Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік



Pdf көрінісі
бет26/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50

Ключевые  слова:  молодежь,  ценность,  идеология,  традиции,  нравы,  мораль,  вера,  единство,  прощение, 
зрелость,  дух, страсть.  
 
Summary 
The direction of development of youth culture 
Sandykbaeva U.D. – PhD, Senior Lecturer, Faculty of Pre-University Education KazNU named by Al-Farabi, 
sandykbaeva@mail.ru 
Aytuarova B.M. – Senior Lecturer, Faculty of Pre-University Education, Candidate of Social sciences 
Arystanbekova K.D. – highest teacher of the Faculty of Pre-University Education, dankura@mail.ru 
Kazakhstan - is located in the heart of  Eurasia. Here begins the crossroads of cultures since ancient times, as young 
people are an integral part of the future of the country, their state, their spiritual values and patriotic education plays an 
important role. At the present time one of the new challenges is to weigh and acceptance of different cultural trends and 
values  that  emerged  with  independence.  Kazakh  nomadic  life  not  only  explains  the  world  of  folk  wisdom,  but  also 
teaches to live in accordance with the vernal world. 
Keywords: youth, value, ideology, traditions, customs, morals, faith, unity, forgiveness, maturity, spirit, passion. 
 
 
ƏӨЖ 327.58(575.12) 
 
ФЕРҒАНА АЛҚАБЫ ШЕКАРАСЫНЫҢ 1917-1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ МЕЖЕЛЕНУІ 
 
Шұқыжанова А.Н. – Л.Н. Гумилев атындағы Е У,Айма<тану кафедрасыны  докторанты, 
аза<стан Республикасы, Астана <. E-mail: aiym.shukizhanova@gmail.com 
 
Мақалада  Ферғана  алқабының  XX  ғасырдың  басындағы  шекарасының  межелеу  үрдісі  қарастырылады. 
Автор  не  себепті  Кеңес  билігі  Ферғана  алқабын  тəуелсіз  экономикалық  жəне  мəдени  тұтастық  ретінде  саяси 
картадан кетіріп үш одақтас республикаға бөлгендігіне сараптама жүргізеді.  Алқап шекарасын анықтау  кезін-
дегі Кеңес үкіметінің мақсаты, аймақ халқының жаңа территорияларына қатысты наразылықтары мен ұстаным-
дары да назардан тыс қалмайды.  
Түйін  сөздер:Ферғана  алқабы,  ұлттық  территориалды  межелеу,  Кеңес  билігі,  Өзбекстан,  Қырғызстан, 
Тəжікстан, шекара 
 
Ферғана  алқабының  шекарасының  белгіленуі  Кеңес  үкіметінің  1917  жылғы  жеңісінен  кейін 
басталды. Большевиктер билікке келген кейін бұрыңғы Ресей империясының жері болып табылатын 
Орта  Азияда  өз  позицияларын  нығайту  үшін  ұлттық  жəне  əкімшілік  шекараны  қайта  құру  немесе 
межелеу қажет болды. Бұл аймақтағы бақылауды күшейту жəне модернизациялауды жүргізудің тап-
тырмас  тəсілі  болатын.  1920  жылдарыТ.  Рысқұлов  «Түрік  республикасын»  құру  туралы  жоспарын 
жариялағаннан  кейін  Мəскеу  Түркістанды  бірнеше  этнос  немесе  ұлттарға  бөлу  қажет  деп  есептеп 
талқылай бастады. В.И. Ленин былай деп жариялады: 
1.  Түркістанды  Өзбекия,  Қырғызия  жəне  Түркмения  болып  бөлінетін  (этнографиялық)  картасын 
даярлау; 
2. Одан кейін осы үш аумақты біріктіру немесе бөлу мүмкіндігін анықтау. 
В.И. Ленин бұл əрекеттерді мұсылман элиталарының бірігуін тоқтату үшін ұсынды. Кеңес үкіметі 
ол кезде шекараны қайта құру шешімін қабылдамай өзбектер мен түркмендерді ұлттық топтастықтар 
ретінде көретін жəне ресми институттарда да солай қарастыратын [1].  
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
171 
«Ұлттардың  өзін-өзі  анықтау  құқығы»  мен  əкімшілік  жəне  экономикалық  өмірді  ұйымдастыру 
арасында  тиімді  баланс  табу  əрекеті жалғасып  жатты.  1922  жылы  үкімет  Түркістан  Республикасын 
əкімшілік  бөлу  туралы  жоспар  даярлады.  Сол  жылы  Жетісудың  Кеңес  жəне  Коммунист  Партиясы 
мен Сырдария аймағының белсенділері қара-қырғыз өзін – өзі анықтау құқығына ие болуы керектігін 
жариялады. Осы халыққа жеке əкімшілік бірлік құру мақсатымен «Таулы облыс» деп аталатын жаңа 
жоба  жасалды.  Алайда  көптеген  талқылаулардан  кейін  бұл  жоспар  жүзеге  аспады.    1923  жылы 
Ферғана алқабының коммунистері Ташкентке Түркістан Републикасына кіретін Ферғана автономды 
облысын құру туралы ұсыныс жіберді. Ташкент бұл ұсынысты қолдамай, «саяси қателік» деп тапты. 
Сонымен  қатар  жергілікті  билік  территориалды  басқару  мəселесін  этнос  немесе  ұлтқа  қатысты 
қарастырмайтындығын  мəлімдеді.  Шекараны  қайта  құру  мəселесі  Ташкент  пен  жергілікті  билік 
арасында билік, ресурс жəне өкілеттілікті бөлісуге қатысты тартыстан кейін пайда болды [2].   
Шекараны  этнос  немесе  ұлт  бойынша  қайта  құру  идеясы  Орта  Азиядан  емес  Мəскеуден  келді. 
Алғаш 1923 жылдың аяғында пайда болды. Бұл жолы Бұқара Республикасы жəне Хорезм Республи-
калары  Түрікстан  Республикасымен  қоса  талқылауға  салынды.  1924  жылдың  көктемінде  орталық 
үкімет  жергілікті  элитаға  осы  реформалардың  маңыздылығын  түсіндірді.  1924  жылы  12  маусымда 
Ресей Коммунистік Партиясының Орталық Коммитеті Политбюросы «Орталық Азия Республикала-
рының Ұлттық межеленуі» туралы резолюциясын қабылдады. Бұл құжат бұдан ары қарайғы межелеу 
үрдісінің негізі болды.  
Шекараны межелеудегі негізгі жоспар Орталық Азиядағы мемлекеттік құрылымдардың террито-
риясынан мықты ұлттық одақтас республика – Өзбекстанды құру болатын. КСРО құрамына одақтас 
республика болып кіретін Түркмен Республикасына аймақ территориясының басқа бөлігі кіру керек 
болды.  Басқа  аумақтар  1920  жылдан  Ресей  Кеңестік  Федеративті  Социалистік  Республикасының 
құрамында  автономды  ұлттық  республика  болып  табылатын  Қырғызстанға  кірді.  Сонымен  бірге, 
Өзбекстанқұрамына  кіретін  –  Тəжік,  Қырғызстанға  кіретін  Қарақалпақстан  жəне  Қырғызстанға  не 
РКФСР құрамына кіретін Қара-Қырғыз автономды аймақтарын құру жоспарланған болатын [3].  
Ұсынылған  жаңа  республикалардың  шекарасын  белгілеу  Ресей  Коммунистік  Партиясы  Орталық 
комитетінің Орталық Азия Бюросына тапсырылды. «Территориалды комитет»  Бюросының басшысы 
Исаак  Зеленский  болғанымен  бүкіл  жұмысты  оның  орынбасары  Отто  Карклин  атқарды.  Жобаға 
И.Сталин  жетекшілік  етті.  Комитет  құрамында  өзбек,  түркмен,  қырғыз  жəне  қара-қырғыз  Уақытша 
ұлттық бюросы (ұлттық комиссия), сонымен бірге тəжік жəне қарақалпақтық подкомиссия құрылды [4].  
Зеленскийдің  «территориалды  комитетінде»  қазақтар  (Ходжанов,  Асфендияров,  Кучуковский, 
Амбеков), өзбектер (Рахымбаев, Исламов,  Ходжаев, Сегізбаев, Максумов, Манжара, Султан-Кары), 
түркмендер  (Найтаков,  Атабаев,  Назаров,  Паскутский),  қырғыздар  (Тоқбаев,  Айдарбеков,  Абдрах-
манов,  Құдайқұлов,  Сулембеков,  Липатов),  аздаған  тəжіктер  (Хаджибаев,  Иманов)  жəне  қарақал-
пақтар болды. Жоспарлау үрдісі қиынға соқты. Талқылауға қатысқан барлық мүшелерге үрдіс аяқтал-
ғанға  дейін  ешқайда  баруға  жəне  шығуға  тыйым  салынды.  Талқылаулардағы  мəселелер  мен  үрдіс 
кезіндегі қарсылықтар басшылар ортақ мəмілеге келгенге дейін жариялауға құқықтары болмады.  
Шын мəнінде межелеу үрдісі Большевиктер мен Орталық Азия элиталары арасында қайшылықтар 
туғызды. Аймақта жаңа шекараны межелеу үрдісі билік пен ресурстарды бөлуге əкелді. Жас бухар-
лықтар  жəне  Түркістан  мұсылмандары  реформашылары  «біріккен  Түркістанды»  құруды  қалады. 
Бұхара  мен  Түркістан  территориясында  (Хорезм  кейінірек  қосылды)  Өзбек  КСР-нің  құрылуы 
жеңілдіктер  əкелді.  Жаңа  мемлекетті  құрушылар  Ташкентті  астана  қылмай  ескі  қала  Самарқанды 
таңдады.  Өзбек  КСР-ін  қазақ  жəне  түркмен  жерлерінен  бөлу  арқылы  өзбек  басшыларының  пантү-
ріктік амбицияларына  тосқауыл қойды.  Əкімшілік  бөлуден кейін  көшпенді  мəдениеттен  отырықшы 
мəдениетке біртіндеп өте берді, бұл өз кезегінде көшпенділерді орыстандыруға жəне модернизация-
лауға септігін тигізді. Комиссия орыстанған Ташкентті Қазақ КСР – іне беруді қарастырғандығын да 
атап өткен жөн [5].  
Алқапта  Қарақырғыз  автономды  облысының  шекарасы  ең  даулы  мəселелердің  бірі  болды. 
Соңында облысты РКФСР – ге не жаңадан құрылған Қазақ АКСРм- іне беру туралы шешім қабыл-
данды.  Бұл  мəселе  1922  жылдан  бері  қызу  талқыланды.  Бұлай  шешілуіне  жеке  əкімшілік  бірлікті 
алуды көздеген қырғыз белсенділерінің орталық үкіметтен идеологиялық жəне жеке қолдау табулары 
себеп болды.  
Өзбек  тарапының  ұлттық  шекараға  қатысты  өз  ұстанымы  болды.  Олар  Қарақырғыз  автономды 
облысын  құру  мен  Ферғана  алқабының  кейбір  жерлерін  РКФСР-  ге  беруге  келісті.  Бұл  келісім 
қазақтарда  көз  тіккен  Ташкент  мəселесіне  қатысты  ойынның  бір  бөлігі  болуы  мүмкін.    Тянь-Шань 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
172 
тауы  мен  Алай  алқабындағы  экономикалық  тиімсіз  аумақтардан  бас  тартып  өзбек  тарапы  басқа 
аудандарға  қатысты  өз  талаптарын  орындатуға  үлкен  мүмкіндік  алды.  Осыдан  кейін  өзбектерді 
барлық  территорияны  өздеріне  қалтырғылары  келіп,  жеңілдіктерге  бармайды  деп  айыптау  мүмкін 
емес болды.  
Ферғана  алқабын  өзбек  жəне  қарақырғыздікі  деп  бөлу  үрдісі  шекараға  қатысты  бірнеше  мəселе-
лерге  əкелді.  Біріншіден,  сол  жердің  тұрғындарының  қайсысын  «өзбек»  пен  «қырғызға»  жатқызу 
керек  жəнелингвистикалық,  мəдени  бірегейліктеріне  «өзбек»  не  «қырғыздарға»  сəйкес  келмейтін 
басқа топтармен не істеу керек деген сұрақтар туындады. Территорияны бөлу үрдісі кезінде кездес-
кен екінші қиындық өзбектер мен қырғыздар бір-біріне тым жақын мекен еткен жəне ортақ жайылым, 
жолдар,  егістік  жерлері  бар  аумақтарға  қатысты  болды.  Үшінші  мəселе  Қарақырғыз  автономды 
облысы  тəуелсіз  əкімшілік  бірлік  ретінде  экономикасын  алып  кете  алады  ма  деп  туындады.  Өзбек 
жəне қарақырғыз комиссия мүшелері 1924 жылдың жазында бұл мəселеге қатысты қызу талқылаулар 
жүргізді [6].  
Қала тұрғындары болып табылмайтын көшпенділер үшін жеке əкімшілік аудандар құру экономи-
калық  қажеттіліктен  туындады.  Сауда,  əкімшілік  жəне  мəдениеттің  орталығы  қызметін  атқаратын 
қаласыз Қырғыз АКСР – нің өз бетінше өмір сүруін елестету қиын болды. Ферғана алқабы қалала-
рының тұрғындарының басым бөлігін өзбектер құрайтын. Алқаптағы басқа топтарды «қара – қырғыз-
дарға»  жатқызу  мүмкін  емес  еді.  Өзбектер  басым  орналасқан  Ферғана  қалаларының  бірін  Қырғыз 
Автономды  Республикасына  берумəселенің  жалғыз  шешу  жолы  болды.  Өзбектер  бұл  айырбасқа 
көнді.  Таңдау  ең  шығыс  уезді  орталық  Ош  қаласына  түсті.  Қала  кішкентай  болғанымен  құлшылық 
етушілер  көптеп  келетін  жəне  Оштың  маңыздылығын  арттыратын  Тахти-Сүлеймен  деп  аталатын 
қасиетті таудың жанында орналасқан.  
Сонымен бірге қырғыз тарапы алқаптың ірі əкімшілік жəне бизнес орталықтарының бірі Андижан-
ды беруді талап еткен. Талап етушілер қаланың маңыздылығын Ферғана алқабының шығыс бөлігінде 
мекен ететін қырғыздар үшін жəне экономикалық потенциалды күшейту үшін қажет деп түсіндірді. 
Өзбек тарапы қала халқының басым бөлігін өзбектер құрайды жəне олар көп болғандықтан ұлттар-
дың өзін-өзі билеу құқықтарын талап ете алатындығын мəлімдеген. Бұл жағдайда «ұлттық аргумент» 
«экономикалықтан» басым болды. 
1924  жылы  20  тамызда  осы  жəне  басқа  да  шешімі  табылмаған  мəселелер  территориалды  коми-
тетке  берілді.  Комитет  бұрын  көшпенділердің  жері  болған  Қоқанд,  Наманған  жəне  Маргиланды 
Қырғыз автономиясына берді де бұрыннан қолданылып келе жатқан жерлерді өзбек территориясында 
қалтырды. Ош уезі кейбір жерлерді қоспағанда қырғыздарға берілді. Екі жақ бұл шешіммен келісті 
жəне  екі  республика  арасындағы  шекара  мəселесі  шешілді.  Шешімі  табылмаған  қалған  мəселелер 
кейінірек қаралады деп шешілді.  
1924  жылы  қазанда  Мəскеу  Орталық  Азияда  қабылданған  жоспарға  сəйкес  жаңа  ұлттық  респуб-
ликалар мен аймақтар құруды шешті. Сол жылы қарақырғыздар Ташкенттен Пішпекке (кейін Фрунзе, 
қазір Бішкек) көшті, кейін осы қала жаңадан құрылған республиканың астанасы болды. 1925 жылы 
жаңа  үкіметтік  құрылым  мен  институттар  құрылып,  əкімшілік  қызметке  алу  үшін  сайлау  өткізілді. 
1925 жылдың мамырында Қара – қырғыз облысы Қырғыз облысы болып өзгерді [7]. 
Жаңа негізгі институттар құрылмай жатып өзбектер мен қырғыздар арасындағы шекара мəселесі 
пайда болды. Қырғыз өкілдері жаңа территориалды талаптар қойды. Т. Дивногорский, Л. Зульфибаев, 
Л.Дефе жəне басқалар бар межелеуге қатысты комиссия 1925 жылдың қарашасында бұл талаптарды 
жария  етті.  Елсіз  жерлер,  жеке  қоныстар  жəне  арнайы  аудандар  картаға  қойылды.  Қырғыз  басшы-
лығы бұл территориялардың барлығы автономды аймаққа өтуі керек деп мəлімдеді. Қырғыз тарапы 
өзбектерге берілген бұрынғы Маргелан жəне Ош уездеріне қатысты кейбір елді-мекендерге (Бұлақ-
башы,  Кулинск  жəне  Мархамат  сияқты  волостар)  қатысты  мəселе  көтерді.  Сонымен  бірге,  олар 
Андижан мен Наманған аудандарында жаңа шекараны ұсынды. Бұрыңғы Қоқанд ауданыныңөзгерген 
шекарасына қатысты бірнеше талаптар қойылды. Сох өзені бойындағы кейбір елдімекендер Қырғыз 
автономды облысына берілуі керек деп жариялады.  
Қырғыз тарапы этнографиялық аргументті мүмкіндік болған жерде қолдана білді. Олар Ферғана-
ның  шығысындағы  елдімекендерде  бұрыңғы  Андижан,  Маргилан  жəне  Оштың  аудандарындағы 
тұрғындар өзбектер емес екендігін мəлімдеді. Ол жерлерде өзбектер мен қырғыздардан бөлек түрік, 
қыпшақ, қашғар жəне тəжіктер тұратындығын қырғыздар пайдаланғысы келді. «Түріктер» өзбектерге 
тіл,  күнделікті  өмірдегі  салттары  жəне  көшпенді  өмір  сүретіндіктерімен  ұқсағанымен  қырғыздарға 
өте  жақын.  Межелеуді  жеңілдету  үшін  олар  алқаптың  көшпенді  бөлігінен  деп  классификациялауға 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
173 
болады деп есептеді. Қыпшақтарда қырғыздарға жақындығы бар бұрыңғы көшпенділер. Кейін қыр-
ғыздар аудандағы ұлтты анықтағанда көпшілігі «ұйғыр» деп тіркелетін қашғарларды жəне тəжіктер 
өзбектерге өте ұқсас ұлт, алайда автоматты түрде өзбек деп есептелмеуі тиіс деп дауласты [8].  
Қол  жеткен  мүдделер  балансын  бұзған  аталған  талаптарды  бақылай  келе  өзбек  басшылығы 
өзбектер көп шоғырланған Ош қаласы мен Ош ауданы мəселесін қозғады. Олар бұл жерлерді өзбек 
территориясына  қосукерек  деп  есептеді.  Өзбектер  қырғыздарға  берілген  Маргиланның  бұрынғы 
Араван  болысы  жəне  Андижаннан  бөлінген  Айм  болысының  бөлігіне  қатысты  наразылықтарын 
білдірді. Өзбек тарапы бұндай бөліністер суландыру жүйесіне зақым келтіреді жəне өзбек жердерін 
сумен  қамтамасыз  етіп  келе  жатқан  өзеннің  бастауы  қырғыз  территориясында  қалып  қояды  деп 
мəлімдеді. Шығынның орнын толтыру үшін өзбектер тау бөктеріндегі Қашғар-кишлак жəне Ханабад 
болыстарын өзбектерге беруді ұсынды.  
Жергілікті  тұрғындар  жіберген  наразылықтар  мен  петициялар  1924 жəне 1925-1927  жылдардағы 
талқылауларда  шешім  қабылдауға  əсер  етті.  Қаралған  жұмыстар  наразылықтар  тұрғындардың 
көпшілігінің қырғыз облысына көшкілері келмей Өзбекстанның құрамында қалғылары келгендіктен 
шыққандығын көрсетеді. 
Андижан,  Маргилан  жəне  Ош  уездері  тұрғындарынан  жергілікті  қырғыздар  өзбектермен  тату 
тұратындықтарын,  көшпенділікке  қарағанда  жылдар  бойы  егін  шаруашылығымен  айналысып  келе-
тіктерін  жəне  өзбек  территориясында  қалғылары  келетіндіктерін  жазып  хаттар  жіберді.  «Біз  қазір 
қаладағы  өзбектерден  қарағанда  нағыз  өзбекпіз»  деп  жазылған  кейбір  петицияларда  Ош  тұрғында-
рынан.  Қырғыз  автономды  облысының  бір  бөлігі  болғылары  келмегендер  ондағы  экономикалық 
жағдайдың  нашарлығын  жəне  мектептерде  қырғыз  тілін  оқу  керектігін  көрсетіп  жазды.  Мұндай 
петицияларды өзбектер жазғандығын немесе тұрғындар өз болашағы үшін алаңдаушылықтары екен-
дігін айқындау қиын.  
1926  жылы  жыл  бойы  Орталық  Азия  республикалары  арасындағы  шекараны  реттеуге  арналған 
арнайы  комиссия  наразылықтар  мен  талаптарды  қарастырды.  Комиссия  КСРО-ның  Комунистік 
Партиясының  Орталық  Атқарушы  Комитетімен  құрылды.  Мəскеуден  жіберілген  арнайы  комиссия 
шекара  мəселесін  қарастырды  жəне  шағымдарды  тыңдады  [9].  1926  жылы  Қырғыз  автономды 
облысы Ресей Федеративті Социалистік Республикалары құрамында автономды республика статусын 
алды. Жеке «одақтас республика» статусын алғанымен лоббистік мүмкіндіктері Өзбекстандыкіне тең 
келмеді. Өзбектерде мықты статистер мен экономистер болды, орталықпен байланысы мықты болды. 
Осыған қарамастан Мəскеу əлсіз жақтың да пікірін тыңдап компромисс орнатуға тырысты. Əртүрлі 
комиссия  əртүрлі  шешім  шығарды,  кейбірі  қанағаттанарлық  болғанымен,  кейбірі    наразылық, 
келіспеушіліктер  тудырды.  Нəтижесінде  жағдай  ушығып,  үкіметке  мəселені  қайта  қарастыру  қажет 
болды.  1927  жылдың  мамырында  Бүкілресейлік  Орталық  Атқарушы  Комитеттің  Президиумы  үш 
жылдағы шекара межеленуіне қатысты ешқандай петицияны қарамау туралы шешім қабылдады.  
Өзбекстан мен РКФСР арасындағы шекара мəселесі жалғыз мəселенің бірі болған жоқ. 1925 жəне 
1927  жылдары  күрделі  əкімшілік  межелеу  үрдісі жүрді.  Бұл  үдеріс  республика  аралық қақтығыспен 
пара-пар экономикалық жəне этникалық мəселелер туғызды.  
Ферғана алқабының өзбек территориясында қалған екі маңызды аумақтар Андижан мен Қоқанды 
жеке аумақ ретінде қалтыру керек пе əлде біріктіріп əкімшілік аудан жасау керек пе деген сұрақтар 
болды.  Екінші  нұсқа  орындалатын  болды.  Бұл  өз  кезегінде  əртүрлі  өзгерістерге  əкеледі:  бұрыңғы 
Андижан  мен  Маргилан  уездері  Андижан  аймағына  өтеді  жəне  Қоқанд  пен  Наманған  уездерін 
біріктіріп  Қоқан  аймағына  қосу  немесе  Ферғана  алқабының  ауылшаруашылығымен  айналасатын 
шығыс  аймақтарын  Андижанға  қосып,  индустрияланған  орталық  жəне  батыс  аумақтарын  Қоқан 
аймағына қосу. Үкімет екі нұсқаның біріншісі таңдады. Сол кезде қырғыздар Ферғана алқабындағы 
өздерінің секторларында Ош жəне Жалалабад екі жаңа аумағын құрды. Кейін 1926 жылы «кантон» 
деп өзгертілді.  
Большевиктер  жаңа  ішкі  шекараны  ауылшаруашылығы  қажеттіліктері  үшін  ғана  емес  ұлттық 
азшылық  статусын  талап  еткен  топтарға  жəне  халықтың  этнографиялық  құрамына  əсер  ету  үшін 
ойластырды.  Шындығында  ескі  аудандар  графтыққа  ұқсайтын  аудандарға  жəне  бұдан  кейін  олар 
аудандарға,  кейін  ауылдық  қоғамдастыққа  жəне  соңында  ауылдық  кеңеске  қайта  құрылды.  Алайда 
жаңа құрылған аудандардың шекаралары əр аумақтың ұлттық құрамы негізінде құрылды. 1923 жыл-
ғы баяндамада Андижан революция комитеті мүшесі көрсеткендей шекара межелеуді жүзеге асырған 
кезде  кез  келген  азшылық  ұлт  тəуелсіз  аудан  құра  алмау  үшін  бірнеше  юрисдикицияларға  бөлініп 
құрылған. Алайда азшылық ұлт аудан халқының бір бөлігін ғана құрайтын болса да олар бір ауылдық 
қоғамдастық шеңберінде біріге алады [10].   

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
174 
Территорияның бөлінуі халықтың орналасуы мен құрамына негізделген болуы тиіс еді. 1924 – 25 
жылдары шекараны межелеу жұмыстарын жүргізген кезде 1917 жылғы нақты емес халық санағы мен 
статистикаға сүйенген. 1926 жылы үкімет Бүкіл Одақтық халық санағын жүргізді. Бұл Орталық Азия 
халқының ұлттық жəне этникалық құрамы туралы зерттеушілер мен ресмилер арасында дау туғызды. 
Өз кезегінде бұл пікірталас аймақтың əкімшілік шекарасын өзгертуге əсерін тигізді [1]. Халық санағы 
ұлттық  межелеуді  символикалық  түрде  ғана  шешті.  «Қазақ»,  «қарақалпақ»,  «қырғыз»,  «тəжік», 
«өзбек» жəне «түркмен» титулды атаулары республикалары мен аудандарына қатысты басым халық-
қа  берілді.  Ең  радикалды  өзгерістер  өзбектерде  болды.  Онда  тек  бұрын  «сарт»  деп  аталып  келе 
жатқан  халықты  «өзбек»  деп  атап  қоймай,  Самарқанд,  Бұқара  жəне  Ферғана  алқабының  арнайы 
мекендерінде тұратын парсы тілдес халықты анықтағанда да «өзбек» термині қолданылатын болды.  
1926  жылғы  Ферғана  алқабындағы  халық  санағы  ресми  азшылық  деп  атауға  болатын  аздаған 
топтарды  анықтады.  Олардың  арасында  қарқалпақтар,  түріктер,  құрама,  қыпшақтар,  ұйғырлар 
(қашғарлықтар)  жəне  басқалар  болды.  Əр  топтың  өзінің  құқықтарымен  мен  жергілікті  жерде 
ресурстарын талап ететін жеке белсенділері болды [8].  
Өзбектердің  қайта  құрылған  шекарасына  көшірілген  «тəжік»  деп  аталатын  Ферғана  алқабының 
парсы тілді халқы ұлттық автономия талап етті. 1925 жылы ақпанда Бүкілресейлік Орталық Атқару 
Комитетінің  Басшысы  Михаил  Калининмен  Ханибадам  тұрғандары  кездескенде  өздерінің  Хани-
бадамды  тəжіктердің  автономды  ауданы  етіп  жариялауға  дайын  екендіктерін  жариялады.  Үкімет 
олардың талаптарын қабылдады, 15 сəуірде  
Өзбекстанның  Орталық  Атқарушы  Комитеті  Ханибадамды  тəжіктердің  автономды  ауданы  етіп 
жариялады.  Ханибадамда  бизнес  пен  білім  беру  тəжік  тілінде  жүргіле  бастады.  Худжанд  аймағы 
бұрыңғы  Самарқанд  ауданы  (Худжанд  қаласы)  мен  бұрыңғы  Ферғана  ауданының  кейбір  жерлерін 
(Исфара, Ханибадам жəне Ашт ауылы)  біріктіру арқылы құрылды. 
Бұл  жер  1926  жылғы  халық  санағы  бойынша  тəжіктер  тұратын  жерлерді  қамтыды.  Халық  бұл 
өзгерістерді жақсы қарсы алды. Декларацияда былай деп келтірілген: мəліметтерге сүйенетін болсақ, 
Бабадархан  ауданы  Атқарушы  Комитеті  межелеу  үрдісін  Бабадархан  ауданын  Худжанд  аймағына 
қосу  арқылы  аяқтау  туралы  шешім  қабылдады.  Жоғарғы  жақтың  мұндай  шешімі  бірнеше  қарсы-
лықтар  туғызады:  біріншіден,  аудан  Худжандтан  алыс  орналасқандықтан  мал  шаруашылығымен 
айналысатын  халыққа  ауданнан  Худжандта  орналасқан  орталыққа  жету  қиын,  екіншіден  ауданның 
халқы  биліктің  бұл  шешіміне  қарсы.  Аудан  халқы  мен  фермерлердің  қарсылықтары  географиялық 
жағынан алғаннан орынды. Сол себепті шешімді қайта қарастыру қажет. Аудан халқының ұсыныс-
тары мен талаптарына сəйкес аудан Қоқан аймағына қосылуы керек.  
Межелеу  Өзбек  КСР-нің  шекарасында  жүзеге  асқандықтан  жəне  республикалар  арасындағы 
байланыстарға қатысы болмағандықтан Худжанд ауданының əкімшілік шекарасына қатысты даулар 
мен  тартыстар  ұлттық  саяси  деңгейде  тыңдалмайтын.  Республиканың  ішіндегі  ішкі  жағдай 
деңгейінде қалып қоятын.  
«Тəжік  мəселесі»  1924  жылғы  межелеу  кезінде  пайда  болған  болатын.  Өзбек  КСР  -  і  құрамында 
бұрыңғы шығыс Бұхар жерлерін жəне Түркістан Республикасына тиесілі бұрыңғы Самарқанд ауда-
нының кейбір елдімекендері мен қалаларын қамтитын Тəжік Автономды Республикасын құру туралы 
шешім  болған  [11].  Нəтижесінде  Памирдегі  Бадахшан  Автономды  Республикасын  қамтитын  Тəжік 
Автономды  Республикасын  құрылды.  Əртүрлі  халық  санағы  бойынша  тəжіктер  қоныстанған  деп 
баяндалғаннан кейін батыс Ферғана алқабындағы жерлерде межелеу дауына ілінді. Соңында қалып-
тасқан  экономикалық  байланысты  үзбес  үшін  жəне  де  тəжіктер  өзбек  жəне  басқа  халықпен  тығыз 
қарым-қатынаста болғандықтан Ферғана территориясы Өзбек КСР – інде қалуы керек деп шешілді. 
Бұл шешім сол кезде мемлекет басшылары арасында экономика бірінші орында тұрғандықтан осылай 
қабылданды.  Тəжік  комитеті  территориалды  комитет  құрамында  құрылды,  алайда  оның  мүшелері 
өзбек тарапы қабылдаған саясатты ешқандай даусыз қабылдайтын  пассивті болды.  
Алайда 1924 жылғы межелеу жарияланғаннан кейін өзбектер мен тəжіктер арасында қақтығыстар 
ушыға бастады. 1926  жылға дейін тəжік элитасы қарқынды дамып келе жатқан тəжік тілі мен тəжік 
этносына қатысты Өзбек КСР – нің саясатына қатысты мəселені қозғаған болатын. Мықты аймақтық 
даму  мен  мəдени  тəуелсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін  тəжік  белсенділері  Өзбек  КСР  –  інен  шығып 
тікелей  КСРО  құрамына  кіретінодақтас  республика  статусын  талап  етті.  Бұл  талаптармен  қоса 
экономикасын  нығайту  үшін  жаңа  территорияларды  қосуды  сұрады.  Барлық  республикалар  тең 
статусы бар, КСРО құрамында болатын Орталық Азия федерациясын құру идеясы да болды.  
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
175 
Кеңес  жоғарғы  билігі  ішкі  жəне  сыртқы  жағдайға  байланысты  тəжіктердің  талабын  қабылдап 
Тəжікстанға  одақтас  республика  статусын  берді.  Кеңес  үкіметі  аймақтағы  өзбек  гегемониясынан 
қорқып, өзбек билігіне шектеу қоюды көздеді. Екіншіден, Мəскеу сол кездегі Ауғаныстандағы азамат 
соғысына  ықпал  ету  мақсатымен  тəжік  ұлттық  мемлекеттін  құруды  қарастырған.  Онда  тəжіктер 
(немесе иран тілді халық) белсенді қатысқан. 
1929 жылы Тəжік АКСР жəне Өзбек КСР-лерінің территорияны межелеу комиссиясы өз жұмысын 
бастады.  Өзбек  басшылығы  Худжанд  аймағын  жаңадан  құрылған  тəжік  республикасына  беруге 
келісті. Одан кейін Самарқанд, Бұхар жəне Сұрқандария облыстарына қатысты пікірталастар бастал-
ды.  Комиссиядағы  өзбек  мүшелері  өз  дəйектерін  экономикамен  байланыстырып,  əсіресе  батыс 
Ферғана  ауданы  мен  өзбектің  Қоқанд  қаласы  арасындағы  байланысты  көрсетті.  Тəжіктер  ұлттық 
мүдде басымдылықтарын алға тартып бұл дəйектерге қарсы шықты. Худжандтың əкімшілік аумағы 
ретінде маңыздылығын көрсетті [10].  
1929  жылдың  күзінде  тəуелсіз  Тəжік  Кеңес  Социалистік  Республикасы  құрылды.  Мемлекеттің 
басшылығы  Өзбек  КСР-інен  Сұрқандария  ауданынан  жаңа  территориялар  алуға  мүмкіндік  жасады. 
1930  жылдың  басында  Мəскеу  бұл  даулардың  шешімін  тауып  бітіру  қажет  деп  шешті.  1936  жылы 
Қырғыз Автономды аймағы одақтас республика статусын алып Қырғыз Кеңес Социалистік Респуб-
ликасы болды [11].  
1920  жылдардағы  территориалды  мəселелерді  қарастыра  келе  Ферғана  алқабы  Орталық  Азия 
шекарасын  делимитациялауға  қатысты  негізгі  талқылаулардан  тыс  қалғанын  көреміз.  Мəскеу  мен 
ұлттық республикалардың басшылары алқапты қақтығыс немесе үлкен мəселе деп қарастырмады.  
Халық шекараны межелеу үрдісіне түсіністікпен қарады. Басқа бір əкімшілік ауданға көшкеннен 
кейін  олардың  күнделікті  өмірлерінде  өзгерістер  болмады.  Себебі  шекара  ашық  жəне  жергілікті 
институттар  қажетті  деңгейде  жұмыс  істемеді.  Халықтың  айналысатын  кəсібіне,  қарым-қатынаста-
рына немесе қозғалыс бағытына əсер етпеді. Мəскеу республикалар арасындағы даулы мəселелерді 
күшпен немесе бейбіт жолмен шешіп отырды. Қажет болған жағдайда айыптыларды жазалап отырды. 
Шекараны межелегеннен кейін Ферғана алқабы үш ұлттық əкімшілік бірлікке бөлінді. Нəтижесінде 
үш  одақтас  республикаға  бөлінген  тəуелсіз  экономикалық  жəне  мəдени  тұтастық  ретінде  саяси 
картадан кетті.  
 
1 Soviet Rule and the Delineation of Borders in the  Ferghana Valley, 1917–1930. Ferghana Valley: the heart of 
Central Asia / edited by S. Frederick Starr with Baktybek Beshimov, Inomjon I. Bobokulov, and PulatShozimov. p. 105 
2 Ожукеева Т. С. XX век: возрождение национальной государственности в Кыргызстане. – Бишкек.-  1993. - 
С. 169-170 
3 Туркестан в начале XX века: к истории истоков национальной независимости. – Ташкент. – 2000. С.647.  
4  Hirsch  F.  Empire  of  Nations:  Ethnographic  Knowledge  and  the  Making  of  the  Soviet  Union.  Ithaca,  London: 
CornellUniversityPress, 2005. p. 221 
5  Р.Бобохонов.  Национально-территориальное  размежевание  и  образование  союзных  республик  в 
Центральной Азии (1924-1936 гг.).//http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1435859460 
6 Койчиев А. Национально-территориальное размежевание в Ферганской долине (1924-1937 гг.).- Бишкек. - 
2002. - С. 225-227 
7.Тиханова Е.В. Районирование Средней Азии: экономическая целесообразность.// http://elar.urfu.ru/bitstream 
/10995/18800/1/iurg-2011-96-16.pdf. 
8  АбашинC.  Национальное размежевание  в  Ферганской  долине:  как  все  начиналось.//http://www.idmedina.ru 
/books/islamic/?4695 
9 Haugen A. The Establishment of National Republics in Soviet Central Asia. N. Y.: Palgrave Macmillan, 2003.Р. 
344-35 
10  Р.Бобохонов.  Национально-территориальное размежевание  и  создание  союзных  республик  в  Централь-
ной  Азии(1924-1936  гг.).  Ч.  2.//http://news.ivest.kz/89137166-nacionalno-territorialnoe-razmezhevanie-i-sozdanie-
soyuznyh-respublik-v-centralnoy-azii-1924-1936-gg-ch-2---r-bobohonov 
11 P. Bergne. The birth of Tajikistan.I. В. Tauris.London, 2007.p.  301-303 
12 T. Dadabaev (2012): Securing Central Asian Frontiers: Institutionalisation of Borders and Inter-state Relations, 
Strategic Analysis, 36:4, p. 566 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет