ЛЕКСИКОЛОГИЯ
І НҰСҚА
1. Лексикология саласының зерттеу нысаны.
A) Сөздің лексикалық мағынасы;
B) Сөздің грамматикалық мағынасы;
C) Тіл дыбыстары;
D) Сөз құрамы;
E) Сөз тұлғасы.
2. «Лексика» сөзі қай тілден енген?
A) Латын;
B) Грек;
C) Ағылшын;
D) Араб;
E) Неміс.
3. Сөздік құрам дегеніміз не?
A) Мақал-мәтелдер тобы;
B) Белгілі бір мамандыққа, кәсіпке қатысты сөздер;
C) Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер;
D) Көнерген сөздер;
E) Тілдегі барлық сөздердің жиынтығы.
4. Лексикологияның салаларын көрсетіңіз.
A) Семасиология, лексикография, ономосиология;
B) Грамматика, морфология;
C) Синтаксис, морфология;
D) Фонетика, этимология, семасиология;
E) Ассимиляция, сингармонизм.
5. Сөз «құрылымы жағынан біртұтас» белгісімен қай тілдік бірліктен
ерекшеленеді?
A) Морфема;
B) Түбір;
C) Сөз тіркесі;
D) Сөйлем;
E) Дыбыс.
6. Тура мағынада қолданып тұрған сөзді табыңыз.
A) Қалың тұман;
B) Қалың жылқы;
C) Қалың кітап;
D) Қалың жаңбыр;
E) Қалың тоғай.
7. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Салт-дәстүрді білуіміз қажет.
B) Қазақтың кұпі киген қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын.
C) Шекпенімді жауып жіберіңізші.
D) Өлеңді ерекше шабытпен оқыды.
E) Бар оқиға осы.
8. Метафора қатысқан сөйлем қайсы?
A) Абайды жаттап өстім.
B) Алыстан қара көрінді.
C) Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа.
D) Тонның ішкі бауындай;
E) Қала ұйқыда.
9. Мағынасы жақын, мәндес сөздер.
A) Омоним;
B) Синоним;
C) Антоним;
D) Полисемия;
E) Фразеологизм.
10. Фразеологиялық байлаулы мағынаның анықтамасын табыңыз.
A) Сөздің сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруына байланысты
туған лексикалық мағынасы;
B) Сөздердің басқа сөздермен кең түрде тіркесуінен туған мағынасы;
C) Сµздіњ затты не қ±былысты атап кµрсететін маѓынасы;
D) Тілдіњ қазіргі қалпы т±рѓысынан қараѓанда ары қарай бµлшектенбей
т‰бір ретінде танылатын сµздердіњ маѓынасы;
E) Сөздің белгілі бір сөздермен тіркесуі арқылы, яғни фразеологиялық
тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы.
11. Синтаксистік шартты мағынасы «мейірімсіз» болып табылатын сөзді
табыңыз.
A) Сұңқар;
B) Қасқыр;
C) Ит;
D) Тас;
E) Бұлбұл.
12. Көп мағыналы сөздер деп қандай сөздерді айтамыз?
A) Бірнеше мағына білдіретін, бірақ мағыналық байланысы үзілмеген сөздер;
B) Ауыспалы мағынада қолданылатын сөздер;
C) Әрқайсысының тура мағынасы бар сөздер;
D) Бірнеше мағына білдіретін, бірақ мағыналарының арасында байланыс жоқ
сөздер;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
13. Көп мағыналы сөздерді анықтаңыз.
A) Жермен жексен ету, құрту;
B) Арамен кесу, бал арасы;
C) Айтысу, ақындар айтысы;
D) Сөз төркіні, сөз айтысу;
E) Ыдыстың түбі, жердің түбі.
14. Омонимдер деп қандай сөздерді айтамыз?
A) Дыбысталуы бірдей, мағыналары басқа сөздер;
B) Дыбысталуы да, мағыналары да бірдей сөздер;
C) Дыбысталуы бірдей болғанмен, жазылуында ерекшелік бар сөздер;
D) Мағыналарының арасында байланысы жоқ сөздер;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
15. Омоним сөздерді көрсетіңіз.
A) Тап, түбек, бақ;
B) Кел, бас, же;
C) Науқас, әдемі, қызу;
D) Он, жиырма, отыз;
E) Тура, бесік, көл.
16. Омофон дегеніміз не?
A) Біркелкі айтылып, түрліше жазылатын сөздер;
B) Біркелкі жазылып, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше
айтылатын сөздер;
C) Тілдің сөздік құрамындағы бір емес, бірнеше лексикалық мағыналары бар
сөздер;
D) Мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен құралып, бірақ құрамы мен
қолданылуы тұрақты болып келетін фразеологиялық оралым;
E) Құрамындағы сөздердің біреуі немесе бірнешеуі өздерінің бастапқы
лексикалық мағынасын сақтап қалатын сөз тіркесі.
17. Синонимдерге берілген қай анықтама дұрыс?
A) Мағыналары бірдей сөздер;
B) Мағыналары жуық, мәндес сөздер;
C) Мағыналарында ешбір айырмашылық жоқ сөздер;
D) Бірнеше мағынада қолданылатын сөздер;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
18. Синоним қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
A) Жер мұңын, елдің шерін өлең қылып, Ақан да жанның бірі жаны ауырған
(І.Жансүгіров).
B) Жоқ, ол ойды мен өсірген емеспін (Ғ.Мүсірепов).
C) Есжан алғашқыдай емес, қыры сынып қалыпты (Ғ.Мұстафин).
D) Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар
(Ж.Аймауытов).
E) Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп (Мақал).
19. Төмендегі сөздердің қай тобы бір-біріне синоним болады?
A) Алыс, шалғай, жырақ;
B) Бар, кел, жүр;
C) Жоғары, төмен, ілгері;
D) Әдемі, сұлу, көріксіз;
E) Айт, сөйле, жырла.
20. Кәрі сөзі қай сөзбен тіркеске түспейді?
A) Адам;
B) Кісі;
C) Жылқы;
D) Қой;
E) Сезім.
21. Тіркестердің қай тобында антоним бар?
A) Тез бару, жылдам жүру;
B) Қалың шөп, кең дала;
C) Ақ үй, көк дәптер;
D) Арық адам, толық дене;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
22. Шарапат сөзінің антонимін табыңыз.
A) Ақылды;
B) Кесепат;
C) Жамандық;
D) Жақсылық;
E) Көрік.
23. Сөздік қорға жататын сөздерді көрсетіңіз.
A) Шеру, болыс, патша;
B) Жейде, сым, әңгелек;
C) Қол, ана, бес, кел;
D) Хакім, молда, медресе;
E) Компьютер, кеден, салымшы.
24. Жалпыхалықтық қолданысқа ие сөздер тобын көрсетіңіз.
A) Тригонометрия, ромб, теңдеу;
B) Сұрақ белгісі, дыбыс, морфема;
C) Жүр, көз, қашан, аспан, бар;
D) Ботаника, материя, тіршілік;
E) Ядро, заряд, атом.
25. Дидар, базар, кемпір сөздері қазақ тіліне қай тілден енген кірме сөздер?
A) Парсы тілінен;
B) Араб тілінен;
C) Орыс тілінен;
D) Монғол тілінен;
E) Қытай тілінен.
26. Төмендегі сөз топтарының қайсылары араб тілінен енген?
A) Әнші, текемет, рәсім;
B) Хан, қазы, бөлке;
C) Бұлбұл, хал, ұстаз;
D) Ата, бір, не;
E) Еш, күллi, бет.
27. Қазақ тіліне орыс тілінен енген кірме сөздер.
A) Доға, шәйнек, қымбат;
B) Көңіл, минөт, ұлт;
C) Бәтеңке, барқыт, сiрiңке;
D) Үстел, күршек, қасиет;
E) Нан, көл, жәшік.
28. Тіл білімі ғылымына қатысты терминдерді анықтаңыз.
A) Екпін, сөйлем, нүкте;
B) Ауа, қысым, ылғалдық;
C) Компьютер, клавиатура, тышқан;
D) Әсірелеу, кейіптеу, бейне;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
29. Қазақ тілінің сөзжасамына қатысты терминдер.
A) Буын, ықпал, үндесу;
B) Сөз тіркесі, сөйлем, қиысу;
C) Үстеу, шылау, жұрнақ;
D) Тізбек, туынды сөз, уәжділік;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
30. Қай тілдік бірліктің анықтамасы: «Белгiлi бiр аймақтағы тұрғындардың
сөйлеу тiлiнде қолданылатын сөздер»?
A) Кәсіби сөз;
B) Диалект сөз;
C) Кірме сөз;
D) Термин сөз;
E) Барлық жауап дұрыс.
31. Диалект сөздерді анықтаңыз.
A) Бас, білек, көз;
B) Үгей, құдағай, маңлай;
C) Атыз, қияр, егістік;
D) Киіз үй, керме, басқұр;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
32. Балық кәсібіне қатысты сөздер тобын анықтаңыз.
A) Дырау, балық, ау;
B) Қабадан ау, инелiк, азына;
C) Тарақ балта, керме ара, пышқы;
D) Қоза, шиiт, терiмшi;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
33. Үлкен, дырау, нән, нәнбай, әйдiк, жоян, чоң/шоң қатарынан әдеби тілдегі
сөзді табыңыз.
A) Дырау;
B) Нән;
C) Әйдік;
D) Жоян;
E) Үлкен.
34. Архаизм дегеніміз не?
A) Халықтың тiршiлiгi, салт-сана, әдет-ғұрпы, дүние-танымына қарай әр
дәуiрде қолданылып отырған немесе ескiрiп, қолданудан қалып қойған
сөздер;
B) Қолданылған дәуiр, кезеңмен бiрге жоғалған сөздер;
C) Ғылым мен техниканың әр түрлі саласында қолданылатын сөздер;
D) Тұлғасы бір, бірақ мағыналары әр басқа сөздер;
E) Белгілі бір аймақта қолданылатын сөздер.
35. Архаизм сөзді табыңыз.
A) Күншығыс;
B) Сәуір;
C) Кеден;
D) Нарком;
E) Барымта.
36. Историзм сөздерді табыңыз.
A) Торқа, мақпал, шайы;
B) Киіт кию, жылу жинау, тоқымқағар;
C) Қалпе, дем салу, үшкiрту;
D) Ауылнай, болыс, нарком;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
37. Неологизмдерді көрсетіңіз.
A) Құқық, нарық, кеден;
B) Балмұздақ, аялдама;
C) Космос, теледидар, спутник;
D) Компьютер, зал, аурухана;
E) Барлық жауап дұрыс.
38. Эмоционалды-экспрессивті сөзді көрсетіңіз.
A) Айналайын;
B) Алақан;
C) Қарлығаш;
D) Көңілді;
E) Қызу.
39. Дөрекi сөздерді көрсетіңіз.
A) Шалжию, шойнақ;
B) Су мұрын, алла жар болсын;
C) Байғұс, тұтқыш;
D) Салпаң құлақ, жолын болсың;
E) Тiлеуiң берсiн, жарылқай гөр.
40. Мақалды белгілеңіз.
A) Тілі мірдің оғындай;
B) Ел құлағы елу;
C) Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды;
D) Ат тұяғын тай басар;
E) Баяғы жартас - бір жартас.
41. Мәтелді ажыратыңыз.
A) Жақсы тауып айтады, жаман қауып айтады;
B) Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда;
C) Отан оттан да ыстық;
D) Зәресі ұшты;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
42. Тұрақты тіркестерді көрсетіңіз.
A) Ит өлген жер, ат үстi қарау;
B) Ат үстінде, алыс жер;
C) Қара халық, қара көйлек;
D) Әдемі сөз, әдемі киім;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
43. Идиоманы табыңыз.
A) Алма мойын;
B) Қиғаш қас;
C) Шалқар көл;
D) Қабырғаңмен кеңес;
E) Көзі жету.
44. Еркін тіркес дегеніміз не?
A) Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтығы;
B) Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен
алмастыруға бола беретін сөз тіркесі;
C) Құрамындағы сөздердің біреуі немесе бірнешеуі өздерінің бастапқы
лексикалық мағынасын сақтап қалатын сөз тіркесі;
D) Бөліп жаруға келмейтін және олардың тұтас мағынасы құрамындағы
сөздердің әрқайсысының лексикалық мағына-
сына байланысты тумаған сөздер;
E) Тілдің сөздік құрамындағы бірнеше лексикалық мағыналары бар сөздер.
45. Табу сөздерді анықтаңыз.
A) Әсем, ардақты;
B) Теріс, оң;
C) Құлағының мүкісі бар, қылтамақ;
D) Сылдырама, тілі ұзын;
E) Тетелес, еркежан.
46. Лексикография саласының анықтамасы.
A) Тiлдегi сөздердi жинап, жүйеге келтiрiп, сөздiк етiп шығарудың әдістемесі
мен техникасын үйрететiн тіл білімінің саласы;
B) Сөздердiң дүрыс жазылуын зерттейтiн сала;
C) Тiлдегi тұрақты тiркестердi тексеретiн тіл бiлiмiнiң саласы;
D) Өткен дәуiрдiң жазба әдеби тiлiнде қолданылған сөздер жиынтығы;
E) Жалпыхалыққа түсiнiктi бола бермейтiн, белгiлi бiр кәсiп не шаруашылық
саласымен шұғылданатын адамдар ғана қолданатын сөздерді зерттейтін
сала.
47. Емле сөздігінде сөз қай тұрғыдан сипатталады?
A) Сөздің мағыналары жан-жақты сипатталады;
B) Сөздің дұрыс айтылуы көрсетіледі;
C) Сөздің шығу төркіні түсіндіріледі;
D) Сөздің дұрыс жазылуы айқындалады;
E) Барлық жауап дұрыс.
48. Сөздікке енгізіліп, мағынасы түсіндірілетін сөз.
A) Түбір сөз;
B) Доминант сөз;
C) Әлiпби;
D) Реестр сөз;
E) Сөздiк мақала.
49. «...болуы сµз маѓынасыныњ ењ мањызды шарты болып табылады».
A) Ұғымның;
B) Түбірдің;
C) Дыбыстың;
D) Сөздің;
E) Барлық жауап дұрыс.
50. Семасиология нені зерттейді?
A) Тілдің сөздік құрамын, байлығын зерттейді;
B) Сөздер мен жекелеген тұлғалардың тарихын, шығуын, дамуын зерттейді;
C) Тілдегі сөздерді жинастырып, сөздік жасауды зерттейді;
D) Тілдегі
сөз
мағынасын,
сөздің
ішкі
мәнін,
сөздің
мағыналық
ерекшеліктерін қарастарады;
E) Тілдегі сөздердің дұрыс айтылуын зерттейді.
51. Ономастика салаларын анықтаңыз.
A) Омоним, синоним, антоним;
B) Метафора, метонимия, синекдоха;
C) Омофон, омограф;
D) Еркін сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесі;
E) Антропономика, топонимика.
52. Қай семантикалық процестің анықтамасы: «Сөздің тұлғасы өзгермей,
бұрынғы бар мағынасының үстіне жаңа қосымша мағынаның үстелуі»?
A) Сөз мағынасының тараюы;
B) Сөз мағынасының кеңеюі;
C) Функционалды семантика заңы;
D) Бүтіннің бөлшекке айналу заңы;
E) Ұқсату заңы.
53. «Көк» омонимі қандай тәсілмен жасалған?
A) Лексика-семантикалық;
B) Синтетикалық;
C) Синтаксистік;
D) Фонетикалық;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
54. Қай омоним фонетикалық тәсілмен жасалған?
A) Баспа;
B) Ер;
C) Айналма;
D) Тамыр;
E) Қорық.
55. Қай синонимдік қатар кірме сөздің қатысымен жасалған?
A) Іле-шала - әп-сәтте - жалма-жан;
B) Көз - бұлақ - бастау - қайнар;
C) Қанағатсыз - тойымсыз;
D) Табандау - сіресу - қасарысу;
E) Отан - ел - туған жер.
56. Екі сыңары да кірме сөздер арқылы жасалған омонимді табыңыз.
A) Дана;
B) Қос;
C) Жас;
D) Құс;
E) Көшір.
57. Көз - жанар сұқ көз әйнек синонимдік қатары қай тәсілмен жасалған?
A) Синтетикалық;
B) Аналитикалық;
C) Семантикалық;
D) Фонетикалық;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
58. Қоян жүрек - қорқақ - жүрексіз синонимдік қатары қай жолмен
жасалған?
A) Кірме сөз арқылы;
B) Диалект сөз арқылы;
C) Жұрнақ арқылы;
D) Көп мағыналы сөздер арқылы;
E) Тұрақты тіркес арқылы.
59. «Киімді не кез-келген дене мүшесін оның иесімен алмастыру» ауыспалы
мағынаның қай түріне жатады?
A) Метафора;
B) Метонимия;
C) Синекдоха;
D) Табу;
E) Эвфемизм.
60. Мысалдағы асты сызылған сөздердің мағына түрін анықтаңыз.
Күдеріден бау тағып,
Қамқапты киер ме екенбіз?
A) Метафора;
B) Метонимия;
C) Синекдоха;
D) Табу;
E) Эвфемизм.
61. «Сары алтын» тұрақты метафорасы қай сөзге қатысты айтылады?
A) Бидай;
B) Ұн;
C) Мұнай;
D) Көмір;
E) Тас.
62. Тілдік метафоралы сөзді табыңыз.
A) Адамның аяғы;
B) Болаттың аяғы;
C) Сөздің аяғы;
D) Баланың аяғы;
E) Жылқының аяғы.
63. Мысалдағы асты сызылған сөз ауыспалы мағынаның қай түрінде
жұмсалған?
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.
A) Тілдік метонимия;
B) Тұрақты метонимия;
C) Тұрақты метафора;
D) Тілдік метафора;
E) Поэтикалық метонимия.
64. Мысалдағы асты сызылған сөз қай ауыспалы мағынада жұмсалған?
Мен аулақпын қашудан,
Төккенде ыза жауыны (Қ.Мырзалиев).
A) Метафора;
B) Метонимия;
C) Синекдоха;
D) Табу;
E) Эвфемизм.
65. Қай мағынаның анықтамасы: «Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың
не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының
негізінде сөз мағынасының ауысуы»?
A) Метафора;
B) Метонимия;
C) Синекдоха;
D) Тура;
E) Туынды.
66. Қай сөздің мағыналары: «1) құстар, шыбыншіркейдің ұшыпқонатын дене
мүшесі; 2) адамның екі қолының созылғандағы екі жағы; 3) киіз үйдің
керегелерінің саны; 4) арба-шанаға салынатын қалқа ағаш т.б.»?
A) Тағам;
B) Сандық;
C) Қанат;
D) Аяқ;
E) Қамыт.
67. Қай құбылыстың анықтамасы: «Ескі діни, мифтік көзқараспен, санамен
байланысты және халықтың салт-дәстүріне сәйкес атын атауға тыйым
салынған сөздер»?
A) Эвфемизм;
B) Табу;
C) Мифология;
D) Дисфемизм;
E) Варваризм.
68. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты лексикалық мағынаның
түрлерін белгілеңіз.
A) Тура, ауыспалы;
B) Еркін, синтаксистік шартты, фразеологиялық байлаулы;
C) Арнаулы;
D) Битарап, бейнелі, терминдік мағыналар;
E) Омоним, синоним, антоним.
69. Қай құбылыстың анықтамасы: «Сөздің ұғымы дөрекілеу, көңілге
тиетіндеу болса, оны басқа бір сөзбен алмастыру»?
A) Эвфемизм;
B) Дисфемизм;
C) Табу;
D) Варваризм;
E) Синоним.
70. Парсы тілінен енген сөздерді белгілеңіз.
A) Құдай, жай;
B) Әйел, шаруа;
C) Қар, базар;
D) Көңіл, надан;
E) Мектеп, әл.
71. Араб тілінен енген сөздерді белгілеңіз.
A) Көше, ар, дүние, дос;
B) Тарих, әдеп, сағат, әулет;
C) Мәдениет, маржан, гүл, көл;
D) Баға, аспан, ұстаз, дерт;
E) Керуен, диқан, самал, десте.
72. Мата-кездеме атауларына байланысты архаизмдерді табыңыз.
A) Манат, дүрия, патсайы;
B) Киіт кию, жылу жинау, тоқымқағар;
C) Сәукеле, жарғақ, кiсе;
D) Жын перi, зекет, жарапазан;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
73. Мақалдағы асты сызылған көнерген сөз қандай мағына білдіреді?
Таныған жерде сой сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы.
A) Атақ;
B) Адам;
C) Тек;
D) Ата;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
74. Қолданылу өрiсi тар лексика қандай топтарға бөлінеді?
A) Кәсiби, терминдiк, диалектiлiк лексика;
B) Стильдік лексика, терминдік лексика;
C) Жалпылама лексика;
D) Актив лексика;
E) Актив және пассив лексика.
75. Өлең жолындағы асты сызылған сөздер қалай аталады?
Қалқатай, кари глаз екi көзiң,
Никогда не забуду айтқан сөзiң.
A) Көнерген сөз;
B) Кірме сөз;
C) Варваризмдер;
D) Диалект сөздер;
E) Жаңа сөздер.
76. Қай лексикалық бірліктің анықтамасы: «Қазан төңкерісіне дейін жарық
көрген жазба нұсқалардың тілінде қолданылған, бірақ қазіргі әдеби тілге
сәйкес келе бермейтін тілдік тұлғалар, араб, иран тілдерінен ауысқан
сөздер»?
A) Неологизмдер;
B) Тарихи сөздер;
C) Архаизмдер;
D) Кітаби сөздер;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
77. Тігіншілік кәсібіне қатысты сөздерді анықтаңыз.
A) Бас арық, шақа арық, ақаба;
B) Қарма, қаяз, алабұға;
C) Сырма, үшкіл, бидай;
D) Күләбі, торлама, тілік;
E) Қара мал, қарасан, жабағы.
78. Етікшілік кәсібіне қатысты сөздерді анықтаңыз.
A) Қозы, тай, аусыл;
B) Абақ, көтергі, шөктірме;
C) Қаю, көктеу, жан қалта;
D) Ұлтару, қалып, сірі;
E) Қоза, көсек аршу, шит.
79. Морфологиялық диалектілерді табыңыз.
A) Құрытынды, маңлай;
B) Кеуiрт, борми;
C) Рабайда, чербек;
D) Бұяқ, барулы;
E) Пойызбынан, бережақ.
80. Арготизмдер дегеніміз не?
A) Адамның көңіл-күйіне, психикалық процесіне байланысты айтылатын
сөздер;
B) Жалпыхалық тіліне көбірек тарап, қарапайым сөйлеу тілінде жиі
қолданылатын, экспрессивтік-стильдік бояуы бар сөздер.
C) Белгілі бір кәсіпке байланысты қолданылатын сөздер;
D) Белгілі бір ғылым саласына байланысты қолданылатын сөздер;
E) Белгілі бір аймақта тұратын халық тілінде қолданылатын сөздер.
81. Ұшыру сөзі «орнынан алу» мағынасында қай лексикалық бірлікке
жатады?
A) Диалект;
B) Варваризм;
C) Арготизм;
D) Кәсіби сөз;
E) Неологизм.
82. Идиома дегеніміз не?
A) Мағынасы жағынан ажыратуға келмейтiн, беретін мағынасы өзiнiң
құрамындағы сөздердiң мағыналарымен байланысты болатын тұрақты
тіркестер.
B) Мағынасы жағынан ажыратуға келмейтiн, бірақ беретiн мағынасы жағынан
құрамындағы сыңарлардың мағынасымен мүлдем байланыспайтын
тұрақты тiркестер.
C) Фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы.
D) Сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы жойылуға жақындап,
күңгiрттене бастаған тұрақты тiркестер.
E) Дұрыс жауабы жоқ.
83. «1) Кесу, шабу құралдарының өткiр жағының майырылуы; 2) тауы
шағылып, беттей алмады» мағыналары қай фразеологизмге тән?
A) Ат қойды;
B) Дымы құрыды;
C) Жүзі қайтты;
D) Бой бермеді;
E) Көзі шықты.
84. Пар келмейдi фразеологизмінің синонимін табыңыз.
A) Кірпік ілмеді, көз шырымын алмады;
B) Ширегіне келмейді, астар болмайды;
C) Иманы кеттi, көзi шарасынан шықты;
D) Азар да безер болды, ат-тонын ала қашты;
E) Туған айдай, үрiп ауызға салғандай.
85. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің» авторы?
A) К.Аханов;
B) Ә.Болғанбаев;
C) Р.Барлыбаев;
D) Ш.Сарыбаев;
E) І.Кеңесбаев.
86. Еңкейсем күбiнi сындырам, шалқайсам айранды төгем тұрақты тіркесіне
синоним табыңыз.
A) Отырсам опақ, тұрсам сопақ;
B) Іш қазандай қайнайды;
C) Құты қашты;
D) Төрт түлігі сай;
E) Ант-су ішті.
87. Қысқа жiп күрмеуге келмес фразеологизмінің мағынасын табыңыз.
A) Асыра айту, үлкейту;
B) Жетiмсiздiк, жоқшылық;
C) Састыру, тықсыру;
D) Бейнетi көп, өте ауыр;
E) Атамекен, туған жер.
88. «Құрту, жою» мағынасын беретін тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Қас қаққанша;
B) Ит өлген жер;
C) Бармағын тiстедi;
D) Тамырына балта шабу;
E) Тонның iшкi бауындай.
89. Қырғи қабақ тұрақты тіркесіне антоним табыңыз.
A) Арасынан қыл өтпедi;
B) Бауыр басты;
C) Ашық мiнез;
D) Жүрек жұтқан;
E) Жүрегінің түгі бар.
90. Фразеологиялық калькалар дегеніміз не?
A) Фразеологиялық тіркестердің қолданудан шығып қалған түрлері;
B) Басқа тілдегі тұрақты тіркестердің сөзбе-сөз аударылып алуы арқылы
жасалған фразеологизмдер;
C) Әр
дәуірде
сөз
үлгісі
ретінде
қалдырған
сөз
зергерлерінің
фразеологизмдері;
D) Қазақ
тіліне
тән
әр
түрлі
салт-дәстүрден,
аңыздан
туындаған
фразеологизмдер;
E) Белгілі бір стильге тән фразеологизмдер.
91. Синонимдес мақал-мәтелдерді табыңыз.
A) Бiреуге мал қайғы, бiреуге жан қайғы; түнімен көз ілмеді;
B) Іш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ; көкiректе сайрап тұр, тiлдi
құдай байлап тұр;
C) Аш пәле, аш пәледен қаш пәле; айдай сұлу;
D) Құда да тыныш, құдағи да тыныш; көрер таңды көзімен атырды;
E) Еңкейсем күбiнi сындырам, шалқайсам айранды төгем; өлі мен тірінің
арасында.
92. Сөздік мақала дегеніміз не?
A) Белгілі бір шет тілдегі сөздер мен фразеологизмдердің ана тіліне
аударылып берілуі;
B) Сөзді әлiпби тәртібімен орналастыру;
C) Тұрақты тіркестің мағынасын ашып, түсіндіру;
D) Тек таныс емес сөздердің шығу тегін, төркінін өздеріне белгілі, таныс
сөздермен салыстыру, солар арқылы өзінше долбармен жобалау;
E) Реестр
сөздің
анықтамасы,
оған
берілген
түрлі
грамматикалық,
стилистикалық т.б. мінездемелер, келтірілген мысалдар.
93. Сөздердің сөздікте ана тілінде не басқа тілге аударылып түсіндірілуіне
қарай сөздіктердің түрлері.
A) Тілдік сөздіктер;
B) Тарихи, тілдік сөздіктер;
C) Синонимдік, антонимдік сөздіктер;
D) Бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екі тілді не көп тілді түсіндірме сөздіктер;
E) Түсіндірме сөздіктер.
94. Түркінің алғашқы сөздігі.
A) «Қазақша-орысша»;
B) «Кодекс-Куманикус»;
C) «Диуани лұғати түрки»;
D) «Қазақ тілі»;
E) «Опыт словаря тюркских наречий».
95. «Халық этималогиясы» дегеніміз не?
A) Таныс емес сөздердің шығу тегін, төркінін өздеріне белгілі, таныс
сөздермен салыстыру, солар арқылы өзінше жобалап түсіндіру;
B) Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасындағы бәріне бірдей
түсінікті, ортақ тіл;
C) Таныс емес сөздердің шығу тегін, төркінін ғылыми деректермен дәлелдеп
түсіндіру;
D) Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен
алмастыруға бола беретін сөз тіркесі;
E) Сөздердің дұрыс айтылу ережелерін белгілейтін сала.
96. Балуан - палуан, разы - риза - ырза сөздері қалай аталады?
A) Вариантты сөздер;
B) Синонимдер;
C) Варваризмдер;
D) Вулгаризмдер;
E) Неологизмдер.
97. Лексикологияның ғылыми бастамасы қай еңбектен басталады?
A) Ә.Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі зат есім синонимдері» еңбегінен;
B) Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінен;
C) К.Ахановтың «Қазақ тілі лексикасының мәселелері» оқулығынан;
D) Н.Сауранбаев
пен
Г.Бегалиевтің
«Қазақ
тілінің
грамматикасы»
оқулығынан;
E) Ә.Болғанбаевтың «Қазақ тілі лексикологиясы» оқулығынан.
98. Сµздіњ лексикалық маѓынасын В.Виноградовтың топтастыруы.
A) Тура, номинативті мағыналар;
B) Тура, фразеологиялық байлаулы, синтаксистік шартты мағыналар;
C) Тура, ауыспалы мағыналар;
D) Тура, синтаксистік шартты мағыналар;
E) Тура, фразеологиялық байлаулы мағыналар.
99. Сµз маѓыналарын топтастыруда төмендегі негізгі ‰ш белгіні көрсеткен
қай ғалым: «1) Сөздердің шындық µмірдегі заттар мен қ±былыстарды
білдіруі; 2) Тарихи пайда болу жаѓы; 3) Бірбірімен µзара байланысы»?
A) Ж.Мусин;
B) Ә.Хасенов;
C) Р.Барлыбаев;
D) К.Аханов;
E) Ә.Болѓанбаев.
100. Оксюморон қолданылған мысалды табыңыз.
A) Алматының үстінде ұшып жүрген аққулар,
Қанаттарында сендердің сағыныш бар, тәтті у бар
(Т.Молдағалиев).
B) Бұлар мал емес, адам ғой (Ғ.Мүсірепов).
C) Кім айтты саған,
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп (М.Шаханов).
D) Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады (М.Жұмабаев).
E) Ер елі үшін туады, елі үшін өледі (Мақал).
101. «Метонимияның лингвистикалық табиғаты» (Алматы, 1992) еңбегінің
авторы.
A) А.Айғабылов;
B) Г.Смағұлова;
C) Л.Рүстемов;
D) Ж.Мусин;
E) Л.Нұржекеева.
102. Окказионалды мағына дегеніміз не?
A) Сөз мағынасының жиі қайталанып отыратын, тұтас халық қабылдап,
дағдылы сипат түрлері;
B) Сөз мағынасының сөйлеу үстінде, көркем шығармада, жеке авторлық
қолданыста туған, жиі қайталанбайтын түрлері;
C) Бір заттың не құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың
өзара іргелестігі, шектестігі негізінде мағынаның ауысуы;
D) Сөздің белгілі бір сөздермен тіркесуі арқылы, яғни фразеологиялық
тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы;
E) Әр түрлі дыбысталатын, бірақ өзара жақын болып келетін мағыналар.
103. «...дегенiмiз қазақ халқының өмiр тiршiлiгi мен шаруашылығына,
тұрмысы мен мәдениетiне, дүниетанымы мен түсiнiгiне байланысты
жалпыхалықтық
сипатта
қалыптасқан,
оның
өзiне
тән
сөздерi
(Ә.Болғанбайұлы)»?
A) Кірме сөздер;
B) Кітаби сөздер;
C) Байырғы төл сөздер;
D) Көнерген сөздер;
E) Тарихи сөздер.
104. Қай сөздің бойында әрі тура мағына, әрі фразеологиялық байлаулы
мағына, әрі синтаксистік шартты мағына бар?
A) Ана;
B) Ауыз;
C) Ну;
D) Қыпша;
E) Бұлбұл.
105. «Қазақ есімдерінің тарихы», «Есімдер сыры» еңбектерінің авторы.
A) Т.Жанұзақов;
B) А.Айғабылов;
C) М.Белбаева;
D) К.Аханов;
E) Р.Барлыбаев.
106. Қай семантикалық процесті сипаттайды: «Бұл құбылыстың пайда болуы
адамзат дамуымен тығыз байланысты. Адам өзін қоршаған дүниені бірден
танып білмейді. Зат, құбылыстардың сырсипаты, белгілері біртіндеп
барып таныла бастайды. Жаңадан танылған заттар мен құбылыстарды біз
жаңа сөздермен атай бермейміз. Олар көбіне сөздік қордағы бар
сөздермен аталады. Демек ол сөздің бұрынғы мағынасының үстіне тағы
бір қосымша мағыналар үстеледі»?
A) Омоним;
B) Антоним;
C) Полисемия;
D) Синоним;
E) Фразеологизм.
107. Қай сөз қазақ тіліне семантикалық және тұлғалық өзгерістерге ұшырап
енген?
A) Сағадат;
B) Бұлбұл;
C) Алла;
D) Арай;
E) Кемпір.
108. Дырау диалект сөзi диалектінің қай түріне жатады?
A) Лексика-семантикалық;
B) Лексикалық;
C) Этнографиялық;
D) Туынды;
E) Лексика-фонетикалық.
109. Долы диалект сөзі қандай мағынада, қай жерде қолданылады?
A) Бұршақ аралас нөсер жауын (Шымкент обл.);
B) Ашулы (Солтүстік Қазақстан обл.);
C) Мақтаның қауашағы (Шымкент обл.);
D) Кiшкене арық (Шығыс Қазақстан обл.);
E) Бұршақ аралас нөсер жауын (Қарағанды обл.);
110. Фразеологизмдерге тән белгілерді табыңыз.
A) Құрамындағы
сыңарлардың
әр
түрлі
мағына
білдіруі,
тіркес
тиянақтылығы;
B) Даяр қалпында жұмсалу, мағына тұтастығы, тіркес тиянақсыздығы;
C) Семантикалық тұтастық, сыңарларының дербес жұмсалуы;
D) Даяр қалпында жұмсалу, мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
111. Фразеологизмдерді фразеологиялық тұтастық, фразеология-
лық бiрлiк және фразеологиялық тiзбек деп қай ғалым топтастырған?
A) К.Аханов;
B) Ә.Болғанбаев;
C) В.Виноградов;
D) А.Шахматов;
E) І.Кеңесбаев.
112. Ескi жараның аузын ашты фразеологизмі қай түрге жатады?
A) Фразеологиялық тұтастық;
B) Фразеологиялық бірлік;
C) Фразеологиялық тізбек;
D) Фразеологиялық сөйлемше;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
113. Фразеологизмнің қай сипаты: «Бой бермедi: 1) айтқанға көнбедi, жеңiстiк
бермедi. 2) ырық бермедi, күш жетпедi»?
A) Омонимдік;
B) Синонимдік;
C) Антонимдік;
D) Көп мағыналылық;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
114. Тұрақты тіркестерді сөз таптарына топтастырудың белгілері.
A) Жалпы мағынасы; морфологиялық табиғаты; синтаксистік қызметі;
B) Грамматикалық сипаты, синтаксистік қызметі;
C) Синтаксистік қызметі;
D) Жалпы мағынасы;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
115. Тұрақты тіркестерді сөз табына қатысы жағынан Ә.Болғанбаевтың
топтастыруын көрсетіңіз.
A) Есімді
фразеологизмдер,
етістікті
фразеологизмдер,
одағай
түрі,
адвербиалды түрі, сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер;
B) Етістік мағыналы фразеологизмдер, сындық мағыналы фразеологизмдер,
заттық мағыналы фразеологизмдер, үстеу мағыналы фразеологизмдер;
C) Етістік, есімді, үстеу фразеологизмдер, одағай тұлғалы фразеологизмдер,
әр тарапты сөздерден жасалған фразеологизмдер, сөйлеу стиліне тән
фразеологизмдер;
D) Стильаралық, ауызекі сөйлеу тіліне, кітаби стильге тән фразеологизмдер;
E) Көнерген, жаңа фразеологизмдер.
116. Фразеологиялық калька жолымен жасалған фразеологизмді көрсетіңіз.
A) Қасқырдан қорыққан тоғайға бармас;
B) Ер жүрек;
C) Жүрекке ас батпады;
D) Шашбауын көтеру;
E) Ұзын арқан, кең тұсау.
117. Қай сөздіктің сипаттамасы: «Тiлдегi болатын сөздiктердiң ең көлемдiсi
және сөз байлығын есепке алуда, сөздердiң мағыналарын анықтауда ең
маңыздысы. Тiлдегi бар сөздер алфавит тәртiбiмен берiледi де, әрбiр
сөздiң неше түрлi мағынасы болса, сонша сөйлемдер алып, мағыналары
түсiндiрiледi»?
A) Синонимдік;
B) Энциклопедиялық;
C) Арнаулы;
D) Тарихи;
E) Түсіндірме.
118. Сөздің лексикалық мағыналарының сөздікте орналасу тәртібін белгілеңіз.
A) 1) Синтаксистік шартты, 2) тура, 3) ауыспалы;
B) 1) Тура мағынасы, 2) туынды, 3) контекстік шартты,
4) фразеологиялық байлаулы;
C) 1) Тура, 2) контекстік шартты;
D) 1) Ауыспалы, 2) фразеологиялық байлаулы;
E) 1) Стильдік, 2) ауыспалы.
119. Қанат сөзінің түсіндірме сөздікте қанша мағынасы көрсетілген?
A) 4;
B) 5;
C) 8;
D) 6;
E) 11.
120. «Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі» (Алматы,
1960) еңбегінің авторы?
A) Қ.Неталиева;
B) Ж.Мусин;
C) Г.Жәркешева;
D) М.Балақаев;
E) І.Кеңесбаев.
|