Гуманитарная  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ гуманитарная серия



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,45 Mb.
#6792
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

0
местного  самоуправления  от  местных  государственных  органов.  Эта 
конституционная идея проводится последовательно.
6. Закон от 21 мая 2007 г. запрещает государственное финансирование 
общественных  объдинений.  Политические  партии  и  организации  могут 
существовать и функционировать за счет своих средств, средств граждан 
и  юридических  лиц  Республики  Казахстан.  Они  не  должны  получать 
финансовые  средства  от  иностраных  юридических  лиц  и  граждан,  от 
иностранных государств и международных организаций. Такая правовая 
норма обусловлена желанием не допустить возможного внешнего влияния на 
деятельность общественных объединений, так как основая деятельность таких 
организаций связана с влиянием на политику, на деятельность государства 
и  поэтому  финансирование  политических  партий  и  других  организаций 
иностранными организациями и лицами, иностранными государствами может 
ущемлять суверинитет Казахстана.
7.  Конституция  запрещает  создание  и  деятельность  политических 
артий  и  других  организаций,  цели  и  действия  которых  направлены  на 
насильственное изменение конституционного строя, нарушение целостности 
Республики, подрыв безопасности государства, разжигание социальноной, 
расовой,  национальной,  религиозной,  сословной  и  родовой  розни.  Если 
указанные цели и действия предусмотрены в их уставах, такие объединения 
государством  не  признаются  и  их  уставы  не  регистрируются.  Если  же 
деятельность политической партии будет противоречитить Конституции, 
то в отношении ее будут применяться предусмотренные в законодательстве 
меры ответственности.
8.  Согласно  Конституции  в  Республики  Казахстан  не  допускается 
деятельность  политических  партий  других  государств.  Запрещение 
деятельности  политических  партий  других  государств  вытекает  из 
необходимости обеспечения государственной независимости.
9. В Республике Казахстан запрещена деятельность политических партий 
на религиозной основе. В связи с этим следует заметить, что Конституция 
запрещает  создание  политических  партий  также  на  национальной 
(этнической) основе. Так как деятельность таких партий привела бы не к 
консолидации,  а  к  росколу  общества,  противопоставлению  этнических  и 
религиознных ценностей [1].
В  Конституции  Республики  указывается,  что  Казахстан  является 
светским  государствам.  Светский  характер  государства  проявляется  в 
том,  что  в  нем  не  существует  официальной,  государственной  религии 
– ни одно из многочисленных вероучений не признается обязательным или 
предпочтительным. В соответвествии с Конституцией вероучения, их каноны 
и догматы, религиозные объединения, действующие в Казахстане, не вправе 
оказывать влияние на политику государства, на государственой строй, на 

Вестник ПГУ №1, 2010
0
деятельность государственных органов и их должностных лиц. Светский 
характер государства Казахстан обеспечивается отделением религиозных 
объдинений от государства. Это означает также, что государственные органы 
не  должны  допускать  незаконного  вмешательства  в  дела  религиозных 
объединений,  а  также  возлагать  на  религиозные  объединения  функции 
государственных органов [2].
Закон  РК  «О  политических  партиях»  от  2  июля  1996  г.  определяет 
правовые основы создания политических партий, их права и обязанности, 
гарантии  деятельности,  регулирует  отношения  политических  партий  с 
государственными органами и другими организациями.
Закон  предоставляет  широкое  поле  деятельности  для  политических 
партий. Они имеют право распространять информацию о своей деятельности, 
пропагандировать  свои  цели  и  задачи,  объединяться  на  добровольных 
началах в ассоциации (союзы), избирательные блоки, выдвигать кандидатов 
в Президенты Республики Казахстан, в депутаты Мажилиса Парламента 
Республики Казахстан и маслихатов Республики Казахстан, через своих 
представителей  в  маслихатах  выдвигать  кандидатов  в  депутаты  Сената 
Парламента,    учреждать  печатные  средства  массовой  информации, 
осуществлять издательскую деятельность, проводить собрания, митинги, 
демонстрации и т.д. Закон от 27 мая 2007 г. повысил статус политических партий. 
В нем указывается, что законодательство Республики Казахстан о политических 
партиях основывается на Конституции. Закон определяет взаимоотношения 
государства и политических партий. Государство выступает гарантом соблюдения 
прав и законных интересов политических партий. [3]
Таким образом, Конституция Республики Казахстан создала широкую 
конституционную основу для организации и деятельности политических партий 
и других объединений. С одной стороны, имеется достаточное конституционное 
поле для обеспечения политического плюрализма, а с другой стороны, вполне 
демократическими, цивилизованными средствами защищаются права, свободы 
граждан, суверенитет  и законные интересы государства.
Положения,  идеи,  принципы  и  нормы  Конституции  призваны 
регулировать различные сферы общественных отношений. В данной статье 
показано,  что  принятие  Конституции  не  просто  стимулирует,  а  служит 
фактором, обусловливающим законотворческую деятельность политических 
партий и других общественных объединений и их роли в жизни общества 
и государства.
ЛИТЕРАТУРА
1.  Конституция  Республики  Казахстан.  Конституция  принята  на 
республиканском  референдуме  30  августа  1995  года.  С  изменениями  и 
дополнениями, внесенными Законом Республики Казахстан от 7 октября 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ
0
1998 года № 284
2. Конституции государств – участников СНГ. – Москва, 1999. – 716с.
3.  Сапаргалиев  Г.  Конституционное  право  Республики  Казахстан: 
Академический курс. Изд. 3-е, с доп. – Алматы, 2007. -554 с.
Түйіндеме
Атталған  мақалада  ҚР  саяш  паритялардың  және  басқа  да 
қоғамдық бірліктіктердің жүйеленген факторларына шартталған 
әрекеттеріне арналды.
Resume
This article is devoted to systematization of factors, stipulating ac-
tivity of political parties and other public associations in the Republic of 
Kazakhstan
ӘОЖ 94(574)
еРТІС БоЙыНДАғы ПАТшА ҮкІМеТІНІң 
оТАРшыЛДыҚ САЯСАТы
(Қазанғап би Сатыбалдыұлының ертіс бойындағы 
ата қоныс үшін күресі)
Ә. Ә. Сабданбекова
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
1714 жылы Ресей әкімшілігі Ертіс бойында бірқатар бекініс желілерінің 
құру (бұл Жаркендтің алтын  кен орындарын Сібірмен байланыстыруды 
көздеді) мақсатында Бухгольцты аттандырды. Соңғыларының бірі болып 
Ямышев  (Жәміш  –  Ә.С.)  поселкесінің  маңында  (бұл  арада  орыстар  мен 
жоңғарлардың, бұқарлықтар мен ташкенттіктердің басты айырбас саудасы 
тоғысатын) бекініс орнатты[1].
Бұл бекіністерді  бірінен соң бірі саңырау құлақтай  тізуіне орыс үкіметі  
мәжбүр болды десе де болады, себебі жоңғарлар тарапынан  күшейген өктемдік 
барынша шиеленісіп тұрған еді. Жоңғар хандығының  шекараларына таман 
Ямышев тұзды көлі орналасқан, бұған  ену Цеван-Рабданның еркі білсе, орыстар 
үшін барған сайын қиындай түспек... Цеван-Рабданның  билігінде сонымен қатар 
Тобылмен, Тарамен саудаларын жүргізген Кіші Бұқара да қарайды[2].
Н. А. Логутов өзінің «Очерк родового быта казаков и распределение 
основных казакских родов на территорий бывшего Семипалатинской губерни» 

Вестник ПГУ №1, 2010
0
атты мақаласында бұрынғы Семей облысы губерниясының территориясын 
қамтыған ру-тайпалардың қоныстануы бірқатар қиындықпен жүргізілгендігін 
жазады. Бұған  бірінші себеп  Жоңғар  хандығын талқандаған қытайлықтардың 
тарапынан болса, екінші  себеп қазақ хандары орыс бодандығын қабылдағаннан 
кейін қазақ халқының тағдырына араласуға құқығымыз бар деп есептеген  
орыс әкімшілігі тарапынан болды. Қытайлықтар бұл территорияға  өз билігін 
орнатпақ болып, бұл жерлерге өздерінің заңды түрде құқықтары бар деп 
есептесе, орыстар болса Ертіс линиясының оңтүстік-шығысында батыл түрде 
бекіністерін күшейтті. Алғашқыда, Ертістің оң жағалауына қазақтардың 
шабуылынан қорқып, онда қазақтарға қоныстануына тиым салынды. Тек 1798 
жылы қазақтарға Ертіс өзенінен өтуге рұқсат берілді.  Ол үшін мынандай талаптар 
қойылды: қазақтар тарапынан толық бағыныштылық және натуралды  түрде әр 
малдан 1% алым-салық төлеу қажет болды[3].
Содан көп, уақыт ұзамай яғни, 1800 жылы қырғыздарды (қазақтарды 
– Ә. С) ішкі далалардан Ертістің  арғы-бергі бетіне де әскери линия жолағына 
уақытша көшіп-қонуға ғана рұқсат беріп ғана қоймай, сонымен қатар қазіргі 
Тобыл, Том губернияларының ендігі әскери емес, азаматтық иеліктердегі 
аудандарындағы  жерлеріне  көшуге  рұқсат  берілді.  Осы  үшін  жөндеу 
жұмыстары (ремонттық пошлина) деп аталған баж  алығы алынып, әр жүз 
қара бастан бір  қара бас малдан алынып, әр жүз жылқыдан  бір жылқыдан  
линияда орналасқан драгун полкі үшін алынып отырды[4].
Орыс-казактар қазақты өзіне қаратып, алдап-арбау да олардың  жанды 
жерін  тауып,  дөп  баса  білгендігін  көруге  болады.  Олар  қазақтың  басты 
байлығы малының санын кеміту арқылы ғана олардың казак отрядтарының 
иелігіндегі жерлерге шабуылын тоқтатуға болатындығын жақсы түсінді.
Бұл жөнінде Т. Шонанов «Қазақты тыныштандырып, жуасыту үшін, 
білдіртпей бірте-бірте қазақтың күші мен байлығының қоры – малы мен 
жылқысын азайту, кеміту керек, қазақтың малы кеміп, жарлы болса, бізге 
қауіпсіз  болады.  Қазақ  амалсыз  тынышталады»[5]  –  деп  орыс-казактың  
пиғылын жақсы сипаттап жазады.
Бұл  сол  жағалауға  қоныстанғаны  үшін    қазақтар  тек    мал  басына  
салық  төлеп  ғана  қоймай,  түрлі    көк-алым,  тұяқ-ақша,  ақ-торық  сияқты 
алым түрлерін төлеп отырды. Осындай алам-салық түрлері не үшін, қандай 
жағдайда және қандай мөлшерде алынғандығы жөнінде тоқталсақ: «Көк-
алым –  Қазақстанның шығыс өңіріндегі жергілікті қазақтар  арасында ХІХ 
ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан салық атауы. Мысалы Павлодар  
уезіндегі жергілікті арғындар және мал азығын қамтамасыз ету барысында 
казак жерлеріндегі жайылым үшін 1 шаруашылық ауыл 30 тиыннан 4-5 сомға 
дейін «көк-алым» салығын төлеген; тұяқ-ақша казак жерлерінен жалға алған 
жайылымына қарай  төлеген салық түрі. Тұяқ-ақша төлейтін жайылымды қыс 
кезінде малға азық аз болған кезде  жалға алған. Мал басына қарай қойдан 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ
0
– 2-5 тиын; ірі қарадан – 4-10 тиыннан: жылқы үшін – 5-30 тиыннан; түйе 
үшін – 20 тиын төлеген. Бірақ, тұяқ ақшаны ауыл бірдей  төлей бермеген. 
Ақ-торық – Ертіс жағалауындағы әскерилер есебіне берілген жерлердегі 
қазақтар жалға алып пайдаланатын жайылым атауы. Ақ-торық үшін салық 
40-50 тиынды құрады. Ақ-торықты қазақтар көктеу-күздеу үшін пайдаланды. 
Көптеген ауылдар өз жайлауларына жету үшін, әскерилер жерлерінен кесіп 
өтуге мәжбүр болды. Әскерилер жеріне  күндіз тоқтап дем алғаны үшін 20 
тиыннан салық төлеп отырған[6].
Ертістің сол жағалауындағы «десятиверстный полоса» деп аталған он 
шақырымдық алап  Өскемен тұсынан басталып, Омбыға дейін 910 шақырым, 
бұрынға Ертіс шебі бойын қуалай Омбыдан «Ащышеп» құлап, Бағыланға 
шейін созылып, ұзындығы 621 шақырым 400 сажень болады. Иәки 15318 
шаршы шақырым  болады, иәки 1 млн. 595 мың 625 десятина жерді алып 
жатқан [5].  Бұл аталмыш он шақырымдық кең-байтақ жазықтықтың барлығы 
мол шүйгін шөптен тұрған. А.К. Гейнс өз жазбаларында осы Ертіс бойындағы  
шүйгін жерлердің   телімдерге немесе паиларға бөлінгендігін жаза отырып, 
олар жыл сайын жеребе бойынша  шеніне байланысты станица тұрғындары 
арасында өзара бөліске түсетіндігін, сонымен қатар аталмыш телім жерлердің 
шөбін шабу қиындық туғызбайды деп жазады. Аз-маз төлемақы үшін жүздеген 
қазақ еңбекқолы казактардың шөбін шауып беруге дайын. Бірнеше паидың 
шөбін шауып тапқан аз-маз пұлақы, олардың  тіршілік етуіне жеткілікті 
екендігін көрсетеді[7]. Шаруашылықтарды жалға беру әдісі негізінен орыс 
шаруаларының ішкерлеп енуінің алғашқы жылдарында тәжірибеленген.
Бұл  Ертістің Павлодар өңірін негізінен Арғынның Бәсентиін руларының ата 
қонысы еді.  Тарихта ғалымдардың бірқатары бәсентиіндіктердің Ертіс бойына келіп 
қоныстану  тарихын ІХ ғасырда Ұйғыр қағандығы құлауымен бастайды. Қағандық  
ыдырағаннан кейін олардың бір бөлігі Ертіс бойындағы Қыпшақ арасына келіп, кейін 
Ертістің сол жағалауына шығып, өз тайпалық одағын құрған деседі, бұл тікелей 
Бәсентиіннің Апай-Бөрі  тарихына қатысты болса керек.
Бәсентиін арғынның «Жеті момын» бірлестігіндегі рулардың бірі. Олар 
жайлы  жазба  деректер  елші    М.  Тевкелевтің,  капитан  И.  Г.  Андреевтің, 
М.  Красовскийдің  Н.  Аристовтың,  А.  И.  Левшиннің,  В.  Радловтың,  
П. Н. Потаниннің, Ш. Құдайбердиевтің т.б. еңбектерінде кездеседі. Қазақ 
халқының аңыз-әңгімелерін жинастырған П. Н. Потанин жинап, жазып алған 
аңыздары бойынша Арғынның Момын деген тоқалынан Ақсопы, Қарасопы, 
Сарысопы туады.  Осы Қарасопыдан Бәсентиін тарайды[8].
Ал  Орта  жүздегі  көп  санды  тайпалардың  бірі  Арғындардың    ерте 
ортағасырлардан ХХ ғасырдың басына дейінгі тарихы қамтылған «Қазақ 
ру-тайпаларының  тарихы»  атты  ғылыми    еңбекте,  «Арғын»  атты  ІХ 
томындағы бәсентиіндіктердің Кереку өңіріне қоныс тебуі туралы деректерін 
көз жүгіртсек, Ертістің Павлодар өңірінде Маралды болысын қоныстанған  

Вестник ПГУ №1, 2010
0
бәсентиіндіктер  Түркістан  өңірінен  қоныс    аударып,  1800  жылдан  Ертіс 
бойына  Бәсентиіннен  тараған  Самек,  Байымбет,  Күшік  руларына  келіп 
қосылған. Түркістан өңірінен қоныс аударған Бәсентиіндер Ертісті бойлай 
қоныстанып, Алтыбай, Ақсу, Алқакөл, Маралды болыстарын құрған[6].
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің «Қазақ шежіресінде» Бәсентиіндіктердің 
Баянауыл  аумағына  ығысуы  Сүйіндік  руларының  келуімен,  Қанжығалы 
және Бәсентиін рулары  тағы да әрі қарай төменірек, Ақкөл-Жайылмаға  
түскенін[9] жазады.
Бәсентиіндердің Ертісті бойлай қоныстануына 1802 жылдардан бастап, 
Ямышевксий және Подстеп казак поселькесі арасындағы жерлердің орыс 
шаруалары үлесіне берілуімен де байланысты болды.  
В.В Востров, М.С. Мукановтардың «Родоплеменной состав и расселение 
казахов (конец ХІХ – начало ХХ в.)» атты еңбектерінде қазіргі Павлодар 
қаласы орналасқан жер,  бұрынғы Апай-Бөрілердің  мекендеген жері екендігі 
жөнінде  айтылады.  Дәлірек  тоқталсақ,    Ақсу,  Алтыбай  және  Алқакөл 
болыстары түгелімен дерлік негізін  бәсентиіндіктер орналасқан, соның ішінде 
Апай, Бөрі, Күшік және т.б  ру-аталары. Апай руы бұрындары қоныстанып, 
орналасқан жерінде, кейін Павлодар қаласы пайда болған[10].
Қазақ осы аталмыш атты казакқа бір табанды жерді бермеймін деп, өз 
ата-мекенін қызғыш  қорғап, тартыс-талас шығарған.  Біз  тарихтан белгілі 
қазақ жерінің біртұтастығы үшін күрескен Есет, Жанқожа, Сырым, Кенесары 
сынды батырларды білеміз.  Ертіс бойындағы  Құлеке, Малайсарылардың 
атты казактармен соғыстары осы қоныс таласы болатын [5].
Осы аталмыш ерлердің ісін  одан әрі жалғастырушы, Ертіс бойындағы 
ата-мекен үшін орыс-казактармен алыса жүріп, өмір кешіп өткен Казанғап 
Сатыбалдыұлы 1771-1856, жылдар аралығында өмір сүрген, аса танымал  
саяси қайраткер.
Оның  арғы  атасы  Бөрі  (1650  жыладар  шамасында  өмір  сүрген). 
Атасы  Байдәулет  (шамамен  1685  жылдар  шамасында  туған).  
Осыдан Байдәулеттің барлық ұрпақтары Байдәулет немесе Төменгі бөрілер  
–  Ертістің    төменгі  ағысында,  Ақсудан  төменірек,  ал  оның  кіші  інісінің 
ұрпақтары Жандәулеттің ұрпақтары – Жоғарғы бөрілер немесе Жандәулет деп 
аталған. Осы Жандәулет інісі аса ерекше әскери  рангдағы сарбаз, қарапайым 
сарбаздан  ерекшеленетін  атағы  болған.    Сырым  Малайсары  батырдың 
(жоңғар шайқасының қаһармандарының бірі) серіктесі, әрі досы болған.  
1716 - 1719 ж.ж. Тобыл қаласында тұтқындармен алмасу және жоңғарларға 
қарсы  орыс-қазақ  одағын  құру  мәселелелері  қарастырылған  орыстармен 
жүргізілген келіссөздерде қазақ делегациясының құрамында бірге болған. 
Әкесі Сатыбалды (1735 ж. шамасында туған) [11].
Қазанғап бидің  жазғы жайлауы Ақкөл–Жайылмада, шамамен солтүстік-
шығыста 150 верстта, ал  қыстауы, шамамен приказдан солтүстік-шығыста 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ
0
12 верстағы  Бауыртаста [12]. Ол өте бір ақылды, әрі сауатты, қызық адам 
болған. Ол орыстармен тілмашсыз-ақ еркін сөйлесе алған[13]. 
Сондықтан, Батыс Сібір губернаторы мен Омбы облысы басқармасымен 
байланыста мұрағат деректерінде орысшаға сауатты Қазанғаптың есімін жиі 
кездестіруге болады.  Мысалы, Ж. Мардановтың ( Тілеке Жеңіс) жазуынша, 
Қалқаман көлінен шығарылған тұзды түйелерге артып, Керекуге тасымалдау 
жұмысын ұйымдастыруда Сібір үкіметімен келіссөз жүргізіп, халқының 
игілігіне қажетті міндеттерді өз мойнына алыпты[14].
  Қазанғап  Сатыбалдыұлының  өмір  сүрген  заманың  профессор  
Ж.  Артықбаев  қазақ  тарихындағы  бір  күрделі  заман  еді  қарастырады. 
Мұнын себебін бұл кезең Қазақ хандығының біртұтастығынан айырылып, 
бірақ толық бодандыққа көше қоймаған  кезеңі  аса  бір күрделі заманда 
өмір сүрді. Ол кезеңде Қазақ хандығы өзінің біртұтастығынан айырылған, 
бірақ әлі толық бодандыққа көшпеген уақыты[15]. Қазақ біртұтастығынан 
айырылған тұста қазақ ел билеген қайраткерлерге арқа сүйеді. Олар мысалы, 
арқа жерінде есімі елге мәлім, Қазанғаптың замандастары Шоң Едігеұлы, 
Шорман  Күшікұлы,  Құнанбай  Өскенбайұлы  т.б.    Баянауылда  Шоң  мен 
Шорман болыс болып билік құрса, Ертіс бойында Қазанғап пен Бердәлі 
танымал болды.
Бұл кезеңде Ресей империясының Ертіс бойындағы шүйгін алқаптарға 
қызығып, өз қолына қарата  бастаған кезі. Қазанғап сияқты тұлғалар осы 
күресте қашан да ел жағында болып, өз қандастарының туып-өскен жерінен, 
базардағы үлесінен құр қалмауы үшін күресті [15].
Бұны белгілі зерттеуші, Ресей генерал штабының офицері М. Красовский 
«Область Сибирских киргиз» атты еңбекте: «Бәсентиін болыстары қыста 
бұрынғы  қоныстары  Ертістің  сол  жақ  бетінде  қыстайды,  қазір  бұл  жер 
Сібір  казактары  әскеріне  берілген  соң  көшпелілер  мал  жайылымы  үшін 
салық төлейді. Оның үстіне казактарға шабындық жерлер үшін, жайлауды 
пайдаланғаны үшін де салық төлейді[16] – деп жазған. 
Жеке  Сібір  корпусының  командирі  генерал-лейтенат  және  кавалер 
Глазенапқа  Ямыш  комендатының  подполковнигі  Ивановтың  жазған 
Рапортында «Сіздің ұсынысыңыз бойынша Ұлы мәртебелім, маған уақытша 
қарасты  Ямышев дистанциясындағы біздің шекараларда жазғы жайылымға 
шығатын қырғыз (қазақ – Ә.С) жылқы,  ірі қара мал, және қойларының тізімі 
құрылды»[17]  –жазады.
Бұдан біз Ертіc бойын қоныстанған бәсентиіндіктердің ауылдарына 
патшаның отаршылдық саясатының ауыртпалығы батпандай болғандығы 
анық байқауға болады деп толық айта аламыз.
Барлық  линия  бірнеше  ремонттық  дистанцияларға  (қашықтықтарға 
–  Ә.С)  немесе    арнайы  ремонтерлер  бекітілген  участоктарға  бөлінген, 
олардың міндетінде аса тыңғылықпен линиядан шыққандар мен  Тобыл, Том 

Вестник ПГУ №1, 2010
0
губернияларының ішіне өткен қырғыз ( қазақ – Ә.С) малдарының тізімін құру,  
айтылған аумақта қырғыздардың ( қазақ – Ә.С) қанша уақытқа қандай мал түрі 
жайлы жазылған  жазбаша рұқсат қағаздары немесе билеттері берілген[4].
Төмендегі  мұрағат  деректерінде  ата  қоңысы  Ертіс  бойы  болып 
есептелінетін  бәсентиін  руларының  малы  Ресей  шекаралас  аймақтарына 
жайылымдық жерлер үшін жіберілгендігі жөнінде айтылады.
Жеке  Сібір  корпусының  командирі  генерал-лейтенат  және  кавалер 
Глазенапқа  Ротмистр  Старковтың  Рапортынан:  «Туған  айдың  1-  күнінен  
бүгінгі күнге дейін Ямышев дистанциясындағы Лебяжье прифорпостында, 
мен  Ертіс  өзенінен  әрі  Ресей  шекараларының  аумағына  қыстап  шығуға 
бәсентиін болысының  жарамды жылқы, олардың саны бойынша ірі  және 
ұсақ жылқыларының санының қанша екендігі жөніндегі ведомосін ұсынамын, 
сонымен қатар мен сізге қазіргі уақытта олардан алынатын алымды  жинаумен 
және  және басқа да жазғы жайылымнан кейін, Ресей шекарасында қыстауға 
қалатын  қырғыз  жылқы табындары мен басқа да малдарынан алынатын 
алымдарын санап есептеумен айналасы жатқандығымды жеткіземін»[17].
Жоғарыда жалпы арнайы жарлық бойынша қазақтардың өз малдарының 
уақытша  жазғы  жайылым  үшін  уақытша  орыс  шекараларына  жақын 
жайылатын бөлігінің толық тізімі алынғаны жөніндегі арнайы мәлімдемесі 
айтылған. Қарап отырсаңыз  орыс үкіметі қазақ жерінің  жайылым жерін 
тарылтып  ғана қоймай, олардың әрбір малының тұяғы басқан жерін мен 
оның санын есепке алып тізбектеп отырған.
 Ал төмендегі  кестеде Бәсентиін елінің белді билерінің бірі Қазанғап 
Сатыбалдыұлының иелігіне қарайтын  шаруашылықтан қанша мал басы  
жайылымдық  жерлер  үшін  осы  Ертістің  арғы  жағына  өткізгені  жөнінде 
жиналған  мәліметті көре аламыз.
Кесте  1.  Ямышов  дистанциясының  бірінші  флангасының 
өзенжағалауындағы  біздің шекараларымызда уақытша көшіп-қонып жүрген 
қырғыздар туралы 
Ведомосінен[18]
1
2
Қандай мекендер мен қоныстарда көші-қоны 
мен  шабындықтары  бар  және  ол  қандай 
жерлер  қазақ  және  орыс  тілдерінде  қалай 
аталады.
Подстепной редуты маңында...
Олардың  алып отырған жерлерінің кеңістігі, 
линиядан  қандай  қашықтықта  және  сол 
шабындық  жерлерден  шамамен  қанша 
ұзындықта.
Қыстақтары  мен  шабындығы  Подстепной 
редутына 
қарма-қарсы 
ұзындығынан 
6  версть,  6  версть  көлденеңен...(жазу 
түсініксіз)
Жоспарланған  немесе  жазбаша  көрсетілген 
жерлердегі  иеліктерге  кірмей  ме,    нақты 
кіммен  және  қанша  мөлшерде  шабындық 
бекітілген.
Жоқ

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ
0
Қанша    бас  жылқы,  ірі  қара  мал,  қой  және 
түйе мен ешкісі бар.
Жылқы-194;
Ірі қара-353;
Қой-1583;
Түйе-40.
Олар қандай болыстан және олардың нақты 
сұлтандары  немесе  старшиндары  кім  және  
жан басында қанша ерлер мен әйел адамдар 
бар.
Бәсентиін  болысының  старшинасы  және 
Ресей  капитаны  Қазанғап  Сатыбалдин, 
өзіне  қарасты  старшиндармен  және 
қырғыздармен,  түтін  саны  20,  ерлері  мен 
әйелдерінің  құрамы берілмеген.
Ертіс өзенінің сол флангасыдағы 
тұрғылықты жер қорларына дейінгі 
шабындық жерлердің қашықтығын анықтап 
бекіту және оң флангасында тұрғындардың 
орналасқан шабындық орындары мен 
линиядан тыс жерлері бар ма...
Осы  аталмыш  қоныстарда    шабындық 
жерлері бар оны көрсеткіштері толығымен 
ұсақ-түйектеріне шейін оң флангадағы   адал 
бағынышты  (верноподанных)  қырғыздар 
(қазақтар)  ведомосында  №1  нөмірімен 
көрсетілген.
Жоғарыдағы  кестеден  жалпы  Қазанғап  Сатыбалдыұлы  бастаған 
бәсентиін руының шаруашылығына қарасты малдарының жалпы саны мен 
оған қарасты старшиндарымен, онымен уақытша көшіп-қонып жүрген түтін 
саны туралы мәлімет алуға болады.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ үшін  малдың орны 
қалай болса, жердің маңызы да сондай орын алды. Әсіресе жылқы малы үшін 
жайылымдық жерлердің қашықтығы аса  маңызды болды. Еркін жайылған 
да ғана олар өз бабына келері сөзсіз. 
Төмендегі кестеде орыс казактарына тиеселі шекараларға жазда бағып 
шығу үшін Қазанғап  Сатыбалдыұлы мен оның туысқандарының айдаған 
малдарының саны кестемен көрсетілген.
Кесте 2. Ямышев дистанциясы бойынша  жазғы жайылым үшін біздің 
шекараларымызға айдалған; жылқы, ірі қара, қой саны,  төмендегідей. 
1817 жыл, 17 мамыр [17]
Бөрі-бәсентиін 
болысы бойынша
старшина 
Қазанғап 
Сатыбалдин 
туыстарымен
Жылқы
Ірі 
қара
Қой
ірі

жылдық

жылдық
1
жылдық
Барлығы
-
-
265
100
95
135
595
Тілес 
Қыстауиннің
185
80
75
60
400
-
-

Вестник ПГУ №1, 2010

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет