Г.Ә. Сәрсеке, А. Б. Бақраденова, Г. Т. Кәріпжанова Қазақ тілінен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған тест жинағЫ



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата27.02.2017
өлшемі0,66 Mb.
#5031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

СИНТАКСИС
ІІ НҰСҚА
1. Құрмалас сөйлемге тән басты белгі:
A) Паратаксис;
B) Полесемия;
C) Гипотаксис;
D) Полипредикаттық; 
E) Палиндром.
2. Талғаулы салалас сөйлем А.Байтұрсынов еңбегінде қалай берілген?
A) Сұйылыңқы;
B) Қойылыңқы; 
C) Айырыңқы;
D) Қайырылыңқы; 
E) Іргелес.
3. Отақ меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бар сөйлемді табыңыз.
A) Әпкем маған бауыр ғана емес, шешем сияқты еді.
B) Жалпы саны екі қанатында он екіден жиырма төрт.
C) Ыңырана керіліп, созылып көзімді уқалай үйден шықтым.
D) Сырт жағымыздағы қалық орман бізден екі жүз метрдей жерде.
E) Ертіс Обьтан анағұрлым ұзын.
4. Қандай  сөйлем?  Сіздің  үйдегі  Мәшке  маған  қалай  жақын,  Іскендір  де
сондай бауырым
A) Ауыспалы іргелес салалас сөйлем;
B) Телінбе компонентті іргелес салалас;
C) Обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
D) Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
E) Айқындауыштық қатынасты блдіретін салалас құрмалас сөйлем.
5. Ортақ матаса байланысқан сөз тіркесі бар сөйлемді табыңыз.
A) Қаршыға, бүркіт тазалыққа үйір, қарақұс, күшеген өлексеге үйір.
B) Елім менің жерге бай,
        Айдынды шалқар көлге бай.
C) Көңілсіз құлақ, ойға олақ.
D) Жан-жануар болып жаралғанның сұлуы екен.
E) Білгенге маржан, білмеске арзан, надандар баһра ала алмас.
6. Қандай сөйлем? Естимін: олар көшіп келіпті.
A) Ауыспалы іргелес салалас сөйлем;
B) Телінбе компонентті іргелес салалас;
C) Обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
D) Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
E) Дұрыс жауабы жоқ.

7. Мағыналық  қатынасына  қарай  Т.Қордабаев  пен  М.Балақаев  салалас
сөйлемді нешеге бөледi?
A) 12;
B) 9;
C) 8;
D) 11;
E) 7.
8. Талғаулық мән беретін жалғаулықтар:
A) Әрі, және;
B) Сол, себепті, өйткені;
C) Немесе, мейлі, құй;
D) Сол, соншалық, сондай; 
E) Бірде, кейде, біресе.
9. Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер қалай аталады?
A) Сөз тіркесі;
B) Көмекші сөздер;
C) Жалғаулықтар;
D) Синтаксистік байланыс;
E) Синтаксистік компонент.
10. Қ.Жұбанов «ереуіл салалас» деп қай салаласты айтады?
A) Қарсылықты;
B) Ыңғайлас;
C) Себеп-салдар;
D) Кезектес;
E) Түсіндірмелі.
11. Сөйлем  компоненттері  бір-бірімен  ешқандай  дәнекерсіз,  тек  мағына
жақындығына  қарай  іргелесе,  қабыса  айтылуы  арқылы  байланысатын
құрмалас сөйлем түрін көрсетiңiз?
A) Полипредикаттық;
B) Гипотаксис;
C) Жалғаулықты;
D) Паратаксис;
E) Парадигмалық.
12. 1940  ж.жарық  көрген  «Қазақ  тілі  синтаксисінің  ғылыми  курсы»  еңбегінің
авторы? 
A) Қ.Есенов;
B) Н.Сауранбаев; 
C) С.Аманжолов;
D) М.Балақаев;
E) Т.Қордабаев.
13. «Құрмалас  сөйлем-екі  не  бірнеше  сөйлемнің  көрінісі  болған  сөздер

тобының жиынтығы», -деп кім анықтама берген?
A) Қ.Жүбанов;
B) С.Аманжолов;
C) А.Байтұрсынұлы;
D) Т.Қордабаев;
E) Қ.Шаукенов.
14. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
A) Қатыстық сөздер арқылы, шылау, баяндауыш формасы арқылы;
B) Орын тәртібі, интонация, жұрнақ;
C) Изафеттік тіркестегі бастауыштар арқылы, жалғау, шылау;
D) Орын тәртібі, салғастырыла айтылған сөздер арқылы;
E) Барлық жауап дұрыс.
15. Берілген сөйлемді құрмаластың қай түріне жатқызамыз.
               Сабырлылық  алдында  не  дұшпан  сасады,  не  сабырсыздан  береке
қашады.
A) Ыңғайлас;
B) Түсіндірмелі;
C) Талғаулы;
D) Қарсылықты;
E) Шартты.
16. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.
A) Баяу  ескен  жел  бірде  басылады,  бірде  толқып  жасыл  шөптердің  бастарын
ақырын ғана қозғайды.
B) Сөз бен қылық суық көңілді жылытады немесе жылы көңілді суытады.
C) Кесе толы қымызды бердің болды, өңешке сылқ еткізіп құя салады.
D) Тыстағы жел үдей түсті білем, терезеге қиыршық ұрып өтеді.
E) Екіленіп кеп кіжінетіндей, сені тонап жатқан ешкімді көрмедім.
17. Телінбе компонентті іргелес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Немене  бұ,  қуыршақ  ойнайтын  қыз  ба  едің  сен,  шешеңнің  қасынан
шықпайтын.
B) Ең ғажабы - солардың біреуімен кездесе қалсаң болғаны, қай-қайдағы  ойға
түсіп, не бір қызық хикаялар маздап қоя береді.
C) Күн  қоңыр  ауырдан  асып  кетіпті,  сәулесі  сонау  биіктердің  басында  ғана
қалған.
D) Ерболдың  келгеніне  Абайдың  соншама  аласұрғанына,  Әйгерім  күліп
жіберді.
A) Мейлі жас  бол,  мейлі  кәрі  бол  романда  суреттелген  Абай  мен  Әйгерімнің
кездесуін тебіренбей еске ала алмайсың.
18. Берілген сөйлем салаластың қай түрі?
        Айтқаның дұрыс, мен тоқтаймын.
A) Қарсылықты салалас;
B) Ауыспалы іргелес салалас;

C) Шарттық іргелес салалас;
D) Себептік іргелес салалас;
E) Мезгілдікіргелес салалас.
19. Көп компонентті салаласты табыңыз.
A) Қарға қарқ етті-ірімшік жеге салп етті.
B) Арқа бусанды, маңдай терлеп, шықырлаған аяз естен шықты.
C) Егер көңілді кірбің баспаса, бүгін Әбіш атқа мініп, ағындап шапқылап.
D) Көзі ақиған бас келді, қымыз ішілді, шай ішілді.
E) Іс бітті, қу кетті.
20. Берілген сөйлемді салаластың қай түріне жатқызамыз?
        Соған  жету  мұң  екен,  әлгі сұр  құйын  лезде  аппақ  болып  ұзарып  шыға
келді.
A) Мезгілдік іргелес салалас;
B) Қарсылықты іргелес салалас;
C) Шарттық іргелес салалас;
D) Айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас;
E) Себептік іргелес салалас.
21. Обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сіз менің жалақымды беріңіз, әйтпесе біз де қоштасамыз.
B) Ақбұлақ та шанағын шалқыта долданар еді.
C) Қанша бердім, сонша қайтар.
D) Бастарын  көтеріп  алғанда  көрді:  оң  жақтан  шалдың  қойы  құлап  келеді
екен.
E) Кілемдер тұтылып, оюлы сырмақтар жазылыпты.
22. Салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Кірпіш жеген қолдар қанша қатқыл болса да, арқама жұмсақ тиіп барады.
B) Жақсы дос пайдасын тигізбесе де, зиянын тигізбейді.
C) Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барына еш күмән жоқ еді.
D) Бүгін келмейін деді білем, ол хабарласпады. 
E) Аса  бір  қысылған,  басына  ауыр  сын  түскен  кезде  әкесі,  қалайды  не  түсіне
кіреді, не көз алдында елестеп тұрады.
23. Берілген  сөйлем  сабақтастың  қай  түріне  жатады?  Күзетші  сезіп  қалмау
үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.
A) Шартты бағыныңқылы сабақтас;
B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас;
C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
24. Берілген сөйлем құрмаластың қай түрі?
               Үміт  пен  қатер  безбенге  түсіп,  кейде  үміт,  кейде  қатер  басып,
Әбіштер ауылына жеткенше жеңісе алмады.

A) Көп компоненттіқұрмалас; 
B) Салыстырмалы; 
C) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
D) Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас; 
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
25. Көп бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
A) Бірақ жұмыс, олар жетіліп шыққанша, күтер емес.
B) Шөп қурап, жапырақ сарғайып, мал-жан тоңазуға айналды.
C) Тән күші олай болса, жан күші одан да керемет.
D) Жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.
E) Енді бұрынғысынан шешіле түсіп, келелі кеңес айтып кетті.
26. Сөйлем сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?
               Қарлығаштың  миығына  күлкі  үйіріліп,  көзінен  көңілді  ұшқын
шашырады.
A) Шартты бағыныңқылы сабақтас; 
B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас;
C) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
D) Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас;
E) Үлестес сабақтас.
27. Үлестес сабақтасты табыңыз.
A) Дастархан жайылып, қымыз да құйылып жатыр.
B) Жаманмен ауыл болғанша, жақсымен қауым бол.
C) Озық  елдің өмірі  тармағы  көп,  құймағы  көп  өзен  сияқты  болса,  бұл  елдің
өмірі ойдым-ойдым шалшықтай таяз да, көлемсіз де.
D) Оның  айтқан  мәліметтеріне  қарағанда,  біздер  біраз  күнде  көмекші  жәрдем
алатын сияқтымыз.
E) Ой  түйдектеліп,  сағымдай  көшіп,  біресе  қабағын  түйгізіп  тұнжыратып,
біресе бұлттан шыққан күндей жадыратып минутында мың құлпыртты.
28. Себептік іргелес салалас құрмаласты табыңыз.
A) Бірлік болмай, тірлік болмас. 
B) Мен білсем, Жазира жарысқа қатысады.
C) Сатып алмағаным сол, машина ескіріп қалған екен.
D) Болыс алақанын жайып еді, тырналап оған да бір атым тапты.
E) Шай жиыла бере, Абай жастыққа құлай түсті.
29. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз?
A) Дәркембай  екі  мықты  мырзаның  қыспағында  отырса  да,  Құнанбайдың
сыртынан соңғы сөзін қатты айтып қалды.
B) Сіз бұрын оқып білген болсаңыз, оны еске түсіру оңай. 
C) Болыстың  биылғы  салып  отырған  шығыны  жылдағыдан  көп  болса  да,
Оспан ауылына жиналған ел ағалары көп керіспей тез келіскен.
D) Шайын  дәмдеп  құйып  берсе  де,  Егеубай  бұрынғыдай  жадырап  іше алмай,
бірер кеседен кейін төңкерді. 

E) Барлық жауап дұрыс.
30. Шартты  рай  тұлғасы  арқылы  жасалған  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас
сөйлемді табыңыз.
A) Көзімді ашып алдыңғы жаққа қарасам, ерттеулі екі ат тұр екен.
B) Қара  сабаның  ауыр  піспегі  дүмпілдеп  дабыл  қаққан  кезде,  Күнікей
апасынан сұранып, күйеу жаққа баруға үйден шықты.
C) Тың адам келді екен деп, айтып отырған әңгімесінің желісін өзгертпейді.
D) Сәкен қала мәселесін басқарамын десе, үлкен басқарма келіспеді.
E) Ажары қандай болса, ақылы да сондай.
31. Басыңқы  компонентінің  бастауышы  үнемі  ол,  бұл  есімдіктерінен  болатын
сабақтастың түрі
A) Іргелес бағыныңқылы
B) Үлестес бағыныңқылы;
C) Себеп бағыныңқылы; 
D) Мезгілдес бағыныңқылы; 
E) Түсіндірмелі сабақтас.
32. Құрмалас  сөйлемдерді  жіктеуде  «тиянақты  басыңқысыз  сабақтас»
деген терминді қолданған ғалым?
A) С.Аманжолов;
B) Н.Сауранбаев; 
C) С.Жиенбаев;
D) М.Балақаев;
E) Қ.Жұбанов.
33. Салалас құрмаласта болатын, сабақтас құрмалас сөйлем ком-
поненттерінің синтаксистік қатынасында болмайтын мағына.
A) Талғау;
B) Шарт; 
C) Қарсылықты;
D) Мезгіл; 
E) Себеп.
34. Салыстырмалы
 бағыныңқылы
 сабақтастың
 бағыныңқысының
баяндауышын жасауға қатысатын тұлға.
A) -п;
B) -ғалы;
C) -ысымен;
D) -ғанда;
E) -ғандықтан.
35. -п  тұлғасы  бағыныңқысының  баяндауышы  құрамында  келу  арқылы
сабақтастың қай түрі жасалады?
A) Мақсат бағыныңқылы;
B) Қарсылықты бағыныңқылы;

C) Себеп бағыныңқылы;
D) Салыстырмалы бағыныңқылы;
E) Мезгіл бағыныңқылы. 
36. Үлестес /мезгілдес/ сабақтастың жасалуының неше жолы бар?
A) Есімше және көсемше арқылы;
B) Есімше, көсемше және шартты рай тұлғалары арқылы;
C) Есімше және шартты рай;
D) Көсемше және шартты рай тұлғалары арқылы;
E) Шартты рай және тұйық етістік арқылы.
37. Салыстырмалы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Еңбекті қанша істесең, табысты сонша аласың.
B) Жаманмен ауыл болғанша, жақсымен қауым бол.
C) Озық  елдің өмірі  тармағы  көп,  құймағы  көп  өзен  сияқты  болса,  бұл  елдің
өмірі ойдым-ойдым шалшықтай таяз да, көлемсіз де.
D) Оның  айтқан  мәліметтеріне  қарағанда,  біздер  біраз  күнде  көмекші  жәрдем
алатын сияқтымыз.
E) Ой  түйдектеліп,  сағымдай  көшіп,  біресе  қабағын  түйгізіп  тұнжыратып,
біресе бұлттан шыққан күндей жадыратып минутында мың құлпыртты.
38. Көп басыңқылы сабақтасты көрсетіңіз.
A) Жақып өліп, көп жылаған соң, сол көзі аз күнде суқараңқы болды.
B) Қорқып бұғып өлгенше,
        Тайсалмай тауға шығып өл.
C) Күні  бойы  аңғармапты,  екеуі  бұл  жай  туралы  пәлендей  шешіліп
сөйлеспеген екен.
D) Осы сырдың бәрін айтып, бір жеңілдейікші деп  келсем,  сен  іссапарға  кетіп
қалыпсың.
E) Ол қалаға келісімен, досын іздеді.
39. Құрмалас сөйлемнің қай түрі?
        Қыс қатты болса да, мал аман шықты, азық та жетті.
A) Аралас құрмалас;
B) Күрделенген жай сөйлем;
C) Компоненттері сатылай байлынасқан көп тармақты сабақтас;
D) Компоненттері жарыса байланысқан көп тармақты сабақтас;
E) Атаулы сөйлем.
40. Сөйлемнің қандай түріне жатады?
               Барлық  түрі  қара  көк,  жотасы  күдірейіп,  ауыз-омыртқа  мен
құйрығына шейін тұп-тұтас болып, күлдіреуіштей бүгіледі
A) Көп тармақты салалас;
B) Көп тармақты сабақтас;
C) Аралас құрмалас;
D) Жай сөйлем;
E) Күрделенген сөйлем.

41. Сөйлемде қандай тыныс белгісі  қойылмаған?  Менің ең алдымен  айтарым
сол сіздің пікіріңізге түгелімен қосыламын.
A) Үтір;
B) Қос нүкте;
C) Сызықша; 
D) Үтірлі сызықша; 
E) Нүктелі үтір.
42. Салаластың  қай  түрінің  компоненттері  немесе  жалғаулығы  арқылы
байланысады?
A) Қарсылықты; 
B) Талғаулы; 
C) Кезектес; 
D) Ыңғайлас;
E) Себептес.
43. А.Байтұрсынов  «қайырыңқы  салалас»  деп  атаған  салалас  құрмалас
сөйлем қазір салаластың қай түрi?
A) Қарсылықты; 
B) Талғаулы; 
C) Кезектес; 
D) Ыңғайлас;
E) Себептес.
44. Бағыныңқысының  баяндауышы  -дықтан  тұлғасында  келу  арқылы
сабақтастың қай түрі жасалады?
A) Іргелес бағыныңқылы; 
B) Амал бағыныңқылы; 
C) Себеп бағыныңқылы;
D) Мезгілдес бағыныңқылы;
E) Салыстырмалы сабақтас.
45. Сабақтас  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  мағыналық  қатынасына
қарай нешеге бөлінеді?
A) 6;
B) 7;
C) 8;
D) 3;
E) 4.
46. Мезгілдес  бағыныңқылы  сабақтастың  бағыныңқысының  баяндауышы
қалай жасалады?
A) -ғандықтан;
B) -ғанмен;
C) -ғанда;
D) -са, се;

E) -ма, ме.
47. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз?
A) Амантай келіп, Айтжанға ұрса бастады.
B) Ол акт жазамын дегенмен, не жазарын білмеді.
C) Мыңнан аса жылқыны үш адам ғана бағып жүр.
D) Самалды салқын түн Қанышты жұбата алмайды. 
E) Мен саған сенбесем, бұл сырды айтпас едім.
48. Шартты  рай  тұлғасы  арқылы  жасалған  мезгіл  бағыныңқылы  сабақтас
сөйлемді табыңыз.
A) Күні бойы досан үйден шыққан жоқ.
B) Кешегі жұмысты бітір.
C) Азаматқа еңбегі үшін берілсе керек.
D) Еңбегін сіңірмесе,ешкімге бидай бермеңдер.
E) Бұл жазушының байқағыштығын көрсетеді.
49. Салаласты «ыңғайлас, ереуіл, талғама,  себеп-салдар,  шарт  жағдай» деп
бөлу қай ғалымның еңбегінде кездеседі?
A) С.Аманжолов;
B) А.Байтұрсынов;
C) Қ.Жұбанов;
D) Қ.Есенов;
E) Т.Қордабаев.
50. Берілген сөйлемді салаластың қай түріне жатқызамыз?
        Соны сезіп келеді,безектеп алып ұшатыны да сондықтан.
A) Қарсылықты;
B) Талғаулы;
C) Кезектес;
D) Салыстырмалы;
E) Себептес.
51. Салыстырмалы салалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ұлпан  Есенейді  аяп  та  кетті,  Есенейдің  үлкен  адам  екендігіне  қызығып  та
кетті.
B) Мұны Орталық кешпеді де, орындарынан түсті.
C) Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.
D) Кілемдер тұтылып, оюлы сырмақтар жазылыпты.
E) Жарамды жігіт жұртына олжа салар, жарамсыз жігіт жұртына қауға салар.
52. Салалас құрмалас сөйлемді анықтаңыз.
A) Қадірдің киімі жұқа, әрі денсаулығы да мықты емес.
B) Сөз-көп, тыңдаушы-аз.
C) Бұл жолы інге кірген із жалғыз: ақ тиіннің барына еш күмән жоқ еді.
D) Сөйлесуге тіл жоқ, - Есенейден бата алмайды. 
E) Аса  бір  қысылған,  басына  ауыр  сын  түскен  кезде  әкесі,  қалайды  не  түсіне

кіреді, не көз алдында елестеп тұрады.
53. Берілген  сөйлем  сабақтастың  қай  түріне  жатады?  Аналар  қырық  шамалы
болғанда, бұлардың бары - жиырмадан артық емес.
A) Шартты бағыныңқылы сабақтас; 
B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас;
C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас.
54. Аралас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.
B) Кілемдер тұтылып, оюлы сырмақтар жазылыпты.
C) Жарамды жігіт жұртына олжа салар, жарамсыз жігіт жұртына қауға салар.
D) Ол оянса, терезе жабық, үй іші қара көлеңке екен.
E) Кісі қалай жүрсе, көлеңке солай жүреді.
55. Бағыныңқы  компоненті  бол  көмекшісіне  тіркесіп  келген  -мақ  жұрнақты
етістікке аяқталатын құрмалас сөйлем.
A) Мақсат;
B) Салыстырмалы;
C) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
D) Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас;
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
56. Бағыныңқы  компоненті  «соң»  шылаулы  өткен  шақтық  есімшеге
аяқталатын құрмалас сөйлем.
A) Мақсат бағыныңқылы сабақтас;
B) Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас;
C) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
D) Мезгілдес бағыныңқылы сабақтас;
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
57. Сөйлем сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?
               Қасқыр  енді  мұның  айғайын  елемейтін  болған  соң,  Иса  басқа  бір
тәсілге көшті.
A) Шартты бағыныңқылы сабақтас;
B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас;
C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас.
58. Амал бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
A) Ойланды, мойнын төмен түсірді, бір уақытта басын көтеріп алды. 
B) Мәжит  кішкене  сәби  өзіме  үйрене  берсін  деп,  бала  қызығатын  әдемі
нәрселерді сатып ала беретін.
C) Үйдің маңына келген кісі түгіл, қияда көрінген жат кісіге үріп тұрады.

D) Ауыл  салтында,  келе  жатқан  келіншектің  көшінен  күйеу  озып  келіп,
ауылына бұрын кеп хабар айтар еді.
E) Сені еркелетпек түгіл, өз басын көтере алмай жатыр. 
59. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемді анықтаңыз.
A) Бірлік болмай, тірлік болмас.
B) Сәлменнің жүзі күлім қағып, екі езуіқұлағында.
C) Мен айтсам, қарысып тыңдамайды.
D) Күн  көрісі  біреуге  байланысты  бола  тұра,  ол  жақсы  ат мінуді,  жақсы  киім
киюді ұнатады.
E) Шай жиыла бере, Абай жастыққа құлай түсті.
60. Соншалық,  сондай  деген  есімдіктер  мен  үстеу  сөздерден  құралатын
салалас түрін табыңыз.
A) Түсіндірмелі;
B) Талғаулы;
C) Кезектес;
D) Салыстырмалы;
E) Себептес.
61. Талғаулы салалас сөйлем А.Байтұрсынов еңбегінде қалай берілген?
A) Сұйылыңқы;
B) Қойылыңқы;
C) Айырыңқы;
D) Қайырылыңқы;
E) Іргелес.
62. Қ.Есеновтың 1982 ж.жарық көрген еңбегі:
A) «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі»;
B) «Қазақ тілі грамматикасы»;
C) «Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер»;
D) «Қазіргі қазақ тілі»;
E) «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы».
63. Атқа  міне  салып  барсам,  ол  елде  қуанышты  екен.  Сөйлем  сабақтас
құрмаластың қай түріне жатады?
A) Шартты бағыныңқылы сабақтас; 
B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас;
C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас.
64. 1974  ж.жарық  көрген  «Қазақ  тіліндегі  күрделенген  сөйлемдер»  еңбегінің
авторы?
A) Қ.Есенов;
B) Н.Сауранбаев;
C) С.Аманжолов;

D) М.Балақаев; 
E) Т.Қордабаев.
65. Бір мезгілдес ыңғайлас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Ағасы сыйлаған соң, інісі алар болар.
B) Сабырлық алдында не дұшпан сасады, не сабырсыздан береке қашады.
C) Деревьняда үн де жоқ, от та жоқ.
D) Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз,  жұмсақ  басталып
еді.
E) Сөз бен қылық суық көңілді жылытады, немесе жылы көңілді суытады.
66. Берілген сөйлемді құрмаластың қай түріне жатқызамыз.
        Шапқыншыға жұрт көзін тіксе - Байжан!
A) Ыңғайлас;
B) Түсіндірмелі;
C) Жалғаулы; 
D) Қарсылықты; 
E) Шартты.
67. Бағыныңқы  компонент  өз  басыңқысымен  үшін  шылауы  арқылы
байланысатын сабақтастың түрі.
A) Іргелес бағыныңқылы;
B) Мақсат бағыныңқылы;
C) Себеп бағыныңқылы;
D) Мезгілдес бағыныңқылы;
E) Түсіндірмелі сабақтас.
68. Салыстырмалы
 бағыныңқылы
 сабақтастың
 бағыныңқысының
баяндауышын жасауға қатысатын тұлға.
A) -дай,-дей; 
B) -ғалы;
C) -мақ;
D) -ғанда;
E) -ғандықтан.
69. -ысы,  -ісі  қосымшалы  етістіктің  көмектес  жалғаулы  түрі  сабақтастың  қай
түрін жасайды?
A) Іргелес бағыныңқылы; 
B) Мақсат бағыныңқылы; 
C) Мезгілдес бағыныңқылы; 
D) Себеп бағыныңқылы; 
E) Түсіндірмелі сабақтас.
70. Берілген  сөйлемдерен  көп  тармақты  салалас  құрмалас  сөйлемді
анықтаңыз.
A) Ол тым алыс, тым ұзап кетіппіз, әрі шың мен жартас көп.
B) Таңертең тұрсам, Бекет орнында жоқ, жастығы су-су.

C) Екеуінде  де  жаға  жыртылып,  көз  ісіп,  бет  тырналып,  қан  да  шығып
қалыпты.
D) Ыдыс  аяқтың  сылдырлағаны  естілмесін  деп,  Зейнеп  ас  үйдің  үйдің  есігін
жауып алған соң, тыныштық орнады.
E) Қой аузынан шөп алмас.
71. Көп басыңқылы сабақтасты табыңыз.
A) Жақып өліп, көп жылаған соң, сол көзі аз күнде суқараңқы болды.
B) Елімнен Мәскеу кеткенше,
        Созыла түсіп бел жатыр,
        Айдын шалқар көл жатыр.
C) Күні  бойы  аңғармапты,  екеуі  пәлендей  шешіліп  сөйлеспесе  де,  мына
қыздың мына үйде отырғанының өзі жанға тоқ, көңілге  дәру  екен,  енді ол
киініп,  кетуге  жинала  бастағанда,  сол  орынның  тағы  да  опырайып  бос
қалуы сезілді.
D) Осы сырдың бәрін айтып, бір жеңілдейікші деп  келсем,  сен  іссапарға  кетіп
қалыпсың.
E) Ол бөлмеге кірді де жан жағына қарады.
72. Берілген сөйлемнің қандай сөйлем екендігін көрсетіңіз.
        Жабай  шығып  кетпегенде,  Игілік  жігіттерді  сөзге  айналдырып  бөгей
тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды.
A) Аралас құрмалас;
B) Күрделенген жай сөйлем;
C) Компоненттері сатылай байлынасқан көп тармақты сабақтас;
D) Компоненттері жарыса байланысқан көп тармақты сабақтас;
E) Жай сөйлем.
73. Сөйлемнің қандай түріне жатады?
               Барлық  түрі  қара  көк,  жотасы  күдірейіп,  ауыз-омыртқа  мен
құйрығына шейін тұп-тұтас болып, күлдіреуіштей бүгіледі.
A) Көп тармақты салалас;
B) Көп тармақты сабақтас;
C) Аралас құрмалас;
D) Жай сөйлем;
E) Күрделенген сөйлем.
74. Берілген сөйлемге тән тыныс белгісін көрсетіңіз.
               Мұндай  санасыз  қондырыла  салатын  тәртіптен  тартқан  азабым
соншама ақыры тіпті Россияға қайта қашып кетпек болдым.
A) Үтір;
B) Қос нүкте;
C) Сызықша;
D) Үтірлі сызықша;
E) Нүктелі үтір.
75. Салаластың  қай  түрінің  компоненттері  «әйткенмен»  жалғаулығы  арқылы

байланысады?
A) Қарсылықты;
B) Талғаулы;
C) Кезектес;
D) Ыңғайлас;
E) Себептес.
76. Салаластың  қай  түрінің  компоненттері  бір-бірімен  бірде,  біресе  деген
жалғаулықтары арқылы құрмаласады? 
A) Талғаулы;
B) Кезектес;
C) Ыңғайлас;
D) Қарсылықты;
E) Себептес.
77. Құрмаластардың ішінен талғаулы салалас түрін табыңыз.
A) Тілеуімбеттің менсінбегені  Мүсірепке  де  батып  кеткен  екен,  сол  себепті  ол
сөз аяғында бидің өзін де түйрей кетті.
B) Бар көлікті шабынды қолы тартып әкетті де, бала-шаға жаяу қалды.
C) Елеман мұның  кеш оянған  махаббат  емес  екенін білді,  сөйтсе  де  кей  кезде
Ақбаланың жанарынан ықылас сезетін.
D) Қазір  не таң  атқанша  отырып  өлең  айтатын  сайранды  сауық  жоқ,  не көңіл
көтеретін той-топыр жоқ.
E) Кейде ол қапы кетеді, кейде мен қапы кетемін.
78. Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесінде неше құрылымдық түр бар?
A) 1;
B) 2;
C) 5;
D) 3;
E) 6.
79. Кесені  аузына  апарғаны  болмаса,  жұтқаны  білінер  емес,  өзі  үй  ішінде
болғанымен, ойы әртарап. Қандай сөйлем?
A) Көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлем;
B) Көп бағыныңқылы құрмалас сөйлем;
C) Көп компонентті аралас құрмалас сөйлем;
D) Көп компонентті құрмалас сөйлем;
E) Кезектес салалас құрмалас сөйлем.
80. Маңқиған  тау,  қарлы-мұзды  шыңдар.  Мелшиген  тастар.  Тірлік  білінбейді.
Күрделі синтаксистік тұтастықтың қай түрі?
A) Өткен шақтағы сипаттамалы КСТ;
B) Баяндауыштың қайталануы арқылы болған параллельді КСТ;
C) Анафоралық қайталау жолмен жасалған параллельді КСТ;
D) Атаулы сөйлемнен басталатын сипаттамалы КСТ; 
E) Осы шақтағы сипаттамалы КСТ.

81. Бағыныңқы компоненттібол көмекшісіне тіркесіп келген -мақ, 
-мек,  -пақ,  -пек,  -бақ,  -бек  жұрнақты  етістікке  аяқталуы  арқылы  жасалған
сөйлем құрмаластың қай түрі?
A) Мезгілдес сабақтас;
B) Амал бағыныңқылы сабақтас;
C) Мақсат бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Салыстырма бағыныңқылы сабақтас.
82  Тізбекті  күрделі  синтаксистік  тұтастық  маңызды  рөл  атқарып  тұратын
басқы бөлігінің түрлеріне қарай неше топқа ажыратылады?
A) 5;
B) 3;
C) 4;
D) 7;
E) 2.
83. Төмендегі берілген мысал күрделі синтаксистік тұтастықтың қай түрі?
                        Тұрған ұйқы-тұйқы ақ самайың,
                        Мен қалай,
                        Әбе, сені жат санайын.
                        Абыржып асаңды ұстап отырғаның
                        Ашулы Грозный патшадайын.
A) Параллель байланысты КСТ; 
B) Күрделенген жай сөйлем;
C) Атаулы сөйлемнен басталатын сипаттамалы КСТ; 
D) Осы шақтағы сипаттамалы КСТ;
E) Тізбекті КСТ.
84. Бағыныңқы  компоненттің  баяндауышы  қызметінде  -ысы,  -ісі  қосымшалы
етістіктің  көмектес  жалғаулы  түрінен  болған  сөйлем  құрмаластың  қай
түрі?
A) Салыстырма бағыныңқылы сабақтас;
B) Амал бағыныңқылы сабақтас;
C) Мақсат бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Мезгіл бағыныңқылысабақтас сөйлем.
85. Сөйлемдер синонимиясының неше түрі бар?
A) 5;
B) 6;
C) 8;
D) 2;
E) 3.
86. Синтаксистік синонимдерге тән ерекшелік.

A) Синтаксистік  синонимдердің  қолданылу  аясы  белгілі  дәрежеде  тұрақты,
шегі бар;
B) Синтаксистік синонимдер өте жиі, әрі өнімді, икемді жұмсалады;
C) Синтаксистік  синонимдерде  грамматикалық  мағына  мен  грамматикалық
модельдің тепе-теңдігі қажет;
D) Синтаксистік
 синонимдердің
 грамматикалық
 мағына
 тепе-тең
болмағанның  өзінде,  болар  болмас  айырмшылық  жүйелі  грамматикалық
мағынаға ешқандай өзгеріс туғыза алмайды;
E) Барлық жауап дұрыс.
87. Есімшенің  -ар/-ер  форматты  түрі  жатыс  формасында  келуі  арқылы
жасалған сабақтастың түрі.
A) Іргелес бағыныңқылы;
B) Мақсат бағыныңқылы;
C) Себеп бағыныңқылы;
D) Мезгілдес бағыныңқылы;
E) Түсіндірмелі сабақтас.
88. Сырбай  мен  дәулеткен  осындай  достас  болғандықтан,  олардың  үй
іштері  де  бір  семьядай  араласып  кетті.  Сөйлем  сабақтас  құрмаластың
қай түріне жатады?
A) Шартты бағыныңқылы сабақтас; 
B) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас;
C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас.
89. Жастық деген не десе, жарқыраған нұр деуші ем.
        Нұр дегенің не десе, екі шырақ көз деуші ем,
        Көзсіз өмір не десе, тас қараңғы көр деуші ем.
        Берілген үзіндідегі сөйлемдер сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?
A) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас; 
B) Түсіндірмелі сабақтас сөйлем;
C) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Шартты бағыныңқылы сабақтас.
90. Бағыныңқы  компоненті  -дықтан,  -діктен  қосымшалы  өткен  шақтық
есімшеге аяқталған сөйлем құрмаластың қай түрі?
A) Мезгілдес сабақтас;
B) Амал бағыныңқылы сабақтас;
C) Мақсат бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Салыстырма бағыныңқылы сабақтас.
91. Аналитикалық сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ойланды, мойнын төмен түсірді, бір уақытта басын көтеріп алды; 

B) Қолы қимылдағанның аузы қимылдар;
C) Жыртқыш  аң  кездесер  деп  қорықты  ма,  әлде  күндесіне  ергісі  келмеді  ме,
Самарқан Байжанның қасында қалып қойды;
D) Үйдің маңына келген кісі түгіл, қияда көрінген жат кісіге үріп тұрады;
E) Сені еркелетпек түгіл, өз басын көтере алмай жатыр.
92. Жалғаулықсыз себеп салдар салаласты көрсетіңіз?
A) Ұлпан  Есенейді  аяп  та  кетті,  Есенейдің  үлкен  адам  екендігіне  қызығып  та
кетті.
B) Мұны орталық кешпеді де, орындарынан түсті.
C) Жүргіншілер  кейде  екіден,  үштен  қатарласады  да,  кейде  жол  тараған
уақытта жалғыз-жалғыз шұбап кетеді.
D) Кейде  екі  салт  қатар  аяңдайды  да,  кейде  бірі  -  екі  атты  жетелеп,  бірі  -
артынан айдайды.
E) Үлкендер  қатты  қорқытып  қойған  болу  керек,  үйдегілер  дауыстарын
шығара алмай, жаншылып, егіліп жылайды. 
93. Компененттері  бір-бірімен  ешқандай  қосымша  дәнекерсіз,  тек  мағына
жақындығына  қарай  іргелесе,  қабыса  айтылулары  арқылы  байланысатын
түрі тіл білімінде қалай аталады?
A) Паратаксис;
B) Гипотаксис;
C) Синтаксис;
D) Морфема;
E) Синтагма.
94. Жай сөйлемдер бір-бірімен қандай тәсілдер арқылы құрмаласады?
A) Интонация тұтастығы арқылы;;
B) Құрмалас сөйлем компоненттерінің орын тәртібі арқылы;
C) Жай сөйлемдер арасында шылау келуі арқылы;
D) Жай сөйлемдер шінде шылау я шылау мәнді сөздер келуі арқылы;
E) Барлық жауап дұрыс.
95. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
A) Оқытушы  беделді  болуы  үшін,  ең  алдымен,  ол  ғылымды  терең  меңгеруі
керек.
B) Күн суытты, сабақ тоқтады.
C) Біреу  әдейі  жуып,  лак  жаққандай,  жас  жапырақтар  күн  санап  құлпырып
өсіп келеді.
D) Еркежан  қатты  қайрат  көрсетіп,  кешегі  Шұбарға  берген  жауабынан  бүгін
де аумай тұрып алды.
E) Мағаш Кәкітайды алға қарай итере түсіп, өзі соның артын ала жүрді.
96. Жаны  шығып  кете  жаздады,  өйткені,  оның  қолына  түскен  ыдыс  сау
қайтқан емес. Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі?
A) Себептес салалас құрмалас;
B) Ыңғайлас салалас құрмалас;

C) Қарсылықыт салалас құрмалас;
D) Талғаулы салалас құрмалас;
E) Кезектес салалас құрмалас;
97. Біз осыған жол беріп алдық па, онда бітті. Қандай сөйлем?
A) Шарттық іргелес салалас сөйлем;
B) Телінбе компонентті іргелес салалас;
C) Обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
D) Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
E) Айқындауыштық қатынасты білдіретін салалас құрмалас сөйлем.
98. Бағыныңқы  компонент  үшін шылаулы  тұйық  етістікке аяқталатын  сөйлем
құрмаластың қай түрі?
A) Мезгілдес сабақтас;
B) Амал бағыныңқылы сабақтас;
C) Мақсат бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Салыстырма бағыныңқылы сабақтас.
99. Қ.Есенов қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу типін нешеге
бөледі.
A) Синтетикалық  сабақтас  құрмалас,  аналитикалық  сабақтас  құрмалас,
аналитико-синтетикалық сабақтас құрмалас;
B) Синтетикалық сабақтас құрмалас, аналитикалық сабақтас құрмалас;
C) Аралас тәсіл арқылы жасалған сабақтас құрмалас, аналитика-
лық сабақтас құрмалас;
D) Дұрыс жауабы жоқ;
E) Семантикалық сабақтас құрмалас, синтетикалық сабақтас құрмалас.
100. Құрмалас  сөйлемнің  әр  алуан  дәнекерлер  арқылы  байланысу  түрлері,
соның ішінде сабақтаса байланысатын түрлері тіл білімінде қалай аталады?
A) Паратаксис;
B) Гипотаксис;
C) Синтаксис;
D) Морфонема;
E) Синтагма.
101. Әлгінде қоянжырық бір шындықтың шетін басып қалған  сияқты  болды
«Аяғында  содан  ішқұса  болып  жынданып  өліпті  ғой»  деді.  Біржан
сияқты Арқаның ардагер әншісі жұрт алдын-
да  Поштабайдан  таяқ  жеп  қорлық  көрсе,  іш-құса  болмай  не  болмақ?
Бұған  дейін  дейінгі  өркөкірек  ән,  бұған  дейінгі  асқақ  үн  сөне  бермегенде,
қайтпек?  Ақын  үшін  іш-құса  мен  жындану  арасы  қай  бір  алыс  еді.
Біржан сал да, ақын Абай да, Ақан сері де бұған бір соқпай  өте  алмаған.
Келтірілген үзінді қандай КСТ?
A) Атаулы сөйлемнен басталатын сипаттамалы КСТ;
B) Баяндауыштың қайталануы арқылы болған параллельді КСТ;

C) Анафоралық қайталау жолмен жасалған параллельді КСТ;
D) Параллельді сұраулы сөйлемдер арқылы жасалған КСТ;
E) Тізбекті күрделі КСТ.
102. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер қандай жолмен жасалады?
A) Синтетикалық және аналиткалық;
B) Семантикалық;
C) Семантикалық, синтетикалық;
D) Аналитикалық, синтеикалық, семантикалық;
E) Дұрыс жауабы жоқ.
103. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ағайын  арасына  суық  сөзді  өсіріп  айтқысы  келмеді,  көргендерін  айтпай
жасырып қалды.
B) Райхан әйелдер оқып жатқан курсқа кірді.
C) Асан кітапханадан алып оқыған қызық кітап бүгін маған тиді.
D) Емтиханды уақытында тапсырған  студенттер  демалысқа  кетті, ал ол  болса
әлі жүр.
E) Барлық жауап дұрыс.
104. Шалбары қара  санына  дейін  су болыпты,  сыртына  шөп-салам,  балдыр
жабысқан,  ал  аяғының  басын  көкшіл  қоңыр  лай  қаптаған.  Сөйлем
құрмаластың қай түріне жатады?
A) Көп сыңарлы салалас құрмалас сөйлем;
B) Көп бағыныңқылы құрмалас сөйлем;
C) Аралас құрмалас сөйлем;
D) Көп компонентті құрмалас сөйлем;
E) Кезектес салалас құрмалас сөйлем.
105. Күз  келді.  Сабақ  басталды.  Оқуға  беріле  кірістім.  Комсоргтың  да
айтқанын  екі  етпедім.  Газетшығарысамын.  Комсомол  комитеті
белгілеп  берген  көшедегі  үйлерге  барып,  газет  оқып  беремін,  саяси  үгіт
айтамын.  Берілген  үзінді  де  күрделі  синтаксистік  тұтастықтың  қай  түрі
кездеседі.
A) Анафоралық  хабарлы  сөйлем  арқылы  жасалған  параллельді  күрделі
синтаксистік тұтастық;
B) Хабарламалы күрделі синтаксистік тұтастық;
C) Сипаттамалы күрделі синтаксистік тұтастық;
D) Анафоралық  қайталау  жолмен  жасалған  параллельді  күрделі  синтаксистік
тұтастық;
E) Параллельді  сұраулы  сөйлемдер  арқылы  жасалған  параллельді  күрделі
синтаксистік тұтастық.
106. Предикатив  сыңарларындағы  іс-әрекеттер  кезектесіп,  бірінен  кейін  бірі
орындалатын құрмалас сөйлем түрі.
A) Себептес салалас құрмалас;
B) Ыңғайлас салалас құрмалас;

C) Қарсылықты салалас құрмалас;
D) Талғаулы салалас құрмалас;
E) Кезектес салалас құрмалас.
107. Жарыспалы бағыныңқылы құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Самайына ақ кіріп, қартайып кетіпті, аздап жүдеген.
B) Ақбұйраттың  бауырындағы  Көкөзек,  Нілдіге  жақын  Сарысу  сілемі,
Майқұдық,  Теректі  сулары  тар  макеттің  беіне тақаса  түскендіктен,  жердің
жай жаратылысының өзіне адам қызыққандай екен.
C) Өдек үй ішінің қамын күйеуіне айтпай, өзі басқарып кетті.
D) Мағаш Кәкітайды алға қарай итере түсіп, өзі соның артын ала жүрді.
E) Барлық жауап дұрыс.
108. Бағыныңқы компоненттің баяндауышы қызметінде -дай, 
-дей  жұрнақты  өткен  шақтық  есімшенің  келуі  арқылы  жасалған
құрмаластың қай түрі?
A) Мезгілдес сабақтас;
B) Амал бағыныңқылы сабақтас;
C) Мақсат бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Салыстырма бағыныңқылы сабақтас.
109. Салалас  құрмалас  сөйлемнің  қай  түрі?  Бар  көлікті  шабынды  қолы
тартып әкетті де, бала-шаға жаяу қалды.
A) Себептес салалас құрмалас;
B) Ыңғайлас салалас құрмалас;
C) Қарсылықты салалас құрмалас;
D) Талғаулы салалас құрмалас;
E) Кезектес салалас құрмалас.
110. Ағайын туған деп қайтесің, бұларға алаңдап. Қандай сөйлем?
A) Ауыспалы іргелес салалас сөйлем;
B) Телінбе компонентті іргелес салалас;
C) Обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
D) Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
E) Айқындауыштық қатынасты блдіретін салалас құрмалас сөйлем.
111. Н.Сауранбаевтың 1948 ж.жарық көрген еңбегі:
A) «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі»;
B) «Қазақ тілі грамматикасы»;
C) «Қазақ тілі синтаксисінің ғылыми курсы»;
D) «Қазіргі қазақ тілі»;
E) «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі».

112. Баяндалып  отырған  оқиғада  ой  жалғасы  бар  екендігі  білініп,  әрі  қарай
тағы  да  сөйлемдер  қосып  жалғастыра  беруге  болатын  сөйлемдер  тізбегі
қалай аталады?
A) Орын тәртібі арқылы байланысқан құрмалас;
B) Жалғаулықты құрмалас;
C) Жабық құрылымды құрмалас;
D) Ашық құрылымды құрмалас;
E) Тиянақты интонация арқылы жасалған құрмалас.
113. Сатылы бағыныңқылы құрмалас сөйлемді табыңыз.
A) Ақбұйраттың  бауырындағы  Көкөзек,  Нілдіге  жақын  Сарысу  сілемі.
Майқұдық,  Теректі  сулары  тар  макеттің  беіне тақаса  түскендіктен,  жердің
жай жаратылысының өзіне адам қызыққандай екен.
B) Арқадан
 аяз
 қысса,
 аяқты
 шоқай
 тайғанақтатып,
 жұмыскерлер
жыбыр-жыбыр тез қозғалып кетті.
C) Қарағандының  қары  биыл  бұрқан-тарқан  қаурт  еріп  еді,  сай-салалар  суға
толып, қардың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр.
D) Еркежан  қатты  қайрат  көрсетіп,  кешегі  Шұбарға  берген  жауабынан  бүгін
де аумай тұрып алды.
E) Шашының ағы көбейіп, бір түннің ішіде ол босап кетіпті.
114. Қандай  сөйлем?  Ауылдан  көріп  тұрғандар  таласа  бастады:  біреуі
қажының  үйінің  күйеуі  деді,  біреулері  түбектегі  құдасы  деді,  ал  тағы
бірі бөтен адамдар деді.
A) Ауыспалы іргелес салалас сөйлем;
B) Телінбе компонентті іргелес салалас;
C) Обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
D) Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас;
E) Айқындауыштық қатынасты білдіретін салалас құрмалас сөйлем.
115. Қайсар  мен  Ақлима  бірге  өскен,  бір  ауылдың  балалары  еді.  Бірін-бірі
жылатып  өскен,  бірін-бірі  уатып  өскен,  Бірге  күліп,  брге  жылап  өскен.
Бірінің қыз, бірінің ұл екенін ажыратыспай-
өскен. Соңғы төрт-бес жылда Қайсар әркімге жалданып, кез-
деспей  кетіп  еді.  Отарбайдың  үйіндеқайта  кездесті.  Бұл  жолы  екеуі  де
ұялар  шаққа  жеткендерін  таныды.  Бірі  қыз,  бірі  жігіт  болып  қалған
екен. Күрделі синтаксистік тұтастықтың қай түрі?
A) Баяндауыштың қайталануы арқылы болған параллельді КСТ;
B) Бастауыштың қайталануы арқылы болған параллельді КСТ;
C) Атаулы сөйлемнен басталатын КСТ;
D) Анафоралық хабарлы сөйлем арқылы жасалған параллельді КСТ;
E) дұрыс жауабы жоқ.
116. Көсемшенің -ғанша, және  -мастан  формалары  арқылы  құрмаластың  қай
түрі жасалады?
A) Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас;
B) Салыстырмалы сабақтас құрмалас;

C) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас;
D) Үлестес сабақтас құрмалас сөйлем;
E) Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем.
117. Қандай сөйлем?
        Кітаптың қызығына түскендіктен бе, немесе әкесін күткендік-
тен бе, оның отырысы күндегіден бұл жолы ұзаққа созылды.
A) Сабақтас құрмалас сөйлем;
B) Салалас құрмалас сөйлем;
C) Аралас құрмалас сөйлем;
D) Қыстырма сөйлемдер арқылы күрделенген сөйлем;
E) Атаулы сөйлем.
118. Сөз тіркестерінің синонимиясы қалай бөлінеді?
A) Етістікті  сөз  тіркестерінің  синонимиясы,  есімді  сөз  тіркестерінің
синонимиясы;
B) Етістікті  сөз  тіркестерінің  синонимиясы,  одағайлы  сөз  тіркестерінің
синонимиясы;
C) Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы, есімді сөз тіркестері-
нің синонимиясы; сөйлемдер синонимиясы, 
D) Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы, есімді сөз тіркестері-
нің синонимиясы, үстеулі сөз тіркестерінің синонимиясы;
E) Бөлінбейді.
119. Бағыныңқы  компоненті  соң  шылаулы  шақтық  есімшеге  аяқталатын
сөйлем құрмаластың қай түрі?
A) Мезгілдес сабақтас;
B) Амал бағыныңқылы сабақтас;
C) Мақсат бағыныңқылы сабақтас;
D) Себеп бағыныңқылы сабақтас;
E) Салыстырма бағыныңқылы сабақтас.
120. Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз. 
A) Өдек үй ішінің қамын күйеуіне айтпай, өзі басқарып кетті.
B) Мағаш Кәкітайды алға қарай итере түсіп, өзі соның артын ала жүрді
C) Біреу  әдейі  жуып,  лак  жаққандай,  жас  жапырақтар  күн  санап  құлпырып
өсіп келеді.
D) Еркежан  қатты  қайрат  көрсетіп,  кешегі  Шұбарға  берген  жауабынан  бүгін
де аумай тұрып алды.
E) Барлық жауап дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет