Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет39/58
Дата27.02.2017
өлшемі7,72 Mb.
#5028
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58

К.А. Елемесов

1

, Н.О. Коржикенова

2

, О.Д. Игликов

1

, Е.Е. Билялов

                                                                                           

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті                                                                              



С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қаласы



 

 

ЖАПОНДЫҚ ТҰҚЫМДЫ БӨДЕНЕНІҢ   ЕТ ЖӘНЕ ЖҰМЫРТҚА ӨНІМДІЛІГІ 

 

Аннотация:  Мақалада  жапондық  тұқымды  бөдененің  цеолитті  минералымен  қосымша 



азықтандырудағы ет және жұмыртқалау өнімділігі артатыны мәлімделген.  

Түйін сөздер: бөдене, цеолитті жартылай минеральды қосынды, тірі салмақ, өсіп-жетілу, 

жұмыртқалағыштық. 

 

Соңғы  уақытта  құс  шаруашылығында  жаңа  бір  сала  пайда  болды.  Бұл  саланың  Жапонияда 



өндірістік құс шаруашылығы ретінде басталып, қазіргі кезде біздің елде де кең таралып, елді мекенді 

нәрлі диеталық жұмыртқа және ет өнімімен қамтамасыз етуде. Жапондық бөдене салмағы 120-140 гр. 

жетеді де, 35-45 күндік жасында жұмыртқалай бастап жылына 200-250 жұмыртқа береді.  

Бөдене  жұмыртқасында фосфор,  темір,   және  витамин  мол болса, еті дала  құс  етінің дәміне 

ұқсас, ұшасы 100-112 гр. [1]. Бөдене еті мен жұмыртқа өндіруді арттыру үшін оларды балапан кезінен 

сойғанға  дейін  немесе  жетілдіріп  өсіруде  құнарлылығы  үйлесімді  азық  рационының  әсіресе,  құсты 

торда  және  құнарлы  азықпен  толықтай  қамтамасыз  ету  шектеулі  болған  жағдайда  маңызды  болып 

табылады. Сондықтан азықтың құнарлылығын және ондағы минеральды заттарды арттыру үшін жаңа 

мүмкіндіктерді және дәстүрлі емес арзан азықтық қосындыларды пайдалануды іздестіру керек.  

Бөдене азығында минеральды зат тапшылығын толықтыру үшін макро және микроэлементті 

азықтық  минеральды  кеңінен  қолдану  қажет.  Сондықтан  да,  полиминеральды  азықтық  қоспаны 

тиімді пайдалану үшін бұл заттардың азықтағы мөлшерін және құсқа қанша қажеттілігін сондай-ақ, 

қосындыны рацонға қосу әдісін білу керек. Осыған орай, өсіп-жетілу қарқыны мен өнімділіктің артуы 

үшін  күл  элементтерінің  қажеттілігі  прогрессиялық  түрде  артуда  [2,  3,  4].  Сонымен  қатар 

мүмкіндіктегі  қол  жетімді  негізгі  азықтық  заттарда  кальций,  фосфор,  мырыш,  кобальт,  марганец, 

мыс,  йод  және  басқа  азықтық  элементтер  жетіспейді.  Бұндай  азықтық  рационды  пайдалану, 

минеральды  затқа  қажеттілікті  қамтамасыз  те  алмайды.  Бұл  рациондағы  қоректік  заттардың 

қорытылуын  төмендетіп,  денсаулығын  және  көбею  әрекетін  нашарлатып,  өнімділік  көрсеткішін 

төмендетеді.  Бұл  мәселені  шешу  үшін  ауыл  шаруашылық  құсын  өндірістік  жағдайда  азықтандыру 

мақсатында жергілікті табиғи минеральдық шикі затты нақты дәйектеп зерттеу қажет. Осыған орай 

бізді,  Шығыс  Қазақстан  облысының  Ұлан  ауданына  қарасты  Митрофандық  кен  орынындағы 

цеолиттік  топырақтың  құрамындағы  негізгі  үлес  /құрғақ  зат  салмағының  %  қатынасы/  көрсеткіші 

бойынша: кремний – 58,86; алюминий – 21,19;  натрий – 1,45; калий – 3,20; марганец – 0,01; темір – 

2,44; кальций – 2,09; фосфор – 0,15; фтор – 0,005; мыс – 0,0047; мырыш – 0,0064; кобальт – 0,0001; 

күкірт  –  0,99;  молибден  –  0,005  және  селен  –  0,005.  цеолитте  бұдан  басқа  27  микро-  және 

макроэлементтердің  болуы  ғылыми-зерттеу  жұмысына  алғы  шарттар  болып  табылды  [4,5].  Бұл 

химиялық  элементтер  біріншіден  жұмыртқаның  түзілуіне,  сапасына,  ұрықтануына  және 

балапандардың өмірге бейімділігіне пайдасы зор. 

Бізде және шет елде цеолитті - азықтық қоспа ретінде мүйізді ірі қара, марал, қоян және ауыл 

шаруашылық  құстарын  азықтандыруға  пайдалану  жөнінде  зерттеулер  жүргізіліп,  ұсыныстар 

құрастырылған және жарияланған [6,7]. 

Жұмыстың  мақсаты  бөдене  рационына  цеолитті  топырақты  қосқанда  –  балапанның  өсіп 

жетілуіне және жұмыртқа өнімділігіне әсерін зерттеу болып табылады.  

Материалдар мен зерттеу әдістері. 



274 

 

Зерттеу  жұмысы  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің 



ветеринариялық  клиникасында  жапондық  бөдене  тұқымына  жүргізілді.  Ғылыми-тәжірибелік 

жұмыстың жүйелілігі №1  кестеде көрсетілді. 

 

Кесте №1 Ғылыми-шаруашылық сынағының жүйесі 



 

Тобы  


Құстардың 

саны (бас) 

Жасы (күн) 

Тірі салмағы, г 

Азықтандыру рационы 

Тәжірибе 

сынағы 

басталарда 



Тәжірибе 

сынағының 

соңы  

I топ  


(бақылау) 

27 


15-16 

40-50 


120-170 

 Құрама жем 

II топ 


(сынақ-

тәжірибелік) 

27 

15-16 


40-50 

120-170 


Құрама жем + цеолитті 

топырақ 


 

Зерттеуде бөдене балапандарының 15 күндік жасынан бастап ары қарайғы өнімділік сапасын 

зерттеу қарастырылып, тәжірибеге алынған 54 бас бөдене 2 топқа 27 бастан бөлінеді. І топтағы жас 

құстарға зауыттық нұсқадағы құсқа арналған құрама жеммен азықтандырылды. Ал, ІІ топтағы әр құс 

басы үшін 1,5 г есебінде цеолитті топырақ қосылған азық берілді. Тәжірибе барысында екі топтағы 

бөденелер бірдей жағдайдағы күтімде ұсталды. 

 Зерттеу 

нәтижелері  №2  кестеде  көрсетілгендей  алынған  нәтижелері  рационға 

полиминеральды  цеолитті  топырақты  қосу  салдарынан  екінші  топтағы  бөденелердің  тірі  салмағы 

бақылау  тобына  қарағанда  12  %  -  ға  артық  болғандығы  анықталып  отыр.  Осы  уақыт  мерзімінде 

тәжірибе  тобында  390  жұмыртқа  алынды,  бұл  97  жұмыртқаға  бақылау  тобына  қарағанда  көп 

екендігін көрсетеді.  

 

Кесте №2   Тәжірибедегі құстардың өнімділік көрсеткіші. 



 

Көрсеткіштер 

I топ 

(бақылау) 



II топ 

(сынақ-тәжірибелік) 

Тәжірибе басталардағы тірі салмақ, гр. 

45,0 


45,0 

Тәжірибе соңындағы тірі салмақ, гр. 

195,3 

210,1 


Жалпы салмақ қосуы, гр. 

150,3 


165,1 

Жалпы алынған жұмыртқа, дана 

293 

390 


Инкувацияға салынған жұмыртқа саны, дана 

50 


50 

Жұмыртқадан балапан жарып шыққаны, дана 

31 

39 


Жалпы көрсеткіш, % 

62 


78 

 

Жоғарғыдағы  кесте  дерегі  көрсеткендей,  инкубацияға  салынған  тәжірибе  тобындағы  50 



бөдене  жұмыртқасынан  39  балапан  жұмыртқаны  жарып  шықты,  бұл  бақылау  тобына  қарағанда  8 

балапанға артық.  

Сонымен  қатар  біз  жапондық  бөдене  тұқымының  әр  тобынан  5  бастан  сойылған  құс  етінің 

өнімдіік нәтижесінің көрсеткіші №3 кестеде берілді. 

 

Кесте 3 Тәжірибе топтарындағы жас құстардың ет өнімділігінің көрсеткіштері. 



 

Көрсеткіштер 

I топ 

(бақылау) 



II топ 

(сынақ-тәжірибелік) 

Сойылған құс саны, бас 



Құсттарды сояр алдындағы тірі салмағы, гр 

185 


205 

Ұша салмағы, гр 

125,2 

145,3 


Сойыс шығымы, % 

67,5 


70,7 

 


275 

 

Кестеден  көрсетіліп  тұрғандай  бақылау  тобындағы  бөденелердің  тірі  салмағы  сою  алдында 



185г  ал,  тәжірибе  тобында  205  гр.  Екінші  топтағы  цеолитті  топырақта  минеральды  қоспаны 

қабылдаған бөденелердің ұша салмағы 145,3 гр., бұл  9% - ға бірінші топқа қарағанда артық болды. 

Сойыс шығымы екінші топтағы бөденеде  3,2%-ға бірінші топқа қарағанда артық болды. 

Осыған  қарағанда  цеолит  қосылған  құрама  жемді  қабылдаған  бөденелердің  жұмыртқа 

өнімділігі 33 % және  сойыс шығымы 3,2% бақылау тобына қарағанда артық болғандығы анықталды. 

Әдебиеттер  

1.

 



С.И. Сметнев. Птицеводство. Москва «Колос», 1978 г. 

2.

 



Г.Т. Клиценко. Минеральное питание сельскохозяйственных животных. М.Урожай, 1974 г. 

3.

 



Г.В.Сафронов  О  ходе  выполнения  программы  «Цеолиты  России»  Использование 

природных цеолитов в народном хозяйстве. Новосибирск, 1991., С.910 

4.

 

Воробьев  А.А.  Цеолиты  и  месторождения  «Багратион».  Свойства  и  применение. 



(рекоменд. г.Усть-Каменогорск, 2007) 

5.

 



С.П. Жданов, Е.Н. Егорова. Химия цеолитов. Л.Наука, 1968 г. 

6.

 



Кожебаев Б.Ж, Игликов О.Д. О возможности использования нетрадиционных источников 

восполнения минерального недостатка рациона сельскохозяйственных животных и птиц. Вест. СГУ 

им. Шакарима. №4. 2007г. 

7.

 



Коржикенова  Н.О.  Цеолит  в  качествен  минеральной  подкормки  в  кормлении  маралов. 

Вест. СГУ имени Шакарима №2. 2010г. 

8.

 

Мелехин Г.П., Гридин Н.Я. «Физиология сельскохозяйственной птицы». Москва. «Колос»., 



1977г.  

 

ЯИЧНАЯ И МЯСНАЯ ПРОДУКТИВНОСТЬ  ПЕРЕПЕЛОВ ЯПОНСКОЙ ПОРОДЫ                                                                                                    



К.А. Елемесов, Н.О. Коржикенова, О.Д. Игликов, Е.Е. Билялов 

 

В  данной  статье  изучено  яичная  и  мясная  продуктивность  перепелов японской  породы 

при использовании минеральной подкормки из цеолита.  

 

EGG AND MEAT PRODUCTIVITY OF JAPANESE SPECIES OF GUAIL                                                   

K. Elemesov, N. Korzhikenova, О. Iglikov, Е. Bilyalov

     

 

 

This article studied the egg and meat efficiency of Japanese quail breed by using a zeolite mineral 

feeding. 

 

 



ӘОЖ 636.085.55: 637.5.04/.07        

С.Т.Дүйсембаев

1

, Б.Ж. Мүсәпірбеков

2

, Д.Е. Иминова

1

, Д.А.Темешов

1

 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Аякөз қаласының ветеринариялық инспекциясы



 

«ҚАЙНАР» ҚҰРАМА ЖЕМ ҚОСПАСЫНЫҢ ӨНІМ САПАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУ  



ЖӘНЕ РАДИОПРОТЕКТОРЛЫҚ ҚАСИЕТІ 

 

Аннотация:  Мақалада  жаңа  «Қайнар»  құрама  жем  қоспасының  ет  сапасына,  өнімділігіне 

оң  әсері  сипатталған.  Оңан  қоса,  жемнің  радиоотектолық  қасиеті  бар  екендігі  анықталғаны 

жайлы деректер келтірілген.         

Түйін сөздерқұрама жем қоспасы, сапа, ет өнімі, радиопротектор 

 

2050  жылға  дейін  Қазақстан  Республикасының  стратегиялық  дамуында  мемлекеттің 

экологиялық  саясатының  басты  мақсаты  –  қоғам  мен  табиғаттың  әрекеттесу  үйлесімділігі  мен 

қолайлы экологиялық орта құру деп көрсетілген. Адам – қоғам - табиғат экологиялық жүйесін жан-

жақты зерттеп, талдау жасау және оны әрі қарай үнемі дамытып отыру кез келген қоғамның дамуы 

үшін маңызы өте жоғары. 

Қазақстан Республикасының экологиялық жүйесінде радиациялық факторды, міндетті түрде, 

естен шығаруға болмайды. 

Адам  ағзасына  түсетін  радионуклидтердің  негізгі  көзі  ретінде  ауыл  шаруашылығы  өнімдері 

саналады.  Бұл  тұжырымды  ядролық  қаруды  қолданғаннан  кейін  радионуклидтердің  таралу  үрдісін 



276 

 

және әсерін зерттеген Біріккен Ұлттар Ұйымынының Ғылым комитетінің атом радиациясы жөніндегі 



ұсыныстары растайды.  

 Тағам мен азықта радионуклидтердің болуы, адам мен жануарлардың ағзасында радиоактивті 

заттар  бар  және  ол  ішкі  сәулеленуге  ұшыратады  деп  есептеледі.  Сондықтан  да,  қоршаған  ортада 

радиоактивті заттардың болуы және оның таралуы бүгінде үлкен талқыға түсіп, оның қасіреті әлем 

жұртшылығын алаңдатып, үрей тудыруда. 

 Бұрынғы  Семей  сынақ  ядролық  полигонында  40  жыл  жүргізілген  жарылыстар  қоршаған 

ортаға және оның нысандарына, ауыл шаруашылығы малдарының өнімдеріне, тұрғылықты халықтың 

денсаулығына  кері  әсерін  тигізгені  анық,  ауылшаруашылығы  малдары  өсіріледі,  мал  азығы 

даярланады.  Олардың  өнімдері  жергілікті  халықтың  негізгі  тағамы  ретінде  саналады,  одан  әрі 

Алматы, Қарағанды, Астана жұртшылығына да жіберілуде [1]. 

Ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  нәтижелері,  адам  мен  жануарлардың  денінің  саулығын 

жақсарту, сыртқы ортаға төзімділігін арттыру және өнімнің тағамдық және биологиялық сапасының 

жоғарылауын  талап  етеді.  Осы  жағдай  толыққанды  белокқа,  дәрумендерге,  микро-  және 

макроэлементтерге  бай  азық  қоспасын  жасау,  онымен  қоса,  жануарлар  ағзасынан  радиоактивті 

заттарды азайту кейінгі кезде өзекті мәселеге айналып отыр [2,3,4,5].  

Бұрынғы  Семей  сынақ  полигонының  әсері  бар  аймақтарда  ауылшаруашылығы  малдарына 

радиопротекторлық қасиеті бар азық дайындаудың бірнеше өзектілігі бар. Олар: ағзадағы зат алмасу 

үрдісін  қалыпқа  келтіреді,  зат  алмасуының  бұзылу  себептері  жойылады,  радионуклидтердің 

ағзалардағы қордалануы төмендейді. Бұндай үрдісті іске асыру үшін малдың негізгі азықтарын, оның 

ішінде мал өнімділігін жақсартатын, ет сапасын жоғарылататын, радиопротекторлық қасиеті бар азық 

дайындау Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағына аса қажетті шаралардың бірі. 

Ғылыми  жұмыстың  мақсаты.  Радиопротекторлық  қасиеті  бар  өсімдіктер  мен  астық 

тұқымдастардың химиялық құрамын зерттей отырып, мүйізді ірі қараның өнімділігін жоғарылататын 

азық қоспасын жасау. 

Ғылыми  жұмыстың  міндеттері.  1.Бұрынғы  Семей  ядролық  полигонына  қарасты  Аякөз 

ауданы  аумағында  тәжірибе  -  өлшеу  алаңдарды  құру,  өсімдіктер  және  суаттарды  радиоактивті 

заттардың бар жоғына тексеру. 

2.Ет  және  ет  өнімдерінен  сынама  алып  химиялық  құрамын,  аминқышқылдарың,  май 

қышқылдарының, витаминдердің, макро-микро элементтердің құрамын анықтау. 

3.Биологиялық  құнды  және  емдік  қасиеті  жоғары      арнайы  радиопротекторлық  қасиеті  бар  

қосылыстар көмегімен ауылшаруашылығы малдары үшін азық қоспаларын жасау. 

Бұрынғы  Семей  сынақ  полигонының  әсері  бар  аймақтарда  радиопротекторлық  қасиеті  бар 

азық қоспалары организмдегі зат алмасу үрдісін қалыпқа келтіреді, зат алмасуының бұзылу себептері 

жояды, радионуклидтердің ағзалардағы қордалануын төмендетеді. Ол үшін қоспа құрамына жүгері, 

арпа,  бидай,  балық  ұны,  соя,  сұлы,  дәрумендер  мен  кальцийі  мол  өсімдіктерді  (мысалы  қалақай  - 

крапива)  ғылыми  жүйеге  негіздеп  араластырады.  Қоспа  организмдегі  ағзалардың,  үйлесімді  жұмыс 

атқаруына    және  сыртқы  ортаның  кері  әсерлеріне  қарсы  тұру  қабілетін  жоғарылатады.  Оған  қоса, 

экологиялық  тұрғыдан  таза,  жергілікті  жерден  алынатын  биологиялық  қосылыстар.  Дайындалуы, 

қажетті қосылыстар өзіндік құнын толықтай ақтайды.  

Ағзадағы  радиоактивті  заттардың  әсерінен,  радиацияның  аса  қауіпті  жоғарғы  дозасы  тірі 

жасушалардың қалыпты жағдайдағы қасиеттерін өзгертіп, патологиялық үрдістерге ұшыратып және 

өлімге  әкеліп  соқтыруы  мүмкін.  Ал  әлсіз  дозасы  әрқилы  көрінетін  бұзылыстарға  ұшыратады,  бірақ 

ДНҚ (мутация) құрылымындағы қайта қалпына келмейтін үрдістерді туындатады [6]. 

Орталық  жүйке  жүйесінің  өзгеруі,  ағзалар  мен  ұлпалардың  өсуінің  тежелуі,  қан  түзілу, 

асқорыту  жүйелерінің  бұзылуы,  жалпы  организдегі  зат  алмасу  үрдістерінің  өзгеруі  радиоактивті 

заттардың  әсерінен  туындайды.  Зат  алмасу  кезінде  биологиялық  белсенді  заттар  -  медиаторлардың 

орны  ерекше,  олар  белок,  май,  көмірсулары  алмасуына,  генетикалық  аппараттардың  қызыметіне, 

қанның  ұю  және  ұйымау  қасиеттеріне,  қан  элементтерінің  жүйелі  орналасуына,  эндотелии  күйіне,  

қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне және т.б. әсер етеді [7]. Радиоактивті заттардың ұзақ уақыт 

бойы әсер етуінен адамдар мен жануарлардың өмір сүру уақыты азаяды, қатерлі ісіктер пайда болады 

[8]. 

 Семей  жеріндегі  ядролық  сынақтан  кейін  қоршаған  ортаға  зиянды  факторлардың  әсерін 



төмендететін  қабілеті  бар  профилактикалық  биологиялық  белсенді  заттарды  дайындау,  саны  мен 

сапасын жақсарту  қажеттілігі туындайды. Алма, қара шетен, итмұрын, жер алмұрты, қалақай және 

т.б. жемістер мен өсімдіктерден жасалған азықтардың құрамында радиопротекторлық қасиеті бар өте 

көп мөлшердегі биологиялық белсенді заттар болады. Табиғатта кездесетін қара қарақат, шие, алыша, 



277 

 

өрік  және  т.б.  жидектер  органикалық  қышқылдар  мен  биологиялық  белсенді  заттарға  бай  болып 



келеді [5]. 

Азық  қоспаларының  жаңа  түрін  дайындау  негізіне  табиғи  құнды  астық  тұқымдастар,  макро 

және  микроэлементтерге  бай  балық  ұнын  және  биологиялық  тұрғыдан  аса  қажетті  дәрумендерді 

қолдану және радиопротекторлы өсімдіктер  (қалақай, топинамбур, итмұрын, жер алмұрты, пектиндік 

заттар  және  т.б.)  жатады,  олардың  пайдалы  қасиеттерінің  бірігуі  радиопротекторлық  және 

профилактикалық  қасиеттерге  сай  ғылыми  негізделген  азықтарды  жасау  мүмкіншіліктері  пайда 

болады.  Жануарлардың  ағзасына  экологиялық  қауіпті  төмендететін  факторлардың  бірі  болып 

адсорбциялық,  ион  алмасушы,  каталитикалық,  детоксикациялық  зарарсыздандыру  қасиеттеріне  ие 

заттар қажет. Радиопротекторлы заттардың осы қасиеттері оны халық шаруашылықтарының барлық 

түрінде, соның ішінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде, байытуда кеңінен қолдануға мүмкіндік 

береді. 

Соңғы  жылдары  жергілікті  азықтық  ресурстардың  жалпы  азықтануы  құрамы  минералды 

жеткіліксіздікті  толтыру  компоненті  ретінде  ауыл  шаруашылығы  саласында  қолданылатын  азықтар 

мен құрама жемдердің сапасын кешенді, жан-жақты  бағалау бойынша зерттеулер жүргізіліп жатыр. 

Табиғи құрама жемдерді пайдалану адам мен жануарлардың экологиялық - географиялық ауруларға 

әкеп соқтыратын экологиялық қауіпті төмендетеді [9,10,11,12]. 

 Қазіргі  уақытта  бұрынғы  Семей  ядролық  полигон  аумағында  ғалымдардың  бағалауы 

бойынша  жануар  рационындағы  дәрумендердің,  макро-микроэлементтердің  жетіспеушілігі  қажетті 

мөлшердің  30-50%    мөлшерін  құрайды.  Осының  бәрі  жануар  етінің  тағамдық  және  биологиялық 

сапасының төмендеуіне әкеледі. Ал ол өнімдерді тағамға қолдану адамдарда ауру туғызады. 

Осы  жағдай,  толыққанды  белокпен,  дәрумендермен,  микро-  және  макроэлементтермен 

байытылған  азықтарды  пайдалануға,  радиопротекторлық  қасиеті  бар    тағам  түрлерін  қолдануға  

мәжбүр етеді. 

Бұрынғы  Семей  ядролық  сынақ  полигон  бақылауындағы  аумақтарда  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, радиоактивті заттар ет және ет өнімдерінің органолептикалық және 

биохимиялық  көрсеткіштеріне,  оның  сапасына,  биологиялық  құндылығына,  зиянсыздығына  кері 

әсерін тигізуі дәйектеледі, өнімдердің ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан бағалануына  ғылыми 

негіз болады. 



Зерттеу  әдістері.  Ет  сынамалары    Халықаралық  стандарт  ISO  3108:  1988  “Ет  және  ет 

өнімдері»  талаптарына  сәйкес  жүргізілді.  СанПинН  2.3.2.1078-01  “Тағам  өнімдерінің  тағамдық 

құндылығы  мен  қауіпсіздігінің  гигиеналық  талаптары”;  Ветеринариялық  қадағалаудың  20.02.98. 

МЕСТ  18447-91,  30.09.97  №13-7-2/1056  бойынша  радиологиялық  зерттеуді  жүргізу  үшін 

ветқадағалаудың  нысандардан  сынама  алу  әдістемесі.  Тағамдық  өнімдер  мен  өндірістік 

шикізаттардың қауіпсіздігі мен сапасына гигиеналық талаптар, СанПин 2.3.2.560-96 МЕСТ 2632-86; 

26930-86;  26933-86;  МЕСТ  13496.2-91  Жем,  құрама  жем,  құрама  жемнің  шикізаты;  Құндылық 

көрсеткіштері:  (ақуыз,  май,  көмірсу,  макро-  және  микроэлементтер,  дәрумендер  және  т.б.).  Тағам 

өнімдері  және  шикізаттың  радиациялық  бақылауы  МУК  №  5.05.009.2000  әдістемелік  нұсқауларға 

сәйкес  жүргізіледі.  Радиометриялық  сараптау    үшін  ДП  –  5А,  ДКС  –  96,  РУП  –  1,  СРП  –  61  –  0,1 

радиометрлері және альфа – гамма спектрометрлері қолданылады.  

Зерттеу  нәтижелері.  Бақылау  пункттері  Аякөз  қаласында  және  Аякөз  қаласынан  50  км 

Ұрыжар  ауданына  қарай  орналасқан  «  Мұстахит»  шаруа  қожалығында  орналастырылды.  Бақылау 

пункттеріндегі  радиометриялық  бақылаудың  көрсеткіштері  бойынша  дозаның  эквивалентті 

қуаттылығы  (МЭД)  0,09  до  0,30  мкЗв/сағ.  құрады.  Альфа-бөлшектердің  ағымының  тығыздығы  0,2 

ден  2,2  бөлшек/мин×см

аралығын  қөрсетті.  Бетта-бөлшектердің  ағымының  тығыздығы  барлық 



зерттелген сынамаларда <10 бөлшек/мин×см

2



Аякөз  ауданындағы  су,  топырақ  және  мүйізді  ірі  қара  етінен  альфа  және  гамма 

спектральды  талдау  нәтижесінде  Am  -241,  Cs  -137,  Pu  –  239/240  радионуклидтері  анықталды. 

Радионуклидтердің топырақтағы меншікті радиобелсенділігі  Am -241- 0,8±0,2 ден  9,0±0,2 Бк/кг-ға 

дейін, Cs -137 - 0,8±0,2 - ден 1322,2±5,3 – ке дейін, Pu – 239/240  - 0,2±0,1- ден  18,2±0,5 Бк/кг – ға 

дейін;  өсімдіктерде Am -241  - 0,5 - тен 2,4±0,4 Бк/кг-ға дейін, Cs -137  - 0,5 – тен 58±0,5 – ке дейін, 

Pu – 239/240  - 0,02- ден 4,2±0,2 Бк/кг-ға дейін;  суда  Am -241  - 0,01 Бк/л-ге дейін аз, Cs -137  - 0,02 - 

ден 2,0 Бк/л- ге дейін, Pu – 239/240  - 0,003- ден 0,05 Бк/л-ге дейін;  сиыр етінде Am -241 - 0,5 Бк/кг- 

нан аз, Cs -137 - 0,5 - тен 3,99±0,1 Бк/кг- ға дейін, Pu – 239/240 - 0,0003 - тен 0,056 Бк/кг- ға дейін 

құрады. 

 Радионуклидтердің топырақтан өсімдіктерге өту коэффициенті Am -241 - 0,04 тен 2 – ге 

дейін,  Cs -137  - 0,044 тен 0,67 – ге дейін,  Pu – 239/240 - 0,009 дан 0,47 -ге дейін; өсімдіктен сиыр 

278 

 

етіне  Am -241 - 0,2 ден 1,0 – ге дейін,  Cs -137  - 0,05 ден 3,4-ке дейін, Pu – 239/240 -  0,001 ден 0,019 – 



ға дейін құрады. 

Жаңа құрама жем қоспасын бұрынғы жем қоспаларымен салыстыра отырып жасадық. Сұлы, 

арпа,  бидай,  күнбағар,  монокальций  фосфат,  тұз  және  премикстен  жасалған  құрама  жем  қоспасы 

бұрыннан белгілі. Бұл қоспаның кемшілігі - құндылығы төмен [13]. 

Бұдан басқа, мүйізді ірі қара үшін сұлы, арпа, бидай, күнбағар, монокальций фосфат, тұз және 

премикс, соя және топинамбур қоспасы болған. Кемшілігі - құндылығы төмен болуында [14]. 

      Сондықтан да, біз құндылығы жоғары, радиопротекторлық қасиеті бар, мүйізді ірі қараға 

арналған    жаңа  қоспа  жасадық.  Қоспаның  тиімділігін  анықтау  үшін  шаруашылықта  ғылыми 

деректерге  негізделген  тәжірибе  жүргіздік.  Қоспаны  жергілікте  жерде  өсірілетін  қазақтың  ақбас 

тұқымды жас мүйізді ірі қараға берілді. Тайыншалар мен өгізшелердің салмағы 90-120кг, жануарлар 

жасы  11-12  айлық  арасында  болды.  Өндірістік  әдіспен  қоспаға  сұлы,  арпа,  бидай,  күнбағар, 

монокальций фосфат, тұз және премикстің үстіне ұсақталған қалақай және балық ұнын қостық. Қоспа 

құрамының бір-біріне қатынасын төмендегідей құрдық, %.  

 

 Кесте 1    Салыстырмалы қоспа құрамы,% 



 

         Қоспа құрамы 

      Бұрынғы құрама жем 

              Жаңа қоспа 

         Сұлы 

                    10,0 

                       1,4                                                    

        Арпа 

                    12,0 

                       28-30,0 

        Бидай 

                    15,0 

                       15,0 

        Жүгері 

                    11,0 

                       49-50,0 

        Соя шроты 

                    5,0 

                        2,0 

        Монокальцийфосфат 

                    2,0 

                        0,1 

        Тұз 

                    1,0 

                        1,0 

        Дәрумендер премиксі 

                    1,0 

                        1,0 

        Бидай жармағы 

                    39,0 

                   - 

        Топинамбур 

                    3,0 

                         - 

        Балық ұны   

                    - 

                        2,0 

        Ұсақталған қалақай    

                      - 

                        0,5 

 

Қоспаны  даярлау  технологиясы:  Алдымен  астық  тұқымдастар  ұсақталып,  біркелкілікке 



келтірілді.  Қалақайды  сол  аумақтан  шауып  алып,  алдын  кептіріп,  олда  сол  әдіспен  ұсақталынды. 

Дәрумендер  қоспасын  және  балық  ұнын  арнайы  сауда  орындарынан  (Ресей)  сатып  алынды.  Осы 

қоспаларды жоғарыда көрсетілген мөлшерлерде араластырғышта, жақсылап араластырдық. Одан әрі, 

қоймалжың қоспаны брикет жасайтын қондырғыға салып. Дайын құнарлы жем қоспасы алынды. Үй 

температурасында кепкен қоспа қолдануға даяр болды. Оған қоса, зерттеулер көрсеткеніндей, құрама 

жем  қоспасы  фосфор,  магний,  натрий,  калий,  кальций,  темір  тәрізді  пайдалы  макро-

микроэлементтерге бай екендігін төменгі 2 кестеден көруге  болады.   

 

Кесте 2    «Қайнар» құнарлы жем қоспасының макро және микроэлементтерінің құрамы мен  саны 



 

Ретт


ік  

№ 

Сынама 



№ 

Сынама  


аты 

Сынама 


алынған орны 

Химиялық 

элементтің аты 

Өлшеу 


бірлігі 

Химиялық           

элементтердің 

нақты саны 

     1 

      1458 



«Қайнар» 

Аякөз ауданы 

Натрий  

мг/л 


2927,7 

Магний 


мг/л 

1152,6 


Алюминий 

мг/л 


555,4 

Фосфор  


мг/л 

9100,2 


Калий 

мг/л 


2995,9 

Кальций 


мг/л 

2734,1 


Стронций 

мг/л 


27,5 

Сынап 


мг/л 

0,4 


Марганец  

мг/л 


24,7 

Кобальт 


мг/л 

0,1 


279 

 

Мырыш 



мг/л 

0,8 


Мыс 

мг/л 


0,2 

Цинк 


мг/л 

1,5 


Қорғасын 

мг/л 


0,1 

Күміс 


мг/л 

0,92 


Селен  

мг/л 


1,1 

Рубидий 


мг/л 

2,1 


Барий  

мг/л 


6,3 

Темір  


мг/л 

622,1 


Кадмий   

мг/л 


0,04 

Ванадий 


мг/л 

0,9 


Цезий 

мг/л 


0,023 

Хром  


мг/л 

1,9 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет