Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата12.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Тҥйін 
К.И. Ергазиева - х.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, Ӛнер, мәдениет және спорт институты 
«Интербелсенді оқыту әдістері» 
Бұл мақалада интербелсенді технологияларды оқытуды жоғары оқу-орыңдары оқытушыларының жұмыстарына 
қолдануға қарастырылған. Интербелсенді оқыту – бұл арнайы танымдық қызметтерін уйымдастыру түрі. Интербел-
сенді  оқытудың  мақсаты  ыңғайлы  жағдайлар  туғызады,  білім  алушылар  ӛз  жетістігіне  жеткенің  сезеді,  озінің 
зияткерлік жағдайы, сапалы оқыту процесін жасайды. Интербелсенді оқыту құрылымы оқу үрдісінің ұйымдастыры-
луы, тәжірибеде барлық білім алушылар, білім үрдісіне қатысты болады. Сонда ғана қоғамның ӛзара сүйіспеншілігі 
мен ізгіліктері пайда болады, тек ғана жаңа білім алуды қарастырмайды, ӛз танымдық қызметтерінің дамуы пайда 
болады.  Соның  нәтижесіндеғі интербелсенді  әдістермен оқытуды  қолдану арқылы  студенттердің  коммуникативтік 
дағдырлары және ұсталықтар белгілі нысанға келеді, келешектегі ӛз болашактарын болжау мен жобалауына мүмкін-
шілікері пайда болады. 
Тірек сӛздер: Интербелсенді оқыту формасы, интербелсенді оқыту әдістері 
 
Summary 
K.I. Yergaziyeva – Ph.D., Associate Professor, KazNPU named after Abai, Institute of Art, Culture and Sports 
«Methods of the interactive educating» 
The article considers the interactive technologies used in the work of teachers in higher education. Interactive training — 
is  a  special  form  of  the  organization  of  cognitive  activity.  The  purpose  of  interactive  training  consists  in  creation  of 
comfortable conditions, such at which the trainee feels the success, the intellectual solvency that does productive process of 
training. The essence of interactive training consists that educational process is organized in such a  way that practically all 
pupils are involved in process of knowledge, they have opportunity to understand and reflex on the fact that they know and 
think. And, there is it in the atmosphere of goodwill and mutual support that allows not only to receive new knowledge, but 
also develops cognitive activity. As a result of the use of interactive methods of teaching for students formed communicative 
skills and abilities, analytical capabilities, capabilities to forecast and design the future.  
Keywords: interactive form of educating, methods of the interactive educating 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж. 
36 
УДК: 373.5.016: 796.29-053.6 (574) 
 
ҦЛТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ  
 
Ш.Болатқызы – Дене мәдениеті және спорт педагогтарын даярлаудың теориясы мен әдістемесі 
кафедрасының аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті  
 
Бұл мақалада ұлт ойындарының бала тәрбиесінде алатын орны туралы айтылған. Ұлттық ойындар халық педаго-
гикасының бір саласы. Ол жас ұрпақтың ойын, санасын, мәдениетін, денесін дамытады, сондай-ақ тұлғаның қалып-
тасуы  мен  дамуында  маңызды  орын  алады.  Баланың  дене,  ақыл-ой,  адамгершілік  қасиеттерінің  шыңдалып  ӛсуіне 
жан-жақты әсер етеді. Ӛжеттілік, батылдық, ептілік, шапшандық, тапқырлық, табандылық, тӛзімділік, шыдамдылық 
және ұстамдылық сияқты қасиеттердің қажеттілігін алғаш сезіну ұлттық ойындардан бастау алады. Дене шынықты-
ру  сабақтарында  ұлттық  ойындарды  пайдалану  оқушылардың  тек  дене  тәрбиесіне  ғана  әсерін  тигізіп  қоймай, 
олардың  жан-жақты  дамуына,  сана-сезімінің  ӛсіп  жетілуіне,  денесінің  шынығу  деңгейін  кӛтеріп,  оқу  үлгерімінің 
ілгерілей түсуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. 
Тірек сӛздер: ойын, ұлттық ойындар, ұлттық тәрбие, халық педагогикасы, тұлға, бала, тәрбие, оқу-тәрбие проце-
сі, дене тәрбиесі, дене дайындығы, дене шынықтыру пәні, даму, қалыптасу  
 
Ұлттық  ойындар  қазақ  халқының  мәдени  мұраларының  ішіндегі  ең  маңызды  орынға  ие  түрі  болып 
табылады.  Қазақтың  ұлттық  ойындары  ептілікті,  ерлікті,  ӛжеттілікті,  батылдылықты,  шапшаңдықты, 
тапқырлықты,  табандылықты  қажет  етеді.  Сондай-ақ  ұлттық  ойындар  әділдік  пен  адамгершіліктің 
жоғары  ұстанымдарына  негізделген.  Қазақтың  кӛкпар,  сайыс,  күрес,  теңге  алу,  қыз  қуу  сияқты  ұлттық 
ойындары  спорттық  сипатпен  бірге  үлкен  тәрбиелік  маңызға  да  ие.  Халқымыздың  тарихи  -  мәдени 
мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, сондай-ақ оның игілігіне қызмет етуге 
бағытталған.  Осындай  аса  құнды  мәдени  құндылықтардың  бірі  ұлттық  ойындар.  Мазмұны  жағынан 
барлық  ойындар  түсінікті,  жалпы  дамытушы  мүмкіндіктері  бар,  әралуан  педагогикалық  қызметі  бар, 
ұжымға  деген  қатынасты  тәрбиелейтін,  эстетикалық  талғамды  дамытуға  бағытталған,  қоршаған  орта 
туралы  түсінікті  нақтылайтын,  психикалық  үрдістерді  жетілдіретін,  дамудың  жоғары  деңгейіне  ӛтуді 
ынталандыратын  және  тұлғаның  әлеуметтенуіне  ықпал  ететін  болып  келеді.  Ойын  ӛте  эмоциялық  іс-
әрекет, сол себепті ол бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде құнды нәрсе болып табылады. Ойын 
тұлғаның дамуы мен қалыптасуында маңызды орын алатын ерекше іс-әрекеттердің бірі. Ойын барысында 
балалар жинақталған тәжірибені бейнелейді, ӛмір  туралы ӛздерінің  түсініктерін тереңдетеді.  Сондай-ақ 
баланың түсініктерінің кӛлемін арттырады, байқампаздылық қасиетін, талдау, салыстыру және жалпылау 
сияқты іскерліктерін дамытады. 
Ұлттық ойындар елдің ӛмірімен тығыз байланысты, шарушылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысы-
нан туған. Қазақ халқының ӛмірінде ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс шарушылық саласы жоқ десе де 
болады.  Ойында  үйренудің,  күнделікті  тұрмысқа  пайдаланудың  заманымызға  сай  ұрпақ  тәрбиелеуге 
пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан ӛмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, 
бүкіл  ӛміріне  ұштаса  береді.  В.В.  Сухомлинский:  «Ойынсыз  ақыл-ойдың  қалыпты  дамуы  да  жоқ  және 
болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани 
сезімі жасампаз ӛмірмен ұштасып, ӛзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.  
Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деп анықтама береді. 
Ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай 
ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, ӛмір тынысы. 
Дене тәрбиесі оқушыларды жан-жақты жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінінің сұлулығын 
қалыптастыруға, оларды ӛмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Дене шынықтыру сабақта-
рында  оқушылар  ӛмірге  керекті  дағдыларды  игереді.  Ӛз  беттерімен  жаттығып,  ұйымдасып  шынығуға 
машықтанады. Бұл сабақтарда оқушылар әртүрлі қимылдар жасап, денесіне кӛп ауырлықты түсіріп, епті, 
күшті, шапшаң, тӛзімді болуға жаттығады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта 
да  ұлттық  ойындар  ойнату  барысында  да  іске  асырылады.  Сабақтан  тыс  уақытта  ойнатылатын  ойын 
түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейте-
ді.  Тӛзімділік,  шыдамдылық  пен  ұстамдылық  ӛзін-ӛзі  тежеу  сияқты  қасиеттердің  қажеттілігін  алғаш 
сезіну  осы  ұлттық  ойындардан  басталады.  Мысалы,  «Ұшты-ұшты»,  «Кӛрші-кӛрші»,  «Сақина  жинау», 
«Соқыр  теке»,  «Қойыңы  қасқыр  шапты»,  «Атқума»,  «Жаяу  кӛкпар»,  «Түйе-түйе»,  «Қасқыр  мен  ешкі», 
«Күзетшілер», «Арқан тарту», және т.б. ойындарды арқылы мұғалім балаларды қазақ халқының дәстүрле-
рі  мен  әдет-ғұрпын  жоғалтпай,  оны  әрі  қарай  дамытуға,  ӛз  ұлтына  деген  сүйіспеншілігін  жастайынан 
баулып,  оны  құрметтеуге  тәрбиелейді.  Қазақтың  ұлттық  ойындарын  сабақта  үзбей  ӛткізу  балалардың 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г. 
37 
қозғалыс  белсенділігін  арттырады,  денсаулығын  нығайтып,  денесінің  шынығу  деңгейін  кӛтереді.  Бұл 
ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне де әсер етеді.  
Оқу-тәрбие үрдісінде ойындарды қолдану әртүрлі педагогикалық міндеттерді шешуде арнайы таңдау-
ды қажет етеді. Ойындар тӛмендегідей топтастырылады: 
- мазмұнының күрделілік дәрежесіне байланысты ең қарапайымдылардан күрделіге қарай:  
- жас ерекшеліктерін ескеру сипаттарына қарай; 
- қимыл-әрекет түрлеріне қарай; 
- дене қасиеттеріне қарай; 
- жеке спорт түрлеріне даярлануына қарай; 
- ойыншылардың ӛзара қатынасына қарай. 
Ойындар  уақыттық  қатынастарды  дұрыс  бағалай  білу  қабілетінің,  ӛзгермелі  жағдайға  жылдам  әрі 
дұрыс  әрекет  кӛрсете  білу  қабілеттерін  дамытуға  ықпал  етеді.  Ойынның  білім  беру  жағы  мұғалімнің 
дұрыс назар аударуына сәйкес қажетті деңгейде орындалады. Ойын барысында бала ӛзінің барлық жеке 
тұлғалық  қасиеттері  мен  сапаларын  анықтайды.  Ойын  сияқты  ешқандай  іс-әрекет  оқушының  тұлғалық 
қасиеттерін жан-жақты ашып бере алмайды. Ойынмен айналыса отырып, бала ӛзінің барлық мінез бітіс-
терін анықтай алады. Сыныпта әрдайым тұйық жүретін бала ойын барысында ӛзін басқа жағынан кӛрсете 
алады.  Мұның  барлығы  әр  балаға  жеке  тұрғыда  дұрыс  ықпал  ете  алуда  ӛте  маңызды.  Қазақ  ұлттық 
ойындарын мектеп тәжірибесіне ендіру бір жағынан тәжірибелік жұмыстың жинақталуына ықпал етеді, 
екінші жағынан – қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік мәнін насихаттайды, олардың баланың денелік 
және  ақыл-ой  дамуының  рӛлін,  кіші  мектеп  оқушыларының  ұлттық  салт-дәстүрлерге  сүйіспеншілігін 
орнатуды  қарастырады.  Оқушылар  арасындағы  тығыз  қарым-қатынас  кӛбінесе  ұжымдық-қимылдық 
ойындарда жүзеге асады. Олардың барлығына жарысу сипаты, сонымен қатар қойылған мақсатқа жетуде 
ӛзара кӛмек кӛрсету арқылы шешіледі. 
Ұлттық ойындар - адамның дене, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерінің шыңдалып ӛсуіне жан-жақты 
әсер  етеді.  Ол  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеп  бүгінгі  біртұтас  педагогикалық  талаптарға  сай  келетін  дидактикалық 
негіздегі  педагогикалық-әлеуметтік  ахуалды  байыта  түсетін  оқу-тәрбие  құралы  болып  табылады.  Ұлт 
ойындарының  бойында  тұтас  педагогикалық  процестің  негіздері  бар.  Тұтас  педагогикалық  үрдістің 
құрамына - оқу, оқыту, білім беру, тәрбие, дамыта оқытып, дамыта тәрбиелеу процестерінің табиғи бірлігі 
жатады. Сондықтан ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық негіздерін сӛз еткенде оның дидактика-
лық негіздері туралы сӛз айтпай кетуге болмайды. Дидактика-оқу теориясы ретінде «нені оқыту керек», 
«қалай  оқыту  керек»  деген  сұрақтарға  дәйекті  жауап  беруді  іздейді.  Оқу  -  оқушының  іс-әрекеті  болса, 
оқыту екі жақты процесс. Оқыту процесі оқушы мен оқытушының бірлескен әрекетінен тұратын күрделі 
процесс. Оқушы білім алуға, оның қажеттігіне түсінбейінше оқытушы ӛз міндетін дәйекті түрде атқаруы 
қиын.  Олай  болса,  оқытушы  ең  алдымен  оқудың  түрткісін  оқушының  анық  түсініп  білуіне  жол  ашуы 
керек.  Ал  түрткі  белгілі  бір  әрекеттің  мақсаттылығы,  соған  итермелейтін,  бағыттайтын  қозғаушы  күш. 
Оқудағы оқушы мақсаты - білу, құбылыс пен оқиғаның сырын білуге ұмтылу. Сондықтан оқыту - оқушы 
мен  оқытушының  іс-әрекеті  болғанымен,  кӛп  жағдайда  абстракциялық  рӛл  атқарады.  Егер  оқушы  оқу 
мотивін анық, айқын түсінген болса, оқушы мен оқытушының бірлескен іс-әрекеті оң нәтижесін береді. 
Ұлт  ойындарының  дидактикалық  негіздерін  сӛз  еткенде,  ең  алдымен  ойын  мотивінің  айқындығы  мен 
анықтығын  ескеріледі.  Ойын  түрткісі  -  жеңіс.  Ойын  шиеленіскен  тартысқа  негізделеді.  Сондықтан, 
қандай  ойын  болмасын  оның  қорытындысы  жеңіспен  аяқталуға  тиіс  немесе  тең  аяқталады.  Қандай 
жағдайда болмасын белгілі бір қорытындыға келеді. 
Ойын барысында баланың мінезінің ұжымдық негізі қалыптасады. Балалар тобы қатысатын ойындар 
олардың қоғамдық қатынасын дамытады, жеке тұлғалық байланыстарын арттыруға кӛмектеседі. Тәрбие-
леудің бұл түрі балалардың ойын қатысушыларының қоғамдық пікірін бағалай білуіне, жолдастық ӛзара 
қатынас, жетекшілік ету және ережелерге бағыну іскерлігіне үйретеді. Бастауыш мектептердегі балалар-
дың дене тәрбиесі процесінде қозғалмалы ойындарға жетекші роль беріледі. Ойын бала денесінің дамуы-
на  және  сауығуына  жан-жақты  ықпал  жасайды.  Ойын  процесінде  балалардың  қозғалғыш  ширақтығы 
бүкіл организмде жігерлі жағдай туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, ӛмірлік тонустарын арттыра-
ды.  Әртүрлі  қимыл-қозғалыс  ойындарын  ӛткізу  кезінде  қол  жеткен  сауықтыру  тиімділігі  балалардың 
ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасына ізгілікті әсер ететін жағымды эмоция-
мен  тығыз  байланысты.  Қимыл-қозғалыс  ойындары  балалардың  игеріп  үлгерген  қимыл  дағдыларын 
жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. 
Ойынға қатысу олардан дене дайындығын, кӛңіл-күй дайындығын және тапқырлық сияқты қасиеттер-
ді талап етеді.  Ойын мазмұнына қарай қатысушылардың психикалық және физикалық дайындықтарын 
дамытуға кӛмектеседі. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж. 
38 
Ұлттық ойындар тәрбиелік, ӛжеттілік, ұжымшылдық, әлсіздерге кӛмектесу және ӛзінің топ мүшелері-
нің ажырамас бір бӛлігі екендігін сезіну қасиеттерін қалыптастырады. Сондықтан қазіргі уақыт педагоги-
касының маңызды мақсатының бірі, біздің қазіргі заман талабымызға сай тәрбиелік мәні бар, мыңдаған 
жылдар  бойы  жас  ұрпақтарды  тәрбиелеуге  қолданып  келген  қазақтың  ұлттық  ойындарын  пайдалану 
болып табылады. Ойындар тек дене тәрбиесін дамытатын құрал ғана емес, ол жас ұрпақтың ой санасын, 
мәдениетін  де  дамытады.  Кӛбінде  олар  ұжымшылдық  бағыттар  мен  бір-біріне  қол  ұшын  беруге  жас 
жеткіншектердің ӛздерінің қатарластарының алдында, ұялу, қысылу, топтарда ӛздерін емін-еркін ұстауға 
кӛп кӛмегін тигізеді. 
Ұлт ойындарын дидактикалық материалдар ретінде пайдалану бірыңғай ойын сабақтарын ӛткізу деген 
сӛз  емес.  Оны  тиімді  пайдаланудың  жолдары  бар.  Ол  сабақтың  тиімділігін  арттырып,  оқушылардың 
сабақтың әр кезіңінде сергектікпен жұмыс істеу қабілетін сақтауға мүмкіншілік береді.  
Ойын адам баласының алғашқы және саналы іс-әрекеті. Ұлттық ойындардың бойындағы осы қасиет-
тері  бүгінгі  егемен  елдің  ӛз  ерекшелігін  айқындап  беретін,  тілін,  ділін  айқындайтын  ӛткен  тарихынан 
хабар беріп, ойлау жүйелерінің ұлтқа тән логикалық негіздерін қалайтын, денсаулығын оңдап, салауаттық 
ӛмір  салтын  мұра  тұтқан  жан-жақты  дамыған  дара  тұлғаларды  қалыптастыратын  адам  ӛмірінің  даму 
барысында  басқа  да  тәрбие  құралдарымен  астаса  отырып,  бүгінгі  егемен  елдің  белсенді  азаматтарын 
тәрбиелеуге ӛз үлестерін қосатын нәрменді құрал.  
Ойын  егеменді  елдің  жас  ұрпағын  дара  тұлға  етіп,  денсаулығын  мықты,  салауатты  ӛмір  салтына 
бағдарлай  тәрбиелеуде  бүгінгі  талапқа  сай  мектептегі  тұтас  педагогикалық  үрдісті  жетілдіре  түсудің 
дидактикалық әдісі қызметін атқарады. Қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік негіздерін бір сӛзбен 
айтып жеткізуге болмайды, ол күрделі іс-әрекеттердің басын құрайды.  
 
1 Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы, 1991. 
2 Арзанбаева Б.О. Детская игра и ее классификация в психолого-педагогической литературе. - Алматы, 1998. 
3 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2000. 
4 Қазақ ұлттық ойындары. Құрастырған Б.Тӛтенай. - Алматы, 2013. 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается роль казахских национальных игр в воспитании детей. Казахские национальные 
игры занимают важную роль в отрасли народной педагогики. Национальные игры воспитывают не только физиче-
ские  качества,  но  и  мысли,  культуру,  самопознание  подрастающего  поколения.  А  также  статья  рассматривается 
возникновение и развитие национальных игр, ее роли в развивающей жизни ребенка. 
Ключевые  слова:  игра,  национальные  игры,  национальное  воспитание,  национальная  педагогика,  личность, 
ребенок,  воспитание,  учебно-воспитательный  процесс,  физическое  воспитание,  физическая  подготовленность, 
предмет физическая культура, формирование, развитие 
 
Summary 
This article examines the role of the Kazakh national games in the upbringing of children. Kazakh national games occupy 
an important role in the field of folk pedagogy. National Games educate not only the physical quality, but also the thought, 
culture,  self-rising  generation.  And  article  examines  the  emergence  and  development  of  the  national  game  and  its  role  in 
developing a child's life. 
Keywords:  game,  national  games,  national  education,  national  pedagogy,  personality,  child,  education,  educational 
process, physical education, physical fitness, physical education subject, the formation and development 
 
УДК:796.81 
 
ЕРКІН КҤРЕСТЕГІ БАПКЕРДІҢ ҚОЛДАНАТЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Е.Д. Жаксимбеков – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Дене мәдениеті және спорт мамандығының 2-курс магистранты 
 
Бапкерге мықты спортшы тәрбиелеу үшін дұрыс оқыту әдістеменің маңызы зорЖан жылуын, бойындағы бар 
асыл қасиетін шәкіртінің бойына сіңіріп, ел намысын қорғайтын мықты спортшы дайындау да үлкен ӛнерді, мұқал-
мас жігерді талап етеді. 
Бұл  мақалада  еркін  күрестен  бапкердің  оқыту  әдістемесі  қарастырылған,  яғни  күрескерге  қарсыласынтойтару 
тәсілдері  мен  қарсы  амалдарды  қалай  қолдану  керектігі,  күрескер  ӛзінің  тактикалық  ойларын  жүзеге  асырып, 
маневрларды қолдана отырып,  жекпе-жектің барлық  жағдайларынан қалай шығып  кету керектігіне үйрету  туралы 
жазылған. Сонымен қатар жаттықтырушының балуандарды тәрбиелеудегі педагогикалық білімі мен біліктілігі және 
қабілеттілігі, кәсіби шеберлігі кӛрсетілген.  
Тірек сӛздер: еркін күрес, әдіс, қарсыласу, әдістеме, бапкер 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г. 
39 
Дене шынықтыруды және спортты одан әрі дамыту; халықтың дене шынықтырумен және спортпен 
шұғылдануы үшін жағдайлар жасау, олимпиадалық, ұлттық, техникалық колданбалы спорт түрлерін және 
халық  ойындарын  дамыту,  саланы  басқаруды  оңтайлы  жолдарын  және  қазіргі  әдістемесін  белгілеу, 
бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спорты саласында спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі 
спортшыларды дайындаудың республикадағы спорт мектептері іске асырады.Бүгінгі таңда егеменді және 
тәуелсіз  мемлекетіміздің  басшысы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауындағы  (Қазақстан-
2030)  «Ауруды  болдырмау  және  салауатты  ӛмір  салтын  ынталандыру»  мәселесін  алдымызға  басты 
мақсаттардың бірі етіп қоя отырып, оны іске асыру жолында әрбір азаматтың қоршаған ортаны, ауаны 
таза ұстап, дене тәрбиесі және спортпен шүғылдануына бағытталады [1]. 
Спорттық күресте оқыту – қатысушылардың білімін, білгірлігін және дағдысын құрастыруға бағыттал-
ған педагогикалық процес. 
Күрес жаттықтырушысы оқу жаттығу процесіндегі жұмысты мынадай бағалы қасиеттерді тәрбиелеу 
құралдарымен байланыстырады: патриоттық, ұжымдық, еңбекқорлық, белсенділік, батырлық, шешімділік 
және қайсарлық. 
Әр оқытушы – бапкер жоғары дәрежелі спортшы дайындауға талаптанады. Жоғары спорттық шебер-
лікті  құрастыру  негізгі  негізгі  техниканы  және  тактиканы  дұрыс  білуі  жатады.  Тактикалық  шеберлігі 
күрес  тактикасын  орындау  деңгейінің  мағыналы  дәрежесіне  тәуелді  болады.  Білімін  және  білгірлігін 
құрастырудың  негізгі  әдістемелерін  түсіндіру,  кӛрсету  және  жаттығулар  әдістемелері  болады.  Бірінші 
бастапқы оқытудың ерекше маңыздысы кӛрсету әдістемесі болып табылады. Қатысушылар негізгі такти-
каны  үйренбейінше,  әр  жаңа  әдіс  ол  үшін  белгісіз  формадағы  қимылы,  кейбірін  алдымен  кӛру  керек, 
содан соң орындауға әрекет жасауға болады. 
Бастаушы балуан жаттықтырушы-оқушының қимылының үлгісін қайталайды. Сондықтан да бастапқы 
оқытуда кәзіргі техниканың тамаша үлгілеріне сүйену ӛте маңызды. Жаңа бастаушы техникалық қимыл-
ды бақылап, тек қимылдың жалпы формасын есте қалдырады.Ол оның бӛліктерін байқамайды, әдістердің 
кейбір  бӛлімдерінің  қимылының  ӛзара  байланысын  іске  асырмайды  және  күш  қуатының  кӛлемінің 
мӛлшерінен ӛте алмайды [3]. 
Мұндай  жағдайда  оқытушы  түсіндіру,  әдістемесін  пайдаланады.  Түсіндіру  кӛрсетумен  бірге  тек 
жалпы  қимыл  құрылысын  сақтау  ғана  емес,  бірақ  оның  элементтерінің  ӛзара  байланысын  балуанның 
есінде қалдырады. Әдістерді білу бүтіндей, бӛлік және аралас түрде іске асырылады. Әдістерді оқытуға 
кіріскенде, оқытушы бірінші кезеңде оны дұрыс аттау керек, онан соң бірнеше рет үлкен емес жалдам-
дықпен бүтіндей кӛрсету керек. Жаттықтырушы әдістің маңызды бӛлімдерін түсіндіреді, балуандардың 
денесінің  кейбір  бӛлімдерінің  қимылының  жүйелілігіне  ерекше  назар  аударады  [6].  Бұл  түсініктемен 
уақытша және күштің ӛзара байланысының мәнін білдіретін қысқаша болу керек. 
Балуандардың  жұптасып  жаңа  әдісті  орындауын  талдағанда,  спортшылардың  жалпы  және  жеке 
қателерін  кӛрсетеді.  Жаттықтырушы  қайта  түсіндіргенде  бәрінен  бұрын  жалпы  қателерін  қарастыру 
керек, онан соң балуандардың жеке қателеріне тоқтайды. 
Күрделі  әдістерді  және  қарсы  әдістерді  орындауда  бӛліктерге  бӛліп  және  аралас  тәсілді  үйретеді. 
Балуандар, әдісті бүтіндей кӛрсетуді алып, анық ӛзіне елестету керек және әр әдістің бӛлімдерін орындау 
тәсілін білу. 
Тұрыста техниканы пайдалану партерге қарағанда кӛбінесе икемді. Бұл түсіндірілді сонымен, балуан-
дар  тұрыста  моневр  жасауға  үлкен  мүмкіншілігі  болады,  ал  ӛзінің  оқыту  процессі  бӛлімдердің  үлкен 
санын ұстайды. Мысалыға, қолдарын әр түрлі тәсілдермен ұстауды білу және шыңдауда, олардан босану-
ды және осы күресте түрегеліп шабуылға кӛшуде білгірлігі партерге қарағанда кӛбіне маңызды. Жаттығу-
да қолдарынан ұстауларды және босануды орындауға ерекше мағына бӛлінеді [5]. 
Тұрыста және партерде техниканы мақсаттылық пен бір уақытта білу, бірінші екі айда басымдылық 
партердегі сабақтарға беріледі, сонан соң оғанда және басқасына да бірдей мӛлшерде назар аударылады. 
Осында егер тұрыста жаңа әдіс үйренсе, онда партерде ӛткенді қайталайды. 
Бірқатар ӛзін-ӛзі қауіпсіздендіру деңгейі және жалпы және арнайы дайындықты әрі қарай дамытуды 
іске асырылады. 
Бірінші этапта оқыту, бірінші ресми жарысқа дейін алты айдан кем емес созылады. Бұл этапта балуан-
дар негізгі әдістерді біледі. Оларға ІІІ разрядты орындауды иеленуге мүмкіндік беріледі және бұл балуан-
ның бастапқы техникалық фонды деп аталады. Оқытудың ІІ этапты бастапқы фондқа кірмейтін, басқаны 
меңгеруді қайтып, балуандар үшін техникалық қимыл, бірқатар маңызды аздау емес, бірінші қосындысы-
мен және балуанның негізгі техникалық фондын құрастыру керек. Техниканың негізгі фондына ие болу ІІ 
спорттық разрядтың нормативін орындауға амалдайды. Мұны айналысушылардың базалық дайындығы 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж. 
40 
деп қарастыруға болады. Сондықтан базалық техниканы әр түрлі топтағы әдістердің жинақтылығы деп 
қарастыру керек.  
Күрес  техниканы  білу  негізгі  дене  қасиеттерімен  дамытуы  қатер  іске  асырылады.  Осы  мақсат  үшін 
жалпы  дене  дайындығы  құралдарының  арсеналы  кеңінен  пайдаланылады:  жеңіл  атлетикалық  жүгіру, 
спорттық және қозғалмалы, созып -тарту жаттығулары және тренатерлерде.  
Дене  дайындығының  мӛлшері  жақсарған  сайын  балуанның  техникалық  дайындығына  үлкен  уақыт 
бӛлінеді.  Оқыту  әдістемесі  тізбектесу  принціпімен  сәйкестеліп  анықталған  кезектігін  қарастырады. 
Оқытылатын  әдістер  топтастырылады  сондай,  бірінші  әдісті  білу  келісіп  оқыту  үшін  биомеханикалық 
жағдай  туғыздырады.  Техниканы  білуде  серігінің  қарсыласу  мӛлшері  үлкен  маңыз  береді.  Сол  үшін 
сабақтан бастаушы балуандарды әр нақты жағдайда керекті қарсыласу дәрежесін табуды үйрету. Күресте 
бұл кӛрініс «кӛмекші – қарсыласу» деп аталынады, оқыту процессіне немесе жетілдіруге себебін тигізеді. 
Еркін күресте оқыту процесіне негізгі әдістемелік ұсыныс: 
1.  Тұрыста  және  партерде  әдістерді  үйреткенде  жӛнділігі  кӛбінесе  қолданатын  қосымша  ұстауларға 
бірден кӛрсету. 
2. Қолынан жұлқып партерге ауыстыруда әр түрлі бастапқы жағдайда аяғын сол бір қолынан комбина-
циямен ӛткізу. 
3.  Арқасына  бұрылып  лақтыруда  үйреткенде  сол  жаққа  да,  оң  жаққа  да  үйрету  жӛнді.бұл  әдістерді 
орындағанда оқушылардың бір жақты болып отырады. 
4. «Айналу» әдісін үйреткенде лақтырудан бастаған әсерлі, сонан соң балуандарға қалай осы техника-
лық  қимылды  дәл  орындамауын  немесе  дұрыс  қорғанбауын  кӛрсету  және  түсіндіру  керек.  Әдетте 
осындай жағдайлар партерге ауыстырып бітіруге мүмкіншілік береді. 
5.  Шалқайып  лақтыруды  ІІ  жылдан  бастаған  жӛн.  Бірақта  балуандардың  жеке  ерекшелігін  ұмытпау 
қажет [7]. 
Күрес техникасы – бұл жеңіске бағытталған анықталған қимыл жүйесі, жинақталған жарыс ережесінен 
рұқсат етілген шабуылдау әдістері, қорғануы және тұрыста, партерде қарсы әдістері. 
Күрес  техникасын  нашар  иеленген  балуан,  әдеттегідей  ӛзінің  қарсыласының  қарсылығынан  ӛтудегі 
әдістерді пайдасыз, тиімсіз қолданады.Мұндай әдістер дұрыс нәтиже береді сол жағдайда, егер шабуыл-
шының басымдылық күші ӛзінде бар болса [4]. 
Жоғары  күрес  техникасын  иемденуші  балуан,  тіпті  қарсыласының  дене-күші  басымдау  қарсыласын 
жиі жеңеді. Техникалық қимылдардың орындалуы кӛпшілігінде балуанның бастапқы қалпынан анықта-
лады; оған балуанның тұрыс түрлері, партердегі қалпы, балуандар арасындағы арақашықтық және ұстау 
түрлері жатады. 
Тұрыс болуы мүмкін: биік, орта және тӛмен – оңжақпен, солжақпен және аяқтары қатар. Кӛпшілігінде 
биік және орта тұрыс жиі қолданылады, тӛмен тұрыс қорғану әрекеттерінде қолданылады. 
Партер болуы мүмкін: биік және тӛмен. Бұл күресті партерде бастаудың бастапқы қалып. Партерде 
барлық басқа қалпы ауыспалы, олардың арасында:  тізедегі, кеудесіне жатып, жанында жатып, отырып, 
кӛпір және жартылай кӛпір. 
Арақашықтық  (тұрыстағы  балуандар  арасындағы  арақашықтық):  ұстаусыз,  қашықта,  орта  жақын 
болуы мүмкін. 
Арақашықтық бастапқы қалпы ретінде, шабуылды ӛткізу үшін және ұстауды орындауға байланысты: 
білегінен; шынтақтың бүгілуінен; иық және дене аралығында; қапсыра ұстауда анықталады. 
Балуандар сайысы қашық, орта және жақын арақашықтықта ұстауда жүргізіледі. Белдеу кезінде ұстау-
сыз  ұзақ  тұруға  болмайды.  Мұндай  жағдайда  20-30сек.  аралығындағы  тұрғанда  тӛрешілер  ескертумен 
жазалайды. Сондықтанда ұсталар жекпе-жектің маңызды элемент болады. Барлық орындалатын ұстаулар 
шартты тәуелділікпен 4 топқа бӛлінуі мүмкін: 
- бағытына; тосқауылдаушы; құрастыру; шабуылдаушы; 
-  немен  орындалады:  білегінен,  иығы  және  бүгілуі  білегімен,  иығы  және  денесі  арасында,  мойыны 
және иығы білегімен, білегімен қосылған екі қолымен; қолдарын қосуы негізінен үш амалмен орындала-
ды: ілмек,ӛзінің қолдарын білектерінен және алақан алақанмен; 
-  ерекшеліктерімен:  түзу  және  теріс;  біркелкі  және  аралас;  бір  түрлы  және  әртүрлі  атаулы  қолдары 
арқылы; біратаулы және әртүрлі атаулы қолдары астынан, біратаулы және әртүрлі атаулы иығы арқылы; 
- күресте негізгі қорғану әрекеттері тосқауыл ұстауларымен бірге тіреулер арқылы орындалады.  
Тіреу тәуелділімен екі топқа бӛлінуі мүмкін: 
- содан тіреу немен орындалады: қолмен және қолдарымен, аяғымен, тізесімен, башпайымен, басымен, 
кеудесімен; 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г. 
41 
-  содан  тіреу  қайда  орындалады:  басына,  мойынына,  денесіне,  кеудесіне,  қарнына,  жанына;  қолына, 
аяғына, табанына. 
Әртүрлі ұстауларды үйренгенде айналысушыларға ұстаулардын құтылуды үйрету қажет; 
-  білегінен  ұстағанда  –  ұстаған  қолмен  ӛзіне  қарай  шапшаң  жұлқып  және  қарсыласының  үлкен 
саусағына қарай бұрап, сол сәтте оның білегін ұстау;  
- біратаулы білегінен және иығынан ұстағанда – қарсыласының біратаулы иығына бос қолымен тіреп 
және қолын жұлқып шығарып алып, оны босату;  
- екі қолының білектерінен ұстағанда-қолымен ӛзіне қарай шапшаң жұлқып алып және, қарсыласының 
басбармағына қарай бұрып, ұстауды босату және сол сәтте оның білегінен ұстау; 
-  қолын  үстінен  ұстағанда  –  қарсыласының  денесіне  қолдарымен  тіреп  және  артқа  шегініп,  қолын 
шапшаң қимылмен ұстаудан босану. 
-  қолын  астынан  ұстағанда  –  ұсталған  қолының  жаны  арқылы  тӛмен  түсіріп  және  отырыңқырап, 
қарсыласының қолын үстінен ұстап немесе қолдарымен оның қарынына тіреу; 
- әртүрлі атаулы қолынан және мойнынан ұстауда – тізесін бүгіп отырып, бос қолымен қарсыласының 
шынтағынан мойнынан қағып, басымен тӛмен еңкейіп, және ұстаған қолын жұлқып алу. 
- мойынын иығымен ұстағанда (шабуылшының қолы қосылулы) – отырыңқырап, бас қолымен қарсы-
ласының қолын мойынан қағып және ұстаған қолын жұлқып тӛмен түсіру; 
- мойынын иығымен үстінен ұстауда – а) отырып барып, қарсыласының қарынына ұстаған қолының 
білегімен теріп және бос қолымен оның әртүрлі атаулы білегінен ұстап, артқа шегініп, ұстауды ажырату; 
б)  денесінен  және  қарсыласының  әртүрлі  атаулы  білегінен  ӛзінің  мойынынан  ұстап,  оған  жақын  келіп 
және түзуленіп, ұстауын ажырату; 
- денесін алдынан екі қолымен ұстауда – тізесін бүгіп отырыңқырап, қарсыласының иегінен алақаны-
мен тіреп және артқа шегініп, ұстауын ажырату; 
- денесін қолымен ұстағанда – бос қолымен қарсыласының әртүрлі атаулы білегінен ұстап және оның 
қолын тӛмен басып және отырыңқырап, бір уақытта басқа қолының білегімен шабуылшының қарынынан 
тіреп, одан арқа шегініп және ұстауын ажырату; 
-  біратаулы  қолын  және  денесінің  жанын  ұстағанда  –  қолынан  жұлқыған  сәтте  және  қарсыласы 
аттағанда, ӛзі оның сыртына аттап және денесінен бір атаулы қолын түсіріп, одан шегіну қажет. 
Техникалық-тактикалық әрекеттерді жетілдіру процесінде қарсыластың дене бітімімен (дене ұзынды-
ғы,  қол,  аяқ,  кеуде  бітімі)  бірге,  олардың  дайындығының  күшті  және  әлсіз  жақтары  есепке  алынған. 
Сонымен бірге, максимальды мүмкіндігіне қарай күшті жақтары пайдаланылып, әлсіз жақтары жасыры-
лып, орын басылып отырған (кесте). 
 
Техникалық-тактикалық дайындықта қарсыластың ерекшеліктерін есепке алу 
 
№ 
Қарсыластың ерекшеліктері  Міндеттерді жүзеге асыру 

Жылдам қарсылас 
Қарсыластың қозғалысын қысу үшін қармау жекпе-жегі 

Тӛзімді қарсылас 
Жекпе-жек  басталған  сәтте  бастамашылдыққа  жетіп,  оны  әрі  қарай  ұстап 
тұрып, маневр жасап, қысу, прессинг жасап, жоғары белсенділікті кӛрсету 
3  Тӛзімділігі жеткіліксіз қарсылас 
 
Шабуылды жиі жасап, тайталас күшімен мәжбүрлей отырып, әлсіреген кезінде 
ұтқан баллдарды жинау және жауырынмен құлатып жеңіске жету 

Шебер қарсылас 
Прессингтік, сығушылық, қатты жекпе-жекті еңбекпен ӛтеу 

Ӛте ұзын бойлы қарсылас 
Қармаусыз тӛмен бағанада жүргізілетін жекпе-жек 

Қысқа бойлы қарсылас 
Тӛмен  бағанада  басты  не  иықты  таяныш  етіп,  ыңғайлы  және  пайдалы 
қармаулармен жекпе-жекті контактіде ұстай отырып жетілдіру 

Физикалық күшті қарсылас 
Қармау  жасамай,  шабуылды  ара  қашықтықта,  тырп  еткізбей,  қолайсыз 
қармаудан алшақ иіліп тұрып жүзеге асырылатын жекпе-жек 
 
Бапкер-психолог К.Д. Ушинский жазды: «Әрбір ұстаз-психолог». Шебер бапкерлержас спортшыларды 
тәрбиелеу  процесінде  олардың  сапаларын  жанерекшеліктерінің  жинағын  айқындап,  біздің  қоғамда 
қабылданған, ӛнегелі принципімен мінез-құлық ережесін, олардың жекеше кӛріну ерекшеліктерін, ӛмірге 
дұрыс психологиялық ықыласпен қарау арқылы, тұлға болып қалыптасуына әсер етуін тәрбиелеу керек 
[2]. Бұлар жас спортшының адамгершілік қасиетінің үлгісінің негізі болып табылады. 
Спортпен шүғылдану жас спортшылардың бойында күш, еріктілік, батылдық, қайсарлық, ӛзіне деген 
сенімділік, жеңіске деген талпыныс, тәртіптілік сияқты оң қасиеттердің қалыптасуына әсер ете отырып, 
спорттық қызметтің жүйелі, ұзақ шынығуға, жоғары жетістерге жетуге баулиды. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж. 
42 
1 Назарбаев Н.Ә. «Казахстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемле-
кеттік бағдарламасы». 
2 Ақпаев А.Т. және т.б. «Спортшылар мен спорт командасының психологиялық дайындықтар негізі». - Алматы, 
2003. - 8-9 б. 
3 Ақпаев А.Т. «Дене шынықтыру дайындығының негіздері». - Алматы, 2002. - 30-33 б. 
4 Байдосов Қ.Р. Қазақтың ұлттық күресі - Алматы, 1987. – 42 б. 
5 Әлімханов Е. Самбо күресінің үйрету негіздері - Алматы, 1999. 
6 Бұғыбаев А. Белдессең бекем бол! - Алматы, 1989. – 55 б. 
7 Лапутин А.М. Обучение спортивным движеиям. - Киев: Здоровья, 1986. – 55 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет