Түйін сөздер: мəдениет, мəдени-ағарту мекемелері, білім, ғылым, өнер, театр, кино, кітаптар, музей,
драматургия, кітапхана, архитектура.
Summary
The general tendencies of cultural development of Kazakhstan in the 1970th - the 1980th years
K. T. Kashakbayeva – Сandidate of historical sciences, senior lecturer of department of the World history Abay
Kazakh national pedagogical university, Republic of Kazakhstan, Almaty. e-mail: Kashakbaeva @ mail.ru.
In this article general tendencies of cultural development of Kazakhstan in 1970 - the 1980th years are considered.
The important component of spiritual life of society is represented by science and education, literature and art, theater,
cinema and cultural and educational organizations. In the 1970th years there were important changes in system of
school education. The system of the higher and secondary vocational education and also intensive process of formation
of the Kazakhstan science successfully developed in this period. The Kazakh multigenre literature has reached rapid
growth and from the first shy steps has risen to modern level. Also fine arts, opera and ballet theater, on-stage
performance groups of amateur performances, cinematography, the museums, books, libraries, architecture have
reached high professionalism.
Keywords: culture, cultural organizations, national education, science, art, theater, cinema, books, museum,
dramatic art, library, architecture.
ƏӨЖ 19-610
1860-1890 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ƏКІМШІЛІК РЕФОРМАЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ
МƏДЕНИЕТ САЛАСЫНА ƏСЕРІ
аипбаева
А.Т. – т.ғ.к., <ауымдастырылған профессор м.а.
аза<стан, Алматы <., аза< мемлекеттік <ыздар педагогикалы< университеті
E-mail: aina__78@mail.ru
Нурмухамбетов
А.А. – PhD доктор, аға о<ытушы
(Т.К. ЖCргенов атындағы аза< лтты< =нер Академиясы)
Отан тарихының маңызды мəселелердің бірі Патша өкіметінің Қазақстанда жүргізген 1860-1890 жылардағы
əкімшілік реформалары болып табылады. Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономикалық іс-
шараларымен қатар өлкені мəдени жəне рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын. Əсіресе,
Халық ағарту ісі патшалықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылды. Өйткені аталған
саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, сөйтіп
империяның тұтастығын арттыруға арналған еді. Осыған орай мақалада Патша өкіметінің осындай шовинистік
жəне отаршылдық саясаты салдарынан Қазақстандағы білім беру ісінде елеулі өзгерістер енгізілуі, ХІХ ғасыр-
дың 60-80 жылдарындағы əкімшілік реформалардың салдарынан жəне 1905-1907 жылдардағы революциядан
кейін де бұратана халықтар арасында мектеп ашу ісі жаңа серпінмен отаршылдық пиғылда жалғасын тапқан-
дығы айшықталады.
Түйін сөздер: Патша өкіметі, реформа, отаршылдық, Халық ағарту ісі.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
50
1860-1890 жылдардағы əкімшілік реформалар тек қана саяси-əкімшілік бөлініс қана емес, сонымен
қазақ өлкесін рухани тұрғыдан да отарлауды басты мақсаты етіп алды. Олай дейтініміз дəл осы
əкімшілік реформалар орыстандыру жəне христиандандыру саясатымен қатар жүргізіліп, тіпті рефор-
малар барысында заңмен де реттеліп отырған. Сондықтан əкімшілік реформалардың арнайы баптары
білім жəне мəдениет саласына тікелей қатысты болды.
Реформаларды жүзеге асыруда патша үкіметі саяси-экономикалық іс-шараларымен қатар өлкені
мəдени жəне рухани жағынан да отарлауға басты назар аударған болатын. Халық ағарту ісі патша-
лықтың сыртқы саясатының үлкен де маңызды саласы болып табылатын. Бұл сала патша үкіме-ті
отарлау саясатының өзекті құралы десе де болады. Бұл саясат Ресейдің қарамағындағы ұлттарды
біртіндеп христиан дініне кіргізу арқылы орыстандырып, сөйтіп империяның тұтастығын арттыруға
арналған еді. Осыған сай 1867-68 жылдардағы реформада халық ағарту ісінде жүргізілетін шаралар
жан-жақты қарастырылды. Қазақстанда халыққа білім берудің басты бағыттары 1860-1890 жылдар-
дағы əкімшілік реформалардың, нақты атап айтқанда «Орал, Семей, Торғай, Ақмола жəне Сырдария,
Жетісу облыстарын басқару туралы «уақытша ережелерде» анықталған болатын. Ағарту ісінің
дамуына қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинау құқығы берілген. Дегенмен бұл мəліметтің өзі де
білім беру саласын дамытуды желеу етіп, қосымша салық түрінде ақша жиналғандығына көз
жеткізуге болады.
Салыстырмалы түрде алғанда қазақ өлкесінде осы əкімшілік реформа нəтижесінде ашылған орыс
тілін насихаттап, христиан дінінің құндылықтарын түсіндіретін мектептер көптеп ашылды. Ал
мұсылман дін өкілдеріне қазақ ауылдарында мешіттердің жанында қазақ тіліндегі мектептерді ашу
үшін уездік басқармадан ерекше рұқсат алуы қажет саналды. Осындай өтініштер арқылы ашылған
мектептердің негізгі шығыны қазақ шаруаларына жүктелді. Біздің пікірімізше бұл онсыз да əлеумет-
тік тұрғыдан қиындықты көріп келген қазақ шаруаларының ұзақ жылдар бойына мектепті қаржылай
ұстап тұра алмайтындықтарын біле тұра əдейі жасалды. Сондықтан да қазақ шаруаларын іштен іріту
мақсатында салыстырмалы түрде алғанда аз ғана ақы төлеп, казак станицаларындағы, орыс қыстақ-
тарындағы мектептерге балаларын оқуға беруге рұқсат берілді. Алайда қазақ жастарын орыс мектеп-
терінде оқытуда патша үкіметінің мақсаты тек балалардың сауатын ашу емес, сонымен қатар
отаршылдық пиғылын жүзеге асыру болды [1, 63 с.].
Мектеп пен медреселерде қазақ жастарының білім алуына мейлінше қарсылық жасауы патша
үкіметінің Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің таралуына қарсылығының бір көрінісі болды
десек қате болмас. Өйткені тəуелсіздікке дейінгі жазылған əдебиеттерде қазақтың дəстүрлі оқу орын-
дарындағы ішкі тəртіп пен білім беру дағдысын дағдарысты жағдайда деп əсірелей суреттеу басым
болғаны белгілі болып отыр, олар тек діни фанатизм мен ерте ортағасырдағы кертартпалықты
күшейтетін білім беру орындары деп есептелінді.
Негізінде мұсылман мектептері мазмұны мен оқыту тəсілдерінің бірыңғай болуына байланысты
жергілікті халықтарды, яғни қазақтарды діни-рухани тұрғыдан біріктіре алатын негізгі құрал болға-
нына күмəн келтіруге болмайды. Сондықтан бодан болып отырған қазақтарды біріктіре алатын
мұсылмандық факторға үлкен қауіп төніп, оның отаршылық жүйеге қарсы күш екенін білген патша
өкіметі мектеп-медреселерді құрту мақсатында белсенді жұмыстар атқарды. Мысалы, өлкені зерттеп
барлау жұмыстарын жүргізген өлкетанушылар жұмысының қорытындысында: «біз əсіресе жергілікті
ру-тайпалар мен ұлттардың ислам негізінде бірігіп іс-əрекет жасауынан сақтануымыз керек» деп
айтылуы да исламның жəне медреселердің қазақ қоғамындағы атқарған ролінен хабар беріп тұрса
керек. Сондықтан медреселер мен исламдық факторға қарсы күрес түрлі айла-тəсілдер мен шектеулер
арқылы жүргізіледі. Бұларды тек фанатизм, қараңғылық ордасы етіп көрсете отырып, керісінше хрис-
тиандық пен орыс тілінің мəртебесін ұлықтау тұрғысында насихат жүргізу қолға алынған. Керісінше
ислам мен дəстүрді насихаттайтын медресе жұмыстарын үкімет тарапынан қаржыландырмау,
қолдамау, қайта олардың ХІХ ғасырдың басынан бастап қазақ қоғамындағы білім берудегі медресе-
лердің қысым салдарынан туындаған обьективтік дағдарысын одан əрі тереңдетіп, ақыры мүлде
жойылуын тездету мақсат етілді. Біз жоғарыда атап өткеніміздей мектеп немесе медресе ашу үшін
арнайы кеңселерден міндетті түрде рұқсат қағазын алу сияқты басы артық шаралар ойластыры-
луының өзі де осының дəлелі болып табылады. Тіпті мектеп ашуға рұқсат берілген күннің өзінде
оларға қосымша талаптар беріліп отырды. Мысалы 1895 жылы 17 шілдеде қабылданған ережеде
Түркістан өлкесінде медресе ашу жергілікті халықтардың қаражаттарымен ашылғанымен, міндетті
түрде орыс тілі оқытылуы талап етілген жəне тек осы жағдайда ғана ашуға рұқсат берілген. Сөзсіз
мұндай кедергілердің көп болуы, діннің əлсіреп, үкіметтік оқу орындарының беделінің өсетінін
патшалық Ресей жақсы түсінген [2, 28 с.].
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
51
Дегенмен осы қалыптасқан мектеп ашу мен ашылған мектептердің сипатына қарасақ мынандай
қорытынды жасауға болады. ХІХ ғасырдың аяғына дейін Қазақстандағы ағарту ісінің төмендегідей
жүйесі қалыптасты деп айта аламыз. Олардың қатарында бастауыш оқу орындары, приход мектеп-
терінің класстары, толықтырылмаған гимназия, орыс-қазақ аралас мектептер, ауылдық жəне сауат-
тылықтың негізіне үйрететін мектептер деп айта аламыз. Сонымен қатар осы əкімшілік реформалар
жүргізілген жылдары орта оқу орындары, училищелер, қыздар мен ер балалар гимназиялары, мұға-
лімдер семинариялары да орта буындағы оқу орындарында теңестірілген болатын. Білім жəне ғылым
саласына əсіресе отарлық саясаттың жүйелі жұмысын жүргізуі тиіс саналатын арнайы маман даяр-
лайтын оқу орындары да ашыла бастады. Мұндай оқу орындарының қатарында қазақтың мұғалім
даярлайтын мектептері, ауыл шаруашылық, мал дəрігерлік, Торғайдағы қол өнершілік мекте-бі,
Оралдағы қолөнер кəсіпшілігіне шəкірттер даярлайтын арнайы мектептер, Омбыдағы механика-
лық-техникалық училище, Атыраудағы теңізге жүзу ісін меңгеретін мектеп жəне тағы да басқа əр
түрлі материалдық жабдығы бар оқу орындарды атап өтуге болады. Оқу ісінің ұйымдастырылу
сапасына қарай 1872 жылы Омбыда жəне 1879 жылы Ташкентте ашылған мұғалімдер институттары
ашылып, білім жəне мəдениет саласына түбегейлі өзгерістер енгізуі тиіс саналатын мекеме санатына
жатқызылды [3, 54 с.].
ХІХ ғасырдың соңына қарай өлкеде екі сегіз класты ер балалар гимназиясы, жеті класты қыздар
гимназиялары, Верный қаласында сегіз класты əскери гимназия, Оралдағы 6, 7 жəне 8 сыныпты ер
балалар гимназиясы, Семейдегі төрт сыныпты ерлер, 5 сыныпты қыздар гимназиясы ашылған бола-
тын. Сонымен қатар осы жылдардағы Қазақстанда ашылған приход мектептерінің бір ерекшелігі шір-
кеу жандарынан ашылғандығы. Демек бұл мектептер де діни сипаты басым əрі христиандандыру
бағытын таңдаған оқу орындары қатарына жатты. Сонымен қатар жексенбілік сауат ашатын мектеп-
тер белсенді қызметтерін жалғастыра берді. Əрине мұндай мектептердің қатарында сондай-ақ білім
беруде қалыптасқан оқу орындарының бірі ретінде, жағдайлары жасалмаса да мұсылман мектебі мен
медреселерін де жатқызған жөн.
Патша өкіметінің кедергі жасауына қарамастан, мұсылмандық мектептер мен медреселер жастар-
дың сауатын ашуға, инабаттылыққа баулуда белгілі рөл атқарғаны белгілі болып отыр. Пантюркизм
мен панисламизмнің орын тебуіне қарсы күрес дегенді желеу еткен облыстың генерал-губернатор-
лары осы мұсылман дінімен байланысты оқу орындарының, оқытушыларын əрдайым бақылауда
ұстай отырып, қуғындау саясатын жүргізді. Сонымен қатар олардың мүшелерін əкімшілік шаралар-
мен қыспаққа алып отырды. 1870 жылдың 26 наурызында қабылданған үкіметтің «бұратана» халық-
тар арасында сауаттылықты ашу туралы арнайы ережесінде мешіттердің жанында ашылған мектеп-
терде орыс тілін оқыту міндетті деп танылды. Біздің пікірімізше бұл жергілікті халықтың орыс
мектептерінен гөрі қазақ мектептеріне көптеп бала беруімен тығыз байланысты еді [4, 43 б.].
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан мектептерде білім беру жүйесі жалпы ресейлік
ағарту – ісіне мейлінше жақын еді жəне əр түрлі нұсқаулар арқылы үкімет империяның орталық
аудандарындағы білім беруді ұлттық аймақтарға таратуға əрдайым мүдделі болды. Торғай жəне Орал
облыстарындағы қазақ жəне басқа тілдерде білім беретін оқу орындары Орынбор оқу округіне бағын-
дырылды. Ақмола жəне Семей облыстарындағы оқу орындары Батыс Сібір оқу округіне қарады. Əр
түрлі сипаттағы оқу орындарындағы өзгерістерді ретке келтіріп отыру кеңсесі Томскі қаласындағы
чиновниктерге бағындырылды. Сырдария жəне Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін
қадағалау Түркістан генерал-губернаторлығына тапсырылды. Шыңжаңнан Жетісуға ойысқан ұйғыр-
лар мен дүнгендер санының біртіндеп өсуі, Оңтүстік Қазақстан өңірінде басқа аудандармен салыс-
тырғанда қазақтардың басымдылығы «орыс-түземдік» мектептердің көбірек ашылуына əсер етті.
Осыған байланысты өзіндік ерекшеліктері бар əр түрлі буындағы мектептерде оқу ісін жолға қоюдың
барысында қазақ жастарының араб таңбаларымен сауаттылығын ашуды дамытудың қажет екенін
көрсетті. Патшаның отаршыл əкімдері қазақ даласында ашылған оқытушылар семинариясы мен
орыс-түземдік мектеп дейтін аралас мектептер атаулының бəрін де шамаға қарай миссионерлік
ағартушылық мақсатта ұстап отырған болатын. Ол туралы Ресей патшалығына қазақтардан кейін
қосылған бүкіл Орта Азия халықтары арасында ашылған аралас мектептердің отарлық нұсқаулық
талабы тұрғысынан қызмет атқарғаны туралы «…в Туркестанском крае был намерен держаться
обрусительной политики при посредстве русской школы» деп атап көрсетілуі нақты дəлел бола
алады. Өйткені бұл мəселе мемлекеттік саясат деңгейінде қойылуы себепті, Түркістан өлкесінің
алғашқы генерал-губернаторы фон Кауфманның 1880 жылдың қараша айының 8 күні Халық Ағарту
министріне жолдаған хатында қазақтарды ислам дінін терең қабылдаған көрші халықтардан бөлек
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
52
ұстай отырып, орыс жазуы негізінде оқытылатын мектеп арқылы тезірек сіңістіру міндетін алға
қояды. Оның осы талабы 1881 жылдың 28 қаңтарында патша тарапынан нақтылы қолдау тауып
бекітілген болатын. Демек бұл саясат – қазақтарды алдымен діннен, содан кейін дəстүрден ажырата
отырып орыстандыру саясатын белсенді жүргізу көзделді [5, 29-33 сс.].
Патша үкіметінің өлкеде шоқындыру, орыстандыру саясатының іске асуы барысы жайлы
Қ.Кеменгерұлы «Қазақ тарихы атты» еңбегінде былайша көрсеткен: «Қазақты шоқындыру саясаты
туды. Мұны орындау үшін ел арасында миссионер шыға бастады, бұлардың ісінен ұлтқа зияндығы
туралы сезіле бастаған соң, қазақтар қарсы құрал қылып исламға өте бейімделді. Дүниеге қызығып
шоқынған орыс қалаларындағы қазақ жұмыскерлерден, рудан пана таба алмай тығылған ғашық
адамдардың бірен-саран шоқынғандар болды» - деген мəлімет келтіреді [6, 95-97 б.]. Егер де өз
еркімен христиан дініне кірмеген қазақтар болса, ол жағдайда қорқытып, зорлап, аяусыз жазалап,
ұрып-соғып кіргізді. Отарлық билік орындарда орыстандыру саясаты халық ағарту ісімен ұштас-
тырды. Ресей империясы үстемдігі орнаған орыс тұрғындарына арналған оқу орындары ашылып,
қызмет ете бастады. Мəселен Жетісу өңіріндегі ең алғашқы-орыс оқу орны қазақтар қоныстанған
Сергиополь станциясында 1852 жылы ашылған еді. Отаршыл əкімдердің қолдауымен Жетісуда алты
станциялық мектеп, атап айтқанда Кіші Алматы, Саргиополь, Үржар, Лепсі, София, Қапал станция-
ларында жəне бір поселкілік мектеп болды.
1867 жылы 25 қазанда Түркістан генерал-губернаторы К.П.Кауфман өлкедегі əскери-губернаторға
халық-ағарту ісін қолға алу жөнінде нақты нұсқаулар жөнелтті. Оның Жетісу облыстық əскери-
губернаторы Колпаковскийге жолдаған нұсқау хатында: «Халық ағарту ісіне империялық мүдде
тұрғысынан қарап, облыста мектептердің санын көбейту жолында қолдан келген шараның бəрін
жасаңыз» делінген болатын.
Мемлекеттік қазынадан бөлінген қаржы бастапқы кезде казак станциялары мен орыс поселкіле-
ріндегі тұрғындардың балаларын оқытуға жұмсалды. Жергілікті қазақ-қырғыз балаларын оқытуға
қазынадан қаржы бөлу көзделмеді. Дегенмен осыған қарамастан жергілікті халық балаларының орыс
оқу орындарында оқымауы Түркістан генерал-губернаторы К.П. Кауфманды аландатқан болатын.
Оның пікірінше, жергілікті халық балаларының орыс мектептерінде оқуы алдымен империяның
тұтастығын қамтамасыз етуі тиіс саналды. Сондықтан да олардың православия дінін қабылдамаған-
дығы кедергі болмауға тиіс деген болатын [7, 39-54 бб].
Патшалық Ресей көп тілді жəне империя құрамындағы аз халықтарды түгелдей шоқындыру мен
орыстандыру саясатын тек славян халықтарымен араластырып жіберу арқылы тездетуге болатынын
жақсы білді. Осы мəселеге мəн беріп, яғни араластыру арқылы қазақтардың тілі мен дінінен ажырату
арқылы орыстандыру саясатын ашық ұстанды. Осы мақсаттан туындаған 1869 жылы Мəскеуде
арнайы түрде миссионерлік қоғам ұйымдастырылады. Сөзсіз біз жоғарыда атаған осы саяси идеоло-
гиялық мəселе дəл осы қоғамның атқарар жұмыстарының басым бағыттарын құрады. Сондықтан осы
миссионерлік қоғам мүшелері де жəне патшалық Ресей де дəл осы славян халықтарынан құралған
қоныстанушыларға үлкен сенім артты. Сөзсіз қоныстанушылар бұл істегі ең шешуші əрі ең əсері мол
күш болып табылды. Осы тұрғыдан келгенде 1868 жылы «Қоныс аударушылар комитеті» құрылып,
қызу іске кірісуі миссионерлік əрекетті белсенді ете түсті [8, 85 с.].
Патша үкіметі жалпы отарланған бұратана халықтарды, оның ішінде елін біртіндеп, асықпай
сақтықпен шоқындыру арқылы орыстандыру жолындағы ең басты тəсілдерінің бірі – қазақ халқының
ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб емлесі негізіндегі жазуын қолданудан шығару болатын.
Күнделікті тұрмыста ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан арабша жазуын кириллицамен алмас-
тыруда бүкіл халықтың келер ұрпағын ата-баба салтынан, ұғым мен нанымнан, тарихи естегі
дəстүрлік жалғастығынан үзіп, рухани жағынан жүдете отырып, құлдық психологиясын сəтті сіңіру-
ді көздеген жəне болашаққа бағдарланған, қазақтарды көнбіс құлға айналдыру мақсатын байқауға
болады.
Патша өкіметінің осындай шовинистік жəне отаршылдық саясаты салдарынан Қазақстандағы
білім беру ісінде елеулі өзгерістер енгізіліп жатты. ХІХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы əкімшілік
реформалардың салдарынан жəне 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін де бұратана халықтар
арасында мектеп ашу ісі жаңа серпінмен отаршылдық пиғылда жалғасын тапты.
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
53
1 Обзоры Тургайской области 1886 г. Оренбург, 1887. – 126 с.
2 Рысбеков Т.З. Этюды истории родного края. – Уральск, 2002. –190 с.
3 Сыдыков М. Н. Изменения национального и социального состава населения Западного Казахстана (конец
XIX века - 1989 год). Дис. д.и.н., Уральск, 1996. – 382 с.
4 Ералина А.Е. Ыбырай Алтынсарин жəне Торғай Aлкесіндегі о<у-ағарту ісіні дамуы (ХІХ ғасырды екінші
жартысы) Тарих ғылымдарыны кандидаты ғылыми дəрежесін алу Cшін дайындалған диссертацияны
авторефераты. Алматы, 2009. – 52 б.
5 Кусаинов К.К. Административные аспекты колониальной политики самодержавия в Казахстане во
второй половине XIX начале XX вв. // Степной край: зона взаимодействия русского и казахского народов (XVIII
-XX вв.). Омск, 2001. – 224 с.
6 ойгелдиев М. Жетісудағы Ресей билігі (ХІХғ. 1917ж.).- Астана:, 2004. – 184 б.
7 ?бенова Б.С. 1868 ж. əкімшілік бас<ару реформасыны Орынбор Aлкесіне енгізілуі жəне оны зардап-
тары. // аз ПУ хабаршысы. - 2009. - №4 (26)
8 Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане. А., 1966.
Резюме
Влияние административных реформ 1860-1890-х годов на сферу образования и культуры
Каипбаева
А.Т. – к.и.н., и.о. ассоцированный профессор
(г.Алматы.Казахский государственный женский педагогический университет)
Нурмухамбетов
А.А. – Phd доктор, старший преподаватель
г. Алматы. Казахская Национальная Академия Искусств им. Т.К. Жургенова
Одним из важных вопросов Отечественной Войны являются административные реформы Царского
Правительства проведенные в 1860-1960 годах на территории Казахстана. При реализации реформ Царское
Правительство уделяло особое внимание не только политическо-экономическим мероприятиям, но и колони-
зации территории с культурно-духовной стороны. В том числе работа в сфере просвещения народа является
одним из важных сфер внешней политики царства. Так как это политика направлена на введение нации в хрис-
тианство и их руcифицирование а так же на развитие целостности территории империи. В этой статье рассмат-
риваются вопросы о внедрении значительных изменений в сфере образования на территории Казахстана из-за
шовинистской и колониальной политики Царского правительства, а так же вопросы об открытии школ среди
инородцов из-за административных реформ 60-80 годов ХIX века и после революции 1905-1907 годов с целью
колонистических намерений.
Ключевые слова: Царское правительство, реформа, колонизация, просвещение народа.
Summary
Influence of administrative reforms of the 1860-1890th years on education and culture
A.T.Kaipbaeva – candidate of historical sciences, associate professor
(Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Nurmukhametov A.A.– Phd doctor,senior tutor
Kazakh National Academy of arts named after T.K. Zhurgenov
One of the important issues of Great Patriotic War are the administrative reforms of the Imperial Government which
were held in 1860-1960 in the territory of Kazakhstan. In realization of reforms Imperial Government paid special
attention not only to political and economic actions, but also colonization of the territory from the cultural and spiritual
sides. Also work in the sphere of people's education is one of the important spheres of empire’s foreign policy.
Also the policy is directed to enter the nation in the territory of Russia in Christianity and their russification as
well as on development of empire integrity. This article considers questions about entering considerable changes in the
sphere of education in the territory of Kazakhstan because of chauvinistic and colonial policy of the Imperial
government, also problems about opening the schools among foreigners because of administrative reforms of 60-80
years of the 19th century and after the revolution of 1905-1907 years with aim of colonialistic intentions.
Достарыңызбен бөлісу: |