Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата12.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3970
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Резюме 
Е.Д. Жаксимбеков - магистрант 2-курса по специальности Физическая культура и спорт КазНПУим. Абая 
«Методика обучения тренера применяемаяв вольной борьбе» 
Для того, чтобы воспитать хорошего спортсмена, верно подобранная методика обучения очень важна. Привить 
спортсмену такие качества как теплота души, стремление защищать честь своей страны требует умения и несокру-
шимой силы воли.  
В  этой  статье  рассматривается  методика  обучения  тренера  по  вольной  борьбе,  то  есть  то,  как  следует  тренеру 
развить умение спортсмена противостоять сопернику в процессе борьбы, как нужно тактически мыслить, маневри-
ровать и использовать различные приемы для выхода из любой ситуации. А так же речь была о важности педагоги-
ческого образования и профессионального мастерства тренера. 
Ключевые слова: вольная борьба, метод, сопротивление, методика, тренер  
 
Summary 
Y.D. Zhaksymbekov - KazNPU named after Abay, a second-year master`s student of the specialty Physical culture and sport 
«Training methods of the trainer used in freestyle wrestling» 
In order to train a good athlete, the right chosen method of training is very important. Instilling such qualities as kindness 
and an aspiration for defending the honor of the country requires skill and willpower.  
This article discusses the training methods of the trainer used in freestyle wrestling, that is how the trainer should develop 
the ability of wrestler to withstand his opponent in the fight, how to think tactically, how to maneuver and use a variety of 
techniques to get out out of any situation. It was also pointed that education and professional skills of trainer is very important.  
Key words: freestyle wrestling, technique, resistance, method, trainer 
 
ОӘЖ:796,011,3:736,3. 
 
ТҦЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІҢ ДАМУЫНА ҦЖЫМНЫҢ 
ЖАҒЫМДЫ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҚТАРЫ 
 
Т.Т. Ережепов – магистр-аға оқытушысы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті  
 
Мақалада ересектер мен жасӛспірімдердің тұлғалық қасиеттерінің дамуы мен қалыптасуындағы ұжымның тигізе-
тін әсері, алатын орны қарастырылып оның  жағымды  және  жағымсыз  жақтары анықталады.  Адамдар арасындағы 
қатынас мәселесі бойынша психологиялық талдау, мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты, олардың 
ӛзара  әрекеттесуінің  тұлғалық  негізі  ретінде  қарастыруға  және  олардың  қарым-қатынасының  ішкі  және  сыртқы 
жақтарын анықтап алуға мүмкіндік береді. 
Тҥйінсӛздер: тұлға, ұжым, қалыптасу, даму, индивид, қарым-қатынас, мінез-құлық, топ 
 
Коммунистік идеологияның билік жүргізу кезеңінде елімізде ұжымдық тәрбиелеу жүйесі қалыптасқан 
болатын  және  педагогикалық  теорияда  ӛзінің  негізгі  бітістерін  сақтап  келеді.  Оның  мазмұны  бойынша 
тұлғаның қалыптасуы  мен  тәрбиесі тек ұжымға байланысты болды.  Осыдан  бастап қалыптасып қалған 
педагогикалық дәстүрге сәйкес тұлғаның қалыптасуында ұжымның рӛлі жоғары деген түсінік бар. Әрдай-
ым ұжым тұлға дамуында дұрыс, қатесіз және прогрессивті бола алады ма? 
Мысалға,  қазіргі  таңда  да  кейбір  балалардың  ұжымдағы  жолдастарынан  биік  тұруына  байланысты 
ұжым мүшелерінен адамгершілікке қарсы қысым кӛрінуі де тура келетінін де білеміз. Үлгерімі жоғары 
үздік  оқушылар  да  кейде  ӛз  сыныптастарының  шеттеуіне  де  келіп  тіреледі.  Мұндай  балаларға  Кӛбіне 
жалқау және тәртіпті бұзушылар енеді. Педагогикалық әдебиеттерден кездесетін шынайы ұжым әрдайым 
ӛз анықтамаларына сәйкес келе бермейді. 
Мұнда А.С. Макаренко және замандас жақтаушылары қарсы шығар еді: олар ұжымдық тәрбие туралы 
сӛз қозғаған кезде жоғары дамыған балалар және педагогикалық ұжым туралы айтқан болатын. Бұл әрине 
дұрыс. Бірақ қазіргі таңда мұндай ұжымдар бар ма екен? Кӛптеген балалар тобы не орташа дамыған, не 
болмаса  әлсіз  дамыған  әлеуметтік  қоғамдастыққа  жатады  және  де  бұрынға  айтылған  анықтамаларға 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г. 
43 
сәйкес келмейді.Осындай жағдайда теорияның мазмұнында мұндай ұжымдардың тұлғаның қалыптасуы-
на оңды ықпал етіп, онсыз баланы тәрбиелеу мүмкін емес деп айта аламыз ба? Психологиялық жағынан 
әлсіз және орташа дамыған ұжымдар тұлғаның психологиялық және мінез-құлықтық дамуына оңды және 
кері  әсер  ете  алады.  Демек,  жоғары  дамыған  ұжымның  тұлғаға  оңды  әсері  туралы  тұжырым  қазіргі 
орташа және әлсіз дамыған ұжымдарға сәйкес келмейді [1]. 
Ендігі кезекте бұл тұжырымды басқа жағынан қарастырып кӛрелік.  
Тұлға – бұл әрдайым жекелік болып табылады, оны тәрбиелеу дегеніміз психологиялық түрде ӛз бетін-
ше  әрекет  ете  алатын,  тәуелсіз,  басқаларға  ұқсамайтын  адамды  жасау  болып  табылады.  Ұжым  болса, 
керісінше,  ӛзінің  мүшелеріне  бірдей  талаппен  ықпал  етеді  және  де  ӛз  ықпалымен  тұлғаны  жояды.  Бұл 
дұрыс па әлде дұрыс емес пе?  
Талқыланатын мәселенің негізі былай мазмұндалады: тұлға ӛзінің психологиялық және мінез-құлық-
тық даму деңгейінде әрдайым ұжымнан артта қалып тұрады ма және ұжымның тарапынан тәрбие ықпал-
дарын қажет етеді ме? Әрдайым мұндай бола бермейді деген жауап та ұялайды. Кейде жоғары дамыған, 
ӛз бетінше әрекет ететін, интеллектуалдылық жағынан дарынды тұлға біршама ӛз ұжымынан асып түседі 
және  даму  жағынан  оның  мүшелерінің  кӛбісінен  жоғары  тұрады.  В.М.  Бехтерев  пен  М.В.  Лангеннің 
жүргізген  зерттеулерінде  әрдайым  ұжым  тұлғаға  ықпал  ете  бермейтіні  және  жағымды  әсер  қалдыра 
бермейтіні жайлы дәлелдеді. Олардың зерттеулерінде ұжым кейде ерекше шығармашыл, дарынды тұлға-
ның  дамуына  кері  ықпалын  тигізеді,  тіпті  оның  шығармашылығын  жоққа  шығарады.Тұлға-аралық 
қатынастар  адам  психикасының,  оның  дамуы  мен  саналы,  мәдени  мінез-құлқының  қалыптасуында 
маңызды  орын  алады.  Психологиялық  түрде  дамыған  адамдармен,  тұлға-аралық  қатынастар  арқылы 
үйренуге  үлкен  мүмкіндіктердің  болуымен,  адам  ӛзінің  жоғары  ӛндірістік  қабілеттері  мен  қасиеттерін 
меңгереді. Дамыған тұлғалармен белсенді тұлға-аралық қатынастар арқылы ол ӛзі тұлғаға айналады [2]. 
Егер  адам  туғаннан  бастап,  адамдармен  қарым-қатынасқа  түсу  мүмкіндіктерінен  арналған  болса, 
ешқашан  ӛркениетті,  мәдени  және  адамгершілік  дамыған  адамзат  болмас  еді,  ӛмірінің  соңына  дейін 
жартылай  жануар  болып  қалатын  еді,  тек  сырттай  анатомиялық-физиологиялық  жағынан  ғана  адамды 
бейнелейтін  еді.  Бұл  туралы  кӛптеген  әдебиеттер  де  дәлелдейді.  Мысал  ретінде,  басқа  адамдардан 
анықталған, жоғалып кеткен адамдар туралы мәліметтерді келтіруге болады. 
Адам  тек  ұжымның  ықпалымен  ғана  емес,  басқа  әлеуметтік  фактор  әсерінен  психологиялық  түрде 
қалыптасады, тұлғалық дамиды. Бірақ айтылғандар, тұлғаның қалыптасуында ұжымның құндылықтарын 
да  жоймайды.  Жоғары  дамыған  ұжымдар  кӛп  жағдайда  тұлғаның  дамуына  пайдасын  тигізеді.  Ұжым 
тұлғаға тек жағымды емес, әртүрлі ықпал ете алады. Топтың индивидке оңды ықпал ететінін дәлелдейтін 
негізгі фактілер тӛмендегідей: 
1.
 
Топта индивид ӛзіне рухани мәдениеттің кӛзі болатын адамдармен кездеседі. 
2.
 
Топтағы адамдар арасындағы қарым – қатынас ӛзінің мазмұнында жағымды әлеуметтік нормалар 
мен құндылықты бағдарлардан тұрады, мұны тұлға меңгереді. 
3.
 
Топ  индивидтің  ӛзінің  коммуникативті  іскерліктері  мен  дағдыларын  орындап  кӛре  алатын  орын 
болып табылады. 
4.
 
Топ  қатысушыларынан  индивид  ӛзін  дұрыс  қабылдай  білуге  және  бағалай  білуге,  ӛз  тұлғасында 
барлық жақсыны сақтай біліп, кемшіліктерінен арылуға мүмкіндік беретін ақпарат алады. 
5.
 
Топ индивидті дамуына қажетті жағымды эмоциялық бекітулер жүйесімен қамтамасыз етеді [3]. 
Индивидтің  әрдайым  неғұрлым  дамыған  тұлғалармен  тұлға-аралық  қатынасы  сәйкес  рухани  құнды-
лықтарға жақындауға мүмкіндік береді (ата- ана, мұғалім). Тек тікелей тұлға-аралық қатынас және жеке 
қатынас арқылы ғана топта бір адамдар басқа адамдарға жеке тәжірибесін кӛрсете алады. Бұл тәжірибе 
барлық адамзаттықты қамтиды, қарапайым гигиеналық дағдылар мен тілді қолданудан бастап, адамгер-
шіліктік құндылықтар мен әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қабілетке дейінгінің барлығын қамтиды. Неғұрлым 
индивид  әртүрлі  топқа  араласатын  болса,  оның  адамгершілік  құндылықтары  меңгеруге  және  дамуға 
мүмкіндік алуда тиімділігі жоғары болады. Бұл, әсіресе, жоғары рухани мәдениетпен байланысты, ӛйтке-
ні ол тек тұлғааралық қатынас арқылы жүзеге асады. 
Адамдар арасындағы қатынас мәселесі бойынша психологиялық зерттеулерді талдау мұғалім мен оқу-
шылар арасындағы қарым-қатынасты олардың ӛзара әрекеттесуінің тұлғалық негізі ретінде қарастыруға 
және олардың қарым-қатынасының ішкі және сыртқы жақтарын анықтап алуға мүмкіндік береді. Ӛзара 
әрекеттесудің  ішкі  тұлғалық  негізінде  кӛріне  отырып,  ӛзара  қатынас  іс-әрекет  барысында  әрі  қа-
лыптасады, әрі ӛзінің бар мазмұнын табады: қызметтесуден бастап, ӛзара кӛмек кӛрсетуге дейінгі барлық 
бірлескен әрекет түрлері енеді. Соның барысында ӛзара қатынастың ішкі кӛріністері ӛзара әрекет бары-
сында маңызды орын алады, сонымен қатар оның негізінде пайда болады және байи түседі (А.А. Бодалев, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж. 
44 
А.Н. Леонтьев т.б.). Ӛзара қатынас ықпалымен ӛзара әрекет тек жетіле түсе бермейді, бұзылуы да мүмкін, 
екі жағдайда да оқу-тәрбие үрдісіне нақты ықпал жасалады [4]. 
Индивид  психологиясына  топ  оның  қатынас  ерекшеліктеріне  қарай  ықпал  етеді,  әсіресе  –  осы 
индивидтің басқа топ мүшелеріне қатынасы арқылы жүзеге асады. Анықтағанымыздай, әртүрлі қатынаста 
индивидтер ӛздерін әртүрлі ұстанады және әртүрлі әсер қалдырады. Тек топ ішінде ғана адам тілді меңге-
ре  алады.  Бала  тілге  тек  ӛз  отбасында  ана  тілінде  сӛйлегендіктен  меңгереді.  Тек  сӛйлеп  қана  қоймай, 
баланың  кішкене  кезінен  осы  тілде  қарым-қатынас  жасап,  кері  жауапты  күтеді  және  оны  мадақтайды. 
Жеке психологиялық дамудың маңызды факторы ретінде оның ӛзі жайлы білімі болып табылады. Әйтпе-
се, жанама қарым-қатынас арқылы басқа адамдардан бұл білімді ала алмайды. Топ және оны құрайтын 
адамдар индивид үшін ӛзгеше айна болып табылады, онда ӛзгеше «Мен» бейнеленеді. 
Мектеп кезінде баланың достар шеңбері жылдам ӛсе бастайды, ал жеке жақындықтар тұрақты болып 
қалады. Тұлға-аралық қатынастар сапасы жағынан жоғары деңгейге ӛсе бастайды, ӛйткені олар құрдаста-
рының мінез-құлқының мотивтерін түсіне бастайды, бұл олармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкін-
дік берді. Мектепте оқытудың алғашқы кезеңдерінде, 6-8 жасқа дейінгі кезеңде, балалардың формальді 
емес топтары құрылады. Бірақ бұл топтар кӛп ӛмір сүрмейді және құрамы жағынан тұрақты болмайды. 
Бастауыш  сынып  оқушылары  бұрынғыдай  әртүрлі  ойындарға  кӛп  уақыт  жібереді,  бірақ  олардың 
серіктестері ретінде ересектер емес, құрдастары орын алады. Балалар тобында ойын кезінде тұлға-аралық 
қалаулардың мотивтерімен бейнеленген арнайы ӛзара қатынастар қалыптасады. 
Ұжымның  қалыптасуының  алғашқы  кезеңдерінде-ақ  оның  тіршілік  әрекетке  икемділігін  жасай  білу 
маңызды орын алады. Бақылаулар мен арнайы зерттеулердің кӛрсетуінше оқушы ӛте жақын және іскер-
лік қатынастарда бола алмайды. Алғашқы ұжымның негізгі кӛлемі ортақ қызықтыратын іске қатысты бес 
не жеті сыныптастың бірігуінен кӛрінеді. Дәл осындай ұжымда балалар арасында жеке қатынас орнатып, 
ортақ ұжымдық істі ұйымдастыру, достық байланысты жақсарту оңайға түседі. Тұлға-аралық қатынастар-
ды бақылау, оларға ұйымдасқан түрде ықпал ету әрдайым жүргізіліп жатады. Мұғалім сыныпта неғұрлым 
танымал оқушылар мен тұлға-аралық қатынас жүйесінде шетте қалған балалар туралы білуі қажет [5]. 
Тұлғаның топта бейнеленуінің нақтылығы мен тереңдігі осы тұлғаның басқа топ мүшелерімен қарым-
қатынасының айқындылығымен, қарқындылығымен және жан-жақтылығымен байланысты болады. 
Демек, индивидтің тұлға ретінде дамуында топ қайталанбас нәрсе екені анықталады. Жеке адамның 
ӛмірі  мен  іс-әрекетінде  ол  жағымды,  таптырмас  мәнге  ие.  Бірақ  ӛзінің  жағымды  рӛлін  идеологиялық 
бұзылыс кӛрінбеген жағдайда іске асырады. 
 
1 Макаренко А.С. Лекции о воспитании детей. – Пед. соч.Т. 4. – М.: Изд – во Акад. Пед. наук. 
2 Асеев В.Г. Мотивация поведения и формирования личности. 
3 Бреслав Г.М. Эмоциональные особенности формирования личности в детстве: норма и отклонения. - М., 1990. 
4 Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики
5 Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. 
 
Резюме 
Т.Т. Ережепов – магистр-старший преподаватель КазНПУ им. Абая 
«Положительные и отрицательные стороны коллектива на развитие личностных качеств» 
В данной статье рассматривается роль коллектива, в формировании и развитий личностных качеств юношей и 
взрослых,  а  также  обсуждается  ее  положительные  и  отрицательные  стороны.  А  также  психологический  анализ 
отношений  между  людьми,  отношение  между  преподавателем  и  школьником,  совместимостью  на  личностной 
основе, дает возможность овладеть внешними и внутренними сторонами межличностных отношений.  
Ключевые слова: личность, коллектив, формирование, развитие, индивид, взаимоотношение, характер, группа 
 
Summary 
T.Yerezhepov – Master-Senior Lecturer Kazakh National Pedagogical University named after Abai 
«Positive and negative aspectsof the collectiveon the development ofpersonal qualities» 
This  article  examines  the  role  of  the  team,  in  the  formation  and  development  of  personal  qualities  of  young  men  and 
adults, and also discusses its positive and  negative sides.  As well as the psychological analysis of the relationship between 
people, the relationship between teacher and student, compatibility on personal basis, gives the opportunity to master the outer 
and inner sides of interpersonal relations. 
Keywords: individual, team formation, development, individual, relationship, character, group 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г. 
45 
ОӘЖ:796,011,3:736,3. 
 
МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ҦЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ 
ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Т.Т. Ережепов – магистр-аға оқытушы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті  
 
Мақалада мектептегі дене тәрбиесінің алатын орны, маңызы, қазіргі жағдайы айтылып, дене шынықтыру пәнінде 
ұлттық ойындарды қолдану  мәселелері  қарастырылады.  Сонымен  қатар оқушылар  бойын тәртіпті, кӛпшіл болуға, 
мінез-құлық мәдениетін, жауапкершілікті және адамгершіліктің ӛзге де белгілеріне тәрбиелейді, оқушылар бойында 
күш, ептілік, тӛзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын қалыптастырады. Олардың бойындағы патриоттық сезім, 
яғни ӛз халқын, ұлтын мақтан тұту, жат қылықтарға тӛзбеу, намысшыл, салт-дәстүрді қастерлеу оны білуге құштар-
лануы, ӛз достарына, ұстазына, мектебіне деген сүйіспеншілікте болуына ықпал жасайды. 
Тҥйінсӛздер: мектеп, дене тәрбиесі, спорт, қалыптастыру, даму, оқушы, ұлттық спорт, ұлттық ойындар 
 
Н.Ә. Назарбаев ӛзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолдауындағы 
«ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бӛлімінде:  «ХХІ ғасыр білімін дамыта алмаған 
елдің  тығырыққа  тірелері  анық.  Біздің  болашақтың  жоғары  технологиясы  және  ғылыми  қамтылуы, 
ӛндірістер  үшін  кадрлар  қорын  жасақтауымыз  қажет.  Осы  заманға  білім  беру  жүйесінде  әрі  алысты 
барлап,  кең  ауқымды  ойлай  білетін,  осы  заманғы  басқарушыларсыз  біз  инновациялық  экономика  құра 
алмаймыз [1]. 
Бәріде мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан біздің 2008 жылдан 12 жылдық жалпы орта білім 
беруге кӛшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын 
арттыруымыз керек. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын арттыруға міндеттіміз» - делінген. 
Әрине, Жолдаудағы айтылған ауқымды да, маңызды мәселелерді бүгін, ертең шеше қою оңай шаруа 
емес. Ӛйткені, еліміздің бірнеше ондаған жылдар бойына шикізаттың роль атқарып, қойнауы байлыққа 
толы  болса  да,  сол  қазынаны  тиімді  пайдаланып,  халықтың  игілігіне  жарататындай  мүмкіндігі  болмай 
келгені, ӛз тізгінін, ӛзі алып жүрмегені баршаға аян. 
Дене  тәрибесі  –  мектептегі  оқу-тәрбие  ісінің  маңызды  бӛліктерінің  бірі  болып  табылады  және  оқу-
тәрбие  ісінің  міндеттерін,  атап  айтқанда  дене  тәрбиесі  бойынша  мектеп  бағдарламасының  кӛрсетілген 
міндеттерінің табысты түрде шешуге жәрдемдесуді алдына мақсат етіп қойды.  
Дене тәрбиесі арқылы жүргізілетін жұмыстар мектептік оқу жоспары арқылы алынатын білім, білік, 
дағдыларын  тереңдетуге,  оқушылардың  денсаулығы  мен  денесінің  жан-жақты  даму  деңгейін  ӛсіруге, 
спортпен жүйелі түрде айналасуға деген қызығушылықтарын арттыруға тиіс [2].  
Дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін жұмыстар, елімізге деген сүйіспеншілік пен адамгерші-
лікті қалыптастыруы тиіс. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстары – еліміздегі дене тәрбиесі қозғалысының 
бастапқы буыны және оның бір бӛлігі болып табылады, онымен барлық жағынан ӛте тығыз байланыста 
болады. 
Осының нәтижесінде дене тәрбиесі мен спорт бойынша жүргізілетін жұмыстардың мақсат-міндеттері 
Елбасының әдейі 2001 жылғы және Қазақстан Республикасының 1995 жылы 24.11. 1593 санды, Қазақстан 
Республикасы Президентінің 1995 ж. 5.05. 2261 санды «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты 
дамытудың кезек күттірмейтін шаралары туралы» жарлығын жүзеге асыру туралы қаулысында кӛрсетіл-
ген,  біздің  елімізді  спортты  дамытудың  және  тұрғын  халықты  дене  тәрбиесімен,  спортпен  үздіксіз 
айналысуға тартудың жалпы міндеттеріне туындап отыр, атап айтақнада: 
1) Елдегі дене тәрбиесі қозғалысына кең ӛріс ашу. 
2) Осы негізде спорттың негізгі түрлерін таяудағы жылдарда дүние жүзілік біріншіліктерде Қазақстан 
Республикасының  спортшылары  биіктен  кӛрінуіне  қол  жеткізу,  осы  үкімет  қаулысының  нұсқауына 
сәйкес,  және  2002  жылдың  денсаулық  жылы  болуына  оқушылар  арасында,  дене  тәрбиесі  мен  спортты 
жаппай дамыту, мектептегі дене тәрбиесі мен жасӛспірімдердің спорт мектептерінде оқу-жаттығу жұмыс-
тарының сапасы және түрлі әдістерде (ұлттық бағытындағы) т.б. жұмыстарды жақсарту. 
3) Дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстарының негізгі міндеттері болып табылады [3]. 
Президент  сынамаларының  нормативтерінің  тапсыруды  ұйымдастырып,  дайындау  жұмыстарын 
жүргізіп, ұстаздар мен ата-аналар арасында да үнемі насихаттауды жүзеге асырамыз. 
Дене тәрбиесінің дамуы - спортты мойындау, яғни спорт – дене тәрбиесі жүйесіндегі негізгі құралдар-
дың  бірі  болғандықтан,  оқушылар  онымен  айналыса  отырып,  ӛзінің  денесін  жан-жақты  жетілдіру  ісін 
жалғастырады және жоғарғы спорттық кӛрсеткіштерге жетуге талаптанып, дене жаттығуларының кейбір 
түрлеріне маманданады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж. 
46 
Сонымен  қатар  оқушылар  бойын  тәртіпті,  кӛпшіл  болуға,  мінез-құлық  мәдениетін,  жауапкершілікті 
және адамгершіліктің ӛзге де белгілеріне тәрбиелейді, оқушылар бойында күш, ептілік, тӛзімділік секілді 
моральдық-ерік  сапаларын  қалыптастырады.Олардың  бойындағы  патриоттық  сезім,  яғни  ӛз  халқын, 
ұлтын мақтан тұту, жат қылықтарға тӛзбеу, намысшыл, салт-дәстүрді қастерлеу оны білуге құштарлануы, 
ӛз  достарына,  ұстазына,  мектебіне  деген  сүйіспеншілікке  болуы,  еңбекқор  т.б.  Қорыта  айтқанда  жан-
жақты жетілген, білімді, білікті азамат болуға тәрбиелейді. 
Н.Ә.  Назарбаев  ӛзінің  «Ӛзек  жарды  ойлар»  кітабында:  «Ел  болу  үшін  –  ұлттық  рух,  ұлттық  қасиет 
және ұлтқа деген сенім болу керек» - деген болатын.  
Бұл  бағдарламасының  «Ұлттық,  техникалық  қолданбалы  спорт  түрлері  мен  халық  ойындарын 
дамыту» бӛлімінде: 
«Ұлттық  спорт  түрлері  мен  халық  ойындары  жеткіншек  ұрпақты  үйлесімді  тәрбиелеудің  ажырамас 
бӛлігі болып табылады. Қазіргі дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған сыннан ӛткен 
халық  ойындары  мен  ұлттық  спорт  түрлері  құралдары  арқылы  жеткіншек  ұрпақты  тәрбиелеудің  бай 
тәжірибесін пайдалану қажет. Бұл халықтық педагогиканың сарқылмайтын қазынасы және қазіргі заман 
жағдайына  оның  пәрменді  күші  бар,  себебі  онда  халық  арасында  дене  шынықтыру  –  сауықтыру  және 
спорттық-бұқаралық  жұмысты  дамытудың  және  салауатты  ӛмір  салтын  қалыптастыру  үшін  қажетті 
дайын қалыптарының негізі салынған, Олардың сауықтыру мүмкіндіктері мен қолданбалы сипатын аша 
отырып,  ұлттық  спорт  түрлері  мен  халық  ойындарын  дамыту  Қазақстанда  тұратын  халықтар  арасында 
мәдениеттердің де ӛзара керігу процесінде үлкен роль атқарады – делінген болатын. 
- Оқушы қабілетін қалай арттыру керек? 
Қазіргі дамып жатқан білім тамырына оқушылардың ой-ӛрісі, күш-қуаты сай болуы керек. Олардың 
танымдық  қабілетін,  теориялық  білімін,  пәнге  қызығушылығын  арттыруда  мұғалімдер  –  біздер  басты 
тұлғамыз.  Олай  болса,  саналы,  сапалы,  денсаулығы  мықты  ұрпақты  тәрбиелеу  барысында  мұғалім  ӛз 
күнделікті  сабағын  әртүрлі  әдіспен  оқушының  есінде  қалатындай,  қызығатындай  етіп  ӛткізу  керек. 
Мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, ӛз ісіне және оқушылар арасындағы қатынасы, әдістемелік шеберлігі – 
оқушының білімге деген ынтасын арттыру кепілі [4]. 
Қазақта  ұлттық  ойындардың  түрлері  кӛп,  олардың  қай-қайсы  да  адамдарға  мәдени  игіліктердің  бірі 
ретінде аса құнды. Бұл күнде оны халық педагогикасының құрамды бір бӛлігі деп тегін айтпаса керек. 
Ұлт  ойындары  атадан  балаға,  үлкеннен  кішіге  мұра  болып,  жалғасып  отырған  және  ӛнер  тіршілігінің 
жиынтық  бейнесі  кӛрінісі  десе  болады.  Ойын  тек  жас  адамдардың  дене  күш-қуатын  молайтып,  оны 
шапшаңдыққа, дәлдікке, тағы да басқадай жағадайға тәрбиелеп қана қоймай, оның ақыл-ойының толысу-
ына, есейіп-ӛсуіне пайдасы зор. 
Ойынды оқу-тәрбиесінде пайдалану, үлкен теориялық білімділікті, мұғалімнің жан-жақты шеберлігін, 
тӛзімділігін қажет етеді деп ойлаймын. 
Егеменді  Қазақстанның  бүгінгі  педагогикалық  ақыл-ойындағы  басты  мәселелердің  бірі  оқу  мен 
тәрбиені қоғамның мұқтажына және жағдайына байланысты жүзеге асыруға негізделген білімнің дамыту-
шылық жағдайларды жүзеге асыруға 2030-шы жылға арналған стратегиялық бағдарламасын іске асыру 
қолдарынан келетін, жас ұрпақты ӛмірге әзірлеу, бүгінгі педагогикалық жүйесінің жалпы заңдылықтары-
на  бағынады.  Ойындар  ӛзінің  табиғатында,  жаратылысында  ұлттық  ӛнегені  бойына  сіңіріп,  толығып 
жетілуі арқылы ӛзінің жан-жақты тәжірибелік қасиетін шыңдай түседі. Сондықтан ол тәрбие жүйесінің 
міндеттері мен түрлерін толықтырып қана қоймайды, оны жетілдіре түсуге ӛз  үлесін қосады. Барынша 
әрекет жасайды. 
Сондықтан  тәрбиенің,  оқытудың,  білім  беруді,  дамытудың  ӛзара  байланысын  жақсарта  отырып, 
жастардың таным белсенділігін қалыптастыру бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. 
Оның ӛзі: 
1)  Оқу  мен  тәрбиенің  мазмұнын  қоғам  мақсаттарын  және  қажеттілікті  анықтайтын  (бейнелейтін) 
міндеттерге байланысты. 
2) Оқу мен тәрбиенің түрлері оларды ұйымдастырып ӛткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістері-
не байланысты. 
3)  Оқу  мен  тәрбиенің  әдістері  олардың  мақсаттарымен  анықталады.  Ӛткенге  кӛз  жіберсек,  кеңес 
мектептерінде ойынды пайдалану мәселесі, оның тәрбие құралы екендігі туралы білімділік жүйесіндегі 
пікірлер айтылып, практикада қолданады. 
Кеңес педагогикасының классигі А.С. Макаренко: «Ойын – баланың бүкіл ӛмірін қамту керек, балалар 
ұжымында жауапты іскер ойыншылар үлкен орын алуы, олай болатыны, ойын – балалар ұжымынан аса 
маңызды орын алады» - деп жазылуы сондықтан болса керек. 

Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г. 
47 
Бала  –  ойын  арқылы  ойлап,қиялдайды.  Ал  біздің  ұлттық  ойындарымыз,  адам  қасиеттерін  біржақты 
емес, жан-жақты дамытуға негізделген. Яғни, ойындар-кӛңіл кӛтеру, ермек үшін емес, адам бойындағы 
жағымды  қасиеттерді  дамытып,  ойланып-толғануға,  сезімталдыққа,  басқаның  жағдайына  шыға  білуге, 
жеңіске жету, ӛзінің күш-қуатына деген сенімділікке, денесінің шынығуына,  қиялдай, ойлай білуге т.б. 
қасиеттерді қалыптастыру, тәрибелеу мақсатында қолданылады. 
Осы тақырып бағытында: 
1) Оқушыларды ұлттық ойынға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру; 
2) Ұлттық ойындарды қастерлеу; 
3) Ұлттық ойындар мазмұнын түсіндіріп, кӛзқарастарын толықтыру,дамыту; 
4)  Күнделікті  сабақтарда,  эстафеталық  сайыстарда,  мерекелік  шараларда  ұлттық  ойындарды 
пайдалану; 
5)  Ұлттық  ойындар  элементтерін  пайдалана  отырып,  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырып,  пәнді 
жетілдіру сияқты ӛзімізге мақсаттар мен міндеттер қойып, жұмыстар атқарайық. 
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Бірақ ол ертеден ауызекі туып, кӛпшілігі бүгінгі 
күнге ұмыт болып кеткен. 
Қазақтың ұлттық ойындары туралы қағаз бетіне түскен алғашқы деректер ХІІІ ғасырдан басталады. 
Оны  алғаш  жинап,  Европа  жұртшылығына  таныстырған  Италия  саяхатшысы  Плано  Карпини  болды. 
Қазақтың ұлттық ойындарына таң қалған неміс ғалымы А.Гумбольт ӛзінің достарына жазған бір хатында 
былай  депті:  «Мен  қазақ  ауылында  болған  кезімде  ӛмірімнің  аса  бір  қуанышты  кезеңі  деп  есептеймін. 
Себебі,  кӛшпелі  халықтың  біздерге  кӛрсеткен  сый-құрметі  мен  ойын  сауықтары  естен  кетпес  кететін 
шаруа емес... Мен ӛмірімде осындай қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап 
кӛрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек». 
Қазақтың  ұлттық  ойындары  ерлікті,  ӛжеттікті,  батылдықты,  шапшаңдықты,  ептілікті,  тапқырлықты, 
табандылықты,  байсалдықты  т.б.  мінез-құлықтың  ерекшеліктерімен  бірге  күш-қуат  молдылығын,  білек 
күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің 
жоғары принциптеріне негізделген. Ӛйткені, ойынға қатыспай тұрсын-ақ оған күн ілгері кӛп адамдардың 
тер тӛгіп, еңбек етуіне тура келеді [5]. 
Бұл жазылған мақаладағы менің мақсатым дене тәрбиесі арқылы – қазіргі заманға сай күшті, патриот-
тық сезімі дамыған,жігерлі, тӛзімді, денсаулығы мықты оқушыларды тәрибелеп, әртүрліәдістерді пайда-
лана отырып, ұлттық танымдық қабілетін ашып, олардың теориялық, практикалық бӛлімдерін жетілдіру-
ге, ӛз беттерімен шынығуға жағдай жасау.  
 
1
 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Елбасшысының Қазақстан халқына жолдауы – Алматы: Білім, 1997. 
2 Декроли О. Школа и воспитание. В сб.: Новые пути зарубежной педагогики. 
3 Лесгафт П.Ф. Руководство по физическому образованию детей школьного возраста. 
4 Таникеев М.Т. Народные игры и физ. Упражнения как важный компонент здорового образа жизни // Сб.науч. 
межд. Конференции. История организации теории и практ. физкультуры и спорта. 
5 Сагындыков Е. Использование народных игр в учебно-воспитательной работе в 1-4 классах казахской школы. 
Автореф. Дис. канд. – Алма-Ата. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет