Физиологические особенности. Физиологические особенности показывают не только движение
органа, но и функцию вегетативной системы. Во время отбора спортсменов к таким видам спорта как бег,
лыжный спорт потребность кислорода у спортсменов ислледуют специальными аппаратами. Насколько
уровень кислорода выше, то у этого человека в этих видах спорт шансов (возможностей) больше. Ученые
доказали что через тренировку этот уровень можно повысить только 20-30%. Поэтому надо искать
спортивно-одаренных детей [2].
Психологические особенности. По состоянию нервной системы ученики делятся на психический
устойчивые и неустойчивые. Доказано, что в трудных ситуациях спортсмены с сильной нервной систе-
мой одинаковом положении, а в виде спорта требующих долгих упорств спортсмены с неустойчивой
нервной системой добиваются больших успехов. Процессы устойчивости нервным срывам связаны с
возможностью на долгое время хранить раздражение в центральной нервной системе, и сбалансиролван-
ности процессов раздражения и сдерживание. У спортсменов с неустойчивой нервной системой из-за
того, что процесс раздражения намного больше чем процесс сдерживания они быстро устают. Но в
некоторых видах спорта есть свои типологические особенности. Например, у спринтеров неустойчивая
нервная система, во время движения нервов процесс раздражения больше чем процесс сдерживания.
Люди с неустойчивой нервной системой в видах спорта как бокс, фехтования могут достичь больших
результатов. Эти особенности нервной системы передаются через гены, они во время тренировок не
могут быть изменены, поэтому во время спортивного отбора надо уделят особое внимание на психологи-
ческие особенности индивида [2].
Наследственные факторы. В настоящее время на это уделяется особое внимание. Структура органов
тела человека, вес передаются ребенку от родителей наследственно. Между двигательными способностя-
ми ребенка и родителей есть связь, например, бег на маленькую дистанцию, прыжок в длину и т.д. у
детей известных спортсменов больше возможности для достижения высоких результатов [3].
Причины выбора видов спорта. У детей мужского пола заметно стремление достич через спорт
развитию физических показателей тела, силу, уверенность в себе. Дети женского пола стремятся через
спорт добиться красивых движении и красивого тела. Всеобщие агитации, наставления хорошо влияют
детям при выборе какого нибудь вида спорта. А также важно наблюдение родителей к какому виду
спорта склонны его дети, и чтобы они направили своего чадо к этому виду спорта.
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
81
В заключении, основной целью исследования является искать одаренных людей к отдельно выбранно-
му виду спорта. Увроень телесного развития молодых спортсменов (выносливость, эластичность, способ-
ность сохранить сбалансированность, силовые возможности, работоспособность, поднятие тяжелых
предметов и способность к эффективному восстановлению своих силовых возможностей) всегда должны
быть под наблюдением у тренеров [4].
1 Уанбаев Е.К. Физическая культура и теория и методика спорта. – Усть-Каменогорск, 2010.
2 Есмаганбетов Б. Теория и методика физического воспитания. - Караганда, 1995.
3 Агашин Ф.К. Биомехинический отбор спортсменов - Малаховка, 1987.
4 Қарақов А., Иванов Г. Физическая культура - Алматы, 1995 ж.
5 Каражанов Б.К. Взаимосвязь двигательных навыков и умений с эмоция человека // Теория и методика физиче-
ской культуры // 2000.
Тҥйін
Р.Кадырбеков – п.ғ.магистрі оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ,
Н.Шаяхетов – п.ғ.магистрі аға оқытушы Алматы Униветситеті
«Дене тәрбиесі үрдісіндегі спорттық бағдарлау мен іріктеу»
Бұл мақалада оқытушылар, жаттықтырушылар, студенттер, спортшылар үшін физикалық, функционалды, техни-
ко-тактикалық, психикалық, теориялық дайындықтың мәселелері қарастырылады, және дене тәрбиесі үрдісі бойын-
ша мектеп оқушыларын жас ерекшеліктері және физалогиялық жағдайлары мен қабілеттеріне қарай спорт түрлеріне
іріктеу мен бағдарлау әдістемесі кӛрсетілген.
Тірек сӛздер: іріктеу, оқушылар, дене тәрбиесі, қабілеттері, жаттығу
Summary
R.Kadyrbekov - Kazakh National Pedagogical University named after Abai, Shaykhmetov Nurlybek – University Almaty
«Methods of election and sport orientahionin process of physical education»
In this article, the technique of selection of school age on physiological and age features in the course of physical training
is considered questions functional, physical technical and tactical, mental, theoretical preparation for teachers, for trainers, for
students, for athletes, and also. Formation of high level of readiness is possible only at the accounting of typological properties
of nervous system and temperament which are engaged. According to many scientists, ignoring of these to features and
abilities of the child, can nullify attempts of the trainer to train in specific action, and sometimes and to stop growth of sports
skill.
Keywords: equipment, methods of training and training, reception, tactics, assimilation of methods of fight
ӘӚЖ 378.016.02:004.9(574)
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҦРАЛДАРЫН ЖАСАУҒА
ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНА АЛУҒА ОҚЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Б.Ғ. Бостанов – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, п.ғ.к.,
Ғ.Т. Абилбакиева – п.ғ.магистрі, Алматы қаласы
Бұл мақалада болашақ педагог мамандарды заманауи ақпараттық қатынас құралдарын пайдаланып білім бере
алуға дайындау, оларды ӛзерінің кәсіби қызметінде шебер пайдалана алуы қажеттілік болып табылатындығын
айқындайтын мәселелер туралы сондай-ақ, оқытудың электрондық құралдарын қажетінше жасай алатындай және
бар құралдарға ӛзгертулер енгізе алатындай маман етіп қалыптастырудың қажет екендігі туралы баяндалған. Ал оны
іске асыру үшін, барлық педагог дайындайтын жоғарғы оқу орындарының немесе педагогтарды қайта даярлау
мекемелері мен білім кӛтеру орындарының оқыту мазмұнына толықтырулар енгізіудің нәтижесінде мүмкін екендігі
туралы сӛз болған.
Тірек сӛздер: Ақпараттық-қатынастық технология (АҚТ), оқытудың электрондық құралдары (ОЭҚ), E-Learning
электронды оқыту жүйесі
2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес республикада E-Learning электронды оқыту жүйесін енгізу кӛзделген. 2015 жылға электронды
оқытумен білім беру ұйымдарының 50 пайызын қамту, 2020 жылға кӛрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу
мақсаты қойылған [1].
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материалдық-техникалық, ғылыми-әдісте-
мелік және ақпараттық жағынан қамсыздандыру, педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының
бірі. Осы ретте елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, ӛмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушы-
лары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
82
міндет ауыр» - деген болатын [2]. Ақпараттық-қатынастық технологияны (АҚТ) бәсекеге қабілетті ұлттық
білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа
қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының
оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпарат-
тық-қатынастық технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетке кеңінен қолдана білу іскерліктері-
нің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар
қатарына енеді. Осы орайда, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте
ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға
дайындау ӛзекті мәселе болып табылады.
Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үдерістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің
барлық формаларын ақпараттандыру, жаңа ақпараттық және АҚТ-ны меңгеру және жаппай тарату
үдерістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен
оқушының арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Қазіргі
оқытушы АҚТ тӛңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды ӛзінің кәсіби іс-әрекетінде
пайдалана алатын маман болуы тиіс. Ашық және басқа білім беру формаларында қолданылатын АҚТ
құралдарының негізгі түрінің бірі оқытудың электрондық құралдары болып табылады.
Оқытудың электрондық құралдары білім саласының ғылымы мен тәжірибесіне сәйкес, оқушылар мен
студенттердің білімді шығармашылық және белсенді түрде меңгеруін қамтамасыз етуші жүйеленген
материалы бар электрондық құрал болып табылады. Оқытудың электрондық құралы кӛркемдік жағынан
да, орындалуы жағынан да ақпараттық толықтығы, әдістемелік құралдардың сапасы, технологиялық
орындалу сапасы, кӛрнекілігі, ойдың логикалығы мен байланыстығы жағынан жоғары деңгейде болуы
қажет. Электрондық оқыту құралы қағаз нұсқасында дидактикалық қасиетін жоғалтпауы қажет [3].
Білім беру үдерісін қолдайтын электрондық құралдар аясындағы жүйелі зерттеулердің 35 жылдық
тарихы бар. Осы уақыт аралығында АҚШ-та, Канадада, Англияда, Францияда, Жапонияда және басқа
мемлекеттерде оқыту мақсатында ақпараттық және қатынастық техниканың әр түрлі типтеріне бағыттал-
ған кӛптеген компьютерлік жүйелер жасап шығарылды. Мұндай құралдар ірі ӛндіріс орындарында,
әскери және қоғамдық ұйымдарда қолданылады [3].
Шет елдерде әдістемелік және бағдарламалық-ақпараттық құралдарды жасау қымбат жұмыс деп
есептеледі. Себебі, бұл іс жоғары ғылымилықты және жоғары дәрежелі мамандардың: психолог, оқыту-
шы, компьютерлік дизайнер және т.б. біріккен жұмысын қажет етеді. Осыған қарамастан, кӛптеген ірі
шетелдік фирмалар оқу орындарда компьютерлік білім беру жүйесін жасау жобаларын қаржыландырып,
осы аймақта ӛздерінің зерттеулерін жүргізеді. Білім беруші электрондық басылым түсінігі соңғы 35 жыл
ішінде ӛзгеріп келе жатқан дәстүрлі болып кеткен электрондық программалық құрал түсінігінен шығады.
Алғашқы электрондық программалық оқыту құралдарын жасау үшін, сол кездегі бәріне мәлім програм-
малау тілінде программалау технологиясы қолданылды. Программалаушы рӛлінде әдетте, жоғары оқу
орнының студенттері немесе аспиранттар болды.
Оқытудың электрондық құралдарын (ОЭҚ) жасау мен пайдалану басынан бастап негізгі екі бағыт
бойынша дамыды. Бірінші бағытта әр түрлі пәндер бойынша автоматтандыралған оқыту жүйелері
жасалады және пайдаланылады. Мұндай жүйелер кӛп жағдайда қабықшалармен сәйкес келеді: автомат-
тандырылған оқыту жүйелерінің ядросы, педагогтарға мәліметтер қорына ӛзінің оқыту материалдарын
енгізуге және арнайы тіл немесе инструментальды құралдар кӛмегімен оның оқыту алгоритмдерін бағдар-
ламалауға мүмкіндік беретін авторлық жүйе болып табылады [4].
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу үдерісін
ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын ӛзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесін-
дегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті
дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан
мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-психолог және оқу үдерісін ұйымдастырушы технолог бола
білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психоло-
гияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық әдістемелік мәселелер
туындайды.
Орта мектептерде пәндерді оқытудың электрондық құралдарын пайдаланып оқыту кӛптеген педагоги-
калық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келеді. Қазіргі
заманғы оқыту интеллектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім беруді қажет етеді. Жаңа техноло-
гиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
83
мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға
сай қолданылуы керек. Сыртқы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі
тиімділігіне кӛп кӛңіл бӛлген дұрыс. Компьютердің графикалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспери-
ментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттары-
на да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру
үшін кӛрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникалар-
ды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады,
ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалып-
тастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің
дамуына, ӛз білімін ӛмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техника-
ның дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда,
оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Мұндай мүмкіндіктерді қазіргі кездегі
бар және жаңадан қалыптасып келе жатқан оқытудың электрондық құралдары бере алады.
Ендеше мұндай оқу құралдарымен жұмыс жасату оқушылардың жаңаша дүниетанымын
қалыптастырады:
-
ӛз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
-
құбылыстарға модельдер кұра біледі және т.б.
Ақпараттық және қатынастық технологиялардың мүмкіндігі қазіргі кезде күрт арта бастады, Интернет
жаһандық желісінің пайда болуы және адам қызметінің барлық салаларына, оның ішінде білім саласына
енуімен кеңейе түсуде. Оқытудың электрондық оқыту құралдарын, Интернет желісін пайдалау қазіргі
кезеңдегі Қазақстанның білім беру жүйесіне, мәдениетіне елеулі әсер етіп, оқытудың инновациялық
әдістерін дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретіні белгілі.
Білім берудегі кӛптеген пәндерге ақпараттық және қатынастық технологияларды ендіру программа-
лармен қамтамасыз ету мен білім беру саласында қолданылатын электрондық оқулықтардың мазмұнын
толықтыру сияқты келелі мәселелерді туындатады. Соңғы бірнеше жылдар бойы осы мәселелер бойынша
жүргізілген іс-әрекеттер, зерттеулер осындай құралдарды жасау мен пайдаланудың теориясын және оған
қажетті нормативтік құжаттарды қалыптастыруда. Осы саладағы нормативті құжаттардың бірі –
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты ҚР СТ 34.0172005-«Ақпарттық технологиялар.
Электрондық басылым», «Электрондық оқу басылымы» [5].
Онда келтірілген ереже бойынша: электрондық басылым: программалық басқару құралдары мен
құжаттамалары бар және кез-келген электрондық ақпарат тасымалдаушысында орналасқан немесе
компьютерлік желілерде жарық кӛрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа ақпараттар
жиынтығы. Электрондық оқу құралы: құрамында оқу курсының ең маңызды бӛлімдері, сонымен қатар
есептер жинағы, анықтамалықтар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін ӛткізуге нұсқау-
лар, практикумға, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар беріл-
ген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы [5].
Тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, қазіргі пән мұғалімдерінің біразы АҚТ-ны ӛзінің кәсіби қызметінде
белсенді түрде пайдалана отыра, жекелеген оқытудың электрондық құралдарын жасаудан тыс қалуы
мүмкін емес. Сондықтан да, пәндер бойынша оқытудық электрондық құралдарының басым бӛлігін кәсіби
ұжымдар жасауға тиіс екеніне қарамастан, бұл құралдардың біразының авторлары пәнді оқытуда ӛз
құралдарын енгізетін мектеп мұғалімдерінің ӛздері болып табылатындығы белгілі.
Шешімін таппаған тағы бір жеке мәселе пәнді оқытуда қолданылатын оқытудың электрондық құрал-
дарының бір-бірімен байланыссыздығы болып табылады. Бұл мәселелерді шешуде оқытудың электрон-
дық құралдарын жасаушылардың, оның ішінде, әрине, мектеп мұғалімдерінің қажетті кәсіби білімі мен
дағдыларының болуы кӛп жағынан мүмкіндік жасаған болар еді.
Сонымен, пән бойынша оқытудың электрондық құралдарын жасау үдерісінде мұғалім қандай рӛл
атқармасын, оның ОЭҚ жасауға қажет мәселелерді жеткілікті кәсіби деңгейде шеше алатындай білім мен
дағдылары болуы тиіс. Алайда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы болашақ пән мұғалімін
педагогтық кәсіби қызметке дайындаудың қазіргі жүйесінде болашақ мұғалімдер пәндер бойынша оқыту-
дың электрондық құралдарын жасаудың негізін оқып-үйренуден тыс қалып жатады. Осы айтылғандар-
дың бәрі болашақ педагог мамандарға, яғни пән мұғалімдеріне ОЭҚ жасау мен пайдалануды оқытудың
қажеттігін білдіреді.
Мектептегі оқытылатын жекелеген пәндер бойынша оқытуда қолданылатын электрондық құралдар
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
84
санының ӛсуі мен сапасының тӛмендігі, пән мұғалімдерінің оқытудың электрондық құралдарын жасауға
қатысуының жиілеуі, бұл бірінші жағынан, ал екінші жағынан, мектеп оқушыларын оқытудың тиімділігін
арттыру үшін сапалы оқытудың электрондық құралдарын жасау мен пайдалануға болашақ мұғалімдерді
оқытудың әдістемелік жүйесінің жоқтығы арасында қарама-қайшылық туғызады. Ал оны іске асыру
үшін, барлық педагог дайындайтын жоғарғы оқу орындарының немесе педагогтарды қайта даярлау
мекемелері мен білім кӛтеру орындарының оқыту мазмұнына толықтырулар, яғни арнайы оқу курсын
енгізіудің нәтижесінде ғана мүмкін екендігін баса айту қажет.
Енгізілетін арнайы оқу курсының мазмұнын университетіміздегі бұған дейін зерттеліп, оқыту үдерісі-
не енгізіліп, ӛз нәтижесін беріп келе жатқан «Информатика» пәні мұғалімдерін даярлауда іске асырылып
келе жатқан «Электрондық оқыту құралдарын және интернет ресурстарын жасау мен пайдалану» курсын
негізге алған жӛн. Себебі, аталған арнайы курс бұдан бірнеше жылдар бұрын университетіміздегі
«информатика» бойынша мамандар даярлаудың мазмұнына профессор Е.Ы. Бидайбековтың бастамасы-
мен енгізіліп, қазіргі уақытта республикамыздағы барлық педагогикалық жоғарғы оқу орындарында
оқытылып келеді.
Бұл енгізілген курс тек информатика бойынша педагог мамандарды даярлаумен шектелген, ал E-
Learning электронды оқыту жүйесінің талаптары барлық пән мұғалімдеріне бірдей қойылып отыр.
Сондықтан да болашақ педагогтарды ӛзіндік даярлану саласы бойынша жекелей оқытудың электрондық
құралдарын жасап, пайдалана алауға оқыту заман талабы.
Ал арнайы курсты оқытудың басты мақсаты – оқушылардың осы пәннің логикалық ӛзара байланысқан
ғылыми түсініктерінің иерархиялық жүйесін алгоритмдік және эвристикалық танымдық қызметті жүзеге
асыруға жеткілікті деңгейде меңгеруін қамтамасыз ету үшін пән мұғалімін ОЭҚ жасау мен оны ӛз кәсіби
қызметінде пайдалануға оқыту.
Дайындық нәтижесінде оқып үйренушілер ОЭҚ жасау мен пайдаланудың жаңа технологияларын
білуі, ОЭҚ жасауда алдына міндет қоя білуі және шеше алуы, ОЭҚ сапасын алғашқы сараптамадан ӛткізе
алуы, пән бойынша ОЭҚ құрастырудың жаңа технологияларының даму үдерісі туралы түсінігі болуы
тиіс.
Қорыта айтар болсақ, егер болашақ педагог мамандарды оқытудың электрондық құралдарын жасау
мен пайдалануға арнайы дайындайтын болсақ, онда біріншіден, олар заманауи ақпараттық қатынас
құралдарын пайдаланып білім бере алатын, екіншіден, оларды ӛзерінің кәсіби және тұрмыстық қызметін-
де шебер пайдалана алатын, сондай-ақ, оқытудың электрондық құралдарын қажетінше жасай алатын
және бар құралдарға ӛзгертулер енгізе алатындай маман болып қалыптастыруы әбден мүмкін. Әрине
оқытудың әдіс-тәсілдеріне сүйенер болсақ оны іске асыру үшін, барлық педагог дайындайтын жоғарғы
оқу орындарының немесе педагогтарды қайта даярлау мекемелері мен білім кӛтеру орындарының оқыту
мазмұнына толықтырулар енгізіп, арнайы оқу курстырын енгізу қажет. Ал жекелеген пәндер бойынша
оқытудың электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалануға болашақ педагог мамандарды даярлау
жекелеген зерттеулерді талап етеді. Мұндай арнайы оқыту курстарын енгізу ең жоқ дегенде мектеп
мұғалімдерінің ӛздеріне тән электрондық портфолиосын жасай алуына себеп болар еді.
1 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
2 Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаев Білім мен Ғылым қызметкерлінің II съезінде сӛйлеген
сӛзінен.
3 Бидайбековпен Е.Ы., Гриншкун В.В., Бостанов Б.Ғ. «Электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану» //
Әдістемелік оқу құралы. - Алматы, 2009.
4 Бостанов Б.Ғ. «Болашақ информатика мұғалімдеріне электрондық оқыту құралдарын жасау мен пайдалану-
ды оқытудың әдістемелік негіздері»// п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефера-
ты. - Алматы, 2009.
5 ҚР СТ 34.017 2005.- «Ақпарттық технологиялар. Электрондық басылым», «Электрондық оқу басылымы». -
Енгізу күні: 01.01.2006. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты.
Резюме
Данной статье рассматривается необходимость подготовки будущих специалистов педагогов давать знание,
используя современных информационно-коммуникационных технологии и о проблемах определяющие, о необходи-
мости их мастерское использование в своих профессиональных деятельностях, а так же о необходимостях формиро-
вания как специалиста умеющие разработать образовательных электронных ресурсов и умеющие изменение
имеющиеся ресурсов. А так же рассказывается о том, что реализация этого возможно, только если будем вести
дополнение содержанию подготовке педагогов высших учебных заведении, организацию переподготовки кадров и
повышении квалификации.
Ключевые слова: Информационно-коммуникационные технологии (ИКТ), образовательные электронные
ресурсы (ОЭР), система электронного обучения E-Learning
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
85
Достарыңызбен бөлісу: |