Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік



Pdf көрінісі
бет25/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50
Глава  фонда  подчеркнул,  что  для  того  чтобы  превратить  фонд  из  тормоза  в  катализатор  струк-
турных  реформ,  необходимо  провести  реальную,  а  не  косметическую  трансформацию.  Реальная 
трансформация  и  кардинальная  приватизация  ФНБ  «Самрук-Казына»  являются  ключом  для  успеш-
ного проведения структурных реформ в стране.  
Несомненно, создание  и продвижение  данных  институтов  развития  способствует  представлению 
Казахстана как привлекательного объекта для инвестиций. Большое количество иностранных инвес-
торов сейчас смотрит на Казахстан как на государство с огромным потенциалом для развития.  
 
 
1 Казахстан 2050. Наша сила. https://strategy2050.kz/ru/.  
2 https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/natsionalnyiy-upravlyayuschiy-holding-bayterek-sozdan-234621/  
3 Деятельность холдинга «Байтерек» http://www.baiterek.gov.kz/ru/  
4 Стратегия холдинга «Байтерек» http://www.baiterek.gov.kz/ru/  
5 http://www.baiterek.gov.kz/ru/about/information/  
6 https://kapital.kz 
7.Самрук-Казына: результаты деятельности. http://sk.kz. 
8.Информационно-аналитический  портал  «Фонд  национального  благосостояния  «Самрук-Казына» 
http://sk.kz  
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
166 
Түйіндеме 
Қазақстан республикасында инвестициялық саясаттың институционалды негіздері 
Омарова С.Т. – Л.Н.Гумилев атындағы Е У Саясаттану кафедрасыны  докторанты,  аза<стан 
Республикасы, Астана <аласы, е-mail: omarova_samal@mail.ru 
Мақалада  қазіргі  инвестициялық  саясат  жағдайындағы  Қазақстанның  даму  институттарының  рөлі  қарас-
тырылады.  Қазақстанның  əлемнің  бəсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  Стратегиялық  жоспа-
рының  басты  міндеттерін  жүзеге  асыруға  сəйкес  экономикалық  даму  институттарының  қызметінің  негізгі 
бағыттары талданады. Осыған байланысты Стратегия аясында мəселелерді шешу жəне қойылған мақсаттар мен 
міндеттерге  қол  жеткізу  үшін  институционалдық  құрылымдардың  қызметін  күшейту  көзделуде.  Даму  инсти-
туттары  экономикалық  өсуге  ықпал  ететін,  əлеуметтік  маңызы  бар  жобаларды  ұзақ  мерзімді  қаржыландыру, 
жаңа салаларды жəне əлеуметтік-экономикалық мəселелер сияқты міндеттерді шешуді жүзеге асырады.  
Жалпы  алғанда,  бұл  институттар  жаңаны  құруға  жəне  қосылған  құны  жоғары  қолданыстағы  өндірістерді 
дамытуға,  ғылыми  жəне  ғылыми-техникалық  зерттеулерді  қолдауға,  перспективті  салаларға  кешенді  талдау 
жасауға, неғұрлым маңызды элементтерді анықтауға инвестициялық саясат жүргізу қажет.  
Түйін сөздер: инвестициялар, инвестициялық саясат, институттар, бағдарламалар, стратегиялар.  
 
Summary 
Institutional foundations of the investment policy of the republic of Kazakhstan 
Omarova S.T. – Doctoral student department of Political science of the L.N.Gumilev Eurasian National University, 
Republic of Kazakhstan, Astana. е-mail: omarova_samal@mail.ru 
In this article discusses about the role of institutes of development of Kazakhstan in context of the investment policy 
of the present. There was taken analysis of the main directions of activities of institutions in development of economic, 
in accordance with the implementation of the main objectives of the Strategic Plan of Kazakhstan’s joining the 50 most 
competitive countries of the world. Therefore, to solve problems and achieve their goals and objectives of the Strategy 
is expected to strengthen the functioning of the institutional structures. Development institutions implement tasks such 
as  long-term  financing  of  socially  significant  projects  that  contribute  to  economic  growth,  development  of  new 
industries and solving socio-economic problems. 
In general, these institutions should pursue a policy of investing in the creation of new and development of existing 
industries  with  high  added  value  and  support  scientific  and  technological  research  and  development  based  on  a 
comprehensive analysis of promising sectors, to identify their most important elements. 
Key words: investments, investment policy, institutions, programs, strategy.  
 
 
ƏОЖ 297.1(574) 
 
ЖАСТАР МƏДЕНИЕТІНІҢ ДАМУ БАҒЫТЫ 
 
Сандықбаева Ө.Д. – филос.ғ.к., ?л Фараби атындағы  аза<  лтты< университеті ЖОО-ға дейінгі 
дайынды< кафедрасыны  аға о<ытушысы, sandykbaeva@mail.ru 
Айтуарова Б.М. – əлеум.ғ.к., аға о<ытушысы,  
Арыстанбекова Қ.Д. – аға о<ытушы dankura@mail.ru 
 
Мақалада  қоғамның  əлеуметтік-мəдени  қалыптасуында  жастардың  рөлінің  ерекше  екендігі  жайлы  айты-
лады.  Жастар  белгілі  бір  жүйеде  мемлекеттің  болашағы  болғандықтан,  олардың  жағдайы,  олардың  бойына 
сіңірілген  рухани  құндылықтар,  патриоттық  тəрбие  маңызды  орынды  иеленеді.  Өзіндік  ерекшеліктеріне 
қарамастан жастар əлеуметтік топтар мен таптардан тыс өмір сүрмейді, сондықтан жастар мəселесі қоғамдағы 
барлық сатыларды қамтитын барынша ауқымды мəселе болып табылады. 
Түйін сөздер: жастар, құндылық, дүниетаным, дəстүр, имандылық, баңыт, бағдар, сенімділік, біртұтастық, 
кешірімділік, ұлағаттылық, рух, құмарлық. 
 
Дүниені тану жəне қабылдау арқылы жастардың дүниетанымы, өмірлік мақсаттары қалыптасады. 
Қазіргі  кездегі  жастар  үшін  туындап  отырған  өзекті  мəселелердің  бірі  тəуелсіздікпен  бірге  келген 
əртүрлі  үлгідегі  мəдени  жəне  өркениеттілік  құндылықтардың  арасын  салмақтап,  соларды  бойына 
сіңіру үрдісі болып отыр. Қазіргі таңда тəуелсіз Қазақстан жастарының арасында қалыптасқан дүние-
танымдық  ерекшеліктер  тұрғысынан  пікір  қайшылықтары  туындап  отырғаны  белгілі.  Оның  бірі, 
Батыстық үлгіге еліктеу арқылы, өздерін өркениет көшінен қалмауға тəрбиелейтін жастар болса, екін-
шілері  Шығыстық  үлгідегі,  дəстүрлі  қазақ  мəдениетіне  сай  түсініктерді  бойларына  сіңіру  арқылы 
өздерінің адами болмысын қалыптастыруға тырысатындар.  
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
167 
Қазақтың  көшпелі  өмірінде  халық  даналығы  дүниені  түсіндіріп  қана  қоймай,  адамды  сыртқы 
дүниемен үндес болуға ұмтылдырады. Сондықтан қазақ тарихи-мəдени дəстүріндегі басты мəселе – 
адамның тікелей өзіне қатысты: адам деген кім? Оның міндеті қандай? Осыған орай оның бойында 
қандай  қасиеттер  болуға  тиіс  деген  секілді  сауалдар.  Көшпелілердің  дүниеге  көзқарасында  адам 
əлемге  қарсы  қойылмаған,  ақыл  мен  сезім,  бас  пен  жүрек  қайшылықта  емес,  адамға  тəн  ұжданды-
лықтың,  білімдарлық  пен  имандылықтың,  білім  мен  сенімнің  іштей  үйлесуінің  санамен  үндестігі. 
Қоғам мен табиғат құбылыстары туралы білімдердің барлығы жалпы дүниетаным жүйесіне тоғыса-
ды.  Өмір  мəнді,  мағыналы,  сондықтан  өмір  сүрудегі  мақсат  –  болмыстық  барлық  түрінде,  соның 
ішінде өзін тану жолымен де, мəнге ие болу. Шығыс ойшылдары сияқты түркі тілдес ойшылдар да 
қоғамдық  дамудың  басты  мəселелерінің  бірі  ретінде  имандылықты  ілімдердің  басқа  түрлерінен 
(гнесеологиялық,  онтологиялық,  космологиялық)  жоғары  қойып,  адам  болмысының  рухани  жағына 
аса көп көңіл бөлді.[1, 39 б.] 
Осы  сияқты  шығыс  адамының  адамдығын  көрсететін  критерийлер  оның  ішкі  жан-дүниесінің 
байлығымен  өлшеніп,  тағылымды  сөздермен  оларды  тəрбиелеуге  тырысқан.  Осыған  байланысты 
халық даналығы «Тəрбиеліден – тəлім, ғалымнан – ғибрат, өнерліден – өнеге ал» дейді.[2, 74 б.] 
Шығыс  пен  Батыстың  адамды  бағалау  түсінігінде,  үлкен  айырмашылықтың  бар  екендігі  мəлім. 
Бұл айырмашылық Батыс пен Шығыс мəдениетіне бағдар беретін құндылықтардың əркелкі болуынан 
туындайды. 
Қазақстан  –  Еуразияның  кіндігінде  орын  тепкен  ірі  елдің  бірі.  Онда  мəдениеттер  тоғысы  көне 
заманнан басталады. Шығыс пен Батыстың адамды бағалау түсінігінде үлкен айырмашылықтың бар 
екендігі  мəлім.  Бұл  айырмашылық  Батыс  пен  Шығыс  мəдениетіне  бағдар  беретін  құндылықтардың 
əркелкі болуынан туындайды.  
Шығыс  тəрбиесі  адамсүйгіштік,  үлкенді  сыйлаушылық,  ұстаздық  қағидасына,  осы  ұстанымға 
сүйене отырып кемелді адамдық қасиетті жас кезінен қалыптастыру жəне өз отанына адал қызмет ету 
талабына негізделген. 
Тəрбиенің темірқазығы - адамсүйгіштікте.  Кун фу-цзы ілімінде «адамсCйгіштік» (жэнь) ұғымына 
баса  көңіл  бөледі.  Ұстаз  жолына  бірыңғайлық,  біртұтастық  тəн.  Ұстаз  жолы  екі  ұғымды  –  «сенім-
ділікті» (чжун) жəне «кешірімділікті» (шу) қамтиды. Бертін келе «чжун» ұғымы «сенімділік», «беріл-
гендік»,  «адалдық»,  «ниеті  түзулік»  мағынасында,  ал  «шу»  ұғымы  «ақ  көңілділік»,  «кешірімділік»,  
«қайғыға  ортақтасу»,  «адамға  қамқорлық  жасау»  мағынасында  толықтыруы  жəне  кең  мағынада 
қолданылуы  тегін  емес  сияқты.  Бұл  ұғымдар  қытай  этикасының  екі  басты  принципіне  –  адамсүй-
гіштік пен əділеттілікке қызмет ететін қимыл-əрекеттердің құрамына енеді. 
Кун фу-цзы ойластырған жеке адам мінез-құлқының осы төрт өлшемі мен төрт ұғымы «бірлесу» 
негізін  құрады.  Ұстаз  жолы  шəкірттерін  кəмелеттікке  тексеру  ғана  емес,  олардың  күш-қуатының 
қайнар  көзін  табуға  əрекеттену,  адамды  өзін-өзі  бағалауға  баулу.  Үйренгенді  жүректе  сақтай  білу, 
басқаны шаршамай-шалықпай үйрету – ұстаздықтың үлгісі. Сондықтан жа<сыдан Cйрену, жаманнан 
жирену,  сақтану  –  ұлағаттылықтың  ерекше  өнері.  Сөздің  істен  алшақ  болмауы  -  басқару  мəдение-
тінде өшпейтін өлшем. 
Шығыс  мəдениеті  гуманистік  идея  мен  дəстүрге,  білім  мен  тəрбиенің  бірлестігіне,  қауымдастың 
құндылығын  құрметтеуге  көне  дəуірден,  батыстан  бұрын  баули  бастады.  Мəдениет  иесінің,  мəде-
ниетті қолдаушының  өрісі осы өлшемдерде, өмір жолында. 
Батыстық  түсінікте,  адам  жеке  дара  өмір  сүреді.  Бұл  түсінік  сонау  Платонның  философиясынан 
бастау  алып,  Декарттың  философиясындағы  тəн  мен  жанның  бөлінуі  пікірімен  жалғасын  тапқан. 
Өзіне тəн пікірлерімен тек қана ежелгі дəуірдің ғана емес, философия тарихында ерекше орынға ие 
болған Платон адамның ең басты ерекшелігі ретінде оның ойлау қабілетіне негізделген адам түсінігін 
қалыптастырады.  Оның  пікірінше  адам  материадан  тыс  субъект.  Материалдық  дүниемен  байланыс 
орнатады бірақ оның бір бөлшегі емес. Нағыз ақиқат идеялар əлемі ғана. Бұл сезім дүниесі тек соның 
көшірмесі немесе көлеңкесі деген тұжырым жасайды. Платон мəңгілік жасайтын рух пен өмірі шек-
теулі  тəннің  бірге  болуына  назар  аударып,  адам  осы  екі  қарама-қайшы  бөлшектің  арасында  күресу 
арқылы мəнге ие болады дейді. Рух - адамның құнды бөлшегі. Бірақ, оның тəнмен байланысын жоққа 
шығаруға болмайды. Осы қарым-қатынастарда бағытты анықтайтын рух, идеяларға жақынырақ бола-
ды. Оның пікірінше, адамдағы барлық қасиет рухқа, рух болса ақылға тəуелді. Рух пен тəннің байла-
нысында рухқа қолбасшылық, мырзалық, тəнге болға құлдық жəне мойынсұну міндеті берілген.[3, 52 б.] 
Платонның пікірінше, барлық құмарлықтар мен қалаулар өліммен шектелетін тəнге тиесілі ерек-
шеліктер болғандықтан олардан аулақ болған дұрыс. Ақыл, адамды алдамшы көріністер дүниесінен 
жоғарғы əлемге жетелейді.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
168 
Аристотельдің  пікірінше,  Платонның  пікіріне  ұқсас  рухтың  сатылары  орын  алады.  Адамның 
негізгі қызметтеріне сүйене отырып, рухтың үш сатысының ең төменгісі, барлық жəндіктерге, яғни 
өсімдіктерге, жануарларға жəне адамдарға ортақ рух. Бұл өсімдікте тəн рух болып аталады. Бұл саты 
қоректену жəне өсуге қатысты, яғни өміріні сақтап қалуға тиесілі. 
Екінші сатысы хайуани рух, жануарлар мен адамдарға ортақ ерекшеліктерді қамтиды. Бұл қозға-
лыс жəне байланыс құру ерекшелігі. Осы қабілет организмнің өмірін анықтайды. Соның арқасында 
жануарлар мен адамдар қалау күшіне ие болады. Осы қалау арқылы мақсатына қарай қадам басады. 
Үшінші  саты,  адами  рух,  тек  адамға  тəн.  Оның  ерекшелігі  ақыл.  Ақыл  арқылы  адам  өз  мүмкін-
шіліктерін  жоғары  деңгейде  жүзеге  асырады.  Бұл  рухтың  жоғары  деңгейінде  рух  өзіне  қатысты 
əрекеттердің барлығын қамтиды. Ақыл арқылы біледі, түсінеді жəне ойлайды.адамның міндеті рух-
тың ақылға сай келетін əрекеттерін, яғни рухтың кемелдікке жетелейтін қасиеттерін жүзеге асыру.[4, 
10-11 бб.] 
Жоғарыда  айтылған  грек  философиясынан  бастап  бөлшектелген  адам  жəне  адам  ақылының 
маңыздылығына көңіл бөлу батыс мəдениетінде толықтай көрініс табады. Батыс мəдениетінде адам 
ақылы  ерекше  мəнге  ие.  Адамды  ақылды  жануар  деп  деп  санап,  ақыл  мен  ақылдың  қабілеттеріне 
ерекше сеніммен қаралған. Ақылды қолдану жəне өмірді ақылға сай бағыттау негізгі мақсат ретінде 
қойылады.  Ақылмен  безендірілген  осы  мəдениет  адамның  болмысын  материалдық  ерекшеліктеріне 
қарай бейнелеп, адамның жаратылысын шығыстық түсініктен ерекшелендіреді. Сыртқы əлемге көңіл 
бөліп,  сыртық  өмірге  негізделген  өмірді  ұстанған  батыс  адамының  өміріне  бағыт-бағдар  беретін 
құндылықтар да прагматикалық əрі материалдық болып табылады.[5, 32 б.] 
Демек,  батыс  адамы  материалдық  жəне  рухани  пайданы  көздейді,  соған  жетуге  ұмтылады. 
Моральдық құндылықтар, тəрбие, құқық осы жалпылама қағидаға негізделеді. Адамдар арасындағы 
қарым-қатынастарды осы пайда анықтайды. Бақыттылыққа бағытталған өмірді мақсат тұтқан батыс 
түсінінігінде  адамның  құны  мен  сенімі,  жетістігіне  қалай  қол  жеткізілсе  де  бақытты  өмірмен 
байланысты болып  табылады.  Батыс  түсінігінде жеке  адамға  ерекше  көңіл  бөлініп, бұл ежелгі  грек 
философиясынан  бері  жалғасып  келеді.  Адам  жеке  жаратылысқа  ие,  табиғаттан  жəне  қоғамнан 
тəуелсіз саналады. Сондық-тан адамның жетістігі мақсатпен шектеледі. 
Осыған  керісінше  шығыс  философиясында  адамға  қатысты  түсініктер  өзгеше  мəнге  ие.  Шығыс 
философиясында  адам  құнды  жаратылыс,  əрі  ол  ешқашан  бөлшектелмейді.  Адам  тек  бір  бүтін 
ретінде  мəнге  ие  болады.  Өйткені  шығыстық  түсінікте  адам  қоғаммен  тығыз  қатынаста  жəне  мейі-
рімді жаратылыс. Батыс түсінігіне кереғар түрде барлық қайшылықтарды жəне өзгешеліктерді табыс-
тыруға,  жарастыруға  тырысады.  Өмірлік  өлшемдер  мен  тепе-теңдік  адам  үшін  өте  қажет.  Сонымен 
қатар  шығыстың  осы  ерекшеліктеріне  түрткі  болып  отырған  діндерде  де  (Конфуцизм,  Индуизм, 
Буддизм  немесе  Ислам)  адамның  пікірі  мен  сенім  бір-біріне  қайшы  келмейді,  керісінше  бір-бірін 
толықтырып отырады. 
Осы  біріктіруші  ерекшелікке  ие  болған  шығыс  философиясы,  батыс  түсінігінен  өзгеше  түрде, 
адамды бөлшектеп қарастырмайды, рух тəнмен бір бүтін ретінде қабылданады. Бұл жерде тұтастық 
тек адамның ішкі тұтастығы емес, адамның табиғатпен немесе қоғаммен тұтастығын да қамтамасыз 
етеді.  Адамға  өз  тұтсатығы  мен  табиғат  жəне  қоғаммен  тұтастығын  жүзеге  асыру  сияқты  маңызды 
міндет жүктелген. Адам осы тұтастыққа қатысты құндылыққа ие болады жəне өз қабілетін көрсетеді. 
Тұтастық қағидасымен қатар, бірлік түсінігі ортаға шығып, бұл тек пікірде ғана емес, мəдениетте 
де  бағдар беретін  қағида  болып  табылады. Шығыс  қоғамында дін  мен  моральдық  құндылықтармен 
астастырудың нəтижесінде адам тек материалдық емес, сонымен қатар рухани болмысқа ие. Рухани 
құндылықсыз  ішкі  үйлесімділікке  қол  жеткізу  жəне  оны  сақтап  қалу  қиын.  Адамның  жан  дүниесін 
жəне табиғи қабілетін дамыту жəне оны бақылауға шығыс түсінігінде ерекше мəн беріледі. Адамның 
жəне қоғамның іс-əректтеріне баса назар аударған шығыс дүниетанымында жүйелі өмір сүру түсінігі 
басымдық танытады. 
Осыған байланысты Ə.Нысанбаев: «Қазақстандық жаңа философия үшінші мыңжылдықтың буыр-
қаныстарына  жауап  беретіндей жаңа  онтологиялық  стратегия қалыптастырып  үлгерді.  Оның  негізгі 
темірқазығы Шғыс пен Батыстың түниетанымдық типтерін оңтайлы синтездеу болып табылады, яғни 
батыстық  өркениеттің  ресурстары  мен  жетістіктерін,  қазіргі  заманғы  ғылыми  жəне  технологиялық 
қуатын сақтай отырып, ол жоғалтқан рухани дəстүрлерді қайта қалпына келтіру, Шығыстың рухани 
тағылымын, «адам-əлем» қарым-қатынасының біртұтастығын қайта жаңғырту», - дейді. [6] 
Осылайша Батыстың өркениеті мен технологиясын меңгеріп, шығыстың руханиятын қатар дамыту 
үрдісі біздің жастарымыз үшін барынша жауапты іс болмақ. 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
169 
Сондықтан да шығыстық түсініктегі тəрбие ұғымының жастарға бағыт-бағдар берудегі маңызды-
лығы назардан тыс қалмайды. Əсіресе мұсылмандық түсінікте жас ұрпаққа тəрбие беруге баса назар 
аударылады. Ислам дінінде бұл тəрбие жүйесі өте сапалы дəрежеде құрылған жəне өзіндік түсінікте-
рімен ерекшеленеді. Тəрбиесіз берілген білімнің қоғамға оң ықпал етпейтіндігін əл-Фараби: «Тəрбие-
сіз  берілген  білім  адамзаттың  қас  жауы  жəне  қоғамға  опат  əкеледі»  десе,  Шəкəрім  Құдайбердіұлы 
«тəрбиесізге берілген білім оққа айналады, яғни адамзат үшін қатер тудырады» деген тұжырым жаса-
ған. Ислам  діні білімге, ақылға, жақсы ниетке, қоғамдық-əлеуметтік əділеттікке сонымен қатар адам 
құқығы мен құрметіне ерекше  көңіл бөлген. 
Адамның  жетілуі,  тəрбиеленуі,  іс-əрекет  жəне  қарым-қатынасты  реттеу  тұрғысында  ислам  діні 
ерекше  көңіл  бөледі.  Діни  түсінікте  адамның  мінез-құлқының  қалыптасуында  тектіліктің  үлесін 
жоққа  шығармайды,  дегенмен  адамның  айналасындағы  қоршаған  ортаның  ықпалына  ерекше  назар 
аударылады.  Осы  жайында  Құранда  былай  делінеді:  «Шындығында  Алла  елшісінде  (пайғамбар) 
сендер үшін бір үлгі бар»[7, 4-аят] 
Ал пайғамбар дұрыс жолдас таңдаудың да тəрбиеге ықпал ететіндігін мəлімдейді: «Жақсы жолдас 
пен жаман жолдас мысалы, қолында иіс суы бар адам мен көрік үрлеуші адам сияқты. Иіс суы бар 
адам саған оны сыйлайды немесе одан сатып аласын немес оның қош иісін сезесің. Ал  көрік үрлеуші 
сенің  киіміңді  күйдіруі  мүмкін  немес  одан  жағымсыз  иіс  сезесің.»
 
[8,  86  б.]  дей  отырып  жақсы 
адаммен жолдас болудың тəрбиелік мəнін ашып көрсетеді. Құранның аятында: «Шын мəнінде мүмін-
дер туыс-бауыр. Сондықтан екі туыстың арасын жарастырыңдар жəне Алладан қорқыңдар. Мүмкін 
игілікке бөленерсіңдер.»[9, 119-аят] делінеді. 
Қорыта айтқанда, осы айтылған мəселелер, қазіргі кездегі жастардың мəдени-құндылықтық негіз-
дерін қалыптастыруда ерекше мəнге ие екендігін жоққа шығаруға болмайды.  
Əлемдегі  жаһандану  процесінің  қарқындауымен  мəдениеттердің  өзара  жақындасуы  заманында, 
болашақ  ұрпақтың  қандай  рухани  құндылықтарды,  ахлақтың  əдептілік  қағидаларын  ұстанатыны 
туралы  проблеманы  алға  тартқанда,  əрбір  адам  өзінің  этникалық  тегінен,  ата  дəстүрінен,  тарихи 
болмысынан  айналып  кетіп,  өркениетке,  жаңа  мəдениетке,  өзіндік  орны  болатындай  ілесіп  кете 
алмайтыны  даусыз  екенін  ескерген  жөн.  Бұл  үшін  əр  халықтың  өзінің  ата  дəстүрін,  тарихи 
қалыптасқан  ахлақтық  құндылықтарын  сақтап,  дамыта  отырып  мəдениетке,  өркениетке  ұмтылу 
маңызды болмақ.  
Қорыта  келгенде,  Қазақстан  елі  үшін  өзінің  əлеуметтік  өміріндегі  рухани-моральдық  құндылық-
тарын  сақтап, жаңғыртып  күшейту  мəселесі  əлемдік жаппай  жаһандану  заманында  өз бет-бейнесін, 
ішкі əлеуеті мен қайталанбас ұлттық болмысын еш нұқсансыз əрі дамыған күйде ұрпақтан-ұрпаққа 
жеткізіп отыру мақсатында басымдылық алуы тиіс. Жетпіс жылдық саяси отарлау салдарынан руха-
ни-этникалық "мендігі" қоғамдық санадан өшіріле бастаған кезеңде, егемендігіне қол жеткізген қазақ 
елі,  ендігі  кезде  шетелдермен  саяси,  экономикалық,  мəдени  қарым-қатынастар  орнатып  экономика-
лық байланысқа түсті. Бұл кезеңде де рухани моральдық құндылықтарды қалайда сақтап қалу жəне 
оны  жаңғырту  жолдарын  іздестіру  мəселесі  күн  тəртібінен  алынбауға  тиіс.  Қазақстан  халқы  кеңес 
өкіметіне дейін өзінің рухани атамұрасын, моральдық-этикалық құндылығын, əдет-ғұрып, салт-дəстү-
рін  ислам  діні  жəне  шариғат  өлшемдерімен  сəйкестендіріп  қалыптастырғаны  мəлім.  Сондықтан  да 
бүгінгі  күні  халқымыздың  діни-моральдық  бет-бейнесін  сақтап  қалу  үшін  жан-жаққа,  басқа  жұрт 
мəдениетіне  еліктемей,  оның  табиғи  жолмен,  ғасырлай  бойы  қалыптасқан  діни  сана-сенімін,  ішкі 
қуатын  қайта  жаңғырту  ісіне  бел  байланса,  болашақ  жастардың  бағыт-бағдары  адаспайды  деген 
пайымдамыз. Сөйтіп, Шығыс пен Батыстың ізгі құндылықтарын тоғыстыра білген жастардың бола-
шағы айқын болары даусыз. 
 
1  уаныш ?. М.  аш<ари ке істігі  жəне оны  дCниетанымды< бағдарлары. О<у <@ралы. – Алматы, ФСИ 
компютерлік баспа орталығы. 2005. – 39 б. 
2 Кенжахмет@лы С. Жеті <азына. – Алматы: Ана тілі, 2001. – 74 б. 
3 Platon. Phaidon. ауд. Yetkin S.K., Atademir H.R. MEВ, - İstanbul, 1980. – 52 s. 
4 Arіstoteles. The Nіcomachen Ethіcs. – Oxford, 1964. – P. 10-11. 
5  Nurten  Gökalp.  Batı  ve  Doğu  felsefesınde  insan  //  third  internatıonal  conferense  of  the  Asian  filosophikal 
assocation. Fatih university press. – İstanbul, 2008. s. – 32. 
6 Нысанбаев ?. =зіндік таным пəні жəне оны  негіздері// аза< əдебиеті. – 2002. -26 сəуір. 
7  @ран Кəрім.   алам сCресі, 4- аят. 
8 İmam Gazali.  Kimyayi Sagadet. – Istanbul 1986. - 86 s. 
9  @ран Кəрім. Тəубе сCресі, 119- аят. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
170 
Резюме 
Направления развитий молодежной культуры 
Сандыкбаева У.Д. –  кандидат философских наук, старший преподаватель факультета Довузовского 
образования КазНУ им. Аль-Фараби sandykbaeva@mail.ru 
Айтуарова Б.М. – старший преподаватель факультета Довузовского образования, кандидат соц.наук 
Арыстанбекова К.Д. – старший преподаватель факультета Довузовского образования dankura@mail.ru   
Казахстан - расположен в самом центре Евразии.  Здесь начинаются перекрестки культур с древних времен, 
так  как  молодежь  является  неотъемлемой  составляющей  будущего  страны,  то  их  состояние,  их  духовные 
ценности и патриотическое воспитание  занимает важное место.  В нынешнее время  одной из новых проблем, 
является  взвешивание  и  принятие  разных  культурных  тенденции  и  ценностей,  появившееся  вместе  с  незави-
симостью.  Казахская  кочевая  жизнь  не  только  объясняет  мир  народной  мудрости,  но  и  учит  к  жизни  в 
соответствии с вешним миром. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет