Резюме
В данной статье описано техническое обеспечение экологического образования и воспитания. Обучения и воспи-
тания, подготовка преподавательского кадра способного посодействовать в становлении личностив соответствии с
современными требованиями университетского обществопо подготовке кадров по педагогическим дисциплинам, а
также рассмотрены вопросы экологического образования студентов по выбранным специальностям.
Также данная статья посвящена теме обеспечения экологической безопасности, рассмотрены вопросы внедрения
новых моделей в процесс образованияи воспитания. Интеллект, освоения испособность обучающего правильно
использовать источники информации из средств масс медии и обработка имеющейся информации является неотьем-
лемой частью создания научных моделей для успешного осуществления экологического обучения и воспитания.
Статья рассматривает возможности создания экологической образованной социальной среды при помощи науч-
ных моделей, формирования конкуренции выпуская кадров по экологическим дисциплинам, принятия экологичес-
ких важных решений и их осуществления.
Ключевые слова: экологическое образования, подготовка кадров, осуществления процесса обучения, выбор
технологии обучения, стабильное развития и оценка результатов.
Summary
This article describes technical support for environmental education and training. Education and training, training of future
teachers, whoseable to assist in the formation of personality in accordance with the current requirements of the university
pedagogical community, as well as the issues of environmental education of students in selected disciplines.
Also, this article focuses on the topic of environmental security, the issues of introducing new models in the process of
education. Intelligence, understanding and ability to use properly sources of information from the mass media and the
processing of all available information are an integral part of the creation of scientific models for the successful
implementation of environmental education and training.
Article considers the possibility of establishing environmental educated social environment by using of scientific models,
the formation of competition by releasing staff for environmental disciplines, making important environmental decisions and
their implementation.
Keywords: environmental education, staff training, implementation of the education process, the choice of technology of
education, sustainable development and evaluation of results.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
103
ТУРИЗМ
УДК 338.48:502.4(574.51)
ҚЫЗЫЛОРДА АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
С.Қ. Алшымбеков – п.ғ.к., Абай ат. ҚазҰПУ Елтану және туризм кафедрасының аға оқытушысы
Мақалада Қызылорда аймағының туристік нысандарының шығу тарихы мен олардың туризмге қосатын маңызы
туралы мәселелер көтерілген. Бұл өңірінде республикалық және облыстық маңызы бар 500-ден астам архитектура-
лық, археологиялық және мәдени ескерткіштер есепке алынған. Аймақтағы Орта ғасырлық қалалар мен қала орын-
дарының туристік археологиялық және архитектуралық маңызы туралы талдаулар жасалған. Ұлы Жібек жолының
тармақтары мен ондағы маңызды нысандарды қарастырып, қазіргі атқарылатын шаралар мен болашақ болжамдар
жасалған. Тағы бірайта кететін жайт Жошы ұрпағы Сығанақты "Ақ орда" орталығы етіп, онда теңге шығарды".Онан
кейін де облыс аумағы мемлекеттік маңызы бар орталыққа айналған, оған дәлел ертеден сақталған тарихи ескерткіш
орындары. Сыр аймағында ел жадынан өше қоймаған тарихи ескерткіш белгілер, әр-алуан кесенелер, көне қалалар-
дың орындары баршылық. Сыр аймағының өзіне тән табиғи ерекшеліктеріне тоқталып оның туризмде қолдану
мүмкіншіліктері қарастырылған. Арал аймағының табиғаты қазіргі кезде экотуризмді дамытудың маңызды насаны
болып табылатындығы айтылады. Сондай-ақ, Қамыстыбас көлінің маңайында туристік демалыс орындарын ұйым-
дастыру мүмкіндігі аймақ үшін маңызды екендігі талданады. Қамбаш көлі жағалауында да, жергілікті тұрғындарды
тарта отырып, нәзік экожүйесін сақтау және аудандағы жағажайлық туризм саласын дамытуға болатындығы
ескерілген. Осыған сәйкес жүйе өз кезегінде мемлекет пен тұрғылықты халыққа қосымша кіріс көзін табу мүмкінді-
гін туғыза отырып, олардың Қамбаш көлінің жүйесіндегі экожүйенің бұзылмауына қолдау көрсету арқылы жүргізу
керектігі қарастырылған. Сонымен қатар, осы Қызылорда аймағы туризімінің Қазақстан экономикасына қосатын
үлесі өте жоғары екендігі жайында айтып өткен.
Түйінді сөздер: экотуризм, этнотуризм, экскурсия, рекреация, этномәдени, фарсах, инфрақұрылым, археология,
архитектура.
Қызылорда облысының жерi негiзiнен Тұран ойпатында орналасқан. Сырдарияның сол жағалауын
төбешiктi, белестi Қызылқұм массивi алып жатыр. Сырдарияның оң жағалауында Егiзқара қыратты
массивi бар. Қызылорда облысының оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде Қаратау жотасының (1419 м.) солтүстiк-
батыс бөлiгi енiп жатады.
Облыстың солтүстiгiнде Шағрай үстірті, Кiшi Борсық, Арал маңы Қарақұм алқаптары бар.
Қызылорда облысының шекарасы солтүстігінде Ақтөбе, солтүстік-батысында Атырау, батысында
Маңғыстау, оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан облстарының аумағымен, оңтүстік-батысында Өзбекстанмен
шектеседі.
Осындай ауқымды аймақ өзінің сан ғасырлық тарихымен ерекшеленеді. Бұл өңірінде республикалық
және облыстық маңызы бар 500-ден астам архитектуралық, археологиялық және мәдени ескерткіштер
есепке алынған. Олардың ішінде Айқожа ишан күмбезі (Жаңақорған ауданы), Айтбай мешіті (Қызылорда
қаласы), Асанас (Сырдария ауданы), Әйтеке би (Қазалы ауданы), Бегім ана (Арал ауданы), Бұқарбай
батыр (Жалағаш ауданы), Жанқожа батыр кесенесі (Қазалы ауданы), Жалаңтөс Баһадүр (Қазалы ауданы),
Қарасор ескерткіші (Жалаңаш ауданы), Қармақшы ата мазары (Қармақшы ауданы), Қожжанқожа
(Сырдария ауданы), Қорасан ата кесенесі (Жаңақорған ауданы), Қорқыт ата кесенесі (Қармақшы ауданы),
Мүлкалан әулие мазары (Сырдария ауданы), Оқшы ата әулие кесенесі (Шиелі ауданы), «Сырлытам»
ескерткіші (Сырдария ауданы), Тұрмағамбет Ізтілеуовтың кесенесі (Қармақшы ауданы) бар. Аралдың
шығыс жағалауы мен Облыста Халықаралық Арал қоры, «Ақниет», «Ілтипат», «Парыз», т.б. қайырымды-
лық қорлар жұмыс істейді.
Қызылорда өңірінің тарихында облыс аумағымен "Ұлы Жібек" жолының солтүстік тармағы өтіп
жатыр. Ол арқылы Қытайдың жібегі мен Үндістанның бағалы тастары Еуропаға, Ұлы Сібір елдеріне
жеткізіліп отырды.Облыс аумағында Оғыздар тұсындағы Жанкент, Қыпшақ мемлекетінің үлкен сауда-
саттық және саяси орталығы болған - Сығанақ сияқты қалалардың орындары бар. Сығанақты "Қыпшақ
даласының гаваны" деп атаған. Тағы бірайта кететін жайт Жошы ұрпағы Сығанақты "Ақ орда" орталығы
етіп, онда теңге шығарды".Онан кейін де облыс аумағы мемлекеттік маңызы бар орталыққа айналған,
оған дәлел ертеден сақталған тарихи ескерткіш орындары. Сыр аймағында ел жадынан өше қоймаған
тарихи ескерткіш белгілер, әр-алуан кесенелер, көне қалалардың орындары баршылық. Сол сияқты
"Оқшы ата" (XI ғ.), "Асан ата" (XV ғ.) "Қабыл ата" (XIX ғ.), "Ғайып ата" (XV ғ.), "Ес Абыз" (XVI ғ.)
кесенелері. "Жүніс әулие" (XIV ғ.), "Бақты ата" көк тасы мен "Бөріойнақ" (XV ғ.), "Күйеу там", "Бес там",
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
104
"Көк кесене", "Қызыл там", "Көтібар батыр", "Бегім ана", "Қорқыт ата" т.б. ескерткіштері еліміздің
тарихында белгілі орындар. Бұл тізімге Қаратаудағы өзіндік сыры бар үңгірлерді қосамыз. Бұл тарихи
ескерткіштерді П.И. Лерх (1867), А.Ю. Якубовский, И.А. Костаньев (1906-1907), А.Н. Бернштам (1947),
Л.Бартольд (1908) т.б. басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициялары зерттеліп, құнды
пікірлер айтылды [1].
Асан қайғы бабамыз Сыр өлкесін көргенде: - Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның
түбінде кесек етің бар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол! – деген екен. Ал, Рузбахани
"Меһмоннама и Бұхара" атты жазбасында Сыр өңірі туралы былай дейді: Сырдариядан бұрып алған
арықтармен егістік суарылады, өңделмелі егістік алқаптары түрлі жеміс-жидек, өнімдерге бай, даланы
шалғын, көк жасыл ағаштар көмкерген, онда қой секілді жабайы ешкілер (қара құйрық), ақ бөкендер өріп
жүреді. Деректер бойынша Сыр өңірінде "Сыр жолбарысы" мекен еткен, оның соңғысын Арал балықшы-
лары 1848 жылы аулаған. Бекчурин осы маңнан жабайы жылқы-тарпандарды көргенін айтады. Қызыл-
орда облысының осындай тарихи-мәдени және физико-географиялық жағдайын ескере отырып, осы
өңірдің туризмін дамытудағы потенциалы ретінде қарауға болады. Ел басы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа
жолдауы мен Қазақстан - 2030 бағдарламасында туризмді дамыту жайлы айтқан болатын. Туризмді
дамыта отырып ел экономикасына кіріс келтіретін салаға айналдыру қажет. Ол үшін республикамыздағы
туристік мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану және туристік инфроқұрылымды халықаралық стандартқа сай
жасау. Біздің елімізде табиғаттың көркем жерлеріне саяхат жасап, серуендеу үшін мүмкіндіктер жеткі-
лікті. Облысымыздың аумағында кездесетін тарихи және мәдени ескерткіштердің көптігі, жол қатынас-
тарының тораптары, әуе магистральдары т.б. жағдай саяхатшылардың назарын өзіне қызықтырады,
соның ішінде Қызылорда облысы Республикамыздың басқа аймақтарынан табиғаты, әлеуметтік-
экономикалық және тарихи жағдайларымен ерекшеленеді. Бұл өңір физико-географиялық тұрғыдан
Тұран ойпатының шегінде, Қаратаудың батыс баурайында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында
орналасқан. Облыс аумағымен Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы өтіп жатыр. Ол арқылы Қытай-
дың жібегі мен Үндістаннның бағалы тастары Еуропаға, Ұлы Сібір елдеріне жеткізіліп отырған. Ерте орта
ғасырда Сыр өңірінде неше бір ұлы мемлекеттер үстемдік етті. Солардың ішінде экономикасы дамыған
Оғыз, Дешті-Қыпшақ мемлекеттері болды. Облыс аумағында Оғыздар тұсындағы Жанкент, Баршынкент,
Сауран, Өзгент, Аққорған, Қыпшақ мемлекетінің үлкен сауда-саттық және саяси орталығы болған -
Сығанақ сияқты қалалардың орындары бар. Туристтердің қызығушылығы мен мамандықтарына қарай
облыс аумағында тарихи бағыттағы, мәдени-өнер бағытында, экотуризмді және этнотуризмді ұйымдас-
тыруға мүмкіншілік мол. Қорыта айтқанда Қызылорда облысында туристік-экскурсиялық мақсатта
пайдаланатын табиғи және әлеумметтік-экономикалық рекреациялық ресурстар көптеп саналады.
Еліміздің оңтүстік-батысын алып жатқан Сырдарияны жағалай қоныс тепкен Сыр елінің басқа өлкеге
ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі мен алуан түрлі табиғаты бар өлке. Қызылорда облысындағы өзінің табиғи
жүйесімен ерекшеленетін ауданның бірі – Арал. Арал ауданы – Қызылорда облысының солтүстік
батысында орналасқан әкімшіліктік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы құрылған. Жер көлемі 55,1 мың км².
Тұрғындарының жалпы саны 69,2 мың адам. Ауданда 58 елді мекен, 1 қалалық, 2 кенттік және 12 ауыл-
дық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Арал қаласы [2]. Ауданның батысы мен солтүстігінде
Ақтөбе облысының Шалқар, Ырғыз аудандарымен, солтүстік-шығысында Қарағанды облысының Ұлытау
ауданымен, шығысында облыстың Қазалы ауданымен, оңтүстігінде Қарақалпақ Республикасымен
шектеседі. Аудан аумағы барлығымен дерлік Тұран ойпатының солтүстігінде, Арал ойысында жатыр.
Солтүстік Арал провинциясын алып жатқан жазық ландшафттан тұрады. Солтүстік-батысында біршама
көтеріңкі, аласа келген қыраттар мен таулар орналасқан. Аудан жерінің ең биік жері – Шевченко шығана-
ғынан солтүстік-батысында жатқан тау (324 м). Бірнеше құмды алқаптар бар. Олар – солтүстік-
батысындағы Кіші Борсық құмы, солтүстігінде Барша құм, орталық бөлігінде Арал Қарақұмы, Жіңішке
құм, Дарбас құмы. Арал теңізінің жағалауында Көкарал, Көктырнақ, Барсакелмес, Шұбар тарауыз,
Құланды түбектері, Чернышев, Тұщыбас, Шевченко, Бутаков, Сарышығанақ және Берг мойнағы
орналасқан. Түбекте Изенарал, Ұзынарал, Қаратөбе, Домалақ, Айдарлы тағы басқа мүйістер бар.
Сондай-ақ Арал өңірінің туризмін дамытуда негіз болып отырған тарихи-мәдени нысандарға жеке-
жеке тоқталып өтетін болсақ: Кердері мазары – Арал теңізінің табанындағы тарихи-мәдени нысан. 2001
жылы «Арал-2001» археологиялық экспедициясының (жетекшісі археолог Т.Мәмиев) зерттеуі барысында
Арал ауданының Қаратерең ауылынан 75 км оңтүстік батысынан табылған. Археологиялық барлаудың
нәтижесінде жәдігер мавзолей екендігі анықталды. Жалпы құраған көлемі 50 м², биіктігі 2 метр. Ескерт-
кіштің үсті қираған қыш кірпіштер, сәулет материалдары, кеспек ірі тастарға толы. Негізгі іргетас сұлба-
сының батысы мен солтүстігінде адамдар сүйегі табылды. Н.Веселовский, С.Аманжолов, М.Тынышбаев,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
105
С.Толстов Хорезм елінің, Арал теңізінің оң жақ бөлігі 1000-жылдары Кердері т.б. болғанын, екі қаланың
су астына кеткені жайлы деректер келтіреді. Ә.Дербісәлиевтің еңбегінде «Кердері - Хорезм аймақтары-
ның бірі, ол түркілермен шектеседі. Осы мемлекеттің кіндік қалаларының бірі - Жанкент болған», - деп
көрсетілген. Кердеріні ғұндар-эфталиттер тайпасының тағдырымен байланыстырады. Олар I-V
ғасырларда хорезм елін билеген. Мавзолей Арал өңіріндегі Хорезм археолог-этнограф экспедициясы
зерттеген Алаң - қала, Білеулі ескерткіштері - Мазардың өрнекті қаптамалары, Шеберханадан шыққан
кеспектер мен баламаланып X-XIII ғасырларға жатқызылған. Әшекейленуі IX-X ғасырлардағы араб
елдерінің көркем өнеріне жақын. Сәулет өнері Самарқандағы Хаким ат Термези (XI-XII ғ.), Бұхарадағы
Магоки-Аттари мешіті (XII ғ.), Бұқарадағы Исмаил Самани (XI-XII ғ.), Тараздағы Қарахан (X ғ.), Бабажа
Хатун (X ғ.) және Айша Бибі мавзолейлерінің сәулет қаптамалары мен оймалық әшекейлеріне ұқсас.
«Кердері» мовзолейі Жетіасар өңірімен этномәдени, тарихи төркіндес Кердері мәдениетінің сәулет
ескерткіші. Ол көрнекті өнертанушы Л.М. Ремпельдің көрсеткеніндей, ІХ-Х ғасырларда араб елдерінің
көркем өнерімен жақындасқан, Хорезмге көшпелі түркілердің араласуынан пайда болған Х-ХІІІ
ғасырлардағы өркениет туындысы. Арал теңізінің кепкен табанынан табылған «Кердері» мавзолейінің
деректері, зерттеулер тұжырымдары көрсетіп отырғандай, Х-ХІІІ ғасырлардағы түркі мәдениетінің
жарқын туындысы. Ол Арал өңірінің тарихына қатысты тарихи-географиялық, экологиялық, мәдени,
философиялық т.б. мәселелерге жаңа көзқарас енгізеді [3].
Бегім-Ана мұнарасы шамамен 10-12 ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Жаңақұрылыс
ауылынаноңтүстікке қарай 35 км қашықтықта орналасқан. 1979 жылы Қазақстан тарих және мәдениет
ескерткіштерін қорғау қоғамының экспедициясы зерттеген. Аңыз бойынша, Бегім-Ана Жанкент әмірінің
әйелі, нақақ жаланың құрбаны болған. Мұнара шикі кірпіштен тұрғызылған, екі қатар күйдірілген
кірпішпен (23х26х6) қапталған. Биіктігі 10,5 метр. Жоғары қарай сәл қусырыла келген сегізқырлы призма
пішінді, төбесі пирамида болып біткен. Орта деңгейге (шамамен 5,5-6м) дейін мұнара бағанасы тұтас,
одан жоғары бөлме бар. Бұл бөлмеге шығыс жағындағы арқалы ойық арқылы кіруге болады. Мұнара
ескерткіш үшін не әлдебір белгі беруге, қарауыл қарау үшін салынуы мүмкін деген болжам бар. Қазақ-
станда осы тәріздес орта ғасырлық мұнаралар (Ұзынтам, Сарманқоса) көп кездеспейді, ал Орта Азияда
мүлде жоқ. Бірақ «Мұнаралы кесене» деген атаумен белгілі (XIII-XIV ғасырлардан кейін) мұндай
ескерткіштер Иран, Түркия, Әзірбайжанда кең тараған. Бұл жағдай осы елдерге Арал аймағын түркі
тайпаларының ығысып баруынан болуы мүмкін. 1989 жылы Бегім-Ана мұнарасы қайта өңдеуден
өткізілді.
Арал теңізі – Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе облыстарының) жерінде, Тұран
ойпатының шөлді белдемеде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды
антропогендік әрекеттерге дейін (1960-1980 ж.) дүние жүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатыр.
Осы деңгейдегі айдынның ауданы 66,1 мың км² (аралдармен қоса), суының көлемі 1064 км³, орташа
тереңдігі 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 420 км, ені 235 км, су жинайтын алабының ауданы 69000
км² болған. Алабының шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 жылы теңіз деңгейі 18
метрге төмендеген. Нәтижесінде теңіз екі суқоймаға – Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды [4].
Арал теңізі көне замандардан бастап белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ
шығанағы» деп есептесе, А.Македонский кезінде Окс теңізі (Окс-Сырдарияның грекше аты) деп атаған.
Кейін Птолемей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм теңізі, Женд теңізі, Кердері
теңізі сияқты аттары бар. Араб саяқатшылары Ибн Русте (X ғ.), Әл-Истархи (10 ғ), Әл-Идриси (XII ғ),
Әбу-л-Фида (XIV ғ.) сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында Арал теңізі туралы деректер кездеседі. Теңіз
табиғатын жан-жақты зерттеу Ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске
асырыла бастады. 1848-1849 жылдары әскери теңізші әрі зерттеуші А.И. Бутаковтың экспедициясы Арал
теңізінің су айдынынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 жылы Арал теңізінің алғашқы толық
картасы жасалды. 1900-1903 жылы теңіздің және оның маңайындағы кешенді географиялық және гидро-
логиялық зерттеулер Л.С. Бергтің басшылығымен жүргізілді. Одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен
көптеген ғылыми-зерттеу және жобалау институттарышұғылданды. Қазақстанның, сонымен бірге
бірқатар шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелері Арал теңізін зерттеу мәселесімен айналысты. Арал
теңізінде жалпы ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін
олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. Кезіндегі ең ірі аралдары: Көкарал, Барса-
келмес, Возрождение. Солтүстігінде биік және жайпақ жағалаулар кездесіп отырады. Олардың терең
шығанақтар мен тілімделген, шығыс жағалаулары жазық және құмды, шағын шығанақтар мен жаға маңы
аралдары көптеп кездеседі. Оңтүстік жағасы Әмударияның атырауынан тұрады, батыс жағы тілімделуі
шамалы, бұл тұсы биіктігі 250 метрге жететін Үстірттің жарлауыт қабаттарынан тұрады. Арал теңізіне
Орта Азияның 2 аса ірі өзендері (Әмудария мен Сырдария) құяды. Арал теңізі, кайназой дәуірінің орта
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
106
шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің
терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір
сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды.
Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері
назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып
келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру
арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру
сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған.
Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри
келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының
пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» (саяхаттар мен
мемлекеттер кітабы) атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп атайды. Ал, Ибн-
Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша,
Арал теңізінің көлемі 80 фарсах, яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары
Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек атал-
мыш Сиякух - үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік
келеді, кейбір нүктелердің биіктігі - 190 метрге жетеді. Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін
«Хорезм көлі» деп атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл
көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш (Сырдария) және басқа өзендер құя-
ды».Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған Худуд-ал Алам «шығыстан
батысқа дейінгі әлем облыстары» атты қол жазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда
теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған.
Сондай-ақ жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген
адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын
дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған
жоқ деуге болады. Дегенмен, бұл кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі
қазіргі осы өлкенің табиғатының өзгеру сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Негізі Арал теңізі жайлы
нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни, арнайы зерттеулердің басталуы (XVII-XIX ғғ.) ғасырлардың
еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол XVII ғасырдан бері берілген. Яғни, 1740-1741
жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып,
тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілім жасау нәтижесінде карта
жазған. Жалпы, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Демек, ол
мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі
292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр болды. Ал, содан нақты бүгінгі қалған
теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Демек, теңіздің
осындай құрғауына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген
болжам, бұл күндері нақты шындыққаайнала бастады. Бұл жөнінде кезінде теңізде жүзетін кейбір қарт
кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр
деңгейде ашыла бастағанда қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал
тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес»аралының
батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан
бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша
да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80, 100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер
де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен деген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800
шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне
осыған орай бір сөзбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр
деген сөз шындыққа жақын. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын
алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын
бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының
денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді [5]. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экология-
лық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында
көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстін-
де. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты.
Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр.Тек қана оқшауланған Солтүстік
Арал теңізі (Кіші арал теңізі) адамның іс-әрекетімен реттеліп отырады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж.
107
Қамыстыбас көлі – Арал ауданындағы ең ірі көл. Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналас-
қан. Сырдарияның оң жағалауында, Қамыстыбас темір жол станциясынан 2 км батысқа қарай орналасқан.
Көл ендік бағыта 30 км-ге созылған, ені 5-8 км. Ең терең жері 10 м. Көл аумағы 178 км, жағалауының
ұзындығы 115,6 км, теңіз деңгейінен 58,1 м биіктікте жатыр. Көл Тәуіп-Жарма каналы арқылы толығады.
Оның айналасында Лайкөл, Қаязды, Жалаңаш, Райым сияқты бірнеше көлдер тізбегі бар. Шығыс
жағалауы аласа, құмды. Оңтүстігі биік жарлы (23 м-ге дейін), Солтүстік жағалауының биіктігі 5 м-ге
жетеді. Жазық келген, оңтүстік-батыс жағалауы Сырдариямен жалғасып жатыр. Балықтың 15 түрі бар.
Негізгілері: сазан, алабұға, торта, тыран, т.б. Қалада балықтың майда шабағын өсіретін «Қосжар»
питомнигі жұмыс істейді. Оның жылдық өндірістік қуаты 13,4 миллион шабақ (2005). Көлде қаз, үйрек,
т.б. құстар, қамыс, құрақ арасында ондатр кездеседі.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы. Біздің елімізде жалпы көлемі 1075498 га 10 мемлекттік
табиғи қорығы бар. Солардың бірі шөл-шөлейтті аймақта орналасқан Барсакелмес мемлекеттік табиғи
қорығы. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігіндегі бұрынғы
Барсакелмес аралында орналасқан, аралдың жалпы көлемі 16795 гектар болатын. Барсакелмес мемлекет-
тік табиғи қорығының негізі 1929 жылы бағалы аң терісін өндіретін қорғалым ретінде қаланған. Арал
теңізінің күрт төмендеуі және Барсакелмес қорығының Шығыс бөлігі құрлықпен шектесуіне байланысты
қорық әкімшілігі алдына күрделі мәселе қойылды. Жақсы жайылымдар мен суаттар іздеп тұяқты жануар-
лар жаңа аумақтарға қоныстануда. Осыған орай бұл жаңа аумақтарды қорыққа қосуға «Арал құтқару
қорының» қаржыландыруымен ғылыми техникалық-экономикалық сараптамасы дайындалды. Осы
аталған сараптама негізінде Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының территориясы 2006 жылдың 1
қаңтарынан бастап Үкіметтің 2005 жылғы 25 қараша күнгі №1162 қаулысына сәйкес 16795 гектардан
160826 гектарға ұлғайды.1953 жылы Түркменстанның Бадхыз қорығынан жүйрік құландарды жерсіндіру
мақсатымен қорық аумағына жіберілді. 1929 жылдан бастап 1970 жылдар аралығында 7 түрлі жануарлар:
құлан, қара құйрық, ақбөкен, қабан, қоян-толай, үй қояны, құм балпағы жерсіндіру мақсатында қорық
аумағына жіберіледі. Олардың барлығы аралдың табиғи жағдайына жақсы бейімделіп, көбейе бастады.
Қазіргі таңдa Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы екі кластерлік учаскеден құралған:«Барсакелмес»
учаскесі бұрынғы Барсакелмес аралы және оған жалғас жатқан Арал теңізінің кепкен табанын алып
жатыр, көлемі 50884 га. Бұл учаске 2 бақылау-шолу аумағынан тұрады. Барлық инфрақұрылым Барсакел-
мес учаскесіндегі орталық усадьбада жинақталған. Әкімшілік-шаруашылық жағынан Қызылорда облысы,
Арал ауданына жатады және Арал қаласының оңтүстік батысынан 180 км қашықтықта орналасқан.
«Қасқақұлан» учаскесі Арал теңізінің бұрынғы шығыс жағалауы және аралдары кіреді, көлемі 109942 га.
Бұл учаске 6 бақылау-шолу аймағынан тұрады және қорық аумағындағы тұяқты жануарлардың негізгі
суат көздері болып табылатын скважиналар орналасқан.Табиғи өсіп шыққан кең көлемде сексеуіл
орманы бар.
Қазақстан – көшпелі және отырықшы әлемдерімен тығыз байланыста болған. Ғасырлар бойы
құрылып, кейін жойылып, тағы да күлден қайта жаңарып шығып пайда болған, ұлы қуатты империялары
және мемлекеттерімен ерекшеленетін қайталанбас тарихы бар, мәдениеттері мен діндері өзара әсерлесуі
арқылы дамып гүлдеген, Шығыс пен Батысты байланыстырып өткен маңызды сауда жолдары (Ұлы жібек
жолы) бар ежелгі өркениет жері. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда экотуризм потенциалын пайда-
лану үшін жақсы позицияларды иеленуде. Осы мақсатта Барсакелмес қорығыкешенінде сырттан келуші-
лер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен қорыққа жақын орналасқан елді мекендердің
(Қаратерең, Тастақ, Қарашалаң, Бөген, Жаңақұрылыс) жергілікті тұрғындарын жұмыспен қамти отырып,
мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ете алатын болашағы бар экологиялық туризм
жүйесін құру. Жоғарыда айтып кеткендей Арал өңірінің бұған үлес қосуға мүмкіншілігі бар.
Мысал үшін: «Бегім ана-Қасқақұлан» экологиялық маршрутының діни-танымдық бағытына және
автокөлікпен жүруге негізделген. Ұзақтығы 68 км, жолдың ұзақтығына байланысты маршрут уақыты 2
тәулік. Маршруттың жұмыс істеу мерзімі 1 сәуірден 1 қазанға дейін. Топтағы ең көп адам саны 5 адам.
Экскурсия аптасына 2 топ, айына 8 топ, жылына 48 топ қабылдай алады. Сондай-ақ Қамбаш көлі
жағалауындағы жергілікті басқару органдарын тартып, ұйымдастырылмаған ішкі туризмді реттеп,
көлемін арттырып, жергілікті тұрғындарды тарта отырып, нәзік экожүйесін сақтау және аудандағы
жағажайлық туризм саласын дамытуға болады. Бұл жүйе өз кезегінде мемлекет пен тұрғылықты халыққа
қосымша кіріс көзін табу олардың Қамбаш көлінің жүйесіндегі экожүйенің бұзылмауына қолдау көрсету
арқылы жүргізіледі. Қамбаш көлінің жағасында жағажайлық туристік демалыс орнын ұйымдастыру үшін
ең алдымен мемлекеттік ұйымдарды, мемлекеттік емес ұйымдарды, шағын және орта бизнес өкілдерін
қатыстыра отырып оның инфрақұрылымын дамытуымыз керек. Қорыта келгенде, Арал аймағында
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г.
108
туристік нысандарды көркейтудің маңызы бар екенін ескеріп, дамыту шараларын қолға алу қажет.
Білеміз, Арал апаты – дүниежүзіне белгілі. Бірақ солай екен деп, қара жамылып отыруға болмайды. Сол
апаттың өзі шетелдік туристердің келуіне себепші болып отыр. Арал ауданының көші-қон полиция бөлім-
шесінің статистикалық көрсеткіші бойынша, Арал қаласына әр түрлі мақсатпен шетелдік туристердің
келуі жыл сайын артуда. Яғни сұраныстың бар болғаны. Осы сұраныстарды жоғалтпай, ұсыныстарды
көбейту арқылы туризмді қолға алу керек.
1 Арал тағдыры. - Алматы: “Қазақстан”, 1989. – 118-190 б.
2 Берг Л.С. Аральское море. Опыт физико-географической монографии. - М., 2004. – 127 с.
3 Бартольд В.В. Научные результаты Аральской экспедиции. – М., 1992. - 112-210 б.
4 Цветкова Л.И., Алексеев М.И., Усанова Б.П. Экология .– М., 1999. - 56-205 б.
5 Храбовченко В.В. Экологический туризм: Учеб. метод. пособие. – М., 1999. - 53-126 б.
6 www.twirpx.com/files/common/research
7 ww.studmed.ru/...discipliny/osnovy-issledovatelskoy-deyatelnosti
Достарыңызбен бөлісу: |