Резюме
Т.Т. Ережепов – магистр-ст.преподаватель КазНПУ им. Абая
«Роль физической культуры и проблемы использования национальных игр
в процессе занятии физического воспитания в школе»
В статье раскрывается роль, место и сущность физической культуры в обществе, рассматривается использование
национальных игр в процессе занятия физической культуры в школе, ее роли в воспитании воспитанности,
общительности, ответственности, человечности и в формировании силы, ловкости, выносливости, морально-
волевых качеств школьников. А так-же патриотических чувств своему народу, национальной достопримечательно-
сти, уважений к другу, школе, преподавателю.
Ключевые слова: школа, физическое воспитание, спорт, формирование, развитие, школьник, национальный
спорт, национальные игры
Summary
T.Yerezhepov – Master-Senior Lecturer Kazakh National Pedagogical University named after Abai
«The roleof physical cultureand problems of usingnational gamesduringphysical educationclassat school»
The article opens up the role, place and nature of physical culture in society, discusses the use of national games during the
lessons of physical culture in the school and its role in Parenting, sociability, responsibility, humanity and in the formation of
strength, agility, endurance, moral and volitional qualities of schoolchildren . And so the same patriotic feelings of his people,
national landmarks, respect for others, the school teacher.
Keywords: school, physical education, sport, formation, development, student, national sport, national games
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
48
ОӘЖ 378(574)
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ ТҦЛҒА
АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Н.Тӛлегенҧлы – магистр оқытушы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Бұл мақалада жалпы дайындық сабағында қозғалыс ойындарын қолдану қарастырылады, сонымен бірге негізгі
жаттығуларда кӛмектеседі, жұмысқа деген қаблеттіліктерін қайта қалыпына келтіреді, шұғылданушылардың
эмоциялық жағдайларын жақсартады, жаттығудың тиімділігін жоғарлатудың негізгі құралы болып табылады. Қозға-
лыс дағдылары және дене дайындығы сапасын жетілдіру мен дамыту ықпалына, арнайы бағытта қозғалыс ойында-
рын қолдану қажеттіліктері кӛрсетілген.
Тірек сӛздер: Балалар денсаулығы, педагог шешімі, қозғалыс ойындары, ойын процесі, дағды, қозғалыс
әрекеттері
Мазмұны жағынан барлық ойындар түсінікті, жалпы дамытушы мүмкіндіктері бар, әртүрлі педагоги-
калық қызметі бар, ұжымға деген қатынасты тәрбиелейтін, эстетикалық талғамды дамытуға бағытталған,
қоршаған орта туралы түсінікті нақтылайтын, психикалық үрдістерді жетілдіретін, дамудың жоғары
деңгейіне ӛтуді ынталандыратын, тұлғаны әлеуметтенуіне ықпал ететін болып келеді.
Ойын - ӛте эмоциялық іс-әрекет, сол себепті ол кіші мектеп оқушыларын тәрбиелеуде құнды нәрсе
болып табылады.
Кӛптеген ойындардың ішінде балалар арасында қозғалыс ойындары кең тараған. Қозғалыс ойындар-
дың негізгі ерекшелігі оның мазмұнында қимылдардың маңызды орын алуы (жүгіру, секіру, лақтыру,
допты беру және тосу, қарсыласу және т.б.), бұл қозғалыс әрекеттер оның сюжетімен байланысты. Олар
ойынның мақсатына жету жолында әртүрлі қиындықтарды, кедергілерді жеңуге бағытталады.
Қозғалыс ойындар, ойыншылардың ӛздері қойған шартты мақсатқа жетуге бағытталған саналы баста-
машыл іс-әрекет. Мақсатқа жету ойыншылардың белсенді әрекетін талап етеді. Бірақ қимылдық ойындар
қатысушылардан арнайы даярлықты қажет етпейді. Олардағы ереже ойындардың жүру шарттарына қарай
қатысушылары мен жетекшілердің ӛздерімен таңдалады. Олардың мазмұнында нақты қойылған
ойыншылар саны мен ауданның кӛлемі кӛрсетілмейді.
Қозғалыс ойындардың негізін салушы ретінде А.М. Горький болды. Оның түсіндіруі бойынша ойын
бұл балалардың ӛмір сүріп отырған ортасын танып білу жолы болып табылады [1].
Қозғалыс ойындар балаларды жалпы дене тәрбиелеудің құралы ретінде қолданылады. Қозғалыс
ойындар кӛбінде балалардың ӛздерімен ұйымдастырылатын жекелік түрде болуы мүмкін. Олар мұғалім-
дермен бос уақытта, үзіліс кезінде қолданылады.
Қозғалыс ойындардың ұжымдық түрлері маңызды орын алады. Барлық ұжымдық-қозғалыс ойындарға
жарысу сипаты, сонымен қатар қойылған мақсатқа жетуде ӛзара кӛмек кӛрсету тән болып келеді.
Ұжымдық ойындардың негізгі сипаты олардың ойыншылардан жылдамдықты талап етуінен кӛрінеді.
Сол себепті де ойын барысында ӛзара қатынаста әрдайым ӛзгеріп отырады.
Қозғалыс ойындарда жарыстар ӛткізіледі. Оларды оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жеке
ойындар түрінде жүргізуге болады. Бірақ педагогикалық түрде оқушылардың әртүрлі дене қасиеттері мен
дағдыларын тәрбиелеуге ықпал ететін түрлі ойындардың кешенді түрде қолдану тиімді деп есептелінеді.
Әрбір қозғалыс ойын мазмұнынан, құрылымынан және әдістемелік ерекшеліктерінен тұрады.
Қозғалыс ойындардың мазмұны мыналардан құралады: сюжет, ереже, қимылдық әрекеттер.
Қозғалыс ойындардың құрылымы – қойылған мақсатқа жету тәсілдерін таңдауға мүмкіндік беретін
оқушылардың әрекетін ұйымдастыру. Ойындардың бір түрінде қатысушылар жеке немесе топтық түрде
әрекет етеді, ал басқа ойындарда ӛз ұжымының, командасынаң қызығушылығын ұстана отырып,
ұжымдық түрде әрекет етеді [2].
Ойынның әдістемелік ерекшеліктері оның мазмұны мен құрылымына байланысты болады. Қозғалыс
ойындардың әдістемелік ерекшеліктеріне тӛмендегілер тән болады:
а) бейнелілік;
б) ережелермен шектелетін әрекеттердің ӛз бетінше орындалуы;
в) ережелерге сәйкес әрекеттерде шығармашылық бастамашылдық;
г) сюжетіне сәйкес жеке рӛлдерді орындау;
д) ойындағы кездейсоқтық, ӛзгермелілік;
е) ойынның эмоциялылығын арттыратын мобилділік күшін талап ететін жарысу сипаты;
ж) ойын қақтығыстарын шешуде қарама-қарсы қызығушылықтарының қарсы келуі.
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
49
Қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің құралы және ойын әдісі ретінде дене қасиеттерінің тәрбиеленуі-
не және жетілдірілуіне ықпал етеді. Сонымен қатар қозғалыс ойындарда табиғи қимыл әрекеттер мен
жеке дағдылар және іскерліктер бекітіледі.
Педагогикалық тәжірибеде ойынның келесі түрлері қолданылады:
1. Еркін, шығармашыл ойындар. Оларды кейбір кезде ролді ойындар деп те атайды. Олар жеке және
топтық түрде жүреді.
2. Ересек жетекшілерді қажет ететін, нақты қойылған ережелері бар, ұйымдасқан қозғалыс ойындар.
Олар мазмұны және күрделілігі жағынан әртүрлі:
а) қарапайым, командалық емес ойындар. Бұл ойындарда негізгі іс-әрекет жеке басын жетілдіруге,
жылдамдық, күш сияқты қасиеттерде басқаларға қарағанда жоғары орын алу;
б) күрделі, командалық ойындарға ауыспалы. Мұнда ойыншылар ӛз қызығушылықтарын жеке таныта-
ды, бірақ ӛз ықыласымен жолдастарына кӛмектесуге тырысады;
в) ойыншылар жеке ұжымдар – командалар құрайтын қимылдық ойындар.
Оқу-тәрбие үрдісінде қозғалыс ойындарды қолдану әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуде
арнайы таңдауды қажет етеді. Бұл үшін ойындардың нақты қасиеттері ұқсас топтық түрлері құрастырыла-
ды. Ойындар тӛмендегідей топтастырылады:
1. Мазмұнының күрделілік дәрежесіне қарай: ең қарапайымдылардан күрделіге қарай;
2. Жас ерекшеліктерін ескеру сипаттарына қарай;
3. Қимыл әрекет түрлеріне қарай;
4. Дене қасиетіне қарай;
5. Жеке спорт түрлеріне даярланған;
6. Ойыншылардың ӛзара қатынасына байланысты.
Ойындар басқа қасиеттері бойынша да топтастырылады:
а) сабақтарды ұйымдастыру формасына қарай;
б) қимылдық деңгейінің сипатына қарай;
в) мезгіл мен жұмыс орнын ескеруіне қарай.
Қозғалыс ойындар, ойыншылардың ӛздері қойған шартты мақсатқа жетуге бағытталған саналы баста-
машыл іс-әрекет. Мақсатқа жету ойыншылардың белсенді әрекетін талап етеді. Бірақ қозғалыс ойындар
қатысушылардан арнайы даярлықты қажет етпейді. Олардағы ереже ойындардың жүру шарттарына қарай
қатысушылары мен жетекшілердің ӛздерімен таңдалады. Олардың мазмұнында нақты қойылған
ойыншылар саны мен ауданның кӛлемі кӛрсетілмейді [3].
Ойын тұлғаның қалыптасуында маңызды орын алатын іс-әрекеттің бірі. Ойын барысында балалар
жинақталған тәжірибені бейнелейді, ӛмір туралы ӛздерінің түсініктерін тереңдетеді және бекітеді.
Мұғалімнің кӛмегімен ойын баланың жан – жақты дамуына ықпал етеді. Олар баланың түсініктерінің
кӛлемін арттырады, байқампаздылық қасиетін, талдау іскерлігін, салыстыру және жалпылау іскерліктерін
дамытады.
Қозғалыс ойындар кеңістіктік және уақыттық қатынастарды дұрыс бағалай білу қабілетінің, ӛзгермелі
жағжайға жылдам әрі дұрыс әрекет кӛрсете білу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Қозғалыс ойындарда қатысушылар жеке рӛлдерді орындауға тура келеді. Бұл олардың ұйымдастыру-
шы дағдылары мен білімдерінің дамуына әсерін тигізеді.
Ойынның білім беру жағы мұғалімнің дұрыс назар аударуына сәйкес қажетті деңгейде орындалады.
Ойын барысында бала ӛзінің барлық жеке тұлғалық қасиеттері мен сапаларын анықтайды.
Ойын сияқты ешқандай іс-әрекет оқушының тұлғалық қасиеттерін жан-жақты ашып бере алмайды.
Ойынмен айналыса отырып, бала ӛзінің барлық мінез бітістерін анықтай алады. Сыныпта әрдайым тұйық
жүретін бала ойын барысында ӛзін басқа жағынан кӛрсете алады. Мұның барлығы әр балаға жеке тұрғы-
да дұрыс ықпал ете алуда ӛте маңызды. 4 сыныпқа арналған дене тәрбиесі оқулығында адамның қабілеті-
нің дамуы туралы да бӛлімдер қарастырылған (күштің, жылдамдықтың, тӛзімділіктің, икемділіктің
дамуы), гимнастика мен жеңіл атлетикаға да бӛлім берілген. Қазақ ұлттық ойындарын мектеп тәжірибесі-
не ендіру бір жағынан тәжірибелік жұмыстың жинақталуына ықпал етеді, екінші жағынан – қазақ ұлттық
ойындарының тәрбиелік мәнін насихаттайды, олардың баланың денелік және ақыл-ой дамуының рӛлін,
кіші мектеп оқушыларының ұлттық салт-дәстүрлерге сүйіспеншілігін орнатуды қарастырады.
Оқушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас кӛбінесе ұжымдық-қимылдық ойындарда жүзеге асады.
Олардың барлығына жарысу сипаты, сонымен қатар қойылған мақсатқа жетуде ӛзара кӛмек кӛрсету тән
болады.
Қозғалыс ойындары сабағында мұғалімдер балаларға ӛз әлекеттерін жұптар және топтарда сәйкесінше
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
50
ұйымдастыра білуге, ойын мақсатына жетуде тұрақтылық танытуға, меңгерілген ойынның мазмұнын ӛз
сӛзімен жеткізе білуге, денелік және еріктік қасиеттерін жетілдіре білуді, кеңістікте бағдарлай алу,
қимылдарды реттей білу іскерліктерін үйретеді [4].
Қозғалыс ойындарының ӛзі ұжымдық сипатта болады, осыған байланысты балаларды ұжымдағы іс-
әрекетке тәрбиелейді. Ойындар балалардың бойында жолдастық, ұжымдық, демократиялық және бір-
біріне деген жауапкершілік сезімдерін ұялатады. Ұжымдық ойынға қатыса отырып, бала ӛзінің қызығу-
шылықтарын топтың қызығушылығы үшін құрбан етуі қажет: жолдасына допты беру, «тұтқынға» түскен
жолдастарын босату және т.б.
Ойындарда жолдастық сезімі біртіндеп тәрбиеленеді. Кіші мектеп оқушыларынан ойын барысында ӛз
әрекеттерін жолдастарының әрекеттерімен сәйкестендіру талап етіледі. Кейіннен ӛзара кӛмек кӛрсетуге
бағытталған ойындар пайда болады. Ал содан соң ӛз ұжымына, ӛз командасына қызығушылықтарын
бағындыруға қатысты ойындар қолданылады.
Ойын барысында бір ойыншының екіншісіне, бір команданың екіншісіне қарсы тұруы тән келеді.
Осыған байланысты дер уақытта шешуді талап ететін әртүрлі міндеттер пайда болады. Бұл үшін пайда
болған жағдайды қысқа уақытта бағалай білу, дұрыс әрекетті таңдай білу және оны орындай білу қажет.
Осының әсерінен ойындар ӛзіндік танымға кӛмектеседі.
1 Сагындыков Е. Использование народных игр в учебно-воспитательной работе в 1-4 классах казахской школы.
Автореф. Дис. канд. – Алма-Ата. 1988.
2 Куанышев Т. Подготовка будущих учителей физической культуры средствами национальных игр – Автореф.
дис. канд. – Алма-Ата, 1992.
3 Айтпаева А.К. Казахские народные игры как средство воспитания младших школьников. Автореф.дисс. канд. –
Алматы, 1997.
4 Подвижные игры / Под ред. Л.В. Былеевой, И.М. Короткова – Я.: Учебное пособие, 1989.
Резюме
Н.Тӛлегенұлы – магистр-преподаватель, КазНПУ им. Абая
«Формирование межличностных отношений школьников младших классов с использованием подвижных игр»
В статье рассматривается применение подвижных игр на занятиях по общей подготовке, которые представляют
собой не только вспомогательные, основные упражнения, активизирующие внимание, восстановление работоспо-
собности, улучшающие эмоциональное состояние занимающихся, но и выступают в качестве незаменимого, основ-
ного средства, повышающего эффективность занятий. Показана необходимость применения подвижных игр
специальной направленности, способствующих развитию и совершенствованию физических качеств и двигательных
навыков.
Ключевые слова: Здоровье детей, задача педагога, подвижные игры, процесс игры, навык, двигательное
действие
Summary
N.Tolegenuly – Master Senior Lecturer, Kazakh National Pedagogical University named after Abai
«Formation of interpersonal relations schoolchildren using mobile games»
The article discusses the use of mobile games in the classroom for general training, which are not only supporting the
basic exercises that activate account recovery efficiency, improve emotional state involved, but also serve as indispensable,
the primary means of enhancing the effectiveness of training. The necessity of using dynamic games a special focus,
contributing to the development and improvement of the physical qualities and motor skills.
Key words: Children's health, the task of the teacher, outdoor games, gameplay, skill, motor action
УДК: 378: 316.628.5
КӘСІБИ ТҤРТКІНІ ТҤСІНУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
А.А. Абсатова – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет оқытушысы
Кәсіби тұрғыдан жетілу және ӛз кәсібіне деген түрткіні түсіну мақсатында, кӛңіл-күйдің, психологиялық ақуал-
дың берік болуын жақсарту, кәсіби шығармашылығын анықтау, ӛз қабілетіне сенімділікті нақтылауға кӛмектесетін
тренингтер ұсынылады. Берілген тренингтер педагогтарға арналған, мамандыққа арналған іс-әрекетіне қатысты
адамдармен қарым-қатынасымен байланысты. Және ӛзара қарым-қатынас дағдыларын, ӛз сӛзін, іс-әрекетін бақылау-
дың қажеттігін ұштастыруды талап етеді. Осыларға байланысты берілген жұмыс ерекше күш-жігерді және асқан
эмоционалдықты талап етеді. Тренингте қолданылатын дамытушылық дағдылары кәсіби іс-әрекетте педагогтарға,
сондай-ақ білім беру саласын басқарушыларға да арналады.
Тірек сӛздер: тренинг, түрткі, кӛңіл-күй, кәсіби шығармашылық, қабілет, сенімділік, мәселе
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
51
Бұл тренингтің ӛткізілуінің басты мақсаты: топ қатысушыларының субективті кӛңіл-күйінің және
психологиялық ақуалының берік болуын жақсарту; ӛзінің күшті жақтарын кӛрсете білу және кәсіби
шығармашылық әлеуетін анықтау, кәсіби әрекеттегі түрткінің дамуы және ӛз қабілетіне сенімділікті
нақтылау. Және осы семинар-тренинг барысында, әрбір қатысушы ӛз кәсібіндегі проблемаларды шешу
мүмкіндігіне ие болады.
Міндеттері:
ӛзінің қажеттіліктерін, ӛмірлік мақсаттары мен түрткілерін анықтау;
тұлғалық ӛсудегі процеске жәрдемшілдік, шығармашылық потенциалды жүзеге асыру;
әріптестермен және білім алушылармен үйлесімді және эффективті қатынас орнату үшін психоло-
гиялық заңдылықтарды, механизмдерді және тұлғааралық қарым-қатынастағы эффективті тәсілддерді
үйрену;
түрлі психикалық жағдайларға және кәсіби жағдайларға әсер етуде адекватты және эффекетивті
дағдыны дамыту;
ӛзінің кәсіби әрекетінің стилін сезіну.
1-жаттығу. Ӛзіне презентация жасау
Тренингті жүргізуші қатысушыларға ӛзі туралы айтып беруін ӛтінеді. Ӛзінің биографиясы туралы
емес, тұлғалық сапа қасиеттері туралы кӛбірек айту керек. Тренингкке қатысушылар нақтылау үшін
сұрақтар қоюына болады. Негізгі екпін жақсы қасиеттеріне қарай болу керек. Ӛзіне презинтация жасауға
бір қатысушыға 1-2 минуттан уақыт беріледі [1].
2-жаттығу. «Мен кіммін»
Жүргізуші таза қағаздан бірнешеуін алуды ұсынады және олардың бірінің оң жақ жоғары бұрышына
ӛз аттарының ішіндегі 10-ын жазу ұсынылады. Сонан соң «Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жазу
керек. Ӛз жауаптарын жазарда тура және сол кезде ойына не келеді соны жазу керек.
Ары қарай сол сұраққа сіздің ойыңызша студенттеріңіз қалай жауап берер еді деп ойлайсыз. Осы
жазылған екі пікірді мынадай түрде салыстыруға болады:
* Ұқсасытқ неден тұрады?
* Айырмашылығы қандай?
* Егер айырмашылығы болса, онда сіз оларды ӛзіңізге қалай сәйкестендіретін едіңіз?
* Бұл айырмашылықтар қандай үлгіде студенттердің кӛзқарасымен түсіндіріледі? (студент тарапынан
калай түсіндіресіз).
*Ӛз мінездемеңіздің 10 жауабының қайсысы жеке сапа қасиеттеріне, психологиялық ерекшеліктеріңіз-
ге және әлеуметтік рӛліне байланысты болды.
Бұл жаттығудың қорытындысында қатысушылар жағынан қандай қиыншылықтар болғаны туралы
талқылау болады. Жаттығу соңында жалпы талдау және тренингкке қатысушыларға бірлескен жұмыс
туралы ӛз ойларын айту ұсынылады.
3-жаттығу. «Ӛзіне-ӛзі хат жолдау »
Тренингке қатысушылар сол қапталында тағы сондай бір сап тұратындай орын қалдырып бір сап
бойына тұрады. Оң қапталдағы ӛзінің кӛршісіне бүгін естігісі келген сӛйлемді айтады да (Сен білімді де
іскер маман иесісің) ӛзі сол жақ қапталға қашып кетеді. Кӛрші бұл сӛйлемді келесісіне айтады. Сӛйлемді
толықтай айту міндетті емес, мағынасын жеткізссе болғаны. Осылай барлық қатысушылар бұл операция-
ны орындап шығады. Барлығы орындап соңында сӛйлем қайтадан ӛзіне айтылғанда, бұл жаттығуға
талқылау болады.
4-жаттығу. «Күшті жақ»
Қатысушылар жұпқа бӛлінеді. Жұптың бірінші қатысушысы екі минуттың ішінде ӛзінің жұптасына
педагогикалық тәжірибесіндегі қиындықтарын айтып береді. Екіншісі жұптасындағы қиындық туғызған
жағдайды әріптесінің мінез-құлқындағы күшті жақты табу үшін және оған ол туралы толық әңгімелеу
үшін талдау жасауы керек. Сосын жұптар орындарын ауыстырады.
Жаттығудың қорытындысында қатысушыларға қиындық тудырған мәселе бойынша талқылау
жүргізіледі.
Жалпы талдау барысында ерекше қатысушылардың қажеттіліктерді ұғынуына, ӛмірлік мақсат және
кәсіби түрткіге кӛңіл бӛледі [2].
5-жаттығу. «Комплименттер»
Барлық қатысушылар екі шеңбер құрады (ішкі және сыртқы). Қатысушылар бір біріне қарап жұп
болып тұрады. Бірінші әріптесі кәсіби іс-әрекетінде ӛзекті, оның тұлғалық қасиеттерімен байланысты
жағымды нәрсе айтады. Оған жауап ретінде: «Ия, әрине, бірақ, одан басқа, мен тағы және ...» (ӛзін
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
52
бағалайтын және ӛзіне лайықты нәрсе айтады). Сосын жұптар рӛлдерін ауыстырады, сонан соң солға
қарай бір адым жүріп келесі жаңа жұп пайда болады. Шеңбер толық айналып болғанша солай қайталана-
ды. Жаттығуды орындап болған соң қандай әсер алды, қандай белгілерге назар аударылды сезімдерімен
бӛліседі.
6-жаттығу. «Кәсіптің елтаңбасы»
Жүргізуші қатысушылардың әрқайсысына ішкі мазмұнмен толтырылатын кәсіптің елтаңбасының
контурын салуды ұсынады. Ол үшін кәсіби іс-әрекеттің бірнеше сәттерін анықтап алу қажет:
o
ӛзінің кәсіби әрекетінде ең танымал деп бағалайтын жетістік немесе оқиға;
o
кәсіби әрекетінде маңызды деп санайтын оқиға;
o
студенттеріңіз сізді бақытты ете алатын заттар немесе құралдар;
o
сіздің педагогикалық әрекетіңізде ең жағымсыз болып есте қалған оқиға;
o
сіздің педагогикалық әрекетіңізде кӛмектесетін сіздің тұлғалық қасиеттеріңіз.
Басты шарт берілген тапсырманың орындалуы: кәсіптің елтаңбасын толтырғанда, қатысушылар сӛзді
емес суретті қолдану керек. Елтаңбаның ішкі мазмұны толтырылған соң, тақтаға ілінеді, ӛмірлік альтер-
нативтік ұстанымдардың ӛзіндік галереясы пайда болады. Қатысушылар әр түрлі кәсіптің елтаңбалары
қарастырады. Талқылау барысында мына сұрақтарға жауап береді:
елтаңбадағы бейнелер оның иесі туралы не айтады не туралы айтады;
неге суреттің ішкі мазмұны соншалықты әр түрлі;
қай елтаңбаның қатысушысының суретті ӛзгерткісі келеді және олай жасауға не ықпал етті;
кәсіби елтаңбалардың арасында ең жақсысы қайсысы және ол не үшін.
Қорытындысында талқылау болады, тапсырманың мақсатына жетуде не нәрсе қиындық туғызды
немесе ынталандырды [2].
7-жаттығу. «Ұстаным ӛзгертіліміндегі әңгіме»
Жүргізуші үш адамнан тұратын микротоптарға бірігуді ұсынады. Әрбір микротоптағы қатысушылар
рӛлдерді ӛзара бӛлісіп алады: Арманшыл, Күмәншіл, Шыншыл. Әрбір микротоп берілген тақырыптағы
педагогикалық мәселені таңдап алады. Сосын таңдалған мәселе Арманшылдың, Күмәншіл және
Шыншылдың кӛзқарасы бойынша талқыланады. Клесі кезеңде микротоптың қатысушылары рӛлдерімен
ауысады сол мәселені қайта талқылайды. Жаттығу барысында бір қатысушы барлық үш ішкі ұстанымды
да орындауы керек. Жаттығу аяқталған соң әрбір микротоптың қатысушылары ӛздерінің әсерлерімен,
қиындықтарымен, сезімдерімен, мәселелі тақырыппен және оны шешудің жолдарымен бӛліседі.
8-жаттығу. «Мәселелер метафорасы».
Треннгті жүргізуші қатысушыларға ӛзінің кәсіптік мәселесін жазбаша түрде қағазға жазу ұсынады.
Қатысушылар шеңбер бойына отырып, ӛз мәселесінің метафорасын айтады. Әрбір қатысушы, айтылған
(ұсынылған) метафораның мағынасын түсіну және ӛз мәселесіне ұқсайтын метафоралар бірігуі керек.
Содан келіп мағынасы ұқсас туысқан метафоралар анықталады. Соңғы тапсырмада педагогикалық
мәселені жасыру тәсілі бола алатын мәселесінің жеңісі метафорасын жасау анықталады. Бұл жаттығудың
орындалуынан кейін қатысушылар жаттығудың барысын талқылайды. Қорытындысында қатысушылар
констрктивті пікірталастың негізгі ұстанымдарын анықтайды [3].
9-жаттығу. Әңгіме «Менің жұмысым»
Қатысушылар еркін түрде ӛзінің жұмысы туралы жазбаша әңгіме құрастырады. Бірақ әңгімеде мына
сұрақтарға жауап болуы керек:
Мен ӛз жұмысым және оның мақсаты туралы нақты суретті иелене аламын ба?
Кәсіби әрекетте жоғары нәтижеге жету үшін не жасау керек?
Басқа ӛмірлік мақсаттарға жетуде кәсібім маған кӛмектесе ме?
Қызметтегі алға жылжуда менің мақсаттарым (жақын және алыс) қандай?
Он жылдан кейін мен қандай жұмысты орындағым келеді?
Менде жұмысқа деген талпыныс және интузиазм бар ма?
Нақ осы шақта кәсіби әрекетте мен үшін басты түрткі не болып табылады?
Кәсіби қызметтегі менің түрткілерімнің ішіндегі күшті және әлсіз жақтары қаншалықты?
Тапсырманың соңында тренингке қатысушылардың әңгіме құрау барысындағы пайда болған
қиындықтар туралы талқылау болады. Қатысушының қалауы бойынша әңгімені жалпы талқылауға алуға
болады.
10-жаттығу. «Фоторобот»
Тренингке қатысушыларға тренингтік топтың жинақталған фотопортретін құрастыру ұсынылады.
Сурет топ қатысушыларының санына байланысты жоғарыдан тӛменге қарай құрылады. Суретке кіреді:
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
53
бас, кӛз, мұрын, ауыз және с.с. Жүргізуші құрастырылатын дене бӛлшектерін айтады, ал сосын фоторо-
боттың басы қандай болады деп сұрайды? Талқылау басталады, ол 1 минутқа созылады. Топ шешім
шығарып, біреудің басын фотороботқа жібереді және ӛздерінің таңдауларын негіздейді. Сосын, бет
әлпеті, қолдарын, денесін т.с.с. таңдайды. Соңында қатысушылар құрастырылған фотороботқа ат береді.
Бұл жаттығу группаны тапсырмаға дайындайды және жағымды эмоционалды фон тудырады.
11-жаттығу. «Болашақтың суреті»
Тренингке қатысушыларға қарындаш, бояу және қағаз беріледі. Ӛзін еркін сезінетін жайлы орынға
орналасу ұсынылады. Ешқандай шектеулерге қарамай қатысушылар ӛздерінің болашақтағы ӛмірін және
ӛздерінің қалаулары бойнша кәсіби қызметін суретке салу керек. Қатысушылар шыңға шығаратын жолды
кӛрсету қажет. Жұмысты аяқтағанда қатысушылар сурет галереясын құрайды. Барлық қатысушылар
галереяның маңында жүріп, суреттің авторын атамай суретті талқылайды.
12-жаттығу. «Тілектер себеті»
Тренингке қатысушыларға қағаздарға нақты адамға бағытталған және кәсіби әректімен тығыз байла-
нысты тілектер жазу ұсынылады. Жазылған тілектерді қатысушылардың себеттеріне салады.
Жаттығу соңында ӛткізілген тренинг туралы ӛз қалауымен пікірлерін айтатын сауал жүргізіледі.
1
Мардер Л. Тренинг педагогической осознанности. // Школьный психолог - №22, 2003 г.
2
Мардер Л. Тренинговое занятие «Профессия и личность».
3
Майкл Микалко. «Игры для разума. Тренинг креативного мышления. – М., 2007 г.
Достарыңызбен бөлісу: |