Г.Ә. Сәрсеке, А. Б. Бақраденова, Г. Т. Кәріпжанова Қазақ тілінен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған тест жинағЫ



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата27.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#5031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

МОРФОЛОГИЯ
ІІ НҰСҚА
1. Сөз және оның формалары туралы ілім.
A) Морфология;
B) Синтаксис;
C) Лексикология;
D) Фонетика;
E) Фразеология.
2. Атау септігіндегі сөзді табыңыз.
A) Үйге бұрылды;
B) Қатты қуанды;
C) Жақсы адам екен;
D) Марат ән салды;
E) Төбесі көкке жетті.
3. Тәуелді септеу тұлғасындағы сөзді табыңыз.
A) Апама;
B) Баланың;
C) Үйден;
D) Әншісің;
E) Анамын.
4. Тәуелдеудің түрлерін белгілеңіз.
A) Жекеше және оңаша;
B) Оңаша және ортақ; 
C) Көпше;
D) Жекеше;
E) Көпше және ортақ.
5. Табыс септiгiндегi сөздi табыңыз.
A) Оқытты;
B) Келдi;
C) Отынды;
D) Балалы;
E) Кеттi.
6. Барыс септігінің жалғауларын белгілеңіз.
A) -мен, -пен, -бен;
B) -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің;
C) -сың, -сің;
D) -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е;
E) -дан, -ден, -тан, -тен.
7. Ілік септіктің жасырын тұлғасындағы сөзді табыңыз.
A) Балаға қарады;

B) Тау асты;
C) Көңіл көтерді;
D) Қобыландының Тайбурыл;
E) Үй төбесі.
8. Жіктеліп тұрған сөзді табыңыз.
A) Әкеммен;
B) Әкемді;
C) Суретшісің;
D) Көмекшім;
E) Өзімсін.
9. Тәуелдік жалғаудың 2-жағы, анайы, көпше түріндегі сөзді табыңыз.
A) Ғалымсыңдар;
B) Балаларың;
C) Қаламыңыз;
D) Қалаң;
E) Барасыңдар.
10. Қимылдың амалын білдіретін сөзді табыңыз.
A) Жоғарыға өрледі;
B) Үйде отыр;
C) Ақылмен шеш;
D) Бізге беттеді;
E) Сұрауға келдім.
11. Жалаң сөздер қалай бөлінеді?
A) Түбір сөз және қос сөз;
B) Түбір сөз және туынды түбір сөз;
C) Қос сөз және туынды түбір сөз;
D) Біріккен сөз және түбір сөз;
E) Қысқарған сөз және негізгі түбір сөз.
12. Түбір морфеманың анықтамасын табыңыз.
A) Бөлшектенетін, мағыналы бөлшек;
B) Түбір және қосымшадан тұратын бірлік;
C) Бөлшектенбейтін, мағынасы жоқ бөлшек;
D) Құрылысы  жағынан  да,  мағынасы  жағынан  да  сөздiң  әрi  қарай
бөлшектеуге келмейтiн мағыналы түпкi бөлшегi;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
13. Сөзжасамның аналитикалық тәсілімен жасалатын сөздер қалай аталады?
A) Көмекші сөздер;
B) Күрделі сөздер;
C) Жалаң сөздер;
D) Түбір сөздер;
E) Туынды түбір сөздер.

14. Біріккен сөздердің тіркесті сөздерден жазылу айырмасы?
A) Дефиспен жазылады;
B) Бірге жазылады;
C) Бөлек жазылады;
D) Кіріге жазылады;
E) Сызықшамен жазылады.
15. Мұрап күрделі сөздің қай түрі?
A) Біріккен сөз;
B) Қос сөз;
C) Түбір сөз;
D) Туынды түбір сөз;
E) Кіріккен сөз.
16. Мағыналық,  дыбыстық,  морфологиялық  өзгерістер  қандай  сөздер
тобында болады?
A) Тіркесті сөздер;
B) Кіріккен сөздер;
C) Қос сөздер;
D) Қысқарған сөздер;
E) Біріккен сөздер.
17. Қазіргі қазақ тілінде неше сөз табы бар?
A) 9;
B) 10;
C) 7;
D) 11;
E) 6.
18. Зат есімнің кім? не? сұрақтарына қатысты мағыналық түрлері.
A) Деректі және дерексіз;
B) Адамзат және ғаламзат;
C) Жалпы және жалқы;
D) Сапалық және қатыстық;
E) Жекелік және көптік.
19. Сөйлемдегі зат есімнің көптік мағынасының берілу тәсілі қандай?
        Шығанақ тарысын сұрыптай берді (Ғ.Мұстафин).
A) Семантикалық;
B) Морфологиялық;
C) Синтаксистік;
D) Морфологиялық-синтаксистік;
E) Морфологиялық-семантикалық.
20. Жалқы зат есімді табыңыз.
A) Абылай, қанат;
B) ПМПИ, қала;

C) Орындық, садақ;
D) «Жас алаш», жорнал;
E) Тұйғын, Тайбурыл.
21. Есімнен зат есiм жасайтын жұрнақты табыңыз.
A) -кер, -гер;
B) -ғыш, -гіш;
C) -м, -ім;
D) -ла, -ле;
E) -уыш, -уіш.
22. Етiстiктен зат есiм жасайтын жұрнақты табыңыз.
A) -шы, -шi;
B) -лық, -лiк;
C) -хана;
D) -ған, -ген;
E) -ма, -ме.
23. Эмоциялы-экспрессивтi зат есiм қатысқан сөйлемдi табыңыз.
A) Жиналыс ондайларға көңіл аударған жоқ (Ғ.Мүсірепов).
B) Белінде  -  түндіктің  бауы,  етегі  -  ышқырында,  қолында  -  түндегі  сойылша
(Ж.Аймауытов).
C) Еңбекшіл адам - ең ардақты адам (Ә.Нұршайықов).
D) Күз басынан бері қызыл шұнақ жел қылшылдап тұр (Ә.Нұрпейісов).
E) Жүрісіне қарағанда шолғыншы лек секілді (Д.Досжанов).
24. Сапалық сын есімнің анықтамасы.
A) Заттың сынын, сапасын тікелей көрсететін сын есім;
B) Заттың  сынын,  сапасын  екінші  бір  затқа,  құбылысқа  қатысты  көрсететін
сын есім;
C) Заттың сынын, сапасын салыстыра көрсететін сын есім;
D) Заттың сынын, сапасын күшейте көрсететін сын есім;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
25. Сапалық сын есiмдi табыңыз.
A) Ақшыл;
B) Балалы;
C) Малсыз;
D) Сәнқой;
E) Өнерпаз.
26. Күшейтпелі шырай түрін табыңыз.
A) Ап-анық;
B) Биіктеу;
C) Сарғыш;
D) Жақсы;
E) Көтеріңкі.

27. Күрделі есептік сан есiмдi белгiлеңіз.
A) Он алты;
B) Үш-төрттен;
C) Жетпістей;
D) Сексенінші;
E) Он-он бес.
28. Болжалдық сан есiмдi белгiлеңіз.
A) Он-оннан;
B) Қырық алты;
C) Үш жүздей;
D) Алтау;
E) Оныншы.
29. Реттiк сан есiмнiң жұрнақтарын белгiлеңіз.
A) -дай, -дей;
B) -ыншы, -iншi;
C) -ау, -еу;
D) -лау, -леу;
E) -лап, -леп.
30. Топтық сан есiмдi табыңыз.
A) Он-оннан; 
B) Алтыншы;
C) Жүз қаралы;
D) Екеу;
E) Он бес.
31. Жіктеу есімдігін табыңыз.
A) Барлық; 
B) Сен;
C) Сол;
D) Түгел;
E) Әрқайсысы.
32. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
A) Дәнеңе;
B) Кейбір;
C) Біреу;
D) Барша;
E) Сонау.
33. Табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік.
A) Салт;
B) Болымды;
C) Сабақты;
D) Етіс;

E) Қалып.
34. Сабақты етiстiк қатысқан сөйлемдi табыңыз.
A) Ол жалт бұрылды.
B) Соған үш шана шөп жеткiзiп берейiк.
C) Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келiп жеттi.
D) Көңiлiм қайтты достан да, дұшпаннан да.
E) Арба да тынбай жылжып келедi.
35. Өздік етiс тұлғасындағы сөзді табыңыз.
A) Айтқыз;
B) Жуынды;
C) Орылды;
D) Жәбiрледi;
E) Танысты.
36. Өзгелiк етiс қатысқан сөйлемдi белгiлеңіз.
A) Күн арқан бойы көтерiлген екен.
B) Жамал бар қимылды көзiмен өткiзiп тұр.
C) Қабыш қайғының үлкенiн ендi шығарды.
D) Жүктi алып, арбаға салысты.
E) Сiз пәтерiңiзге барып, жуынып алыңыз.
37. Көсемшенiң жұрнақтарын ажыратыңыз.
A) -ған, -ген, -қан, -кен;
B) -мақ, -мек, -бақ, -бек;
C) -ғалы, -гелi, -қалы, -келi;
D) -ды, -дi, -ты, -тi;
E) -да, -де, -та, -те.
38. Тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері қалай аталады?
A) Етіс;
B) Туынды;
C) Есімше;
D) Қалып;
E) Салт.
39. Күшейткiш үстеудi табыңыз.
A) Сәл, таңертең;
B) Жоғары, төмен;
C) Өте, тым, орасан;
D) Шапшаң, тез;
E) Бiрталай, соншалық.
40. Мөлшер үстеулi тiркестi табыңыз.
A) Жоғары өрледi;
B) Былтыр түскен;
C) Таң алдында аттанды;

D) Артта қалды;
E) Сәл бөгелдi.
41. Мақсат үстеу қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
A) Шынар ақырын ғана күрсініп қойды (Ғ.Мүсірепов).
B) Барлас іле сөйлеп кететін жарқылдақ ашық (М.Әуезов).
C) Осының өзі тіліме зорға оралады (Ә.Омаров).
D) Поездан әдейі түсіп қалдым (Ә.Омаров).
E) Соншама қандай қуаныш (З.Шашкин).
42. Адвербиалданған үстеуді белгілеңіз.
A) Бірге, бірден, шалқасынан;
B) Жоғары, төмен;
C) Өте, тым, орасан;
D) Шапшаң, лезде;
E) Соншама, мұншалық.
43. Бейнелеуіш еліктеу сөздерді табыңыз.
A) Селк, дүрс;
B) Селт, балпаң;
C) Тарс, елп;
D) Дүңк, тырс;
E) Гу, зу.
44. Туынды еліктеу сөздерді белгілеңіз.
A) Сарт-сұрт, тарс;
B) Елпең, арсаң;
C) Саңқ, гүр;
D) Қойқаң-қойқаң, баж;
E) Даң-дұң, сылқ.
45. Шылаудың түрін белгілеңіз.
        Биеге қарай жөнелді (Ғ.Мұстафин).
A) Жалғаулық;
B) Септеулік;
C) Демеулік;
D) Қарсылықты шылау;
E) Күшейткіш шылау.
46. Шектік демеулік шылауды табыңыз.
A) Сені ғана таңдадым.
B) Қуанғаны-ау.
C) Шын айтып тұр ма?
D) Өкініп қалғаным-ай.
E) Болашақта болады-мыс.
47. Сұраулық демеулік шылау қатысқан сөйлемді белгілеңіз.
A) Аң аулап жүрмісің? (М.Әуезов).

B) Құнанбай да тысқа шықты (М.Әуезов).
C) Қандалаша қанға ұрлап тояды да, қолға түсіп өледі бір күні (Ғ.Мүсірепов).
D) Сондықтан әкесіне айтқан да жоқ-ты (Ә.Омаров).
E) Абай мен Ербол енді жүрмек боп, киіне бастады (М.Әуезов).
48. Сөйлемдегі модальдылық мағынаны анықтаңыз.
               Гүлсімге  Тұрар  сырының  тарихы  ертеден  басталған  сияқты
(З.Шашкин).
A) Мүмкіндік;
B) Болжал;
C) Ұқсату;
D) Міндеттілік;
E) Бар-жоқтық.
49. Қазақ тіліндегі грамматикалық мағынаның түрлерін көрсетіңіз.
A) Жалпы, қатыстық;
B) Қатыстық, категориялық;
C) Жалпы, категориялық;
D) Жалпы, жеке;
E) Жалпы, категориялық, қатыстық.
50. Табыс септігінің грамматикалық мағынасын белгілеңіз.
A) Қимылдың иесі;
B) Құралдық;
C) Қимылдың мекені;
D) Қимылдың бағыты;
E) Тура объектілік.
51. Жатыс септігінің грамматикалық мағынасын белгілеңіз.
A) Қимылдың себебі;
B) Атауыштық;
C) Қимылға ортақтық;
D) Қимылдың мекені;
E) Қимылдың мақсаты.
52. Категориялық грамматикалық мағынаның анықтамасы.
A) Аналитикалық тәсілдің жолдары арқылы берілетін грамматикалық мағына;
B) Лексикалық  мағынаның  жалпылануы  арқылы  берілетін  грамматикалық
мағына;
C) Сөз тудырушы жұрнақтар арқылы берілетін мағына;
D) Негізгі  сөзге  көмекші  сөздің  тіркесуі  арқылы  берілетін  грамматикалық
мағына;
E) Грамматикалық тұлғалар арқылы берілетін грамматикалық мағына.
53. Көптік жалғауды грамматикалық жұрнақ деп қарастыратын ғалым.
A) С.Исаев;
B) Н.Оралбаева;

C) А.Хасенова;
D) А.Ысқақов;
E) Ы.Маманов.
54. Жұрнақ құрамына қарай қалай бөлінеді?
A) Сөз тудырушы;
B) Сөз түрлендiрушi;
C) Өнiмдi, өнiмсiз;
D) Жалаң, құранды;
E) Өлі, тірі.
55. Сөз тудыру сипаты жағынан жұрнақтың түрлері.
A) Сөз тудырушы, сөз түрлендiрушi;
B) Моносемиялы, полисемиялы;
C) Өнiмдi, өнiмсiз;
D) Синоним, омоним; 
E) Антоним, полисемиялы. 
56. Табыс септік жалғауы -ды мен жедел өткен шақтың жұрнағы 
-ды мағынасы жағынан қандай қосымшалар?
A) Омоним;
B) Синоним;
C) Антоним;
D) Полисемиялы;
E) Моносемиялы.
57. Полисемиялы қосымшаны табыңыз.
A) -ы, -i, -и;
B) -лы, -лi, -ды, -дi;
C) -кеш, -қой, -хана, -стан;
D) -ыл, -iл, -л;
E) -дай, -дей.
58. Сөйлемдегі нөлдік тұлғалы сөзді табыңыз.
        Абай басын  қатты  тартып,  тежеп  отырмаса,  өршелене  түсіп,  шаба
жөнелгісі кеп, оттай жанып келеді (М.Әуезов).
A) Абай;
B) Қатты;
C) Оттай жанып келеді;
D) Тежеп отырмаса;
E) Басын.
59. Семантикалық, морфологиялық, синтаксистік белгілерге ие сөздер тобы.
A) Көмекші сөздер;
B) Атаушы сөздер;
C) Зат есім, шылау сөздер;
D) Одағай сөздер;

E) Модаль сөздер.
60. А.Байтұрсыновтың деректі зат есімге берген анықтамасы?
A) Көзбен көріп, қолмен ұстайтын зат атаулары;
B) Оймен ұғынылатын зат атаулары;
C) Көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, адам ақылмен ғана білетін заттар;
D) Көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын зат атаулары;
E) Көзге  көрінетін,  құлаққа  естілетін,  мұрынға  иіскелетін,  тілге  татылатын,
денеге сезілетін заттар.
61. Етiстiктен зат есiм жасайтын жұрнақты табыңыз.
A) -стан;
B) -паз;
C) -шылық, -шілік;
D) -а, -е;
E) -ыш, -іш, -ш.
62. Дүйсенбі сөзі тұлғасына қарай қандай зат есім?
A) Біріккен сөз;
B) Туынды түбір;
C) Түбір сөз;
D) Кіріккен сөз;
E) Кірме сөз.
63. Қатыстық сын есiм қатысқан сөйлемдi табыңыз.
A) Орташа келген қырлы мұрын ендi анық көрiндi.
B) Жалғыз сұр емес, сары ала қып асқан екен.
C) Әйелi өзiнен бойшаңдау, көрiктi орыс қызы.
D) Қап-қараңғы, көгiлдiр үңгiр.
E) Үлкен, көкшiл көзi мөлдiреп, күлiмдеп тұр.
64. Қатыстық сын есімнен сапалық сын есімге ауысқан сөздерді көрсетіңіз.
A) Әдемі, биік, ақылды;
B) Терең, қамсыз, ашық;
C) Орманды, басыңқы, толық;
D) Ақылды, толық, ашық;
E) Салмақты, жауынсыз, ащы.
65. Салыстырмалы шырай жұрнақтарын белгiлеңіз.
A) -лы, -сыз;
B) -дай, -iңкi;
C) -шы, -лық;
D) -лау, -ырақ;
E) -дық, -ымпаз.
66. О  бастағы  шығу  тегі  әдеттегі  сабақтаса  байланысқан  сөз  тіркесінен
қалыптасқан күрделі сөздің түрі.
A) Біріккен, кірікккен сөздер;

B) Тіркесті сөз;
C) Қос сөз;
D) Қысқарған сөз;
E) Барлық жауап дұрыс.
67. Топтық сан есімнің жасалу жолын белгілеңіз.
A) -ау, -еу жұрнағы арқылы;
B) -інші, -ыншы жұрнағы арқылы;
C) Көнеленген шығыс септігінің жалғауы арқылы;
D) -даған, -деген жұрнағы арқылы;
E) -еу жұрнағы арқылы.
68. Сөйлемдегі сан есімнің мағыналық түрі.
        Он екіден бір тиын кем сатпаймын... (Х.Есенжанов).
A) Топтық;
B) Жинақтық;
C) Есептік;
D) Болжалдық;
E) Бөлшектік.
69. Жинақтық сан есімнің жұрнағын табыңыз.
A) -ыншы, -інші;
B) -дан, -ден;
C) -дай, -дей;
D) -ау, -еу;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
70. Заттанған сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз.
A) Алтау  ала  болса,  ауыздағы  кетеді,  төртеу  түгел  болса,  төбедегі  келеді
(Мақал).
B) Осыдан  он  бес,  жиырма  күн  кейін  Абай  мен  Ербол  да  елге  қарай  келе
жатты (М.Әуезов). 
C) Төрт құлақтың біреуі жел өтіне мүжіліп, құлапты (С.Жүнісов).
D) Сағаттың бетін айналдыра жүретін екі тілі бар (А.Байтұрсынов).
E) Жеті таудың ар жағындағы жеті елге де жете алмадық (С.Жүнісов).
71. Етіс категориясының негізгі мәні неде?
A) Қимылдың субъекті мен объектіге қатысын білдіреді;
B) Субъектінің пікірін, көзқарасын білдіреді;
C) Қимылдың мезгілге қатысын білдіреді;
D) Қимылдың, іс-әрекеттің болу/болмауын білдіреді;
E) Қимылдың, іс-әрекеттің амалын білдіреді.
72. Қайсысы көсемшенiң өткен шақ түрiнде тұр?
A) Көрдi;
B) Қуанып;
C) Жүр;

D) Сөйлей;
E) Өткенше.
73. Ашық рай дегенiмiз не?
A) Дағдылы қимылды бiлдiредi;
B) Бiр қимылдың екiншi қимылға шартын бiлдiредi;
C) Қимылдың жасалуына сөйлеушiнiң тiлегiн бiлдiредi;
D) Iс-қимылдың амал-әрекетiн бiлдiредi;
E) Қимылдың шындық өмiрге мезгiлдi қатысын бiлдiредi.
74. Баяндауышы етiстiктiң қалау рай түрiнен болған сөйлемдi табыңыз.
A) Жүзi жылы жандарды құшақтағым келедi.
B) Ол жұмысқа қалаға барды.
C) Жаңбыр нөсерлетiп құйды.
D) Театрда жақсы концерт болды.
E) Ол досымен кездестi.
75. Қай  мағынаның  анықтамасы:  «Сөздің  тым  жалпы  мағынасы,  сол  сөздің
лексикалық  мағынасының  жалпылануы  немесе  оған  әр  түрлі  тұлғалар
үстелу  арқылы  түрленуінің  нәтижесінде  немесе  басқа  сөздермен  әр  алуан
қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын мағына»?
A) Лексикалық мағына;
B) Сөзжасамдық мағына;
C) Грамматикалық мағына;
D) Дериваттық мағына;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
76. Сонау есімдігінің жасалу жолы.
A) Бірігу;
B) Кірігу;
C) Жұрнақ арқылы;
D) Жалғау арқылы;
E) Қысқару.
77. «Арнайы  қосымша  көрсеткіші  болмай,  тұлғасы  көрінбей  тұрып-ақ  белгілі
грамматикалық мағына білдіру» қалай аталады?
A) Грамматикалық мағына;
B) Нөлдік тұлға;
C) Қосымша морфема;
D) Сөзжасамдық мағына;
E) Түбір морфема.
78. Шақ категориясының негізгі мәні неде?
A) Өткен шаққа байланысты; 
B) Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты;
C) Субъектімен байланысты;
D) Субъекті көзқарасымен байланысты;

E) Келер шаққа байланысты.
79. «Сөздердің  сөйлемде  өзіне  тән  белгілі  синтаксистік  қызмет  атқаруымен
және  сол  сөздердің  тіркесу  сипатымен»  сөздерді  топтастырудың
принципі.
A) Семантикалық;
B) Синтаксистік; 
C) Морфологиялық;
D) Сөзжасамдық;
E) Фонетикалық.
80. Сөйлемдегі  көмектес  септігіндегі  сөздің  грамматикалық  мағынасын
анықтаңыз.
        Әкесімен сөйлесті.
A) Іс-қимылға ортақ субъектіні білдіреді;
B) Іс-қимылдың қандай құралмен атқарылғанын білдіреді;
C) Іс-қимылдың амалын білдіреді;
D) Іс-қимылдың мақсатын білдіреді;
E) Іс-қимылдың мезгілін білдіреді.
81. Болжалды келер шақтағы етiстiк қатысқан сөйлемдi белгiлеңіз.
A) - Ендi кiм бар шығатын?
B) Күй тiлiн де өзiнен таппақ.
C) Шақырған адам күте тұрар.
D) Өкiнесiң деп қорқамын.
E) Дабылдың батпағына баттыңыз.
82. Туынды үстеудi табыңыз.
A) Әдейi, кеше;
B) Зорға, босқа;
C) Әрi, қайта;
D) Тез, кейін;
E) Ертең, бұрын.
83. Бейнелеуіш елiктеу сөз қатысқан сөйлемдi табыңыз.
A) Сейiт күтпеген сөзге селт еттi.
B) Аяғында күрс-күрс еткен керзi етiгi бар.
C) Зiрк-зiрк етедi.
D) Салдыр-гүлдiр жүрiсiңнен қорқамын.
E) Аяш қаңқ ете қалды.
84. Шылау сөз табына тән ерекшелік:
A) сөйлем мүшесі бола алады;
B) заттық мағына білдіреді;
C) лексикалық мағынасы жоқ;
D) атауыш сөз;
E) жеке дербес жұмсалады.

85. Сөйлемдегі асты сызылған шылаудың мағыналық түрін анықтаңыз.
        Ерінбей еңбек етсең, шындап егер,
        Тікен де гүлге айналып шыға келер (Сағди).
A) Қарсылықты жалғаулық шылау;
B) Сұраулық демеулік;
C) Күшейткіш демеулік;
D) Көңіл-күй демеулігі;
E) Шектік демеулік.
86. Салаластырғыш жалғаулықтарды көрсетіңіз.
A) Ыңғайлас, талғаулықты;
B) Ыңғайлас, салдар;
C) Талғаулық, шартты;
D) Себеп, салдар;
E) Ұштастырғыш, айқындағыш.
87. Демеулiк шылаулы сөйлемдi көрсетiңiз.
A) Ақ пен қараны ажыратады.
B) Арқаға қарай жылжыды.
C) Қар биыл көп түстi.
D) Ел ерiмен мақтанады.
E) Аты жүйрiк-ақ екен. 
88. Демеулiк шылаудың мағыналық түрiн табыңыз.
        Бетiнде азғантай ғана құрым белгiсi бар.
A) Сұраулық;
B) Болжалдық;
C) Күшейткiш;
D) Шектiк;
E) Нақтылық.
89. Сөз тіркесін құрайтын шылау.
A) Септеулік;
B) Жалғаулық;
C) Демеулік;
D) Себептес;
E) Талғаулық;
90. Шақыру одағайларын белгiлеңіз.
A) Тәйт, ауһау;
B) Моһ-моһ, құрау-құрау;
C) Апырмай, әттең;
D) Оһ, уһ, аһ;
E) Бәсе, шөре-шөре.
91. Жекіру мәнді одағайларды белгілеңіз.
A) Жә, тек, тәйт;

B) Ойпырмай, әттең, паһ;
C) Тек, тәйт, пәлі;
D) Алақай, оһо, жә;
E) Бәлі, ау, апырмай.
92. Сөйлемдегі одағайдың түрін белгілеңіз.
        - Мәссаған, сол да сөз болып па?
A) Көңіл-күй;
B) Жекіру;
C) Шақыру;
D) Атау;
E) Сілтеу.
93. Туынды одағайларды белгiлеңіз.
A) Ах, уа, уау;
B) Ой, әй, ие;
C) Әттегенай, апырмай;
D) Аха, ау, беу;
E) Ей, е, пай.
94. Бір мағыналы одағайды табыңыз.
A) Бәлі;
B) Әттеген;
C) Бәрекелде;
D) Пай-пай;
E) Ту.
95. Сөйлемдегі модалдылық мағынаны анықтаңыз.
        Тастап кете ме деп қорқатын болу керек (З.Шашкин).
A) Міндеттілік;
B) Болжал;
C) Ұқсастық;
D) Сенімділік;
E) Мақұлдау.
96. Сөйлемдегі модальдылық мағынаның жасалу жолын белгілеңіз.
               Ақан  мен  Нұржанның  жанжалын  құлағы  шалған  болуы  керек
(З.Шашкин).
A) -у тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы;
B) Негізгі етістік пен көмекші етістіктің тіркесуі арқылы;
C) -у  тұлғалы  тұйық  етістіктің  тәуелденген  тұлғасына  керек  сөзінің  тіркесуі
арқылы;
D) Көмекші етістік арқылы;
E) Етістіктің жіктелген тұлғасы арқылы.
97. А.Байтұрсыновтың сөзді тұлғасына қарай топтастыруын табыңыз.
A) Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар;

B) Түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз, біріккен сөз;
C) Түбір сөз, туынды сөз;
D) Түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз,  қосалқылы
сөз;
E) Түбір сөз, кіріккен сөз, қос сөз.
98. Аналитикалық  тәсілдің  ішкі  жолдары  арқылы  берілетін  грамматикалық
мағына қалай аталады?
A) Лексикалық;
B) Қатыстық;
C) Категориялық;
D) Жалпы;
E) Лексика-грамматикалық.
99. Анықтаманың  жауабын  табыңыз:  «Екi  не  одан  да  көп  қосымшалардан
құралып,  мағынасы  жағынан  бiртұтас,  бiрақ  тұлғасы  жағынан  бөлiнетiн
морфемалар».
A) Синоним қосымша;
B) Жалаң қосымша;
C) Туынды қосымша;
D) Құранды қосымша;
E) Омоним қосымша.
100. Сыңарлары  мағына  жағынан  да,  тұлға  жағынан  да  еш  өзгерiске  түспей
бiрiгiп, бiр ұғымды бiлдiретiн күрделi сөз.
A) Кіріккен сөз;
B) Қос сөз;
C) Қысқарған сөз;
D) Тіркесті сөз; 
E) Біріккен сөз.
101. Морфологиялық принцип дегеніміз не?
A) Сөздерге  тән  түрлену  жүйесi,  өзгеру  парадигмасы  және  түрленбеу,
өзгерiске түспеу сипаттары;
B) Сөздерге тән грамматикалық семантика;
C) Сөздердiң сөйлемдегі тiркесу сипаты;
D) Сөздердiң сөйлемде белгiлi бiр қызмет атқаруы; 
E) Сөздерге тән лексикалық семантика.
102. Түрленетін сөз табын белгілеңіз.
A) Зат есім;
B) Сын есім;
C) Үстеу;
D) Сан есім;
E) Шылау. 
103. Зат есімнің өнімсіз жұрнағын көрсетіңіз.

A) -шы, -шi;
B) -шылық, -шiлiк;
C) -дақ, -дек;
D) -кер, -гер;
E) -ыл, -iл, -л.
104. Лексика-семантикалық тәсілмен жасалған туынды зат есімді табыңыз.
A) Суреткер;
B) Жұма;
C) Қауіп-қатер;
D) Сындарлы;
E) Балапан.
105. Етістіктен зат есім жасайтын өнімсіз жұрнақты табыңыз.
A) -мал, -мел;
B) -ма, -ме;
C) -м, -ым, -iм;
D) -қы, -кi, -ғы, -гi;
E) -ыс, -iс, -с.
106. Авторын  табыңыз:  «Шырай  категориясы  я  бірыңғай  ақ,  я  бірыңғай
қызыл,  я  бірыңғай  қара,  я  бірыңғай  сары,  я  бірыңғай  қоңыр,  көк  түсті
әлденеше  (кемі  екі)  заттардың  реңдеріндегі  ерекшеліктерді  немесе
бірыңғай  үлкен  не  бірыңғай  кіші  делініп  танылған  әлденеше  заттардың
көлем-аумақтарындағы  артық  я  кемдік  дәрежелерін  өзара  салыстыру
арқылы туады».
A) А.Ысқақов;
B) Ж.Шакенов;
C) С.Исаев;
D) Ы.Маманов;
E) А.Байтұрсынов. 
107. Қай  ғалымның  сөзі:  «...  барып  кел  күрделі  бір  қимылды  білдірсе,  ол
қимыл  екі  бөлімнен  тұрады,  яғни  алдымен  бару  қимылы  жасалады,
іле-шала  келу  қимылы  жасалады,  бұл  -  кеңістікте  екі  бағытта  жасалатын
бір қимылдың кесінділері»?
A) А.Ысқақов;
B) А.Хасенова-Қалыбаева;
C) С.Исаев;
D) Ы.Маманов;
E) Н.Оралбаева. 
108. Алғаш осы дұрыс пікір қай  еңбекте  берілді: «Мектеп  грамматикаларында
жай  шырай  сын  есімнің  басқа  шырай  формаларын  жасаудағы  негіз,
таяныш  тұлға  болатынын  көрсету  үшін  беріледі.  Бірақ  бұл  атау  формада
ешбір  салыстыру  жоқ,  ендеше  шырай  емес,  ақ,  қызыл,  сары  дегендерде
бұл күйінде шырай мағынасы жоқ»?

A) Ж.Шакенов. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы (Алматы, 1961);
B) Қазақ тілі грамматикасы (Алматы, 1967);
C) А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология (Алматы, 1991);
D) А.Байтұрсынов. Тіл құрал. Кт.: Тіл тағылымы (Алматы, 1989);
E) К.Аханов. Грамматика теориясының негіздері (Алматы, 1972). 
109. Сөйлемдегі салыстырмалы мағынаның жасалу жолы.
        Саған жар менен артық табылса да (Абай).
A) Шырай жұрнақтары арқылы;
B) Шығыс септігіндегі есімдік арқылы;
C) Көмектес септігіндегі сөз бен салыстырғанда сөзінің тіркесуі арқылы;
D) Барыс септігіндегі сөз бен қарағанда сөзінің тіркесуі арқылы;
E) Жатыс септігі арқылы.
110. Қай
 аналитикалық
 формант
 негізгі
 етістікке
 іс-қимылдың
 я
жарыстырыла,  я  жол-жөнекей  жүзеге  асырылуын  білдіретін  мағына
үстейді?
A) -п жүр;
B) -а кет;
C) -п тұр;
D) -й жат;
E) -й отыр.
111. Қай сан есім прономиналданған?
A) Біреу;
B) Сегіз;
C) Төртеу;
D) Оныншы;
E) Жеті.
112. Сөйлемдегі  аналитикалық  тұлғалы  етістіктің  грамматикалық  мағынасын
анықтаңыз.
        Хадиша бұл сөзімді мақұл көріп, жабыса кетті (З.Шашкин).
A) Қимылдың жасалуға жақындап барып, аяғына жетпей үзілуін білдіреді;
B) Қимылдың ерекше ынтамен жасалуын білдіреді;
C) Қимылдың  жасалуына  немқұрайлы  қарап,  оның  жол-жөнекей  жасалуын
білдіреді;
D) Қимылдың қысқа, батыл, аз уақыттың ішінде жасалуын білдіреді;
E) Қимылдың  ойда  жоқта,  қиындықсыз,  жеңіл,  күтпеген  жерден  жасалуын
білдіреді.
113. Болжалды келер шақтың болымсыз түріндегі етістікті табыңыз.
A) Іздемес;
B) Барар;
C) Отырмын;
D) Келмекпін;
E) Айтпақшы.

114. Бір ауыздан үстеуінің жасалу жолын белгілеңіз.
A) Сан есім мен үстеудің бірігуі арқылы;
B) Сан есім мен септік тұлғасындағы зат есімнің бірігуі арқылы;
C) Сан есім мен септік тұлғасындағы зат есімнің кірігуі арқылы;
D) Сан есім мен есімдіктің біргіуі арқылы;
E) Сан есім мен үстеудің кірігуі арқылы.
115. Сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын шылауларды белгілеңіз.
A) Да, ғана, құрым;
B) Және, дегенмен, сондықтан;
C) Дейін, ма, соң;
D) Соң, ше, әйтсе де;
E) Қарай, кейін, туралы.
116. Күрделі құрамды шылауларды ажыратыңыз.
A) Әмсе, әлде, я;
B) Не, және, ақ;
C) Өйтсе де, біресе, өйткені;
D) Немесе, кейде, дейін;
E) Дегенмен, да, менен.
117. Кірігу жолымен жасалған одағайды белгілеңіз.
A) Е, әттең;
B) Уа, ойпырмай;
C) Қап, айт;
D) Ойпырмай, әттегенай;
E) Аһ, жә.
118. -п  шық  аналитикалық  форманты  негізгі  етістікке  қандай  грамматикалық
мағына үстейді?
A) Амалды  басқа  әрекеттен  я  бұрын,  жол-жөнекей,  я  онымен  жарыстыра
тындыру;
B) Амалдың  бірден  я  кенеттен  басқа  күйге  немесе  қалыпқа  көшкенін
білдіретіндей мән үстейді;
C) Амалды шұғыл орындау реңкін үстейді;
D) Амалды шегіне жеткізу, аяқтап болу мағынасын үстейді;
E) Амалды ақырына дейін аяқтау, тындыру мәніін үстейді. 
119. Міндеттілік мағынасын білдіретін модаль сөздерді табыңыз.
A) Сияқты, білем;
B) Көрінеді, керек;
C) Шамасы, қажет;
D) Қажет, керек;
E) Тәрізі, мүмкін.
120. Болжал мағынасын білдіретін модаль сөздерді көрсетіңіз.
A) Зады, шығар, керек;

B) Мүмкін, шамасы, рас;
C) Бар, болар, тиіс;
D) Аз, әрине, шамасы;
E) Әлбетте, шығар, керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет