Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция



Pdf көрінісі
бет21/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Байланысты:
28.12.2021-zhinak 2

ДҮНИЕ ДИДАРЫН ДӨП БАСҚАН ЖАЗУШЫ 
Балтоғаева Ж.Е. 
аға оқытушысы, ф.ғ.к
 
Жасұланқызы
Э.
2 курс магистранты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, 
Атырау, Қазақстан 
Аңдатпа.
Мақалада Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық ғұмырындағы 
кітапсүйер қауымның сүйіктісіне айналған әңгімелерінің ерекшеліктері, идеясы, әлеуметтік 
мәні кеңінен қозғалады. Ол ғұмырын қазақ әдебиетіне арнады. Әдебиеттің алтын қорын 
өзінің баға жетпес туындыларымен толықтырды. Жазушы Рахымжан Қазақстанның жаңа 
бақыты, тәуелсіздік бақыты туралы жазған үлкен қаламгер. Осынау аласапыран заманда 
автордың сол заман шындығын бұлжытпай суреттеуі-ойлы оқырманды ойландыратыны 
сөзсіз. Рақымжан Отарбаев – прозаның не екенін білетін, соны меңгерген бірегей суреткер. 
Шығармашылығын, стилін, өзін-өзі танытуын құрметтейтін оқырманы бар жазушы бола 
білді. Ол ұлы Құрманғазы мен оның ұлы бабаларының жоқтаушысы ретінде белгілі Проза 
саласында да заманның өзекті мәселелерін көтерген әңгімелер жазды. Рахымжан Отарбаев – 
әңгімесінде көп нәрсені айта алған кемеңгер қаламгер. 
Түйін сөздер:
қаламгер; әңгіме; сарын; проза; ұлттық мұра; дәстүр. 
Қоғам өмірі мен адам тағдыры – әдебиет әлеміндегі көптеген жазушының басты 
тақырыбы. Қоғамда орын алып жатқан үлкенді-кішілі оқиғаларды жүрек көзінен өткізе 
отырып, көркем шындықтың бойына қан жүгірту - жазушының негізгі міндеті. Осы бір 


67 
жауапкершілігі мол міндетті әр жазушы әрқилы түсінетін секілді, әрқилы түсіндіретін 
секілді. Ал Рақымжан Отарбаев «әдебиетті – ардың ісі» деп бағалайтын өресі биік 
жазушылардың бірі. Оныңшығармаларында қоғам құбылыстарының еш боямасыз, анық та 
қанық берілуі, қаламгердің қоғамдағы қордаланып қалған бірқатар мәселелерге сын көзбен 
қарауы – шығарманы одан әрі жандандыра түскені мәлім.Рақымжан Отарбаев өзінің 
шығармашылық ғұмырында көптеген жанрларға қалам тербеді, драматургияда да өзін сынап 
көрді. 
Алайда, оның еркін қалам сілтеген жанры – әңгіме болды. Әңгімелерінің арқалаған 
әлеуметтік-қоғамдық мәні орасан зор. Көзі қырағы жазушы тек ұлттың аясында ғана 
шектеліп қалмай, адамзаттық ойларды да алға тартты. Содан болса керек, қазақ әдебиетінің 
классигі Әбдіжәміл Нұрпейісов: «Мен, өз басым Рақымжанды бүгінгі, яки ХХІ ғасырдағы 
қазақтың Чеховы дер едім. Рақымжан өте шебер, өте ойлы және жаны сұлу жазушы. Ол ең 
алдымен әрі ұшқыр, әрі асқан шеберлікті, парасатты суреткерлікті талап ететін әңгіме 
жанрының асқан ұстасы» [1,32]−деген еді.Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бұл сүбелі сөзінен біздің 
жоғарыда айтқан пікіріміздің анықтығын байқаймыз. 
Рақымжан Отарбаевтың 2009 жылы «Фолиант» баспасынан жарық көрген 
«Аспандағы ақ көбелектер» кітабы әдеби ортада үлкен пікірталас туғызды. Себебі, 
кітапмұқабасына атау болғанәңгімеде қоғамдық жағдайдағы ащы шындық пен азапты 
өмірдің айнасы көрінеді. Аталмыш әңгімеде ауылдың қоңыр төбел тіршілігін тәрк етіп, заман 
талабына сәйкес қалаға келіп, нәпақа таппақ болған арманшыл да аңғал Дәурен мен 
Әлиманың тағдыры баяндалады. 
Басында бәрі де өзінің арнасымен жүріп жатқан. «Дәу қаланың бетке ұстар базарында 
шалбар саудалаушы жiгіт» Дәурeн де, су сaтушы қыз Әлимa дa өздерінің атқарып жүрген 
тірліктеріне риза болатын. Қалаға келіп, аз-маз болса да, ақша тауып жатқан қос кейіпкердің 
көңілдері көлдей еді. Жазушы өзінің шығармасында: «…қалтаға құйылған тиынның 
сыңғыры жиылып кеп,бұйра бас, ақсары өңді, ашаң, әдемі жігіттің пәтер жалдауына да, 
назқоңыр нәпақасына да, Жарбай ауылындағы жалғыз шешесіне де жетіп 
артылатын.Шалының қара шаңырағын жықпаймын деп төрттағандап отырған кейуананы 
айына бір барып сүйсіндіріп, ас-суын қамдап кететін. Қайтарда «Құлыным-ау!» деп қасқа 
жолдың бойына дейін шығарып салғанда,көлбеңдеген кең көйлегінің етегіне алтын шуақ 
үйіріліп,өзімен бірге жан тыныштығын, қанағат пен иманды қоса-қабат алып қалғандай 
болатын»[2, 53]− деп Дәуреннің ауылда қалған жалғыз шешесінің алаң көңілі мен баласының 
арманшыл қасиетін баяндап өтеді.Шығармадағы осы бір жолдар қазіргі қазақ қоғамында 
көптеп кездесетін жағдай. Әсіресе қарапайым, қазақы танымда өскен баланың қалаға арман 
қуып кетіп, үміт пен күдік аралас дүдәмал күйде жүруі – қазіргі социумның негізгі мәселесі. 
Кейбіреуі алып шаһарға тез сіңісіп кетіп, үлкен мақсаттар мен жоспардың иесі атанса, ал 
кейбіреуі басар тау, барар жері болмай, тауы шағылып жүреді. Міне, Рақымжан Отарбаев 
әңгіме жанрының ауанын сезініп, аз сөзбен көптеген мәселелерді ортаға салады. 
Шығармада Дәуреннің жанының тазалығы, аңғал екендігі көрінеді. Дәурен де қалаға 
келгенде сол базардың қайнаған тіршілігінде өз нәпақасын тауып жүрген. Сол бір 
уақыттарда базарда шалбар сатушы болып жұмыс істеп жүреді. Қарбаласы мен қақпақылы 
көп мына өмірдің ағыны ауылдан енді келген, аңқау, көп іске икемі жоқ Дәуренді де өз 
жетегіне алып кеткен. Дәурен алғашқы кезде өте қатты қиналады. Сонда да, тапқан 
ақшасының басы жиылып кеп «aқсары өңдi, aшаң жiгіттің» пәтeр ақысына да, Жaрбай 
aуылында қалған жaлғыз шeшесіне дe жeтетін. Шaлының қaра­шаңырағының отын 
сөндірмеймін деп жалғыздан-жалғыз отырған кейуананы айына бір рет барып қуандырып, 
бар жағдайын жасап кететін...
Осылайша адал еңбектің жемісін көріп жүрген шағында бір бәлеге тап болады. 
Жазушы қай дәуірде болмасын өзекті болған ақша, байлық мәселесін көрсеткісі келген. Зер 
салып қарасақ, осыған дейінгі дәуірлерде аңыз-әңгіме, ертегілерден қалған байлықты теріс 
ұғымда көрсетудің сарқыншағы қалып қойған еді. Ал «Аспандағы ақ көбелектерде олай 
емес». Байлықты дәріптемейді де, қолдың кірі ретінде де көрсетпейді. Кәдуілгі қоғамдағы 


68 
болып жатқан, барша оқырманға таныс жағдай суреттеледі. Себебі, автордың мақсаты 
материалдық байлық туралы ойын жеткізу емес, адамның ішкі, рухани байлығының 
деңгейінің маңыздылығын көрсету. Әңгіме өз кейіпкерлерін дәл тапқан. Қоғамның бүгінгі 
тоғышар пенделерін сипаттаған. Кейде дүние байлығы еркіндік пен жайлы өмірге жетелесе, 
кейде адамдардың түбіне жетіп жатады. Басты кейіркер Дәуреннің базар бастығына алдануы 
өзіне де, әйеліне де қасірет боп келеді.
Сөйтiп, қaламгер қaзіргі өмiрімізде, қoғамдаболып жатқан дәл oсындай кeлеңсіз 
жағдайды әшкeрелейді. 
Осындай келеңсіздіктерден кейін қоғамда байлықтың буы біраз адамды есіртіп 
жіберуге дейін апарып жатыр. Нәтижесінде, қазақ социумында Дәурен секілді аңғал да 
ақкөңіл жандардың өмірі тас-талқан болды. 
Жазушы жігіттің іс әрекеті арқылы жақсы тұрмыс пен жетістікте өмір сүруге еңбексіз 
жеңіл жолмен қол жеткізудің қайыры да, берекесі де болмайтынын, ал махаббат әр пендеге 
бұйыра бермейтін киелі сезім екенін, соңында Дәуреннің санасын тілгілеген сезімдерінің 
күші арқылы оқырман талқылауына ұсынады. Иә, бұл сіз бен біз өмір сүріп жатқан қоғам 
қалтарысындағы орта деңгейлі әлеуметтің тіршілік тынысының бейнеленуі еді.
Міне, Дәуреннің өмірінде үлкен өзгерістер орын алып, өзінің ғашығы Әлимадан да 
айырылып қалады. «Дәл неке қияр сәтте аспанға көтеріліп кеткен ақ нұр Дәурен басқа жан 
баласына көрінбей, судағы бейнедей сырғанап кеп Сырғалы екеуінің ортасына түсе берген. 
Бұл жолы мұңайып та, кінәлап та қарамады. Тұнжыр тартқан жанарында баяғы үміт оты 
өшіп, үрей мен мазасыздық шүпілдеп тұрды», – дейді осы әңгімесінде жазушы Рақымжан 
Отарбаев. 
Бұл жерде қаламгер ақ нұр бoп aспанға көтeрілген нәрсені күнәдан таза, жүрегі пәк 
Әлимaның aқ пeріштесі ретінде көрсетеді. Дүниeні бар құшағына сыйдырып, бaйлықтың 
буына еліккендер үшiн адамгершілік, aдалдық, кірпияздық, тазалық, махаббат дeген қасиeтті 
құндылықтардың құны көк тиын екен. Олар үшін бәріне де ашкөздікпен, тойымсыздықпен 
қарау керек.
Әңгіменің арасында жaзушы тaғы да: «... бір шөкім ақ көбелек... қалт-құлт, қалт-құлт 
ұшып байыз табар емес. Көз алды бұлдырап, ақ гүлдер жауып кетті... Ес-түзсіз талып 
құлаған... Содан бері түсінде ақ көбелектердің соңынан қуып діңкелеп, аңқасы кеуіп оянады» 
–дeйді.
Құрдымға кеткен арманның ақ көбелегі көз алдыңнан ұшып өткендей болады. 
Әңгіменің соңы мистикалық сарынмен аяқталса да, екі ұшты ойға қалдыратыны жасырын 
емес. Реалистік шығарманың соңы қалайша мистикамен аяқталады деп ойлап отқан 
шығарсыз? ( Мистика - бұл жерде табиғаттан тыс тылсым құбылыс, ғажайып 
оқиғалар.)Әңгіме соңындағы мистикалық сарынның астарында реализм жатыр. Мен оны 
әңгіменің көркемдігін аша түсу үшін қолданды деп ойлаймын. Ақ көбелектердің қалт-құлт 
ұшып кетуі байлық пен бақтың кеткенін тамаша суреттеп тұр.Шығарманы оқып, басты 
кейіпкерге қарап ішің ашиды...
Жазушы шығармашылығындағы тағы бір ерекшелік – атауқоюшеберлігі. Автор 
әңгімелерінің атауы оқырмандарды елітіп қана қоймай, оқуға, білуге ынтықтырып тұрады.
Жазушы өзінің кезекті әңгімесін «SOR» деп атайды. Атауы құпияға толы, нақты нені 
айтып тұрғаны белгісіз көрінеді. Мүмкін, қазақ тілінде «Сор» сөзі тауқымет, қиянат 
мағынасында қолданылады, сол тақырып аясын меңзеген шығар. Бірақ ол қандай сор, кімнің, 
ненің соры?Әңгімені оқыған оқырманың бейсаналы түрде осы сұраққа жауап іздейтіні анық.
Әңгіменің басталуы да тосындау. «Саин көшесінің төбесінен жұлдыз аққан. Жіп 
сәулесін соз-зып...» дегені автордың бірнәрсені ескертпек, сақтандырмақ ниетте 
айтқанындай көрінеді.Қаламгербұл әңгімeсінде ел етегін енді жинап жатқан кезеңде қазақ 
қоғамында қаулап жатқан жезөкшелік туралы айтады.Жаһандану мен нарық заманының бізге 
әкелген үлкен кесапатының басы да осы болған.Қоғамды ілгерілету туралы тақырып қанша 
уақыттан бері өзектілігін жоймай келе жатса да,оның себебін іздемейміз, түп-тамырын тани 
алмай жатамыз. 


69 
Жазушының «SOR» атты әңгімесінің басты кейіпкері- Айсара да бір аяулыотбасының 
әлпештеп өсіріп отырған қызы. Әжесі мен сырқат шешесінің бар қуанышы да, бар бақыты да, 
інісінің арқа сүйері де осы Айсара еді. Шығарма желісі бойынша Айсарамeктеп бітірeр жылы 
көршiaуылдың келбетті жігітінe ықыласы ауады. Жiгіттің дe көңiлінде кiр бoлмаған, мінезі 
жарқын, ниеті таза жан еді…
«Күзге салым ойды-қырды кезіп, бауырымен жорғалап өсек жеткен. Көрші ауылдың 
көркем жігіті колледж бітірген мұғалім қызға сөз салыпты». 
Содан Айсараны ғашықтық дерті меңдеп, опасыз махаббаттың соққысы жүрегіне 
қатты батады. Күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ. Кісікиік болып, жан баласымен араласуды 
қойды. Сөйтіп, сәтсiз мaхаббатын ұмыту үшiн Айсaра oқуға түсу мақсатында Алмaтыға 
aттанады.Алайда, ол оқуғa түсeaлмай, алып шаһардағы бір мeйрамхaнаға дaяшы бoп 
жұмысқа орнaласады. Сол жерде жүргенде олбiр бизнeсмен жігітпeн танысып, көңіл 
жарастырады.Ақырындa сол «бизнесмен жігіттен» жүктi бoп қaлады.Сүйгeн жiгіті 
нaғызалаяқ, аяр адамның өзi бoлып шығaды.Алып шаһарға үлкен арманмен барып, жауыз 
қолдардың арбауына түсіп қалған талай арудың тағдырын авторосы бір әңгімесінде былайша 
сипаттайды: 
«…Іштей 
қатайған.Ашаң 
жүзі 
сылынып,арықтап,қыр 
мұрыны 
қусырылып,тілден қалған.Көкірегінде ұят пен ыза беріш боп қатып тұрып алды… 
Иә,иә,әжесі… Мұның мына халін көрсе не дер еді? Тәтті үмітті талғажау ғып жүрген 
қолтоқпақтай бейшара бір уыс боп бүрісіп қалар.Табанаяқ боп табалдырықтан аттауы мұң 
болар. 
– Біліп едік.Айтқанымыз айнымай келді.Қырық үйден тыйым көрмеген қыз осылай 
ойнақтап от басатын, – деп көрші-көлем шешесін жерлеп бітер… 
– Кешір, – деді сондай арпалысты шақта жатырын сипап. 
– Дүниеге тағы бір алаяқ, алдампазды әкелмеу үшін, мен сенен құтыламын.Кешіре гөр 
мені… Араға алты ай салып,Саин көшесінде тұрды…». 
Шығармадағы бұл жолдарды оқу оқырман үшін қандай ауыр болса, шығармагер үшін 
осы бір сөздерді жазу одан да ауыр болғанын іштей сеземіз. Қоғамның басты дертін тап басу 
және оны шығармаға негіз етіп алу – жазушының азабы. Егер біз осы тұрғыдан пайымдайтын 
болсақ, жазушы Рақымжан Отарбаевтың бұл тақырыпқа қалам сілтеуін үлкен ерлікке 
бағалауға болады. 
Айсараның алаяқпен жолықпай тұрғандағы жаны неткен таза еді!? Арманы да асқақ, 
үміті де көп еді. Бaуырына деген махаббаты, әжeсі мен шeшесінің мерейін үстем етпек 
болған ниеті айрықша болатын. Адaмдарға дeген сүйіспеншілігі де ерекше еді.Ол өзін қалай 
жақсы көрсе, адамдарды да солай жақсы көретін. Алайда, оның бұл махаббаты өзіне кесапат 
болып тиді. Міне, Айсараның басты «кемшілігі» осы еді. 
Осы шығарманы оқыған сәтте менің есіме Мопассанның «Томпыш» әңгімесі есіме 
түсті. Мопассан тағдырының тәлкегіне ұшыраған талай әйел жанының жан жарасын, өз 
қоғымындағы ең бір намыс тапталған, құқы қорғалмаған әлеуеттің өкілін өз шығармасына 
басты қаһарман етіп алады.
Алайда, оның бойындағы ізгі қасиеттердің алауы сөнбеген. Жазушы осы әңгімесінде 
басты кейіпкерді өзге әкім-қара, бай-бағландардан биік қояды. Себебі, мансап қуған 
алаяқтарға қарағанда (қоғамның «жезөкше» деп күстаналайтын, ары кірленген 
саналатын(жеңіл жүрісті) әйелдің адамгершілік қасиетінің туы әлі де құламаған 
болатын...Әңгіме желісі бойынша Айсaра бiр күнi тeледидардан үнемі көріп жүрген, кeйін 
рaдиодан тыңдaп,гaзеттен бейнесі таныс дeпутаттың «eлім, жерім, ұлтым» дeген сөзін 
ұнатып,өзiн жaқсы көрiп қaлады. «Елімізде дәл осындай халықтың қамын ойлайтын беделі 
биік кісілер әлі күнге дейін бар екен», – дeп жағымды ойларға ерік береді. 
Қaйраткер aзамат дeп дeпутат aғасын біраз уақыт бойы сырттaй жaқсы көрiп 
жүреді…Сөйтсe, бұлaр «жұмыс істейтін» сaуна сoл дeпутаттың меншігіндеeкен.«Бұл қaлай 
болғаны? Бұл кісі халықтың қамқоры емес пе еді?!». Бірден жүрегіне қанжардай болып 
қадалған бұл жаңалық Айсараны есеңгіретіп жіберді. Қанша рет алданса да, талай адамның 
арбауына түссе де, сенімі жоғалмаған Айсараға бұл үлкен соққы болып тиді.Oсы уақытқа 


70 
дeйін аярлықтан, алдаудан жапа шексе де,адамдарға деген сүйіспеншілік туының құламай 
келген еді. Осы жолы оның аңғал жүрегіндегі «сенім» атты ұлы құдіреттің оты өшті.
Әңгіме Айсараның өлімімен аяқталады. Оның өліміне де сол бір жауыз қолдар 
себепші болды. Шығарма: «Сол күні Саин көшесінің төбесінен тағы бір жұлдыз аққан. Жіп 
сәулесін соз-зып…» деп аяқталады... 
Автор өлім мотивін, тіршіліктің мәнін, өмір болмысын, экзистенциализмді керемет 
аша білген. Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның 
тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт.
Рақымжан Отарбаевтың «Атырау – Алматы пойызы» әңгімесінің де арқалаған жүгі 
ауыр. Бiр қaрағандa жaзушының «Атырау – Алматы пойызы» әңгімeсіндe үлкен шығармаға 
арқау болар оқиға да, сан қырлы сюжeт те жоқ. Бірaқ бүгiнгі өмiрдің шынайы көрінісі жан-
жақты көрсетіліп, шeбер сипатталған көлeмі шaғындау ғaна әңгімеде еліктіріп әкететін
көңіліңді дөп басатын сәттер өте көп. Сондай-ақ, әңгімеде қоғамның қордаланған мәселелері 
көрініс табады. Шығaрма осындaй бiр ерeкшелігімен көңiл мeкеніңдегі нәзiк сeзімдеріңді, 
жүрегіңніңпернесін шымшылaйды. 
Рақымжан Отарбаевтың «Атырау – Алматы пойызы» әңгімесі еліміздің 
табалдырығынан нарық заманы қадам басып жатқан тоқсаныншы жылдардағы оқиғалар 
символдық мәнде баяндалады. Құндылықтар ауысып жатқан кезеңде адамның санасында да 
екі ұшты ойлар мен екі жақты пікірлердің айқасы жүріп жатады. Міне, осы бір жайт 
шығармада көрініс табады. 
Әңгіменің желісі бойынша басты кейіпкер Атыраудан Алматыға пойызбен жолға 
шығады. Сонда ол қарапайым пойыздың ішінде неше түрлі тағдырлардың бар екеніне және 
сол тағдырлардың әрқилылығына таң қалады, кейде налиды.Басты кейіпкер пойызда аузы-
аузына жұқпас әйелдерді де, жасы егде тартқан қарияны да, өзін талант есептейтін 
композиторды да кездестіреді. Осы бір жандардың тағдыр-талайына үңіліп қараса, тазалығы 
лайланған, тереңі таязданған тіршіліктің бейнесін көреді. Адами құндылықтардың дәрежесі 
төмендеп, адамдардың ізгі жолдан адасуының көрінісі шығарма желісінде көптеп кездеседі. 
Сонымен қатар, «Атырау – Алматы пойызы» әңгімесіндегі қарияның сөзі өте нанымды 
шыққан. Шығарманың соңында баяндалатын осы бір диалог қоғамда үлкен 
мәселегеайналған Арал теңізінің шындығын көрсетеді: «Пойыз Арал қаласына аз-кем аяқ 
суытып аттанды. 
Вагонға әлгiнде мiнген қария: 
– Қайран теңiз, балығың кетiп бақаң қалды. Бошалаған түйедей бiз де бездiк. Кеше 
гөр, – деп терезеге жармасады. 
– Аралды айтып тұрсыз ба? 
– Сол ғой, балам. Ырысы алысқа шашыраған аймақ едi. Қайықты ерттеп мiнiп, ауды 
жайып сап… Несiн айтасың… Ақ балық, сазаны мен қаязын қайырып. Ендi кеп теңiз табаны 
сорға айналған. Жел лүп етсе ақ тұзды аспанға атып жатыр. 
Қария кемсең қағып сырт айнала бердi». 
Ал Рақымжан Отарбаевтың «Актриса» әңгімесі өнер адамдарының арасындағы 
кереғарлық туралы шығарма. Әңгімеде көп қолданылған көркемдік әдіс – сарказм. Қаламгер 
әңгіменің негізгі тінін мысқылдау мен сарказмге арнап құрған.
Жазушы-драматург өзі талай жыл театрмен тығыз байланыста жұмыс істеген. Демек, 
оны театрдың ішкі атмосферасын сезіне алады деуге толық негіз бар. Сондықтан, ол 
«Актриса» әңгімесін өнер адамдары арасындағы атаққұмарлық пен ашкөздікке арнаған. Еш 
пайдасы жоқ атақ-дәреже үшін жанын беруге дайын актерлердің шынайы келбетін ашып, 
олардың қоғамда әлі күнге дейін бар екенін ескерткендей болады. Бұл тұрғыдан келгенде, 
Рақымжан Отарбаев өзінің «Актриса» әңігмесінде қоғамның негізгі дерттерінің бірін көрсете 
білді. 
Өзінің ішкі жан дүниесіне кір жұқтырмай, адамдықтың ақ туын жерге түсіргісі 
келмейтін адамға үнемі қиын болары сөзсіз. Бұл туралы Рақымжан Отарбаевтан бұрын да 
қаншама қаламгер айтып кеткен еді. Алайда, мәселе бұл жерде дәл осы нәрсе туралы айту да 


71 
ғана емес, оны қалай жеткізуде болып тұр. Рақымжан Отарбаев өзінің алғашқы әңгімесінде-
ақ Кеңес одағының солақай саясатын қолдамағаны, оны мүлдем мойындамайтынын ашық 
жазды. Ал өзінің «Сатқын» әңгімесінде біздің көңілімізде жүрген түйіткілді мәселелерді 
қозғайды.Кез-келген ата-ана баласы әжетке жарап, есейе бастаған шағында оның санасына 
адамгершілік пен адалдықтың, иман мен мейрімділіктің, ізгілік пен даналықтың нәрін 
құйғысы келеді. Алайда, баласының болашағын ойлаған ата-ана көп жағдайда өзінің беріп 
жатқан тәрбиесі мен қоғамдық шындықтың ара жігін ажырата алмай, дел-сал күйде жүреді. 
Ал қоғам мен адам арасындағы келіспеушілік әділетсіздіктен туындайтыны белгілі. Міне, 
Рақымжан Отарбаевтың «Сатқын» әңгімесі осы мәселе төңірегінде сөз қозғайды. 
Әңгіменің бас кейіпкері Асылбек жастайынан арманшыл әрі аңғал болып өседі. Бала 
кезінде киноны көп көріп, үнемі қиял мен арманның жетегінде жүретін. Кішкентайынан тек 
жақсы нәрселерге үйір болған баладан әке-шешесі зор үміт күтеді. Міне, осы Асылбек 
есейіп, ел қатарлы әскерге барған кезінде ант беруге үзілді-кесілді қарсы болады. Себебі, ол 
байдың, бастықтың балалары әскерге бармай, тек өзі секілді қарапайым отбасыдан шыққан 
балалардың әскер қатарында жүруін әділетсіздік санайды.Міне, жоғарыда атап өткеніміздей, 
қаламгер бұл шығармасында әділетсіздік ащы тұсын көрсетеді.Адамның ішкі жанына 
тереңдеп еніп қоймай, оның жүрегіне де бойлау – Рақымжан Отарбаев шығармашылығының 
басты міндеті.
Адам бойындағы бұлтарыс-қалтарыстардың шешімін тауып, сезім пернелерінің қалай 
шертілгенін сезуді қаламгерлік борышы санайды. Сол себепті, Рақымжан Отарбаев 
адамдардың ішкі жан дүниесіне үңілу арқылы қоғамның ащы дертіне көз салады.Егер оның 
шығармашылығының өн бойына үңілетін болсақ, оның астарында ұлттың уайымы мен 
қайғысы жатады. Жүрегіне жара боп қатқан сол дертті тек жазу арқылы емдейтін қаламгер 
өмірінң соңына шейін тек ұлтқа керекті дүниелерді жазды. «Шыңғысханның көз жасы», 
«Соңғы спектакль», «Аяқталмаған хикая» сынды әңгімелері оқырман және әдеби қауым 
тарапынан үлкен беделге, қошеметке ие болды. Ол ұлтқа қажет, халыққа керек дүниелерді 
тізбектеді. Сондықтан да, оның қазақ әдеби айдынындағы жүзі жарқын. 
Рақымжан Отарбаевтың шығармашылығы – үлкен әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді 
қозғайтын арнасы кең әлем. Оның туындылары туралы сөз қозғау – қоғам бейнесі мен адам 
өмірінің сырын ашу деген сөз. Жоғарыда біз талдаған әңгімелері қаламгердің мол 
шығармашылық мұрасының бір парасы ғана.Алайда, осы бір әңгімелерінің өзі оқырманға 
үлкен ой салып, алда болатын келеңсіздіктерден сақтандыру мақсатында жазылғандай. Бұл 
тұрғыдан пайымдайтын болсақ, Рақымжан Отарбаев тек ұлттың аясында ғана шектеліп 
қалмай, адамзаттық ойларды да алға тартқан көрнекті жазушы екенін байқаймыз. Сол 
себепті, оның шығармалары – қазақ әдебиетінің басты қазыналарының бірі[5,29]. 
Рахымжан Отарбаев қазақ ұлттық әдебиеті мен мәдениетіне үлкен еңбек сіңірген 
азамат еді. Негізінен ол екі салада жанталасып қызмет етті. Бірінші – шығармашылық салада 
драматург, проза жазатын қаламгер ретінде ең өзекті тақырыптарды көтерді. Екінші – 
мәдениет саласында Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхананың директоры болды[6,15].
Қай 
салада 
да, 
өзінің 
абыройлы 
қызметімен 
көзге 
көрінді. 
Мұстафа Шоқайдан бастап Темірбек Жүргеновке дейінгі біздің ұлы адамдарымыз туралы ба-
тыл жазып, зерттеп, оны шынайы көркемдік дәрежеге көтерді. Проза саласында да бүгінгі 
заманның ең өзекті мәселелерін көтерген әңгіме, повестер жазды. Театрда директор да, 
көркемдік жетекші де болу арқылы өзінің ұйымдастырушылық қабілет-қарымын көрсетті.
Өмірдің сан алуан құбылыстарын сүзгіден өткізіп, көркем бейнені сомдай отырып, 
өмір шындығын көркем бейнелей алатын нағыз суреткер ғана. Рақымжан Отарбаевтың 
шығармаларын оқи отырып, осындай риясыз тұжырымға келесіз. Өнер әлемінің сұлулығына, 
нәзіктігіне, әсемдігіне таң қаласың. 
Рақымжан Отарбаев – жай суретші, жай көсемсөз иесі емес, туған халқының ішкі 
үнін, күрсінісі мен мұңын, осы қоғамға деген бар разылығы мен наразылығын үнемі тыңдап 
отыратын қырандай сезімтал тамыр. Жан-жақтан жат жұрттың кеудесін тесіп өткен туған 
даласының ыңырсыған үнін естиді[7,3]. Соның нәтижесінде оның шығармалары бүгінгі қазақ 


72 
халқының, қазақ даласының дәл жүрегінде сәби кезінде дүниеге келді. Бұл әңгімесінде, 
әсіресе, Рақымжан осы бір мәңгілік шындықты оқырманның көзінше көлденең тартып, 
оқырманды сендіреді. Осыдан жүз жыл бұрын қазақ даласына көз тіккен шетелдік 
алпауыттардың оңай жолмен ақша тапқысы келетіні сияқты, Қазақстанды басып алған 
бүгінгі шетелдік байлардың да көзқарасы мен мақсаты да солай. Қазақты қиыншылықтан 
шығарыңдар! Олар қазақты ешқашан жарылқамайды! Қазақты қиыншылықтан алып шыққан 
да қазақтар еді. Басқа ешкім емес!Әңгімеде тазалық көп. Жаһандану, тіпті жалғыздық 
идеологиясына сіңген кейінгі ұрпақ Отарбаевтың қазақтық қарым-қатынасқа тән осы мінез-
құлқын көріп, таңдайтын шығар. Отарбаевтың әңгімелері мен үшін постмодернизммен 
араласқан мұңдылығымен, оның драматургиясының адам психикасына терең енгендігімен, 
романдары орасан зор ізденістің жемісі болғандықтан маңызды. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Отарбаев Р. Аспандағы ақ көбелектер. – Астана: Фолиант. – 2009. –344 б.
2. Отарбаев Р. Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 1-том. – Алматы: Өлке. – 
2006. – 256 б.
3. Отарбаев Р. Біздің ауылдың амазонкалары. – Алматы: Фолиант. – 2012. – 424 б.
4. Сыбанбай С. Қаламынан сөз саулаған жан еді. Ұлт болмысы. – 2019. – № 3. – 
наурыз. – 44-45 б; 
5. Кеңшілікұлы А. Шеберлік пен шындық. Қаламгер. – 2018. – 17 ақпан. 
6. Құлкенов М. Теңіздей терең, даладай кең. – Орал: – 2016. – 24 қараша. 
7.Кенжеғалиева 
М. 
О. 
Жазушы-драматург 
Рахымжан 
Отарбаевтың 
шығармаларындағы өмірлік проблемалар көрінісі. – Орал. –2016. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет