Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет22/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43

Түйін  сөздер:  концепт,  махаббат,  өшпенділік,  әлемнің  көрінісі,  сарын,  сюжет,  "Сығандар" 
дастаны. 
Summary 
Aisha Argynbaeva - 2
th
 course magister specialty of  Russian language and literature in schools with 
non-Russian language of instruction, 
aishoni_94@mail.ru
 
Scientific supervisor:  Vera Savelyeva –professor KazNPU named after Abai, 
v_savelyeva@mail.ru
 
The article considers two concepts and their filling in Pushkin's poem "Gypsies", and  their connection 
with the story of the poem. In the story "love" and "hate" were represented by an event-related  motives.  
Also, this article analyzes the "concept", the concept of "love", "hate" on the theoretical aspect of using 
119
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
different dictionaries. The novelty of this work is to consider the artistic content of the story development 
and understanding author's conception.  
Key words: concept, love, hate, world, motive, plot, the poem "Gypsies".   
 
 
ӘОЖ  8215121220 
 
М. МАҒАУИННІҢ «КОММУНИСТІК РЕАЛИЗМІНДЕГІ» КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
Ашимова Малика Генийқызы – Абай атындағы ҚазҰПУ PhD докторанты, педагогика 
ғылымдарының магистрі, malika_amg@mail.ru 
 
Мақалада  қазіргі  қазақ  прозасының  көрнекті  өкілдерінің  бірі,  талантты  жазушы  М.Мағауиннің 
«Коммунистік  реализм»  әңгімесінің  негізгі  тақырыбы,  өзекті  идеясы,  көркемдік  ерекшеліктері,  поэтикалық 
жаңалықтары  талданады.  Жазушы  мен  автор,  кейіпкер    қай  шығармасында  болмасын  бір  субъектіге 
біріктіріледі, бұл әдіс М.Мағауиннің туындыларының шыншылдығын аша түседі. Мұхтар Мағауин жаңа заман 
прозашыларының ішінде өзіндік қолтаңбасымен, аянбай ізденуінің нәтижесінде жаңашылдық әкелген қаламгер. 
Жазушының көркемдік  құралдарды қолдануындағы ерекшелігі – адамның мінез-құлқын, адамдық қасиеттерін 
білдіру үшін де пайдаланатыны айтылады. Оқырманды барынша тәнті ететін, еріксіз сүйсіндіретін қасиеті – сөз 
таңдауы,  оны  орынды  жұмсай  алу  қабілеті.  Сонымен  қатар  ол  социалистік  реализмді  қолдаушылардың 
образдарын типтендіруге көп көңіл аударған.  
Жазушы  әңгімелерінде    кейіпкерлерін    болмысын  еш 
жасырмай, пенделік кемшіліктерімен қоса ашып көрсетеді.  
Тірек сөздер: әңгіме, авторлық бейне, авторлық идея, коллизия, поэтикалық жаңалық.  
 
Қазіргі  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  дарынды  тұлға,  өзінің  көркем  шығармалары  арқылы  
халықтың назарын аударта білген қарымды  қаламгер Мұхтар Мұқанұлы Мағауин  шағын жанрларды 
игеру  кезінде  де  өзіне  тән    көркемдік  стилді,  жазу  машығын  қалыптастыра  алды.  Соның  дәлелі 
ретінде  тәуелсіздік  жылдарында  жазылған  «Коммунистік  реализм»  әңгімесінің    поэтикалық 
ерекшеліктерін айтсақ болады. 
Жазушы  шығармада өнерге жақын 20-ға келер-келмес Жарас (социалистік қоғамды қолдаушы),  
Баубек (прозашы),  Сәрсен  (ақын),  Бекет (прозашы),   Мадияр  (әдебиет  тарихын  зерттеуші)  есімді 5 
жігіттің  студенттік  шағы  жайын  баяндайды.    Қандай  шығарма  болмасын  жазушы  өмір  жайлы, 
адам мен  қоғам,  олардың  өзара  қарым-қатынастары    туралы  оқырманға  деген  ойын,    көзқарасын 
ұсынады.    35  бетті  қамтитын  М.Мағауиннің  «Коммунистік  реализм»  атты  әңгімесі  1992  жылы 
жазылған  туынды,  яғни,  еркіндік  бастауындағы  әңгіме  екенін  көруге  болады.  Бұл  –  патриот 
жазушыдан туған көркем шығарма, әдеби кеңістікті кеңейтуге деген тілегінен пайда болған туынды. 
Кез-келген  шынайы  талант  секілді  Мұхтар  да  өз  халқының  тағдырына  бей-жай  қарамайтын, 
ұлтжанды  бір  азаматы  санатынан. «Коммунистік реализм» де соны айғақтайтын шығармалырының 
бірі.  Аталмыш  әңгіменің  прологы  «Нынешнее  поколение  советских  людей  будет  жить  при 
коммунизме!» «… будет жить при коммунизме!»  «… при коммунизме!!» …… «Совет адамдарының 
бүгінгі  ұрпағы  коммунизмде  өмір  сүретін  болады!» «...  коммунизмде  өмір  сүретін  болады!» «... 
коммунизмде!»  [1;284]  –  деген  Жарастың  ұранды  сөздерімен  басталады.  Осы  сияқты  қайталаулар 
шығармада  жиілеп кездеседі. Әңгіменің  әсерін, оның тақырыбын, ойын күшейте түсу үшін осындай 
құралдарды    қолданса  керек.  Мұхтар  Мағауиннің  «Коммунистік  реализмін»  әлеуметтік  талдау 
барысында  бірден  көзге  түсетіні  жазушының  жазудағы    жоғарыда  айтқан  стильдік  ерекшеліктері. 
Болашақтың  қияли  көрінісіне    сеніммен  қараған,  саяси  партия  идеялогиясын  күмәнсіз  жақтаған, 
жаппай  теңдіктің,  бостандықтың,  жоғары  мәдениеттің    күні  туатынын,  коммунизм  таңы  ататынын 
өзіндік ұлы ұрандарымен жеткізген білімді жас жігітті бас кейіпкерлердің бірі етіп алады. Ал қалған 
жігіттерді – ойлары Жараспен мүлдем сәйкес келмейтін, ұлттық идеяны қолдайтын кейіпкерлер тобы 
құрайды. Шығарманың орыс тілінен басталуының өзі халықтың тілінен айырылып бара жатқандығын 
білдіреді.     
Әйтсе де бұл әңгіменің негізгі тақырыбы  1960 жылдардағы қазақтың әлеуметтік құрылысындағы  
жылдар  бойы  үстемдік  алып  келген  социализмнің  орнына  жаңа  заман,  жаңа  қоғам  орнатудағы 
қарапайым жастардың көзқарасы. Жазушы  коммунистік қиялды қолдаудағы топтардың өзара күресін 
көрсетіп  тұр.  Оның  ғаламдық  сипаты  аса  маңызды  болатын,  өйткені  ол  бүкіл  адамзаттың  бірлігін 
қарастыратын.  Мағауин көкейіне  түрткен проблемасын  «Коммунистік реализм»  арқылы талқыға 
120 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
салып,  ортаға  тартады.  Социализм  кезеңіндегі  цензураның  қаталдығы,  халықтың  әлеуметтік-
тұрмыстық    жағдайы  авторды  қатты  алаңдатады.  Қазіргі  қазақ  прозасындағы  әлі  талданбаған  бұл 
әңгіме соны туындылардың  бірі десек артық айтқанымыз емес.  
Сол кездегі студенттердің мүшкіл халін суреткер ерекше көрсетеді: ... асты түскен енсіз төсек..., ... 
кетік бұрыш бозғыл текше... [1; 285], ... қолтығы созылған, өңі-түсі белгісіз ескі мәйке  [1; 286], сыры  
тозып,  қиюы  қашқан  сықырлақ  еденнен  көк  исі  шығады,...  төбеден  су  тамшылағаны  бар  [1;  292], 
жұмыс  орны  ретінде    кезінде  нан  жайған  тақтайшаны  қолданулары  және  т.б.  Яғни,  әлеуметтік 
құлдырауды  тұрмыс  тауқыметінің  үдемелі  жолымен  береді.  Жазушы  түрлі  кейіпкерлерін  болып 
жатқан  процестерге  қатыстырып,  олардың  көзқарас  пен  дүниетанымдарына  терең  бойлау  арқылы 
өтпелі кезеңнің шындығын көрсете білген.  
Тіл,  образ,  сюжет,  композицияны  тұтас  бір  өріммен  берген.  Студент  кездері,  осы  жігіттердің  
азғантай бастан өткерген  мұңлы да мұңсыз болмашы тағдыры бір әңгімеге жүк болып тұр. Жазушы 
социализмнің  күші  тарқамаған  шақтағы  жас  Жарасқа  коммунистік  қозғалысты  жақтатып  сюжет 
желісін  қатарлас  студент  достарын  оның    сеніміне  қарсы  даттатқызып  ұштастыра  суреттеумен 
жалғайды.  Коммунизмде  адамдардың  тең  болатынын,  қойшы  мен  академик,  аспаз  бен  үкімет 
басшысы,  кез-келгені  қалаған  уақытында  ауыстыра  беретінін  алдыға  тартады.  Коммунизмде  бәрі 
тегін, бәрі теңеседі  дейді. Жігіттердің өзара Дюма, Флобер, Маркс секілді  атақты прозаиктардың  
тіпті  қалай  жұмыс  істегенін,  Ахматова  мен  Зощенко  шығармаларын  талқылауы,  сол  кезеңдегі 
жастардың  ізденімпаз,      жоғары  интеллектілі  болғанын  көрсетеді.  60-жылдарғы  уақыт  –  шылбыр 
босаңсып,  аз-маз  кеңшілік  туған    заман  болса  да,  цензураның  қаталдығы  сонша,  әр  сөзін  өлшеп, 
есептемей айтқан жан бір ауыз сөз үшін жылдап түрмеге қамалатын болған. Жас студенттер сол қиын  
қыспақ  заманға  қарамастан  жазуларын  жазуға  тырысатын.  Заман  ыңғайына  жүреміз  деп  екіжүзді 
болып  барамыз  дейтіндер  бар  ара-сыра,  дегенмен  «..  Айт  ойдағыны.  Жаз  көңілдегіні.  Бірақ  орнын 
тап.  Тұзаққа  мойын  ұсыну  да  ерлік  емес  пе.  Әй,  аталарың  айтып  өлген.  Сенің  әлі    «шиқ»  еткен 
дыбысың  да  шыққан  жоқ  қой.  Аңдап  бассаңшы  аяғыңды.»  [1;290]  деп,  кейітіндері  болды.  Қалай 
дегенде  де,  арбаның    күпшегінен  бойың  асса  біттің  заманында  жігіттер  ұлы  істер  жасайтынына, 
аспандағы айдан үміткер екендігін айтады. Бұл да бір  жарқын болашаққа жас ұрпақтың үлкен сенімі 
ғой. С.Қирабаевтың «Автордың әдеби ізденісінің кеңдігі – оның жастар творчествосына арналған ой-
пікірлерінен де көрінеді. Бүгінгі әдеби процестің даму жетістіктеріне қоса сыншының қаламгерлерге 
айтар ойлы ескертпелері бар» [2;128]   – дегені дәл осыны айғақтайды. 
 «
Коммунистік  реализм»  әңгімесінде  автор  бейнесі  қолданылған.  Шығармада  Мағауин  өзінің  
студенттік шағын  баяндайтын секілді. Себебі шығармадағыдай дәл сол жылдар аралығында Мұхтар 
Қазақ университетінің филология факультетінде білім алады. Яғни, нақты тарихи жәдігерлермен ай-
ғақталып  тұр.  «Автор  бейнесі  әдеби  шығармадағы  жазушының  өз  тұлғасының  көріну  қалпы. 
Автордың идеялық нысанасы, көзқарасы,  ұғым-түсініктері, наным сенімдері, көркемдік принциптері, 
суреткерлік  шеберлігі    бәрі-бәрі  кең,  толық  мағынасында,  әрине  шығарманың  өн  бойынан,  бүкіл 
құрылыс бітімінен, идеялық көркемдік сипатынан танылады» [3;21].  Яғни, бұл оның шығармашылық 
тұлғасы,  жазушылық,  суреткерлік  сипат  –  өзгешелігі,  ал  оның  өнер  иесі  ғана  емес,  өз  тағдыры,  өз 
мінез-құлқы  бар  жеке  адам  ретіндегі  бейнесін  алсақ,  ол  әр  жанрда  (мысалы,  өмірбаяндық, 
мемуарлық)  болмаса,  айқын  көрініс  таппайды.  Әр  жанрдағы  шығармаларда  автор  бейнесі  түрлі 
деңгейде көрінеді. Автор негізінен оқиғаны баяндаушы болады,  оның үні қандай шығармада болса 
да  сезіліп    отырады.  «Коммунистік  реализм»    әңгімесіндегі  автордың  оқиғаларға  көзқарасы, 
кейіпкерлерге қатынасы, нені қалай, қай тұрғыдан келіп бағалайтыны шығармадан көрінбейді. Десек 
те  Чернышевский  «Автор  өз  кейіпкерлері  тұрғысынан  қарағанда  ылғи  тарихшы  немесе  мемуаршы 
болып көрінуі керек» [2;197] деп айтып өткен. Әңгімеде  сол бір 60-жылдары қазақты ұлтшыл санап, 
орыстарды  өкіметтің  туған  ұлы  ретінде  қабылдауы  тілге  тиек  етілген.  «Көркемдік  бейне»  термині 
өзінің  заманауи  анықтамасында  Гегельдің  эстетикасынан  бастау  алатындығын  дәлелдеуде, 

Искусство изображает   истинно всеобщее, или идею, в форме чувственного существования,  образа» 
дей келе көркемдік бейнені суреткердің шығармашылық белсенділігімен байланыстырады [4;259]. Ал 
С.Д.Сейденова: «Анализ  размышлений  автора  Магауина  имеет  важное  значение  в  определении 
образа  автора.  .  Потому  изучение  и  сопоставление  жизненных  фактов,  писательских  записей  и 
наблюдений  в  значительных  временных  рамках  позволяет  проследить  формирование  авторского 
сознания»,  -  деп,  жазушы  шығармаларында  абсолютті  тәуелсіз  шығармашыл  тұлғаның  идеясын 
қалыптастырғысы келетіндігін, дей тұрғанмен, қоршаған шындықпен конфликтке келтірмейтіндігін 
айтады [5;88].  
121
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Шығарманың  негізгі  арқауы  –  қазақ  қоғамының  тұтастығы.  Әңгіме    халықтың  жағдайын 
жақсартудың  әлеуметтік  өзекті  мәселелерін  көтереді.  Қазақтың  құт-берекесінің  кері  кетуі,  ауыл 
баласының ұлтшылдықтан безініп, өзіне жайлы қоныс іздеуі үлкен символикалық жүк арқалап тұр. 
Болашақта коммунизмді орнатсақ деген ойды, қарапайым адамдардың психологиясына терең бойлау 
арқылы ашады. Жалпы шығарма өзегінде бүгінгі қазақ ұлты үшін ең өзекті мәселе болып отырған, 
туған топыраққа сүйіспеншілік, саясат туралы  алшақтық көзқарас мәселелері жан-жақты талданады.  
Жазушы  фразеологиялық  тіркестер,  теңеу,    тағы  басқа  көркемдегіш  құралдарды  да  ұтымды 
пайдаланған.  
Бір  қарағанда  жастар  арасындағы  көзқарас  қайшылығын  қозғайтын  жеңіл  шығарма  сияқты 
көрінетін  «Коммунистік  реализм»  әңгімесінің  әлеуметтік  астары  да  қайталай  көз  салған  оқырман 
үшін тереңдей түскендей іспетті. Көзқарастардың бір арнада тоғыспауын коллизия деп қарастырсақ 
болады.  «“Коллизия”  туындыда  ситуациядан  бастау  алып,  қозғалысқа  түсетін  және  әрекет  етуші  
қарама-қайшы идеялардың, характер мен оқиғаның, көзқарас пен сезінудің, пікірдің бейнелі түрдегі 
көрінісі»  [6;145].  Егер  коллизия  туындыдағы  өмірлік  ситуацияны  бейнелесе,  мұндай  жағдайда 
ситуацияның өзі эстетикалық тұрғыдағы көркемдік ойлау болып табылады. 
Шығарма  авторы    сөздің  ішкі мағынасын,  келекеге айналдыратын,  астарлы сықақ,  іштей  мазақ  
яғни, ирония әдісін де ұтымды қолдана білген. А.И.Дыриннің айтқанына сүйенсек, «Комическое  в 
смеховой культуре представляет собой достояние авторского сознания, отражающего национально-
культурную специфику страны. Оно обусловлено общественными противоречиями, ценность его - в 
разоблачении и критике. Характер человека обнаруживается в том, что он находит смешным. Ирония 
как элемент комического по своему характеру критичен, аналитичен и интеллектуален, …  так как в 
состоянии  выразить  более  сильные  эмоции адресата»  [7;137],  Мағауиннің  шеберлігін 
мойындауымызға  кепіл.  Шағын  шығармада  ирониялық  иірімдер  баршылық.  Жалпы  М.Мағауиннің 
бүкіл туындыларында мысқыл, кекесін сезіліп отырады. 
М.Мағауин  өз  әңгімелерінде  басты  кейіпкерлерін  ешқашан  идеал  ретінде  көрсетпейді,  оларды 
пенделік  кемшіліктері  мен  жетістіктерін  жасырып,  жаппай,  бүкіл  болмысымен  ашып  көрсетеді. 
Сондықтан да  «Тарпаңдағы»    ауылдың  бүкіл жігіт-желеңіне  мұрнын  шүйіріп  жүріп, ақыр  соңында 
түрмеден  табылған,    шопыр  жігіт  Жартыбайдан  жүкті  болып  қалған  тәкаппар,  сұлу  қыз  Бәтіш  те, 
қойнында  жатқан  жары  Шәрипаның  өз  бастығымен  көңілдестігін  дәлелдейтін  айғақтары  бола  тұра 
соны түсінуге ақылы жетпеген иіс алмас момын Тұлымханды да («Тұлымханның бақыты» әңгімесі), 
сүйген қызына өзінің өліп өшті махаббатын дәлелдемек болып, трамвайдың астына түсіп, бір аяғынан 
айрылып,  кейінірек  өзінің  шын  бақытына  жолыққан  аулашы  Көшімді  де  («Күтпеген  кездесу») 
оқырман өзінің ескі бір таныстарындай өте жылы қабылдайды. Оларды бірыңғай жек көріп те, немесе 
емешесі езіліп жақсы көріп те кетпейді, тура өздерімен бірге қоян-қолтық өмір сүріп жүрген таныс, 
әрі бейтаныс замандастарындай шынайы қабылдап, жандарын әрқилы терең толқыныстарға түсіріп, 
ізгі  қасиеттерге  бөлейді.  Мағауиннің  әр  сөзі  құнды,  көкейкесті,  көркем  шығарманың  адамзат 
өміріндегі  ең  басты  мақсаты  да  осы  болмақ.  Сондықтан  да  біз  М.  Мағауин  сияқты    суреткерді  – 
әңгімелері өзінің  мақсатының үдесінен шығып, оқырманды жаңа бір рухани биіктерге  жетелеп алып 
шығатын, өзіне дейінгі және кейінгі басқа прозашылардың шығармаларына ұқсай бермейтін өзіндік 
бір қайталанбас көркемдік әлем қалыптастыра алған талант иесі деп нық сеніммен айта аламыз. 
 
 
1
 
Мағауин М. Шығармалар жинағы. Әңгімелер:–Алматы:–«Жазушы», 2007ж.–320 бет. 
2
 
Қирабаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Жазушы, 1992. Т.2: Сын мақалалар 
мен зерттеулер. –544 б. 
3
 
Әдебиеттану  терминдерінің  сөздігі.  /Құрастырушылар:  З.Ахметов,  Т.Шаңбаев/  Алматы: 
«Ана тілі», 1996. –240б. 
4
 
Гегель Г.В.Ф. 

Эстетика”, т. 4. М., 1973, с. 412 
5
 
Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  Хабаршысы,  «Филология»  сериясы,  №1  (31),  2010  ж.-109  бет. 
\
Авторское  сознание  и  особенности  его  воплощения  в  романе-дилогии  Мухтара  Магауина  «Я». 
С.Д.Сейденова.\ 
6
 
Әдебиет теориясы. Нұсқалық.  /Құрастырушы:  Р.Н.Нұрғали – Астана: 2002. – 293 б.  
122 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
7
 
Дырин  А.И.  Ирония  и  сарказм  как  речеязыковые  средства  отражения  морально-этических 
ценностей  британского  социума.  ВАК  10.02.19,  диссертация  на  соискание  ученой  степени  
кандидата филологических наук МГОУ, М., 2012 – с.151 
 
Резюме 
Ашимова Малика Генийқызы – докторант PhD КазНПУ  им. Абая, магистр педагогических 
наук, 
malika_amg@mail.ru
 
Художественные особенности  в «Коммунистическом реализме»  М.Магауина 
В  статье  рассматривается  основная  тема,  актуальная  идея,  художественные  особенности, 
поэтическая  новизна  рассказа  «Коммунистический  реализм»  талантливого  писателя  современной 
прозы  М.Магауина.  В  своих  произведениях  писатель,  автор  и  персонаж    воссоединяются  в  один 
субъект,  этот  способ  помогает  открыть  правдивость  произведений  М.Магауина. 
М.Магауин  
отличился  среди    современных  прозаиков    своей    оригинальной  подписью,      жесткий  труд  в 
результате    которого    привел  писателя  к    инновациям.  В  том  числе  особенности  применения 
художественных  объектов  писателя  используются  для  выражения      человеческого  поведения, 
человеческих качеств.  Самое приятное впечатление оставляющее у читателя а также его особенность 
– 
это  правильное  подбирание  слова. 
Он  акцентирует  внимание  на  типизации  образа  сторонниках 
социалистического  реализма.  Писатель  в  своих  рассказах  показывает  бытие  персонажа  не  скрывая 
его недостатки так как оно и есть. 
 
Ключевые слова: рассказ, авторский образ, авторская идея, коллизия, поэтическая новизна. 
 
Summary 
Ashimova Malika Geniy
қyzy – student of  PhD KazNPU named after Abay, master of education,  
malika_amg@mail.ru
 
Artistic features in the  M
.Magauinꞌs  "Communist realisme"
 
In the article, in modern kazakh prose a talented writer  M.Magauinꞌs  "Communist  realism" the main 
theme of the short  story,  the actual idea, artistic features,  poetry news. Writer and author, hero are reunited 
in one subject, 
this method helps to discover the truth of works M.Magauina

M.Magauin stir among 
contemporary writers of his original signature , hard labor as a result of which led the writer to innovation . 
The application features including art objects of the writer used to express human behavior , human qualities 
. The most pleasant impression on the reader as well as its feature - is the choice of words , correct picking 
up his. 
In addition, he was 
supporter of socialist realism images focus on a lot  of typing.
 
The writer  in his 
stories reveals the existence of a character without hiding its flaws as it is.
 
 
Keywords: story, the author's image, the author's idea, the collision, poetic originality. 
  
 
  
ӘОЖ 821.512.122(091)  
                                           
АШЫҚ МОНОЛОГ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
                  
Әбдіқұлова Р. М. - әл-Фараби ат. ҚазҰУ, ф.ғ.к., доцент, rauabdi@mail.ru 
                               
Мақалада  қазақ  шешендік  сөздерінің  баяндау  және  бейнелеу  жүйесіндегі  ашық  монологтың  стильдік 
қызметі  қарастырылады.  Көне  шығыстық  сөз  сайысы  жанрының  алғашқы  үлгілеріндегі  шешендік  дәстүрдің  
қазақтың шешендік өнерімен сабақтастығы пайымдалады. Мақала авторы шешендік сөздердегі ашық монолог 
құрылымының  өзіне  тән  ерекшеліктерін  сипаттайды.  Ашық  монолог  құрылымының  ықшамдығы  шешендік 
сөздің  тақырыптық-идеялық  тұтастығымен,  қысқа  да  нұсқа  айтылу  ерекшелігімен  байланысты 
тұжырымдалады. Арнау, жұбату сөз үлгілеріндегі психологиялық халді сипаттау күрделі эпиттеттерге тоғысқан 
портреттік  деталь,  перифраз,  антитеза,  символ,    буын,  сөз  қайталау  тәсілдері  арқылы  айшықталатынын 
байыптайды.  Автор  монолог-толғаныстың  өлең  емес,  шешендік  сөз  үлгісі  екенін  оның  құрылым  жүйесін 
саралау, ішкі ұйқасқа құрылған тармақтардың ұйқас, буын санының ерекшеліктері арқылы анықтайды. Ашық 
монологтағы  сандық  прогресс  арқылы  берілген  үдемелі  градация  сипаттарын,  дәстүрлі  метафораларды 
метонимиялық  мәнде  қолдану  шеберліктерін,  эпитеттердің  семантикалық  мәнін  ретроспекциялық  тәсіл 
сипатында  қолдану  ерекшеліктерін,  ауызша  сөйлеу  стиліне  тән  ерекшеліктерді,  ұлғайған  метафоралардың 
антитезалық құбылуларын саралайды.  Ашық сөз құрылымындағы  халықтың ақындық, жыраулық өнеріне тән 
өлшем-өрнектердің өзіндік сипатын айқындайды.  
Түйін сөздер: ашық монолог, ашық сөз, портреттік деталь, перифраз, антитеза, символ,  ритмикалық буын, 
сөз қайталау, үдемелі градация, ұлғайған метафора.  
 
123
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Шешендік  сөздердің  баяндау  жүйесінен  мол  орын  алатын  көркемдік  телімдерінің  бірі  –  ашық 
монолог.  Оның  стильдік  ерекшеліктері  шешендік  сөздердің  өзгеше  табиғатынан  туындайтынын 
пайымдауға  болады.  Өйткені  шешендік  сөздердің  өзіне  тән  баяндау  жүйесінің  тек  қана  ашық 
монолог, диалог, сұрақ-жауап пішініне негізделуі шешендік өнер туындысы екендігінің басты айғағы 
болып табылады. 
Шешендік  сөздердің  баяндау  жүйесі  суырып-салмалық  дәстүрмен  етене  сабақтас  деуге  болады. 
Қазақтың  би-шешені  өзінің  тыңдаушысымен  немесе  қарсыласымен  бетпе-бет  келгенде,  ойын 
шамырқандырып,  сезімін  қозғаған  өмір  құбылыстарының  сол  сәттегі  мән-мағынасы  жайлы 
толғаныстарын  табан  астында  суырып  салып  бүкпесіз  ашық  айтатындығы  мәлім.  Бұндай  ауызша 
шешендік  дәстүрдің  тарихи  тамырлары  ирандық  «Ассирий  ағашы»,  ассирлік-вавилондық    «Ат  пен 
өгіздің  диалогы»  сияқты  сөз  сайысы  жанрының  алғашқы  үлгілерінде,  басқа  да  көне  шығыс 
халықтарының ескерткіштерінде жатқанын айтуға болады [1,21]. 
 
Ал  осы  көне  шешендік  дәстүр  нақыштары  қазақтың  төл  әдебиетінде  көркемдік  із  қалдырғаны 
мәлім. «Қазақ ертегілерінде ұшырасатын қысқаша тұйық репликаларды, батырлар жыры, лиро-эпос, 
тарихи  жырлардағы,  өлеңмен  жазылған  романдардағы,  жекелеген  ақындар  шығармашылығындағы 
ашық  толғаулардың  зор  көркемдік  қуатын  байқау  қиын  емес»  [2,10],-  деп  жазады  профессор 
Б.Майтанов. 
Шешеннің  айтпақ  ойы  мен  сөзінің  әлеуметтік  мақсаты  айқын,  мағынасы  терең,  ойға  қонымды, 
дәлелді  болуының  сырын  оның  табиғи  дарындылығымен,  поэтикалық  ойлауының  тереңдігімен, 
нағыз  шешенге  тән  ақыл  алғырлығымен,  сезім  сергектігімен,  дүниетаным,  өмірлік  тәжірбие 
байлығымен  де  түсіндіруге  болады.  Дегенмен  белгілі  әдебиет  зерттеушісі  Г.Поспелов  көркем 
шығарманың көркемдік жүйесін сөз ете келіп, тілдік стильдің қалыптасуындағы фактор образ емес, 
предметтік  бейнелеу  детальдары  екенін  айтады[3,194-196].  Сондай  көркемдік  телімдерді  шешендік 
сөздердің көркемдік жүйесінен көруге болады. 
Шоқанның атасы Уәлихан қайтыс болғанда Абылайханның сегіз биінің бірегейі болған Байдалы 
би жаназаға бара алмапты. Уәлиханның ханымы қадірлес қарияның келіп көңіл айтпағанына ішінен 
өкпелеп жүреді екен. Бір күні Байдалы өзінің келгенін сыртта тұрып білдіреді. Бірақ өкпелі ханым 
шешенді аттан түсіріп алуға сыртқа шыға қоймайды. Сонда шешен атының басын кейін бұрады да, 
тұра қалып: 
а) " – Ханы өліп, 
Қайғырып жатқан, Айғаным, 
Қара жамылып, 
Ай-күні батқан Айғаным, 
Ханға сүйеніп, 
Қоқай көрмеген Айғаным 
Қамқаға оранып, 
Шоқай көрмеген Айғаным 
Мен бір сөз айтайын, тыңдағын?!" – депті. 
Қара жамылып, жоқтау айтуға даярланған Айғаным құлағын тіге қалыпты. Сонда Байдалы би тағы 
да былай депті: 
ә) "– Ер қартайды, мал тайды, 
Екеуледі, ей ханым! 
Қатын жалқау, ұл ынжық 
Төртеуледі, ей ханым! 
Келін қатал, кер болды, 
Ағайын жат ел болды 
Алтаулады, ей ханым! 
Кәрілік пен кедейлік 
Егіз келді, ей, ханым! 
Мұның бәрін санасаң, 
Сегіз болды, ей, ханым! 
Қаусаған жақ, иек бар, 
Саудыраған сүйек бар 
Ауыл алыс жер болды, 
Тоқсан деген тор болды, 
124 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Оннан асты, ей, ханым! 
б)  – Шығар жолды осыдан  
Өзіңтапшы, ей, ханым!"- деп жүре беріпті [4,266]. 
Шешендік сөздің құрылым жүйесінің бөлігі шартты түрде – а), ә) және – б) деп белгілеп алайық. 
Шешендік  сөз  негізінен  арнау,  жұбату  үогісінде  айтылғаны  байқалады.  Шешен  өзінің  ашық  ой-
толғамдары  арқылы  ханы  өліп,  қабырғасы  қайысқан  ханымға  ғана  емес,  артындағы  халыққа  да 
тоқтам, ғибрат айтады. Монологтің жалқыдан жалпыға көші қстанымы көзге түседі. Шешен Айғаным 
басындағы  психологиялық  халді  "Ханы  өліп,  қайғырып  жатқан",  "Қара  жамылып,  ай-күні  батқан", 
"Ханға  сүйеніп,  қоқай  көрмеген",  "Қамқаға  оранып,  қоқай  көрмеген"  деген  күрделі  эпитеттермен 
суреттейді.  Сондай-ақ,  "Айғаным",  "Мен  бір  сөзді  айтаын,  тыңда?!  "  деген  қаратпа,  сұраулы-лепті 
сөздер  тыңдаушы  назарын  өзіне  аударту  мақсатында  ғана  емес,  алдыңғы  құбылыстың  мәнін 
нақтылап, кеңейте түсу үшін қолданылады. Ал "ай-күні бату" сөзі дәурені өту, күні біту мағынасында 
алынған  перифраздеуге  де  болады.  Сондай-ақ,  шешен  "шоқай"  мен  "қамқаны"  антитезалық  мәнде 
қолдану арқылы "Ханға сүйеніп, қоқай көрмеген" ханшаның ертеңгі күніне де қам жейтінін сездіреді. 
Әрі "қамқаға оранып" деген тіркес мегзеу тәсілі арқылы берілген портреттік штрих десе де болады. 
Алайда бұл мегзеу арқылы берілген портреттік деталь күрделі эпитетке тоғысып кеткенін, ал қаратпа 
сөз түрінде айтылған "Айғаным" сөзінің аяққы қайталау тәсіліне айналғанын көріге болады. Сондай-
ақ  сөз  ішінде  -қа  буынының  қайталануы  да  сөзге  ерекше  айшық,  ырғақи  дарытады.  Шешеннің 
тыңдаушы назарын баурау әдіс-тәсілдері әлемдік шешендік өнер қағидаттарымен желілес келгендігін 
байқауға  болады.  Ашық  монологтің  көркемдік  телімдері  осындай  әсерлі,  айшықты  бейнелеу 
құралдарынан тұратындығы көзге түседі. 
"Қамқаға  оранып,  шоқай  көрмеген",  "Ханға  сүйеніп,  қоқай  көрмеген"  деген  эпитеттердің 
семантикалық мәні ретроспекциялық тәсіл ретінде де қолданылып, шешеннің өзіне бұрыннан таныс 
хан  әулетінің  мән-жайынан,  тарихынан  да  хабардар  екенін  тыңдаушысына  аңдатқандай  болады. 
Қонақ келгенде, Айғанымның тысқа шыға қоймаған паңдығын "қоқай көрмеген", "шоқай көрмеген" 
деп  ауызекі  тілмен  жеңіл  мін  еткендей  болады.  Демек,  "шоқай"  мен  "қоқай"  сөздерінің  юморлық 
астары  да  жоқ  емес.  Жалпы,  шешендік  сөздің  бұл  бөлігі  –  а)  сөздің  құрылым  жүйесінде  бастама 
қызметін  атқарып  тұр  деуге  болады.  Монолог  құрылымында  жүйелі  логика,  суреттілік  бар. 
Суреттіліктің нақтылығын да пайымдауға болады.  
Ал,  сөздің  мазмұндама  –  ә)  бөлігінде  шешен  7  буынды  жыр  үлгісінде  өз  жайынан  хабар  бере 
төкпелеп, кәрілікке өкпелей сөйлейді. Дегенмен, бұл сөздің де шешендің арнау үлгісі екендігін лепті 
айтылатын қаратпа сөз аңғартады. Монолог – толғаныс бернелеу (символ) тәсіліне иек артқанмен, "ер 
қартайды,  мал  тайды"  деген  ішкі  ұйқасқа  құрылған  тармақтардың  ұйқасы  қара  өлеңдегідей  а,а,б,а 
болмай,  а,б,    в,б,г  т.б.  деп  аралас  келеді.  Сондай-ақ,  әр  тармақтың  ритмикалық  буын  топтары  2+2 
тәртібімен  келуі  де  өлең  емес,  шешендік  сөз  үлгісі  екенін  көрсетеді.  Синтаксистік  құрылымында 
салалас  құрмалас  сөйлемге  тән  сипат  бар.  Мысалы,  1,2  тармақты  мынадай  синтаксистік  үлгіге 
түсіруге  болады.  "Ер  қартайды,  мал  тайды,  екеуледі,  ей,  ханым!  ".  Монологтегі  "екеуледі", 
"төртеуледі", "алтаулады" деген туынды етістіктің жедел өткен шақ формасындағы тілдік детальдар 
кәрілікке  мойынсұнған  адамның  қиын  өалін  сандық  прогресс  арқылы  берілген  градация  тәсілімен 
үдете  суреттейді:  "Ағайын  жат  ел  болды"  сөзі  қарама-қайшы  мағынаға  құрылса,  "кедейлік  пен 
кәрілікті" егіздей суреттеп, сандық прогресті онға дейін қсіріп, үдемелі градация үлгісін жасайды. Ал 
"қаусаған жақ иек бар, саудыраған сүуек бар" деген бейтарап жалпылық мәндегі портрет штрихтары 
қарт адамның кәрілік кейпін гиперболалық мәнде береді. "Ауыл-алыс жер болды", "Тоқсан деген тор 
болды"  деген  дәстүрлі  үлгіде  "Жақыным  алыс  болды"  демей,  "жақын"  сөзін  "ауыл"  сөзімен 
ауыстырып, метонимиялық мәнде қолданады. Сөздлің – б) қорытпасында ойын түйіндеп, кетейін деп 
жүре  бергенде,  Айғаным  шешеннің  шаужайына  оралып,  құрметтеп  аттан  түсіріп  алады.  Төрге 
отырған соң, Айғанымның жоқтау айтуға ыңғайлағанын байқаған шешен, былай деп тоқтау айтты: 
а) – Қайрат деген қыран бар, 
Қайғыға тізгін бермейтін, 
Қайғы деген жылан бар, 
Өзекті шағып өртейтін. 
Үміт, сенім, тілек бар, 
Қуантып, қуат алдырар
Жылау деген азап бар 
Қуартып отқа жандырар 
125
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
ә) – Мен қайғыңды қозғалғалы келгем жоқ, 
Қайратыңды қолдағалы келдім [4,267]. 
Шешендік сөздің құрылым жүйесі а) ұсынба мен ә) қорытпа бөліктерден ғана тұрады. "Қайрат – 
қыран,  қайғыға  тізгін  бермейтін,  қайғы  –  жылан,  өзекті  шағып,  өртейтін",  деген  жолдар  ұлғайған 
метафоралар. Ашық монологтегі бұл ұлғайған метафоралардың антитезалық құбылуларын да көруге 
болады. Мысалы, қыран-жылан, қуану-жылау. Ал, қайрат, қуат өзара мәндес сөздер, алдыңғы ойдың 
мәнін ашып толықтыра түседі. Шешен өзі куә болып отырған өмір құбылыстарының мәніне ассоциат 
болатын құбылысты, оның белгілерін "қайғы-жылан", "қайрат-қыран" деп дәл таңдауы дүниетаным 
кеңдңгңн таңытады. 
Ашық  монологтің  көркемдік  телімдерінен  халықтың  ақындық,  жыраулық  өнерін,  дәстүрін  де 
көруге  болады.  Мысалы,  есет  би  Көтібарұлы  патша  үкіметінің  жалдамалы  сұлтаны  Арыстан 
Жантөринмен кездескенде, былайдеп тіл қатқан екен: 
а) " – Мен, мен едім, мен едім, 
Қатарға салсаң қайыспас, 
Қас қара нар мен едім. 
Шабуыл салса шаршамас, 
Шыны тұлпар мен едім. 
Су шашырап,жел тимес, 
Аударылмас қара кеме едім. 
Қасарысып келгенде, 
Қап түбінде сыймаған, 
Қара болат мен едім. 
Тегеурінім теріс біткен, 
Тепсем жілік сындырған, 
Қыран бүркіт мен едім" [4,335].   
Шешендік  сөздің  құрылым  жүйесі  ұсынба  –  а)  бөліктен  ғана  тұрады.  Бұл  бірегейлік  те  шешен 
сөздің ықшам, нақтылығы мен суреттілігін көрсетеді. 
Расында  шешендік  сөз  Махамбеттің  әйгілі  "Мен,  мен  едім"  өлеңінің  сарынында  айтылғанымен, 
өзіндік нұсқасы да жоқ емес. XIX ғасырда өмір сүрген Махамбет ақын да күрескерлік идеясын өзіне 
дейінгі ақын-жыраулардың дәстүрінде "шарға ұстаған қара балта", "ақсұңқар құстың сойымын" деген 
сияқты дәстүрлі метафоралар арқылы суреттесе, Есет би "Қас қара нар", "шыны тұлпар", "қара кеме", 
"қап  түбінде  сыймаған  қара  балта  мен  едім"  деп,  "болат  пышақ  қап  түбінде  жатпас"  деген  халық 
мәтелін өзгерте, түрлендіре сабақтайды. Ал "Қияннан ұшқан, қу ілген, Анық сұңқар мен едім" деген 
жолдар  мен  сөздің  соңғы  үш  тармағы:  "Тегеурінім  теріс  біткен,  Тепсем  жілік  сындырған,  Қыран 
бүркіт  мен  едім"  –  ұлғайған  метафора.  Сондай-ақ,  бұл  ашық  монологта  "қ",  "ш"дыбыстарының 
жарасымды аллитерациясы да бар. Шешендік монолог Махамбет өлеңінің сарынында болғанымен 7 
буындық өлең үлгісін сақтамайды. Мысалы, "Аударылмас қара кеме едім" дейді. 
Жалпы,  ашық  монолог  құрылымының  стильдік  қызметін  күрделі  эпиттеттерге  тоғысқан 
портреттік  деталь,  перифраз,  антитеза,  символ,    гипербола,  буын,  сөз  қайталау,  ауызша  сөйлеу 
стиліне  тән  ерекшеліктер,    сандық  прогресс  арқылы  берілген  градация  тәсілі,  дәстүрлі 
метафораларды  метонимиялық  мәнде  қолдану  тәсілі,  эпитеттердің  семантикалық  мәнін 
ретроспекциялық  тәсіл  сипатында  қолдану  ерекшеліктері,  ұлғайған  метафоралардың  антитезалық 
құбылулары  күшейте  түседі.  Ашық  сөз  құрылымынан  халықтың  ақындық,  жыраулық  өнеріне  тән 
дәстүр мен өлшем-өрнектерді қолданудың өзіндік сипаттарын тануға болады. 
 
1 Литература Востока в средние века. Часть 2. Сост. Конрад Н.И. и др.-М, 1970.-554 с.  
2 Майтанов Б.Қ. Монолог құрылымы. Ғылыми зерттеу.-Алматы: Ценные бумаги, 2006.-107 бет. 
3 Поспелов Г.Н. Теория литературы.- Москва: Высш. школа, 1978.-351 с. 
4 Қазақтың би-шешендері; 2-кітап. Құраст. Төреқұлов Н, Қазбеков М. -Алматы, 1993.-302 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет