Хабаршы №5 филологиялық Ғылымдар әож 81'366-512. 1 11/13


Оты  зат есім ҥшінші жақта тәуелденіп, сӛйлемнің соңында баяндауыш болып  тҧр.  12.   Нариман екеуі ойлап тҧрса



Pdf көрінісі
бет3/39
Дата06.04.2017
өлшемі3,54 Mb.
#11176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

Оты  зат есім ҥшінші жақта тәуелденіп, сӛйлемнің соңында баяндауыш болып 
тҧр. 
12.
 
Нариман екеуі ойлап тҧрса, сол бір қабылдаудың ҥлкен әсері болған екен. 
(18бет) 

Ойлап тҧрса кҥрделі баяндауыш. Ойлап негізг кӛсемше етістік, тҧрса шартты 
райдың  –са  жҧрнағы  жалғану  арқылы    жасалған    кӛсемше  етістік.  Болған    негізгі 
есімше етістік,  екен кӛмекші етістік. 
13.
 
Міне  сӛйткен  базардың  орны  мынау  (21  бет)Дара  баяндауыш.  Сілтеу 
есімдігінен жасалып, сӛйлемнің соңында баяндауыш болып тҧр.  
14.
 
 –  Байеке,  жауды  қуып  әуре  болма.  (134бет)  Дара  баяндауыш.  Болымсыз 
етістіктен жасалып тҧр.  
15.
 
Шатқалдың табанына ақ мамықтан жол  тӛсептастаған  ба  дерсің. (172бет)  
Кҥрделі баяндауыш. 
Шерхан Мҧртазаның  «Интернат наны» кітабы бойынша  
1.
 
Тӛсеп негізгі кӛсемше етістік, тастаған кӛмекші есімше етістік, ба демеулік 
шылау, дерсің екінші жақта  жіктеліп тҧрған кӛмекші етістік. (не істеп?) 
2.
 
Ымырт жабыла Аршағҧлға  келіп жеттік. (27 бет) 
Келіп  жетті  –  кҥрделі  баяндауыш,не  істеді?  сҧрағына  жауап  береді.келіп  – 
негізгі – кел –тҥбір сӛз, іп – кӛсемшенің  жҧрнағы, жетті – кӛмекші етістік, баст.тҥб 
– жет, ті –жедел ӛткен шақ жҧрнағы, к – жіктік жалғаудың жалғауы, I кӛпше тҥр. 
3.
 
 Әлтай  бҥгін  кезекші  емес,  содан  да  қабағы  салыңқы.  (59  бет)  Қандай? 
сҧрағына жауап беріп тҧр. 
4.
 
 Бәрі де әскер балалары (55бет) 
Тәуелденген кҥрделі зат есім, сӛйлем соңында келіп, баяндауыш болып тҧр. 
5.
 
Магазиннің іші жып-жылы. (60 бет) 
Кҥшейтпелі  сын  есім  сӛйлемнің  соңында  келіп,  атау  тҧлғада  кҥрделі 
баяндауыш болады. 
6.
 
Сәттіғҧл – ірі совхоздың директоры.(60 бет) 
 Ілік  септік  жалғаулы  анықтауыш  сӛз  бен  тәуелдік  жалғаулы  анықталушы 
сӛздің тіркесі. Бір сҧраққа жауап беріп, есім кҥрделі баяндауыш жасайды. 
7.
 
Қарапайым  адам  ӛз  мҥддесінен  гӛрі  ел  мҥддесін  қҧрметтейді  (66  бет)  не 
істейді?  сҧрағына  жауап  береді.    Қҧрметтейді  –  ашық  райлы  етістіктен  болған 
баяндауыш 
8.
 
- Шатунь тауып бер! 
-
 
  -Ремень  тауып бер! 
-
 
Сегмент тауып бер! 
-
 
Бҧйрық райлы етістіктен кҥрделі баяндауыш болады 
9.
 
Қҧдайым  сендерге  де  сол  Ақментей  батырдың  жолын  берсін,  балам!  (146 
бет)  
10.
 
Екіншіден,ол он бесте емес, он алтында. Кҥрделі сан есімдер жатыс септік 
тҧлғасында келіп, есім кҥрделі баяндауыш болады. 
11.
 
 Шананың  табаны  сыңғыр  етті.Есімдер  мен  етістіктердің  болғани  кҥрделі 
баяндауыштар (бірінші сӛзі, екіншісі ет кӛмекші етістік болады.(141 бет) 
12.
 
 Кезекшіліктің ең ауыры осы. 
Есімдіктер сӛйлемнің аяғында келіп, дара баяндауыш болады. (сілтеу есімдігі). 
(54 бет) 
13.
 
Май айының жайдары, жақсы кҥні алаулап батып барады. Шақтық жақтық 
грамматикалық категория жағынан етісіп кҥрделі баяндауышқа жатады. (195 бет) 

14.
 
Тиеушілер  –  ҚазГУ  –  дің  кӛмекке  келген  студенттері.  (кімдер)  деген 
сҧраққа жауап береді.(108 бет) 
15.
 
Родина  колхозының  №3  бригадасына  дейін  60  километр.  Сан  есімдер  зат 
есім сӛздерімен тіркесіп айту арқылы да есім кҥрделі баяндауыш жасалады. (79 бет) 
16.
 
Маған  кӛлік  табылар.  Есімшелер  де  дара  баяндауыш    қызметінде 
Қолданылып тҧр. (95 бет) 
Сӛйлем  ішіндегі  баяндауыштарының  тҥрлері  мен  жасалу  жолдары  әртҥрлі 
болып  келеді,  бҧл  жазушыныңпроза  саласындағы  керемет  кӛркем  ойларының 
шынайылығы тіл шеберлігі, таным, тҥсінігінің молдығын кӛрсетеді. 
Шерхан  Мҧртаза  шығармаларының  ерекшелігі  оқиғалар  мен  фактілер  нақты, 
айқын, шын қоғамдық ӛмірден алынған, стилі қарапайым, тілі кӛркем, образы анық, 
суреттелген жайттар шығарма кӛлеміне лайықты, тҧжырымды диалогтар мен терең 
ойлар шебер берілген. 
 
Резюме 
В статье говориться об образовании ивидах сказуемых в произведениях 
Шерхана Муртазы 
Summary 
Тһе article describes the establishment and kinds of predicates in the works of 
Sherkhan Murtaza  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Г. Әбуханов «Қазақ тілі» Лексика, фонетика және морфология мен синтаксис. 1990 ж. 
2.
 
Жҧмабек  С.  Жҧлдызы  нҧрлы  суреткер.  (Халық  жазушысы  Ш.Мҧртазаның  шығармашылық 
жолы жайында) романмонолог, -Алматы: Қазығҧрт. 2002, -121. 
3.
 
Мҧртаза Ш. Алты томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығҧрт. 4 том  
 
 
ӘОЖ 811.512.122:1       
ЖИІЛІК СӚЗДІКТЕРДІҢ ТҤРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 
ф.ғ.к.,доцент Аймурзаев Ф 
магистрант Батырханова Умит 
 
Жазба мәтін - қағаз бетіне тҥскен жазба сӛзі немесе соның бір ҥзіндісі, бӛлігі. 
Мәтіндегі ой-пікірлер тек сӛйлем тҥрінде ғана айтылғанда тҥсінікті бола алады. Ал 
сӛйлем  ойды  айтып  немесе  жазып  жеткізудің  негізгі  амалы.  Сондықтан  да  мәтінді 
синтаксистік бірлік деп ҧйғаруға болады. 
Мәтіннің  негізгі  қызметі  —  жазбаша  (не  сӛйлеу)  тҥрінде  жай  немесе  кҥрделі 
мазмҧнды ой-пікірлерді білдіру. Бҧл жағдайлардың бәрі де сӛйлемдер тобы арқылы 
жҥзеге асады. Олай болса, сӛйлем - белгілі қоғам мҥшелерінің ӛзара пікір алмасуын, 
қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін мәтін бірлігінің біртҧтас тҥрі. 
Лингвистикалық атау (термин) сӛздердің мағына-мәндерін бірыңғай ашып алу - 
тілді  зертгеу  жҧмысының  ғылыми  және  сапалы  болуының  куәсі.  Осындай 
принципке  негізделініп  шығарылған  ғылыми  нәтижелер  мен  топшылаулар,  тілдік 
зандылықтар тиянақты да тҧжырымды болады деп саналады. Алайда мәтін бойында 
кездесетін  бірліктердің  бәрін  бірдей  қарастыру  қиындық  туғызады.  Сондықтан 

кӛптеген  зерттеу  жҧмыстарында  қолданылатын  лингвистикалық  атаулардың  -  сӛз, 
сӛзтҧлға (сӛзформа), сӛзқолданыс, морфема, сӛз және оның морфемалық, тҧрпаттық 
қҧрылысы  сияқты  тҥрлерінің  айырым  белгі-қасиетін  алдын  ала  білген  жӛн.  Бҧл 
атаулар  мәтіннің  (жазба  не  сӛйлеу)  не  сӛздіктердің  бірлігі  тҧрғысынан 
қарастырылады. 
Енді  жиілік  сӛздіктер  және  олардың  тҥрлері  мен  сипаттамаларына  қыскаша 
тоқталайық. 
«Сӛз»  деген  атауды  ақиқат  шындықтағы  зат  пен  қҧбылыстың  атауы,  сол 
атаудың  дыбысталуы  мен  мағына-ҧғымының  бірлігі  және  семантикалық  жағынан 
ақиқат  шындыктың  элементі  деп  тҥсінген  жӛн.  «Сӛз»  атауы  жӛнінде  айтыс 
туғызатын жаңа мәселелер бола тҥрса да, соңғы кезде қазақ тіл білімі жаңа арнаға 
тҥсіп,  дҧрыс  бағыт  алып  келеді.  Біздің  топшылауымызша,  сӛзтҧлға  дегеніміз  - 
дербес немесе кӛмекші мағыналы   сӛздің  тҥбір  тҧлғасы  мен  оған жалғанған  тҧлға 
тудырушы  морфемалардың  сан  алуан  кӛріністері.  Яғни  тҥбір  сӛздің  (негізгі 
тҧлғаның) ӛзі де, оған сӛз тҥрлендіруші грамматикалық формантгардың ҥстелуінен 
пайда болған тҧлғалар да сол сӛздің әр тҥрлі тҥрпаттары болып саналады. 
Сӛздің негізгі және туынды тҥрпатының, цифрлар мен әр тҥрлі символдардың 
және  т.б.  белгілердің  мәтінде  қайталанбай  да,  қайталанып  та  қолданылуы 
сӛзқолданыс деп аталады. 
«Сӛз»,  «сӛзтҧлга»,  «негізгі  тҧлға»  және  «сӛзқолданыс»  деген  атаулардың 
(терминдердің) лексикалық мағына жағынан ӛзара ерекшеліктері болғанымен, олар 
бір-бірімен тығыз байланыста болатын әр тҥрлі тілдік бірліктер. 
Сонымен, сӛз бен оның тҧлғаларының және сӛзқолданыстың мәтін бойындағы 
шекарасы  -  санауға  жататын  бірлік  -  екі  ашық  жер  (пробел)  арасындағы  мәтіннің 
бӛлігі (тыныс белгілерін есепке алмағанда). Бірақ мәтін бойында тек қана сӛз және 
оның  тҧлғалары  ғана  емес,  сонымен  бірге  цифрлар  (сандық  белгі)  мен  неше  тҥрлі 
басқа  да  белгілер  кездесуі  мҥмкін.  Мәтіннің  бҧл  элементгері  де  шартты  тҥрде 
сӛзқолданыс деп аталады да, олардың жиіліктерінің сӛздікте кӛрініс табуы зерттеу 
мақсатына қатысты болады. 
Тілдің стильдік салаларының лексикалық қҧрылымын статистикалық  тәсілмен 
жҥйелі  тҥрде  зерттеу  мақсатымен  жиілік  сӛздіктердің  бірнеше  тҥрін  тҥзу  (жасау) 
қажет болады. Жиілік сӛздіктердің кӛп тараған тҥрлері мынадай: 
1)
 
әліпби-жиілік сӛздік; 
2)
 
жиілік сӛздік; 
3)
 
кері әліпби-жиілік сӛздік; 
4)
 
сӛзнҧсқағыш әліпби-жиілік сӛздік (сирек қҧрастырылатын жиілік сӛздіктің 
тҥрі). 
Әліпбилі-жиілік  сӛздік.  Жиілік  сӛздіктің  бҧл  тҥрінде  зерттеу  мақсатына  сай 
таңдалып  алынған  мәтіндердегі  сӛздер  (сӛзтҧлғалар)  тҥгелімен  қамтылуы  қажет 
және  олар  бір-бірімен  салыстырылып,  әрқайсысының  қолдану  саны  анықталады. 
Осындай сандық кӛрсеткіш сӛздің (сӛзтҧлғаның) мәтін ішіндегі қолдану жиілігі деп 
немесе сӛздің «абсолютті жиілігі» деп аталады. 
Әліпбилі-жиілік  сӛздікте  кӛрініс  табатын  ең  бірінші  (қатарда)  —  сӛздік 
бірлігінің  реттік  сандары,  екінші  –  мәтіннен  бӛлініп  алынған  әр  тҥрлі  сӛздің 

(сӛзтҧлғаның)  қатаң  әліпби  тәртібімен  орналасқан  тҧлғасы  және  ҥшінші  -  сӛздің 
абсолютгі жиілігі. 
Жиілік  сӛздіктердің  толық  тҥрінде  осы  аталғандардан  басқа:  «жиынтық 
абсолютгі  жиілік»,  «қатынастық  жиілік»,  «жиынтық  қатынастық  жиілік»  және 
сонымен бірге бір топ сӛздердің мәтінді қамтуының пайыздық шамалары беріледі. 
Жиілік  сӛздіктер  жасау  (тҥзу)  арнайы  компьютерлік  бағдарламалар  кӛмегімен  іске 
асады.  Сӛздіктерді  жасау  барысының  бастамасы  сӛздік  бірлігінің  әліпби  тәртібіне 
келтірілмеген жиілікті сӛзтізбе тҥрінде алынады.  
Осыдан кейін арнайы компьютерлік сҧрыптау бағдарламасының негізінде басқа 
да сӛздіктер тҥрлері тҥзіледі. Мәселен,  әліпбилік    сҧрыптау    арқылы    «Әліпби-
жиілік сӛздік» алынады. 
Әліпби-жиілік  сӛздік  зерттеушіге  қажет  деген  сӛздің  (оның  туынды 
тҧлғаларының да) қолдану дәрежесін, яғни оның жиілігін табуға, зерттеуге алынған 
мәтіндер  лексикасының  әліпбилік  қҧрамының  статистикасын  анықтау  ҥшін  аса 
маңызды. Сондықтан, оны тілдің әліпбилік тҧрғыдағы статистикалық ҥлгісі (моделі) 
деп те атауға болады. 
Әліпби-жиілік  сӛздік  сӛздіктің  нормативті  тҥріне  жатпағандықтан,  зерттеуші 
мәтіндегі немесе оның сӛзтізбегіндегі сӛздердің (сӛзтҧлғалардың) әдеби нормаға не 
орфографиялық  жазылу  нормасына  жату-жатпауына  жауап  таба  алмауы  мҥмкін. 
Оның себебі, сӛздікте кӛрініс тапқан сӛздер (не сӛзтҧлғалар), әдетте, қалам иесінің 
(автордың) не сол шығарманы жарыққа шығарушы жауапты адамның (редактордың) 
тіл игеру дәрежесіне қатысты да болады. 
Жиілік  сӛздік.  Сӛздіктердің  «жиілік  сӛздік»  тҥрі  әліпби-жиілік  сӛздіктен 
басқаша,  дәлірек  айтқанда,  әр  сӛздің  (сӛзтҧлғаның)  қолдану  жиілігінің  дәрежесіне 
қарай орналасады: ең бірінші ретте орналасатын мәтіндегі ең жиі қолданылған сӛз 
(не  сӛзтҧлға),  екінші,  ҥшінші  ретте  орналасатын  сӛздер  -кездесу  жиіліктері  бірте-
бірте  кеміп  отыратын  сӛздер  (сӛзтҧлғалар).  Егер  бірнеше  сӛздің  (не  сӛзтҧлғаның) 
жиіліктері  тҧрақтылық  сипатта  болса,  яғни  біріне-бірі  тең  болып  келсе,  онда  ол 
сӛздер (сӛзтҧлғалар) жиілік сӛздікте әліпби тәртібімен реттеледі.  
Зерттеуші 
(мҧғалім, 
оқушы) 
әліпби-жиілік 
сӛздік 
бойынша 
ӛзін 
«қызықтыратын» сӛздің қандай жиілікте қолданылатынын немесе керісінше, алдын 
ала  «қызықтыратын»  жиілік  шамасының  қандай  сӛздерге  тән  екендігін  анықтай 
алады. 
Жиілік  сӛздік  (әліпби-жиілік  сӛздіктер  тәрізді)  әр  тҥрлі  тілдік  бірліктер  (сӛз, 
сӛзтҧлға,  сӛзтіркес  т.б.)  бойынша  жасалуы  мҥмкін.  Біздің  баяндауымызда 
қарастыратын  бірліктеріміз  негізінен  сӛзге  не  сӛзтҧлғаға  сәйкес  келетіндіктен, 
«сӛздің жиілік сӛздігі» не «сӛзтҧлғаның жиілік сӛздігі» деген сӛз тіркестер жиі-жиі 
кездесуі мҥмкін. Ал бҧл сӛздіктердің де жалпы аты - «жиілікті сӛзтізбе». 
Ана тіліміздің немесе басқа да туыстас (не туыстас емес) тілдердің әр стильдік 
мәтіндеріне  қатысты  жасалған  жиілік  сӛздіктер  сол  тілдің  лексикалық  қҧрылымын 
терең  зерттеуде,  лексиканың  жалпы  функционалдық  стильге  ортақ  бӛлігін 
ажыратуда септігі мол. 
Сондай-ақ,  жалпы  халықтық  лексиканың,  кірме  сӛздер  мен  терминдердің, 
неологизмдердің және басқа лексикалық топтардың тілдің жалпы лексика жҥйесінен 
алатын  орны  жӛнінде  де  жиілік  сӛздік  бойынша  кӛптеген  саңдық  және  сапалық 

мәліметгер алуға болады. Сӛздердің саны мен тҧлғалары арқылы тілдің лексикалық 
байлығы  мен  стильдік  ерекшеліктері  анықталады.  Мҧндай  сӛздіктерден  зертгеуші 
жаңа  сӛзжасам  жҥйесіне  қатысты  да  бағалы  деректер  ала  алады.  Сонымен  бірге, 
жиілік сӛздік мәліметтері қазақ тілін туыстас тҥркі тілдері және туыс емес тілдермен 
салыстыру — типологиялық зерттеу ҥшін де аса қажетгі екенін атап ӛткен жӛн. 
Жиілік  сӛздіктер  кҥнделікті  қолданбалы  сипатгағы  міндеттерді  шешуде  де 
маңызды. Мәселен, әр тҥрлі типтегі минимум сӛздіктерін жасауда және шет тілдерін 
(екінші  тілді)  ҥйрену  мен  оқытуға  қажетгі  статистикалық  әдістерді  қолдануда  да 
қажетгі.  Сонымен  бірге  жиілік  сӛздіктердің  тілдік  және  сандық  мәліметтері 
оқулықтар мен оқу қҧралдарын қҧрастыру ісінде тілдік материалдарды тиімді тҥрде 
орналастыруда  және  әр  қилы  лексикалық  топтар  мен  грамматикалық 
категорияларды  орынды  тҥрде  оқыту  процесінде  де  таптырмас  тілдік  қҧрал  рӛлін 
атқара алады. 
Жиілік  сӛздіктер  материалдарының  тіл  білімін  зерттеудегі  қажеттілігі  мен 
бағалылығы  жӛнінде  Л.Н.Засорина  мынадай  пікір  айтқан  болатын:  «Материалы 
частотных  словарей  исключительно  ценны  и  для  собственно  лингвистических 
исследований.  Они  оказывают  влияние  на  судьбы  традиционной  лексикографии. 
Ими  пользуются  в  решении  основной  проблемы  общей  лексикологии  -  выделение 
словарного  фонда  активного  и  периферического  словаря;  они  полезны  и  при 
изучении вопросов стилистики, семантики и литературной нормы языка». 
Жиілік  сӛздік  ӛзге  сӛздіктердің  кӛлеміне  қатысты  және  басқа  да 
лексикографиялық мәселелерді шешуде объективті негіз болатындықтан, екі немесе 
одан да кӛп тілдік аударма сӛздік пен тҥсіндірме сӛздік жасаушылар бҧл сӛздіктен 
қажетгі деректер таба алады. 
Жиілік  сӛздіктер  телефон  мен  телеграф  байланыстарын  жетілдіру  ҥшін  де, 
стенография мен полиграфия мҧқтаждықтары ҥшін де пайдаланылады. 
Сайып  келгенде,  жалпы  тҥркі  тілдерінің,  соның  ішінде  қазақ  тілінің  жиілік 
сӛздіктерін  жасау  қажет  деп  саналады,  ӛйткені  олар  кӛптеген  лингвистикалық 
мәселелерге математикалық әдістерді қолданып зерттеуге мҥмкіндік туғызады. 
Қазақ тілінің сӛз байлығын, яғни қазіргі қазақ әдеби тілінің жалпы лексикасын 
тҥгел  қамтитын  жиілік  сӛздік  әлі  жасала  қойған  жоқ.  Мҧндай  сӛздіктің 
қҧрастырылуы мен жарық кӛруі - жуық болашақтың ісі. 
 
Резюме 
В статье рассматривается виды частотного словаря и их исползовония. 
Summary 
This article is considered the tyres of private dictionary ond their using. 
   
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  Қазақ тілінің статистикасы. – Алматы: Қазақ СССР Ғылым Академиясы, 1973. Жҧбанов А.Қ. 
Қолданбалы лингвистика: Қазақ тілінің статистикасы. – Алматы,  Қазақ Университеті, 2004. 
222-227-бб.  
2.  Белботаев А.Б. Лингвостатистические характеристики частей речи казахского текста. 
Автореферат. – Алматы, 1992. 76 б. 
3.  Бектаев Қ.Б., Жҧбанов А.Қ., Мырзабеков С., Белболтаев А.Б. М.О.Әуезовтің 20 томдық 
шығармалар текстерінің жиілік сӛздіктері. Алматы-Тҥркістан, 1995.  
 

 
 
ӘОЖ 811.512.122:1       
ОМОНИМ СӚЗДЕРДІҢ ТУЫНДАУЫ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ 
 
ф.ғ.к.,доцент Аймурзаев Ф 
магистрант Аширбекова Манат 
 
Қазақ тіл білімінде алғаш рет омонимия мәселесін арнайы зерттеу нысаны етіп 
алған ғалым К.Аханов. Ғалым ӛз еңбегінде омонимдердің пайда болуының бірнеше 
жолына тоқталып ӛтеді.   
Кейбір  омонимдер  сӛз  тудырудың  лексика-семантикалық  тәсілі  арқылы  пайда 
болған.  Тілдің  даму  барысында  кӛп  мағыналы  сӛздің  мағыналарының  арасындағы 
семантикалық  байланыс  ҥзіліп,  осының  нәтижесінде  әр  басқа  екі  сӛз  –  омонимдес 
сӛздер  жасалуы  мҥмкін.  Кӛп  мағыналы  сӛздердің  мағыналарының  арасындағы 
семантикалық  байланыстың  жойылуы  нәтижесінде  әр  басқа  сӛздердің  (омонимдес 
сӛздердің)  жасалу  тәсілі  сӛз  тудырудың  лексика-семантикалық  тәсілі  деп  аталады. 
Мысалы: жабағы  1. Алты айдан асып, бір жылға толмаған қҧлын (Мысалы: Мынау 
бір кӛп сауылған биенің жабағысы еді. Ғ.Мҥсірепов); жабағы 2Қыстан қалған ескі 
жҥн  (Мысалы:  Жабағыға  тырнағы  шықпастай  болып  ілінді.  Абай).  Осы 
мысалдардағы  жабағы    деген  екі  сӛздің  шығу  тегі  бір.  Екеуі  де  бір  сӛздің 
мағыналық  жақтан  дамып,  ол  мағыналардың  бір-бірінен  алшақтауы  нәтижесінде 
жасалған [2, 152]. 
«Буылған  жҥк»  мағынасындағы  тең  (Мысалы:  Іші  толған  –  буылған  жүк, 
буулы  тең  мен  сандықтар.  М.Әуезов)  деген  сӛз  бен  «бірдей»  деген  мағынаны 
білдіретін  тең  (Мысалы:  Жер  жүзінде  ең  биік,  Жоқ  ӛзіңе  тең  биік.  С.Мҧқанов) 
деген  сӛздер  омонимдес  сӛздер  болып  саналады.  Бҧлар  да  шығу  тегі  жағынан  бір 
сӛздің лексика-семантикалық дамуы нәтижесінде жасалған омонимдердің қатарына 
енеді.  Орыс  тіліндегі  «дҥние  жҥзі»  деген  мағынаны  білдіретін  мир  деген  сӛз  бен 
«бейбітшілік»  мағынасындағы  мир  деген  сӛз  де  сӛз  тудырудың  лексика-
семантикалық тәсілі арқылы жасалған омонимдердің  қатарына жатқызылып жҥр [2, 
151].  
Аталған  тәсіл  –  тіліміздегі  ең  ӛнімді  тәсіл.  Омоним  сӛздегі  тҧлға  бірдейлігі 
кӛбіне омоним мен полисемияны бір-бірінен ажырату фактісіне қиындық келтіреді. 
ӛйткені  полисемия  да  ӛзара  шарттас  келетін  лексика-семантикалық  вариант 
жиынтығының  тҧлға  бірдейлігін  береді.  Кӛп  мағыналы  сӛздер  мен  омонимдердің 
сыртқы  форма  жағынан  ҧқсастығы  бар.  Сӛздердің  дыбыстық  қҧрылымы  жағынан 
бҧлар  нақ    бірдей  деуге  болады.  Омоним  мен  кӛп  мағыналы  сӛздердің  бір-бірінен 
ӛзгешелігі тҥр-тҧрпатында емес, мағынасында жатыр. Кӛп мағыналы сӛздердің бір 
негізден шыққандығын, ҧқсастығын бірден танып білуге болады. 
Мәселен, майда тас, майда ұн дегендерден ұсақ, уақ деген мағынаны тҥсінсек, 
майда  сӛз,  майда  шӛп  дегеннен  жұмсақ,  биязы  дегенді  аңғарамыз.  Ал  мінезі 
майда деген тіркестен  сыпайы,  кішіпейіл деген мағынаны ҧғамыз. Бҧл мағыналар 
бір ғана сӛз табына қатысты болып, бір негізден тарағандығы ап-айқын болып тҧр 
[1, 23]. 

Омонимдер  біркелкі  дыбысталып  айтылатын,  бірақ  ҧғымы  әр  басқа  сӛздер 
тобын  білдіреді.  Бҧлардың  білдіретін  ҧғымы  бір  сӛз  табына  да,  әр  сӛз  табына  да 
дара-дара  болып  бӛліне  береді.  Кейбір  омонимдердің  тҥп-тӛркіні  жағынан  белгілі 
бір  байланысы  болғанымен,  мағына  жағынан  бір-бірінен  соншалықты  алшақ 
екендігі аңғарылады. Мысалы:  Ара І. Ағаш кесетін жҧқа темірден жасалған қҧрал. 
Ара ІІ. Гҥлшырыннан бал жиятын қанатты жәндік. Ара ІІІ. Екі орта, аралық. Ана І. 
Туған шеше. Ана ІІ. Сілтеу есімдігі. Айт І. Діни мейрам. Айт ІІ. Сӛзбен ой-пікірін 
білдіру.  Айт  ІІІ.  Итті  айтақтап  қосу  ҥшін  айтылатын  сӛз  [1,  24].  Сонда  омоним 
дегеніміз  тҥрлі  себептермен,  дыбысталуы  бірдей,  бірақ  мағыналары  басқа-басқа 
сӛздер  болып  шығады.  Кӛп  мағыналы  сӛздер  омонимнің  барлық  тҥрімен  емес,  бір 
ғана  тҥрімен  тығыз  байланысты.  Бір  қарағанда,  омонимдер  бір  сӛздің  тӛңірегінде 
мағыналық  қарым-қатынасты  топтайтын  кӛп  мағыналы  сӛздерге  ешқандай 
қатынасы болмайтын сияқты. Ал зер сала қарайтын болсақ, омоним қҧбылысының 
ӛзі  бір  қатар  жағдайда  сӛздің  мағыналық  байланысының  бҧзылуы  процесіне  тап 
болып,  полисемиядан  туындайтынына  кӛз  жеткізуге  болады.  Яғни,  кезіндегі  кӛп 
мағыналы  сӛздердің  мағыналарының  ыдырауы  нәтижесінде  жасалады.  Бҧл  әрине 
барлық омонимдерге қатысты сӛз емес. Басқа да жолдармен жасалатын омонимдер 
бар. Бҧл омонимдердің пайда болуының бір жолы ғана. 
Омонимия  мен  полисемия  қҧбылысының  ара  жігін  ажыратуға  байланысты 
ғылымда бірқатар әдістер ҧсынылады. Олардың бірқатары мыналар: 
1. Дәстҥрлі тәсіл, әр алуан мағынаға синоним таңдау, яғни бҧл қҧбылыстарды 
ажыратуда  лексикалық  әдісті  қолданамыз.  Егер  алынған  синоним  сӛздердің 
арасында семантикалық байланыс болмаса (олар бір синонимдік қатар қҧра алмаса), 
онда талданып отырған сӛздер ӛзара омоним болға 
2. Екі бірдей дыбысталатын сӛзде әр алуан сӛзжасам қатарының болуының ӛзі 
олардың полисемия емес, омоним екендігін кӛрсетеді. 
3.  Полисемия  мен  омонимияны  ажыратуда  семантикалық  тәсіл  қолданылады. 
Кӛп  мағыналы  сӛз  мағыналары  семантикалық  жақта  байланыс  болып  бір  ғана 
мағыналық  қҧрылым  қҧрайтын  болса,  омонимдердің  сыңарларының  мағыналары 
ӛзара байланыссыз. Тіпті олар бірін-бірі шығарып тастап отырады.  
4. Кӛп мағыналы сӛздерді және омонимдерді ажыратудың ең бір қызық тәсілі 
жойылып кеткен «аралық топты» табу.  
5.  Морфологиялық  тәсіл.  Тҥбір  қандай  морфологиялық  бӛлшектерден 
тҧратынын  айқындау.  Егер  бірдей  дыбысталатын  сӛз  әр  алуан  сипаттағы 
морфологиялық бӛлшектерден тҧрса, онда ол омоним сӛз болғаны. 
 Полисемия  мен  омонимияны  бір-бірінен  ажырата  білу  қажет.  Бҧларды  бір-
бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде ӛте-мӛте кҥрделі мәселе болып саналады. 
Сӛздіктерді  жасауда  бірде-бір  лексикограф  (сӛздік  жасаудың  маманы)  полисемия 
мен  омонимияны  бір-бірінен  ажырату  проблемасына  соқпай  ӛте  алмайды.  Алайда, 
полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасы барлық омонимдердің 
кҥллісіне  бірдей  қатысты  емес.  Мысалы,  «ауаны  ішке  тартып,  сыртқа  шығарып 
тҧратын  дене  мҥшесі»  деген  мағынадағы  ӛкпе  сӛзі  мен  «наз,  реніш»  деген 
мағынадағы ӛкпе сӛзінің омонимдес екендігі ешбір кҥман тудырмайды. Басы ашық-
айқын  омонимдес  сӛздер  болғандықтан,  бҧлар  полисемиялы  сӛздерден  оңай 
ажыратылады.  Полисемия  мен  омонимияны  ажырату  проблемасының  қиындығы 

полисемантизмді  сӛздермен  ҧштасып,  жапсарласып  жатқан  омонимдерге  қатысты. 
Мысалы, «планетаның бір тҥрі» дегенді білдіретін ай сӛзі мен «отыз тәулік уақыт» 
немесе  «жылдың  он  екі  бӛлшегінің  бірі»  дегенді  білдіретін  ай  сӛзін 
полисемантизмді  сӛз  дейміз  бе,  омонимдес  сӛздер  дейміз  бе?  Бҧл  сҧраққа  жауап 
беру ҥшін, ең алдымен, «мағыналардың арасында байланыс бар ма, жоқ па?» дегенді 
айқындаудың  қажеттілігі  айтылып  жҥр.  Егер  мағыналардың  арасында  байланыс 
сақталып,  аңғарылып  тҧрса,  онда  ол  мағыналар  бір  ғана  полисемантизмді  сӛздің 
әртҥрлі  мағыналары  ретінде  танылады  да,  мағыналардың  арасында  семантикалық 
байланыс  ҥзілсе,  бҧл  кҥнде  ондай  байланыс  аңғарылмаса,  онда  ол  мағыналар  бір 
сӛздің  емес,  әр  басқа  сӛздердің,  яғни  омонимдес  сӛздердің  мағыналары  ретінде 
танылады. Мҧндай сӛздер сӛздіктерде омонимдес сӛздер ретінде қаралады. 
Полисемия  мен  омонимия  бір-бірінен  ажыратуда  мағыналардың  арасында 
семантикалық байланыстың жойылуы немесе жоқтығы кейде негізгі критерий бола 
алмай қалуы мҥмкін. Мысалы, тҥркі тілдерінде той  І (зат есім) – той ІІ (етістік); 
тоң І (зат есім) – тоң ІІ (етістік); кӛш І (зат есім) – кӛш ІІ (етістік) және т.б.осылар 
тәріздес  омонимдер  бар.  Бҧл  омонимдік  қатарлардың  әрқайсысының  қҧрамындағы 
есім  сыңар  мен  етістік  сыңар    лексикалық  мағыналары  жағынан  бір-бірінен 
алшақтап  кетпейді,  бҧларда  семантикалық  бірлік,  біртекстілік  бар.  Бҧларды 
омонимдер  деп  есептеуде  негізгі  таяныш  –  омонимдік  қатарға  енетін  сӛздердің  әр 
басқа  сӛз  табына  (бірінің  есімге,  екіншісінің  етістікке)  қатысты  болуы.  Сӛзде 
лексикалық мағына мен грамматикалық мағына тҥйісіп бас қосады. Сӛз ӛзінің нақты 
лексикалық мағынасынан басқа белгілі бір сӛз табының мағынасы – категорияльды 
мағынаға ие болады [2, 148].  
Сонымен сӛздер негізгі мағынасының ҥстіне қосымша мағыналар ҥстеп алады. 
Ал  ол  мағыналар  ҧзақ  қолданыстың  нәтижесінде  кей  жағдайда  тілімізде  ӛз 
дербестігін алып кетеді. Соның негізінде (кӛп мағыналы сӛздердің есебінен омоним 
сӛздер  жасалады.  Соған  орай  тіл  білімінде  омонимдерді  ҥлкен  екі  топқа  бӛлеміз: 
гетерогенді (әр текті) омонимдер және гомогенді (бір текті) омонимдер [1, 98]. 
Гетерогенді  омоним  деп  шығу  тегі  бӛлек-бӛлек,  тҧлғалық  жақтан  сӛздік 
қҧрамда кездейсоқ сәйкес келетін лексикалық бірліктерді айтамыз [1, 98 ]. 
Ал  гемогенді  омоним  дегеніміз  о  бастағы  бір  сӛзден  мағыналық  дамуы 
нәтижесінде  туындап,  ара  қатынасы  алыстап,  бара-бара  екі  сӛзге  айналып  кеткен 
лексемаларды айтамыз [1, 103]. 
Сонымен,  кӛп  мағыналы  сӛздердің  есебінен  жасалған  омонимдердің  тҥрлерін 
лексикалық  тәсіл  арқылы  жасалған  омонимдер  дейміз.  Мысалы:  Жал  І.  Жан-
жануарлардың  желкесіне  шыққан  қыл.  Жал  ІІ.  Ұзыннан  ұзын  созылып  жатқан 
белес,  қырқа.  Кӛк  І.  Кӛгерген  түс.  Кӛк  ІІ.  Аспан,  әуе.  Кӛк  ІІІ.  Кӛгеріп  шыққан 
ӛсімдік. Жылы І. Ыстық пен суықтың аралық қалпы, қан жылым. Жылы ІІ. Жылы 
қалыпқа келу, жылыну.  Ық  І.  Жауын-шашынның ӛтінен қаға беріс,  ықтасын.  Ық 
ІІ. Борасын мен дауылға қарсы беттемеу, соның ығымен қоса ығу. Сӛздің осындай 
мағыналық  жағынан  дамуы  арқылы  омонимдердің  келіп  шығуы  тілдегі  сӛз 
тудырудың бір тәсіліне жатады.  
Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сӛздердің әр тҥрлі фонетикалық ӛзгерістерге 
ҧшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған.  

Фонетикалық  ӛзгерістердің  нәтижесінде  пайда  болған  омонимдерді  айқындау 
ҥшін, сол омонимдік қатардың қҧрамындағы жеке сыңарлардың  (сӛзбердің) ертерек 
кездегі  дыбысталу  тҥрі  қандай  болғанын,  тілдің  даму  барысында  оның  дыбысталу 
жағынан қалай ӛзгергендігін, ӛзгеріске тҥсуге қандай заңдылықтар себеп болғанын 
ашып айқындау қажет.  
Сӛздердің  фонетикалық  ӛзгеріске  ҧшырап,  дыбысталуы  жағынан  сәйкес  келуі 
нәтижесінде  жасалған  омонимдік  қатардың  қҧрамындағы  сыңарлардың  (сӛздердің) 
кӛне  тҥрі  ерте  дәуірлердегі  жазба  нҧсқаларда  және  туыстас  тілдердің 
кейбіреулерінде  сақталған.  Демек,  омонимдердің  пайда  болу  жолын  айқындауда 
ерте  замандағы  жазба  нҧсқалар  мен  туыстас  тілдердегі  кӛне  формалар  бағалы 
материалдар бере алады. Мысалы, ер деген сӛздің (атқа салатын «ер» мағынасында) 
ертерек кездегі дыбысталуы, кӛне тҥрі егер екендігін байқауға болады. В.В.Радлов 
ер деген сӛздің шағатай тіліндегі тҥбір қалпы – егер, туынды тҥрі – егерле (қазақша 
ертте  дегенмен  бірдей)  екенін  кӛрсетеді.  Бҧл  сӛз  ҧйғыр  тілінде  де  егер  тҥрінде 
айтылады. Ер сӛзінің  кӛне формасы қазақ тілінің оңтҥстік диалектісінде сақталған: 
оңтҥстіктің кейбір аудандарында бҧл сӛз егер тҥрінде айтылады [1, 151]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет