Тҥйін
Э.К. Ахметова – п.ғ.к.,
А.К. Калимолдаева – п.ғ.к,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
«Бастапқы ӛзін ӛзі ұйымдастырушы команданы құру арқылы түрткіні басқару»
Бүгінгі таңдағы футболда ӛзін-ӛзі реттеу бастауын қалыптастыру барысындағы команданың мотивациясын
басқару мәселесі кӛкейтесті болып табылады. Осыған байланысты авторлар мақалада зерттеу жұмыстары барысын-
дағы алынған нәтижелерді баяндауға тырысады. Спорт клубтарының негізгі даму қарқыны қалыптасқан жүйеге
байланысты, себебі күнделікті әртүрлі жарыстық ӛзгерістер туындап тұрады. Сондықтан спорт клубтарда туындай-
тын талаптар оперативтік ӛтетін жарыс ӛзгерістеріне сай уақытында жауап беру керек.
Тірек сӛздер: талдау, әдіс, тәжірибе, проблемалар, ӛзін-ӛзі ұйымдастыру, мотивация, бейімдеу
Summary
E.K. Akhmetovа - Ph.D., Associate Professor,
A.K. Kalimoldaeva - Ph.D.,
Kazakh National Pedagogical University named after Abay
«Management motivation of the team during the formation of self-assembled started»
The article discusses the management team motivation in the formation of self-regulatory principles in modern football is
relevant. In this regard, the authors have attempted to carry out a study on this issue because Sports Club is a rapidly evolving
system, which is located in a rapidly changing environment of competitive activity and constant combat with the enemy team.
All this imposes certain requirements for prompt and adequate response to changes in both football game interaction, and the
impact from the opponent. Against this backdrop, the central place occupied by the question, to what extent a dynamic
environment of joint activities can be organized effective interaction athletes.
Keywords: analysis, tactics, practice, problems, self-organization, motivation, adaptation
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
16
УДК: 133.65
ҚАЗАҚ АКСР АСТАНАСЫН ОРЫНБОРДАН АҚМЕШІТКЕ КӚШІРУДЕГІ
НЫҒМЕТ НҦРМАҚОВТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Д.Ә. Ықыласбаев – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,
Р.К. Бекмагамбетова – д.п.н., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ
1918-1921 жылдары бұрыңғы Ресей Империясының құрамына кірген ӛлкелерде жүрген азамат
соғысының большевиктік Кеңестер жағының жеңісімен аяқталуымен шеткері ұлт аймақтарында автоно-
миялық статус берілген Республикалар құрыла бастады. Бұл үрдіс қазақ даласын да айналып кете алмады.
Большевиктіктерге қарсы жақпен бірлесіп, қазақ халқы мекендеген облыстарды біріктіріп үлгерген
Алашорда үкіметі таратылды. Ұлттық үкіметті жоққа шығарған Кеңес тарапы ӛлкені ӛзінің автономия-
лық Республикасына біріктіре бастады. Біз осы орайда, егер Кеңес үкіметі ӛлкеде ӛзіне қарсылық
білдіргендерді кездестірмегенде, қазақ даласында Кеңестік Республика біршама ертерек құрылуы мүмкін
еді дей аламыз. Алайда, бұл «мүмкін еді» жорамалының нақтылықтан алшақтығының себебіне үңілсек,
әрбір халықтың ӛзінің тәуелсіздігіне, аумақтық ұлттық бірігуіне деген ұмтылысына ұрынарымыз хақ.
Қазақ даласында азамат соғысының аяқталар шағында большевиктерге қарсы біріккен күштердің жеңіліс
табуына орай ӛлкенің әрбір түкпірінде орнаған Кеңестерді бір орталықтан басқарудың қажеттілігі
туындады. 1919 жылы 10 шілдеде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы Халық
Комиссарлар Кеңесінің декретімен В.И. Ленин қол қойған Қырғыз (қазақ) ӛлкесін басқару жӛніндегі
революциялық Комитет (Қазревком) құрылды. Қазақ революциялық комитеті 1919 жылы 10 шілде мен
1920 жылғы 10 қазан аралығында 15 ай қызмет етті. Қазақ революциялық комитетының ең басты айналы-
сатын мәселесі Қазақ Автономиялық Кеңестік Социолистік Республикасы құрылуына заңдылықты қажет
еткізетін Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыртуды әзірлеу мен ӛткізу болды. 1920 жылы 26
тамыздың М.И. Калинин мен В.И. Ленин Бүкіл Одақтық Атқару Комитеті мен Ресей Кеңестік Федератив-
тік Социалистік Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің кеңестік федерациялық социалистік мемле-
кет құрамында, астанасы Орынбор қаласы болатын қаласы болатын Қырғыз (Қазақ) Автономиялық
Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы Декретіне қол қойды.
Кӛп кешікпей, 1920 жылғы 4-12 қазан аралығында Орынборда Қазақ Автономиялық Кеңестік Социа-
листік Республикасының жұмысшы, шаруа, казак және қызыл әскер депутаттарының Құрылтай съезі ӛтті.
Съезд делегаттары 1920 жылғы 26 тамыздағы Бүкіл Одақтық Атқару Комитеті мен Ресей Кеңестік
Федеративтік Социалистік Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің Автономиялық Қырғыз (Қазақ)
Социалистік Кеңестік Республикасын құру туралы декретін құптап, мақұлдады. Қазақ Автономиялық
Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына Орынбор губерниясы енгізілді. Орынбор республика-
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
17
ның алғашқы астанасы болды. Қазақ жерін бір орталыққа біріктіру жүйелі түрде басталғанымен қазақ
халқы тығыз қоныстанған Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстарын республика құрамына кіргізу
бірнеше жылға созылды. Бұның себебі аталмыш облыстар Сібір революциялық комитеті мен Түркістан
Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамында болатын. Қазақ даласында Ресей
Империясының кезінде Ішкі Ресейдің аграрлық және саяси мәселелерін шешуде шаруаларды қоныстан-
дыру саясатымен кӛшіп келіп,қоныстанған ӛзге ұлттардың талап-тілегі қазақ жерлерін бір орталыққа
біріктіруде ӛзінің кедергілерін келтірді. 1924 жылы Кеңес үкіметі Орта Азия мен Қазақстанда ұлттық
жағдайды реттеу сылтауымен ұлттық межелеу шарасын жүргізген болатын.Аталмыш ӛлкеде орналасқан
ұлттардың талап-тілегін ескеріп Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы, Хорезм
Халық Республикасы, Бұхар Халық Республикасы таратылып олардың орнына Ӛзбек Кеңестік Социалис-
тік Республикасы, Түркімен Кеңестік Социалистік Республикасы, Ресей Кеңестік Федеративтік Социалис-
тік Республикасы құрамында Қарақырғыз автономиялық облысын, Тәжік Автономиялық Кеңестік Социа-
листік Республикасы құрамында Таулы-Бадахшан автономиялық облысын, Қазақ Автономиялық Кеңес-
тік Социалистік Республикасы құрамында Қарақалпақ облысын құрды. Түркістан Автономиялық Кеңес-
тік Социалистік Республикасы құрамында болып келген Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақ Автоно-
миялық Кеңестік Социалистік Республикасына берілді. Алайда Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалис-
тік Республикасының астанасы мәртебесін атқарып отырған Орынбор қаласы Орынбор облысымен қоса
Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы құрамына берілді. Орынбор губерниясының
Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы құрамына берілуінің себебі орыс халқының
губерния аумағында басым тұратындығы делінді [1, 225 б.]. 1925 жылы 19 қазанда Қазкрайком бюро
отырысында Н.Нұрмақов: «Террриториальный вопрос для нас – это острая проблема. С ней тесно связано
судьба нашей республики, ее народа. Причина, высказанная здесь (преобладающее число русских
жителей), не может быть оснаванием для такого решения. Во многих уездах республики число русских
больше коренного населения, но это не значит, что все эти территории должны быть переданы России.
Это равносильно ликвидации республики. Такая постановка вопроса не выдерживает никакой критики,
поэтому мы категорически возражаем», – деді [2,479].
Ал 1928 жылы қарашада ӛткен ВКП(б)-ның үшінші сессиясында Нығмет Нұрмақов Орталықтың
Қазақстан патшалық Ресейдің кезіндегідей бұратана-колониалдық кӛзқарасы ӛзгере қоймағанын қатаң
сынға алады, осы сессияда жасаған баяндамасында: «Многие из наших соседей, пологая, что Казахстан
тяготится огромными размерами террритории, часто покушаются на отдельные ее части... Но мы ни
клочка своей земли не намерены уступить...» – деп мәлімдеді [3,273 б.]. Алайда Нығмет Нұрмақов сияқты
қазақ зиялы қауымы қазақ халқының жері болып табылатын Орынбор ӛлкесін Ресейге бермеуге қанша
тырысқанымен Орталық биліктің жоспарын ӛзгерте алмады. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік
Республикасының астанасы болып табылған ӛңірдің басқа мемлекеттің құрамына ӛтуіне байланысты
республиканың астанасын орнықтыратын мәселе күн тәртібіне шықты. Республиканың болашақ астанасы
ретінде Ақтӛбе, Шымкент, Әулиеата, Қызылорда қалалары аталды. 1925 жылы 6 сәуірде Бүкіл Одақтық
Атқару Комитеті Тӛралқасы Орынбор губерниясын Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Респуб-
ликасы құрамынан шығару туралы қабылдады. Ұзақ талқылаудан соң Қазақ Автономиялық Кеңестік
Социалистік Республикасы астанасы болып Ақмешіт (Қызылорда) қаласы бекітілді. Осы бойынша 1924-
1929 жж. Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесі тӛраға-
сының міндетін атқарған Нығмет Нұрмақовтың 1925 жылы V-ші сайланған атқару комитеті мүшелерінің
2-ші сайланған толық мәжілісінде жасаған баяндамасы дәлел. Баяндамада Нығмет Нұрмақов Қызылорда
қаласының астана болу жәй-күйіне тоқталып ӛтіп, қаланы астаналық мәртебе сай дамытуға мәселесін
қарастырады. Ол баяндамада былай делінген еді: «Орталықты кӛшіру әңгімесі 1922 жылдан басталды.
Қазақстан Орталық Атқару комитетінің 1922 жылы шығарған тиісті қаулысы да бар. Қаулыда орталық
астана Ақмешітке (қазір Қызылорда аталып отыр) кӛшсін делінгенмен, Ақмешіт қаласының басқа респуб-
ликасының қарамағында болушылығынан және Ақмешіттен басқа Қазақстанда лайық қала болмағандық-
тан, бұл мәселе сол күйінде ашық қалған. 1925 жылдың басында бұрынғы Түркістан Республикасының
екі қазақ губерниялары бізге қосылып, Қарақалпақ автономиялық облысының Қазақстан ӛкіметіне кіру-
шілігімен астана кеңесі қайтадан қозғалды, ...кӛп тартыстың аяғы Ақмешітке тоқталып,соны жаңа астана-
ға қолайландық. Орталық Орынбордан кӛшсін, басқа қалаға орнасын дегендегі біздің дәлелдерміз мынау
болды: Орынбордың ӛзінде де, губерниясында да қазақ жоқтығы, Ақмешіттің қаласы мен уезінде қазақ
халқының болушылығы еді. Орынбордан Ақмешітке кӛшу туралы Қазақстан Орталық Атқару Коми-
тетінің қаулысы болғанынан кейін Ақмешітті орталық астана қала қылып қабылдау үшін дербес комиссия
құрылып, оның тӛрағасына Кенжеұлы белгіліенді. Алты ай тынымсыз істеген Кенжеұлының комиссиясы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
18
ақырында орталық мекемелеріне арнап 98 үйді дайындады. Тұрған жерін ӛлшегенде ауласы 6000 шаршы
таяқтан астам және кеңсе қызметкерлері үшін 1300 пәтер үйді жӛндетті. Оның бәріне 500 000 сом ақша
жұмсалды. Бірнеше оқу орындарынан басқа орталық мекемелердің бәрі Қызылордаға кӛшті. Ресей
орталығынан Қызылорданы үлкейтуге 9 миллион сом ақша сұралып еді. Сол 9 миллион сомды тоқыртып
келіп барлығы 1 200 000 сом ғана ақша бермекші болып отыр. Мұның 600 000 сомы алынды. Қалған
600 000 сомдай ақшаны осы арада аламыз ба деп тұрмыз. Бұлардан тысқары ұлт қорынан Халық ағарту
комиссариаты, денсаулық комисариаты жолымен және 500 000 сом ақша алдық. Бұл ақша да Қызылорда-
дан жаңа үйлер салуға арналған. Мәскеудегі шаруашылық мекемелерінен де Қызылорданы кӛркейтуге
аздап жіберген ақша алды. Қазіргі уақытта бұл ақшаға барлығы 50 үй салынып жатыр. Орталық берген
600 мың сомға салынып жатқан 50 үйдің 15-і қызметкерлерге пәтерге арналды. Бұл үйлерде 200-дей пәтер
болмақ,.. Және тағы бұл ақшаға су жіберетін орын (водокачка) салу керек. Осы күні Қызылорданың
қасында үлкен арық қазылып жатыр. 500 десятина жерге ағаш егу керек болады. Жаңа қала мен ескі
қаланың кӛшелерінің ұзындығы 120 шақырым. Оның бәріне тас тӛсету үшін ӛте кӛп қаржы керек. Қазіргі
уақытта Қызылордада үлкен радио (сымсыз телеграф) станциясы салынып жатыр. Қызылорданы орталық
болуға бейімдеп, астана сиқына келтіру үшін үкіметтің істеп жатқан жұмыстары осылар. Қызылорданы
жӛндеуге кӛп қаржы жұмсадық. Сондықтан орталықты қайтадан басқа қалаға кӛшіру туралы сӛз болуға
тиіс емес. Оны сӛз қылу мүлде ұят, басқалардың қазақ надандығынан кӛшіруге дағдыланып тағы да басқа
қалаға кӛшеді екен деп аңыз қылуы мүмкін» [4,188-195 бб.].
1924-1929 жылдары Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының бас қаласы болған
Қызылорда қаласының шынайы астаналық мәртебеге сай болуына сол кездегі Нығмет Нұрмақов басқар-
ған қазақ үкіметі бар күш жігерін жұмсаған еді. Қызылорданың ел астанасына айналуымен осы ӛңірдің
мәдени-экономикалық ӛмірінде үлкен ӛзгерістер басталды. Қала құрылысы, кӛгалдандыру, кӛркейту,
электрмен, сумен жабықтау, әлеуметтік сала нысанарын салу жұмыстары жүргізілді.
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің тӛрағасы
болып жүрген болып жүрген шақта Қызылорда қаласында қазақ мәдениетінің ошағы қазақ ұлттық
театрының ашылуына қолдау кӛрсетті.
Осы жылдарда Қызылордада мемлекеттік баспа жұмысы жұмыс жасады. Шығарылатын 31 газеттің
13-і қазақ тілінде жарық кӛрді, журналдар, кітаптар басылып шықты. Үкімет органдары мәдениет пен
халық ағарту ісінің қажеттілігі үшін бюджет қаржысынан 35%-ға жуығын бӛлді. Республикада 1928
жылдың аяғында 494 оқу ұясы, 23 қызыл отау, 6 мұражай, 1,5 мыңдай радиоқондырғы болды. 1929 жылы
үкімет шешімімен Қазақ АКСР-нің астанасы Қызылордадан Алматыға кӛшірілді [5, 129 б.].
20-шы ғасырдың бас кезінде Қазақ елінің астанасын Қызылордаға кӛшіру сол кезеңде ӛмір талабы
болғандығына дау жоқ. Қызылорда да ӛзіне артылған міндетті абыроймен атқара білді. Ал осы ел астана-
сын Орынбордан Ақмешітке кӛшіру туралы бастаманы кӛтерген Нығмет Нұрмақовтың бұл орайда ұлт
мүддесі үшін күрескендігі де дау туғызбайды.
1. Қазақстан тарихы. Кӛне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық жинақ. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж.
2 Ықыласбаев Д. «Нығмет Нұрмақовтың қоғамдық-саяси қызметі» //«Жаңа әлемдегі жастар және ғылым»
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 2014 ж. 13-14 наурыз, ІІ бӛлім.
3 Нұрмақов Н. Шығармалар жинағы. – Алматы: «Алаш», 2005.
4 Сонда - 188-195 бб.
5 Сыр ӛңірі тарихы (Кӛне заманнан бүгінге дейін). – Алматы: «Атамұра», 1998.
Резюме
Д.Ә. Ыкыласбаев – Жетысуйский государственный университет имени И.Жансугурова
«Функции Ныгмет Нурмакова при перемещении столицы Казак АКСР Оренбурга в Акмешит»
В данной статье раскрывается государственная значимость перевода столицы Автономной Казахской Социалис-
тической Республики из Оренбурга в Кызыл-Орду.
Председатель Совнаркома Казахской АССР Ныгмет Нурмаков был противником переноса столицы из Оренбурга
в Кызыл-Орду, это начинание он расценивал как притеснение колониальной системы, но, к сожалению, он не смог
противостоять такому решению, поэтому приложил немало усилий переносу столицы из Оренбурга в Кызыл-Орду.
Также в статье рассматривают значение такого переноса столицы, и приведены фактические данные определенного
факта. Приведены цифровые данные промышленных организации того времени, работу СМИ, строительство жилых
помещений.
Ключевые слова: АКСР, Совнарком, столица, города, государство, личность
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
19
Summary
D.Ә. Ykylasbayev – Zhetysuysky state university of I.Zhansugurov
«Functions Nygmet Nurmakova when moving the capital the Cossack of AKSR of Orenburg in Akmeshit»
This article reveals the importance of the state transfer of the capital of the Kazakh Autonomous Socialist Republic from
Orenburg to Kyzyl-Orda.
Nygmet Nurmakov was a Chairman of People's Commissars of the Kazakh ASSR and he opposed to moving the capital
from Orenburg to Kyzyl-Orda, this initiative he considered as oppression of the colonial system, but unfortunately, he could
not resist to that decision, so he put a lot of effort of moving the capital from Orenburg to Kyzyl-Orda.
Keywords: AKSR, People's Commissars, capital, city, state, personality
УДК: 610.2
САЛАУАТТЫ ӚМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ
МАМАНДАРЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ
К.А. Абдреимова – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор,
К.А. Жукенова – п.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ
Бұл мақалада ғұламалар еңбектеріндегі салауатты ӛмір салты жайлы айтылған пікірлерді негізге ала отырып,
дене мәдениеті сабағы арқылы дене мәдениеті мұғалімдерінің оқушыларда салауатты ӛмір салтын қалыптастыруда-
ғы ықпалы жайлы айтылады. Салауатты ӛмір салтының деңгейін, сапасын, стилін анықтай келе, денсаулықтың
басты шарты – мәдени орта, салауатты ӛмір салты екендігін насихаттайды. Аталған мақалада салауатты ӛмір сүру
салтының негізі болатын идеяларды үшке бӛліп, оларды жеке-жеке атап ӛткен және осы идеялар, яғни дене үйлесім-
ділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығының бір-бірімен сабақтастығы баяндалған. Автор салауатты ӛмір
салтын қалыптастыруға байланысты ғылыми еңбектерге шолу жасаған және оның тарихын кӛне дәуірдегі ғұламалар
еңбектерінен қарастырып, онда айтылған ой-пікірлер бүгінгі ғылыми еңбектердегі зерттеулермен зерделенген.
Тірек сӛздер: салауатты ӛмір салты, дене тәрбиесі арқылы салауатты ӛмір салтын қалыптастыру, салауатты ӛмір
сүру стилі
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі
гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демография-
лық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-
қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз», - деген болатын [1].
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Салауатты сӛзінің негізгі мағынасы –
парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамы-
мыздағы адамзаттың ӛмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына
байланысты.
Ӛмір сүру салты – әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып,
бос уақытында демалатыны, олардың қалыптасқан ӛмір тіршілігі, яғни, адамның ӛмір сүру салты қандай
болса, ӛзі де сондай, ӛмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму кӛрсеткішінің
категориясы.
Салауатты ӛмір сүру салтының тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдай-
ларға, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байла-
нысты болады.
Әр адам ӛзіне тән қалыптасқан ӛмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы беріліп
отыруы мүмкін. Осыған байланысты салауатты ӛмір сүру салты 3 категорияға бӛлінеді:
– салауатты ӛмір сүру деңгейі;
– салауатты ӛмір сүрудің сапасы;
– салауатты ӛмір сүрудің стилі.
Салауатты ӛмір сүру деңгейі – экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдық-
рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.
Салауатты ӛмір сүру сапасы - әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар,
мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық
жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты ӛмір сүру стилі - әлеуметтік психологиялық категория – адамның қоғамдық орындарда
ӛзін-ӛзі ұстап және кӛрсете білу.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан ӛзгерістер нарықтық
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
20
экономика, қоғамдық-экономикалық қатынастарды ғаламдандыру, қоғамның дамудың ақпараттық кезеңі-
не ӛтуі жағдайында оны сапалық тұрғыда қайта құруға бағытталып отыр. Осындай ӛзгерістердің нәтиже-
лілігі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнына тікелей тәуелді десек, соның ішінде мектептердегі
дене тәрбиесі пәні де ӛз орнымен айшықталады.
Бүгінгі болашақ дене мәдениеті мұғалімін дайындауда олардың салауатты ӛмір сүру мен денсаулық,
дене мәдениеттерін ӛздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін
емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы – жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың
білім және экономикалық қуатының ӛсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың
басты шарты – мәдени орта, салауатты ӛмір салты.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты ӛмір салтын
қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты кӛптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы
Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары. Бұл
құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене тәрбиесі арқылы салауатты ӛмір салтын қалыптастыру, жастар
тәрбиесі. Сондықтан да дене мәдениеті мұғалімдеріне қойылатын жаңаша талаптар мен ӛзгерістер
туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі
мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене шынықтыру сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбие-
лік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын
қалыптастыруды жүзеге асыруы керек. Қазіргі таңда оқушыларды салауатты ӛмір салтына ынталандыру
мен денсаулығын қалыптастыру ӛзектілігі жалпы педагогикалық проблема болып отыр.
Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды кӛрсеткіші оның дене дамуы мен денесінің жұмысқа жарам-
дылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің басты себептерінің бірі – оқушылардың жалпы
қимыл белсенділігінің тӛмендеуі.
Мектеп жағдайында оқушылар мен дене мәдениеті мұғалімдері арасындағы дұрыс ұйымдастырылған
педагогикалық қарым-қатынас оқушылардың денсаулығына позитивтік ықпал етеді. Сонымен қатар,
оқушылардың психологиялық кӛңіл-күйлерінің тұрақтылығы мұғалімдердің оларға бағытталған қарым-
қатынас тәсілдеріне тәуелді. Әр мұғалімнің педагогикалық қателігі жүйке жүйесі әлсіз, нервтік-психика-
лық және жүрек ауруларынан зардап шегетін, сондай-ақ кейбір қызу темпераментті ұл балаларға негатив-
тік әсер етуі мүмкін. Сондықтан да күнделікті мектеп ӛміріндегі мектеп басшылары мен мұғалімдер және
оқушылар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынас тәсілдері мектеп субьектілері денсаулығына үлкен
әсерін тигізеді. Мектеп субьектілерінің денсаулық проблемасын шешуде кешенді қарым-қатынас жасау-
дың маңызы зор. Ол мектеп жағдайында дені сау, толыққанды, жан-жақты дамыған, салауатты жеке
тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.
Зерттеушілердің бірі дене тәрбиесі білімінің негізгі мақсатын анықтау үшін белсенді жұмыс атқары-
лып, оны қозғалыс сапаларының дамуы десе, енді біреулері білім міндеттерін шешу құралы деп анықтай-
ды. Үшіншілері, оқушыларды спорттың бір түрімен дамыту және сауықтыру деп ұсынса, тӛртіншілері,
«ең басты мақсат – бұл сауықтыру» деп таныды. Ақырында, авторлардың бірқатары басты мақсаты жеке
тұлғаның жан-жақты дамуын физикалық жетілдіру үдерісімен бірлестіруден деп есептеп, дене тәрбиесі
мамандарын дайындаудың басты құралы дейді.
Салауатты ӛмір сүру салтына 3 идея негіз бола алады. Олар: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-
ойдың айқындылығы.
Жоғары оқу орындарында «Дене шынықтыру мен спорт» саласына мамандарды дайындаудың негізгі
мазмұны осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып, келесі мәселелермен тікелей байланысты:
білім беру жүйесінде педагогикалық, оқу-тәрбиелік, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік,
басқару-ұйымдастырулық қызметінің ұйымдастырылуы;
енетін инновациялық технологиялар, тиімділікпен ғылыми-әдістемелік басқару, қолданылатын
құралдарға және дене шынықтыру әдістері мен спорт жаттығуларына адекваттық әсер ету;
осы бағыттың қозғалмалы қорын қалыптастыруды іске асыру, болашақ мамандардың дене шынық-
тыру туралы білімі мен дағдысы;
спорт түрлеріндегі техника-тактикалық шеберлігі мен дене қасиеттерінің сапалық іске асуы мен
дамуы.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар кӛздерін, тарихи даму кезеңдерін сараласақ, олардың
мынадай жағдайларға байланысты пайда болатынын анықтауға болады:
- дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған қоғамдық
ӛмірдің іс-тәжірибесі;
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
21
- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты жетілген жеке тұлғаны
тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;
- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжіри-
белер мен ұсыныстар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген
тұжырымдамалар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жӛніндегі мемлекеттік сұраныстар [2].
Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелермен сабақтастығы мәселесі Орта Азия және Ұлы дала ғұламалары
еңбектерінде де ерекше аталған. Солардың ішінде ерекше тұлға Әл-Фараби тәрбие мәселесіне бағыт-
бағдар бере отырып, «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты еңбегінде бала денесін жетілдіруді оның
бойындағы абзал қасиетті тани біліп, мінез-құлқының жақсы сипаттарын тәрбиелеп, ӛзін-ӛзі үнемі дамы-
ту қажеттігіне тоқталады. Ол «дененің саламаттылығы» ұғымын енгізе отырып, әр адамның тәрбиесінде
мынадай үш қасиет болу қажет деп есептейді: дене күші, рухани және ақыл-ой, олар ӛзара үйлесімді
дамыған жағдайда ғана жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға болатынын дәріптейді [3].
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанында ұлттық психологиямыз бен ұлыстық ерекшеліктерімізге
тоқтала келе, «кемел адам» ұғымын енгізе отырып, кемел адамның бойында мынадай қасиеттер: жомарт-
тық, саламаттылық, білімділік, ақылдылық, бір сӛзде тұру, ширақтық болу қажет дейді [4].
Ұлы ағартушы Абай дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесі үйлескенде ғана әр адам сымбатты болумен
қатар, жан-жақты қалыптасқан жан болмақ деген пікірді қуаттайды. Мысалы, «Сегіз аяқ» ӛлеңінде бойда-
ғы, денедегі күш-қуатты ойсыз, ақылсыз іс-әрекетке жібермей, белсенді ӛмір сүре отырып, ӛзіңді дамыта-
тын, жетілдіретін іспен ұштастыра білу қажеттігін ескертеді. Әсіресе, «Қара сӛздер» адам тәлім-тәрбиесі-
не бағыт-бағдар беретін, жай ғана бағыт қана емес, ғылыми негізге сүйенген, ӛмірлік жағдайлардан
алынған философиялық тұжырымдар мен түйіндерден тұратын құнды дүние.
Ұлы Абай дене күшін, дене мәдениетін қалыптастыру, оның ақыл-ой тәрбиесіне тікелей байланысын
кӛрсете отырып, «тәрбиелеу керек» деп жай ғана сӛзбен емес, оны дұрыс жолға қоюды нақты істермен,
жолдармен насихаттау, тәрбиенің ӛзегін философиялық, психологиялық арнадан іздеу қажеттілігіне тоқ-
талады. Бұл мәселеде Абай оны халықтың рухани мұрасы, асыл қоймасы халықтық тәлім-тәрбие бесігі –
ауыз әдебиетінен, мақал-мәтелдері мен даналықтарынан іздеуді меңзейді. Халқымыз: «Азған денеге ауру
үйір», «Қайраты мен ақылы сай жігіттің жолы болар», «Ақылсыз жігіт күшіне сенер», «Қайраты бар
кісінің, берекеті бар ісінің, қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің», «Қайратың барда мал тап», «Денсау-
лығын ойлаған, жан сарайын таза ұстар», «Әлін білмеген әлек» т.б. деп дене тәрбиесін тоқсан ауыз сӛздің
тобықтай түйінін мақал-мәтелдер арқылы береді [5].
Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанының себебі де
осы. Жастар тәрбиесінде салауаттылықты халқымыздың ұлы тұлғаларының рухани мұраларын пайдала-
нып, жаңаша кӛзқарас тұрғысынан насихаттауға мүмкіндік туып отыр.
Осы тұрғыдан қарағанда жоғары оқу орындарында оқытылатын педагогика пәнінің мазмұнына ұлы
ғұламалар еңбектері, Алаш арыстарының педагогикалық мұралары және т.б. жаңа технологиямен, жаңа
үрдіспен оқытылуда. Солардың бірегейі, «Қазақтың бас ақыны» атанған, ұлттық мәдениетіміздің дамуы-
на зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын жоғары
оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде жүзеге асыру ешуақытта маңыздылығын жоймай, педагогика-
лық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ.
Абай шығармаларынан туған халқының жан дүниесі мен салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрінің лебі
аңқып тұрады. Соның ішінде заманына қарай жаңадан енген халқының санасына, әдет пен ғұрпына жат
қылықтармен бірге ғасырлардан бері келе жатқан кертартпалық, керенаулықты да ӛлтіре сынайды.
Сӛйтіп, халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, ӛнер, білім, ғылымды меңгеруге шақырады.
Ұлттық педагогика саласында осы мұраларды кеңінен пайдаланып, «идеал» адам тәрбиелеудің түп
қазығына айналдырудың маңызы зор. Абай айтқан «иманигүлді» ұрпақ санасына сіңіріп, тәлім-тәжірибе-
де пайдалана білсек, еңбектің нәтижелі болатынына күмән келтірмеген болар едік. Себебі Абай ӛзі ұстан-
ған имандылық тәрбие идеясының ӛн бойында, адам бойындағы ең асыл қасиетті білуге құмарлықты
дәріптеу арқылы адамның шексіз даму құдіреттілігін жоғары қояды. Осы орайда оның «Мен егер закон
қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген сӛзі
дәлел болады.
Осы орайда имандық туралы танымның табиғаты, оның шығу тӛркіні оның даму жолын имандылық
негізде салауатты ӛмір салтын қалыптастыруда қолданудың маңызы зор.
Жалпы адамның жетілуі – оның рухани дүниесі, адамшылық қасиеттері, мінез-құлқының жетілуімен
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
22
сайма-сай келеді. Мұндай қасиеттердің жетілуі адамның денесінің жетілуімен байланысты. Ал адамның
денесінің жетілуі – денсаулық.
Дене мүмкіндігі мектеп оқушысының жеке тұлғалық дене мәдениетінің маңызды құндылығы және
оған қажет қасиет ретінде жеке тұлғаның дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекеттерде жан-жақты толық дамуға
ұмтылуын сипаттайтын, жеке дене қабілеттерін ашуға жағдай туғызатын қозғалысты жай-күйін анықтай-
ды, оны жетілдіру үдерісі – кӛбінесе жеке тұлғаның ӛзіндік белсенділігімен байланысты, жеңілден қиынға
дейін қозғалу тәжірибесімен сипатталады.
Мектеп оқушыларында денесін жетілдіру мен ӛзін-ӛзі тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыру оқу-
тәрбие үдерісінде дене тәрбиесі пәні бойынша шешуші мән болып есептеледі. Дене тәрбиесінің сан түрлі
әдістері олардың оқушы дамуына әсері мен оқу күні бойынша жаттығулар кӛлемін толықтырады. Дене
тәрбиесі түрлерін жетілдіру маңызды, дегенмен мәселенің екінші жағы - оқушылардың кешенді дене
тәрбиесін толық, әрі жан-жақты ұйымдастырмаған жағдайда дене тәрбиесі міндеттерін сапалы орындау
мүмкін емес. Себебі жоғарыда аталған жұмыс түрлерінің әрқайсысы арнайы мақсатты кӛздейді, жекелен-
ген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
«Бақытты болу жағдайы, біздің дегенімізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімді-
гі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық ӛте-мӛте күш-қайратқа негізделеді»
(П.С. Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, ӛмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің
барлық түрінің жоғары нәтижелі болуы ӛзін-ӛзі жақсы сезінуі және дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде
қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу әрі тартымды және онша
қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге қанағаттанарлық сезіммен,
кӛтеріңкі кӛңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның бар-
лық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады. Бұл тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағ-
дайында нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушылардың салауатты ӛмір салтын ынталандыру –
тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша маңыз
береміз.
«Ӛмір салты» – адамның денелік, интелектуальдық және еңбек әрекетін, тұрмыстық ӛзара қарым-
қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, ӛмір сүру қатынас ерекшелігін жатқызуға болады.
Олай болса, ―ӛмір салты‖ – деннің саулығына нәтижелі ықпал ететін «салауатты ӛмір сүру» ұғымын
білдіреді.
Қазіргі ғылым «салауатты ӛмір салтын»:
- ең жақсы үйлесімді тәртіп;
- иммунитетті және денені шынықтыру;
- дұрыс тамақтану;
- орнықты ӛмір сүру әдеті;
- зиянды әдеттің болмауы («ауру қалса да әдет қалмайды»);
- жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді [6].
Қазақта «Деннің саулығы – бастың амандығы» – деген ұғым қалыптасқан. Олай болса, салауатты ӛмір
салты және оны тәрбиелеу мәселесі, кӛптеген ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеумет-
тік маңызы бар күрделі мәселе. Себебі жаңа XXI ғасырдың адамы – дені сау рухы күшті, жан дүниесі таза
адам болуы шарт. Сондықтан оқушылардың салауатты ӛмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқор-
лығы. Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы.
Деннің сау болуы – ол, яғни ӛмірді шексіз сұлу, қуаныш сезіміне бӛлену, ӛмірден ләззат алу, баланың
жаңа жыл сыйлығын шыдамсыз тосқанындай, әрбір таңды, күнді асыға ризашылдық кӛңіл күймен тосу
және кешкілік қамкӛңілсіз, кіршіксіз тәртіп ұйқыға кету, ең қажеттісі, ӛзіңді-ӛзің сүю, құрметтеуден
басталады.
Ол үшін, оқушыларды алдына ӛмірлік маңызды мақсат қоя білуге тәрбиелеу қажет. Оған жету,
ерінбей, шалдықпай үлкен еңбек етуді қажет етеді. Ондай еңбек – деннің сау болуын қажет етеді. Мінез
тұрғысында оқушылардың санасы таза, сенімі айқын болуы шарт. Кімде кім ӛзінің ӛмірін темекі түтіні-
мен, ішімдік уытымен уласа, арам қылықпен ӛмір сүрсе, сол ертеңгі күнге сенімсіздікпен қарайды. Ол
үшін тіршілік, ӛзін қоршаған орта кӛңілсіз беймәлім, күңгірт болып келеді. Осы қағиданы әрбір баланың
жадына, зердесіне тоқыту, жалпы адамзаттың, соның ішінде мектеп пен ата-аналардың мемлекет, қоғам,
бала алдындағы міндетті борышы.
1
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: барлық Қазақстандықтардың ӛсіп-ӛркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаты-
ның артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Білім. - 11 қазан, 1997. – 17 б.
2
Оразов Ш.Б. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың
әдістемесі. // Шағын мектеп №8(52). - Алматы, 2007. – Б. 14-18.
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
23
3
Әл-Фараби. Әлеуметтік-этникалық трактаттар. – Алматы: Ғылым. 1995. – 210 б.
4
Баласағұни Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1995. – 420 б.
5
Абай. Қара сӛз. – Алматы: ЕЛ, 1993. – 272 б.
6
Сәулебекова М. Салауатты ӛмір салты – денсаулық кепілі. // Биология және салауаттылық негізі, - №3 - 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |