Литература:
1. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранных языков М., 1977.
2. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении обучении – М., 1972.
3. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению
– М., 1985.
4. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. – М., 1983.
5. Гурвич П.Б. Основы обучения устной речи на языковых факультетах. –
Владимир, 1972.
6. Рахманов И.В. Обучение устной речи на иностранном языке. – М., 1980.
7. Скалкин В.Л. Основы обучения устной иноязычной речи. – М., 1981.
8. Clive Oxenden, Paul Seligson New English File, Oxford University Press,
2002.
Малғаздарова Б.Е.
ӘДЕБИЕТ – СӨЗ ӨНЕРІ
Әдебиет – сөз өнері. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе,
әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» деуге болады. Ол балаларға әдебиеттен
білім беріп қана қоймайды, ең бастысы, жақсылық пен ізгілік, әсемдік пен
сұлулық, кісілік қасиеттер туралы сырласуға жетелейді. Әдебиет пәні арқылы
оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюге, адамзатты құрметтеуге
тәрбиелейді.
132
Сонымен, әдеиетті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды сөз өнерінің
қыр-сырымен таныстыру, халық даналығынан нәр алғызу, халықтың рухани
байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа тәрбиелеу.
Әдебиет пәні – жан-жақты ойлантудың, терең ойлаудың пәні, яғни оқушыны
өзіндік ойлау, өзіндік пікір айтуға үйрететін пән. Басқа пәндерге қарағанда сезім,
әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы
пәнде ерекше көрінеді. Адамның жан дүниесін баурап, көзге көрінбейтін сезім
қылдары арқылы өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Сондықтан оны
оқытудың қызықтығы да, күрделілігі де осында.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем
туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны түсіне білулері
жатады. Мұғалім осы мақсатты жүзеге асырудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін
сұрыптай отырып, пайдаланады. Көркем шығарманы көркемдеп оқу әдісі үлкен
рөл атқарады. Оқу оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі
сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп танытуда, сөз
қасиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс –
алғашқы баспалдақ. Бұл әдістің негізгі түрлеріне мәтінді түсінік бере оқу,
мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу,
жинақтау, шығармашылық жұмыстар жатады.
Көркем шығарманы оқыту мен талдау әдістерін таңдап ала білу, оны
тиімді пайдалана білу - аса маңызды мәселе. Әрине, мұғалім сынып оқушыла-
рының жас ерекшелігін, білім деңгейін ескеруі қажет. «Дағдыға» айналған әдіс -
тәсілдер бір тақырыпты өткенде тиімді болса, басқа тақырыпты өткенде пайдасы
болмауы да мүмкін. Сондықтан әдіс-тәсілдерді бірлікте, үйлестіре қолдану –
оқушы еңбегін ұйымдастырудың маңызды жолы. Бұндай сабақтардан оқушы
жалықпайды, пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады.
Көркем шығарманы талдауды оқылған шығарма туралы оқушының пікірін
тыңдаудан бастаған жөн. Бұл - өз бетімен талдауға жетелейді, тілін дамытады,
шығарманы қабылдай білу, әрі оған пікір айта білу дағдыларын қалыптас-
тырады.
Әдеби талдаудың келесі сатысында көркем туындыда жазылған оқиғаның
тарихи негізіне ерекше назар аудару керек. Автор осы шығармасын не себепті,
қандай жағдайларға байланысты жазғаны туралы мағлұматты мұғалім береді.
Мысалы, 6-шы сыныпта Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер» романынан
«Балықшылар» үзіндісі берілген. Бұл шығарманың тууына қандай тарихи-
әлеуметтік жағдайлар себеп болғанын, оның негізінде жатқан тарихи-қоғамдық
мәселелерді түсіндіру өте тиімді. Бұл оқушының шығарма астарында жатқан
суреткер ойын, мақсатын ашуына бірден-бір жол болады.
Тағы бір тиімді тәсілдердің бірі – туынды туралы ғылыми зерттеулерден,
мақалалардан үзінділер оқу. Мысалы, Махамбет Өтемісұлы шығармаларын
талдау алдында сол кездегі тарихи жағдайлар, көтерілістің шығу себептері
туралы тарихи деректерді, Махамбет поэзиясы туралы ғалым - әдебиетшілердің
(мысалы, Қ.Жұмалиев) пікірлерінен үзінді оқу тиімді. Көркем туынды компози-
циясын талдау тәсілінің келесі бір сатысына кейіпкерлердің іс-әрекетін салыс-
тыру, негізгі оқиғаларды сұрыптау, портрет, суреттеулердің көркем туындыдағы
орнына тоқталу жатады.
133
Жазушы стиліне талдау жасаудың маңызы сол, ол туынды негізінде
жатқан авторлық көзқарас, идеяны ашуға көмек жасайды. Жазушы стилі
дегенде, ең алдымен, оның көркем тілі, поэтикалық бейнелер жасауы, жалпы
халық тілін меңгеруі, сол арқылы әдеби тіл жасауын айтуға болады.
Сонымен бірге, талданған көркем шығарманың әр түрлі нұсқасы туралы
сөз қозғау да сол туынды негізінде жатқан проблема – идеяны ашудағы бір тәсіл
болып келеді. Мұнда жазушы қолжазбаларының барлығын емес, ең басты-басты
деген мәселелерге орай салыстыру жұмыстарын жүргізген жөн.
Тиімді тәсілдердің бірі – суреткердің бір шығармасын басқа автордың
шығармаларымен салыстыру. Мысалы, Абайдың «Жаз» өлеңі мен Мағжан
Жұмабаевтың «Жаз» өлеңі. Екі ақынның өлеңдеріндегі үндестік пен айырма-
шылықты мәтіннен тапқызып салыстыра оқыту оқушыны байқампаздыққа,
ізденімпаздыққа дағдыландырады.
Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен
еңбек, бірлескен шығармашылық орын алуы керек. Көркем шығарманы талдау
жұмысы білім беру ғана емес, баланың бойына нәр себетін, өмірге дайындайтын
құрал деп түсінген жөн.
Примбетова М.Б.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тіл мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түспейтін құбылыс ретінде
қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болуда. Тілді үйрену үйренушінің ерік-
жігеріне, қаншалықты мақсатшылдық талабы жоғары болуына қатысты. Бүгінгі
күні Қазақстанда ақпарат құралдары және жаңа технологияны игеру саласында
өзге ұлттың өкілдерінің жиі араласуы қуантарлық жайт. Бұл жаңашылдық ХХІ
ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық,
мәдени өмірінде үлкен өзгерістердің болуы күн санап оңынан танылуда. Респуб-
лика өмірінде жүргізіліп жатқан түрлі өзгерістер мен нақты реформаларды
жүзеге
асыруға
байланысты
күрделі
міндеттердің
орындалуы
барша
қазақстандықтарға тікелей қатысты және сол ұлты басқа, мақсаты ортақ халық
өкілдерінің тікелей қатысуымен жүзеге асуда. Адам қоғамнан тыс ешкім өмір
сүрмейтіні сияқты қазақ елінің аумағында мемлекеттік тілді үйрену мен өзге ұлт
тілдерінің де дамуы оқып-үйренумен жүзеге асатын құбылыс.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан сәттен бастап елімізде жаңа қоғамның
талаптарына сай кешенді де жүйелі түрде мемлекеттік тіл саясаты жүзеге аса
бастады.
Еліміздегі тіл саясатын іске асырудағы басты құжаттың негізгі міндет-
терінің бірі – мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқарудағы негізгі тіл ретінде
қолданылуын қамтамасыз ету болатын, ол игі бастама өз нәтижесін беріп келеді.
Әдетте, тілдің дамуы – оның қоғамдық қызметінің өсуімен байланысты. Қазір
тілдің қоғамдық-саяси өміріндегі аясын кеңейту, дамыту мақсатында түрлі
шаралар жасалып жатыр. Солардың бастысы - қазақ тілінде іс жүргізуге көшу
134
болатын. Еліміздің барлық оқу орындарында мемлекеттік тілде іс жүргізу
пәнінің оқу процесіне енуі 1998 жылдан басталып, орта және арнайы, жоғары
оқу орындарында жүргізілуі өзі қазақ тіліне деген мемлекеттік қамқорлық десек
болғандай. Айтса, айтқандай, Қазақстанды ортақ үйім деп білетін түрлі ұлт
өкілдері мемлекетті құраушы қазақ халқының ана тілінің көсегесінің көгеруін
мансұқ тұтса, үйренуге талпынып, күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздерден
бастап, қызмет орнында қолданылатын ресми құжат тілі деңгейіне айналдыру
үшін қазақ тілінің бай мұрасымен сусындауы қажет. Алғашқы кездері ресми іс
жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау
мақсаты көзделсе, қазіргі таңда қатары молайған бағдарламалар мен
нормативтік актілер мемлекеттік тілді дамыта үйренуді көздейді. Бүгінде
мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен
кәсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру,
қысқасы, құжат айналымын іске асыру біршама оң қадамдар жасай бастады.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін толықққанды жүзеге асыру үшін осы
саладағы істер жандана бастады десек, артық болмас. Осындай игі істің басы-
қасында қазақ тілі мамандары мен тілді үйретуші жаңашыл ұстаздар мұрындық
болуда.
Қазіргі күні қазақ тілінің даму қарқыны күннен-күнге дерлік айқын
байқалып келеді. Қазақ тілін үйрену үрдісінде бұрынғыдан өзгеше жаңа бағыт
алу танылып отыр. Бұл - құптарлық және қуанарлық ізгі іс-әрекеттер.
Қазір ғылыми-техникалық прогресс пен өркениеттің даму заманы, жаңа
технология мен инновация терминдерінің білім беру саласында мықтап
санамызға қонған кезеңі. Бұл білім беру саласын компьютерлендіру және
интерактивтік тақталарды тиімді қолданумен тікелей қатысты. Бүгінгі заманның
жастары бойында әлемдік озық тәжірибелер арқылы дамыта оқыту - уақыт
талабы. Мемлекеттік тілді дамыта отырып, мемлекеттік тілде жүргізілетін
барлық пәндерді үйренушінің қабілетіне қарай жіктеп, ой-санасынан орын
алатындай дәрежеде бере білу қажет. Сондай-ақ осы талапқа сай, қазақ тілі
сабақтарын компьютер арқылы жүргізу ең алдымен мектепте оқушының,
жоғары оқу орындарында студенттердің ынтасын арттырады. Өйткені заманына
қарай адамы демекші, қазіргі жастар техникаға жақын және олардың
мемлекеттік тілді жедел үйренуіне әсері мол, яғни тиімді тәсілдердің бірі деуге
болады. Сабақты тиімді өткізудің әдістері мол, тәсілдері сан алуан. Дегенмен
мемлекеттік тілді орыс аудиторияларында үйрету үрдіс алған жағдайда,
оқытушы тыңдаушының қабілет деңгейін ескере отырып, дамыта оқытуды
көздейді. Бұрынғы, дәстүрлі көрнекіліктердің: түрлі сызба-нұсқалар мен
кестелердің қолданылуы, үлестірмелі дидактикалық тапсырмалардың барлығын
осы компьютер жүйесі арқылы тиімді пайдалануға болады.
Қазақ тілін оқыту процесінде компьютерді қолданудың өзіндік ерекше-
ліктері бар. Ең алдымен студенттердің қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын
арттырады. Студенттер теориялық білімін өздерін-өздері тексеру арқылы
арттыра
алады,
сабақта
қолданылатын
жаттығулар
көлемі
ұлғайып,
студенттердің ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды, студенттер ізденіп өз
беттерінше бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады. Сондықтан
бүгінгі күн талабына сай қазақ тілі пәнінің деңгейін арттыру үшін сабақтарда
135
компьютер мен интерактивті тақталарды жиі қолдану өте тиімді. Сонымен қатар
мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне, мемлекеттік қызметшіге үйрету
барысында немесе жоғары оқу орындарында студенттерге дамыта оқытуда естен
шықпайтын бір нәрсе – тіл дамыту мәселелері. Тіл дамыту арқылы студенттің
немесе тіл үйренушінің ой-өрісін дамыту, яғни ең алдымен дұрыс сөйлеуге
үйрету, егер дұрыс сөйлем құра алса, үйренуші өз білгенін еркін жеткізеді, өз
ойын дамытады. Мелекеттік тіл деп айдар қойып, мәртебе берілген қазақ
халқының ана тілі-қазақ тілін оқып-үйрену – қазақ халқының рухани мол мұра-
сын игеру, терең тағылымға толы тарихын тану деген сөз. Сөз жоқ, қазақ даласы
кемеңгерлері мен ойшылдарының ой-танымы қайнарынан сусындау деген сөз;
қазақ даналары мен ғұламаларының інжу-маржан сөздері мен жақұт ойларынан
нәр алу және сол арқылы мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін ояту.
Дәстүрлі сабақ – ол студенттермен өтетін ауызекі сабақ десек, олардың
коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін дамыту, қазақ тілінің қыры мен сырын
білдіру, алған білімдерін әртүрлі жағдаяттарда, іс жүзінде пайдалана білуге
дағдыландыру. Сабақта өтілетін тақырыптар аясында сөздік қорын арттыра
отырып, студенттер мен тіл үйренушілерді сұрақ-жауап құра білуге, құрбыла-
рымен түрлі тақырыптарға сөйлесе алу, берілген сөздермен сұқбат құру, күрделі
сөйлемдер құрастыру үнемі жүргізілетін жұмыс түріне жатады.
Қазіргі Қазақстан білім ошақтарында әлемдік озық тәжірибелерді тиімді
енгізу игерілуде. Соның бірі – кредиттік оқыту жүйесін енгізу, сол арқылы
студенттердің сабақтағы іс-әрекетін, ізденісін, өз бетімен жасайтын жұмыс
мемлекеттік тілді игеруге бағыттау ұстанымдары жүзеге асуда. Білімді
тексерудің тиімді әдісі – педагогикалық мониторинг қарқынды қолданылуда.
Яғни Кеңестік дәуір кезеңіндегі дәстүрді сабақ үлгісінде жүргізуді тіл мен
әдебиет және басқа пәндерді оқытудың теориясы мен әдістемесіндегі
инновациялық технологиялармен алмастыру, сол оқыту саласындағы мәселелер
мен оларды шешу жолдары қарастырылуда. Атап айтқанда, кредиттік оқыту
жүйесінің талаптарына сай студенттің өздік жұмысы білім беру кезіндегі
дидактикалық тапсырмаларды орындау процесінде, білуге қызығушылығын
қалыптастыратын және белгілі ғылым саласы білімін толықтыратын ерекше
оқыту түрі. Студенттердің өз бетімен жасайтын жұмысы – практикалық
тапсырмаларды игеру кезінде логикалық ойды дамытуды қамтамасыз ететін,
шығармашылық белсенділікпен оқу материалын меңгеру кезінде студенттің
ізденушіліке икемделінуі. Кредиттік оқыту жүйесінің 2/3 бөлігі студенттің
студенттің өз бетімен жасайтын жұмысынан тұратыны белгілі, яғни білімнің
негізін студенттің ерік-жігерін өз бетінше іздену, білуге деген қызығушылықққа
бағыттай отырып, қалыптастыратынын ескерсек, әрбір жеке пән бойынша өздік
жұмысты кең көлемде дамытудың бағыттарын ұстанымдарын айқындап,
Қазақстандағы жоғары оқу орындары студенттеріне ұсынып отырудың кез
келген жаңа ақпаратты оқып білуіне, оны терең түсінуіне көмекші болары анық.
Студенттің өз бетімен жасайтын жұмысының түрлері, формалары, әдіс-тәсілдері
туралы ТМД мемлекеттерінің ғалымдары еңбектерінен кездестіруге болады.
Студенттердің оқу процесі және оқу материалын игеруін бақылау
формасының бір түрі - жоғарыда атап өткен педагогикалық мониторинг.
Педагогикалық мониторингтің жалпыға бірдей белгілі бақылаудан
136
айырмашылығы – студенттің білімділік деңгейімен оқыту жағдайын үздіксіз
қадағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және таратуды
ұйымдастыру. Сондай-ақ педагогикалық мониторинг оқу және оқыту, білімді
игеру дәрежесін анықтау мүмкіндіктерін береді. Бұл тиімді әдіс мемлекеттік
тілді оқытудағы ізденістер мен жаңа бағыттарды да анықтайды.
Білім беру ісін инновацияландырудың мақсаты – Қазақстанның білім беру
жүйесін кірістіру, жаңа заманға лайықты өмір сүре алатын адамдарды тәрбие-
леу. Осы орайда, Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университеті жалпы тіл
білімі және аударма ісі кафедрасының қазақ тілі оқытушылары мемлекеттік тілді
игерту мақсатында түрлі диагностикалық әдістерді, яғни тестілеу, сауалнамалық
әдістерді, бақылау жұмыстарын жиі қолданатындығын атап өткіміз келеді.
Қазақ тілі сабақтарында тестілеу әдісі – студенттердің білім деңгейін
тексеруде маңызды, тиімді және негізгі әдіс болып отыр.Себебі, алдын-ала
дайындалған тест тапсырмаларын орындауға уақыт аз кетеді және оқытушының
да студенттің де уақыты үнемделеді. Бұл әдістің тағы бір тиімділігі: тест тек
білімді тексеріп қана қоймайды, оқыту функцияларын да атқарады. Өйткені
әрбір тест бақылауынан кейін студенттің білімі тереңдей түседі, себебі студент
дұрыс жауапты іздеп, қайталап оқиды және пысықтайды.
Кредиттік оқыту бағдарламасымен білім алатын студенттердің ұтатыны:
біріншіден, өздік жұмысты орындауда іздену мен шұғылданудың рөлі зор;
Екіншіден, өздік жұмыстың кез келген түрін іске асырғанда жауапкер-
шілікті сезінетінін және уақытты бағалауды үйренетіндігі;
Үшіншіден, студенттердің өз бетімен меңгерген білімі есте нақты
қалатыны, қызығушылығы артып, іскерлікке үйренетіндігі. Бұл сөз жоқ,
мемлекеттік тілді дамыта оқытудың бір мүмкіндігі болып табылады.
Студенттердің білім деңгейінің төмендігі ең алдымен оқытушының
кәсіптік деңгейінің талапқа сай болмауында екенін мойындаған әрбір оқытушы
өзінің кәсіптік білімін, жан-жақты шеберлігін, іс-тәжірибесін күнделікті іздену,
сабақ барысында толықтырып, жетілдіріп отыруға тиісті. Осыдан келіп,
«мониторинг» терминнің қандай бақылау әрекеті екені айқындалады, яғни
мониторинг дегеніміз – «оқытушы - студент» жүйесіндегі студенттердің білім
деңгейін дамытуда, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін
жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті екендігін көреміз.
Тестің деңгейлік күшінің болуы - әр студенттің тапсырмаларды өз білім
дәрежесіне сәйкес орындауына жағдай туғызатын талап. Егер студенттердің
басым көпшілігі тесті түгел орындаған немесе орындай алмаған жағдайда тестің
деңгейлеу күші төмен болғаны және тест тапсырмаларының дұрыс құрастырыл-
мағанын көрсетеді.
Білім саласында дамыту және жаңа заман талабына сай ету білім саласы
қызметкерлеріне /мұғалім, оқытушы/ тікелей байланысты. Өркениеттің көші
алға жылжыған сайын білім саласының көкжиегі кеңейе түсетіні ақиқат. Қазір
алға басушылық жаңа технологиялар саласында кең өріс алып отыр. Мемлекет
жастардың білім алуда тек жаңа технологияларды меңгерумен ғана шектеліп
отырған жоқ. Қазір жаңа заман жастары өздері қалаған мамандықты игеріп,
өзіне ұнайтын кәсіппен шұғылдануға құқылы және осы салаларда да мемлекет-
тік тілді дамыта оқытуға көңіл бөлінуде. Алайда, бүгінгі күні жоғары оқу
137
орындарындағы инновациялық технология құралдарының үрдістері, ақпарат-
тық-коммуникациялық технология құралдарының қолданысын есепке алмаған-
да, ғылыми –педагогикалық әдебиеттерде кеңінен өріс ала алмай да отырған
жайлар кездеседі.
Қазіргі заманғы жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру
үрдістерін басқару тұжырымдамасын даярлау мақсатында инновацияның
дамуын тежейтін себептер мен олардың кері әсерлерін түсіну өте маңызды. Бұл
мәселе аймақтық жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру
үрдістерін қалыптастыру саласында байқалады. Алайда мемлекеттік тілді оқыту
қаладан алыс аймақтар мен алыс-жақын елді мекендерде оқыту үлкен қиындық
туғыза қоймайтындығы белгілі. Қазақ тілінің қайнарынан нәр алып, ана тілінің
қаймағы бұзылмаған отбасынан шыққан әрбір қазақ өз тілін еркін меңгереді. Ал
біз сөз етіп отырған тақырып қала жағдайында білім алып жатқан студенттер
мен мемлекеттік қызметшіге, сондай-ақ тіл үйренушіге тән құбылыс болып
табылады. Мемлекеттік тілді оқып-үйрену - үйренушінің ынтасы мен пиғылына,
азаматтық арына жүктелетін іс-әрекет. Дала даналалары мен ойшылдарының
білім және тәрбие жайлы қалдырған тағылымдарын сана сүзгісінен өткізе
алатын әрбір ересек Қазақстан азаматы: ол студент немесе мемлекеттік
қызметші болсын білім мазмұнын жаңғыртудың әдіснамалық негіздеріне
сүйенеді және сенеді.
Тілді үйренушінің ділі адал, тілі таза болса, мемлекеттік тілді үйренуде
қиындықты жеңетіні анық. Мәселе - үйренушінің талап-тілегінің зор болуында.
Жоғарыда атап өткен инновациялық технологиялар үрдісін мемлекеттік
тілді оқытуда дамыта қолдану арқылы үйренушінің қызығушылығын арттыру,
ынтасы мен ізденісін нығайту басты мақсат болып қала бермек.
Қазіргі кезеңде елдердің бәсекелестік күш-қуаты және болашақ даму
мүмкіндіктері олардағы табиғи ресурстардың молдығымен ғана емес, ең
алдымен, адам капиталымен, яғни қоғам мүшелерінің рухани-интеллектуалдық
және мәдени әлеуетімен, инновациялық технологияларды ұтымды пайдалана
алуымен анықталып отырған кезеңде адам капиталы арттырылмай, елдің еңсесі
көтерілмейді. Ал бұл мәселені шешетін бірден-бір фактор - білімді дамыту. Ал
ол мемлекеттік тілді оқытуда тек қазақ тілі оқытушылары мен ұлағатты
ұстаздарының қолынан келетін іс деп білеміз.
Қорыта келе, білім беру жүйесін дамытудың ең басты ерекшеліктеріне –
білім беру технологиялары, білім беру саласындағы экономикалық механизмдер,
дәріс беру және оқыту әдістері мен тәсілдері, білім беру саласындағы ұйымдық
құрылымдарға енгізілетін инновациялар жатады десек, мемлекеттік тілді
оқытудың бүгіні мен болашағы жоғарыда айтылған мәселелерден бөліп алуға
болмайтынын да айта кеткен жөн.
Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің мәртебесі заңмен қорғалып, қазақ
жерінде салтанат құруы барысында шынайы ізденістер мен жаңалыққа толы
өркениетті жаңа бағыттар керек.
Бұл ұлтжанды үйретуші мен қазақ тілін құраушы ұлтты құрметтейтін
үйренушіге тікелей қатысты десек болғандай.
138
Пайдаланылған әдебиет
1. Матюшкин А.М. Проблемные ситуации в мышлении обучении – М., 1972.
2. В.В. Давыдов. «Дамыта оқыту технологиясы». М., 1980.
Утеубаева А.З.
УРОКИ ОБОБЩЕНИЯ И СИСТЕМАТИЗАЦИИ ЗНАНИЙ
Контроль знаний является одним из важнейших элементов урока. С его
помощью устанавливается обратная связь, позволяющая учителю вести
наблюдение за уровнем освоения учащимся программного материала. В системе
контроля значительное место занимают уроки обобщения и систематизации.
Они проводятся вместо традиционных уроков повторения, после которых
знания школьников часто остаются разобщенными, не связанную в строгую и
четкую систему. На этих уроках проверяется умение учащихся подводить
частные явления под общее правило, поэтому проверка знаний не должна быть
механическим повторением ранее изученного. Учащиеся должны показать,
научились ли они осознавать взаимосвязь явлений языка, его структуру,
закономерности, т.е. могут ли они привести свои знания в определенную
систему. Постановка на уроках систематизации и обобщения ранее изученного
подобных задач и успешное их решение способствует формированию у
школьников диалектического мышления.
Уроки обобщения – это, по существу, уроки русского языка в старших
классах. Задача уроков русского языка в старших классах казахской школы -
повторить и закрепить те знания и навыки, которые получили учащиеся в V – IX
классах при систематическом изучении курса грамматики. Однако для прочного
закрепления знаний важно провести повторение грамматического материала на
новом высшем уровне. Этот новый уровень будет достигнут тогда, когда,
повторяя, учитель подведет учащихся к обобщению и систематизации
материала.
Элементы обобщения постоянно сопутствуют работе по языку. Когда мы
воспроизводим в памяти учащихся правило правописания падежных окончаний
существительных 1-го склонения, например, в предложном падеже, мы
повторяем учебный материал. Повторив это правило и сопоставив его с
правилами правописания окончаний в том же падеже существительных 2-го и 3-
го склонений, мы делаем вывод о сходстве и различии в написании
соответствующих падежных окончаний и о способах их распознавания. В этом
случае имеют место элементы обобщения.
Выбор и формулировка темы обобщающего урока зависит от подготов-
ленности учащихся, умения работать над материалом самостоятельно, характера
ошибок в их работах и других условий.
При объяснении нового материала в старших классах я часто практикую
подачу материала блоком. Например, глава «Грамматическая основа
139
предложения (Сөйлемнің грамматикалық негізі)» в 7-ом классе включает в себя
14 параграфов. Я делю эту главу на 2 блока:
1-й блок – 6 параграфов (Подлежащее и способы его выражения -
Бастауыш және оны білдіру тәсілдері)
2-й блок – 8 параграфов (Сказуемое - Баяндауыш)
При объединении материала в блоки для одновременного предъявления
учитываются принципы практической направленности, учета родного языка
учащихся.
При подачи материала блоком использую идею опоры (опорную схему).
На первом уроке идет совместная с учителем работа по разбору основных
теоретических, т.е. грамматических положений учебника с опорой на знания
учащихся по родному языку (сопоставительный метод). Полученные знания
фиксируются в грамматических тетрадях учащихся в форме опорной схемы.
Например, по теме «Простое предложение».
Достарыңызбен бөлісу: |