Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата06.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#8173
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 
Резюме 
В  статье  подняты  вопросы  об  истории  возникновения  туристских  объектов  Кызылординского  региона  и  их 
значимости  для  развития  туризма  республики.  В  данном  регионе  насчитывается  более  500  архитектурных, 
археологических и культурных памятников, имеющих республиканское и областное значение. В статье дан анализ 
архитектурной и археологической значимости для развития туризма городов и городищ Среднего века. Рассмотрены 
ветви  Великого  Шелкового  пути  и  значимые  объекты  вдоль  него,  а  также,  провидимые  на  сегодняшний  день 
мероприятия по из сохранеию и дан прогноз по дальнейшему развитию. Следует отметить еще один достопримеча-
тельный  факт  –  определение  Сыганака  «Ак  ордой»  поколения  Жошы  и  выпуск  денежной  единицы  тенге.И  после 
этого  область  преобразовалась  в  центр  государственного  значения,  этому  доказательством  служат  сохранившиеся 
исторические  памятники.  В  Присырдарьинском  регионе  великое  множество  исторических  памятников,  древних 
городищ, мавзолеев и мазаров. Рассмотрены природные особенности Присырдарьи и возможности их использования 
в туризме. Природа Приаралья в настоящее время является значимым объектом для развития экотуризма. Наряду с 
этим проанализированы возможности  организации  туристских мест  отдыха вблизи  озера Қамыстыбас. Упомянуто 
возможность развития отрасли туризма на побережье озера Қамбаш, привлекая местных жителей и при этом сохра-
няя  хрупкую  экосистему  региона.  В  данном  случае  это  не  только  послужит  источникомдохода  для  государства  и 
местного  населения,  но и поможет сохранению и развитию экосистемы  озера Қамбаш. Также сказано  о значимом 
вкладе туризма Кызылординского региона в экономику Казахстана.  
Ключевые слова: экотуризм, этнотуризм, экскурсия, рекреация, этнокультура, фарсах, инфраструктура, архео-
логия, архитектура. 
 
Summary 
In  article  questions  of  history  of  emergence  of  tourist  objects  of  the  Kyzylordinsky  region  and  their  significance  for 
development of tourism of the republic are brought up. In this region more than 500 architectural, archaeological and cultural 
monuments having republican and regional value are. In article the analysis of an architectural and archaeological significance 
for development of tourism of the cities and ancient settlements of the Middle century is given. Branches of the Great Silk 
way  and  significant  objects  along  it  are  considered,  and  also,  the  actions  foreseen  today  on  from  a  sokhraneiya  and  the 
forecast  for further development is given. It should be noted  one more noteworthy  fact – Syganak's definition "Joint stock 
company a horde" generations of Zhoshy and release of monetary unit tenge. And after that the area was transformed to the 
center of the state value, it as the proof is served by the remained historical monuments. In the Prisyrdaryinsky region great 
variety  of  historical  monuments,  ancient  ancient  settlements,  mausoleums  and  mazar.  Natural  features  of  Prisyrdaryi  and 
possibility of their use in tourism are considered. The nature of Priaralya is significant object for development of ecotourism 
now. Along with it possibilities of the organization of tourist vacation spots near the lake Қамыстыбас are analysed. Made 
mentionly possibility of development of branch of tourism on the coast of the lake Қамбаш, attracting locals and thus keeping 
a friable ecosystem of the region. In this case it not only will be an income source for the state and local population, but also 
will help preservation and development of an ecosystem of the lake Қамбаш. It is also told about a significant contribution of 
tourism of the Kyzylordinsky region to economy of Kazakhstan. 
Keywords: ecotourism, ethnotourism, excursion, recreation, ethnoculture, farces, infrastructure, archeology, architecture. 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж. 
109 
ӘОК 371.382(=512.122):796.5 
 
БЕЛСЕНДІ ТАУ ЖОРЫҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Қ.М. Омаров – п.ғ.к.,  
Абай ат. ҚазҰПУ Қазақстан географиясы, экология және ОӘ кафедрасының аға оқытушысы, 
Г.Н. Мыркасымова – туризм магистрі,  
Абай ат. ҚазҰПУ Елтану және туризм кафедрасының аға оқытушысы 
 
Мақалада туристік іс-әрекетте тау туризмнің бағыттық сипаты іс-әрекеттің көптеген түрлерінен айырмашылық-
тары болатыны туралы анықталған. Осыған орай туризмнің көптеген түрлерінде ең маңызды тәжірибелік міндеттің 
бірі  жорық  бағдарламалары  мен  оңтайлы  бағытттарды  құру  екендігі  айқындалған.  Кең  ауқымда  алғанда  туризм 
біршама  тұрақты  (сауықтыру  туризм,  тау  шаңғы  демалысы)  және  бағыттық  (табиғатқа  бағытталған,  спорттық 
туризм, экскурсия, танымдық туризм) сияқты саяхат пен демалыстың көптеген түрлерін қамтиды. Белсенді спорттық 
және тау туризмінде оңтайлы бағыт құру сауықтыру және әсер алу нәтижесімен ғана емес, тау жағдайында туристер-
дің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де қажет болғандықтан ол біршама өзекті және өнімді мәселе географиялық 
білім болып табылады. Туристік жорықты өз еркімен ұйымдастыру сипатына байланысты спорттық туризм бұхара-
лық сипатта болуымен ерекшеленеді. Көп құрамдас бөлікті туризм жүйесіндегі спорттық туризм өзінің ерекшелікте-
рі мен мәніне  қарай география мен  спорттың қосындысы  болып табылады. Экологиялық, түрлі  оқиғалы, белсенді, 
табиғаттқа бағытталған туризм сияқты жаңа түсініктерспорттық тау туризмге жақын. Сонымен қатар, әдіснамалық 
тұрғыдан тау және спорттық туризмнің география ғылымдар жүйесіне жататынын және оның географиялық білікті-
лікке қатысын талдап  оны анықтап алуды  қажет  етеді. Мақала нәтижесі – аумақтағы туристік бағыттық жорықтар 
торын  қалыптастыруға әрқашанда географиялық білім негізге алынып,  тау  туризмініңтеориялық, тактикалық және 
техникалық астардарына жасалған талдаулар, таулы аумақтардың туристік рекреациялық ресурстарын бағалау және 
пайдалануынғылыми-әдістемелік тұрғыдан дұрыс шешуге мүмкіндік береді. 
Түйінді сөздер: туризмнің белсенді түрлері, спорттық туризм, тау туризмі, туристік жорық, тау жорығы, туризм 
техникасы, туризм тактикасы, жорық бағыты, сауықтыру, қауіпсіздік. 
 
Туристік іс-әрекетте тау туризмнің бағыттық сипаты іс әрекеттің көптеген түрлерінен айырмашылық-
тары болады.Осыған орай туризмнің көптеген түрлерінде  ең маңызды тәжірибелік міндеттің бірі жорық 
бағдарламалары  мен  оңтайлы  бағытттарды  құру.Туризмнің  барлық  түрлеріне  бірдей  дәрежеде  бағыттар 
құруды  қажет  етпейтіндіктен  әсіресе  туризмнің  дәстүрлі  түрлеріне  бағыттық  технологиялардың  қағида-
ларын жасауды қажет етеді.  
Кең ауқымда алғанда туризм біршама тұрақты (сауықтыру туризм, тау шаңғы демалысы) және бағыт-
тық (табиғатқа бағытталған, спорттық туризм, экскурсия, танымдық туризм) сияқты саяхат пен демалыс-
тың көптеген түрлерін қамтиды. Осыған орай белсенді спорттық және тау туризмінде оңтайлы бағыт құру 
сауықтыру  және  әсер  алу  нәтижесімен  ғана  емес,  тау  жағдайында  туристердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз 
ету  үшін  де  қажет  болғандықтан  ол  біршама  өзекті  және  өнімді  мәселе  географиялық  білім  болып 
табылады.  
Туристік  жорықты  өз  еркімен  ұйымдастыру  сипатына  байланысты  спорттық  туризм  бұхаралық 
сипатта  болуымен  ерекшеленеді.  Белсенді  тау  және  спорттық  туризмнің  ыңғайлы  формалары  мен 
ұйымдастыру  тетіктерінің  болуы  бұл,  іс-әрекеттің  тұрақты  әрі  тез  дамуына  мүмкіндік  береді.  Яғни, 
ұйымдастыру  нәтижелері  туристік  саяхаттардың  мол  тәжірибе  мен  іскерлік-дағдыларына  байланысты 
көрініс табады. Тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін сондай әдістемелік нәтижелердің бірі география 
тұрғысынан  жергілікті  жерге  бағытталу  болып,  картамен  және  компоспен  жұмысты  жетілдіру  әр  бір 
туристік топқа міндетті [1]. 
Көп  құрамдас  бөлікті  туризм  жүйесіндегі  спорттық  туризм  өзінің  ерекшеліктері  мен  мәніне  қарай 
география  мен  спорттың  қосындысы  болып  табылады.  Ол  қоршаған  ортаны  тануға  қызығушылықтың 
болуы, үлкен кеңістікті қамтуы және туристік технологияныңжорықтық бағдарламасының географиялық 
факторларға тәуелділігімен ерекшеленеді. Бұның нышаны мен мазмұны, мақсаты мен құрамы, қоғамның 
қабылдауы жағынан туризмнің классикалық түріне  жатады. Спорттық және тау  туризміндегі теориялық 
және  тәжірибелік  іс-әрекеттер  қазіргі  кезеңде  ерекшелене  бастаған  мақсаты,  белсенділігінің  сипаты, 
туристік  құрал-жабдықтар  мен  көлікке  қатысты  ұстанымдары  ұқсас  туризмнің  түрлері  үшін  пайдалы 
болуы мүмкін.  
Экологиялық, түрлі оқиғалы, белсенді, табиғаттқа бағытталған туризм сияқты жаңа түсініктер спорт-
тық  тау  туризмге  жақын.  Оқып-үйренетін  санатымен  түсініктері  жағынан  мектеп,  балалар  мен  жас 
өспірімдер  туризмінің  көптеген  ұқсастықтары  бар.Жоғарыда  аталған  туризмнің  түрлері  спорттықтау 
туристік жорық қағидаларын ұстанып, география ғылымы мен тығыз байланыста болады.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 
110 
Әдіснамалық тұрғыдан тау және спорттық туризмнің география ғылымдар жүйесіне жататынын және 
оның  географиялық  біліктілікке  қатысын  талдап  оны  анықтап  алуды  қажет  етеді.  Спорттық  туризм 
географиясы  біршама  шағын  ауқымда  рекреациялық  географияны  да  қамтиды.  Атап  айтсақ  тау  және 
спорттық  туризм  табиғи  орта  ішінде  адам  үшін  экстримальды  жерлерді  таңдайды.  Спорттық  жорықтар 
үшін теңіз деңгейінен 5000 метрден биікте орналасқантауларда рекреациялық іс-әрекетке жарамды болып 
саналады. 
Туризм  саласынабелгілі  ғалым,  профессор  С.Р.  Ердәулетовтың  пікірі  бойынша  «спорттық  туризм 
табиғатқа бағытталуына байланысты әлеуметтік-экономикалық және физикалық географияның қағидала-
рына  сүйенеді»  деген.  Сондай-ақ,  М.Д.  Шарыгин  мен  А.М.  Трофимовтың  түсінігі  бойынша  «спорттық 
туризм, география және жалпы географияның қолданбалы бөлімдеріне кіреді», деп тұжырымдаған. 
Тау туризмін бағытауға мүмкіндік беретін география ғылымында қабылданған санаттың бірі  «аумақ-
тық  рекреациялық  жүйе»  түсінігі  болып  табылады.  Көптеген  туристік  құбылыстар  мен  үрдістерді 
зерттеуде  жорық  кезінде  туристік  ресурстық  базалар  мен  бағыттар  торының  жүйесі  сияқты  алуан  түрлі 
элементтерді  кеңістіктікпен  байланыстыруға  бағытталған  бұл  тұғырнаманың  тау  туризмін  дамытуда 
маңызы зор [2]. 
Табиғат жағдайлары тау және спорттық туризмнің географиялық таралу заңдылықтары мен аумақтық 
ұйымдастырылуында  техникалық  құралдар  мен  жорықтың  тактикалық  үлгісінде  де  көрініс  тапқан. 
Өйткені, көптеген жорықтар Алматы маңысияқты халық жиі қоныстанғанаймақ маңындағы биік тауларда 
жүзеге  асырылады.  Әр  бір  аумақ  геморфологиялық,  климаттық,  биіктіктік  инфрақұрылымдық,  саяси, 
этнографиялық  және  басқада  ерекшеліктерінің  болуымен  айырмашылық  жасайды.  Осыған  орай  әр  бір 
аумақ  үшін,  әр  түрлі  өлшемдеріне  қарай  жіктеуге  мүмкіндік  беретін  саяхаттың  ыңғайлы,  эстетикалық 
тартымды түрлері болады. 
Сондықтан, әр таулы аудан үшін туристік жорыққа жарамды болып саналатын біршама оңтайлы тау 
жорықтарын ұсынуға болады. Бұл жорықтардың ең қолайлы тәсілі, туризмнің қандай да бір жеке немесе 
бірнеше  түрлерін  ұсыну  болып  табылады.  Туристік  ауданның  барлық  аумағына  таратуға  мүмкіндік 
беретін мұндай тау туризмге жарамды күрделілік санаты да нақты болады. 
Осы  ережелерге  сәйкес  тау туризмін зерттейтін ғалымдар ұйымдастырған экспедициялық зерттеулер 
мен  саяхаттарға  негізделіп  туристік  тау  жорығының  күрделігіне  қарай  аумақтық  спорттық  және  тау 
туризмін дамыту мүмкіндіктерін бағалаудың кезеңдік әдісін ұсынады [3]. 
Ол тартымды әрі белсенді туристік жорықтарды ұйымдастыруға жарамды туристік бағыттың күрделі-
лік санатына сәйкес келетін,туризмнің біршама ыңғайлы түрлерін таңдауға мүмкіндік береді. 
Ұсынылып  отырған  спорттық  және  тау  туризмінің  жарамды  жорық  түрлерінің  түсінігі  әр  бір  аумақ 
үшін біршама қолайлы, оңтайлы және  қауіпсіз жәнеауданды географиялық тұрғыдан жан-жақты таныс-
тыруға мүмкіндік беретінтуризм түрлерін айқындайды. 
Таулы  аудандар  үшін  туризмге  жарамды  жорық  тізбегі  қауіпсіз,  күрделілігі,  қашықтығымен  мен 
ұзақтығы бойынша белгіленген нормативтен аспайтын, бас суайрық жотаның екі жағынанда өтетін және 
туристерге танымал көрікті жерлері арқылы өтуі тиіс.  
Ол  өз  кезегінде  сол  аудандағы  бағыт  пішіні,  бағдарламасы,  тартымдылық  ерекшеліктері  табиғи 
кедергілердің  үйлесуі,  көлікпен  қамтамасыз  ету  мүмкіндігін  көрсетуі  тиіс.  Туризмге  жарамды  туристік 
жорық  бағыты,  аталған  аумақта  саяхат  жасайтындарға  қойылатын  талаптарды,  туристік  әдіс-тәсілдерді 
игеру  санаттын,  оның  географиялық  білімін  айқындайды.  Спорттық  және  тау  туризміндегі  тәуекелді 
басқарудың бұл жолытуристік-рекреацияның қауіпсіз қызметін қамтамасызетуге мүмкіндік береді [4].  
Сондықтан, аумақтағы туристік бағыттық жорықтар торын қалыптастыруға әрқашанда географиялық 
білім  негізге  алынып,  тау  туризмінің  теориялық,  тактикалық  және  техникалық  астардарына  жасалған 
талдаулар, таулы аумақтардың туристік рекреациялық ресурстарын бағалау және пайдалануын ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан дұрыс шешуге мүмкіндік береді. 
 
1 Федотов Ю.Н., Востоков И.Е. Спортивно-оздоровительный туризм: Учебник / Под общ. ред. Ю.Н.Федотова. 
– М., 2007.- 278 с. 
2  Зырянов  А.И.,  Королев  А.Ю.  Эталонные  туристские  маршруты:  географический  аспект  //  Вестник 
национальной академии туризма. – СПб., 2008, № 4(8). - 93-98 с. 
3 Вуколов В.Н. Основы техники и тактики активных видов туризма. Учебное пособие. – изд.2-ое, исп. и доп. – 
Алматы, 2005. – 218 с. 
4 Попов И.П. Ререационная оценка горных территории. – Алматы: Евро, 2000. – 189 с. 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж. 
111 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  отличительные  характеристики  направленности  горного  туризма  как  в  целом  от 
туристской  деятельности,  так  и  от  других  видов  деятельности  вообще.  В  связи  с  этим  обоснована  необходимость 
одной из важных практических вопросов – составления программ и организации удобных направлений маршрутов 
по многим видам туризма. В широком смысле туризм охватывает многие виды пушествий и отдыха (оздоровитель-
ный  туризм,  горнолыжный  отдых,  отдых,  направленный  на  природу,  спортивный  туризм,  экскурсия,  познаватель-
ный  туризм).  В  активных  видах  спортивного  и  горного  туризма  составление  удобного  направления  маршрута 
обусловлено  не  только  оздоровлением  и  получением  туристом  новых  впечатлений,  но  и  обеспечением  в  горных 
условиях безопасности туриста. Данный вопрос является актульным и продуктивным с точки зрения географических 
наук.  Характер  самостоятельно  организованных  туристских  походов  связан  с  особенностью  массового  характера 
спортивного  туризма. В системе  туризма, состоящей из множества элементов, спортивный  туризм своими  особен-
ностью и содержанием является суммой слагаемых географии и спорта. Близки к спортивому горному туризму такие 
понятия, как экологический, приключенческий, активный туризм, туризм, направленный на природу. Также в статье 
рассмотрен  вопрос  методического  содержания  спортивного  и  горного  туризма  в  рамках  системы  географических 
наук, необходимость анализа его соответствия географическим требованиям квалификации. Итогом статьи является 
следующее – в основу формирования сетки территориальных туристских походов по направлениям всегда берутся 
географические науки; анализ теории, техники и тактики горного туризма с научно-методической точки зрения дает 
возможность  для  правильного  решения  оценки  и  использования  туристско-рекреационных  ресурсов  горных 
территорий.  
Ключевые  слова:  активные  виды  туризма,  спортивный  туризм,  горный  туризм,  туристский  поход,  горный 
поход, техника туризма, тактика туризма, направление похода, оздоровление, безопасность. 
 
Summary 
In article distinctive characteristics of an orientation of mountaineering as in general from tourist activity, and from other 
kinds of activity in general are considered. In this regard need of one of important practical questions - drawing up programs 
and  the  organization  of  the  convenient  directions  of  routes  for many  types  of  tourism  is  proved.  In a  broad  sense  tourism 
covers  many  types  of  pushestviye  and  rest  (the  improving  tourism,  alpine  skiing  rest,  rest  directed  on  the  nature,  sports 
tourism, excursion, informative tourism). In active types sports and mountaineering drawing up the convenient direction of a 
route is caused not  only improvement and receiving new impressions  by the tourist, but also providing in mountain safety 
conditions of the tourist. The matter is aktulny and productive from the point of view of geographical sciences. Character of 
independently  organized  tourist  campaigns  is  connected  with  feature  of  mass  nature  of  sports  tourism.  In  the  system  of 
tourism consisting of a set of elements sports tourism by the feature and the contents is the sum of the composed geography 
and  sport.  Such  concepts  as  the  ecological,  adventure,  active  tourism,  tourism  directed  on  the nature  are  close  to  sportivy 
mountaineering.  Also  in  article  the  question  of  the  methodical  contents  sports  and  mountaineering  within  system  of 
geographical sciences, need of the analysis of its compliance to geographical requirements of qualification is considered. A 
result of article is the following – in a basis of formation of a grid of territorial tourist campaigns in the directions geographical 
sciences  always  undertake;  the  analysis  of  the  theory,  equipment  and  tactics  of  mountaineering  from  the  scientific  and 
methodical  point  of  view  gives  the  chance  for  the  correct  solution  of  an  assessment  and  use  of  tourist  and  recreational 
resources of mountain territories. 
Keywords: active types of tourism, sports tourism, mountaineering, tourist campaign, mountain campaign, technology of 
tourism, tourism tactics, direction of a campaign, improvement, safety. 
 
ӘӨЖ 338.48-1-025.27(574) 
 
БАЛАЛАР ТУРИЗМІНДЕ АНИМАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ  
ПАЙДАЛАНУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Г.Н. Мыркасымова – туризм магистрі, Абай ат. ҚазҰПУ  
Елтану және туризм кафедрасының аға оқытушысы 
 
Мақалада  балалар  туризмінде  анимациялық  бағдарламаларды  пайдаланудың  мүмкіндіктері  қарастырылған. 
«Анимация,  қонақүй  анимациясы,  туристстік  анимация,  рекреациялық  анимация,  балалар  туризмі,  анимациялық 
бағдарлама,  анимациялық  бағдарламалар  жүйесі,  анимациялық  бағдарламаларды  жасау  технологиясын,  балаларға 
арналған  анимациялық  бағдарламалар»  ұғымдарына  анықтама  беріліп,  олардың  мақала  тақырыбына  сай  мазмұны 
ашылды. Сонымен қатар, туристік анимацияның пайда болу алғышарттары да көрсетілген. Туристік анимация негіз-
гі үш рекреациялық қызметтердің (емдік, сауықтыру және танымдық) ішінде тікелей екі қызметті атқаруға бағыттал-
ған – спорттық-сауықтыру және танымдық. Жанама жолмен сәйкес жағдайларда оның емдік қызметі де іске асады. 
Туристік анимацияның қызметтері нақты анықталған. Жүйелі тұрғысынан алғанда туристік анимация – бұл қарым-
қатынасқа, қозғалысқа, мәдениетке, шығармашылыққа, уақытты жақсы өткізуге, ойын-сауыққа деген спецификалық 
туристік  қажеттіліктерді  қанағаттандыру.  Бұл  қажеттіліктердің  барлығы  да  балаларға  тән,  сәйкесінше  балалар 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 
112 
туризміне  олардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  анимацияның  түрлері  де  қарастырылған.  Мақалада  анима-
циялық бағдарламаның элементтері, оны жасау технологиясына да көңіл бөлінген. Балаларға арналған анимациялық 
бағдарламаны жасау технологиясы жүйе ретінде бір-біріне байланысты бірнеше жүйелерден тұрады. Анимациялық 
бағдарлама  жетістігі  көпшілік  жағдайда  дұрыс  ұйымдастырылған  жарнама  кампаниясына  тәуелді.  Анимациялық 
бағдарламада  ойын  маңызды  орынға  ие  екендігі  да  көрсетілген  –  ойынның  міндеттері,  функциялары,  әсер  етуші 
факторлары. Мақала нәтижесінде  балалар туризмінің әртүрлісалаларында анимациялықбағдарламаныұйымдастыру 
спецификасын қарастырудаоларды ұйымдастырудыңшарттарыанықталған. 
Түйінді сөздер: анимация, қонақүй анимациясы, туристстік анимация, рекреациялық анимация, балалар туризмі, 
анимациялық  бағдарлама,  анимациялық  бағдарламалар  жүйесі,  анимациялық  бағдарламаларды  жасау  технология-
сын, балаларға арналған анимациялық бағдарламалар. 
 
«Анимация» түсінігі латын сөзінен шыққан (anima – ауа, жел, рух; animatus – жандану) және жандану, 
рухтану, белсенділену деген мағынаны білдіреді.  
Анимация  –  бұл  қызмет  көрсету  сапасын  көтеру  мақсатын  көздейтін  өзіндік  қызмет  түрі,  сонымен 
қатар  –  бұл  жарнаманың,  қонақтар  мен  олардың  таныстарын  қайта  тартудың  өзіндік  формасы,  ол  да 
турбизнестің пайдасы мен кірісін көтеру үшін нарықта туристік өнімді өткізу мақсатын көздейді. 
Қонақүй анимациясы отельге қонақтарды тартудың тиімді құралдарының бірі. Ол тұтастай алғандағы 
отельдің  жұмысына  оң  баға  беруге  де  әсер  етеді.  Бұл  өзінше  бір  тұтынушыға  қосымша  қызмет  көрсету 
түрі,  оның  мақсаты  қонақтардың  оң  эмоцияларын  оятып,  олардың  демалыстан  қанағат  алып  және  осы 
отельге тағы да қайтып оралғылары келетіндей ниеттерін ояту. 
Туристстік  анимация  –  бұл  туристік  қызмет,  осы  қызметті  көрсету  барысында  турист  белсенді  іс-
әрекетке араласады. Ол аниматордың туристермен тікелей байланысына, туристік кешеннің анимациялық 
бағдарламасы  ұсынатын  ойын-сауыққа  бірігіп  қатысуғанегізделген.  Бұл  туристік  кешенде,  отельде, 
круизді  теплоходтарда,  пойызда  жүзеге  асырылатын  туристік  іс-әрекеттің  бір  түрі,  ол  туристерді  бос 
уақытты өткізудің арнайы жасалған бағдарламасына қатысу арқылы әртүрлі іс-шараларға араластырады. 
Туристік  анимация  –  бұл  туристік  кәсіпорындағы  біріккен  іс-әрекеттің  маңызды  бөлігі,  туристік 
өнімнің  маңызды  құрамдас  бөлігі.  Туристік  анимацияның  аяқтап  келгендегі  мақсаты  –  туристтің  дема-
лыспен  қанағаттандырылуы,  оның  жақсы  көңіл-күйі,  оң  сезімдері,  физикалық  және  моральдық  күшінің 
қайта  қалпына  келуі.  Міне  туристік  анимацияның  маңызды  рекреациялық  функциясы  осыда.Туристік 
анимацияның пайда болуының алғышарттары индустриялану мен урбандалудың кері зардаптары. 
Жылдам  техникалық  дамудың  (индустриализация)  зардаптары  ретінде  мына  факторларды  атауға 
болады:  күнделікті  техникамен  қоршалу,  экологиялық  ластану,  еңбектің  бір  сарындылығы,  физикалық 
және психикалық шаршау, шығармашылық пен сүйікті іске (хобби) уақыт пен күштің қалмауы.  
Урбандалу да әртүрлі кері әсерлер туындатты: қала халқының аса жоғары тығыздығы, ұлғайған өмір-
лік жүктемелер, қаладағы көптеген адамдармен оқыс (анонимді) байланыс.  
Осындай  кері  әсерлерге  қарсы  адамдар  қаладан  таза  табиғатқа  шығып,  рухани  құндылықтарға 
(тарихқа, мәдениетке, өнерге) қол жеткізіп, өмірлік сезімдерін түрлендіріп, физикалық және психикалық 
шаршағандарын  басып,  жаңаны,  жаңа  адамдарды  танып-біліп,  олармен  араласу  барысында  шыңдалып, 
достарының  ортасында  демалыс  пен  ойын-сауық  жағдайында  болғылары  келеді.  Осының  нәтижесінде 
спорттық  туризм, хобби-турлар, экологиялық табиғатқа бағдарланған турлар, экскурсиялық-ойын-сауық 
маршруттары,  спорттық-ойын-сауық  және  емдік-қайта  қалпына  келтіру  қызметтері  сияқты  туристік 
қызметтерге сұраныс арта түсті [1].  
Осылайша заманауи балалардың индустрияланумен және урбандалумен байланысты өмір сүру стилі, 
оның еңбек және оқу іс-әрекеттерінің сипатының өзгеруі оның демалысқа деген қажеттілігін, сәйкесінше 
туристік өнімнің мазмұнын да өзгертті.Енді  орналастырумен тамақтандырудан басқа ойын-сауыққа, бос 
уақытты  қызықты  әрі  көңілді  өткізуге,  эмоционалды  босаңсуға  деген  қажеттілікті  қанағаттандыруға 
бағытталған өзге де элементтерді қамтыды. Туристік іс-әрекет пен қонақүйде қызмет көрсету термиоло-
гиясында  «туристік  анимация»  деген  ұғым  пайда  болды,  ол  туристің  анимациялық  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет түрі.  
Туристік анимация негізгі үш рекреациялық қызметтердің (емдік, сауықтыру және танымдық) ішінде 
тікелей екі қызметті атқаруға бағытталған – спорттық-сауықтыру және танымдық. Жанама жолмен сәйкес 
жағдайларда оның емдік қызметі де іске асады.  
Анимациялық  істің  тәжірибесінде  анимациялық  бағдарламаларды  мақсатты  конструкциялау  үшін 
туристік анимацияның келесі қызметтерін атап кетуге болады.  
  адаптациялық, күнделікті жағдайдан еркін, бос уақытты өткізу жағдайына өтуге мүмкіндік беретін;  
  компенсациялық, адамды күнделікті өмірден физикалық және психикалық шаршаудан босататын;  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж. 
113 
  тұрақтандыратын,  оң  эмоциялар  қалыптастыратын  және  психикалық  тұрақтылықты  жаттықты-
ратын;  
  сауықтыру, күнделікті еңбектен әлсіреген адамның физикалық күшін қайта қалпына келтіруге және 
дамытуға бағытталған;  
  ақпараттық, мемлекет, аймақ, адамдар және т.б. туралы жаңа ақпарат алуға мүмкіндік беретін;  
  білім беретін, қоршаған әлем туралы алған жаңа білімдерін бекітуге мүмкіндік беретін;  
  жетілдіретін, интеллектуалды және физикалық жетілуге мүмкіндік беретін; 
  жарнамалық, анмациялық бағдарламалар арқылы туристі мемлекет, аймақ, туристік кешен, отель, 
туристік фирманың жарнамашысы етуге мүмкіндік беретін.  
Туристік  анимация  функциясының  мұндай  әртүрлілігі  анимациялық  іс-әрекеттің  көптүрлілігіне, 
сондай-ақ анимациялық бағдарламалар мен іс-шаралардың көп түрлі болуына жағдай жасады. 
«Анимация»,  «рекреациялық  анимация»,  «қонақүй  анимациясы»,  «туристік  анимация»  түсініктерінің 
айырмашылығы анимациялық бағдарламалардың және іс-әрекеттердің түрлерінің көптігімен байланысты. 
Рекреациялық  анимация  –  адамның  рухани  және  физикалық  күшін  қайта  қалпына  келтіруге  бағыт-
талған бос уақытты өткізу іс-әрекетінің түрі. Рекреациялық мақсатта іске асатын бағдарламаларды турис-
тік кәсіпорындар туристермен және қоанқтармен өткізе алады, сондай-ақ бос уақытты өткізу мекемелері 
жергілікті  тұрғындармен  де  өткізе  алады.  Бұл  «рекреациялық  анимация»  түсінігі  «туристік  анимация» 
және «қонақүй анимациясы» түсінігіне қарағанда кең ұғым екендігін білдіреді.  
Туристік  және  қонақүй  анимациясы  рекреациялық  анимациямен  тығыз  байланысты,  себебі 
отельдердегі,  туристік  кешендердегі,  санаториялардағы,  сондай-ақ  арнайы  анимациялық  турлардағы 
анимациялық  бағдарламалардың  негізгі  рөлі  демалушыларды  сауықтыру,  оларды  күнделікті  күйбең 
тіршіліктен  арылту,  көңіл-күйін  көтеру,  яғни  өмірлік  күштері  мен  энергияларын  қайта  қалпына  келтіру 
болып табылады. 
Туристік  анимация  –  бұл  туристік  қызмет,  бұл  қызметті  көрсету  барысында  турист  белсенді  іс-
әрекетке бой ұсынады. Анимациялық бағдарламаларды дайындау барысында туристердің жасы, жынысы, 
ұлты, сонымен қатар туристердің қатысу белсенділігі сияқты ерекшеліктері ескеріледі.  
Н.И. Гаранин туристік анимацияныүш негізгі түрге бөліп қарастырады, олар маңыздылығы бойынша, 
әлеуеттілігі  бойынша  және  саяхаттың  жалпы  бағдарламасындағы  (туристік  өнімдегі)  анимациялық 
бағдарламалар көлемі бойынша. 
Жүйелі  тұрғысынан  алғанда  туристік  анимация  –  бұл  қарым-қатынасқа,  қозғалысқа,  мәдениетке, 
шығармашылыққа, уақытты жақсы өткізуге, ойын-сауыққа деген спецификалық туристік қажеттіліктерді 
қанағаттандыру. Бұл қажеттіліктердің барлығы да балаларға тән, сәйкесінше балалар туризміне олардың 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын анимацияның келесі түрлері өте керек:  
  қозғалыстағы анимация – жас адамның қозғалысқа деген қажеттілігін қанағаттандырады, ол көңіл 
көтерумен және уақытты жақсы өткізумен үйлеседі;  
  басынан  өткеру  арқылы  анимация  –  жаңаны,  белгісізді  сезіну,  араласу  барысында  жаңадан 
ашылуларды, сонымен қатар қиыншылықты жеңу қажеттілігін қанағаттандырады;  
  мәдени анимация – мәдени-тарихи ескерткіштерге және мемлкеттің, аймақтың, халықтың, ұлттың 
заманауи  мәдени  құндылықтарына  қол  жеткізу  арқылы  Балалардың  рухани  дамуға  деген  қажеттілігін 
қанағаттандырады;  
  шығармашылық  анимация  –  Балалардың  шығармашылыққа  деген,  өздерінің  мүмкіндіктерін 
демонстрациялауға  деген  және  біріккен  шығармашылық  арқылы  рухани  жағынан  бір-біріне  жақын 
болатын адамдармен байланысқа деген қажеттіліктерін қанағаттандырады;  
  қарым-қатынас арқылы анимация – жаңа, қызықты адамдармен қарым-қатынасқа деген, адамдар-
дың  ішкі  жан  дүниесін  ашуға  деген  және  қарым-қатынас  арқылы  өзін-өзі  тануға  деген  қажеттіліктерді 
қанағаттандырады. 
Шынайы  анимациялық  бағдарламалар  көбінесе  кешенді  сипатқа  ие,  ал  жоғарыда  тізілген  анимация-
лық бағдарламалар осы бағдарламалардың құрамдас элементтері болып келеді.  
Анимациялық  бағдарламалар  ойын-сауықтық  іс-шаралармен  қоса  әртүрлі  спорттық  ойындарды, 
жаттығулар мен жарыстарды қатар алып жүреді. Мұндай үйлесімділік бұл бағдарламаларды денсаулықты 
қайта қалпына келтіру, нығайту үшін анағұрлым қаныққан, қызықты және пайдалы етеді, сондықтан да 
туристік анимация мен спорттың өзара ұштасуында қайта қалпына келтіру – сауықтыру тиімділігіне қол 
жеткізіледі.  
Анимациялық  бағдарламаларды  ұйымдастыру  барысында  туристік  нысандарда  демалушылардың 
әртүрлі  жас  санаттарына  тән  ерекшеліктерін  ескеру  қажет.  Балалар  –  өте  белсенді  халық,  олар  үшін  ең 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 
114 
бастысы  –  өз  демалысын  максималды  түрде  көңілді  және  қызықты  өткізу.  Өмірдің  аталмыш  кезеңінде 
бозбалалар  мен  бойжеткендер  физикалық  түрде  жітіліп,  олардың  мінез-құлықтары  мен  өмірге  деген 
көзқарастары  қалптасады.  Бұл  кезеңдегі  іс-әрекеттің  негізгі  түрлері  оқу  және  өндірістік  еңбек  болып 
табылады,  ал  бұл  болса  өз  алдына  көп  күшті  қажет  етеді.  Алайда  бұл  кезде  балалардың  энергиялары 
тасып  тұрады,  сондықтан  балалардың  бос  уақыттарын  өткізу  бағдарламасына  кештер  мен  би  кештерін, 
фестивальдар  мен  шоулар,  аукциондар,  жәрмеңкелер,  спартакиадалар,  олимпиадалар,  диспуттар,  театр-
ландырылған қойылымдар, сондай-ақ әртүрлі ойындар қосуға болады.  
Туристік  кәсіпорындардағы  анимациялық  іс-әрекеттер  өте  тиянақты  түрде  жоспарланған,  регламент-
телген және қаржылық жағынан да, әдістік жағынан да ұйымдастырылған болуы керек. 
Анимациялық бағдарламаларды жасау технологиясын қарастырайық. Анимациялық бағдарламаларды 
жасау технологиясы дегеніміз аниматордың еңбек тәсілдерінің кешені, осы еңбекті ұйымдастыру, арнайы 
техникалық құралдарды (нысандарды, құрылыстарды, құрал-жабдықтарды) пайдалану. Бұл күрделі және 
көпжоспарлы  процесс,  себебі  келесі  міндеттерді  шешеді:  анимациялық  бағдарламаларды  құру,  әрбір 
бағдарлама  бағасының  экономикалық  есебі,  олардың  іске  асуы  және  аяқтап  келгенде  бағдарламаланған 
анимациялық іс-шаралардың шығармашылық түрленуі. Аталмыш технологиялық процесс барлық компо-
ненттер өзара әрекет ететін толыққанды тұтас жүйені құрайды.  
Балаларға  арналған  анимациялық  бағдарламаны  жасау  технологиясы  жүйе  ретінде  бір-біріне  байла-
нысты бірнеше жүйелерден тұрады. Оларды жеке-жеке қарастырайық: 
Ұйымдастырушылық-анимациялық  команданың  экономикалық,  техникалық,  жарнама  бөлімдерінің 
бірігіп әрекет етуін ұйымдастыру; 
Инструкторлық-әдістемелік  –  іс-шаралардың  сценарийлерін,  экскурсиялардың  мәтіндерін  жасап, 
құрастыру, спорттық ойындар мен жарыстарды таңдау, жорық маршруттарын құрастыру;  
Режиссерлік – рөлдерді бөлу, дайындық жоспарларын құрастыру, спектакль, шоу қою; 
Техникалық  –  техникалық  құралдарды  (нысандарды,  құрылыстарды,  құрал-жабдықтарды  және  т.б.), 
анимациялық  іс-шара  үшін  (алаң  (сцена),  реквизит,  декорация,  жарықтандыруды,  музыкалық  қолдауды 
және т.б. дайындау. 
Осы аталған барлық жүйелер технология жүйесін құрайды, ол анимациялық қызметтің қызмет етуіне 
негіз болады. Анимациялық іс-әрекет – бұл өзіне ғана тән ережелері бар шынайы әрі ерекше әлем, оларды 
жасау процесіне көп адамдарды тарту үшін кәсіби мамандар жасайды. Мұнда анимациялық іс-әрекеттер 
қызметінің өзіне тән сепцификалық заңдылықтары бар.  
Анимациялық бағдарламаларды жасаудың технологиялық процесі келесі элементтерді қамтиды:  
- іс-әрекет нысаны – қызмет көрсетілетін туристер,халық (топтар және жеке тұлғалар); 
- іс-әрекет субъектісі – жетекші, анимациялық қызметтің маманы; 
-  барлық  компоненттерін  қоса  алғандағы  анимациялық  іс-әрекет  –  субьектінің  нысанға  әрекет  ету 
процесі [2].  
Анимациялық  бағдарлама  жетістігі  көпшілік  жағдайда  дұрыс  ұйымдастырылған  жарнама  кампания-
сына тәуелді. 
Анимациялық  бағдарламада  ойын  маңызды  орынға  ие.  Ойын  адамдардың  көңіл  көтеру,  араласу, 
демалу құралы болып табылады. Ойын барысында адам қанағат алып, жүйке жүйесі тынығады. Ойынға 
белсенді танымдық сипат тән, ол ақыл-ойдың және физикалық дамуға, эстетикалық тәрбиеге ықпал етеді. 
Оынның көмегімен әлем танылады, шығармашылық инициатива машықтанады, танып-білуге қызығушы-
лық оянып, ойлау қабілеті белсендіріледі.  
Ойынның  басты  міндеті  –  адамның  дамуы,  оның  шығармашылық,  экспериментальды  іс-әрекетке 
бағыттандырылуы.  Ойын  үйретеді,  күшін  қалпына  келтіруге  көмектеседі,  оң  эмоциялық  заряд  береді. 
Ойынның  барлық  функциялары  өзара  тығыз  байланысты.Ойынның  негізгі  функцияларына  мыналар 
жатады:  
-  коммуникативті  –  экспансивті  әсер  етуші  қабілеті  бар.  Ойын  барлық  қатысушыларды  қамтиды 
(қатысушылар, көрермендер, ұйымдастырушылар), яғни эмоциялық байланыс орнатады: 
- іс-әрекеттік – адамдардың бір-бірімен және қоршаған әлеммен өзара әрекеттесуін анықтайды;  
-  компенсаторлық  –  энергияны,  өмірлік  тепе-теңдікті  қайта  қалпына  келтіруші,  психологиялық 
жүктемелерді сергітуші;  
- тәрбиелік – адамның іс-әрекетін ұйымдастырушы. Ойын мақсатты түрде бағытталған тәрбиелеу мен 
оқытуға мүмкіндік береді;  
-  педагогикалық,  дидактикалық  –  білімдері  мен  мүмкіндіктерін  дамытушы  (есте  сақтау  қабілеті, 
назары, әртүрлі модальдықтағы ақпараттарды қабылдау қабілеті жаттығады); 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж. 
115 
- болжамдық – болашақты болжау, эксперименттік; 
- модельдеуші – шынайылықты мүмкін еместікпен байланыстырушы;  
-  ойын-сауықтық  –  жағымды  атмосфера  қалыптастырушы, ғылыми  іс-шараны  қызықты  жағдайларға 
айналдырушы;  
- релаксациялық – эмоциялық жүктемелрді шешуші, жүйке жүйесіне оң әсер етуші;  
- психотехникалық – ойыншы психикасын ақпараттың ауқымды көлемін қабылдауға бағыттаушы;  
- дамытушы – өмірлік жағдайлардың ойын модельдерінде тұлғаның өзін-өзі танытуын жөндеуші.  
Ойын  іс-әрекетінде  екі  маңызды  фактор  үйлеседі:  бір  жағынан  ойыншылар  тәжірибелік  іс-әрекетке 
араласып, физикалық тұрғыда дамиды; ал екінші жағынан – осы іс-әрекеттен моральдық және эстетика-
лық  қанағат  алады,  әлемді,  өмірді  танып-білуін  тереңдетеді.  Осының  барлығы  аяқтап  елгенде  тұтастай 
алғандағы тұлғаның тәрбиесіне оң ықпал етеді [3]. 
Сонымен,  балалар  туризмінде  анимациялық  бағдарламаны  қолдану  мүмкіндігін  қарастыру  кезінде 
келесілер анықталады.  
Туристік  компания  –  ол  туристік  қызмет  көрсетуші  орын,  оның  қызметінде  туристтер  де  белсенді 
қатысады.  Аниматордың  міндеттері  туристтер  мен  жеке  байланысына  негізделеді,  олардың  тур  кеменің 
анимациялық  бағдарламасымен  ұсынылатын  сауықтыру  шараларға  қатысуына  негізделеді.  Туристік 
шығармашылықтың әртүрлілігі тур кешенде, қонақ үйде, кемемен жүзу круизінде, пойызда орындалады, 
ол туристерді түрлі бағдарламаға қатысуға шақырады.  
Анимациялық  бағдарлама  арнайы  туристік  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға  бағытталған,  яғни 
қозғалыс,  мәдениет,  шығармашылық,  сауықтық  кештерде  болады.  Барлық  осындай  қажеттіліктер  бала-
ларда болады, яғни балалар туризміне қажеттіліктерді қанағаттандыратын сәйкес анимация түрлері бар. 
Балалар  туризмінің  әртүрлі  салаларында  анимациялық  бағдарламаны  ұйымдастыру  спецификасын 
қарастыруда оларды ұйымдастырудың келесі шарттары анықталады:  
-  балалардың  әртүрлі  топтарында  қызығушылықтарымен  қоғамдық-мәдени  қажеттілігін  ескеру 
бойынша дифференциалды тәсіл; 
- турлардың анимациялық бағдарламасына балалар ортасында белгілі бос уақытты өткізу шараларын 
қосу; 
-  турдың  негізгі  экскурсиялық  бағдарламасы  және  оның  анимациялық  бөлігі  арасындағы  стильдік 
бірлік.  
 
1  Гаранин  Н.И.,  Булыгина  И.И.  Менеджмент  туристской  и  гостиничной  анимации.  –  М.:  Советский  спорт, 
2004. – 127 с.  
2  Bibiana  Walder,  Paz  Rico  Belda.  Innovation  and  product  development  in  tourism  creating  sustainable  competitive 
advantage. - Berlin: ErichSchmidt, 2006. – 149 р. 
3 Курило Л.В. Теория и практика туристской анимации в 2 т: Т.1. Теоретические основы туристской анимации. 
– М.: Советский спорт, 2006. – 180 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет