Г.Ә. Сәрсеке, А. Б. Бақраденова, Г. Т. Кәріпжанова Қазақ тілінен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған тест жинағЫ



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата27.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#5031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

МОРФОЛОГИЯ
І НҰСҚА
1. Тәуелдiк жалғаудың 3-жағында тұрған сөздi табыңыз.
A) Талабың;
B) Талабында;
C) Талабымыз;
D) Талаптың;
E) Талапқа.
2. Iлiк септiгi жалғауы жасырын тұрған сөздi табыңыз.
A) Ауылға бару;
B) Ауыл маңы;
C) Ауыл араладым;
D) Ауылға кеттiм;
E) Ауылды сағындым.
3. Табыс септiгiндегi сөздi табыңыз.
A) Оқытты;
B) Келдi;
C) Отынды;
D) Балалы;
E) Кеттi.
4. Тәуелдiк жалғауынан соң жалғанған жатыс жалғауын табыңыз.
A) Кiтабымда;
B) Қалада;
C) Көлiктi;
D) Базарда;
E) Үйден.
5. Грамматикалық септіктерді белгілеңіз.
A) Атау, жатыс, барыс;
B) Табыс, барыс, жатыс;
C) Атау, ілік, табыс;
D) Жатыс, шығыс, көмектес;
E) Атау, ілік, шығыс.
6. Қазақ тіліндегі сөздердің топтарын белгілеңіз.
A) Есім, етістік, көмекші сөздер;
B) Есім, етістік, одағай сөздер;
C) Атаушы, көмекші, одағай сөздер;
D) Атаушы, есім, етістік;
E) Атау, есім, одағай.
7. Атаушы сөздер тобына неше сөз табы енеді?
A) 7;

B) 9;
C) 5; 
D) 6;
E) 10.
8. Бөлшектенбейтін,  лексика-грамматикалық  мағынаға  ие  морфологиялық
бірлік?
A) Туынды сөз;
B) Түбір сөз;
C) дара сөз;
D) Жалаң сөз;
E) Күрделі сөз.
9. Мәндес қосарлы сөздерді көрсетіңіз.
A) Өтірік-шын, ақ-қарасы; 
B) Дәрі-дәрмек, бағып-қағып;
C) Күш-қуат, іс-қимыл;
D) Бала-шаға, алыс-беріс;
E) Келім-кетім, ақыл-кеңес.
10. Ұштас мәнді қосарлы сөздерді көрсетіңіз.
A) Ауру-сау, ар-ұят;
B) Көрген-білген, төсек-орын;
C) Асты-үсті, ащы-тұщы;
D) Шай-су, салт-сана;
E) Бақсы-балгер, у-шу.
11. Жалпы зат есiмдi белгiлеңiз.
A) Көктұйғын, сазгер;
B) Әсем, қала;
C) Адам, Сәкен;
D) Ағаш, оқушы;
E) Астана, Тайбурыл.
12. Етiстiктен жасалған зат есiмдi көрсетiңiз.
A) Ойнақы;
B) Бұрғы;
C) Тасты;
D) Қайрат;
E) Сазгер.
13. Есімнен зат есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.
A) -шы, -шi;
B) -ған, -ген;
C) -паз, -лы;
D) -ымпаз, -імпаз;
E) -ды, -хана.

14. Зат есiмнiң реңк мәндi жұрнақтарын табыңыз.
A) -шы, -шi;
B) -хана, -стан;
C) -лық, -лiк;
D) -еке, -қа, -ке;
E) -м, -ым, -iм.
15. Қайсысы тiркестi зат есiм?
A) Бала-шаға;
B) Қарақат; 
C) Шәкiрт;
D) Балалар бақшасы;
E) Тиын-тебен.
16. Қайсысы кiрiккен зат есiм?
A) Қайнаға;
B) Астық;
C) Диқаншы;
D) Терi-терсек;
E) Күн тәртiбi.
17. Туынды зат есiмдi табыңыз.
A) Орманды; 
B) Орманға;
C) Орманшы;
D) Орманда;
E) Орман iшi.
18. Зат есiмнiң анықтауыш қызметiндегi сөйлемдi белгiлеңіз.
A) Көкжиектен тағы да күн шықты.
B) Бетiнде қайғы да жоқ, қасiрет те жоқ.
C) Абайлар ел орынға отыра келдi.
D) Шығанақ оған бала, оқушы деп қана қарамайды.
E) Мен сол қайғымның жайын айтайын.
19. Қай сөйлемде зат есiм баяндауыш қызметiнде жұмсалған?
A) Мен көрдiм ұзын қайың құлағанын.
B) Майысып, солқ-солқ еткен өрiм талмын.
C) Батыр майданда шынығады.
D) Ағайын тату болса, төбедегi келедi.
E) Көңiлiм қайтты достан да, дұшпаннан да.
20. Көмекшi есiмдi табыңыз.
A) Арқылы, соң;
B) Маңы, алды;
C) Едi, жүр;
D) Үй, адалдық;

E) Сияқты, тәрiздi.
21. Сапалық сын есiмдi табыңыз. 
A) Кеуде;
B) Кеңшiлiк;
C) Қарлы;
D) Шаруа;
E) Биiк.
22. Қатыстық сын есiм қатысқан сөйлемдi белгiлеңіз.
A) Сұр бұлт, түсi суық қаптайды аспан.
B) Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.
C) Алыс пенен жақынды жортқан бiлер.
D) Үлкен, көкшiл көзi мөлдiреп тұр.
E) Әуе тұп-тұнық, тап-таза.
23. Етiстiктен жасалған сын есiмдi белгiлеңіз.
A) Шығыңқы, тарихи;
B) Бойшаң, дәмдес;
C) Қоғамдық, саяси;
D) Сұрауық, тапқыш;
E) Алымпаз, сәнқой.
24. Сын есімнің реңк мәнді жұрнақтарын белгілеңіз.
A) -лау, -ырақ, -ғылт;
B) -шы, -шылтым, -қылт;
C) -паз, -қор, -кеш;
D) -ғыш, -шыл, -ша;
E) -ша, -ілдір, -пат.
25. Күрделi сын есiмдi белгiлеңіз.
A) Таулы;
B) Ақшыл;
C) Биiк;
D) Ұзын бойлы;
E) Жасыл.
26. Сын есiмнiң салыстырмалы шырай түрiн көрсетiңiз.
A) Қап-қара;
B) Жеңiл;
C) Салқынырақ;
D) Аппақ;
E) Қара.
27. Сын есiмнiң күшейтпелi шырай түрiн көрсетiңiз.
A) Үлкендеу;
B) Сүйкiмдi;
C) Жап-жасыл;

D) Кеңдеу;
E) Ұзынша.
28. Есептiк сан есiмдi белгiлеңіз.
A) Төрт салт атты;
B) Оныншы қатар;
C) Саны бесеу;
D) Жүз шақты адам;
E) Оннан бірi.
29. Жинақтық сан есiмдi табыңыз.
A) Үш-үштен;
B) Жиырма бес;
C) Бесеу;
D) Он екi;
E) Қырық-елудей.
30. Бөлшектiк сан есiмдi табыңыз.
A) Он бес;
B) Онның үшi;
C) Бесеу;
D) Алтыларда;
E) Сегiзiншi.
31. Күрделi сан есiмдi белгiлеңіз.
A) Үшеу, бес;
B) Жиырма бес, төрт-бес;
C) Оныншы, алты;
D) Мыңнан, төртеу;
E) Сегiз, он.
32. Анықтауыш қызметiндегi сан есiмдi белгiлеңіз.
A) Топтың үштен бiрi жиналды.
B) Жетеуi жақтап дауыс бердi.
C) Он үшiншi қатарда орналасқан.
D) Оның жасы алтыларда.
E) Бес-алтыдан бөлiнiп аттанды.
33. Белгiсiздiк есiмдiгiн табыңыз.
A) Қандай;
B) Кейбiреу;
C) Ол;
D) Күллi;
E) Ешкiм.
34. Жалпылау есiмдiгiн табыңыз.
A) Ол, сен;
B) Өзiм, өзi;

C) Кiм, ешкiм;
D) Бәрi, түгел;
E) Қалай, сен.
35. Сiлтеу есiмдiгiн табыңыз.
A) Егер, бiрге;
B) Түнде, кеште;
C) Бұл, сонау;
D) Жүз, оқы;
E) Бiр, алтау.
36. Күрделi есiмдiктi табыңыз.
A) Әлдекiм;
B) Өзiм;
C) Қайсы;
D) Бұл;
E) Барлық.
37. Сабақты етiстiктi белгiлеңіз.
A) Көңілі қайтты;
B) Қалаға барды;
C) Әкеммен келдiм;
D) Машина бұрылды;
E) Мұражай араладық.
38. Ырықсыз етіс тұлғасындағы етiстiктi табыңыз.
A) Келе жатыр;
B) Көрiндi;
C) Жасатты;
D) Айтылды;
E) Барғызды.
39. Бұрынғы өткен шақтағы етiстiктi табыңыз.
A) Жiберген;
B) Айтпақ;
C) Жүгiрiп келдi;
D) Барады;
E) Жазды.
40. Ашық райлы етiстiктi табыңыз.
A) Амантайдың жiгiтке көмектескiсi келедi.
B) Тырнадан әкім қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес.
C) - Кәне, жол берiңдер, - дедi ойын ағасы.
D) Бiз ауыр еңбегiмiздi қорғаймыз.
E) Сенiң де айтқанын болсын.
41. Қайсысы тұйық етiстiк?
A) Кiрдi;

B) Кiрмек;
C) Кiрген;
D) Кiру;
E) Кiрiп.
42. Үстеудi табыңыз.
A) Сыбырла;
B) Қараңғы;
C) Күндiз;
D) Аһ;
E) Жарқ-жұрқ.
43. Мақсат үстеудi ажыратыңыз.
A) Бiрталай;
B) Артта;
C) Былтыр;
D) Қасақана;
E) Шапшаң.
44. Сын-қимыл үстеуi қатысқан сөйлемдi белгiлеңіз.
A) - Бiлесiң бе, әкеме не деп кеткенiн кеше?
B) Ендi оңай таба алмаймыз.
C) Мен бүгiн сонша шаршадым. 
D) Күннiң көзi көкжиектен әрi асты.
E) Барысымен қолма-қол есебiн бермек.
45. Дыбыстық елiктеу сөздi көрсетiңiз.
A) Ербең;
B) Саңқ;
C) Жалт;
D) Жарқ;
E) Арбаң.
46. Шылау қай сөйлемде?
A) Құлаққа  жағымды  қоңыр  үндердiң  арасында  тыңқ-тыңқ  шертiлген
домбыра дауысы естiледi.
B) Мейрам әлдекiмге телефон арқылы әмiр еттi.
C) Зейнегүл он жылдық мектептiң сегiзiншi класында оқиды.
D) Көпшiлiгi жап-жас жiгiттер, араларында екi-үш әйел заты бар.
E) Олар бiрнешеу едi.
47. Сөйлемдегі шылаудың мағыналық түрін табыңыз.
        Екі-үш күн қиналып, жеттік-ау (С.Мұқанов). 
A) Қарсылықты жалғаулық;
B) Көңіл-күй демеулігі;
C) Нақтылық демеулігі;
D) Болжалдық демеулігі;

E) Ыңғайлас жалғаулығы.
48. Одағайды көрсетіңіз.
A) Сабыр;
B) Алақай;
C) Және;
D) Сарт-сұрт;
E) Жаңғырық.
49. Тюркологиядағы септіктердің топтастырылуы.
A) Грамматикалық;
B) Көлемдік;
C) Грамматикалық және көлемдік;
D) Субстанттық және грамматикалық;
E) Субстанттық және көлемдік.
50. Сөйлемдегі барыс жалғаулы сөздің грамматикалық мағынасын белгілеңіз.
        Екі күннен кейін Шираз қамалына келдік (Бабырнама).
A) Атауыштық;
B) Қимылдың себебі;
C) Қимылдың басталар нүктесі;
D) Қимылдың барып тірелген жері;
E) Қимылдың бағыты.
51. Қай септік меншіктілік грамматикалық мағынаны білдіреді?
A) Атау; 
B) Ілік;
C) Табыс;
D) Жатыс;
E) Көмектес.
52. Нөлдік тұлғаға ие жалғауларды көрсетіңіз.
A) Атау септік, бұйрық райдың жіктелуінің 2-жағы, жекеше, анайы түрі;
B) Атау, табыс, жатыс;
C) Жіктік жалғаудың 3-жағы, барыс, көмектес;
D) Тәуелдік, көптік, барыс;
E) Жіктік, ілік, көптік.
53. Грамматикалық және көлемдік септіктерге бөлу белгісін анықтаңыз.
A) Лексикалық мағынасына қарай;
B) Грамматикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай;
C) Лексикалық мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай;
D) Грамматикалық мағынасы мен тіркесу қабілетіне қарай;
E) Тіркесу қабілеті мен орын тәртібіне қарай.
54. Жұрнақ қызметіне қарай қалай бөлiнедi?
A) Сөз тудырушы, сөз түрлендiрушi;
B) Төл, кірме;

C) Өнiмдi, өнiмсiз;
D) Жалаң, құранды;
E) Омоним қосымша.
55. Сөз тудыру қабілетінің бар не жоқтығына қарай жұрнақ қалай бөлінеді?
A) Өлі, тірі;
B) Өнімді, өнімсіз;
C) Төл, кірме;
D) Жалаң, құранды;
E) Полисемиялы.
56. -қақ жұрнағы мен -қыш жұрнағы қандай жұрнақ?
A) Омоним;
B) Синоним;
C) Антоним;
D) Полисемиялы;
E) Моносемиялы.
57. Біріккен және кіріккен сөздердің айырмасы.
A) Мағыналары бір;
B) Семантикалық, тұлғалық өзгеріс;
C) Бірге жазылады;
D) Бөлек жазылады;
E) Дефиспен жазылады.
58. А.Байтұрсынов топтастырған шырай түрлері.
A) Жай, салыстырмалы, күшейтпелі;
B) Салыстырмалы, таңдаулы, талғаулы;
C) Жай, таңдаулы, асырмалы;
D) Жай, талғаулы, таңдаулы;
E) Асырмалы, таңдаулы, талғаулы.
59. Субстантивтенген сын есiмдi белгiлеңіз.
A) Бұл кәрiлер сұрау салмайды.
B) Сәукеле - биiк шың.
C) Әуе тұп-тұнық, тап-таза, жiбектей жұмсақ.
D) Ақкөңiл, өте қарапайым адамдар.
E) Саусақтары жұп-жұмсақ, жып-жылы екен.
60. А.Байтұрсынов топтастырған сын есімнің мағыналық түрлері. 
A) Сапа, қатыстық;
B) Тек, сыр;
C) Сапа;
D) Қатыстық;
E) Қатыстық, сапа, сыр, тек.
61. Етiстiктен жасалған туынды сын есiмдi белгiлеңіз.
A) Батырлық, ақшыл;

B) Көтерiңкi, асыранды;
C) Ойлы, салмақсыз;
D) Таудай, көкшiл;
E) Бiлгiр, ақылды.
62. Сөйлемдегі күшейтпелi шырайдың жасалу жолдарын көрсетiңiз.
        Шолпан қызыл шырайлы, дөңгелек беттi, өте сүйкiмдi.
A) Күшейткiш буын арқылы;
B) Қосарлану арқылы;
C) Күшейткiш үстеу тiркесу арқылы;
D) Жұрнақтар арқылы;
E) Қайталау арқылы.
63. Қазіргі  қазақ  морфологиясында,  мектеп  оқулығында  көрсетілген  шырай
түрі нешеу?
A) 4;
B) 5;
C) 2;
D) 3;
E) 1.
64. Сапалық  пен  қатыстық  сын  есімдерді  ажыратудың  басты  белгісін
көрсетіңіз.
A) Шырай қосымшаларымен түрленуі;
B) Жұрнақ жалғану арқылы жасалуы;
C) Түбір қалпында жұмсалуы;
D) Жалғаулармен түрленуі;
E) Заттануы.
65. Сын есiмнiң баяндауыштық қызметiн белгiлеңіз.
A) Сұр бұлт түсi суық қаптайды аспан.
B) Жақсы жолдас жанға жора.
C) Арық сөйлеп, семiз шық.
D) Мен арыны басылмас жүйрiкпiн.
E) Ескiге жаңа өлшеуiш.
66. Қолданысы кең, қызметі көп сан есімді белгілеңіз.
A) Бес;
B) Он;
C) Алты;
D) Бiр;
E) Төрт.
67. Қыстырма сөз бола алатын сан есімді белгілеңіз.
A) Реттік;
B) Жинақтық;
C) Есептік;

D) Болжалдық;
E) Бөлшектік.
68. Сан есiмнiң сөйлемдегi қызметiн белгiлеңіз.
        Бұл арада отбасында үш бұлжымас ереже орын алды.
A) Анықтауыш;
B) Толықтауыш;
C) Пысықтауыш;
D) Бастауыш;
E) Баяндауыш.
69. Септелiп тұрған өздiк есiмдiгiн белгiлеңіз.
A) Өзiм;
B) Өзiң;
C) Өзi;
D) Өзiңiз;
E) Өзiмде.
70. Сөйлемдегi есiмдiктiң мағыналық түрi?
        Құнанбай естiмеген сияқты ешбiр белгi бермедi.
A) Өздiк;
B) Сұрау;
C) Белгiсiздiк;
D) Болымсыздық; 
E) Жiктеу.
71. Есiмдiк қай сөз табының орнына қолданылған?
                        Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
                        Оның тәтті оралған мәні оятар (Абай).
A) Зат есiм;
B) Сын есiм;
C) Сан есiм;
D) Етiстiк;
E) Үстеу.
72. Қай сөйлемде есiмдiк баяндауыш қызметiнде жұмсалған?
A) Мен тауда ойнаған қарт марал.
B) Адам деп менi, салмадың сен хат маған.
C) Оның аты - Тайбурыл.
D) Тарихтағы өшпес тұлғаның бiрi - сенсiң.
E) Бiреудiң кiсiсi өлсе, қаралы - ол.
73. Есiмнен жасалған етiстiктi табыңыз.
A) Жүрiңкiре;
B) Көрдi;
C) Есептес;
D) Сүзбек;

E) Айтыпты.
74. «Лексикалық  мағынасынан  кейде  бүтіндей,  кейде  жартылай  айырылып,
негізгі  етістікке  әр  түрлі  грамматикалық  мағына  үстеп,  негізгі  етістікпен
қосылып  оның  грамматикалық  сипатын  (мәнін,  қызметін,  түрленуін)
білдіретін етістік» қалай аталады?
A) Сабақты;
B) Негізгі;
C) Көмекші;
D) Күрделі;
E) Құранды.
75. Жалпы грамматикалық мағына дегеніміз не?
A) Лексикалық
 мағынаның
 жалпылануы
 арқылы
 пайда
 болатын
грамматикалық мағына;
B) Аналитикалық тәсілдің жолдары арқылы берілетін грамматикалық мағына;
C) Негізгі  сөзге  көмекші  сөздің  тіркесуі  арқылы  берілетін  грамматикалық
мағына;
D) Грамматикалық форма арқылы берілетін грамматикалық мағына;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
76. Өзгелiк етiс жұрнақтарын табыңыз.
A) -ын, -iн, -н;
B) -дыр, -т, -қыз;
C) -ыл, -iл, -л;
D) -ыс, -iс, -с;
E) -ған, -ып, -а.
77. Есiмшенiң келер шақ түрiн табыңыз.
A) Армандап жүр;
B) Айырылар емес;
C) Көрген болатын;
D) Айтатын едi;
E) Сөйлей кiрдi.
78. Көсемшенiң өткен шақ түрiн табыңыз.
A) Қатысты;
B) Қатысыппын;
C) Қатысамын;
D) Қатыспақ;
E) Қатысқанмын.
79. Есiмшенiң жiктелуiн табыңыз.
A) Айтып көр;
B) Салып бергенiм;
C) Оқығанды;
D) Көргенсiң;

E) Айтпағы.
80. Өткен шақтың түрлерін белгілеңіз.
A) Бұрынғы, нақ, ауыспалы;
B) Жедел, мақсатты, бұрынғы;
C) Бұрынғы, жедел, ауыспалы;
D) Келер, ауыспалы, осы;
E) Ауыспалы, нақ, болжалды.
81. Келер шақтың түрлерін белгілеңіз.
A) Жедел, нақ, ауыспалы; 
B) Ауыспалы, мақсатты, бұрынғы; 
C) Ауыспалы, келер, болжалды;
D) Мақсатты, болжалды, ауыспалы;
E) Осы, нақ, мақсатты.
82. Нақ осы шақта тұрған етiстiктi көрсетіңіз.
A) Оқыппыз;
B) Өткiздiм;
C) Жаумақ;
D) Отырмын;
E) Барамын.
83. Ауыспалы осы шақта тұрған етiстiктi табыңыз.
A) Келмек;
B) Келген;
C) Келедi;
D) Келер;
E) Келдi.
84. Баяндауышы етiстiктiң бұйрық райынан болып тұрған сөйлемдi табыңыз.
A) Ол ауылға жиi баратын едi.
B) Ол асығыс киiндi.
C) Мұғалiм шәкiртiн мақтаныш тұтады.
D) Сендер екiншi қатарға отырыңдар.
E) Бiлiмдi студент бәрiмiзге үлгi.
85. Сөйлемдегі кұрделі етістіктің жасалу жолын белгілеңіз.
        Мұз алаңын өрттей қызыл сәулесімен жауып, ай да  көзден  таса  болды
(Х.Есенжанов).
A) Негізгі және көмекші етістіктердің тіркесуі;
B) Екі сыңары да мағыналы етістіктердің тіркесуі;
C) Тұрақты тiркестi етістік арқылы;
D) Бірігу;
E) Қосарлау.
86. Үстеу қандай сөздер тобына жатады?
A) Етістік;

B) Одағай;
C) Атауыш;
D) Көмекші;
E) Қос сөз.
87. Себеп-салдар үстеудi табыңыз.
A) Зорға;
B) Оқта -текте;
C) Әрiде;
D) Әлдеқашан;
E) Шарасыздан.
88. Мекен үстеулi тiркестi табыңыз.
A) Ілгерi жүрдi;
B) Кеше келдi;
C) Ең әдемi;
D) Қасақана айтты;
E) Жорта сөйледi.
89. Қайсысы бейнелеуiш елiктеу сөздер?
A) Гүрс, тарс;
B) Шаңқ, шiңқ;
C) Томп, селк;
D) Қор, сыр;
E) Гу, ду, зу.
90. Елiктеу сөздiң сөйлемдегi қызметiн белгiлеңіз.
        Үйдегiлер тегiс есiк жаққа қарап, елең ете қалысты.
A) Бастауыш;
B) Пысықтауыш;
C) Толықтауыш;
D) Анықтауыш;
E) Баяндауыш.
91. Сабақтастырғыш жалғаулықтарды көрсетіңіз.
A) Қарсылықты, себеп, шартты;
B) Ыңғайлас, салдар, шартты;
C) Талғаулық, қарсылықты, ұштастырғыш;
D) Қарсылықты, себеп, ыңғайлас;
E) Ұштастырғыш, айқындағыш, талғаулық.
92. Қарсылықты жалғаулық шылауларды табыңыз.
A) Және, мен;
B) Немесе, я;
C) Әйткенмен, әйтпесе;
D) Сондықтан, яки;
E) Әрi, сол себептi.

93. Септеулiк шылауды табыңыз.
A) -ау;
B) Бiресе;
C) Дегенмен;
D) Мыс;
E) Дейiн.
94. Сөйлемдегі одағай түрін анықтаңыз.
        Моһ! Моһ! - деп кешкі тымық даланы басына көтерді (С.Мұқанов).
A) Ренжу;
B) Шақыру;
C) Көңіл-күй;
D) Жекіру;
E) Қуану.
95. Көп мағыналы одағайды табыңыз.
A) Алақай;
B) Уһ;
C) Тәйт;
D) Пәлі;
E) Жә.
96. Қайсысы модаль сөз?
A) Қара;
B) Ғой;
C) Күмп;
D) Алды;
E) Керек.
97. А.Байтұрсынов сөздерді тұлғасына қарай неше түрге бөледі?
A) 2;
B) 3;
C) 4;
D) 5;
E) 6.
98. Сөз таптары принциптерін алғаш айтқан ғалым?
A) Х.Басымов;
B) Ш.Сарыбаев;
C) Н.Сауранбаев;
D) Қ.Жұбанов;
E) А.Байтұрсынов.
99. Қай есімдіктер басқа тілден енген?
A) Өз, бүкіл, бар;
B) Әлдебіреу, сен, не;
C) Еш, күллі, тамам;

D) Кім, әрқашан, біз;
E) Қалай, біреу, мен.
100. Қай есімдікті А.Байтұрсынов танықтық есімдік деп атаған?
A) Болымсыздық және белгісіздік;
B) Жіктеу және болымсыздық;
C) Өздік және белгісіздік;
D) Жалпылау;
E) Белгісіздік.
101. Қазақ тіліндегі есімдіктерді арнайы зерттеген ғалым?
A) А.Ибатов;
B) Ы.Маманов;
C) Ә.Болғанбаев;
D) К.Аханов;
E) А.Қалыбаева.
102. Қай етiстiк мақсатты келер шақ түрiнде тұр?
A) Айтпақпын;
B) Сөйлейдi;
C) Барарсың;
D) Жүргендi;
E) Қалыпты.
103. Күшейтпелі етістіктерді табыңыз.
A) Кел, жүріңкіре;
B) Сөйледі, бара жатыр;
C) Айтпақ, салған;
D) Барыңқыра, салыңқыра;
E) Айтыңқыра, айтқыз.
104. Райдың 14 түрін көрсеткен ғалым.
A) Х.Басымов;
B) Қ.Жұбанов;
C) Н.Сауранбаев;
D) А.Байтұрсынов;
E) Ы.Маманов.
105. Етiстiктiң аналитикалық формаларын белгiлеңіз.
A) Айтып салды, көрiп еді;
B) Ән салды, құлақ қойды;
C) Әпер, салып кет;
D) Көз салды, жүгiрiп барды;
E) Әңгiме еттi, келе жатты.
106. Етiстiктiң лексика-грамматикалық категорияларын белгiлеңіз.
A) Рай, шақ, болымсыздық; 
B) Етiс, салт-сабақтылық, болымды-болымсыздық;

C) Есiмше, көсемше, етіс; 
D) Тұйық етiстiк;
E) Жақ, шақ, рай.
107. Күрделi тіркесті етiстiктi табыңыз.
A) Ойланды;
B) Апар;
C) Жылап-сықтап;
D) Барып тұрады; 
E) Түрегел.
108. Негізгі  етістік  пен  көмекші  етістіктің  тіркесуінен  жасалған  етістіктерді
ғана күрделі етістік деп атайтын ғалым?
A) Х.Басымов;
B) А.Ысқақов;
C) С.Исаев;
D) А.Қалыбаева;
E) Н.Оралбаева.
109. Екі сыңарында  да  лексикалық  мағына  бар  етістіктерді  күрделі  етістік деп
атайтын ғалым?
A) Ы.Маманов;
B) А.Ысқақов;
C) С.Исаев;
D) А.Қалыбаева;
E) Н.Оралбаева.
110. Қайсысы күрделі тіркесті етістіктерге жатпайды?
A) Тұрақты тіркесті етістіктер;
B) Аналитикалық етістіктер;
C) Құранды етістіктер;
D) Құрама етістіктер;
E) Қосарлы етістіктер.
111. Сөйлемдегі  аналитикалық  тұлғалы  етістіктің  грамматикалық  мағынасын
анықтаңыз.
        Қоңырау шылдырап қоя берді (С.Мұқанов).
A) Қимылдың ерекше қарқынмен, күшпен жасалуын білдіреді;
B) Қимылдың жасалуы ұзаққа созылуын, жалғасуын білдіреді;
C) Қимылдың жасалуына шек қоюды білдіреді;
D) Қимылдың кенеттен, іркілмей тез басталуын білдіреді;
E) Бір қимылдың соңынан ілесе екінші қимылдың жасалуын білдіреді.
112. «Қазақ  тіліндегі  етістіктердің  аналитикалық  формалары»  (Алматы,  1975)
еңбегінің авторы.
A) Ы.Маманов;
B) А.Ысқақов;

C) С.Исаев;
D) А.Қалыбаева;
E) Н.Оралбаева.
113. Сөйлемдегi туынды етiстiктiң жасалу жолын белгiлеңіз.
        Сенен шет қалып, амандық, тыныштық iздемеспiн.
A) Негiзгi етiстiк пен көмекшi етiстiктiң тiркесуi;
B) Сын есiмге жұрнақ қосылу арқылы;
C) Елiктеуiш сөз бен көмекшi етiстiктiң тiркесуi;
D) Сан есiмге жұрнақ қосылу арқылы;
E) Зат есiмге жұрнақ қосылу арқылы.
114. 2-жақтың анайы, көпше түрінде жiктелген етiстiктi табыңыз.
A) Тазартады;
B) Барасыңдар;
C) Айтады;
D) Тыңдап көр;
E) Арнаймыз.
115. Етістікті зерттеген ғалымдар:
A) Ы.Маманов, Н.Оралбаева, А.Қалыбаева;
B) С.Исаев, Ә.Болғанбаев, І.Кеңесбаев;
C) А.Ысқақов, С.Мырзабеков, Т.Әбдіғалиева;
D) Ш.Сарыбаев, А.Ибатов, С.Аманжолов;
E) А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, К.Аханов.
116. Көнеру арқылы жасалған үстеудi табыңыз.
A) Өзеннiң суын жаңбырша шашыратты.
B) Биыл жетпiстiң бел ортасынан асыпты.
C) Содан он жылдық класты бiрге бiтiрдiк.
D) Iле басыла қалды.
E) Соншама қандай қуаныш.
117. Еліктеу  сөздерден  синтетикалық  тәсіл  арқылы  сөз  жасаудың  7  негізгі
және 16 қосымша үлгісін көрсеткен ғалым.
A) К.Аханов;
B) Ш.Сарыбаев;
C) К.Құсайынов;
D) А.Ысқақов;
E) А.Қайдаров.
118. Байланыстыру қызметін атқармайтын шылау?
A) Жалғаулық;
B) Демеулік;
C) Септеулік;
D) Ыңғайлас;
E) Қарсылықты.

119. Бәрекелді одағайы қай жолмен жасалған?
A) Қосарлау;
B) Кірігу;
C) Тіркесу;
D) Қысқару;
E) Бірігу.
120. Қай сөйлемде сенімділік модальдылық мағынасы берілген?
A) Айтылмаған үрейлі сөзді Нұржан өзі сезінуі керек (З.Шашкин).
B) Қаны ұйып қалса керек (З.Шашкин).
C) Ол, әрине, туысын жақтайды (З.Шашкин).
D) Осылар кетіп қалған білем (З.Шашкин).
E) Нұржан келемеждеп жұрген сияқты (З.Шашкин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет