Хабаршы вестник


Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата12.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3970
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту 
Жылдамдық  мүмкіншіліктерін  дамыту  жағдайына  қолайлы  жас  қыздарда  11-12  жас,  жасӛспірім  ұл 
балаларда 12-13 жас. 
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда негізінен қарапайым қозғалыс жылдамдығы, жалғыз қимыл 
жылдамдығы жақсы дамиды. Сондықтанда оларға аз уақытта тез жылжып, орын ауыстыратын жергілікті 
қимылдары бар әр түрлі жаттығулар беріледі. Бұл қысқа және ұзын скакалкалармен жаттығулар (айналып 
тұрған скакалка ішіне жүгіре кіру, секіру, жүгіре шығу), эстфеталар, қозғалмалы ойындар, доп лақтыру, 
оны қағып алу жаттығулары т.б. 
Орта  мектеп  жасында  күш  жылдамдығы  жаттығуларын  кӛп  жасатудың  маңызы  зор.  Олар:  әр  түрлі 
секірулер, кӛп ретте жоғары секірулер, ӛзгермелі үдеу жаттығулары, қысқа қашықтыққа қатты жүгіру (30-
60 м) жаттығулары т.с.с. 
Жоғары  сынып  оқушыларына  мұндай  жаттығулар  күрделендіре  орындалады.  Ӛз  жылдамдығы,  күш 
жылдамдығы және тӛзімділік жылдамдығын дамыту жаттығуларының саны кӛбейеді (100, 200 м жүгіру-
лер  және  т.б.).  Жылдамдықты  дамытатын  қозғалмалы  және  спорттық  ойындар  ойнатылады.  Балаларға 
жылдамдық  жаттығуларын  бұлшық  ет  босаңсытатын  жаттығулармен  араластыра  орындату  керек. 
Мысалы, жорғалай жүгіру, аяқты қолды сілку, қолды жоғары кӛтеріп, буын буындарды бӛле босаңсытып 
тӛмен еңкею сияқты және т.б. жаттығулар. Дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы ӛзінің іс тәжірибе 
жұмыстарында  жылдамдық  мүмкіншілігі  қысқа  қашықтықтарға  жүгіруде  ғана  емес,  күш  жылдамдығы 
қасиетінің даму деңгейіне де байланысты екенін ескеруге тиісті. Сонымен, жылдамдық ӛте қиын келеді, 
әрі үлкен күшті талап етеді. Ұзақ уақыт тұрақты жұмыс істегенде ғана азғандай ғана жетісьікке жетуге 
болады. Олжаттықтыру процесін ұйымдастыру әдістемесіне қойылатын ерекше талаптар жүйесімен қоса, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж. 
96 
жылдамдықты дамыту мен тәсілдердің міндетті түрде орындалуын қажет етеді. Спортшылардың қозға-
лыстары ауытқыған шапшаңдықпен ӛтіп, жылдамдық пен күштің бірге қосылып жұмыс істеу нәтижесін-
де  ӛте  жоғары  деңгейде  кӛрсетеді.  спортшылардың  қозғалысы,  барлық  іс  әрекеттері  қарсыласының 
қимылдарына байланысты рингте ӛзгеріп отырады. 
Мысалы; Тай бокста кездесетін жалпы жағдай қарсыласынан қатты соққы  және есеп кӛрсеткіштен 
ұтылып қалмау үшін барлық әрекеттерін жоғары қызбалықпен орындайды. Жаттығу үстінде және жарыс 
кезінде тай боксшы ӛзінің дене мүмкіншіліктерін толық пайдаланады. 
Тай  бокспен  шұғылдану  барысында  тай  боксшы  қимылды,  күшті,  шапшаңдықты  т.б.  қабілеттерді 
шыңдаумен  бірге,  ол  қан  айналымы,  тыныс  алу,  ас  қорыту  т.б.  шыңдайды.  Тай  боксшыға  ең  қажеттісі 
жылдамдық, бұлшық ет, тӛзімділік. Оған қажетті қасиеттерді тәрбиелеу үшін  жаттықтырушы және тай 
боксшы  физиологиялық,  биохимиялық  ӛзгерістерді  білуі  қажет.  Бұлшық  ет  күші  оны  ӛсіруге  арналған 
жаттығуларға,  физиологиялық,  биохимиялық,  биомеханикалық  ерекшеліктерге  және  жүйке  жүйесін 
басқаруына да байланысты.  
Тай боксышының күшінің ӛсу механизмін қарайық. Күштің кӛрсеткіші бұлшық еттердің физиология-
лық  кӛлденеңділігіне  және  жұмысқа  қатысқан  бұлшық  ет  талшықтарының  санына  байланысты.  Күш 
ӛсіру жаттығуларын пайдаланғанда тай боксшыларының бұлшықет талшықтары ӛседі, олардың ұсақ қан 
айналымдары жақсарады, соның арқасында бұлшық ет талшықтары қанмен кӛптеп қамтамасыз етіледі, ол 
бұлшықеттердің кӛлеміне әсер етеді. 
Әрбір бұлшық етте нейрондық қозғалыс кӛрсеткіштері бірдей емес. Біреулері жылдам орындалатын 
қимылға, біреулері ұзақ қимылға арналады. 
Бұлшық  ет  күшінің  ширақтығы  ондағы  рефлекторды  жұмыстың  жүруіне,  ал  бұлшық  еттердің  күші 
оған  келіп  түсетін  жүйке  қозғалысының  молдығына,  ао  биохимиялық  тұрғыдан  қарағанда,  бұлшық  ет 
күші  ондағы  қысқартатын  белоктардың  қасиетіне  байланысты.  Олар:  миозин,  актин,  актомиозин  және 
миостролин.  Бұлшық  ет  күшінің  ӛсуіне  байланысты  онда  гликогеннің  пайда  болуы  шарт.  Күштің  ӛсуі 
сондай-ақ дене құрылысының биохимиялық ерекшеліктеріне де байланысты. 
Шыдамдық деп, соққыны ӛте жылдам орындау есептеледі. Шыдамдық, әсіресе, ол тізбектелген соққы-
лар орындалса жүйке жүйесінің қозу жағжайынан бәсеңдеу жағдайына кӛшеді және керісінше болады. 
қозғалыс жылдамдығының деңгейі орталық жүйке жүйесі жұмысының ерекшелігіне және жүйке-бұлшық 
ет  аппаратының  жағдайына,  бұлшық  еттің  жиырылуы,  оның  созылғышына,  қимылдардың  үйлесіміне, 
боксшының шеберлігіне т.б. себептерге де байланысты. 
 
1  Адамбеков  Қ.І.,  Тастанов  Ә.Ж.,.  Әбілдабеков  С.Ә.  Таңдамалы  спорт  түрлерінің  теориясы  мен  әдістемесі.  – 
Алматы, 2011. 
2 Уанбаев Е.Қ., Уанбаева Ф.Ж. Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі. – Ӛскемен, 2006. 
 
Резюме 
Е.Н. Шонықбаев, Е.А. Кылышев - магистранты 2-курса, Казахский Национальный педагогический университет 
имени Абая 
«Методика развития быстроты спортсменов» 
В  данной  статье  дано  основные  определение  о  важности  скоростных  движениях,  о  его  методиках  развития  в 
понятий  физического  воспитания  и  спорт,  а  так  же  вопросы  функциональные,  физические  технико-тактические, 
психические, теоретические подготовки для преподавателей, для тренеров, для студентов, для спортсменов, а также 
методика  отбора  школьного  возраста  по  физиологическим  и  возрастным  особенностям  в  процессе  физического 
воспитания. 
Ключевые слова: физическая подготовка, скорость, координация, скорость, движение 
 
Summary 
E.N. Shonykbaev, Y.A. Kylyshev – 2 Masters`sCourse, Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
«Method of speed athletes» 
In  this  article  the  basic  definition  of  the  importance  of  high-speed  movement,  its  methods  of  development  in  terms  of 
physical education and sport. Examined questions functional, physically technical-tactical psychical, theoretical preparations 
for teachers, for trainers, for students, for sportsmen, and also methodology of selection of school age on physiologists and 
age-related features in the process of Physical culture. 
Keywords: physical fitness, speed, coordination, speed, movement 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г. 
97 
ӘӚЖ 378.016.02:004.9(574) 
 
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҦМЫСТАР АРҚЫЛЫ ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНЫҢ  
САПАСЫН КӚТЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ  
 
Б.Ғ. Бостанов – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, п.ғ.к., 
Ж.Қ. Қҧрманбеков – 2-курс магистранты, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Бұл мақалада мектеп информатика пәнін оқытудың сапасын арттыру кезіндегі сыныптан тыс жұмыстардың рӛлі 
мен  алатын  орыны  туралы  мәселерге  талдау  жасалынған.  Сонымен  қатар,  сыныптан  тыс  жұмыстардың  әр  түрлі 
формаларын  жекелеген  сабақтарға  қосымша  пайдалана  отырып,  оны  меңгерту  сапасын  арттыру  жолдары  мен 
тәсілдері туралы баяндалған.  
Тірек сӛздер: Ақпараттық-қатынастық технология (АҚТ), оқытудың электрондық құралдары (ОЭҚ), E-Learning 
электронды оқыту жүйесі 
 
Информатика  пәнінен  сабақтантыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  мәселелеріне  жүргізілген  талдаулар 
нәтижесі  бойынша  ӛткізілетін  жұмыс  түрлері  тек  факультативтік  сабақтар  мен  олимпиадалар  ӛткізу 
мәселесімен ғана шектеледі. Заманауи ақпараттық қоғамда ӛмір сүруге дағдыланған, жан-жақты дамыған 
жеке  тұлғаны  қалыптастыру  үшін  оқытылатын  пәндер  бойынша  оқушының  шығармашылық  қабілетін 
дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Сондай-ақ оқушылардың 
іс-әрекетін  жоспарлау,  ұйымдастыру  және  бақылау  жүйесін  ғылыми  негіздеу  талап  етілуде.  Орта  оқу 
орындарында іс жүзінде оқушылардың оқу іс-әрекеттерін басқаруға болатын сыныптан тыс жұмысына, 
яғни оқытудың дәстүрлі емес әдістеріне ерекше кӛңіл бӛлініп отыр [1]. 
Жалпы  орта  білім  берудің  барлық  кезеңдері  теория  мен  тәжірибедегі  жаңаны  қарқынды  іздеумен 
сипатталады.  Бұл  үдеріс  бірқатар  қарама-қайшылықтармен,  оның  ең  бастысы  –  дәстүрлі  әдістер  мен 
тәлім-тәрбиенің  және  тәрбиенің  білім  жүйесі  дамуының  жаңа  қайшылықтарына,  бірқатар  объективті 
инновациялық  үдерісті  туғызған  қоғам  дамуының  қазіргі  әлеуметтік-экономикалық  шарттарына  сәйкес 
келмеуімен негізделген. 
Орта  білім  беруге  қатысты  қоғамның  әлеуметтік  тапсырысы  да  ӛзгерді,  яғни,  қойылған  мақсатқа 
жетуді қамтамасыз ету үшін ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге, ӛзінің әрекетін саналы түрде, ӛз бетімен анықтайтын, 
шығармашылыққа қабілетті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету керек. 
Мектептерде оқытудың басты ұйымдық формасы сабақ болып табылады. Бірақ информатиканы оқыту 
үдерісінде барлық ұғымдарды дәстүрлі оқыту әдістермен шешу қиынға соғатын келесі: 
 
информатика және ақпараттық технологиялар бойынша оқушылардың білімдері мен дағдыларының 
деңгейлік айырмашылығы; 
 
ақпараттық технологияның алуан түрін оқушының қолдануы арқылы мүддесінің қажеттілігін жүзеге 
асыру мүмкіндігін іздеу мәселелері кездесіп жатады.  
Сол себепті информатика бойынша сабақ жай сабақ емес, «дәстүрлі емес сабақ» болу керек. Дәстүрлі 
емес сабақ – бұл дәстүрлі емес, құрылымы тағайындалмаған, ойлап құрастырылған оқу сабағы [2]. 
Бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып оқушылар материалды түрліше 
меңгеруі  мүмкін.  Бұл  оқушының  сабаққа  келгендегі  білімдері  мен  дағдыларына,  материалға  деген 
қызығушылықтары мен ынталарына, баланың психологиялық мүмкіндіктеріне (қажымаушылық, мұқият-
тылық,  қиялдай  білуі  және  т.б.)  де  байланысты  болып  келеді.  Сол  себепті  сабақтарда  оқытудың  және 
оқушылардың білімін бағалаудың жинақталған тәсілін де қолдануға тура келеді. 
Айталық, 10-сынып оқушыларына зертханалық - практикалық сабақтарда есептердің (Pascal, Объекті-
лі-бағдарлы  программалау,  Excel)  тізбесі  беріледі  және  оқушылардың  әрқайсысы  тапсырмаларды  ӛзіне 
тән  шапшаңдықпен  орындайды  және  бұл  ретте  ол  сыныптың  басқа  оқушыларына  кедергі  жасамайды 
немесе, мысалы, оқушыларға әртүрлі деңгейлік тапсырмалар беріледі, ол ӛз кезегінде тақырыпты оқыту-
дың осы кезеңі бойынша оқып үйренудің деңгейін реттеуге мүмкіндік жасайды. 
Оқушылардың білім деңгейлерін қадағалауға келесі әдістер кӛмектеседі: сабақтағы жұмысын қадаға-
лау, ауызша теориялық материалды жазбаша тексеру, практикалық жұмыс, дидактикалық тесттер. 
Оқушылардың жаңа білімді игеруге, ӛзін-ӛзі оқытуға ынталандыруға мүмкіндік беретін кейбір әдістер-
ге тоқтағымыз келіп отыр.  
Зертханалық-практикалық сабақтар – бұл компьютерде орындалатын сыныптағы барлық оқушыларға 
арналған  ортақ  тапсырма.  Зертханалық-практикалық  сабақтарға  дайындық  және  орындау  бір  сабақта 
болып жатады. Сабақтың соңында баға қойылады. Мұндай жұмыстың мақсаты – оқушының практикалық 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж. 
98 
дағдысы мен білімдерін тексеру,нақты есептің шешімін табуда білімдерін қолдануды тексеру. Оқушылар 
практикалық жұмыстарға арналған тапсырмаларды материалды оқу деңгейі бойынша алады. Информати-
каның сабақтарында компьютердегі жүйелі жұмыс оқушылардың ӛзін-ӛзі бақылауын дамытудың маңыз-
ды  факторы  болып  табылады,  ӛйткені  бағдарламаны  және  басқа  да  тапсырмаларды  қоюда  компьютер 
автоматты түрде оқушылардың барлық қателіктерін тіркеп отырады. 
Мысалы, электрондық кесте Excel құралдары арқылы квадрат теңдеудің графигін құру керек. Матема-
тикадан  оқушылароның  графигі  парабола  болатынын  біледі,  сондықтан  да  Excel  бағдарламасында 
орындау барысында параболаны алуы керек, олай болмаса бағдарлама – қате.  
Жеке практикалық жұмыстар  – шағын-жобалар.«Информатика»пәнінің мазмұнымен кӛлемі ақпарат-
тық  білімнің  қалыптасуына  негізделген  және  әртүрлі  есептерді  барлық  оқушылардың  шешуі  кезінде 
зерттеу  тәсілдерін  қолдану  дағдысын,  шығармашылық,  бастамаларын  дамытуға  бағытталған.  Мұнда 
бірінші кезекке оқытудың зерттеу әдістерімен бірге жобалық оқыту ұсынылады. 
Оқушының жобалық зерттеу қызметінің негізі бірінші сабақтың ӛзінде-ақ қаланады. Жобалық қызмет-
ті игеру компьютерлік технологияларды, яғни қолданбалы бағдарламаларды пайдалана отырып шығарма-
шылық жұмысты орындау арқылы, сол сияқты оқушылармен оқылатын тақырып бойынша сыныптан тыс 
жұмыстар жасау барысында баяндаманы және рефератты дайындау жүзеге асады. 
Жобалық  қызметтің  практикалық  маңызы  тағы  да  ӛзінің  жұмысын  әр  түрлі  деңгейлердегі  ғылыми 
конференцияларға ұсыну дағдысын қалыптастырудан құралады. Сол себепті жобаны орындаудың қажет-
ті  кезеңі  оны  ұжымдық  талдау  болып  табылады.  Оқушылар  ӛздерінің  коммуникативтік  дағдыларын 
дамытады.  Олар  басқа  оқушылардың  жұмыстарын  қарауда,  орындалған  және  ұсынылған  жұмыстың 
талдау жасау барысында ӛздеріне дағды қалыптастырады, тәжірибе жинақтайды.  
Қазіргі уақытта информатика сабағында мәселелік оқыту технологиясы да үлкен маңызға ие. Мәселе-
лік жағдай білім беру үдерісінің бір түрі болып табылады. Ол оқушының танымдық қызметін белсенді 
етеді.  Мәселелік  жағдай  оқытудың  барлық  кезеңдерінде:  түсіндіру,  бекіту,  тексеруде  құралып 
қалыптасады. 
Мәселелік жағдайды жасаудың әдістемелік тәсілдерінің бірі – оқытушының оқушылардың салыстыру 
жасауына,  жалпылауына,  жағдаяттан  қорытынды  жасауға,  фактілерді  салыстыруға  итермелейтін  нақты 
сұрақтарды қоюы болып табылады.  
Бағдарлама жасау сабақтарында да проблемалық оқыту жиі пайдаланылады. Оқушыларға математика-
лық, экономикалық және т.б есептерді шешу үшін бағдарламаны жазып қою ұсынылады, бірақ бұл үшін 
оларға формуланы, тілдің операторларын еске алу қажет, оларды дәйекті түрде орналастырып, компью-
терде бағдарлама жазып қою керек, оны жеке есептердің мысалымен тексеру керек болады. Ал барлық 
осы үдерісте оқытушы жетелейтін сұрақтар қоя отырып және оқушыларға дұрыс бағыт беріп отырады. 
Информатика  сабағының  сапасын  тек  сабақтар  ғана  емес,  сонымен  бірге  сыныптан  тыс  сабақтар, 
элективтік курстар да жоғарылатады. Мысалы, «Компьютерлік графика» (жобада) элективтік курстарын-
да, «Word мәтіндік редакторының графикалық мүмкіндіктері» құжат жасауда. «Power Point-та анимация-
лар жасау» (конкурстық жұмыстар). 
Информатикадан  сыныптан  тыс  жұмыстар  компьютер  мен  ақпараттық  технологияларды  қолдану 
мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан 
тыс шаралар ӛткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.. 
Сыныптан  тыс  жұмыс  –  сабақтан  тыс  уақыттағы  мектепте  ӛткізілетін  және  оқу  жоспарына  кіретін 
әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар. 
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері. 
Сабақтан тыс жұмыс мақсаттарын, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдесінің сабақтан тыс уақыт-
тағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді. 
Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалім-
дері  дарынды  оқушылармен  бағдарламалық  материал  бойынша  білімдерін  кӛтеру  мен  тереңдету  үшін, 
сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізілетін жұмыс мысал бола алады. 
Мектептегі  тәрбие  жұмысының  негізгі  бӛлігі  болып  саналатын  сыныптан  тыс  жұмыстар  –  баланың 
ӛмірге  қажетті  әлеуметтік  ортадағы  тәжірибесі  мен  қоғамдық  құндылықтарды  қабылдауын 
қалыптастырады [3]. 
Сыныптан тыс сабаққа қатысушы әрбір оқушы ӛздері таңдап алған тақырып бойынша жоба (зерттеу 
жұмысын) дайындайды.  
Міне, айталық, оқушылардың конкурстар үшін дайындайтын кейбір тақырыптары:  
- «Қазақтың ұлттық ою-ӛрнектері»; 
- «Галактика қозғалысы».  

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г. 
99 
Шығармашылық  есептердің  тақырыптары  тек  «Информатика  және  ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар»  пән  саласын  ғана  қамтымайды.  Білім  алушылардың  ең  сәтті  жұмыстарын  облыстық, 
қалалық және т.б. конкурстарда, конференцияларда ұсынады.  
Информатика сабағының сапасын пәнаралық байланыстармен жоғарылатуға болады. айталық, мынан-
дай сабақтармен: 
-
 
математика  саласы  бойынша:  кез-келген  функцияның  аргуменке  байланысты  мәнін  есептеу, 
эелектрондық  кесте  Excel-дегі  кестенің  және  диаграммалардың  құрылымы;  Pascal  программалау 
ортасындағы кез-келген математикалық есептің шешімі(«Математикалық әдістер»); 
-
 
биология саласы бойынша (смарт ақпараттық құралдарын пайдалану) 8-11 сыныптар; 
-
 
физика саласы бойынша(денелердің қозғалысы, астрономия) 11 сынып; 
-
 
жалпы барлық пәндер бойынша ӛтілетін сабақтың, жасалатын баяндама бойынша презентацияларын 
жасау және т.б. 
Сол ӛзара байланыс оқушылардың информатика сабағының маңыздылығын және оқылатын бағдарла-
маларды ӛмірде қолдану саласын кӛрнекі түрде кӛруге мүмкіндік береді. 
Информатика  сабағына  келген  оқушы  ең  бірінші  кезекте  компьютерде  бағдарламалармен  жұмыс 
істеуді  үйренуді  армандайды.  Оқушылардың  кӛпшілігі  программалаудың  тарауларын  ойдағыдай  игере 
алмайды және барлығы бағдарламашылар бола алмайды, ал қазіргі әлемдегі келешек кәсіби қызметі үшін 
әрбір тәжірибелі пайдаланушылар болуы керектігін және оқытушының мақсаты оларға кӛмектесу екенді-
гін ғалымдар дәлелдеді. Сондықтан да, мектеп бағдарламасы бойынша бекітілген сағат саны оқушының 
біліуі керек білімге жеткіліксіз. Осы ретте сыныптан тыс жұмыстардың рӛлі мен орыны ұшан теңіз.  
Бүгінгі күні оқушының рухани ӛсуі мен адами қатынас жасауының, ӛзін танытудың жаңа құралдарын 
табуға мүмкіндік беретін  жаңа бағдарламалық орталар кӛптеп саналады, олар оны ӛз ӛмірінен шектете 
алмайды,  себебі,  әлем  ақпараттық  тұрғыдан  жедел  дамуда.  Ал  мектеп  информатика  пәні  қоғамның 
дамуындағы ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияның дамуы мен олардың білім беру 
саласына енуін оқушыға үйретіп, оқытып үлгермейді. Үлгерген күннің ӛзінде сапасы ӛте тӛмен деңгейде. 
 
1 http://sc0021.zharkain.akmoedu.kz/documents/view/A33768B785B8742F.html 
2 Педагогика. Новый курс: Учебник для студ. пед. вузов в 2кн. / Под ред. И.П. Подласый. - Гуманит. Изд. Центр 
ВЛАДОС, 2000. 
3 Айтбекова М.Ұ. Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстырып щқытудың ӛнімділігі. – Тараз: «Тараз 
университеті», 2004 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются и анализируются вопросы и проблемы роли и место внеклассных работ при 
повышении качества преподавания предмета информатики. А также, дополнительно используя на индивидуальных 
занятиях различные формы внеклассных работ, рассмотрены пути и методы повышения качества обучения. 
Ключевые  слова:  Информационно-коммуникационные  технологии  (ИКТ),  образовательные  электронные 
ресурсы (ОЭР), система электронного обучения E-Learning 
 
Summary 
In this article is considered, and questions and problems of a  role and a place of out-of-class  works at improvement of 
quality of teaching a subject of informatics are analyzed. And also, in addition using various forms of out-of-class works on 
individual occupations, ways and methods of improvement of quality of training are considered.  
Keywords:  Information  and  Communication  Technologies  (ICT),  educational  electronic  resources  (EER),  system  of 
electronic training of E-Learning. 
 
ӘОЖ 378.14.016.02 
 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУІШ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ МЕКТЕП 
ИНФОРМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ РӚЛІ МЕН ОРНЫ 
 
Е.Ы. Бидайбеков – Абай атындағы ҚазҰПУ, п.ғ.д.,профессор,  
Қ.К. Нҧрлыбаев – 2 курс магистранты, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Мақалада математикалық модельдеу және есептеуіш экспериментінің мектеп информатика курсындағы рӛлі мен 
орны  туралы  мәселелерге  талдау  жасалған.  Сондай-ақ,  математикалық  модельдеу  және  есептеуіш  эксперименттің 
қазіргі  қоғам  үшін  маңызды  және  қажетті  болуы  олардың  мектеп  информатика  курсында  оқытылу  қажеттілігі 
туралы баяндалаған. 
Тірек сӛздер: математикалық модельдеу, есептеу эксперименті 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж. 
100 
Мектепте информатиканы оқытудың негізгі міндеті ақпараттық үдерістердің құрылуы мен қолданылу-
ын  және  оның  қызметінің  жалпы  заңдылықтарын  оқып  үйрену.  Мазмұны  жағынан  қарастырғанда  ол 
әлемнің  тұтастай  бейнесін  тануға,  модельдеудің  мүмкіндіктерін  кеңейтуге  жағдай  жасайды,  бұл  ӛз 
алдына  информатиканың  басқа  да  мектеп  пәндерімен  пәнаралық  байланыстарының  кеңейіп  тереңдеуін 
қамтамасыз етеді. 
Информатиканың  маңызды  ұғымдарының  бірі  модель  ұғымы  болып  табылады.  Ақпаратпен  жұмыс 
істеген  кезде  біз  дайын  модельдермен  жұмыс  істейміз  (оларды  бақылаушы  ролінде  боламыз)  немесе 
модельдерді  ӛзіміз  құрамыз.  Компьютердегі  кез  келген  үдерісті  модельді  жасамай  және  оны  зерттемей 
оқыту  мүмкін  емес.  Сондықтан  да  модельдеудің  іс-әрекеттік  сипатын  атап  ӛту  маңызды.  Модельдеу
 
информатиканың  зерттеу  нысаны  ғана  емес,  танымдық,  оқу  және  практикалық  іс-әрекеттің  маңызды 
тәсілі  болып  та  табылады.  Сонымен  қатар,  оны  ғылыми  зерттеу  және  іс-әрекеттің  ӛзіндік  әдісі  ретінде 
қарастыруға болады [1]. 
Модельдеу  қоршаған  ортаны,  табиғат  пен  қоғамда  болып  жатқан  ақпараттық  үдерістерді  тану  әдісі 
ретінде ерекше мәнге ие болады. Сондықтан да модельдеуге ерекше назар аударуға тура келеді. Себебі ол 
оқушылар меңгеруге тиісті білім қорын таным тәсілі мен мазмұны тұрғысында қарастырады. Бұл модель-
деу  мәселесін  қоршаған  шындықты  танып-білудің  әдістері  ретінд
е  оқып-үйренуді  қажет  етеді. 
А.
Маслов  ӛз  еңбегінде  «Ақпаратты  ұсыну  формалары,  ақпаратты  сақтау,  ӛңдеу  және  тасымалдауды 
ұйымдастыру», «ЭЕМ құрылғылары және оны қолдану», бӛлімдерімен қатар «Информатиканың филосо-
фиялық және саяси кӛзқарасы» деген бӛлімді енгізген. Соңғы бӛлім оқушыларға қоршаған әлемді тану 
туралы,  ойлау  үлгілерін  тану  әдістерінің  даму  тарихы  туралы,  логикалық  ойлау  элементтері  және  оны 
қалыптастыру, математикалық модельдеу, модельдер және білімді ұсыну үлгілері туралы түсініктерді алу 
мүмкіндігін беретін тармақтардан тұрады.  
Модельдеу 

 бұл жалпы ғылыми әдістер қатарына жатқызуға болатын қоршаған әлемді танудың кең 
таралған бір әдісі. Аталған әдіс ғылыми танымның эмпирикалық та, теориялық та деңгейінде қолданыс 
табады.  Сондықтан  да,  модельдеуге  теорияның  да,  тәжірибенің  де  кӛптеген  артықшылықтары  тән. 
Модельдеудің бұл ерекшелігі нақты объектілер, үдерістер мен құбылыстарды терең, жеткілікті дәрежеде 
толық және жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді [2]. 
Күрделі физикалық жүйелердегі үдерістердің математикалық моделдерін құрудың кӛп жылдық тәжі-
рибесі есептеуіш эксперимент деп аталатын жаңа әдістің туындауына себеп болды. Т.А. Бороненконың 
тұжырымы бойынша, есептеуіш эксперимент информатиканың негізгі әдістерінің бірі болып табылады.  
Математикалық  модельдеудің  дамуына  А.А.
 
Самарский  кӛп  үлес  қосты.  Академик  А.А.
 
Самарский 
қысқаша  түрде  математикалық  модельдеу  әдісін  сипаттайтын  әйгілі  «модель-алгоритм-программа» 
триадасын ұсынған. Аталған әдіснама А.А.
 
Самарскийдің мектебімен құрастырылған «есептеуіш экспе-
римент» технологиясы түрінде дами түсті. Академик есептеуіш экспериментті «математикалық модель-
деу кӛмегімен құралдар немесе физикалық құбылыстарды зерттеу әдісі» ретінде анықтайды. Есептеуіш 
эксперимент  математикалық  модель  құрылғаннан  кейін  оның  сандық  зерттелуін  жүзеге  асырады.  Бұл 
зерттеу  объектісін  әртүрлі  жағдайға  және  түрлендірулерге  қойып  кӛруге  мүмкіндік  береді.  Есептеуіш 
эксперимент технологиясы қоршаған әлем құбылыстарын табиғи эксперимент тым қымбат, күрделі және 
мүмкін  емес  болған  жағдайда  зерттеуге  арналған  [3,  25
 
б.].  Математикалық  модельдеу  және  есептеуіш 
эксперимент  әдістері  дәстүрлі  теориялық  және  практикалық  зерттеу  әдістерінің  артықшылықтарын  ӛз 
бойларында қамтиды.  
Есептеуіш  эксперимент  физикалық  экспериментпен  салыстырғанда  зерттелінетін  объект,  үдеріс 
немесе құбылыс туралы әлдеқайда толық ақпарат береді. Есептеуіш эксперименттің орасан зор мүмкін-
діктері ядролық энергияны меңгеру және ғарыш кеңістігін игеру сияқты орасан зор ғылыми-техникалық 
бағдарламаларды  шешу  барысында  кӛрініс  тапқан  болатын.  Дәл  осы  бағдарламалармен  жұмыс  істеу 
кезінде зерттеудің есептеуіш эксперимент деген жаңа стилі қалыптаса бастады [4, 35
 
б.].  
Есептеуіш эксперименттің негізі – математикалық модельдеу, теориялық негізі қолданбалы математи-
ка, ал, техникалық негізі болып электрондық есептеуіш машиналары саналады.  
Ю.Ф.
 
Титованың ғылыми зерттеу жұмысында есептеуіш (сандық) эксперимент термині ретінде жасал-
ған бағдарлама бойынша берілген әртүрлі мәліметтер мен есептеулер жүргізу түсіндіріледі. Сонымен қа-
тар, есептеуіш эксперимент ретінде модель (математикалық формулалар, сандық әдістер) құруды да, бағ-
дарлама жасауды да алғашқы мәндері берілген модельді зерттеу және талдаумен байланысты барлық іс-
әрекеттер  жиынтығын  да  қамтитын  ғылыми-зерттеу  іс-әрекеттерінің  неғұрлым  кең  саласы 
қарастырылады.  

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г. 
101 
Ғылым мен техника жақсы дамыған елдерде математикалық модельдеу мен есептеуіш экспериментке 
деген сұраныс ӛте жоғары. Аталған әдістер ғылыми-техникалық прогрестің негізгі құраушыларының бірі 
болып табылады. Бұл әдістерді қолданбай бірде бір ірі кӛлемдегі технологиялық, экологиялық, экономи-
калық жоба жүзеге асырылмайды.  
Қазіргі  таңда  математикалық  модельдеу  және  есептеуіш  эксперимент  әдіснамасы  қарқынды  даму 
үстінде және осындай қарқынмен адаматтың барлық мүмкін дерлік салаларын қамтуда: жаратылыстану 
зерттеулері, ӛндіріс, техника, экология, биология және биоинформатика, медицина, білім беру, экономи-
ка, басқару және т.б. 
Математикалық модельдеу және есептеуіш эксперименттің қазіргі қоғам үшін маңызды және қажетті 
болуы олардың мектеп информатика курсында оқытылу қажеттілігін тудырады.  
Математикалық  модельдеу  және  есептеуіш  экспериментке  шығармашылық  және  зерттеушілік  іс-
әрекет, оқушылардың субъективті жаңа білім алуы тән. Осы тұрғыда оқушылардың шығармашылық іс-
әрекетін ерекше атап ӛтуге болады, себебі соңғы нәтиже, яғни алынған модель: ол қандай болады, қандай 
қызмет  атқарады  және  т.б.  тікелей  модельдеушінің  мақсаты,  фантазиясы,  тәжірибесі,  дүниетанымы 
қызығушылығына  тәуелді  болады.  Сондықтан  да  мектеп  оқушыларын  математикалық  модельдеу  және 
есептеу  эксперимент  әдістеріне  бірнеше  үлкен  кӛлемде  және  модель  мәніне  тереңірек  үңілумен  оқыту 
мақсаты болып табылады [5]. Аталған әдіс практикалық және «ӛмірлік» есептерді шешу кезінде жетекші 
мәнге ие болады. 
 
Оқушылардың кәсіби бағдарланған құндылықтарды меңгерулері оларға ӛздерінің болашақ мамандық-
тарын дұрыс таңдауларына кӛмектеседі. Оқушылардың бұл құндылықтарды меңгерулері олардың тұлға-
ларының  ӛздігінен  дамуынан  кӛрініс  табады.  Қазіргі  таңда  тұлғаның  ӛздігінен  дамуы  бүкіл  білім  беру 
үдерісінің алдыңғы қатарынан кӛрініс табуда. 
 
1
 
Бидайбеков Е.Ы., Рахимжанова Л.Б. Современное состояние математического моделирования и вычислитель-
ного  эксперимента  в  курсе  информатики  //  «Математическое  моделирование  и  информационные  технологии  в 
образовании  и  науке  (ММ  ИТОН)»:  Мат-лы  VI  Междунар.  науч.-метод.  конф.,  посвящ.  85-летию  КазНПУ  им.   
Абая. - Алматы, 2013. - С. 157-160. 
2
 
Рахимжанова  Л.Б.  Формирование  представлений  методологии  математического  моделирования  и  вычисли-
тельного эксперимента на уроках информатики: Дис. ... канд. пед. наук: 13.00.02 - Алматы, 2002. 
3
 
Самарский А.А., Михайлов А.П. Математическое моделирование: Идеи. Методы. Примеры. - 2-е изд., испр. - 
М.: ФИЗМАТЛИТ, 2005. - 20 с. 
4
 
Бидайбеков  Е.Ы.,  Корнилов  В.С.  Математическое  моделирование  и  численные  методы  (Введение):  Учеб. 
пособие. - Алматы: АГУ им. Абая, 1998. - 81 с. 
5
 
Рахимжанова  Л.Б.  Формирование  представлений  методологии  математического  моделирования  и  вычисли-
тельного эксперимента на уроках информатики: Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандида-
та педагогических наук. - Алматы, 2002. - 22 с. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет