Резюме
А.А. Абсатова – преподаватель КазНПУ им. Абая
«Психологический тренинг для педагогов «Понимание профессионального мотива»
Предлагается тренинги чтобы, достигать по профессиональной карьере, понять цель мотивацию на свою профес-
сию, иметь хорошее ностроение и твердый психологический настрой. Данный тренинг адресован педагогам, профес-
сия которых по роду своей деятельности связана с общением с людьми, и требует навыков взаимодействия и сопря-
жена с необходимостью контролировать собственные слова и поступки. В связи с этим подобная работа требует
особых усилий и вызывает эмоциональное перенапряжение. Все развиваемые в тренинге навыки необходимы в
профессиональной деятельности, как педагогам, так и руководителям образовательных учреждений.
Ключевые слова: тренинг, мотив, настроение, профессиональная творчества, способности, уверенность,
проблема
Summary
A.Absatova – Master Lecturer, Kazakh National Pedagogical University named after Abai
«Psychological training for teachers ―Understanding professional motive‖
Offers training to, reach for a professional career, understand the purpose of the motivation for their profession, have a
good and solid building as mental attitude. This training is addressed to teachers, a profession which is part of its activities
related to communication with people, and requires the skills of interaction and is associated with the need to control their
own words and actions. In connection with this kind of work requires much effort and causes emotional stress. All developing
the training skills needed in professional activities, such as teachers and heads of educational institutions.
Keywords: training, motive, mood, professional creativity, ability, confidence, problem
УДК: 39(574)
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ОЙ-ПІКІРЛЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНДАҒЫ
АБАЙ ҚҦНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Ш.Болатқызы – аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,
Ҧ.Керімбекова – 5В010800-Дене мәдениеті және спорт мамандығының 2 курс студенті,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Бұл мақалада қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы демократы Абай Құнанбаевтың Қазақстан педагогика
ғылымының дамуындағы алатын орны мен педагогикалық кӛзқарасы баяндалған. Абай Құнанбаев қазақ халқының
ұлы ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Ол ӛзінің ӛлең-жырларында ел ішіндегі ұрлық,
зорлықты, жатып ішер жалқаулықты сынап, жастарды адал еңбекке, ӛнер-білімге, ғылымға шақырды. Сондай-ақ бұл
мақалада ұлы ақынның бала тәрбиесі мәселелеріне кеңінен тоқталғандығы, ӛзінің ӛлеңдері мен қара сӛздерінде
педагогикалық кӛзқарасын білдіргендігі туралы баяндалған. Абай жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің кӛзін еңбектен
іздеді. Еңбек адамның адамгершік сапасын қалыптастырады, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемі-
лікке, оларды жаркын болашаққа шақырады деп есептеген.
Тірек сӛздер: тәрбие, білім, оқу-тәрбие процесі, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, еңбек, адамгершілік тәрбиесі, гуманистік ой-
пікір, қалыптасу, даму
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
54
Шығыстың шоқтығы биік тұлғасына айналған Абай Құнанбаевтың педагогикалық, тәлім-тәрбиелік
ой-пікірлерінің орны ерекше. Абай халықтың түбегейлі мүддесін, арман-тілектерін терең түсініп, жоғары
денгейде, кӛркемдік қуаттылығымен айтып жеткізен. Адам баласына ӛмірлік қажет еңбек пен адамгерші-
лік, ӛнер мен білім, ӛнеге мен тәлім, достық пен жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл
үлгілерін ӛлеңдерімен де, қара сӛздерімен де жеткізген. Педагогикалық мұраларының негізгі идеялары-
ның бipi - жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, ӛнер мен еңбекке баулу болып табылды. Ақын, ұлы
ойшыл Абай халықтың әл-ауқатының деңгейі, санасы, мәдениеті адамдардың ӛзара қарым-қатынасы, бip-
бipінe деген мейірбандылығы мен парасаттылығы, ұлттық ерекшелігі - сол халықтың еңбек сүйгіштігіне,
еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен жеткізіп отырған. Еңбекті Абай, басқа да
қазақ ағартушылары сияқты - байлықтың, молшылықтың кӛзі, деп санады. Жастарды еңбекке шақырды.
Ұлы ойшыл еңбек халықты ӛнерге үйретеді, білімге жетелейді, тек еңбек ғана биікке шығарады, еңбек
тәрбиесі басқа барлық тәрбиенің (ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық, экологиялық пен
экономикалық еңбек және т.б.), сондай-ақ оқу мен білім алудың негізі, - деп санаған. Ол жас ұрпақтың
барлық тәрбиесінің кӛзін еңбектен іздеді. Еңбек пен қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін, парасатты-
лық пен инабаттылықтың, білімдіктің, тұлғалықтың, iciнe талғамын, жеке тұлғаның қалыптасуын қамта-
масыз ететін аса кӛргендікпен дәлелдеді оған ӛлең жолдарын арнады. Ең бастысы еңбек адамның
адамгершік сапасын қалыптастырады, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеп, оларды әдемілікке, оларды
жаркын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады деп есептеген. Ақынның пікірінше,
еңбек адамды жан-жақты дамыған тұлғаға, ғұламалыққа кӛтереді, баулиды, жетелейді. Ал уақытын
еңбексіз бос ӛткізетіндерді, еріншектерді, ӛсекшілерді қатты сынға алды. Ол ӛзінің «Ғылым таппай
мақтанба» атты ӛлеңінде ӛсек, ӛтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ деген бес нәрседен қашық
болуға шақырды. Гуманист-ақынның арманы енбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен
инабаттылыққа негізделген үлкен мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігі, тәрбиелік тағылымы мол асыл мұрасы, ол ӛзі ӛмір сүрген
тұтас бip тарихи дәуірді жан-жақты бейнелеп берді. Бірақ ақын шығармашылығы жарты ғасырды қамти-
тын тарихи дәуірді танытады. Сол замандағы қоғамдық ӛмір салтының, ой-сана, білім-ғылым, түсініктер-
дің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры тереңде жатқанын ескерсек, Абай шығаршылығы -
ағартушылық кӛзқарасы қоғамның дамуындағы бip елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын,
ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып қарастырған. Ал қоғам ӛміріндегі кӛптеген
адамгершілік, әділдік, бірлік, достық, білімділік, еңбек сүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар
жауыздыққа, екі жүзділікке тӛзбеушілік секілді мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәні жойылмай-
тындығын және заман ауысып, жағдай ӛзгерді дегенмен, халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік
қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып жалғастық тауып ӛрістеп, дами береді. Абай шығарма-
шылығын ӛз заманымен, сол кездегі қоғамдық ӛмірімен байланысын, сол кезде қандай зор танымдық,
тәрбиелік міндет атқарғанын, сӛз ӛнерінде не жаналық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның
қaзіргі заманда қоғамдық ой-сананың, мәдениеттің, оқудың ӛркендеуіне қандай ықпал жасап келе жатқа-
нын толық аңғара аламыз.
Балалардың дүниеге кӛзқарасын және мінезін қалыптастыруда отбасының рӛлін ерекше зор екенін
айта келе, Абай жастарды ең алдымен отбасында, мектепте және әдебиет арқылы тәрбиелеуді ұсынды.
Балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың ӛздері, дұрыс тәрбиеленген болуы керек, деп түйідейді.
Абай әлемінің кең ӛpic алуы, оның поэзиясы мен әлеуметтік, оқу-тәрбиесі, ағартушылық кӛзқарасы-
ның әлеуметтік сипат алуында болды. Жастарды тәрбиелеудің әралуан жолдары мен тәсілдерін ең
алдымен үй ішінде, мектепке тәрбиелеудің жолдарын кӛрсетті. Балалардың дүниеге кӛзқарасы мен мінезі-
нің қалыптасуына отбасының аса зор ықпалын еске ала отырып ол ата-аналарға ең алдымен ӛздерің
дұрыс тәрбиелі болыңдар деп талап қояды. Абай жастарды бірлікке, бауырмалдылыққа, достыққа тәрбие-
леуге шақырды.
Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру - қазіргі заман алдында тұрған ең маңызды міндеттерінің бipi.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері болып - оқушылардың белсенді ӛмірлік
позициясын, қоғамдық борышқа саналы кӛзқарасын, сӛз бен icтің бірлігін адамгершілік нормаларынан
ауытқумауына жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғам-
дық пайдалы, ӛнімді еңбекке даярлаумен тығыз байланысты. Адамдық ӛзіндік қасиеттерін қалыптастыру-
дағы міндеттердің бipi оның адамгершілік ұғымдары мен түсініктерін молайту болып табылады. Балалар-
дың бұларды меңгеру дәрежесі түрліше, яғни ол баланың жалпы жетілуіне, ӛмірлік тәжірибесіне байла-
нысты. Адамгершілік тәрбие жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ақыл-ой тәрбиесінен кейін
маңызды рӛл атқарады. Осы тұрғыда жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ре-
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
55
тінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық,
адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын ӛмірге ұмтылушылық және т.б. атап айтты.
Абай - қазақ мәдениеті тарихында орны зор, ойы озық, eнceci биік ерекше тұлға. Абай даналығын
шәкірттерге таныту, оларды Абай туындылары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу кaзipгi мектеп алдында
тұрған басты мақсат болып табылады. Қазіргі таңда бастауыш білім мазмұнына Абайдың мынадай
шығармалары енгізілен: «Адам балам десеңіз», «Шегіртке мен құмырсқа» (М.Крыловтан аударған), жыл
мезгіліне байланысты «Қыс», «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз» ӛлеңдері, сондай-ақ Абайдың қара сӛздері
берілген. Абай шығармаларындағы адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық тәрбие мәселесінің алатын
орны ерекше. Абай ӛзінің қара сӛздерінде оқушысымен әңгімелесіп отырғандай, ӛзіне-ӛзі сұрақ беріп,
оған нақтылы жауап береді. Ақынның гуманистік идеясы тек ӛлеңдерінде ғана емес, қара сӛздерінде де
терең философиялық толғаныспен кӛрініс тапқан. Білім арттыру жолына түсуге, рухани ӛркениетке
ұмтылуға, және ӛз халқының ғана емес, басқа халықтардың да ӛнері мен кәсібін үйренуге шақыра
отырып, осыларды тәуелсіздікке жетудің жолдары екенін атап кӛрсетті.
Мысалға, Абай ӛзінің 17-қара сӛзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, кӛріп, ұстап, татып,
естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат
алу ғана есті етеді» - деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп
береді. Абай - халқымыздың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын. Ақ пен қараның, жақсы мен
жаманның, адалдық пен зұлымдықтың, білімділік пен надандықтың, кішілік пен даңғойлықтың ара-жігін
әр сӛзінде ашып, дәлелдеп беріп отырған. Сондай-ақ балалардың әсемділікке, сұлулыққа деген кӛзқара-
сын қалыптастыруда Абай ӛлеңдерінің рӛлі ерекше. Оның ӛлеңдеріндегі туған жерінің, сұлу табиғаты,
қазақ ауылының кӛріністері адамдардың кӛңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей
естіледі. Мұндай суреттемелер «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай» т.б.
ӛлеңдерінде ерекше әсерде керсетілген. Ӛлеңде табиғаттың, әсем, сұлу кӛрінісі, жан-жануарлар қимылы,
адамдардың іс-әрекеттері бәрі де балалардың қиялына қанат береді. Абай табиғаттың кӛрінісінен болма-
сын әдемілікті, сұлулықты кӛре-білуге шақырады. Табиғаттағы жануарлардың ӛмір тіршілігіне зер салуға,
құстардың әсем дауыстарын тыңдай, бip-бipінен айыра білуге, кең байтақ ӛлкенің, орман, тоғайлар
кӛріністерін қызықтай білуге үйретеді. Ақыл мен адамгершіліктен келіп, әрбір жеке адамның парасатты-
лығы мен шапағаттылығы туындайды, пайда болады дейді. Оның тағылымының маңызын осы ұғымдар
айқындай туседі, ӛйткені ақыл-ой, адамгершілік, еңбек - осылардың жемісі (парасаттылық, қайырымды-
лық, инабаттылық). Бұлар бүгінгі жастар тәрбиесінің, әсіpece, жаңа адамды қалыптастырудың қайнар
кӛзі. Қоғамымыздың ipгесін нығайту үшін ең алдымен адамгершілік тәрбиесін кӛркейту қажет. Оның
негізгі мұраты - баланы жастайынан-ақ әлеуметтік ортада мәдениетті қарым-қатынас жасай білуге үйрету,
үлкенді сыйлау, кішіге кӛмек керсетуге, ұлтжандылыққа баулу т.б. болып табылады.
Ұлы ағартушының педагогикалық кӛзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның
баласы бол... жақсы кӛпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірлерді қуаттау
болды.
Шығыс пен Батыс классиктерінің ағартушылық ой-пікірлерінен мол нәр алған ұлы ақын бала тәрбиесі
мәселелеріне де кеңінен тоқталып, ӛзінің ӛлеңдері мен қара сӛздерінде педагогикалық кӛзқарасын білді-
реді. Адам мінезіндегі орынсыз мақтаншақтық, ойсыздық, салғырттық, күншілдік, кӛрсеқызарлық сияқты
жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді есте сақтау, кӛргеннен үлгі-ӛнеге
алу, жаман әдет-дағдылардан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңдіру, ұстамды болу сияқты адамгер-
шілік қасиеттерді насихаттайды. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса
жұмысында бір, ең болмаса айыңа бір, ӛмірді қалай ӛткізгенің жайында ӛзіңнен ӛзің есеп ал», - дейді.
Яғни, адамның ӛзін-ӛзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады.
Абай сана-сезімді тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рӛлін материалистік тұрғыдан түсіндіре білді.
Адамның жақсы-жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақ сүйек
тұқымынан шыққандар ақылды, батыр, алғыр болады деген буржуазиялық нәсілдік, идеалистік кӛзқарас-
қа қарама-қарсы болды. Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге, ортаға байланысты екенін дәлелдеді.
Ӛзінің отыз жетінші қара сӛзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп
болмайды деген кісінің тілін кесер едім», - деді. Абайдың атамыздың шығармалары мен қара сӛздері
пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы. Абай түсіні-
гінше, табиғат біздің санамыздан тыс және бізге тәуелсіз ӛмір сүреді. Біздің түйсігіміз бен қабылдауымыз,
түсінігіміз айналадағы ақиқат шындық ӛмірдің сәулесі ғана. Абай түсінігінше, табиғат біздің санамыздан
тыс және бізге тәуелсіз ӛмір сүреді. Адам баласы «кӛзімен кӛріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен
татып, мұрнымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады», - дейді Абай. Адам баласы анадан туғанда екі
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
56
түрлі мінезбен туады. Бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмарлығы. Екіншісі -
білсем екен деген - жан құмарлығы (жетінші сӛз) деп ой түйіндей келе, «адам бойына жан құмарлығы
арқылы жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның
қолына түседі», - деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жӛніндегі кӛзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыс-
тарын ӛзара бір-бірімен байланыста, үнемі ӛзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның - табиғат-
тың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады.
«Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз», - дей келіп, Абай «Ӛсек, ӛтірік,
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, бес дұшпаның білсеңіз, Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
ойлап қой, бес асыл іс, кӛнсеңіз», - деген ӛсиет айтты.
Абай ӛнер-білім алуға шақырды, ӛмірде ӛз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де - бір
кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сӛздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа кӛп
әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет селтең-
деп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,
Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.
Абай - қазақ мәдениеті тарихында орны зор, ойы озық, eнceci биік ерекше тұлға. Абай даналығын
шәкірттерге таныту, оларды Абай туындылары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу кaзipгi мектеп алдында
тұрған басты мақсат болып табылады. Қоғамымыздың іргесін нығайту үшін ең алдымен адамгершілік
тәрбиесін кӛркейту қажет. Ал оның негізгі мұраты - баланы жастайынан-ақ әлеуметтік ортада мәдениетті
қарым-қатынас жасай білуге үйрету, үлкенді сыйлау, кішіге кӛмек керсетуге, ұлтжандылыққа баулу т.б.
болып табылады.
Абай шығармаларындағы адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық тәрбие мәселесінің алатын орны
ерекше. Ақынның гуманистік идеясы тек ӛлеңдерінде ғана емес, қара сӛздерінде де терең философиялық
толғаныспен кӛрініс тапқан. Білім арттыру жолына түсуге, рухани ӛркениетке ұмтылуға, және ӛз халқы-
ның ғана емес, басқа халықтардың да ӛнері мен кәсібін үйренуге шақыра отырып, осыларды тәуелсіздікке
жетудің жолдары екенін атап кӛрсетті.
Ұлы ағартушының педагогикалық кӛзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның
баласы бол... жақсы кӛпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірлерді қуаттау
болды.
1 Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. - Алматы, 2003.
2 Әбиев Ж. Педагогика тарихы. - Алматы, 2006.
3 Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. - Алматы, 2008.
Резюме
В статье рассматриваются педагогические взгляды и роль казахского педагога Абая Кунанбаева в развитии
Казахстанской педагогической науки. Абай Кунанбаев великий поэт, казахского народа и гордость наций. Он в
своих песнях, поэзиях дает оценку воровстве, насилии его последствий и зовет молодежь к трудолюбие, искусстве,
знание и науке. А также дает оценку проблеме воспитании детей. Он считал, что труд зовет к формированию у
людей человеческих качеств, как эстетический дух, красоте и зовет к светлому будущему.
Ключевые слова: воспитание, образование, учебно-воспитательный процесс, самовоспитание, труд, нравствен-
ное воспитание, гуманистическое направление, формирование, развитие
Summary
In article is considered pedagogical views and a role of the Kazakh teacher of Abay Kunanbayev in development of the
Kazakhstan pedagogical science. Abay Kunanbayev great poet, Kazakh people and pride of the nations. He in the songs, the
poeziyakh gives an assessment theft, violence of its consequences and calls youth to diligence, art, knowledge and science.
And also gives an assessment to a problem education of children. He considered that work calls to formation at people of
human qualities as the esthetic spirit, beauty and calls to bright future.
Keywords: education, education, educational process, self-education, labor, moral education, humanistic direction,
formation and development
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
57
УДК: 373.1.02:37.017.924
ҚАЗАҚСТАНДА ДЗЮДО КҤРЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Т.Жаманбалин – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистрі
Дзюдо күресінің тарихы тереңде жатыр. Бұл спорт түрінде қолданылатын әдіс-тәсілдер бүкіл адамзат қоғамына
кеңінен танымал екендігін білеміз, сол себепті, дзюдоға қатысты терминдер барлық әлем халықтарына түсінікті
болып келеді. Дзюдо күресі үшін мән беретін жағдай жетілдіру және үйрету күрестегі техникалық шеберлік ерекше-
ліктерін, оларды шешудің әдістері, ол жетілдірудің және үйретудің негіздері. Үйрету үдерісінде белгілі бір тәсілдерге
кӛбірек кӛңіл және уақыт бӛле отырып, жеке техниканы қалыптастыруға кӛмектесу, жеке техника бұл кӛпшілік
жағдайда жеңісті қамтамасыз ете алатын, тәсілдерді игеру болып табылады. Мақалада осы спорт түрін жетілдірудің
ғылыми-педагогикалық негіздері қарастырылады.
Тірек сӛздер: дзюдо күресі, ғылыми зерттеулер, жаттығу әдістемесі, дзюдошыларды даярлау
Егеменді еліміздің кӛшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы (Қазақстан-
2030) «Ауруды болдырмау және салауатты ӛмір салтын ынталандыру» мәселесін басты мақсаттардың
бірі ретінде жариялап, оны іске асыру үшін әрбір азаматтың қоршаған ортаны таза ұстап, дене тәрбиесі
және спортпен шұғылдануы маңызды мәселе екендігін атап кӛрсетті. Сонымен қтатар, Елбасы ӛзінің 2010
жылғы жолдауында Бүқаралық спортпен шүғылданушылар санын 2020 жылға дейін 30%-ға жеткізу
қажеттігін атап кӛрсетті [1].
Дене шынықтыруды және спортты одан әрі дамыту, халықтың дене шынықтырумен және спортпен
шұғылдануы үшін жағдайлар жасау, олимпиадалық, ұлттық, техникалық, қолданбалы спорт түрлерін
және халық ойындарын дамыту, осы саланы басқарудың оңтайлы жолдарын және қазіргі әдістемесін
жасау, бұқаралық спорт саласында спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау
үдерісі республикадағы спорт мектептерінде іске асырылады. Спорттық ізбасарларды даярлау жүйесінің
негізгі компоненті болып спорттық бағытта білім беру мекемелері оларға: балалар мен жасӛспірімдер
спорттық мектептері; мамандандырылған балалар мен жасӛспірімдер спорттық мектептері; жоғарғы
спорттық мектептері; орта арнаулы оқу орындары; олимпияда резервін дайындайтын мамандандырылған
балалар мен жасӛспірімдер спорт мектептері болып табылады. Белгілі бір спорт түріне бейімдеп, Болашақ
чемпиондарды даярлауда жоғарыда аталған мекемелердің атқаратын қызметі ерекше екендігі белгілі.
Олимпиадалық ойындар қатарындағы дзюдо күресі бойынша Қазақстан дзюдошыларының техника-
лық дайындығын жетілдіру, жаттықтыру әдістемесіндегі әлі пайдаланылмаған мүмкіндіктердіктерді
іздестіру, дзюдо күресінің жаттығу әдістемесіне балуанның жан-жақты дайындығы, шеберлігі, айла-
әдістерді үйренуі, спортшының рухани құндылықтарының артуына әсер ететін оқу-жаттығу жүйесінің
ерекшеліктерін қарастыру мәселелері ғылыми тұрғыда зерттеуді қажет етеді.
Осындай маңызды мәселелердің бірі болып тұншықтыру тәсілін тереңдетіп зерттеу жұмысы саналады.
Белдесіп күресу, күрес ӛнері халқымыздың жан-тәнімен кұмарта шұғылданатын үлкен спорт түріне
айналып отыр. Ата-бабамыздан мирас болып қалған осы ӛнерді дәл қазіргі күнге дейін жеткізіп, ұрпақ-
тан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан спорт ӛнеріне үлкен үлестерін қосқан ағаларымызды да атап ӛтсек
артық болмас еді. Олардың қатарына: Қажымұқан Мұңайтпасов, Балуан-Шолақ, Амангелді Ғабсаттаров,
Әбілсейіт Айханов, Қабден Байдосов, Аманжол
Бұғыбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Түрлыханов, Қайрат Мысықпаев, Серік Шәкімов, Шәміл
Серіков, тағы да басқа балуандарымыз жатады.
Жалпы күрес спорты (оның ішінде дзюдо күресі) қазіргі күрес талапкерлерімізді күштілікке, ептілікке,
икемділікке, тӛзімділікке баули отырып, қазақ халқын әлемге әйгілі етуге жол ашады.
Дзюдо күресінің бір ғасырға жуық тарихы бар екендігін білеміз, біздің елімізде үйрету жаттықтыру
барысындағы белгілі қиыншылықтарды тудыратын дзюдо күресі техникасынан, соның ішінде тұншықты-
ру тәсілі бойынша жапондық кәсіби атаулар қодданылады.
Қазақстан жерінде дзюдо күресі 1973 жылдан бастап даму жолына кӛшті. Дзюдо жапон халқының
ұлттық күресі бола тұрса да дәл бүгін бүкіл әлемге аты әйгілі болып ӛркендеп отыр. 1961жылы Халықара-
лық Олимпиадалық Комитеттің шешімі бойынша дзюдо күресі Олимпиадалық ойындар қатарына енгізі-
ліп, қазір дүние жүзінде 200-ге жуық мемлекеттің басын кұрайды. Қазақстан дзюдо федерациясы 1993
жылдан бері Халықаралық федерацияның кұрамында. Біздің елімізде ең алғашқы дзюдоның негізін
салушылар: Алматы қаласынан - Владимир Пак пен Қарағанды қаласыиан - Анатолий Малкин болып
табылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №1(44), 2015 ж.
58
Дзюдо күресінің басқа күреске қарағанда ӛзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да кӛп, осыған қара-
мастан дзюдоның біздің елімізде ӛркендеуіне үлкен үлестерін қосқан: Павлодар қаласында – Тӛлеуғазы
Әміржанов, алматылық – Абулхайыр Байбосынов, Жексенбай Саламатов, Алексей Атаев, Руслан
Базоркин; Батыс Қазақстаннан Тілек Хамзиев сияқты т.б. жаттықтырушыларымыз. Күншығыстың да-
нышпандығын, мәдениетін, қаһармандығын ала келген дзюдо күресінің ӛзіне тән ерекшеліктері ӛте мол.
Дзюдо күресі XIX ғасырдың екінші жартысында жарық кӛрді. Жапонның жас та болса ұлы ұстазы
ӛзінің ақылдылығын, ержүректілігін таныта отырып, джией-джиейпу және басқа да күрес түрлеріне шолу
жасай отырып, бір-біріне үқсас әдіс-тәсілдерге ӛндеу, іріктеу жүргізе келе, осы дзюдо күресін ӛмірге алып
келді. Жас маман дзюдоның дінін, ережесін жан мен тәннің үйлесімі, жарасымы деп тұжырымдады.
Дзигаро Кано дзюдо – жауыздың қолы емес, онымен айналысқан адамға ізгілік, имандылық, адамгерші-
лік қасиеттерін үйретеді, - деп түсіндірді. Токио қаласында 1882 жылы Дзигаро Каноның ұйымдастыруы-
мен «Кодакан» атты дзюдо мектебі ашылды. Жаңа ашылғанда небәрі жиырма шаршы метр жерді алып
жатқан жаттығу залы қазіргі таңд а дүние жүзіндегі ең ірі дзюдо мектебіне айналып отыр. Жыл сайын бұл
мектепте Дзигаро Каноның құрметіне дәстүрге айналған халықаралық жарыс ӛткізіледі. Біздің спорт ма-
мандарының айтуы бойынша бүгінгі таңда Жапонияның жеті миллионная астам адамы дзюдо күресімен
жүйелі түрде шұғылданады екен. Жапон халқы ӛздерінің үлттық ӛнерін насихаттау үшін қаржының қи-
ындығына қарамастан ӛздерінің білікті мамандарын жүздеп, мыңдап ел-елге аттандырып отырды. Олар
дзюдо туралы окулықтар мен еңбектерін барлық тілдерге аударып, оның таралуына бар күштерін салды
[2].
Халықаралық үлкен турнирлерде дзюдо күресінен кӛбінесе қарсыласынан ӛзінің жеке тәсілдерімен
емес, техникалық әрекеттерімен шабуыл жасай алатын спортшылар жеңіске жетіп жатады. Дзюдода
орындалған лақтыру тәсілдерінің нақтылығына, спортшының әр кездесуде кездесудің соңғы секундына
дейін қарсыласына шабуыл жасау қабілетіне жоғары талап қойылады. Бұның бәрі спортшыларды жарыс-
қа дайындаудың жаңа әрі тиімді жолдарын іздестіруді талап етеді. Білікті бапкерлер дзюдошылардың
техникалық дайындығына жақсы жетілген тәсілдерді топтастыруға және оның жасалуына кӛп кӛңіл
бӛледі. Бүл спортшыға қарсыласын қорғаныстан шығаруға және ӛзінің техникалық әрекеттерін жетілдіру-
ге мүмкіндік береді.
Қазақстан дзюдошыларының Әлем чемпионатында және Олимпиадалық ойындарда жоғары дәреже-
лерге жетуі үшін балалар мен жасӛспірімдерді дайындау, жаттықтыру жүйесін қайта жасауға тура келеді.
А.А. Хмелевтің ойынша: жаттығудың алғашқы және екінші жылында күресті тұрып жасалатын тәсіл-
дердің 45 түрін және жатып жасалатын тәсілдердің де осынша түріне үйрету техникалық әрекеттердің тек
беткі жағын үйретуге әкеліп соқтырады. Одан қалса аяқтан ұстап тастау тәсілдерін үйрететін болса онда
жас дзюдошылар осы тәсілдерді кӛбірек қолданады да, ал құшақтап лақтыру, артынан және алдынан
шалу сияқты тәсілдер дамымай қала береді. Мұндай дайындықтар дзюдоның дәстүрін, стилін бұзып
тұратын, күрес үстінде спортшының тӛмен қарап жүруіне, барлық уақытта шықса да шықпаса да аяққа
жабыса беруіне әкеліп соқтырады. Сол үшін спортшының қиын қимыл-қозғалыстарды үйлестіруіне,
қорғанысқа қарсыласының бұрылу кезінде жасалатын тәсілдеріне, қолмен, аяқпен, бӛксемен, кӛбінесе
қүлай жатып жасалатын тәсілдерге кӛбірек кӛңіл бӛлген жен. Дзюдоның негізін салушы Дзигаро Кано-
ның айтуынша, «Дзюдо бұл кӛбінесе денені және күшті тиімді қолдана білу қасиеттерін жетілдіруге жол
саналады».
Дзюдоның мақсаты жаттығуларға сүйене отырып, шабуыл жасау, қорғану және дене мен ерік-жігерді
тәрбиелей отырып үйрету, бағындыру ӛнерімен шектеледі. Дене тәрбиесінің құралы ретінде дзюдо -
күшті дамытуға, денсаулықтың және білімнің ар қасында барлық мүмкіндіктерін толық ашуға бағыттала-
ды. Егер денсаулығы ж оқ болса, болмаса ӛзінің таланттарын кӛрсету қабілеті тӛмен болса онда адамның
небір керемет ойлары мен мақсат-міндеттері жүзеге аспайды. Дзюдо - тәсілдер мен жаттығуларды
ұйымдастыратын лақтырулардан, жатып күресуден және аударулардан тұрады. Дзюдоның бұл міндетте-
рін пайдалануға дененің барлық мүшелері мен бӛліктері қатысады. Тиімді жаттығу кезінде адам организ-
мінің функдионалдық қызметі - денсаулықты нығайту үшін, жұмыс тығыздылығының толық орындалуы
үшін жұмысқа жар амды деңгейде сақталуы керек.
Жаттығулар арқылы денсаулықты нығайту бұл дзюдоның ең басты міндеттерінің бірі болып саналады.
Күресте шабуылдан басқа да қорғаныс, жеке ӛзін-ӛзі қорғау әрекеттері қолданылады. Мысалы, күнделікті
ӛмірімізде кӛптеген күтпеген жағдайларға тап болуымыз ғажап емес. Сондықтан осы жағдайларға алдын-
ала дайындала жүріп, ӛзін-ӛзі қорғау тәсіддерінде күнделікті жетілдіріп отыру керек.
Әлем чемпиондары үшін маңызды заңдылық сипаты күреске берілген уақыттың ішінде жоғары
дәрежелі әрекеттер жасау болып табылады. Я.И. Ковлев, И.Д. Чермит, К.Д. Рубанов әр түрлі Элем
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Начальная школа и физическая культура», №1(44), 2015 г.
59
чемпионаттарында, әсіресе олимпиадалық ойындардағы бәсекенің ӛсу қарқындылығы дзюдошыларды
дайындауда жаңа әдістерді, барлық уақытта жаңа амалдарды қолдануды талап ететіндігін ескереді [7].
Авторлар дайындықтың бір амалы ретінде жаттығуда қозғалыс ойындарын қолдануды ұсынады. Олар
жаттығу кезеңінде дене даярлығының жоғарылауына, айналысушылардың әрі қарай жоспарланған
жұмыстарына және неғұрлым дарынды және жан-жақты дзюдошылардың күрес техникасындағы қарапа-
йым дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әдістерді қолданған. Спортпен шүғылдану
жас спортшылардың бойында күш, еріктілік, батылдық, қайсарлық, ӛзіне деген сенімділік, жеңіске деген
талпыныс, тәртіптілік сияқты оң қасиеттердің қалыптасуына эсер ете отырып, спорттық қызметтің
жүйелі, ұзақ шынығуға, жоғары жетістікке жетуге баулиды.
Дзюдо жеңіске жету ӛнеріндегі ғылыми жүйелердің кұрылуымен ерекшеленеді. Қазақсанда жыл
сайын дзюдоға деген қызығушылық артуда. Ересектер жастар және жасӛспірімдер арасында ел бірінші-
ліктері ӛтіп тұрады, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңнан астам спортшы қатысып, дзюдоға
қызығушылық танытқандардың саны мен сапасының кӛтерілгенін кӛрсетеді.
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемле-
кеттік бағдарламасы».
2 https://ru.wikipedia.org/wiki.
3 Поляков В.В Динамика скоростно-силовых качеств в зависмости от состояния нервной системы. // Спортив-
ная борьба: Ежегодник, 1984. - 60-63 б.
Достарыңызбен бөлісу: |