Резюме
В статье анализированы проблемы роли и места математического моделирования и вычислительного экспери-
ментана курсе информатики в школе. А так же, доклад о необходимости математического моделирования и вычис-
лительного эксперимента важно и нужно для современного общества.
Summary
The article analyzes the problem of the role and place of mathematical modeling and computational experiment on the
school course. And also, a report on the need for mathematical modeling and computational experiment is important and
necessary for a modern society.
ӘОК 004:378(075.8)
ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҦМЫСТАРДЫ ҦЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Ж.Қ. Курманбеков – Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ.
Мақалада информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі қарастырылған.
Тҥйін сӛздер: ақпарат, информатика, шығармашылық, техника, құрал, зерттеу
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информа-
тика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
102
Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашы-
лық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады. Информатика курсы бойынша жүргізілетін
дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі
қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика
пәніне қызығушылығын арттыру, ой-ӛрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу,
ӛз ойын еркін жеткізе білу және ӛткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында
сыныптан тыс ӛтілетін сайыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы ӛте кең. Ол мазмұны,
бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірме-
лер отырысы, қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер ӛткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға
жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады [1].
Сыныптан тыс жұмыс оқушының жеке тұлғасын дамытудың маңызды құралдарының бірі болып
табылады. Сондықтан «Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс» тақырыбы келешек информатика
мұғалімін кәсіби дайындау үшін үлкен маңызы бар.
Педагогикалық маман үнемі шығармашылық ізденісті, кәсіби деңгейін кӛтеруді, жетілдіруді талап
етеді. Информатика мұғаліміне бұл айтылғандар тіпті ең үлкен дәрежеде қатысты. Сондықтан информа-
тика мұғалімі үздіксіз кәсіби басылымдарды қадағалуы, Интернеттің ақпараттық ресуртарын пайдалануы,
т.с.с. қажет.
Сыныптан тыс сабақтарды ӛткізу кезеңдері:
1. Тәрбиелік тапсырмаларды оқыту және ұйымдастыру. Бұл кезең әрбір оқушының және бүтіндей
сынып ұжымының ерекшеліктерін зерттеуге, тәрбиелік үрдісті тиімді іске асыру үшін неғұрлым ӛзекті
тапсырмаларды анықтауға бағытталған. Кезеңнің мақсаты – оң аспектілерді (баланың, ұжымның жағым-
ды қасиеттерін) анықтауды, түзетуді, неғұрлым маңызды тапсырмаларды таңдауды және қалыптастыру-
ды қажет ететін педагогикалық болмысты әділ бағалау.
Зерттеу белгілі педагогикалық әдістер арқылы жүргізіледі, олардың ішінде бақылау басымдылық
танытады. Бақылау арқылы мұғалім оқушы және ұжым жайлы ақпарат жинайды. Оқушылармен ғана
емес, олардың ата-аналарымен, сыныпта олармен жұмыс істейтін мұғалімдермен әңгімелесу ақпараттық
тәсілге жатады.
Жеке жұмыс жасау кезінде баламен құрастырылған: суреттердің, боямалардың, ӛлең шумақтарының,
әңгімелердің және т.б. құрастырмалардың маңызы зор. Ұжымды зерттеу барысында социометрия 1 әдісі
ақпараттық қызмет атқарады, оның кӛмегімен мұғалім неғұрлым танымал және танылмаған оқушылар
жайында, кішігірім топтар туралы, олардың арасындағы қарым-қатынас сипаты жӛнінде біледі.
2. Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты дайындау және модельдеу мұғалімнің белгілі бір іс-әрекет
моделін құрастырудан тұрады. Дарынды мұғалімнің сыныптан тыс сабақтары да кӛбінесе ӛткен дайын-
дығына байланысты болады. Сол себепті әрбір іс-шараны ең алдымен әзірлеп, модельдеп қана ӛткізген
жӛн.
Жоспарды мұғалім оқушылардың қатысуымен құрастырады. Жоғарғы сыныптарда оқушылар
мұғалімнің басшылығымен ӛз бетінше де орындайды. Тәрбиелік шараны ұйымдастыру шеберлігі сынып-
тан тыс әрекет саласындағы мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыру элементі болып
табылады [2].
Модельдеу нәтижелері сыныптан тыс сабақтар жоспарында кӛрініс табады, олар мына құрылымнан
тұрады:
1. Атауы; 2. Мақсаты, міндеттері; 3. Материалдар мен жабдықтар; 4. Ӛткізу формасы; 5. Ӛткізу орны;
6. Ӛткізу жоспары.
Атауында сыныптан тыс сабақтың тақырыбы жазылады. Ол мазмұнды нақты сипаттап қана қоймай,
кӛлемі ықшам, тартымды болуы керек. Дайындықты іс-шаралардың тәрбиелік және білімділік мақсатта-
ры мен міндеттерін анықтаудан, тиісті ӛткізу формалары мен әдістерін, ұжыммен жұмыс жасау жүйесін-
дегі орынды таңдаудан бастау қажет. Осы тұста тәрбиеге деген кешенді кӛзқарас байқалады. Сондықтан
кӛзделген істің тәрбиелік мүмкіндіктерін толықтай анықтап, ӛткізілетін іс-шара мен оқу-тәрбиелік жұмыс
жүйесін құрайтын басқа да құрамдастарының арасында байланыс орнатқан абзал. Іс-шараны дайындау
кезінде ұжымдағы оқушылардың ӛткен сабақтағы тәрбиелік әрекетін және олардың нәтижелерін ескерген
жӛн.
Сыныптан тыс сабақтың мақсатына, міндеттеріне, басым қызметтеріне және зерттеу нәтижелеріне
сәйкес, мазмұны нақтыланып, нақты формалары, әдістері мен құралдары таңдап алынады.
Сыныптан тыс сабақтың жабдықтарына түрлі құралдар: оқу құралдары, ойыншықтар, бейнефильмдер,
бағдарламалық құралдар, әдебиет, ақпараттық ресурстар, әуенмен безендіру және т.б. жатады. Әділқазы-
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
103
лар мен командаларға арналған үстелдер мен орындықтарды; ватман, қағаз, қарындаштар мен қаламдар-
ды; тапсырмаларды орындауға арналған тақтаны, бор мен шүберекті және т.б. уақытылы дайындап
қойған дұрыс.
Сынып бӛлмесін безендіру үшін информатиканы, ақпараттық технологияны және компьютерлік
техниканы дамытуға үлес қосқан әйгілі ғалымдардың қанатты сӛздері жазылған плакаттарды, ғалымдар-
дың суреттерін, іс жүзінде компьютерді пайдалану суреттері бар плакаттарды, ауызша шешуге арналған,
ептілікті, байқампаздықты қажет ететін, ребустар мен сӛзжұмбақтары бар тапсырмалар жазылған плакат-
тарды, ұсынылатын кітаптар мен мақалалардан үзінділер жазылған, кӛркемделіп безендірілген ғылыми-
танымал әдебиеттер тізімін («Информатика бойынша не оқу керек?») пайдалануға болады [3].
Тәрбиелік шараны дайындау кезінде материалды сараптай білу басты орында тұрады. Жұмыс түріне
байланысты ол үшін әртүрлі уақыт қажет. Мысалы, диспут, кеш, кӛрме шараларына материал дайындауға
кӛп уақыт керек: ол уақыт мұғалім мен оқушылардың әдебиеттерді оқуына, оқушылардың алуан түрлі
жобалар мен тапсырмаларды орындауына, қажетті деректер жинауға, баяндамалар және т.б. дайындауға
пайдаланылады. Сыныптан тыс сабақ саяхат, сұрақ-жауап, байқау, олимпиада және т.б. түрінде болуы
мүмкін. Мұндай жағдайда жоспардағы сабақ формасын атауымен біріктіреді, мәселен, «Информатика
бойынша сұрақ-жауап», «Бағдарламаушылар турнирі», «Есептегіш орталыққа саяхат», «Компьютерлік
карикатуралар туры».
Ӛткізу орны қатысушылардың санына, іс-шаралар түріне, материалдық базаға және т.б. қойылатын
талаптарға сәйкес таңдалады (информатика бӛлмесі, мәжіліс залы, спорт залы және т.б.).
Сабақ жоспары мазмұннан және тәрбиелік әдістерден тұрып, жүйелі сценарий немесе тезистік жоспар
түрінде болады. Сабақ барысын модельдеу кезінде оның ұзақтығын және құрылымын ескерген жӛн.
Сыныптан тыс сабақ тӛменгі сыныптарда 15-20 мин., орта және жоғары сыныптарда 1-2 сағаттан тұруы
керек.
Іс-шараны даярлауда ұйымдастырушылық жұмыс деген маңызды элементті де ескерген жӛн. Мұғалім
оны оқушылардың қатысуымен басқарады. Ол тапсырмалардың таратылуын бақылап, оларды орындауға
кӛмек береді. Жауапты тапсырмалар жалпы сыныпқа, оқушылардан құралған топтарға берілуі мүмкін. Ірі
іс-шараларды ұйымдастыруда ұйымдастырушылық комитеттерін құрып, ең үздік дайындық бойынша
жарыс ӛткізген дұрыс. Оқушылардың бастамаларына сүйеніп, мұғалім олардың бойында ұйымдастыру-
шылық дағдылар мен ептіліктің қалыптасуына септігін тигізеді, оларды жауапкершілікке және ӛздігінен
орындауға үйретеді [4].
Іс-шараның ӛтуін жариялайтын жарнамалар алдын ала әзірленіп ілінуі тиіс, бір күн бұрын «Сен КВН-
ға келесің бе?», «КВН сағат ...-де», «КВН-де жиналайық» сынды еске салу қабырға газеттері ілінеді.
Нарықтық экономика заманында демеушілерді тауып, жеңімпаздарға сыйлықтар дайындау қажет.
3. Модельді тәжрибелік жүзеге асырукүнделікті педагогикалық үрдісте ойластырылған тәрбиелік
жұмысты орындауға бағытталуы тиіс.
Оқушылардың қызығушылығын және назарын сақтап қалу үшін шара жақсы ұйымдастырылып,
қарқынды, үздіксіз ӛтуі тиіс. Жүргізушілердің шараны ӛткізуде алатын орны бӛлек, олар дайындалған,
эрудициялы, жақсы ұйымдастырушы, күтпеген жағдайда дұрыс жол таба біліп, тыңдаушыларын ӛзіне
қаратуы, олармен байланыс орната білуі маңызды. Әлі қалыптаспаған ұжымдарда, оқушылардың жас
шамасына қарамастан, мұғалімдер тәрбиелік сабақты ӛздері ӛткізеді.
Сыныптан тыс іс-шараларды ӛткізу кезінде мұғалім техникалық құралдар істен шығып кетпеуі үшін
кӛзделген жұмыс жоспары уақытқа сай болуы үшін, оқушылардың барлығының ӛз орнында болуын
қамтамасыз етуі тиіс, ӛйткені түбегейлі жоспарлаған сабақтың тиімділігі тӛмен болып шығуы ықтимал.
Күрделі шараларды ӛткізуге ерекше кӛңіл бӛлінуі тиіс (ұзақ ойын, компьютерлік шығармаларды
қарау, информатика апталығы, физмат ғылымдарының айлығы). Олар біртұтас оймен және мақсатпен
байланысқан циклден тұруы керек.
Мазмұны мен әдістері әртүрлі жалпы сыныптық сабақтарда тәжірибені тиімді ӛткізу үшін сабақтың
тӛрт негізгі кезеңдерін ұстану қажет.
1. Ұйымдастырушылық кезең (0,5-3 мин).
Педагогикалық мақсаты: оқушыларды сыныптан тыс жұмысқа ауыстыру, олардың қызығушылығын
ояту, жағымды әсер қалдыру.
Типті қателіктер: сабақтың басталуын қайталау, созушылық.
Ұсыныстар: оқушыларды сабақтан тыс әрекетке тиімді ауыстыруға ұйымдастырушылық кезеңнің
дәстүрлі емес, қызықты материалы септігін тигізе алады: жұмбақтарды, проблемалы сұрақты, ойынды,
дыбыс жазуды, оқушылардың басқа бӛлмеге ауысуын және т.б. пайдалану арқылы.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
104
2. Кіріспе бӛлім (сабақтың 1/5-ден 1/3-ге дейінгі уақыты).
Педагогикалық мақсаты: оқушыларға белсенді жұмыс жасату, оларды тәрбиелік ықпал етуге бұру.
Мұғалім оқушылардың мүмкіндіктері, жеке бас қасиеттері, тақырып бойынша ақпараттандырылу деңгейі,
эмоциялы жай-күйі, белсенділік деңгейі, қызығушылығы және т.б. қаншалықты шындықпен сәйкес
келетіндігін анықтайды. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың кӛңілін аулап қана қоймай, сабақ барысына
ӛзгерістер енгізу қажет пе және олар қандай сипатта болуы керектігін анықтайды.
Типті қателік – мұғалімнен қорыққаннан, оқушылар мұғалім күткен нәтижеден басқаны айтып
немесе істеп қою үрейінен, осы кезеңді ескермеуі. Кіріспе бӛлімді мұғалім балалардың белсенділігіне
қарап емес, ӛзіне байланысты құрастырады, сол арқылы кері байланысты ескермей, оқушыларға пассивті
тыңдарман рӛлін беріп, олардың эмоциялы кӛңіл-күйіне мән бермейді.
Ұсыныстар: кіріспе бӛлім мазмұнға қарағанда кіріспе әңгіме (танымдық, эстетикалық) немесе ширату
(викториналар, байқаулар, КВН) түрінде де бола алады.
Бірінші жағдайда сұрақтар, ал екіншіде – тапсырмалар қызықты болып қана қоймай, мұғалімге
материалдың дайын екендігі туралы ақпарат беретіндей құрастырылуы тиіс. Кіріспе бӛлімде алда ӛтетін
іс-шаралар туралы оқушылардың бастапқы түсініктері қалыптасуы керек (бағалау жүйесімен, іс-шаралар
жоспарымен танысу, командаға бӛліну). Бағалаудың нақты ӛлшемлері беріліп, қажетті ережелер түсінді-
рілуі қажет.
3. Негізгі бӛлім уақыт бойынша ең ұзақ болуы керек (жалпы сабақтың 1/3 уақытынан кӛп).
Педагогикалық мақсаты: іс-шараның негізгі идеясын жүзеге асыру.
Типтік қателіктер: кейбір оқушылардың немесе барлығының енжарлығы кезінде мұғалімнің белсен-
ділік танытуы, кӛрнекіліктердің жоқтығы немесе құралдар мен әдістердің аздығы, мінез-құлықты қалып-
тастыру әдістерінің сананы қалыптастыру әдістерінен артық болуы, білім беру сабағына айналуы, ғибрат-
қа, әдепке үйретушілік.
Ұсыныстар: егер оқушылар барынша белсенді болса, сыныптан тыс жұмысты жүзеге асыруда тәрбие-
лік мәні жоғары. Сыныптан тыс сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін кәдімгі сабақтан
ерекше кӛңіл-күйді кӛтеретін жағдай туғызу маңызды.
Мұғалім сабақты ӛткізудің неғұрлым кӛп әдістерін қолданса, соғұрлым негізгі бӛлімнің тиімділігі
артады: жаттығу, ойын, тапсырма; олар әртүрлі әрекет түрінен құралады: еңбек, шығармашылық, ойын
және т.б.
Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстың жаппай түрінде оқушыларды пікірталас жүргізу ережелеріне
үйреткен дұрыс.
4. Қорытынды бӛлім (1/4-ден кемінде 1/5-ге дейінгі уақыт).
Педагогикалық мақсаты: оқушылардың алған тәжірибелерін мектептен тыс ӛмірінде пайдалануға
дағдыландыру және сабақ идеясын қаншалықты жүзеге асырылғанын анықтау. Нәтижесінде, қорытынды
бӛлім мұғалімнің балаға басқа ортада тәрбиелік ықпал етуге мүмкіндік береді.
Типтік қателіктер: бұл бӛлім ескерілмейді немесе «Ұнады ма?», «Жаңа не білдіңдер?» сынды сұрақ-
тармен тұжырымдалады.
Ұсыныстар: тест түріндегі тапсырмалар бастапқы нәтижелерді анықтау үшін оқушыларды қызықты-
ратын: сӛзжұмбақ, мини-викторина, блиц, ойын және т.б. түрінде болғаны дұрыс. Алған тәжірибелерін
ӛмірде пайдалану үшін оқушыларға әртүрлі ұсыныстар жасау. Оны аталмыш мәселе бойынша кітаптар
кӛрсету, сабақта алған дағдыларын, ақпаратты таныта алатын жағдайды талқылау арқылы жүзеге асыруға
болады. Алған тәжірибелерін қолдану үшін оқушыларға келесідей кеңес беріледі: ӛз туысқандарына не
айта алады, осы тақырып бойынша не сұрауға болады; қайда баруға болады, неге назар аудару қажет, қай
ойынмен ойнауға болады, ӛздігінен не істеуге болады және т.б. Қорытынды бӛлімде сабақ тақырыбы одан
әрі ашуды қажет ете ме және оны қалай іске асыруға болатындығын анықтауға болады. Қорытынды бӛ-
лімді мұғалім оқушылардың кейінгі іс-шараларды ӛткізудегі бастамаларын дамыту үшін қолдана алады.
4. Атқарылған жұмыс талдауы – қалыптасқан модельді ӛмірдегі кейпімен салыстыруға, табысты
және проблемалы жағдайларды, олардың себептері мен салдарын анықтауға бағытталған. Алдағы тәрбие-
лік жұмысқа тапсырмаларды құрастыру элементі аса маңызды. Осы кезең тәрбиелік тапсырмаларды,
мазмұнды, формаларды түзетуге және сыныптан тыс жұмысты одан әрі жоспарлауға тым қажет.
Іс-шаралар қорытындыларын талдауды жүйелі түрде ӛткізген жӛн, ӛйткені қол жеткізген жетістіктер
арқылы одан әрі алға жылжуға болады, жақсысын бекітіп, кемшіліктерді жоюға болады. Қорытындыны
анализдеудің екі негізгі функциясы бар – ұйымдастырушылық және тәрбиелік. Тұрақты анализдеу
жұмысты жақсырақ ұйымдастыруға, тапсырылған іске неғұрлым жауапты болуға ықпал етеді, себебі
оның қорытындылары мен нәтижесі байқаусыз қалмайды, керісінше, бағалауға ұшырайды. Анализ – бұл
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
105
байқампаздықты тәрбиелеудің, ӛзіне сын кӛзбен қараудың, талап қоюдың, қоғамдық пікірді қалыптасты-
рудың, сынға оң кӛзқарас танытудың, педагогикалық шеберлікті арттырудың ұтымды мектебі.
Тәрбиелік іс-шараны сараптай отыра, алдымен, оң нәтижелерді белгілеп алған дұрыс, табысқа жеткіз-
ген амалдар, шарттар мен әдістерді, сәтсіздік себептерін анықтап алған жӛн. Қорытындыны білікті
шығару арқылы бұдан әрі бүкіл тәрбиелік жұмысты негізді жоспарлауға және сапасын арттыруға
мүмкіндік туады. Әрбір ӛткізілген шараны мына негізгі критерийлерге сәйкес педагогикалық сараптаудан
ӛткізуге болады: 1) мақсаттың болуы; 2) ӛзектілігі және тақырыптың заманға сай болуы; 3) оның бағытта-
луы; 4) оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мазмұн тереңдігі мен ғылымилығы; 5) мұғалім мен
оқушылардың жұмысқа дайындығы, оны ӛткізуге ұйымшылдығы мен айқындығы.
Тәрбиелік шараның сапасын оқушылардың әсері арқылы да бағалауға болады. Олардың назары,
эмоциялы икемделуі, ӛтіп жатқанға қызығушылығы, белсенділігі немесе, керісінше, немқұрайлығы кӛп
нәрсені пайымдайды. Оқушылардың іс-әрекетін бақылау, олармен әңгімелесу, сауалнама жүргізу
атқарылған жұмыстың тиімділігін тереңнен бағалауға мүмкіндік береді [5].
Сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жай-күйі мен нәтижелерін педагогикалық кеңестерде
және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде талқылаған жӛн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушылар-
ды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын, қабырға газеттерін, кӛрмелерді пайдалануға болады.
Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда
кеңінен талқылауды қажет етеді.
Қорыта келгенде информатика пәнін оқытуда сыныптан тыс жұмыстарды компьютерлік технология-
лар арқылы оқыту оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру мен қатар оларды ӛз
бетімен ізденуге де ұмтылдырады. Біздің осы атқарылып жатқан жұмыстарымыз арқылы оқушылардың
ӛз білімдерін ұштауға, қабілеттерін шыңдауға қосқан үлесіміз деп білемін.
1
Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі. - Павлодар, 2013. - 195 бет.
2
Бидайбеков Е.Ы., Лапчик М.П., Беркімбаев К.М., Сағымбаева А.Е. Информатиканы оқыту теориясы мен
әдістемесіне кіріспе: Оқу құралы. – Алматы, 2008. – 280 бет.
3
Беспалько В.П. Основы теории педагогических систем. – Воронеж: ВГУ, 1977. – 304 с.
4
Софронова Н.В. Теория и методика обучения информатике. – М.: Высшая школа, 2004. – 223 с.
5
Первин Ю.А. Информатика дома и в школе. Книга для учителя. – СПб.: БХВ-Петербург, 2003.
Резюме
Мақалада информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі қарастырылған.
Ключевые слова: информация, информатика, творческий, техника, устройство, исследование
Summary
Мақалада информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі қарастырылған.
Keywords: information, computer, creative, technology, device research.
ӘОЖ 378.14.016.02
БІЛІМ БЕРУ ҤДЕРІСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Б.Ғ. Бостанов – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, п.ғ.к.,
А.Қалмҧқан – 2 курс магистранты, Абай атындағы ҚазҰПУ
Мақалада білім беру үдерісінде қолданылтын ақпараттық технологияларды жасауды оқыту мүмкіндіктері қарас-
тырылған. Оқытуда қолданылытын ақпараттық технологияларды қамтамасыз етуші бағдарламаларды бірнеше
категорияға бӛлуге болатындығы туралы айтылған. Сонымен қатар білімді ақпараттандыру жағдайында болып
жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық революция» деп атауға болатындығын айта отырып, қол жетер-
лік табыстарды атап берген.
Тҥйін сӛздер: ақпарат, технология, коммуникация, оқыту, модель, инструмент
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта ӛркениетті дамыған елдердің қатарына
ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін
тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің техноло-
гияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтар-
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
106
дың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп ӛміріне енуде. Ақпараттық технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-
жақты, білімі қажет [1].
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне кӛшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни
компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар
педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Атап айтқанда
«Білім берудегі ақпараттық колммуникациялық технологиялар (АКТ)» ұғымы мен қатар «оқытудың
ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту»
ұғымдары кеңінен қолданылуда.
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасауға арналған арнайы тәсілдер,
педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұрал-
дар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясын – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-
әрекетті ӛзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үдерісінде оқушының жеке тұлға-
сын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыс-
тық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Тӛмендегі қасиеттер білім жүйесінің ӛзіндік ерекшелігі болып саналады:
тұтынушының қолдану сапасында;
нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Бірақ компьютер мүмкіндіктерін асыра бағалауға болмайды, ӛйткені ақпарат беру – бұл білім мен
мәдениетті беру емес, сондықтан ақпараттық технологиялар педагогтарға тек қосымша тиімді құрал
ретінде қызмет атқарады [2].
Кӛптеген елдердің ғылыми орталықтары мен оқу орындарында нақ осы білім қажеттілігі үшін
мамандандырылған компьютерлік жүйелер саны дайындалды, олар оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі
жағынан қолдауға бағытталды. Бұл – жүйелердің негізгі түрлері болып табылады.
Компьютерлік бағдарламаланған оқыту – бұл сәйкесінше, компьютерлік бағдарламалардың кӛмегі-
мен бағдарламалық оқыту механизмдерін жүзеге асыратын технология.
Материалды компьютердің кӛмегімен оқу – оқушының жаңа материалды әр түрлі құралдардың, оның
ішінде компьютердің кӛмегімен ӛз бетінше оқуын айтады. Бұл жерде оқу іс-әрекетінің сипаты айтылмай-
ды, оқу нұсқаулардың жиынымен іске асырылуы мүмкін.
Материалды компьютер қоры негізінде оқу – бұған дейінгі оқу технологиялары, технологиялық
құралдардың алуан түрін (оның ішінде дәстүрлі оқулықтар, аудио және видеожазбалар және т.б.) қолда-
нумен айрықшаланатын болса, мұнда бағдарлама құралдарын оқушылардың ӛз бетінше оқу тиімдігін
арттыратын бағдарламаларды қолдануға басымдылық беріледі.
Компьютер қорымен оқыту – білім берудің барлық мүмкін формаларын қолданады, мұнда оқыту
мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі. Жалпы шын мәнінде жоғарыда айтылғандармен сәйкес келеді.
Компьютердің кӛмегімен бағалау – ӛз бетінше оқыту технологиясы деп қарастырылады, дегенмен ол
практикада басқаларға құрамдас элемент болып кіріп жүр. Мұндай жүйе оқылатын пәннің мазмұны мен
дәстүрлі оқытуда қолданылатын немесе оқыту бағдарламаларында жүзеге асырылатын әдістерге тәуелсіз.
Компьютерлік коммуникация – білімді беру және оны жеткізумен қамтамасыз ететін, жоғарыда
аталған технологиялардың барлығының ажырамас құрамдас бӛлігі болып табылады. Жергілікті, аймақ-
тық және басқа компьютерлік желілерді қолдану арқылы жүргізіледі. Компьютерлік коммуникация
жекелеген оқу орындарының, қаланың, аймақтың, елдің ақпараттық білім жүйелерінің мүмкіндіктерін
кӛрсетеді және соларға негізделеді [3].
Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) – компьютерлік техника мен программалық құрал-
дардың кӛмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Оқу жүйесін-
дегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде екі нәрсені бӛліп айтуға болады: техникалық
құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін
программалық құралдар (ПҚ).
Оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше
категорияға бӛлуге болады:
оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;
ақпарат іздеу жүйесі;
модельдеу бағдарламалары, микроәлемдер;
танымдық сипаттағы аспаптық құралдар;
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
107
әмбебап сипаттағы аспаптық құралдар;
коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған аспаптық құралдар.
Модельдеу бағдарламалары мен микроәлемдер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар,
оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.
Аспаптық құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарлама-
ларды атайды:
әр түрлі форматты файлдар;
мәліметтер қоры;
бағдарламалық модульдер;
жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.
Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану
саласына тәуелді болмауы да мүмкін. Білім үдерісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда
сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуы-
на мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды ИАК (HCI) («Интерфейс-
адам-компьютер», ағылшын тілінде “Human-Computer-Interface”) аббревиатурасымен белгілеу қабыл-
данған. Бұл сӛзбе-сӛз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп
түсінуге болады.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық
революция» деп атауға болады, ӛйткені қол жетерлік табыстар мыналар:
ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиа-
лық ақпарат тек мәтіннен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділер-
ден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы
компакт-дискілерге жазылады;
жаңа кітапханалар. Зияткерлік ресурстардың кӛлемі және қолжетімділігі артады. Internet электрон-
дық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, мол
ақпараттар кӛлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға
толық жол аша бермейді;
оқу сабақтарының жаңа формалары. Студенттер мен оқытушылардың виртуальды семинарлар жә-
не зерханалар режимінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды.
білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін олар телекоммуника-
ция жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үдерісіне ақпараттық және коммуникация-
лық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандарды қажет етеді [4].
Оқу үдерісіндегі ақпараттық технологияларды дамыту, заман ағымына сай күнделікті сабаққа компью-
тер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрон-
дық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы
іске асырылуда.Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда. Қашықтан оқыту – кез-келген
білім саласында оқытушы мен білім алушы бірге бола алмаған жағдайда, белгілі бір ара қашықтықта
ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану арқылы оқыту тәсілдері. Қашықтан оқыту білім алушылар-
дың кӛп жағдайда, кейде, тіпті мүлдем оқытушыдан кеңістік және уақыт тұрғысынан алыста болуымен
сипатталады. Қашықтан білім беруде білім беру үдерісініңӛзіне ыңғайлы жерде, арнаулы оқу құралдары
мен ӛзіндік сабақ кестесі және оқытушысымен ақпараттық технологияларды яғни компьютер, интернет
желісі мен телекомуниқация құралдарын пайдалану арқылы байланысу мүмкіндігі бар білім алушының
бір мақсатқа бағытталған және бақыланып отыратын қарқынды ӛзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтан оқытуда білім сапасын жетілдіруі үшін қойлатынталаптар мынадай:
сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктер-
ден жоғары білім ортасын жасау;
Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол
жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға кӛлемді ақпарат беруі тиіс;
желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;
оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.
Тӛмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:
қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама ӛнімдерін қолдану;
іштей және қашықтан оқыту түрлерін біріктіру;
қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
108
Қазіргідей әлемдік ғаламдану үдерісі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы ӛзінің ұдайы дамып
отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін
туындайтын мәселелердің бірі – жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде, жоғар-
ғы оқу орындарында білім беру ісін оқытудың ақпараттық технологияларды қолданып, жаңа әдістерімен
толықтыру, оқытудың ақпараттық технологияларын іздестіру, оқушыны, студентті ақпаратты талдай
білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру
қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты, әрбір адам үшін қажетті шартқа
айналады [5-6].
Қорыта келгенде, ақпараттандыру және бұқаралық коммуникацияларды жаһандандыру кезеңінде
қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптас-
тыруға, ақпаратқа кӛлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашық-
тықтағы ақпарат кӛзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық ӛнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатта-
лады. Бұл ӛскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және
ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
1
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы».
2
Михеева Е.В. Информационные технологии в профессиональной деятельности: Учебное пособие для студ. пед.
вузов. – М.: Изд-во «Академия», 2006. – 384 с.
3
Удалов С.Р. Подготовка будущего учителя к использованию средств информатизации и информационных
технологий в педагогической деятельности // Информатика и образование. – 2003. - С. 105-1077
4
Мұхамбетжанова С.Т. «Ақпараттық технология жәнеқашықтықтаноқыту». - Алматы, 2010
5
Жапарова Г.Ә. «Информатика негіздері» оқу құралы. - Алматы, 2012
6
Бидайбеков Е.Ы., Мұхамбетжанова С.Т «Тұрақты даму үшінбілім беру: Ақпараттық-коммуникациялық тех-
нологияларды сапалы білім берудің шарты ретінде оқу үдерісіне енгізудің әдіснамалық негіздері». - Алматы, 2010.
Резюме
В данной статье рассматриваются возможности обучения разработке информационных технологий, использую-
щиеся в образовании. Рассказывается о разделении на категории программ, обеспечивающие информационные
технологии, использующиеся в обучении. А также, несмотря на имеющиеся недостатки информатизации образова-
ния, его называют «информационной революцией» и перечисляет возможные достижения.
Ключевые слова: Информация, технологии, коммуникации, обучение, модель, инструмент
Summary
In this article possibilities of educating to development are examined informative the technologies used in education. Told
about dividing into the categories of the programs, providing the information technologies used in educating. And similarly,
not looking on the present lacks of informatization of education, he is named "informative revolution" and enumerates
possible achievements.
Keywords: Information, technology and communications, training, model, tool
Достарыңызбен бөлісу: |