;
E) Г.Смағұлова.
99. Антитеза тәсілі қолданылған мысалды табыңыз.
A)        Мың құбылған қуаныштан, дерттерден,
        Қиын не бар адам жанын зерттеуден?
        Мен келемін өз жанымды зерттеумен,
        Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.
        Арзан не бар ойлау менен күлуден,
        Қымбат не бар адам сырын білуден (М.Мақатаев).
B)        Ер ұмытпас ерінің дұрыс ісін,
        Бір буынның бірегей ірісісің.
        Бақытсызсың - тірідей өлгендер көп,
        Бақыттысың - өлгеннің тірісісің (Қ.Мырзалиев).
C)        Жақсы болар жігіттің,
        Жұмыссыз жүрген жері жоқ.
        Жаман болар жігіттің,
        Еш жұмыста қыры жоқ (Мақал).
D)        Жау болып бірін-бір күнде шапқан,
        Жасы, қарты бәрі де бәле баққан (С.Торайғыров).
E)        Орай шап алдын, артын жиын жұрттың,
        Жыр қыла бүгінгіні, бұрынғыны (І.Жансүгіров).
100. Синекдоханы  метонимияның  бір  түрі  деп,  метонимияны  көмескі
метонимия, ал синекдоханы ашық метонимия деп қарастырған ғалым.
A) А.Айғабылов;
B) Г.Смағұлова;
C) Л.Рүстемов;
D) Ә.Болғанбаев;
E) Л.Нұржекеева.
101. Узуалды мағына дегеніміз не?
A) Сөз  мағынасының  сөйлеу  үстінде,  көркем  шығармада,  жеке  авторлық

қолданыста туған, жиі қайталанбайтын түрлері;
B) Сөз  мағынасының  жиі  қайталанып  отыратын,  тұтас  халық  қабылдап,
дағдылы сипат алған түрлері;
C) Бір  заттың  не құбылыстың  атауының  екінші  затқа  не  құбылысқа  олардың
өзара іргелестігі, шектестігі негізінде мағынаның ауысуы;
D) Сөздің  белгілі  бір  сөздермен  тіркесуі  арқылы,  яғни  фразеологиялық
тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы;
E) Әр түрлі дыбысталатын, бірақ өзара жақын болып келетін мағыналар. 
102. Не  жайында  айтылып  отыр:  «...  негiзгi  сөздiк  қорды  iшiне  алады.
Сондықтан  ол  сөздiк  қорға  қарағанда  көлемi  жағынан  анағұрлым  көп
болады.  ...  даму  барысында  негiзгi  сөздiк  қор  баяу  болса  да  дамып
отырады.  Негiзгi сөздiк  қордың  сөз  тудыруға  ұйытқы  болатын  қасиетiнiң
арқасында ... үнемi жетiлiп, толығып отырады»?
A) Сөздік қор;
B) Көнерген сөздер;
C) Лексикология;
D) Сөздік құрам;
E) Актив қабат.
103. Қай  лексикалық  бірлікке  тән  белгілер:  «1) Толық  мағыналы,  көп  мәнді
болады;  2)  бір  буынды  болып  келеді;  3)  өзге  түркі  тілдеріндегі  байырғы
түбірлермен дыбысталуы жағынан да, мағынасы жағынан да ұқсас, тектес
болып келеді»?
A) Байырғы төл сөздер;
B) Кірме сөздер;
C) Түркі тілдеріне ортақ сөздер;
D) Тарихи сөздер;
E) Синоним сөздер.
104. Қазақтың төл сөздерiнiң жасалу жолдарын көрсетіңіз.
A) Семантикалық, синтетикалық;
B) Лексика-семантикалық, фонетикалық, синтетикалық, аналитикалық;
C) Синтетикалық, аналитикалық;
D) Фонетикалық;
E) Фонетикалық, аналитикалық.
105. Өкiмет (власть) - үкiмет (правительство) сөздері қай тәсілмен жасалған?
A) Лексика-семантикалық;
B) Фонетикалық;
C) Аналитикалық;
D) Синтетикалық;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
106. Ә.Болғанбаев түркi тiлдерiне ортақ сөздердің неше тобын көрсетеді?
A) 9;
B) 10;

C) 11;
D) 12;
E) 16.
107. Пассив лексикаға қай түрлері жатады?
A) Терминдер, көнерген сөздер, диалектизмдер, кiтаби сөздер;
B) Күнделiктi өмiрде жиi қолданылатын сөздер;
C) Тiлдегi сөздердiң тұтас жиынтығы;
D) Синонимдер, антонимдер, омонимдер;
E) Варваризмдер, алғыс-қарғыс мәнді сөздер.
108. Оралда  «нұсқау,  бұйрық»  мағынасын  білдіретін  тәртiп  диалект  сөзi
диалектінің қай түріне жатады?
A) Лексика-семантикалық;
B) Лексикалық;
C) Этнографиялық;
D) Туынды;
E) Лексика-фонетикалық.
109. Жозы диалектісі қандай мағынада, қай жерде қолданылады?
A) Кілемнің түрі (Қызылорда обл.);
B) Тамақ атауы (Солтүстік Қазақстан обл.);
C) Аласа дөңгелек үстел (Алматы обл.);
D) Орындық атауы (Шымкент обл.); 
E) Ағаштан жасалған еңбек құралы (Шығыс Қазақстан обл.).
110. Өлең жолындағы варваризмдерді қолданудың мақсаты қандай?
                        Нәпiл түгiл намазы
                        Бәрi желге кетедi
                        «Еннатайына кәлкаусар»
                        Пошол дереу күнәкар,
                        Аяғын ойлап айтқаны
                        «Әнi-шаны күлаптар» (Абай).
A) Бiр  халықтың  өмiрiн,  тұрмыс-салтын  көрсету  үшiн  саналы  түрде
қолданылған; 
B) Тыңдаушыға ерекше әсер беру, күлдiру үшiн қолданылған;
C) Өзге  тiлдегi  сөздердi  сөзбе-сөз  аударуға  қиын  тиген  жағдайда
қолданылған;
D) Жағымсыз мiнез-құлықты адамдарды әшкерелеу үшiн қолданылған;
E) Ана тiлiн шұбарлаушыларды келемеждеу үшiн қолданылған.
111. Ненің  сипаттамасы:  «а) ...  лексикасында  қол,  бет  қимылы  араласады,
интонация,  екпiн,  үзiлiс,  кiдiрiс  жасалып  отырады;  ә) ...  абстракт  сөздер
мен терминдер  аз  болады.  Өз  ойын  күрделендiрмей,  ұғынықты  жеткiзуге
тырысады; б) орын тәртібі қатаң сақталмайды»?
A) Жазба тiл;
B) Варваризмдер;

C) Арнаулы лексика;
D) Ауызша әдеби сөйлеу;
E) Кітаби лексика.
112. Қай  ғалым  сөйлемге  тән  фразеологизмдерді,  мысалы,  екi  иығынан  дем
алды,  қасынан  бiр  елi  тастамады,  көңiлi  су  сепкендей  басылды  т.т.,
фразеологизмдiк сөйлемше деп атаған?
A) К.Аханов;
B) І.Кеңесбаев;
C) Ә.Болғанбаев;
D) А.Айғабылов;
E) Г.Смағұлова.
113. Ақ саусақ фразеологизмі қай түрге жатады?
A) Фразеологиялық тұтастық;
B) Фразеологиялық бірлік;
C) Фразеологиялық тізбек;
D) Фразеологиялық сөйлемше;
E) Дүрыс жауабы жоқ.
114. Аузымен қүс тiстеген фразеологизмінің мағыналарын анықтаңыз.
A) Атой салып шаба жөнелдi; балаға есiм бердi;
B) Ер жеттi, есейдi; ақылшы, басшы;
C) Соқыр болды; көзi қанды, маманданды;
D) Жүйрiк, ұшқыр; сөзге шешен, дiлмар адам;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
115. Тұрақты  тіркестерді  сөз  табына  қатысы  жағынан  Г.Смағұлованың
топтастыруын көрсетіңіз.
A) Есімді
 фразеологизмдер,
 етістікті
 фразеологизмдер,
 одағай
 түрі,
адвербиалды түрі, сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер;
B) Етістік  мағыналы  фразеологизмдер,  сындық  мағыналы  фразеологизмдер,
заттық мағыналы фразеологизмдер, үстеу мағыналы фразеологизмдер; 
C) Етістік,  есімді,  үстеу  фразеологизмдер,  одағай  тұлғалы  фразеологизмдер,
әр  тарапты  сөздерден  жасалған  фразеологизмдер,  сөйлеу  стиліне  тән
фразеологизмдер;
D) Стильаралық, ауызекі сөйлеу тіліне, кітаби стильге тән фразеологизмдер;
E) Көнерген, жаңа фразеологизмдер.
116. Қазақтың төл фразеологизмін көрсетіңіз.
A) Құдайға шырақ, шайтанға көсеу емес;
B) Балықшы балықшыны алыстан көреді;
C) Ештен кеш жақсы;
D) Қасқырдың сұрлығы үшін емес, ұрлығы үшін ұрады;
E) Сойылын соғу.
117. Калька жолымен жасалған фразеологизмді табыңыз.

A) Жала көмір сияқты, күйдірмесе де күйелейді;
B) Қозы көш жер;
C) Ұзын арқан, кең тұсау;
D) Жүрек жұтқан;
E) Түнімен жиде қағып шығу.
118. Фразеологизмнің  қай  сипаты:  «Басына  көтерді:  1)  шу  шығарды;  2)
қатты құрметтеді»?
A) Синонимдік;
B) Көп мағыналылық;
C) Омонимдік;
D) Антонимдік;
E) Стильдік.
119. Қай  сөздіктің  сипаттамасы:  «Сөздікте  берілген  сөздер  ең  алдымен  төл
сөз  бе,  әлде  басқа  тілден  енген  сөз  бе,  соны  көрсетеді.  Егер  басқа  тілден
енген  сөз  болса,  ол  қай  кезде,  қалай  ауысты,  мағынасында  өзгеріс  болды
ма?  деген  сұрақтарға  жауап  беріледі.  Ал  төл  сөз  болса,  ол  қай  тәсілмен
жасалады,  көне  түркі  тілндегі  мағынасы  қалай  еді,  аталуына  қандай  белгі
негіз болды? деген сұрақтарға жауап беріледі»?
A) Түсіндірме;
B) Этимологиялық;
C) Терминологиялық;
D) Кірме сөздік;
E) Аударма.
120. «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі» (Алматы, 1977) еңбегінің авторы?
A) Қ.Неталиева;
B) Ж.Мусин;
C) Г.Жәркешева;
D) М.Балақаев;
E) І.Кеңесбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет