Г.Ә. Сәрсеке, А. Б. Бақраденова, Г. Т. Кәріпжанова Қазақ тілінен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған тест жинағЫ



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата27.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#5031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

СӨЗЖАСАМ
ІІ НҰСҚА
1. Туынды сөздi табыңыз.
A) Бақыт;
B) Бақытсыз;
C) Бақытпен;
D) Бақытының;
E) Бақытым.
2. Сөзжасамның
 синтетикалық
 тәсiлiмен
 жасалған
 туынды
 сөздердi
белгілеңіз.
A) Барған, келiп;
B) Бiр, жетеу;
C) Келу, сөйлеу;
D) Сарғыш, ақтау;
E) Өткiрлiк, жылжымалы. 
3. Сөзжасамның аналитикалық тәсiлiмен жасалған сөздердi белгiлеңіз.
A) Күрес, қатынас;
B) Қарақат, құла кер; 
C) Дос, байлық;
D) Жарылғы, сыйлық;
E) Қашау, ағайын.
4. Жұрнақ сөз тудыру сипатына қарай қалай бөлiнедi?
A) Сөз тудырушы; 
B) Сөз түрлендiрушi;
C) Өнiмдi, өнiмсiз; 
D) Дара, күрделi;
E) Омоним қосымша.
5. Қай қосымша сөзжасамның бірлігі?
A) Сөзөзгерiм қосымшасы;
B) Жалғау;
C) Сөз түрлендіруші жұрнақ;
D) Сөзжасамдық жұрнақ;
E) Сөзбайлам қосымшасы. 
6. Ел сөзінің сөзжасамдық тізбегін табыңыз.
A) Ел - елмен - елші;
B) Ел - елші - елшілік;
C) Елші- ел - елшілік;
D) Ел - елші - елдей;
E) Ел - елші - елдің.
7. Дұрыс сөзжасамдық тізбекті белгілеңіз.

A) Саудагер - сауда - сауда-саттық;
B) Бас - бастау - бастаушы - басқар;
C) Көрші - көрермен;
D) Ел - елші - елшілк;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
8. Біл сөзінің сөзжасамдық ұясын табыңыз.
A) Біл, білім, біліммен; 
B) Біл, білім, білімді;
C) Біл, білім, білімді, білімпаз, білгіш; 
D) Білім, біліммен, білімге;
E) Біл, білім, білімпаз, білген, біліп.
9. Дұрыс сөзжасамдық ұяны табыңыз.
A) Ұшақ, ұшқыш, ұшқышқа; 
B) Жұдырықта, қолда, тізеле, баста;
C) Ашулан, ызалан, арқалан, қулан; 
D) Қоныс, қонақ, қонаға, қонақасы;
E) Бәлеқор, жалақор, жемқор, пайдақор.
10. Сөзжасамдық үлгіні белгiлеңіз.
A) Ақылды, білімді, сапалы;
B) Аудандық, шалалық, орталық;
C) Көңілсіз, жерсіз, білімсіз;
D) Салтанатты, жүрді, анықтады;
E) Көлшік, үйшік, қалашық.
11. Сөзжасамдық  тізбектің  анықтамасын  жалғастырыңыз:  «Бір  түбірден
тараған, бірінен-бірі тікелей туындайтын ...».
A) Түрлі сөз табынан тұратын туынды сөздер жиынтығы.
B) Біріне бірі негіз болатын туынды түбір сөздер.
C) Тік  қатардағы  бір  сатыда  бір  негіз  сөзден  өрбіген  туынды  сөздердің
жиынтығы.
D) Екі сөзден тұратын тізбек.
E) Негіз  сөз  бен  сөзжасамдық  жұрнақтан  тұратын  туынды  түбірлердің
жасалу реті.
12. Сөзжасамдық типтi белгiлеңіз.
A) Көрiс, бiлiс, мiнiс;
B) Бiлiм, мiнбе, сапарлас;
C) Айтыс, соғыс, ұрыс;
D) Сыпыртқы, сырғы, қысқы;
E) Көршi, елшi, ойнақшы.
13. Түбірлес туынды сөздерді табыңыз.
A) Айтыс, сөгіс, ұрыс;
B) Көрген, көргіш, көрімдік;

C) Бағу, қағу, жүру;
D) Сынғыш, сынақ, сыну;
E) Көрші, көрмек, көрме.
14. Күрделі сөзге тән белгілер.
A) Мағыналық тұтастық;
B) Мағыналық тұтастық, құрылымдық тұтастық;
C) Құрылымдық тұтастық, синтаксистік тұтастық;
D) Мағыналық тұтастық, синтаксистік тұтастық;
E) Мағыналық тұтастық, құрылымдық тұтастық, синтаксистік тұтастық.
15. Ілік  септігіндегі  сөз  бен  тәуелдік  жалғауындағы  сөздің  кірігуі  арқылы
жасалған күрделі аталымды табыңыз.
A) Қайнаға;
B) Отағасы;
C) Сегізкөз;
D) Итмұрын;
E) Еңлікгүл.
16. Қосарланған сөздi белгiлеңіз.
A) Жарнама;
B) Елтаңба;
C) Егемендiк;
D) Дәйексөз;
E) Әскери-саяси.
17. Бірігу жолымен жасалған жаңа сөздi белгiлеңіз.
A) Жарқанат;
B) Жады;
C) Көтерме сауда;
D) Мәнмәтін;
E) Бәйтерек.
18. Сан негiздi туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Бесінші;
B) Төрткiл;
C) Ондық;
D) Жайылым;
E) Санақ.
19. Нақты мәндегi туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ерлiк;
B) Достық;
C) Дiншiл;
D) Орындық; 
E) Қала.
20. Құранды жұрнақты туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.

A) Бiлiмпаз;
B) Әншiлiк;
C) Сөзстан;
D) Қазақшылық;
E) Кеңiстiк.
21. Мамандықты бiлдiретiн туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Саудагер;
B) Сатушы;
C) Салымшы;
D) Көршi;
E) Еңбекшi.
22. Дерексіз зат атауларын белгілеңіз.
A) Ауыртпалық, өзгеріс, тұрмыс;
B) Орындық, түйреуіш, шақпақ;
C) Жалғау, шылау, қос сөз;
D) Баспа, шойырылма, тырысқақ;
E) Білек, жүрек, тырнақ.
23. Қай жұрнақ сөз тудырмайды?
A) -ыңқы, -шы;
B) -дау, -ып;
C) -қы, -дай;
D) -ей, -шыл;
E) -мақ, -а.
24. Сын  және  зат  мағыналы  негiздерден  тұратын  күрделi  туынды  зат
мағыналы сөзді табыңыз.
A) Төлқұжат;
B) Саясаткер;
C) Өнертапқыш;
D) Өтемақы;
E) Отбасы.
25. Кiрме жұрнақ арқылы жасалған туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Әрiптес;
B) Дамытпалы;
C) Жалгер;
D) Әрлеушi;
E) Апталық.
26. Бiрiгу жолымен жасалған туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Дыбыстандыру;
B) Дүниеқоңыздық;
C) Ағайын;
D) Әктеушi;

E) Қолғап.
27. Сын мағыналы негiздi туынды зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Құнарлылық;
B) Мұңдық;
C) Қолтық;
D) Сөздiк;
E) Дөңгелек.
28. Күрделі субстантивті табыңыз.
A) Түстік;
B) Ауру;
C) Тұңғыш;
D) Ыстық;
E) Желаяқ.
29. Қимыл негiздi туынды сын мағыналы сөзді табыңыз.
A) Бiлiмпаз;
B) Артқы;
C) Сiздей;
D) Күйгелек;
E) Сыршыл.
30. Көмекшi есiмдi туынды сын мағыналы сөзді табыңыз.
A) Сәнқой;
B) Үстiңгi;
C) Жалтақ;
D) Биылғы;
E) Күлкiшiл.
31. Аналитикалық тәсiлмен жасалған туынды сын мағыналы сөзді табыңыз.
A) Қызылқат;
B) Дәрi-дәрмек;
C) Апалы-сiңiлi;
D) Iшi-тысы;
E) Дауыс бер.
32. Сөйлемдегі күрделi сын мағыналы сөздің жасалу жолын анықтаңыз.
        Ойлаған iсiн орындағысы келедi, әттең қолы қысқа.
A) Бiрiгу;
B) Екi негiздiң қосарлануы;
C) Сапалық пен қатыстық сын сөздердің тiркесуi;
D) Тәуелдiк жалғаудың 3-жағы мен сын сөздің тiркесуi;
E) Сапалық сын сөздердің тiркесуі.
33. Сапалық және  қатыстық  сын  сөздердің  тiркесуi  арқылы  жасалған  туынды
сын сөзді табыңыз.
A) Аппақ үй;

B) Үш бұрышты тас;
C) Аршалы, бетегелi сай;
D) Кең көйлектi жiгiт;
E) Қара көк ат.
34. Лексика-семантикалық  тәсiлмен  жасалған  туынды  орынбасар  сөздерді
табыңыз.
A) Ешбiр, ешқайсысы;
B) Бiреу, әлдекiм;
C) Әр, әлде;
D) Өзi, кiм;
E) Қай, қайсы.
35. Прономиналданған орынбасар сөзді табыңыз.
A) Өз;
B) Бiрталай;
C) Әлдекiм;
D) Қанша;
E) Қайсысы.
36. Бiрiгу арқылы жасалған туынды орынбасар сөзді табыңыз.
A) Еш;
B) Бiрнеше;
C) Қай-қайсысы;
D) Өзiм;
E) Өздi-өзi.
37. Тiркесті орынбасар сөз қатысқан сөйлемдi белгiлеңіз.
A) Бiреудiң кiсiсi өлсе, қаралы ол.
B) Менi мен менiкiнiң арасы екі.
C) Бiрнеше студент жүлделi орынды иелендi.
D) Мен өзiм аяқтап тастаймын.
E) Мен жазбаймын өлеңдi ермек үшiн.
38. Зат мағыналы негiздi туынды қимыл мағыналы сөзді белгiлеңіз.
A) Тiрiл;
B) Жарқыра;
C) Ойна;
D) Кемiр;
E) Көнiк.
39. Елiктеу негiздi туынды қимыл мағыналы сөзді белгiлеңіз.
A) Өзгер;
B) Сылдыра;
C) Бозар;
D) Бақырай;
E) Көбей.

40. Кiрiгу жолымен жасалған туынды қимыл мағыналы сөзді белгiлеңіз.
A) Салып бердi;
B) Айтысты; 
C) Түрегел;
D) Жамап-жасқа;
E) Биыл.
41. Қайсысы тіркесті туынды қимыл мағыналы сөз?
A) Айта салды;
B) Әңгіме етті;
C) Сөйт;
D) Келіп қалды;
E) Алдап-сула.
42. Өлшем атауларынан қимыл мәндегі жаңа сөз жасалған жауапты табыңыз.
A) Мекенде;
B) Қозда;
C) Тарсылда;
D) Қарыста;
E) Тақтайла.
43. Туынды үстеуді белгiлеңіз.
A) Жолай;
B) Қасақана;
C) Күн;
D) Кенет;
E) Тез.
44. Күрделi туынды үстеуді белгiлеңіз.
A) Күнi-түнi;
B) Қалмақша;
C) Күздей;
D) Ертеңмен;
E) Босқа.
45. Көнеру арқылы қалыптасқан туынды үстеуді белгiлеңіз.
A) Үймен;
B) Жақсымен;
C) Ретiмен;
D) Зор;
E) Биыл.
46. Адвербиалдану процесі дегеніміз не?
A) Басқа мағынадағы сөздердің зат мағынаға ауысуы;
B) Басқа мағынадағы сөздердің сын мағынаға ауысуы;
C) Басқа мағынадағы сөздердің қимыл мағынаға ауысуы;
D) Басқа мағынадағы сөздердің үстеу мағынаға ауысуы;

E) Басқа мағынадағы сөздердің сан мағынаға ауысуы.
47. Адвербиалданған үстеудi белгiлеңіз.
A) Ертең;
B) Сәл;
C) Таңсәрi;
D) Бағана;
E) Аңсай-аңсай.
48. Тiркестi туынды үстеу қатысқан сөйлемдi табыңыз
A) Бұрнағы күнi ауыр жорық болды да, қол тыныға алмады.
B) Жоғары-төмен үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап.
C) Ел ертеңiмен мақтануы керек.
D) Бүгiн бар да, ертең жоқ.
E) Күздiгүнi - егiн жинау науқаны.
49. Тіл білімінде сөзжасамды жеке сала деп тануды ұсынған ғалым.
A) В.В.Виноградов;
B) Г.О.Винокур;
C) Е.С.Кубрякова;
D) Н.Оралбаева;
E) Е.А.Земская.
50. Синтетикалық тәсiлдiң мазмұнын табыңыз.
A) Сөзге сөзжасам қосымшасын жалғау;
B) Екi негiздiң бiрiгуi;
C) Екi негiздiң қосарлануы;
D) Сөздердi қысқарту;
E) Сөздердi тiркестiру.
51. Қысқарған сөздiң сөз жасауға қатысы.
A) Бiрiккен сөздер жасайды;
B) Жаңа сөздер жасайды;
C) Қосарлы сөздер жасайды;
D) Сөз жасауға қатыспайды;
E) Кiрiккен сөздер жасайды.
52. Сөзжасамдық мағынаны Н.Оралбайдың топтастыруын табыңыз.
A) Лексикалық мағына, синтаксистік мағына;
B) Лексика-семантикалық мағына, синтагмалық мағына;
C) Өзгерген  туынды  мағына,  түрленген  туынды  мағына,  көшірілген  туынды
мағына, теңбе-тең туынды мағына;
D) Дериваттық мағына, синтагмалық мағына;
E) Өзгерген  туынды  мағына,  түрленген  туынды  мағына,  көшірілген  туынды
мағына.
53. Ауқатты сөзінің сөзжасамдық негізін көрсетіңіз.
A) Ау;

B) Ауқат;
C) Ауқа;
D) Ауқатты;
E) Барлық жауап дұрыс.
54. Екібастұз сөзінің сөзжасамдық негізін табыңыз.
A) Екі, бас және тұз;
B) Екі;
C) Бас;
D) Тұз;
E) Екібастұз. 
55. Жүлдегер сөзінің негіз сипаты қандай?
A) Қос сөз;
B) Түбір;
C) Кіріккен түбір;
D) Туынды түбір;
E) Біріккен түбір. 
56. Қолбасы сөзінің негіз сипаты қандай?
A) Қос сөз;
B) Кіріккен түбір;
C) Негізгі түбір;
D) Туынды түбір;
E) Біріккен түбір. 
57. Ел-елші-елшілік сөзжасамдық тізбегінде неше негіз сөз бар?
A) 1;
B) 3;
C) 2;
D) 4;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
58. Қон-қонақ-қонақта-қонақтау  сөзжасамдық  тізбегінде  неше  негізді  сөз
бар?
A) 4;
B) 3;
C) 2;
D) 1;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
59. Сөзжасамдық жұрнақ дегеніміз не?
A) Сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымша;
B) Негіз  сөзге  жалғанып,  оның  лексикалық  мағынасын  өзгертетін  не  оны
түрлендіретін қосымша;
C) Негіз  сөзге  жалғанып,  оның  лексикалық  мағынасын  түрлендіретін
қосымша;

D) Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша;
E) Негіз сөзге жалғанып, оның лексикалық мағынасын өзгертетін қосымша. 
60. Тағам, дене, туыстық атауларды жасайтын жұрнақты белгілеңіз.
A) -нама, -дама;
B) -лық, -дық, -тық;
C) -ма, -ба, -па;
D) -зада, -бек;
E) -ша, -ше.
61. Жаңа күрделi сөздi табыңыз.
A) Өмiрбаян;
B) Сенiм хат;
C) Лездеме;
D) Жағажай;
E) Ғүмырнама.
62. Тiркестi жаңа туынды сөздi табыңыз.
A) Көтерме сауда;
B) Ән сал;
C) Қызыл шырайлы;
D) Салымшы;
E) Опасауыт.
63. Кiрме сөз қатысқан туынды сөздi табыңыз.
A) Термешi;
B) Телекөпiр;
C) Көпiр;
D) Мағыналық;
E) Жазушы.
64. Есiм негiздi туынды сөздi табыңыз.
A) Айтқан;
B) Серiппе;
C) Сөзуар;
D) Мiнбе;
E) Көргiш.
65. Сөйлемдегi туынды сөздердiң мағынасын табыңыз.
        Сабырсыз, арсыз, ерiншек, Көрсеқызар,.жалмауыз.
A) Қимылдың дүркiндiлiгiн;
B) Адамның жағымсыз қасиеттерiн;
C) Мамандықты;
D) Психикалық жай-күйдi;
E) Қимылдың бейнелiлiгiн.
66. Кіші сөзінен туынды сөздерді жасайтын жауапты табыңыз.
A) -ше, -мен;

B) -дей, -лық;
C) -кер, -де;
D) -лік, -ірей;
E) -лік, - гер.
67. Бала сөзінен жасалған туынды сөздерді табыңыз.
A) Баламен, балаға, баладай;
B) Балаша, балапан, баланы;
C) Балалық, балаша, балапан, балажан;
D) Балалы, балада, баладай;
E) Балаға, балалық.
68. Қолғанат сөзінің кіріге жасалуына тілдің қай заңы негіз болған?
A) Дыбыс үндестігі;
B) Сөздердің қысқаруы;
C) Сөздердің ықшамдалуы;
D) Буын үндестігі;
E) Буын жылысу.
69. Бір  сыңары  төл  сөз,  бір  сыңары  кірме  сөз  болып  келетін  туынды  сөзді
табыңыз.
A) Шалап;
B) Мұрап;
C) Биыл;
D) Қарлығаш;
E) Білезік.
70. Киіз  үй,  ақ  үй,  жетімдер  үйі  туынды  сөздеріндегі  киіз,  ақ,  жетімдер
сөздері қалай аталады?
A) Ауыспалы сыңар;
B) Көмекші сыңар;
C) Толымсыз сыңар;
D) Тірек сыңар;
E) Тұрақты сыңар.
71. Еңбекақы,  жалақы,  сыйақы,  өтемақы  туынды  сөздеріндегі  ақы  сөзі
қалай аталады?
A) Ауыспалы сыңар;
B) Көмекші сыңар;
C) Толымсыз сыңар;
D) Тірек сыңар;
E) Тұрақты сыңар.
,
72. Ұқсатудан туған күрделі аталымдарды табыңыз.
A) Сандық, көк;
B) Алатау, қара көк;
C) Ақорда, тыныс белгісі;

D) Аққурай, шаңқобыз;
E) Бізтұмсық.
73.Заттың қызмет белгісіне қарай жасалған күрделі аталымдарды табыңыз.
A) Ала қарға, көкқұтан;
B) Май шам, шашбау;
C) Ақ орда, аққу;
D) Азу тіс, оқжылан;
E) Құмсағыз, асық жілік.
74. Бір  белгісі  мекен,  орын  атаулары  негізінде  туған  күрделі  аталымдарды
көрсетіңіз.
A) Білезік, жел бау;
B) Биыл, былтыр;
C) Сары май, тоң май;
D) Көлбақа, тауешкі;
E) Киіз үй, жазғытұрым.
75. Ақсүйек күрделі аталымның білдіретін мағыналарын көрсетіңіз.
A) Құрал; дене мүшесі; тек;
B) Жемістің бір түрі; аң атауы;
C) Ұлттық тамақ; ойын түрі;
D) Ұлттың аты; сүйектің бір түрі;
E) Ұлттық ойын; тек, бекзада; өсімдік.
76. Жиеншар күрделі аталымындағы шар сыңары қандай мағына білдіреді?
A) Туысқан;
B) Бала;
C) Тұқым;
D) Жиен;
E) Дөңгелек.
77. Қызғалдақ, сарғалдақ туынды сөздеріндегі ғалдақ сыңары қандай  мағына
білдіреді?
A) Тау;
B) Түс;
C) дала;
D) Биік;
E) Гүл.
78. Сөзжасамдық саты дегеніміз не?
A) Негіз  сөз  бен  сөзжасамдық  жұрнақтан  тұратын  сөзжасамдық  ұядағы
туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік;
B) Түп негіз сөзден жасалған туынды түбір сөздер тізбегі;
C) Тік  қатардағы  бір  сатыда  бір  негіз  сөзден  өрбіген  туынды  сөздердің
жиынтығы;
D) Екі сөзден тұратын қатар;

E) Туынды сөздердің жиынтығы.
79. Кiрме туынды жаңа зат мағыналы сөзді табыңыз.
A) Кiтап;
B) Мұғалiм;
C) Сәнқой;
D) Медресе;
E) Кеден.
80. Ағайын  күрделі  сөзін  аға  және  іні  сөздерінің  салаласа  байланысуынан
шықты деген кімнің пікірі?
A) Н.Оралбай;
B) С.Исаев;
C) А.Ысқақов;
D) Қ.Жұбанов;
E) А.Ибатов.
81. Басқа  сөз  табы  мен  сын  сөздің  тіркесуі  арқылы  жасалған  күрделі  туынды
сын сөздерді көрсетіңіз.
A) Қой көзді, үш қабатты;
B) Қара ала, күрең қызыл;
C) Ұзынды-қысқалы, жаяулы-жалпылы;
D) Үлкен-кіші, ұзын-ұзын;
E) Кең көйлекті, ұзын бойлы.
82. Көне туынды сын сөзді белгілеңіз.
A) Ажарлы адам;
B) Әсем ән;
C) Тағы аң;
D) Кең дала;
E) Жағымсыз иіс.
83. Күрделi адъективтердi табыңыз.
A) Таулық;
B) Сирек;
C) Бағыныңқы;
D) Әпербақан;
E) Торы ала.
84. Есiмдiктердi зерттеген ғалым.
A) Ғ.Мұсабаев;
B) А.Ысқақов;
C) А.Ибатов;
D) Ә.Марғұлан;
E) I.Кеңесбаев.
85. Сан сөздердің жасалуында қай жол белсенді қызмет атқарады?
A) Бірігу;

B) Кірігу;
C) Тіркесу;
D) Қосарлау;
E) Сөзжасамдық жұрнақ қосылу.
86. Кірігу жолымен жасалған сан сөздерді табыңыз.
A) Алпыс, жетпіс;
B) Сексен, тоқсан;
C) Он алты, былтыр;
D) Тоқсан, жүз;
E) Бүгін, таңертең.
87. Он бір, он үш, он алты, он сегіз сан сөздердегі тірек сыңар қайсы?
A) Бір;
B) Сегіз;
C) Алты;
D) Он;
E) Үш.
88. Заттанған реттік сан сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
A) Бір дегенім - білім.
B) Іздеу жұмыстары бір жетіге созылды.
C) Тоқсан қорытындылары щығарылды.
D) Олар төртеу-ақ.
E) Екіншісі жауап берсін.
89. Көне түбірден жасалған туынды қимыл мағыналы сөзді табыңыз.
A) Байла;
B) Марапатта;
C) Жүгірме;
D) Жалтақта;
E) Көтермеле.
90. Тұрақты тiркестi қимыл мағыналы сөзді белгiлеңіз.
A) Тарс еттi;
B) Ауыз жаласты;
C) Келiп кеттi;
D) Сөйттi;
E) Ал да кел.
91. Есімдерден  соларға  қатысты  мұқтаждықты,  зәрулікті  білдіретін  қимыл
мәндегі жаңа сөздер жасалған жауапты табыңыз.
A) Міне, сына;
B) Шегеле, айғайла;
C) Бұрқыра, күркіре;
D) Басқар, бозар;
E) Жетімсіре, ағайынсыра.

92. Сын мағынадағы сөзден жасалған туынды қимыл  мағыналы  сөз  қатысқан
сөйлемді табыңыз.
A) Жұманның айғайына қарсы шыға алмай, күңкiлдеп басылды.
B) Күмбездiң мұнарасын әсемдеп, оюмен келiстiрген екен.
C) Мен - қазақпын мың өлiп, мың тiрiлген.
D) Балықшылар ауларын жинай бастады.
E) Еңбектенген кезде зейнетiн көресiң.
93. Қайсысы күрделi туынды қимыл мағыналы сөз?
A) Әкеле қой;
B) Айта сал;
C) Келiп қалды;
D) Келiп жүр;
E) Зар қақты.
94. Сөйлемдегі туынды қимыл мағыналы сөздің жасалу жолын белгілеңіз.
        Ашығып келген Бекболаттар әбден разы болды (Ә.Шәріпов).
A) Екі қимыл мағыналы сөздің тіркесуі;
B) Негізгі және көмекші қимыл сөздердің тіркесуі;
C) Есім сөз бен қимыл сөздің тіркесуі;
D) Екі сыңарында да лексикалық мағына бар қимыл сөздердің тіркесуі;
E) Еліктеуіш сөз бен қимыл сөздің тіркесуі.
95. Септік  тұлғасының  көнеруі  арқылы  жасалған  туынды  үстеу  қатысқан
сөйлемді белгілеңіз.
A) -Не көрсем, бірге көргенім рас (М.Әуезов).
B) Күн арқан бойындай көтерілген екен (М.Әуезов).
C) Бархан бүгін отарын ерте өргізді (О.Бөкей).
D) Үнемі жаңасын бастайтын (М.Мағауин).
E) Сенің ерлігіңе бүгін мен ерекше сүйсіндім (Ә.Нұршайықов).
96. Амал мағынасындағы туынды үстеу сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
A) -Үшеуіне бір айдан абақты кесеміз қазір, - деді (М.Әуезов).
B) Көбеген бір айтқан ертегісіне өмірі оралмайтын (М.Мағауин).
C) Енді орны үңірейіп қалды (М.Мағауин).
D) Мамыр  бүгін  қыздарша  киінді  деп  Қалқаманға  бір  күні  хабар  жетті
(Ш.Құдайбердиев).
E) Ақсақалдар күні бойы үй иесімен әңгімелесіп отырды (М.Әуезов).
97. Сөзжасамның құнарлылық-құнарсыздық сипаты дегеніміз не?
A) Сөзжасамның синтетикалық тәсілі;
B) Сөзжасам үлгісінің  жаңа  сөз  жасау  мүмкіндігін,  потенциалын  айқындайды
да, олардың сапалық сипаты болып саналады; 
C) Тілде белгілі сөзжасам үлгісі бойынша немесе оның бір түрі арқылы  қанша
сөз  жасалғанын  айқындайды  да,  олардың  сандық  сипаты  болып
саналады;
D) Сөзжасам  тәсілдері  мен  үлгілері  арқылы  жасалған  жаңа  туындылардың

сөйлеу процесінде қолданылу жиілігі;
E) Сөзжасам мен морфологияның сандық-сапалық байланысы.
98. Қимыл мағыналы сөздерді тудырушы омоним жұрнақтарды табыңыз.
A) -сыра, -сiре, -сын;
B) -ай, -ей, -сы;
C) -ық, -iк, -шы, -шi;
D) -ар, -ер, -ырай;
E) -лан, -лен, -да.
99. Қай  ғалымның  пікірі:  «Сөзжасам  жүйесіндегі  жұрнақтардың  ішінде  сөзге
үстеме  мағына  беріп,  сөзді  мағына  жағынан  түрлендіретін  жұрнақтар  да
бар.  Мысалы,  үйшік,  кітапша,  сарғыш  т.б.  Мұндай  жұрнақтар  ғылымда
талас та туғызып жүргені  рас,  өйткені  мұнда  сөз  мағынасы  мүлде  өзгеріп
кетпейді.  Бірақ  осындағы  үй  мен  үйшік,  кітап  пен  кітапша,  сары  мен
сарғыш  деген  сөздердің  әрқайсысы  тілде  өзінше  лексикалық  бірлік
ретінде  қолданылады,  сондай  қызмет  атқарады,  солай  танылады  да.
Олардың  әрқайсысы  тілдегі  дайын  тұрған  қалпында  сөйлемге  енеді.
Сондықтан  оларды  да  сөзжасам  жүйесінің  бірліктері  ретінде  қараған
дұрыс»?
A) А.Салқынбай;
B) С.Нұрқатов;
C) Б.Қасым;
D) С.Исаев;
E) Н.Оралбай.
100. Сөйлемдегі асты сызылған туынды сөздің жасалу тәсілін белгілеңіз:
        Сәрсенбай әлдеқашан ұйқыға кетті (М.Жұмабаев).
A) Аналитикалық;
B) Лексика-семантикалық;
C) Синтетикалық;
D) Синтетикалық-аналитикалық;
E) Семантикалық-аналитикалық.
101. Сөйлемдегі аналитикалық тәсілмен жасалған туынды сөздерді табыңыз:
        Мінді де отарбаға жүріп кетті,
        Бірталай бір ортада уақыт өтті (Ш.Құдайбердиев).
A) Отарба, жүріп кетті;
B) Бірталай, жүріп кетті;
C) Уақыт өтті, отарба;
D) Отарба, бірталай;
E) Бір ортада, бірталай.
102. Сөйлемдегі  лексика-семантикалық  тәсілмен  жасалған  туынды  сөзді
табыңыз:  Мағаштың  қырқын  беріп  болған  күннің  ертеңінде  Абай  және
қаза тапты (М.Әуезов).
A) Мағаштың;

B) Беріп болған;
C) Және;
D) Қырқын;
E) Қаза тапты.
103. Анықтаманы әрі қарай жалғастырыңыз: «Сөзжасамдық бірліктер деп...».
A) Бір мағыналы туынды түбірлерді айтамыз.
B) Біріне бірі негіз болатын туынды түбір сөздер тізбегін айтамыз.
C) Тік  қатардағы  бір  сатыда  бір  негіз  сөзден  өрбіген  туынды  сөздердің
жиынтығын айтамыз.
D) Екі сөзден тұратын қатарды айтамыз.
E) Туынды сөз жасауға қатысатын морфемалар.
104. Күрделі  аталымдардың  уәжділік  дәрежелерін  «тура  уәжділік,  жартылай
уәжділік, уәждемесіз» деп бөлетін ғалым.
A) Н.Оралбай;
B) С.Нұрқанов;
C) Б.Қасым;
D) С.Исаев;
E) А.Салқынбай.
105. Не  жайында  айтылып  отыр:  «Күрделі  етістікте  екінші  орында  тұрып,
аяқтауыш  элемент  болып  саналады,  сондықтан  сөз  түрлендіруші
қосымшалар  ...  қосылады.  Бірнеше  күрделі  етістіктің  жасалуына  қызмет
етіп,  олардың  бәріне  ортақ  болады.  Олар  негізгі  түбір  етістіктер  болып
келеді»?
A) Ауыспалы сыңар;
B) Тірек сыңар;
C) Негізгі етістік;
D) Көмекші етістік;
E) Түбір етістік.
106. Айтып  қал,  сұрап  қал,  айтып  қал,  барып  қал  т.б.  күрделі  қимыл
сөздердегі қал сыңары қалай аталады?
A) Ауыспалы сыңар;
B) Тірек сыңар;
C) Негізгі етістік;
D) Көмекші етістік;
E) Түбір етістік.
107. Барып  кел,  сұрап  кел,  айтып  кел,  жүгіріп  кел  т.б.  күрделі  қимыл
сөздердегі барып, сұрап, айтып, жүгіріп сыңарлары қалай аталады?
A) Ауыспалы сыңар;
B) Тірек сыңар;
C) Негізгі етістік;
D) Көмекші етістік;
E) Түбір етістік.

108. Құранды қимыл сөздерді жасаудағы белсенді қимыл сөз.
A) Айт;
B) Кел;
C) Сөйле;
D) Де;
E) Қыл.
109. Жүздіктердің  тірек  сыңар  болуы  арқылы  тілде  барлығы  қанша  күрделі
сан жасалады?
A) 9;
B) 10;
C) 2;
D) 8;
E) 11.
110.   Қай  ғалымның  пікірі:  «Қысқарған  сөздерде  оның  толық  түріндегі
мағына  сақталады,  яғни  сөзжасамның  жаңа  мағына  тудыруы  қысқарған
сөздерде  жоқ.  Дегенмен  қысқарған  сөздер  сөзжасамға  жатады.  Мұның
себебі  мынада  -  қысқарған  сөздер  күрделі  толық  атаудың  бір  варианты
ретінде  дербес  сөз  қызметін  атқарады.  Сөзге  қойылатын  барлық  талапқа
жауап  береді.  Қысқарған  сөздердің  белгілі  мағынасы  бар,  тілдегі  дайын
сөз,  сөйлемге  дайын  сөз  ретінде  кіреді,  сөйлемде  бір  сұраққа  жауап
береді,  бір  құрамда  қолданылады,  яғни  құрамы  тұрақты,  сөйлемнің  бір
мүшесі  қызметін  атқарады,  біртұтас  қалыпта  жазылады,  айтылады,  бір
екпінмен айтылады. Мұның өзі сөздің белгілері»?
A) С.Нұрқатов;
B) Н.Оралбай;
C) Б.Қасым;
D) С.Исаев;
E) Қ.Есенов.
111. Сүріншек  және  сүрінгіш  сөздеріндегі  жұрнақтар  мағынасы  жағынан
қандай жұрнақтар?
A) Омоним;
B) Антоним;
C) Полисемиялы;
D) Синоним;
E) Өлі жұрнақ.
112. Сан сөзден прономиналданған туынды сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Бірге өткізген күндерді еске алысты.
B) Біреу тауып айтады, біреу қауып айтады.
C) Тоқсан қорытындысы шығарылды.
D) Жетісін беріп аттанды.
E) Бірінен бірі естіп, хабар ауылға тез тарады.

113. Етіс жұрнақтары арқылы жасалған тарихи туынды сөздерді табыңыз.
A) Оян/оят, жұбан/жұбат;
B) Орыл, айтыс;
C) Келіс, таран;
D) Жүргіз, сөйлет;
E) Кейін, көріс.
114. Алматылық,  Павлодарлық,  Семейлік,  сыпайылық,  өмірлік,  ұғарлық,
шықпағандық
 сөздерінде
 сөзжасам
 қосымшасы
 қандай
 сипатта
қолданылған?
A) Сөз тудыру сипаты;
B) Сөз түрлендіру сипаты;
C) Функциялық сипаты;
D) Сөз байланыстыру сипаты;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
115. Шапқыншылық сөзін тудырушы жұрнақты табыңыз.
A) -шы;
B) -шылық;
C) -қы;
D) -қын;
E) -лық.
116. «Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігінің» (Алматы, 1988) авторы кім?
A) А.Салқынбай;
B) Б.Қасым;
C) А.Ибатов;
D) Н.Оралбай;
E) Е.Жанпейісов.
117. Сөзжасамдық тізбекті дұрыс жалғастырыңыз: Із - ...
A) -ізде - іздеу;
B) -іздегіш - іздеуші;
C) -іздеуші - іздеу;
D) -ізшілік - іздеу;
E) -ізбе-із - іздегіш.
118. Ек  - егін - егінші  - егіншілік  сөзжасамдық  тізбегінен  дұрыс  сөзжасамдық
жұптарды табыңыз.
A) Ек - егіншілік;
B) Егін - егінші, егіншілік;
C) Ек - егіншi, егін - егіншілік;
D) Егін - егіншілiк, ек - егіншілік;
E) Ек - егін, егін - егінші, егінші - егіншілік.
119. Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
A) Негіз сөз бен туынды түбір сөздің жиынтығы;

B) Бір  сөзден  бір  сатыда  түрлі  жұрнақтар  арқылы  жасалған  туынды
сөздердің жиынтығы;
C) Түп  негіз  сөзден  бастап,  бірінен-бірі  тікелей  жасалған  туынды  сөздер
тобы;
D) Негіз сөз бен сөз тудырушы жұрнақтан құралған туынды сөз;
E) Бір түп негіз сөзден жасалған түбірлес туынды сөздердің жиынтығы.
120. Қай
 тілдік
 процесте
 фонетикалық,
 лексика-семантикалық,
грамматикалық, конверсиялық факторлар орын алады?
A) Күрделену процесі;
B) Ықшамдалу процесі;
C) Сіңісу процесі;
D) Делексикалану процесі;
E) Идиомалану процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет