Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38

Дайрабаев Мақсат Сейлбекович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының магистр-оқытушысы, 
Абдукаримов Баймурат Үсенович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының магистр-оқытушысы
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУҒА 
ЖӘНЕ ДАМЫТУҒА ДАЯРЛАУ ЖОЛДАРЫ
Түйін. Бұл мақалада дене шынықтыру-спорт-
тық  жұмыстары  жеке  тұлғаның  жан-жақты 
жетілуіне  шығармашылық қабілетін арттыруға 
және ықпал ете отырып жас жеткіншектердің 
дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз етуге. Пе-
дагогикалық  қызметке  даярлауға,  дене  тәрбиесі 
мен  спорттық-сауықтыру  шараларын  ұйымда-
стыра білуге және оның мәні мен мүмкіндіктерін 
түсіндіру қарастырылған.
Кілтті  сөздер:  Педагогика,  білім  беру,  оқы-
тып,  үйрету,  бағдарлау,  өздігінен  дамыту,  дене 
дайындағандығы, дене тәрбиесі.
Резюме.  В  этой  статье  рассматривается 
физкультурно-спортивной  работы-всесторонне 
гармоническое  развитие  личности  формирование 
и  развитие  творческих  способностей  молодого 
поколения,  способствуя  совершенствованию  и 
повышению  обеспечение.  На  подготовку  к  педа-
гогической деятельности, физической культуры и 
спортивно-оздоровительных мероприятий и орга-
низовывать знать значение и толкование его воз-
можностей.
Ключевые слова: Ориентирование, образование 
развитие  личности,  саморазвитие,  физическая 
культура.
Summary: This article discusses physical and sports 
activities-a  comprehensive  harmonic  development  of 
the personality formation and development of creative 
abilities of the younger generation, helping to improve 
and  enhance  security.  To  prepare  for  educational 
activities, physical culture and sports activities and to 
organize to know the meaning and interpretation of its 
possibilities.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development,  personal  development,  physical 
education.
Қазіргі  Қазақстан  Республикасында  болып 
жатқан  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өз-
герістер  білім  саласын  жетілдіруді  талап  етеді. 
Әсіресе, қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру саласын-
дағы  гуманитарландыру  мен  демократияландыру 
процестері ең алдымен, білім мазмұнын жаңарту-
дың қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қа-
жет етіп отыр. 
«Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам 
тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең ал-
дымен, шығармашылық пен таным субъектісі, мә-
дениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің щығар-
машылыққа  деген  құлшынысымен  оқушыларды 
баурап  әкететін  субъектісі  ретінде  көрінуімен  бе-
дерленді,» — делінген Қазақстан Республикасы гу-
манитарлық білім беру тұжырымдамасында. Міне, 
мұндай мақсатқа жету білім мазмұнын жаңартумен 
қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құрал-
дарын  қолданудың  тиімділігін  арттыру  міндетін 
жүзеге асыруды қажет етеді[1].
Студенттер болашақта алған білімдері мен дағ-
дыларын оқыту жүйесінде, дене тәрбиесі пәнінде 
спорт түріне қарай берілетін жаттығулардың түрлі 
әдістерін практикада қолдана алатындай дәрежеге 
жетуі  үшін  оқытудың    ғылыми  және  әдістемелік 
жолдарын ұйымдастырылуымен қатар, бірге ұшта-
стыра білуі қажет.
Іргелі  пәндерді  оқыту  барысында  кездесетін 
кейбір  жетіспейтін  жәйттар  бар.  Мысалы,  оқы-
тудың    қолданбалы  және  кәсіби–педагогикалық 
бағытталуы  толық  қамтылмайды,  қосымша  то-
лықтыруларды қажет етеді. Оған қоса пән аралық 
байланыс  тиімді  қолданылмайды,  білімгерлердің 
жұмыстары  ғылыми  әдістемелік  негізде  ұйымда-
стырылу  деңгейі  төмен,  әлі  де  керекті  дәрежеде 
дамымаған [2].
Сонымен  қатар,  пәнді  оқыту  барысында 
бағдарламаға  сәйкес  материалдарды  сапалы  түр-
де жеткізуге көп көңіл бөлінеді де, кәсіби бағдар 
берілуі,  мотивация  және  т.б.  дидактикалық  мәсе-
лелер жүзеге асырылмай қалады. Сондықтан мұн-
дай  кемшіліктерді  жоюдың  бірден-бір  жолы  дене 
тәрбиесі сабағында спорт түрлеріне қарай жалпы 
және арнайы жаттығуларды сапалы ұйымдастыру, 
үй  тапсырмаларын  нақтылау,  бақылауларды  өткі-
зу  барысын  ұйымдастыруға  арналған  әдістемелік 
жүйесін құру, олардың әрқайсысының функцияла-
рын айқындау, оларға нақты бір талаптар қою бо-
лып табылады.
Білім  беру  саласында  шешілуі  тиіс  мәселе-
лердің бірі өмір талабына сәйкес оқыту әдістерін 
анықтау болып отыр. Себебі болашақ мамандарды 
дайындауда қойылатын талаптардың бірі – маман-
ның білімі нарыққа сай сұранысты қанағаттанды-
руы,  яғни  нақты  бір  мәселені  шешу  барысында 
шынайы  нысандар  моделін  қолдану  қажет  болып 
отыр. Осы тұрғыдан жобалар әдісі және бағдарла-
малау арқылы оқыту әдісі маңызды саналып келеді.
Қоғамды  индустрияландыру  кезеңінде  білім 

85
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
беру  жүйесі  алдыңғы  кезекте,  білімі  жоғары,  қа-
білетті, заман талабына сай жаңа ақпараттық жүй-
елерді меңгерген сауатты мамандарды дайындауға 
бағытталуы  керек.  Яғни,  білімгерлердің  дүниета-
нымдық  көзқарасын  қалыптастыра  отырып,  оны 
ізгілікті  адамгершілікке  даярлау  басты  нысанаға 
айналу қажет.
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  да-
мыту  туралы  мемлекеттік  бағдарламада  білім 
беру  мазмұнын  білім  үстемдігі  деңгейінен  нәти-
жеге  бағытталған  біліктілік  деңгейіне  көтерудің 
маңыздылығына ерекше назар аударылған. Қазір-
гі  білім  берудің  басты  мақсаты  –  мамандарды 
әлемді  шығармашылық  тұрғыдан  өзгертудің  әді-
стемесімен  қаруландыру.  Осы  тұрғыдан  алғанда 
ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен ше-
шуді ұсыну заңды құбылысқа айналып отыр[3].
Адамның  іс-әрекетінің  белсенділігі  мен  дер-
бестігінің  ең  жоғарғы  сатысы  –шығармашылық. 
Сондықтан оқу–тәрбие процесінде білімгерлердің 
шығармашылық  қабілетін  дамытуға  айрықша 
көңіл бөлінуі тиіс.
Педагогикалық  қызметке  даярлық  педагогика-
лық жоғары оқу орындарында  ұзақ уақыттарда ма-
мандарды  дайындау  жүйесін  қалыптастыру  және 
жаңа жетілдіру жолдарын жасау болып табылады.
Заманауи технологияларды пайдалану жағдай-
ындағы  жұмыстардың  қажеттілігін  қарастыра 
отырып, компьютерді білім беру саласында пай-
далануды  оқу  құралы  ретінде  қолдануға  бағыт-
талған  қосымша  оқу  құралы  ретінде  ұсынуға 
болады.    Педагогтың  заманауи  технологияны 
пайдалануға  дайындығы  жүйесіне  мыналарды 
жатқызуға болады:
а) педагогикалық қызметтегі заманауи техноло-
гияны пайдалануға бағытталған әр түрлі дәреженің 
қалыптасуы  мен  осы  сала  бойынша  өз  білімін 
жетілдіру  қажеттілігімен  компьютермен  жұмыс 
істеу қызығушылығы, кәсіптік ойлау қабілетін да-
мыту;
б)    педагогикалық  оқу  орындарында  заманауи 
технологияны  пайдалану  жағдайында  педагогтық 
қызмет  үшін  қажет  арнайы  білім  мен  психологи-
ялы-педагогикалық біліктілік  қажеттілігін жетіл-
діру; 
в)  заманауи  технологияны пайдаланудың педа-
гогикалық  іскерлігі  мен  дағдыларының  деңгейіне 
қойылатын талаптардың қалыптасуы; 
с)  мамандығы  бойынша  --педагогикалық  қыз-
метті игеруде алғы шарттарының бар болуы, жеке 
тұлғаның  педагогтық  мәнді  сапасының  қалыпта-
суы,  ақпараттық  қоғам  жағдайында  педагогика-
лық қызметтің денсаулық жағдайы мен физикалық 
даму талаптарының сәйкестігі[4].
Жоғарыда  көрсетілген  педагогтық  қызмет-
терді  орындау  барысындағы  даярлық  түсінігінен, 
сонымен  қатар  оқытудағы  заманауи  технология 
мәселесін  зерттеуде  және  білімгерлерді  болашақ 
педагогтық  қызметіне  заманауи    технологияны 
пайдаланып  дайындауда,  оқу-тәрбие  процессінде 
жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалану  даяр-
лығының анықтамасы қалыптастырылды.
Берілген  даярлық  өзіне  заманауи  заманауи 
технологияның  жоғары  мотивациясын  енгізетін, 
біріктірілген  білім  беру  жүйесі  ретінде  анықта-
лады.  Сонымен  қатар  жаңа  ақпараттық  техноло-
гия  аспектілерінің  теориялық  білімдері,  сәйкес 
эмоциональды-еріктік  сапасы  мен  педагогикалық 
іскерлік кешенінің таралуы келесі айтылғандармен 
көрінеді,  яғни  жаңа  қызмет  жағдайындағы  құра-
стырушылық,  ұйымдастырушылық,  коммуника-
тивтілік, гностикалығы.
Әртүрлі  психологиялы-педагогикалық  дайын-
дық  модельдерінде  білімгерлердің  компьютерді 
пайдалануын  оқыту  құралы  және  мектеп  оқушы-
ларының  білімін  жетілдіріп  дамытушы  ретінде 
қарастырып,  келесі  даярлық  элементтерін  қалып-
тастыруымызға болады:
1.  жаңа  ақпараттық  технологияның  мектепте 
дұрыс қолданылуына деген ұмтылыс, компьютер-
мен бірге жұмыс жүргізуді үйрету, жаңа ақпарат-
тық  технологияны  пайдаланып,  білімнің  сапасын 
арттыруға қол жеткізу жолдары және т.б.
2.      заманауи    технологияны  оқытудағы  қол-
данылуын түсіну оған баға беру, берілген қызмет 
түрінде білім мен іскерліктің бірігуін қамтамасыз 
етуі және т.б.
3.  жоғары оқу орнын бітірушілердің мектептегі 
компьютер жүйесінде жұмыс істеуге деген жауап-
кершілігі,  педагогикалық  қызметтің  болашақтағы 
жетістігіне сенуі, заманауи технологияны пайдала-
нып дайындық жұмыстарын жүргізе білуі.
Болашақ мұғалімді дайындау барысында педа-
гог маманы үшін келесі қағидалар мен көзарастар 
қалыптасады: 
- оқу процесіне заманауи  технологияны пайда-
ланудың мотивациялы-құндылық қатысы; 
- педагогикалық қызметтегі құрастырушы ком-
понент  ретінде  педагогтың  заманауи  технология-
ны пайдалану жағдайындағы қызметін жоспарлай 
білуі; 
- заманауи  технологияны пайдалану жағдайын-
дағы оқушылардың оқу-танымдық қызметін басқа-
ра  білумен  сипатталатын  ұйымдастырушылық 
компоненті; 
-  компьютер  көмегімен  оқыту  кезінде  оның 
жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқушылар-
дың  жекеленген,  топтық,  ұжымдық  қызметтерін 
ұйымдастыруды жандандыруы; 
- заманауи технологияны пайдалану жағдайын-
да оқушылармен педагогикалық жұмысқа қатына-
сты  орнататын  қабілет  –  коммуникативті  компо-
ненті; 
- түрлі типтегі үйретуші программалар тапсыр-
маларын құрастырып, оқушылар үшін түсініктілік 
дәрежесін  талдау  (оқушылардың  программамен 

86
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
жұмыс істеу қызығушылығын бағалау және басқа 
типтегі  программаларды  пайдалануды  үйрету) 
және оқытушы қызметінің ерекшеліктеріне байла-
нысты программаның ішкі типінің қиындықтарын 
жеңе білу жолдарын меңгеруі; 
- гностикалық компонент мағынасына қарай за-
манауи  технология  жағдайындағы  педагогикалық 
қызметке даярлығын бағалай білуі, сонымен қатар 
компьютерлік  техниканы  пайдаланудағы  педаго-
гикалық  қызметті  талдай  білуі,  өзінің  жеке  ерек-
шеліктеріне  байланысты  басқара  білуі,  педагоги-
калық  дайындық  дәрежесіне  сәйкес  педагогтық 
жағдайда өзін көрсете білуі және оқытудағы жаңа 
ақпараттық технология мәселесі бойынша өз білімі 
мен  іскерлігін  бағалау  есебінің  шешімін  негіздей 
білуі  сияқты  негізгі  қабілеттілігі  мен  білімділігі 
болып табылады.
Зерттеулерде білімгерлердің оқу-танымдық қы-
зметін ұйымдастырудағы мәселелер шешілді және 
оның  әрқайсысы  өз  қабілетіне  сәйкес  жұмыс  жа-
сап, жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның белгілі бір 
болашақ педагогтық қызметін құрайтын заманауи 
технология аймағындағы білімі, іскерлігі және дағ-
дыларын табысты игеруіне болады.
Біз заманауи  технологияны пайдалану жағдай-
ындағы болашақ педагог жұмысының нақты дай-
ындығының  бірнеше  параметрлеріне    яғни  олар-
дың  өз  білімін,  іскерлігін  бағалауы  мен  қызмет 
мотивтеріне талдау жасадық.  Студенттердің кей-
бір жеке қасиеттерін ескере отырып, оқу процесін-
де  компьютерді  пайдаланудың  объективті  және 
субъективті даярлық сипаттамасының өзара байла-
нысы қарастырылды[5].
Қарастырып отырған даярлықтың әрбір компо-
нент көрсеткіші заманауи  технологияны пайдала-
нудағы мұғалім даярлығының қалыптасу деңгейін 
бағалау өлшемдері болып табылады және педаго-
гикалық қызметте заманауи  технологияны пайда-
лану  даярлығының  қалыптасқан  деңгейі  ерекше-
леніп берілді.
Заманауи  технологияны  пайдалану  даярлығы-
ның  дамуын  спираль  түрінде  жүреді  деп  пікір 
білдіруімізге  болады,  яғни  физика,  информатика-
ны  оқыту  элементтерінен  жаңа  ақпараттық  тех-
нологияны жан-жақты игеруге және оны оқу-тәр-
бие  процесі  жүйесінде  жүзеге  асыру  тәсілдерін 
шығармашылық  тұрғыдан  меңгеру.  Осы  көріні-
стен  бір-бірінен  сапалы  айырмашылығы  бар  да-
ярлықтың  3  негізгі  деңгейін  ерекшелеп  өтуімізге 
болады:  даярлықтың  қарапайымдылығы,  функци-
ональды, жүйелік деңгейлері. Бір деңгейден екін-
шісіне  өту  алдыңғысын  теріске  шығармайды  не-
месе  алдыңғысын  “алып  тастау”  диалектісімен 
сипатталмайды[6].
Сонымен қарапайым даярлық деңгейінде мең-
герген  теориялық  білімді  диалектикалық  түрде 
теріске  шығармаймыз,  ол  педагогтың  практика-
лық қызметі процесінде мағынасы ауысады, содан 
басқа  сапалы,  жоғары  деңгейлі  функциональды 
даярлыққа  өту  жандандырылады.  Есептеу  техни-
каларын пайдалану бойынша алдыңғы деңгейдегі 
практикалық  қызметтің  білімі  мен  іскерлігін  же-
делдетудің (сыртқы ортаға ауысуы) психологиялық 
механизмі жасалады. Бұдан әрі теориялық танымға 
тереңдеп енген практикалық іскерлік синтезі, педа-
гогикалық қызметке компьютерлік техникалардың 
қолдану жүйесінін теориялық негізі болып табыла-
тын, сана-сезімін сапалы, әрі құрылымдық жетіл-
діруге  айналдыру  мен  қайта  игерген  ішкі  қызмет 
тәсілдеріне әкеледі. Сонымен қатар ойлаудың жаңа 
түрі – компьютерлік ойлау қалыптасады, бұл жүй-
елі даярлық деңгейіндегі педагог жеке тұлғасының 
маңызды  жаңа  бейнесі.  Осы  даярлық  деңгейінің 
негізгі  көрінісі  деп  жаңа  ақпараттық  технология-
ны ғылыми және әдістемелік жұмыстарға, оқушы-
ларды  оқыту  мен  білімін  дамыту  үшін  еркін,  өз 
орнымен және бірдей қолданады деп есептеуіміз-
ге  болады.  Арнайы  психологиялы-педагогикалық 
дайындығы жоқ көптеген педагогтар мен білімгер-
лердің білімі қарапайым даярлық деңгейінен төмен 
болуы мүмкін. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Н.Ә.Назарбаев.  Қазақстан – 2030. – Алматы: 
Білім, 1997. – 265 б.
2.  Мухамеджанов  Б.Қ.  Болашақ  дене  мәдениеті 
мамандарын  кәсіби  дайындаудың  ғылыми  практи-
калық  негіздері  Пед.  ғыл.  докт.  дисс....-  Түркістан, 
2010. 
3.  Құсайынов  А.  Ұстаз  биігі:  қазіргі  заман 
мұғалімінің кәсіби шеберлігі  туралы толғаныс. //Еге-
мен Қазақстан. 2002, 30 тамыз. 6-б.
4.  Никитина  Н.Н.  Введение  в  педагогиче-
скую  деятельность:  Теория  и  практика:  Учеб-
ное  пособие  для  студентов  высших  педаго-
гических  учебных  заведений  /Н.Н.Никитина, 
Н.В.Кислинская.- М.: Изд. центр «Академия», 2004.- 
224 с.                                                                                                         5.  
Орлов А.А.пен Агафонова А.С. Введение в педагогиче-
скую деятельность: Практикум: Учебно- метод по-
собие для студ выс пед уч заведений /Под ред А.А.Ор-
лова.- М.: «Академия», 2004.- 256 с. 
6.  Гребенкина Л.К.  Формирование профессиона-
лизма  учителей в системе непрерывного педагогиче-
ского образования. –Рязань, 2000.-С.108-109.
7. Федотенко И.Л. Становление профессиональ-
но-ценностных ориентаций будущего учителя в про-
цессе педагогической подготовки в вузе. – Тула, 1998. 
с. 143-145.

87
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07
Ибраев Абилкасим Зейдинович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының  аға оқытушысы
Жилисбаев Нағашбек Келисбекович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының магистр-оқытушысы
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ МӘНІ
Түйін.  Мақалада  қазақтың  ұлттық  ойындарының 
пайда  болуы  мен  оның  дамуына  сипаттама  берілген. 
Сонымен  бірге  ұлттық  ойынның  жастарға    серілік, 
өнерпаздық,  кеңпейілдік,  ақынжандылық,  шешендік, 
имандылық,  инабаттылық,  меймандостық,  үлкенді 
сыйлаушылық, қайырымдылық, дарындылық, патриот-
тық тәрбие берудегі мазмұны мен мәні теориялық не-
гізде сипатталған. Болашақ денешынықтыру мұғалім-
дерін  даярлауда  халықтық  тәрбие  элементтерін 
пайдаланудағы  педагогикалық  шарттары  анықталып, 
оларды іске асыру жолдары көрсетілген.
Кілтті  сөздер:  Педагогика,  білім  беру,  оқытып, 
үйрету, бағдарлау, өздігінен дамыту, дене дайындаған-
дығы, дене тәрбиесі.
Резюме.  В  статье  рассматривается  описание  ее 
возникновения и развития национальных игр. Рыцарский 
молодежи, а также игры, самодеятельности, мастер-
ства, нравственности, нравственного воспитания, ува-
жение к старшим, милосердие, артистизм, содержание 
и  значение  патриотического  воспитания,  описанных  в 
теоретической основе. В использовании элементов на-
родного  воспитания  в  подготовке  будущих  учителей 
физической  культуры  были  определены  педагогические 
условия, пути их реализации.
Ключевые слова: Ориентирование, образование раз-
витие личности, саморазвитие, физическая культура.
Summary: The article deals with the description of its 
origin  and  development  the  national  games.  Chivalrous 
youth,  as  well  as  games,  performances,  craftsmanship, 
morality,  moral  education,  respect  for  elders,  charity, 
artistry, content and significance of the Patriotic education, 
is described in theoretical basis. To use elements of national 
education  in  the  training  of  future  teachers  of  physical 
culture  were  determined  pedagogical  conditions  of  their 
implementation.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development, personal development, physical education.
Көптеген  ғасырлар  бойы  қазақ  халқының  ха-
лық  педагогикасының  құрылымы:  ауыз  әдебиеті, 
салт-дәстүрлер,  ұлттық  өнер,  ұлттық  тәлім.  Қа-
зақ халқының тарихи қалыптасқан ерекшеліктері: 
серілік, өнерпаздық, кеңпейілдік, ақынжандылық, 
шешендік,  имандылық,  инабаттылық,  меймандо-
стық, үлкенді сыйлаушылық, қайырымдылық, да-
рындылық,  сондай-ақ,  шеберлік,  қолөнермен  қа-
тар, күй, ән, би, спорттық өнер, т.б. өнердің алуан 
түрлерін  игеріп,  оны  дамытып,  ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасып  беріліп  келе  жатқан  халықтың  өнер-
паздығы  ғасырлардан  бері  дүниежүзіне  танылған 
құбылыс. Қазіргі өмірде адамның іс-әрекетіне, ру-
хани  дүниесіне  ықпал  ететін  білімдер  сан  алуан. 
Солардың ішінде ең парасатты, өміршеңі халықтың 
өз тәжірибесінде жинақтаған білімдер жүйесі. Бұл 
жөнінде  К.Д.Ушинский:  “…  халық  қанша  жыл 
өмір сүрсе, тәрбие де сонша өмір сүреді, онымен 
бірге өседі, өзінде халықтың бүкіл тарихын, оның 
бүкіл  жақсы-жаман  қасиеттерін  бейнелеуде,  олар 
бірін-бірі ауыстыра отырып, жаңа ұрпақтың өсуіне 
жағдай жасайды,”- деп жазды [1].
Мәселен,  Ә.  Табылдиев  ұлттық  тәрбиенің  не-
гізгі салаларына тоқталып өтіп, соның ішінде дене 
тәрбиесіне былай деп сипаттама береді: «Дене тәр-
биесі  –  тәрбиеленушінің  күш-қуатын,  қайрат-жі-
герін,  рухани  сергектігін  дамытып,  денсаулығын, 
сымбаттылығын, қалыптастыру үшін жүргізілетін 
игі әрекет» [2].
Ертеден  халық  дене  тәрбиесін  нәресте  іште 
жатқаннан  бастайды.  Іштегі  баланың  уақытында 
қимылдауы,  ананың  “шошып”  қалмауы,  “құрсақ 
көтерген” ананың дұрыс тамақтанып, көңілді өмір 
сүріп,  іштегі  нәрестенің  жан-дүниесіне  айналасы 
мен ананың жағымды әсер етуі, ананың “жерігінің” 
қануы,  т.б.  рәсімдер  мен  әрекеттер  нәрестенің 
“ай-күніне”, толымды болып, тоғыз ай, тоғыз күн-
де дүниеге келуіне әсерін тигізеді.
Бұрынғы  халықтың  тәрбиелік  дәстүрлеріндегі 
«Құрсақ  тойы»,  «Қазанжарыс»,  «Қалжа»,  «Шіл-
дехана», «Бесік тойы», «Тыштырма», «Иткөйлек» 
тәрізді, т.т. керемет әдет-ғұрыптары бала тәрбиесі-
не  дүниеге  келген  күнінен-ақ,  ер  жеткенге  дейін 
терең мән берілетінін көрсетеді.
Тарихта  қазақ  халқының  ұлттық  тәрбиесінің 
бір негізі – дене тәрбиесі, түрлі спорттық ойындар 
(көкпар, күрес, қыз қуу, ат жарыс, аударыспақ, най-
заласу, арқан тартыс, ақ сүйек, тоғыз құмалақ, т.б.) 
арқылы іске асырылған. Оған жаңаша (ат ойнату, 
гимнастика,  бокс,  футбол,  волейбол,  теннис,  т.б.) 
ұлттық-адами,  спорттық  ойындар  мен  дәстүрлер, 
үйірмелер қосылады.
Қазіргі ұлттық ойындарды бір жүйеге келтіріп, 
топтап, жеке тұлға ерекшеліктеріне қарай жіктеп, 
жоғары  әдістемелік  тұрғыдан  ұйымдастырсақ 
оқушыларға  дене  шынықтыру  сабағында  қимыл-
дық ойындарды кеңінен пайдалану тәрбиелік мін-
деттің нәтижелілігін арттыра түсері сөзсіз. 
Қазіргі  ұлттық  ойындарды  дене  тәрбиесіне 
жан-жақты жарасымды жеке тұлға тәрбиесі құра-
лы ретінде пайдалану, оқушылардың денсаулығын 
нығайту,  ақыл-ой,  адамгершілік  және  көркемдік 
талғамды,  еңбек  іс-әрекетімен  өзара  байланыста 

88
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
болатынын аңғарамыз. 
Көптеген жаттығуларды орындау барысында ру-
хани  дамуды    дене  мәдениетінің  жетілуімен  тұтас 
бір уақытта жүретін процесс ретінде қарастыру ке-
рек. Жаттығуды үйрету кезінде аз күш жұмсап, үл-
кен жұмыс орындауға және кездескен қиындықтар-
ды  жеңуге  мүмкіндік  беретін  саналы  көзқарас 
тәрбиелеуді негізгі міндет - деп, қарастырамыз.  
        
Қазіргі  ғылыми  еңбектерді  теориялық  талдау 
нәтижелері  болашақ  денешынықтыру  мұғалім-
дерінің дене тәрбиесінде халықтық педагогика эле-
менттерін  пайдаланудағы    мынадай  сабақ  мазмұ-
нының    өзара  байланысты  шарттарын  анықтауға 
мүмкіндік береді: 
1. Ұлттық ойын жаттығуларының құрамы және 
онымен  байланысты  білім  түріндегі  оқу  матери-
алы.  Ұлттық  ойын  жаттығулары  үйрену  нысаны 
бола отырып, дене тәрбиесі сабағының ерекшелі-
гін, оның пәндік мазмұнын көрсетеді. 
2. Педагогтың ұйымдастыруда – басқарушылық 
және бақылаушылық қызметі: сабақта ұлттық ой-
ындардың мақсатын белгілеу, ойын ережесін, оқу 
тапсырмаларын  түсіндіру,  практикалық  қимыл-
дың  үлгісін  көрсету,  көмек  және  қауіпсіздік  ша-
раларын  жүзеге  асыру,  ескертулер  мен  нұсқаулар 
беру: жаттығуларды жасау, орнын жинастыру және 
дайындау бойынша іс-қимыл, ұлттық ойын түріне 
қажетті құрал-жабдықтарды үйлестіру, жинап алу; 
болашақ дәрігерлер ойын ережелерін орындайтын 
жердегі басшылық (орналасу, орындау реттері, ал-
масу),  олардын  қимылын  өзара  бақылауды  және 
үлгерімді есепке алу, кәсіппен байланыстыру және 
сабақтың қорытындысын жасау.
Жастардың оқу-танымдық қызметі: ұлттық ой-
ындар  мен  жаттығулардың  міндеттерін  қабылдау 
және  ақылға  салу,    ондағы  нақты  міндетті  шешу 
жобасын ойша құрастыру және кейін оны жүзеге 
асыру; педагогтың реттеуімен нұсқауларын орын-
дау ісінде өзін-өзі бағалаудағы оқу-танымдық қыз-
метінің нәтижесі дене тәрбиесін өткізудің сапалық 
бағасының басты өлшемі болады. 
Сабақтың  құрылымы  –  бұл  ойынның  мазмұн 
элементтерінің  дене  тәрбиесі  сабағында  дидакти-
калық негізделген қатынасы мен реттілігі.  
Құрылым барлық ұлттық элементтердің ішкі бай-
ланысын,  олардың  өзара  іс-қимылының  жоғары 
өнімділігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, сабақтың не-
гізгі құрылымдық бірліктері, педагог пен оқушы-
лардың  өзара  шартты  қимылы  түріндегі  оның 
ұлттық  ойын  мазмұнының    элементтері  болып 
табылады.  Бұл  қимылдар  сыртқы  және  ішкі  екі 
көріністен байқалады. Сыртқы көрініс – дене тәр-
бие сабағының мазмұндық – ұйымдастырушылық 
мәнін бейнелейді және сырттан бақыланады: көр-
некі  нысанда  қозғалыстағы  қимылды,  спорттық 
жаттығулардың әр түрін педагогтың айтуы арқылы 
ұсынуы: ұстаздық  оқыту, тәрбиелеу және ұйымда-
стыру әдістері мен  тәсілдерді қолдануы. 
«Ата көрген – оқ жонар» демекші, қазақтың ұлт-
тық спорт жаттығуларын меңгеруі белгілі бір пси-
хологиялық  және  физиологиялық  заңдылықтарға 
сәйкес,  болашақ  дәрігерлердің  белсенді  қозғалыс 
қызметін  ұйымдастыруды  қажет  етеді.  Бұл  заң-
дылықтарды есепке алу дене тәрбиесі сабағының 
құрылым бірлігіндегі ең басты үш түрлі байланы-
сты  құрамды  бөліктерді  айырып  қарауға  негізде-
леді  (кіріспе-дайындық,  негізгі,  қорытынды).  Бұл 
бөлімдердің орналасу реттілігі, оқушылардың де-
несіне түсетін күш пен олардың ағзаларының (ор-
ганизм) жұмыс қабілеттігінің өзгеру заңдылықта-
рын бейнелейді, сондықтан да бұл үшеуі сабақтың 
кез- келген түрі үшін тұрақты. 
Сабақтың кіріспе-дайындық бөлімі жас маман-
дардың негізгі бөлімде жұмыс істеуінің алғышарт-
тарын қамтамасыз етеді. Оның мазмұны мен мін-
деттері: 
1) оқушылардың бастапқы ұйымдастыру: сапқа 
тұрғызу,  сабаққа  топтың  дайын  екендігі  жөнінде 
рапорт беру, бір орындағы саптық жаттығулар;
2)  мақсатты нұсқау жасау (сабақтың міндетін 
хабарлау); 
3)  ұлттық  қозғалмалы  ойындарды  қолданып, 
рухани  және  жағымды  қызу  қандылықты  қамта-
масыз ету (ұсақ құрал-жабдықтарды және ұлттық 
ойын  әдістерін  пайдалана  отырып,  жаттығуды 
жаппай орындау);
4) жалпы қыздырыну, дене қызметін ойын ере-
жесіне  біртіндеп  кірістіру  және  бірқалыпты  бел-
сенділікке қол жеткізу (шапшаң меңгеруге келетін, 
ұлттық  ойындарға  келтірілген  қарапайым  дене 
жаттығуларын және бұрын игерілген жаттығулар-
ды, ұлттық ойында қолданылатын жүру, жүгірудің 
әр түрлі байланыстарын орындау);
5) сабақтың негізгі бөлімі оқу бағдарламасын-
да және сабақ жоспарында көрсетілген жеке сайыс 
эелементтерін  пайдаланудың  білімдік,  тәрбиелік 
және  сауықтыру  міндеттерін  тереңірек  қамтуға 
бағытталуы;
6)  оқушылардың  тірек-қозғалыс  мүшелерін  ар-
найы  және  жалпы  дамыту,  олардың  ағзаларының 
қозғалыс  мүмкіндіктерін  жетілдіру,  оларға  өз  де-
несінің қимыл-қозғалыстарын басқару қабілетін да-
мыту мақсатында жаттығулар техникасын үйрету; 
7) ұлттық мұралар туралы арнаулы білімдерді 
қалыптастыру;
8)    ұлттық  сипаттағы  негізгі  және  арнаулы 
қозғалыс мүмкіндіктерін дамыту;
9)  ұлттық  сезім,  ұлттық  сана,  ұлттық  Рух  пен 
адамгершілік, интеллектуалдық және ерік-жігерін 
қамтамасыз ету.
Сабақтың  қорытынды  бөлімі,  оқушылардың 
ағзаларын  келесі  қызмет  үшін  тиімді  қозғалыс 
жағдайына  келтіру  және  осы  қызметке  нақты 
жағдай  жасау  мақсатын  көздейді.  Негізгі  типтін 
міндеттері мен мазмұны мынадай: 
1)    оқушының  физиологиялық  қызуын  және 

89
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
бұлшық  еттерінің  жеке  топтарының  артық  жиы-
рылуын төмендету;
2) топтағы эмоционалдық жағдайды реттеу (қа-
лыпқа келтіретін қозғалыс ойындары, назар ауда-
ратын жаттығулар);
3)  педагогтың бағалауы және жас дәрігерлердің 
қызмет нәтижесін өзін-өзі бағалау жолымен сабақ 
қорытындысын шығару;
4) үй тапсырмасын хабарлау.
Халықтық  қимылдық  ойындар  мұралары  сан 
алуан болып  келеді, олар өздерінің төл ерекшелік-
терімен пайда болу жағынан да, міндетті жағынан 
да ерекшеленеді. Мұнда қазақ халқы басынан өт-
кізген  тарихи  жолдың  нақтылы  шындығы  бейне-
ленген. Дене тәрбиесінің негізгі халықтық құрал-
дарының бірі ретіндегі бұл ұлттық ойындарының 
маңызы айналысушыға тәрбиелік ықпал етуге не-
гізделеді. Басқа жағынан алғанда, қазақ ұлттық ой-
ындары  өзінің  қарапайымдылығымен,  қол  жетер-
лігімен және тартымдылығымен көзге түседі және 
айналысушылардың денсаулық жағдайын жақсар-
туға ғана емес, сондай-ақ, білім беру міндеттерін 
шешуге де жәрдемдеседі. 
Ұлттық ойын құралдарымен оқушыларды дене 
мәдениетіне тәрбиелеуге арналған зерттеулер бел-
гілі  дәрежеде  кәсіптік  сабақтарының  маңызды 
жағына сүйенеді, сонымен бірге, ұлттық ойындар 
оқушыларды дене тәрбиесінің сан алуан нысанда-
рына тартуға мүмкіндік береді. 
А.В.  Пегованың  еңбегінен  ойындарды  мына-
дай белгілері бойынша айқындауға және саралауға 
көмектесетін  өзгеше  бір  анықтағышты  табамыз: 
өндірістік  және  тұрмыстық  дағдылармен  байла-
нысты ойындар; доп ойындары; соғыс ойындары; 
жаттығу ойындары [3]. 
Ұлттық  қимыл  ойындарының  маңызын, 
сондай-ақ  сипатын,  оларды  пайдаланудағы  са-
бақтастықты  анықтау  үшін  Е.М.  Гельфман  мен                       
С.А.  Шмаков  мынадай  саралауды  ұсынады:  зейін 
бөлетін ойындар; уақытты бағалауға үйрететін ой-
ындар; баланың жеке мүмкіндіктерін ашып көрсе-
тетін ойындар; көз өлшемін дамытатын ойындар; 
байқаушылыққа  жаттықтыратын  ойындар;  қимыл 
реакциясы  мен  үйлесімін  жылдамдататын  ойын-
дар;  шығармашылық  қабілетті  дамытатын  ойын-
дар; көңіл-күй мен сезімге әсер ететін ойындар [4]. 
Қазақ  ұлттық  ойындары  сияқты  дене  мәдени-
етінің  осындай  халықтық  құралдарын  алғаш  рет 
жүйелеу  бағытын  біз  М.  Гунердің  еңбектерінен 
көреміз,  ол  өзі  жинаған  қазақтың  ұлттық  ойын-
дарын  ескере  отырып,  оларды  мынадай  белгілері 
бойынша  саралауды  ұсынады:  жалпы  сипаттағы 
ойындар; кедергі және күрес элементтері бар ой-
ындар;  ашық  жерлердегі  ойындар;  қысқы  уақыт-
тағы  ойындар;  демалысқа  арналған  ойындар;  ат 
спорт ойындары; аттракцион ойындары [5]. 
Қандай да болсын ұлттық қимыл ойындары мен 
жаттығулардың  кез-келген  тобын  үйрету  өзіндік 
ерекшеліктерімен сипатталады: 
1.  Оқушының  белсенді  қозғалыс  қызметі  оқу 
материалын  меңгерудің  қажетті  шарты.  Оқушы-
лардың қозғалыс қимылдарын және дене жаттығу-
ларын  үйренуі  өзінде  бар  психологиялық  және 
дене күшін жұмсауды талап ететін оқу-еңбек қы-
зметі. Қимылды үйретуге қолданылатын қолайлы 
жағдайлар педагогтың үйрету әдісін жетілдіргенде 
көрінеді. 
2.  Оқушылардың  ұлттық  ойындар  қозғалыс 
дағдылары  жүйесін  қалыптастыру.  Тек  қана  қи-
мыл жүйесі олардың дене дайындығының сипатын 
анықтайды. Бірақ, ұлттық ойындардың дене жүк-
темесі, ойынды өткізудің жеке немесе командалық 
нысандары және басқалары сияқты ерекше көріні-
стері түрлерінің көп болуы нәтижесінде, олар дене 
тәрбиесінің  бағытына  және  оның  нақты  міндет-
теріне байланысты іріктеліп алынуы керек. 
3. Ұлттық ойындардағы қозғалыс қимылдары-
на  үйрету  дене  мүмкіндіктерін  қалыптастырумен 
өзара байланысты. Бұл процестердің  өзара шарт-
тылығы үш бағытта көрінеді. 
Бұлар  бір-біріне  байланысы  бар  төмендегі 
жағдай міндеттерді шешеді:
- күш, төзімділік, жылдамдық сияқты дене қа-
сиеттерін шыңдай түседі;
- оқушы денесі шынығып, өзіндік мүмкіншілік-
терін байытады;
-  мектеп  оқушысы  ұлттық  ойындардың  қозға-
лыс қимылдарына бейімделу, үйрену нәтижесінде 
шеберліктің,  әдіс,  айла,  амалдарының  жаңа  түр-
лерін таба білуіне ықпал жасайды;
- ұлттық психологиялық қасиеттерін дамытып, 
тәрбиелеп, сол арқылы күшті, шапшаңдықты иге-
реді.
-  ұлттық  ойындардағы  қозғалыс  қимылдары 
түрлерінен теориялық түсінен ала отырып, үйрену, 
ұлттық  ойындарды  дене  тәрбиесінде  қолдануды, 
оны өткізуді жеңілдетеді. 
Қарастырылған кейбір қозғалыс қимылдарына 
үйретуді  дене  мүмкіндіктерінің  тиісті  деңгейінсіз 
жүзеге асыру мүмкін емес. Мәселен, ұлттық ойын: 
«Арқан тартыс» - тартуға үйрету қолдың жеткілік-
ті  шынығу  деңгейін  талап  етеді,  сонымен  қатар 
жаттығу  жұмыстары  мен  оған  үйрену  қажеттігі 
туындайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. 
– Алматы: Қазақстан, 1996. – 160 б.
2.  Бөлеев  Қ.,  Бөлеева  Л.Қ.  Мұғалім  және  ұлттық 
тәрбие.-Алматы: Нұрлы әлем, 2000.-116 б.
3. Жарықбаев Қ.Б. , Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрби-
есі. - Алматы: Санат, 1995.
4.  Қожахметова  К.Ж.  Мектептің  ұлттық  тәрбие 
жүйесі: теория және практика. – Алматы: РБК, 1997. 
– 141 б.
5. Оңалбек Ж.К. Ұлттар арасындағы дене тәрбиесі 
мен спорт. – Алматы: РБК, 1997. – 126 б.

90
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет