Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38

Оразбаев  Ерғали  Дүйсенбекұлы
п.ғ.к., доцент, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасы  
Ауелбеков Арман Рахатович
Кентау қаласы, Ата-түрік атындағы №4 мектеп лицей оқытушысы
 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Түйін:  Мақалада  жоғары  оқу  орындарындағы 
дене  тәрбиесінің  әдістемелік  негіздері  қарасты-
рылады.  Жоғары  оқу  орындарында  дене  тәрби-
есін  оқытып,  үйрету  оқу  жұмыстарының  үлкен 
көлемімен және аса жоғары ақыл-ой жұмсалуымен 
байланысты  жүзеге  асырылатын  болғандықтан 
оқу үдерісінің қарқындылығы, әсіресе техникалық, 
ғылыми ақпарат ағынының артуымен және сту-
дентке оны тығыз уақыт аралығында меңгеру қа-
жеттілігін арттыруға үзіліссіз мақсатты бағыт 
қажет. 
Кілтті  сөздер:  Дене  тәрбиесі,  дене  жетілуі, 
жұмыс қабілеттілігі, денсаулық, психикалық сау-
лық,  функционалдық  қалып,  қозғалыс  белсенділігі, 
дене  мәдениеті  құндылықтары,  өндірістік  дене 
мәдениеті.
Резюме:  В  статье  рассматривается  методи-
ческие основы физического воспитания в высшых 
учебных  заведениях.  Обучение  в  высшем  учебном 
завении  сопряжено  с  большим  объемом  учебной 
работы  и  высокой  умственной  напряженностью. 
Причем интенсивность учебного процесса в вузах, 
особенно  в  технических,  имеет  неуклонную  тен-
денцию к возрастанию в связи с увеличением пото-
ка научной иформации и необходимости ее усвое-
ния студентами в сжатые сроки
Ключевые  слова:  Физическое  воспитание, 
физическое  совершенство  работоснособность, 
здоровье,  здоровье  психическое,  функциональное 
состояние,  двигательное  активность,  ценность 
физической  культуры,  пройзводственная  физиче-
ская культура.
Summary: the article considers the methodological 
foundations  of  physical  education  in  the  higher 
educational  institutions.  Training  in  a  higher 
educational  institution  is  associated  with  a  large 
volume  of  academic  work  and  high  mental  tension. 
Moreover,  the  intensity  of  the  educational  process 
in  higher  education,  especially  in  technical,  has  a 
steady tendency to increase due to the increased flow 
of  scientific  information  and  the  need  for  its  student 
learning in a short time. 
Key  words:  Physical  education,  physical  perfec-
tion, efficiency, health, mental health, functional status, 
physical activity, value of physical culture.
Жоғары оқу орындарында дене тәрбиесін оқы-
тып  үйрету  оқу  жұмыстарының  үлкен  көлемімен 
және аса жоғары ақыл-ой жұмсалуымен байланы-
сты болады. Жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінің 
қарқындылығы,  әсіресе  техникалық,  ғылыми 
ақпарат  ағынының  артуымен  байланысты  және 
студентке оны тығыз уақыт ішінде меңгеру қажет-
тілігін  арттыруға  үзіліссіз  мақсатты  бағыт  керек. 
Студенттердің жоғары оқу орнында оқу кезеңдері 
барысында  ақыл-ой  жұмыс  қабілеттілігінің  дина-
микасы, жоғары ақыл-ой белсенділігін сақтауы күн 
режіміндегі және оқу аптасындағы дене жүктеме-
лерінің көлеміне байланысты. Сонымен бірге, дене 
және жұмыс қабілеттілігінің арасында тығыз бай-
ланыс бар екені байқалады [1,3] 
Дене  тәрбиесімен  жүйелі  шұғылдану  кезін-
де  дене  жұмыс  қабілеттілігінің  артуы  студент-
тердің орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) қызметтік 
жағдайының  жақсарумен  қатар  жүреді.  Орталық 
жүйке жүйесінің жұмысын сүйемелдеу және артты-
ру үшін студенттерге жоғары оқу орнында оқыған 
барлық жылдарында аптасына 6-8 сағат көлемінде-
гі қозғалыс режімімен шұғылдану аса тиімді (Зама-
ренов Б.К., 1972ж). Егер келесі принципті ережелер 
ескерілсе қозғалыс жүктемесімен ақыл-ой қызметі 
үйлесімділікпен тиімді іске асырылады:
Тәртіп бойынша дене жаттығуларымен шұғыл-
дану  әрбір  семестрдің  бірінші  жартысында  жыл-
дамдық  қабілеттерін,  жылдамдық-күш  сапалары  
мен жылдамдық төзімділігін дамытуға бағытталған 
70-75%  жаттығулардан  тұруы  тиіс.  Студенттердің 
жүрек қан-тамырларының соғуы жиілігі бойынша 
жүктеме  қарқыны  минутына  160-170  ретке  дейін 
соғуы мүмкін.
Әрбір семестрдің екінші жартысында шамамен 
қолданылатын  арнайы  дене  жаттығуларын  күшті, 
жалпы  және  күш  төзімділігін  дамытуға  бағыттау 
қажет.  Сонымен  бірге,  қарқындылық  бұл  кезеңде 
біршама  төмендейді  (ЖСЖ  минутына  150  ретке 
дейін  соғады).  Оқу  және  өзбетінше  шұғылдануды 
бұлай құру студенттердің ақыл-ой жұмыс қабілет-
тілігіне ынталандыру әсерін тигізеді.
Күнделікті  сабақ  кестесінің  тәртіп  бойынша 
бірінші жұбында өткізілетін дене тәрбиесі сабағын-
да  аз  қарқынмен  орындалатын  жүктемелер  беру 
мақсатқа  сәйкес  келеді  (ЖСЖ  110-130  рет  мин.) 
немесе  орташа  қарқындылық  (130-150  рет.  мин.). 
Мұнда  сабақтың  ең  жақсы  моторлы  тығыздығы 
50-60% аралығында болады. Мұндай сабақтардың 
негізгі міндеті соңғы нәтижеде жоғары жұмыс қа-

98
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
білеттілігі  кезеңіне  ықпал  етіп  оқу  материалын 
жақсы  меңгеруді  қамтамасыз  ететін  ақыл-ой  қыз-
метінің жақсы қызметі кезеңінің қысқаруы қамта-
масыз етіледі. Мұндай жүктемемен шұғылдану өз 
дайындығын қоса оқу күнінің соңына дейін жақсы 
ақыл-ой белсенділігінің сақталуына мүмкіндік бе-
реді [2,4]. 
Егер  дене  тәрбиесі  сабағы  оқу  күнінің  3-4-ші 
жұбында  өткізілген  жағдайда  ЖСЖ  мин  150-160 
реттен аспауы тиіс. Жоғары дене дайындығы жоқ 
топ студенттері үшін үлкен жүктеме беру қолайсыз 
болады.
Аз  жаттыққан  студенттерге  аптасына  2  рет 
дене  тәрбиесінен  шұғылдану  сабақтарында  үлкен 
қарқынмен  жүктеме  беру  оқу  аптасы  барысында 
ақыл-ой қызметін төмендетеді. Сондықтан ақыл-ой 
белсенділігін  төмен  түсірмеу  үшін  дене  жүктеме-
лерін жоспарлауда студенттердің дене дайындығы 
деңгейін есепке алу маңызды.
Әртүрлі  спорт  түрлерімен  шұғылдану  ақыл-
ой  жұмыс  қабілеттілігіне  әртүрлі  әсер  етеді.    Бір  
жағынан ойындар мен жеке сайыс түрлері психи-
каға жоғары талап қояды.  
Бұл  сезім  күйінің  психикалық  механизімдері 
қызметінің  артуымен байланысты болады. Мұндай 
сабақтардың әсерінен ақыл-ой  белсенділігі  төмен-
дейді. Басқа жағынан, ұзаққа  созылмайтын  ойын-
мен  берілетін сезімдік  жүктемелер  оқу қызметі-
не  демеу беріп, студенттерді ынталдырады.  Дене 
тәрбиесі  сабағының  мазмұны  жеткілікті  дәрежеде 
әртүрлі болса жоғары әсері болады.
Емтихан-сынақ сессиялары кезеңдерінде жүкте-
мені мүмкіндігінше әдеттегі сабақтарға қарағанда 
60-70% төмендетілген қарқынмен таза ауада апта-
сына 2 реттен артық емес етіп беру қажет. Циклдік 
сипаттағы  жаттығулар  пайдаланған  мақсатқа  сәй-
кес болады (суға жүзу, шаңғы, жүгіру).
Осындай бейнеде, сессия кезінде дене жаттығу-
ларымен шұғылдану сабағының бағыты бойынша 
сауықтыру-сақтандыру  (негізінен  спортшы  еме-
стер үшін), екінші жағынан сүйемелдеу басымырақ 
(спортшылар үшін) сипатында болады.
Оқу аптасының шегінде қалыпты ақыл-ой жұ-
мыс  қабілеттілігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 
дене  тәрбиесімен  шұғылдану  сабағын  жоспарлау-
дың келесі бастапқы-бағдарлау үлгісі ұсынылады:
-дүйсенбі-студент  ағзасының  психологиялық 
дене жағдайын жандандыру мақсатында дене жат-
тығуларымен шұғылдану;
-сәрсенбі-жұмыс  қабілеттілігін  сүйемелдеу 
үшін дене жаттығуларымен шұғылдану;
-жұма-апталық  жинақталған  (кумулятивтік) 
шаршауды  түсіру  мақсатында  дене  жаттығула-
рымен шұғылдану;
Ақыл-ой  жұмыс  қабілеттілігінің  үйлесімді 
көрінуі үшін тек әртүрлі дене жаттығуларын жүй-
елі пайдалану ғана дұрыс  жағдай жасайтынын атап 
өткен жөн [4].
Студенттердің дене тәрбиесі өзіне келесі негіз-
гі  бағыттарды  кірістіреді:  жалпы  спорттық,  кәсі-
би-қолданбалы  дене  дайындықтары  мен  гигиена-
лық, сауықтыру-рекреативтік, емдеу.
Жалпы  дайындық  бағыты  студенттердің  жан-
жақты  дене  дайындығын  және  оны  дене  тәрби-
есінің    мемлекеттік  бағдарламасы  талаптары  дең-
гейінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Құралдары 
: затпен және затсыз жалпы дене дайындығы, жеңіл 
атлетика, суға жүзу, шаңғы спорты, кросстық дай-
ындық, туризм және басқалары.
Спорттық  бағыты  спорттық  жетілдіру  бөлім-
дерінде  (секцияларда)  спорттың  бір  түрімен  ма-
мандандырылған  жүйелі  оқу-жаттығу  сабағын, 
сонымен бірге спорттық шеберлігі деңгейін көтеру 
мақсатында  спорт  жарыстарына  қатысуды  қамта-
масыз етеді.
Кәсіби-қолданбалы бағыты дене тәрбиесі құрал-
дарын  еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру  жүйесінде 
және таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа дай-
ындық кезінде оның ерекшеліктері ескеріліп пайда-
ланылуына мүмкіндік туғызады.
Гигиеналық  бағыты  жұмыс  қабілеттілігін  қал-
пына келтіру және денсаулығын нығайту үшін дене 
тәрбиесі  құралдарын  пайдалануды  алдын-ала  қа-
растырады.  Құралдары:  таңертеңгілік  гигиеналық 
гимнастика,  шынығу,  үйлесімді  оқу  және  еңбек 
режімі, гигиена талаптарына сәйкес тамақтану, са-
уықтыру сейілдеуі және т.б.
Сауықтыру - рекреативтік бағыты  денсаулығын 
нығайту үшін демалыс күндері мен каникул (күзгі, 
қысқы,  жазғы,  көктемгі)  кезеңдерінде  демалысты 
және бос уақытын мәдени ұйымдастыру алдын-а-
ла қарастырылады. Құралдары: туристік жорықтар, 
саяхат, қимыл-қозғалыс ойындары және т.б.
Емдеу бағыты денаулықты бүтіндей немесе ауру 
нәтижесінде, жарақаттан жоғалтқан ағзаның жеке-
леген қызметтерінің қалпына келтірілуін қамтама-
сыз етеді [1,2,4].
Дене тәрбиесінен сабақ өткізу үшін әрбір жоға-
ры оқу орындарында студенттер мына оқу бөлім-
деріне бөлінеді: негізгі, арнайы медициналық және 
спорттық. Бөліну оқу жылының басында студент-
тердің  жынысы,  денсаулық  жағдайы  (медицина-
лық қортынды анықтамасымен), дене дамуы, дене 
және  спорттық-әдістік  дайындалғандығы,  қы-
зығушылығы есепке алынып жүргізіледі. Бұл көр-
сеткіштердің негізінде әрбір студент дене тәрбиесі-
нен  міндетті  курсты  өту  үшін  үш  бөлімнің  біріне 
түседі.  Әрбір  бөлімнің  белгілі  бір  шұғылдану  са-
бағының мазмұны және мақсатты бағыты болады.
Негізгі  оқу  бөліміне  медициналық  тексеруден 
өткен студенттер негізгі және дайындық медицина-
лық топтарына қабылданады, яғни оған денсаулық 
жағдайында  ауытқушылығы  жоқ,  бірақ  дене  күші 
жағынан әлсіз дайындалғандар кіреді.
Негізгі  бөлімде  оқу  үдерісі  мыналарға  бағыт-
талған:

99
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
-  студенттердің  жан-жақты  дене  дайындығы, 
олардың жалпы дене, кәсіби-қолданбалы және ме-
дициналық-практикалық  дайындығының  деңгейін 
арттыру;
-  дене  мәдениеті  және  спортпен  шұғылдануға 
белсенді қатынасы мен қызығушылығын қалыпта-
стыру;
Сабақтың жалпы дамыту жаттығулары тәріздес 
елеулі  байқалатын  аэробты  төзімділікті  тәрбиелеу 
басымырақ  кешенді  бағыты  болады,  өйткені  тек 
сол ғана жалпы жұмыс қабілеттілігі мен жүрек қан 
тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін артты-
руды қамтамасыз етеді. Күштік және үйлесімділік 
қабілеттерін тәрбиелеуге, жалпы және кәсіби-қол-
данбалы  бағыттағы  қозғалыс  тәсілдерін  үйретуге 
лайықты дәрежеде назар аударылады. Сабақтың өт-
кізілу әдістемесі басымырақ оқу-жаттығу сипатын-
да болады. Сабақтың моторлы тығыздығы 50%-ден 
төмендемейді, ЖСЖ бойынша  жүктеме қарқыны 
минутына 130-160 рет соғу аралығында болады.
Арнайы  медициналық  оқу  бөліміне  медицина-
лық  тексерудің  нәтижесі  бойынша  арнайы  топқа 
жіберілген, денсаулық жағдайында елеулі ауытқуы 
барлар кіреді. Арнайы оқу бөлімі үшін практикалық 
материалды әрбір студентке мазмұндары ескеріліп, 
дене тәрбиесінің құралдарын пайдаланудың түзету 
және  сауықтыру-сақтандыру  бағытында  дәрігер-
мен  кеңесе  отырып  дене  тәрбиесі  пәні  мұғалімі 
дайындайды.
Арнайы    медициналық  бөлімде  оқу  үдерісінің 
өзіндік белгілі ерекшеліктері болады және олар ба-
сымырақ мыналарға бағытталған:
- студенттердің денсаулығын нығайту, функци-
оналдық  ауытқуын,  дене  дамуы  мен  дене  дайын-
дығының жетімсіздігін  барлық оқыту кезеңі бары-
сында жою;
- студенттерге өз ауруының сипаты және ағымы, 
туралы білімін пайдалану, ауруынан сақтандыруға 
бағытталған жалпы дамыту және арнайы жаттығу-
лар  кешендерін  өз  беттерінше  құрастыру  және 
орындау;
-  студенттерге  қажетті  дене  тәрбиесінің    ілімі, 
әдістемесі және ұйымдастырылуы негіздерінен қа-
жетті білімді меңгерту;
Оқу  сабақтарының  бағыты  айқын  көрсетілген 
сауықтыру-қалпына келтіру сипатында болады.
Ғылыми негізделген сипаттамаға сәйкес арнайы 
медицина бөлімінің студенттері ауру сипатына бай-
ланысты төрт топқа бөлінеді: А,Б,В және емдеу.
А тобы жүрек қан-тамыры, тыныс алу және ор-
талық  жүйке  жүйесі  аурулары  бар  студенттерден 
жасақталады.  Сондықтан  бұл  топтағы  сабақтың 
негізгі  мазмұнына  тыныс  алу  жаттығулары,  қатаң 
жеке мөлшерленетін (дозируемые), шұғылданушы-
лардың аэробтық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүм-
кіндік туғызатын жаттығулар кіреді.
Б  тобы    ас  қорыту,  бауыр,  бүйрек,  жыныс  мү-
шелері,  эндокринді  жүйелер,  сонымен  бірге  на-
шар  көретін  студенттерден  құралады.  Бұл  топта 
нақтылы  аурудың  емдеу  бағдарламасына  кіргізіл-
ген  негізгі  гимнастика  жаттығулары  басымырақ 
пайдаланылады.
В  тобы  тірек-қозғалыс  аппаратында  ақауы 
бар  студенттерден  жасақталады.  Бұл  топта  дене 
мүсінін,  тірек-қозғалыс  аппаратын  жетілдіретін, 
сонымен бірге жалпы дамыту және бағытты түзету 
(коррегирующие) дене жаттығулары көбірек қолда-
нылады.
Емдеу тобы  анық көрінетін, денсаулық жағдай-
ында елеулі ауытқуы бар студенттерден жасақтала-
ды. Бұл топта сабақ түгелдей жеке емдеу бағдарла-
масы мен әдістемесі бойынша өткізеледі. 
Денеге  берілетін  жүктеме  барлық  төрт  топта 
да қатаң және жеке уақытпен белгіленеді, жирылу 
және  қатаң  демалыс  аралығымен  орындалатын 
жаттығулар алып тасталынады. Сабақтың моторлы 
тығыздығы  жоғары  емес,  жекелеген  жүктемелер 
арасындағы демалыс қалпына келу үшін жеткілікті 
дәрежеде болуы тиіс. Циклдық жаттығулар орташа 
қарқынмен орындалады.
Спорттық  оқу  тобы  бөліміне  жақсы  жалпы  
және арнайы спорттық  дене дайындығы деңгейін 
көрсеткен және спортпен тереңдетіп шұғылдануға 
және  таңдаған  спорт  түрінен  өзінің  шеберлігін 
жетілдіруге ықыласы, қызығушылығы бар студент-
терден жасақталады.
Сабақ  спорттық  жаттығу  негіздерін  сақтау  не-
гізінде  құрылады  (циклдік,  толқын  тектес,  жалпы 
және арнайы дайындық бірлігі және т.б.).
Спорт  бөлімінің  студенттері  негізгі  бөлім  сту-
денттеріне арналған міндетті сынақ талаптары мен 
нормаларын сол мерзімде тапсырады [1,2,3,4,5].
Осындай  бейнеде  студенттердің  дене  тәрби-
есінен  оқу  үдерісі  өзіне  екі  өзара  байланыстағы 
мағыналы  мына компоненттерді кіргізеді:
1/  дене  тәрбиесінің  негізгі  шұғылдану  сабағы 
жеке тұлғаның дене мәдениеті негіздерін қалыпта-
стыруды қамтамасыз етеді.
2/  негізгі  сабақты  толықтыратын  спорттық 
компонент және таңдаған спорт түріндегі сабақты 
қоса, әрбір студенттің дербестігі, оның мотиві, қы-
зығушылығы, қажеттілігі ескеріледі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Кузнецов В.С. Теория и методика физической куль-
туры. Москва: «Академия» 2012. (356-373, 385-391б.).
2.  Холодов  Ж.К,  Кузнецов  В.С.  Теория  и  методика 
физического воспитания. Учебние пособие для ИФК. Мо-
сква, «Академия», 2003. (271-278б.).
3. Әбділлаев Ә.К., Оңалбек Ж.К. Дене мәдениетінің 
ілімі және әдістемесі.Оқу құралы. Түркістан., 2004ж. (1 
бөлім 186-214 б.).
4. Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениетінің ілімі және әді-
стемесі. Оқу құралы. Түркістан, 2007ж. (2-3-4 бөлімдер, 
103-108б.)
5.Ильинич В.И. Физическая культура студента. Мо-
сква, Гордарики, 2007г (11-32, 144-147б.

100
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07
Оразбаев Ерғали Дүйсенбекұлы
п.ғ.к., доцент, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасы 
Сатметов Равшанали Саидханович
Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, М.Қашғари атындағы мектеп лицей оқытушысы
 ДЕНЕ  ТӘРБИЕСІНЕН ЖОБАЛАУ ҚҰЖАТТАРЫН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Түйін:  Бұл  мақалада  дене  мәдениеті  және 
спорт саласында  кешенді түрде зерделеу осы са-
лада  кәсіби  мамандарды  дайындау  қазіргі  кезде 
зерттеу  жұмысының  көкейкесті  талабы  болып 
отырғанына  тоқталған.    Сонымен  қатар  жоға-
ры оқу орындарында кәсіби практиканы мектеп, 
колледждерде    біріншіден  педагогтың  кәсіби 
білімін  арттыру,  екіншіден,  жоғары  оқу  орын-
дары  студенттеріне  қойылатын  талаптарды 
күшейту  тиіс.  Сондықтан  педагогикалық  білімі 
бар  маманның  кәсіптік-педагогикалық  шеберлік-
терін  шыңдаудың  педагогикалық  шарттарын, 
заңдылықтарын  және  ерекшеліктерін  зерттеу 
дамытудың басты стратегиялық бағдары (өмір-
ге  жауапкершілікпен  қарайтын,  дүниетанымдық 
мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағ-
дыланған,  іскерлік  қабілеттілігі  биік,  гуманистік 
ойлауы басым, ұйымдастырушылық іскерліктерін 
арттыру мәселесі) тұрғысынан қарастырылған. 
Кілтті  сөздер:  Дене  тәрбиесі,  дене  жетілуі, 
жұмыс қабілеттілігі, денсаулық, психикалық сау-
лық, функционалдық қалып, қозғалыс белсенділігі, 
дене мәдениеті құндылықтары.
Резюме:  В  статье  рассматривается    ком-
плексное изучение, подготовка профессиональных 
кадров в сфере физической культуры и спорта ак-
туальные в настоящее время исследования в этой 
сфере, отметив, что требование. А также прак-
тики профессиональной школы в высших учебных 
заведениях,  колледжах  повышение  профессио-
нальных  знаний  педагога,  во-первых,  во-вторых, 
усиление  требований,  предъявляемых  к  студен-
там  вузов.  Поэтому  педагогическое  образование 
специалиста,  имеющего  профессионально-педа-
гогического  мастерства  педагогических  условий, 
исследование  особенностей  и  закономерностей 
развития  главная  стратегическая  ориентация 
(более ответственно подходить к жизни, разви-
той мировоззренческой культурой, практикующий 
творческому  мышлению,  высокая  способность  к 
деловой и гуманистического мышления, умений и 
навыков,  вопросы  повышения  организационной) 
точки зрения.
Ключевые  слова:  Физическое  воспитание, 
физическое  совершенство  работоснособность, 
здоровье,  здоровье  психическое,  функциональное 
состояние,  двигательное  активность,  ценность 
физической культуры.
Summary: The article discusses a comprehensive 
study  of  the  training  of  professionals  in  the  sphere 
of physical culture and sports relevant to the present 
research in this area, noting that the requirement. And 
practices of professional schools in higher educational 
institutions,  colleges,  professional  knowledge  of  the 
teacher, first, second, strengthening of requirements to 
the students. Therefore, teacher education specialist, 
with  vocational  and  pedagogical  skills  pedagogical 
conditions,  the  study  of  characteristics  and  patterns 
of development the main strategic orientation (a more 
responsible approach to life, developed world Outlook 
culture,  practicing  creative  thinking,  high  ability  for 
business and humanistic thinking, and skills, the issues 
of improving organizational) point of view.
Key words: Physical education, physical perfection
Орыс    тілінің  түсіндірме  сөздігінде  "техноло-
гия"  термині  өндірістің  белгілі  бір  саласындағы 
өндірістік  әдістер  мен  процестердің  жиынтығы 
ретінде түсіндіріледі (С.И.Ожегов, Н.Ю.Шведова, 
1994ж.) [1,3].
Педагогикалық  технология  –  бұл  алдын-ала 
жоспарланған  оқу-тәрбие  процесінің  іс-жүзінде 
жүйелі және бірізділікпен нақтылы түрде іске асы-
рылуы.  Кез  келген  оқу-тәрбие  процесін  сипаттау 
кейбір  педагогикалық  жүйелерді  сипаттау  болып 
саналады.  Сонымен  бірге,  табиғи,  педагогикалық 
технология үлгі түрінде- бұл іс-жүзінде орындала-
тын белгілі педагогикалық жүйелердің жобасы.
Педагогикалық  технологияның  өндірілу  және 
жоспарлану тиімділігі бүтіндей жүйелілікке және 
құрылымдығына  байланысты.  Онда  білім  беру 
процесінің  тиімділігін  арттыру  оқушылармен 
жоспарланған  оқытып,  үйретудің  нәтижесінде 
жетістікке жетуге кепілдік берудің мақсаттары іске 
асырылады.
Педагогикалық  технологияның  құрылымына 
дене  тәрбиесінің  мына  негізгі  құжаттарын  өңдеп 
жоспарлау  кіреді:  1/  дене  тәрбиесінің  жалпы  жұ-
мыс  жоспары;  2/  оқу  процесінің  жылдық  жоспар 
кестесі; 3/ әр тоқсанға арналған тақырыптық сабақ 
жоспары  (поурочный  план);  4/  сабақтың  қысқа-
ша  жоспары  (жоспар-конспект).  Көрсетілген 
жоспарлау құжаттары қисындық (логикалық) және 
мазмұндық қатынаста өзара тығыз байланысты
  Барынша  жеке  сипаттағы  құжаттардың  әрбір 

101
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
келесісі  алдыңғы  өткеніне  сәйкес  өңделіп,  жаса-
лады.  Сонымен  бірге,  әрбір  құжаттың  жоспарлау 
жұйесінде өзіндік маңызы болады, белгілі бір қыз-
метті атқарады.
Бүтіндей алғанда жоспарлаудың негізгі құжат-
тарын  іске  асыру  қажетті  ұйымдастыруды,  педа-
гогтық  шұғылданушылардың  нақтылы  контин-
гентімен педагогикалық процестің құрамдары мен 
әдістемелерін үйлесімді таңдауын қамтамасыз етуі 
тиіс.
Дене  тәрбиесінің  аясында  жоспарлаудың  бар-
лық жұмыс құжаттарын жоғарыдан келген, ресми 
құжаттардың  дене  тәрбиесі  пәні  бойынша  Білім 
және ғылым министрлігінің бекіткен оқу жоспары 
мен мемлекеттік бағдарламасы негізінде пән оқы-
тушысы өңдеп, жасайды. Оқу жоспарында бірінші 
кезекте  оқу  орнындағы  барлық  оқу  кезеңдерінде 
оқытылып, үйретілетін пәндердің барлығы кіреді. 
Бұл  пәндердің  ішінде  міндетті  түрде  өтуге  тиіс 
оқу пәні ретінде "Дене тәрбиесі" орын алады және 
оның  оқытылу  тәртібі,  мерзімі,  сағат  көлемі  бел-
гіленген.
Дене    тәрбиесінің  жалпы  жұмыс  жоспары 
білім  беру  саласы  мекемелерінің  жұмыс  жоспа-
рының  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Оны 
дене тәрбиесі пәні мұғалімі мектеп директорының 
тәрбие  істері  жөніндегі  орынбасарының,  мектеп 
дәрігерінің,  "өмір  қызметі  қауіпсіздігі  негіздері" 
курсының  оқытушы-  ұйымдастырушысының  қа-
тысуымен  бірлесіп  жасайды.  Жоспарға  келесі 
тараулар  кіреді:  1/  ұйымдастыру  жұмысы;  2/  оқу 
жұмысы;  3/  оқу  күні  тәртібіндегі  денешынықты-
ру-сауықтыру  шаралары;  4/  сабақтан  тыс  уақыт-
тағы денешынықтыру-көпшілік және спорт жұмы-
стары;  5/  үгіт-насихат  жұмыстары;  6/  дәрігерлік 
бақылау  және  медициналық-санитарлық  қадаға-
лау; 7/ шаруашылық жұмыстары.
Бұл  жұмыстардың  әрқайсысының  үлгілік 
мазмұны ---- кестеде ұсынылған.
Дене  тәрбиесінен  жасалынатын    жалпы  мек-
тептік жоспар мектеп әкімшілігімен жоспарланған 
шара басқа да өтілетін мектеп оқушыларының қы-
зметтік шараларымен қабаттаспау үшін келісіледі.
Жоспарды мектеп директоры бекітеді және ол 
барлық  мұғалімдердің  назарына  ұсынылады.  Бұл 
ұсынылып  отырған  жоспардың  үлгісі  тек  мысал 
ретінде: ол әр мектепте жергілікті жердің жағдайы 
ескеріліп, өңделіп жасалады. 
Жоспар-кестенің  негізгі  міндеті  оқу  жылына 
бағдарламалық материалды тиімді, барынша мақ-
сатқа сәйкес таратып, бөлумен тұжырымдалады.
Жоспар-кестені  жасау  кезінде  дене  тәрбиесі 
курсының  оқу  жоспарын  (сағат  санының  есебі) 
және  мектеп  бағдарламасын  басшылыққа  алу  ке-
рек.
Білім беру мектептерінде дене тәрбиесінен оқу 
процесінің  жоспар-кестесімен  оқу  бағдарламасы 
бөлімдерінің  материалдарын  жүйелі  түрде  оқу 
жылының  айларына  және  апталарына,  әрбір  тоқ-
санына маусымдық ауа райында сабақ өткізу, оқу 
базасының жағдайлары нақтылы ескеріліп жоспар-
ланады.
Сабақ  өткізу  үшін  жылдың  маусымдарының 
әртүрлі  жағдайын  жоспарлау  кезінде  оқу  про-
цесінің  келесі  сатыларын  бөлудің  қажеттілігі 
себепші  болады:  1/  күзгі  (1-тоқсан);  2/  күздік-
қысқы  (ІІ-тоқсан);  3/  қысқы  (ІІІ-тоқсан);  4/  көк-
темдік-жазғы (ІV-тоқсан).
Әрбір сатысы үшін белгілі бір жалпы дене дай-
ындығы  міндеттерін  шешу  және  сәйкес  келетін 
құралдарды пайдалану алдын – ала қарастырыла-
ды. Кейде, маусым аралығындағы (екінші сатыда) 
сабақтарда  гимнастика  материалдарын  (негізгі 
құралы ретінде) және ойындарды (қосымша құрал 
ретінде) оқытып, үйрену жүргізіледі.
Әрбір  сатыдағы  сабақтың  мазмұнының  ал-
дыңғы және келесі сатылардағы сабақ мазмұнымен 
түбегейлі  (органикалық)  байланысы  болуы  тиіс. 
Сондықтан, пәндік материалмен сабақты өту жол-
дарын кезекпен спорт түрлері бойынша (суға жүзу 
мен  шаңғы  дайындығы)  өткізгеннен,  бір  уақытта 
дене  дайындығының  екі-үш  түрін  қолдану  қара-
стырылған кешенді әдісін пайдалану ұсынылады. 
Әрине,  осы  сатыға  арналған  басты  жаттығуларға 
көп уақытты жіберген дұрыс. Сабақ мазмұнының 
кешенділігін оның елеулі тиімділігі, сонымен бірге 
оқушылардың  негізгі  дене  сапаларының  үзіліссіз 
дамуы  және  жүгіруде,  секіруде,  лақтыруда  және 
т.б. табиғи қозғалыстардағы бірқатар маңызды дағ-
дыларын жетілдіру қамтамасыз етеді.
Оқу  талаптарынан  сынақ  алу  сатылардың 
аяқталуына қарай қайта тапсыруға қосымша уақыт 
қалдырылып жоспарланады.
Жалпы білім беретін мектептердің дене тәрби-
есінен оқу жылына жалпы жұмыс жоспарының үл-
гісі. (1-таблица келесі бетте)

102
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
1-таблица 
N  Негізгі бөлімдер және жұмыстар мазмұны 
Өткізілу 
мерзімі 
Орындауға жауапты 
1                         2 
        3 
        4 
1.Ұйымдастыру жұмыстары 
1  Дене тәрбиесінен құжатарды жасау және бекіту: 
а) жылдық жоспар кесте 
б) тоқсандарға арналған тақырыптық сабақ жоспары: 
І тоқсан 
ІІ тоқсан  
ІІІ тоқсан 
ІҮ тоқсан 
 
 
Тамыз 
Тамыз 
қазан 
желтоқсан 
наурыз 
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі 
2  Педагогикалық кеңесте сабаққа дейінгі гигиеналық 
гимнастика, денешынықтыру минуттары, үзілістегі 
қозғалыс–қимыл ойындарын өткізу тәртібі туралы 
талқылау 
 
 
Тамыз 
Мектеп дирекциясы дене тәрбиесі 
пәні мұғалімі. 
3  Күн режіміндегі ұйымдастыру сауықтыру шаралары, 
төменгі сынып оқушыларымен 
Сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау және өткізу жайлы 
мәселелер бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне 
арналған семинар өткізу.   
 
 
Тамыз 
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі және 
мектеп директорының бастауыш 
сыныптар. жөніндегі орынбасары. 
4  Үзіліс кезіндегі қозғалыс-қимыл  ойындарын және сабаққа 
дейінгі гигиеналық гимнастиканы өткізуге арналған 
орынды анықтау 
 
Тамыз 
Дене тәрбиесі мұғалімі 
 
5  Сынып ұжымымен оқушылардың күн режіміндегі сабаққа 
дейінгі гигиеналық гимнастикасын, үзілістегі қозғалыс-
қимыл ойындары мен денешынықтыру минуттарын 
өткізудің тәртібі туралы пікірлесу. 
 
10 қыркүйек 
дейін 
 
Сынып жетекшілері 
6  Спорт секцияларымен үйірмелерінің шұғылдану кестесін 
жасау. 
10 қыр-
күйек дейін 
Дене тәрбиесі мұғалімі 
2. Оқу жұмысы 
1  Дене тәрбиесі сабақтарын мемлекеттік бағдарлама 
негізінде өткізу  
Аптасына 2 
рет 
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі 
3. Денешынықтыру-сауықтыру шаралары 
1  Сабаққа дейінгі гигиеналық гимнастиканы өткізу 
Күнделікті 
Қоғамдық негіздегі 
нұсқаушылар 
2  Спорт секцияларындағы және үйірмелеріндегі шұғылдану 
сабақтарын өткізу. 
Жыл бойына, 
кестеге сай 
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі 
3  Оқушылардың мектепішілік 
спартакиадасын өткізу.  
Жыл бойына, 
күнтізбеге сәйкес 
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі, 
сынып жетекшілері, мектеп 
дирекциясы 
4  Жекелеген спорт түрлері бойынша қалалық, аудандық 
спартакиадаға және жарыстарға қатысу. 
Жарыс күнтізбесі 
жоспарына сәйкес 
Дене тәрбиес пәні мұғалімі 
5  Туристік слет және спорттық бағдарлаудан жарыс өткізу.  
Маусым 
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі, 
мектеп дирекциясы. 
                                     4. Үгіт-насихат жұмыстары 
1  Дене тәрбие бұрышын, кубок, вымпел, грамоталарды 
орналастыру, мектеп оқушыларының рекордтарын тіркеу, 
''Мектептің озат спортшысы”  стенділерін безендіру. 
Қыркүйек 
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі 
2  Спорттық викториналар, “Көңілділер мен тапқырлар 
клубы” спорттық кештерін өткізу. 
Желтоқсан 
 
Мамыр 
Мектеп дерекциясы және 
дене тәрбие пәні мұғалімі 
5. Дәрігерлік бақылау және медициналық санитарлық қадағалау. 
1  Оқушыларды медициналық тексеруден өткізу және оларды 
медициналық топтарға бөлу. 
Қыркүйек 
Дәрігер, мектеп дирекциясы. 
2  Арнайы медицина тобы оқушыларының денсаулығын 
бақылау. 
Ай сайын 
Дәрігер 
3  Оқушыларды қорытынды медициналық тексеруден өткізу. 
Мамыр 
Дәрігер, мектеп дирекиясы  
6.Шаруашылық жұмыстары 
1  Спорт құрал-жабдықтары мен спорт қондырғыларын 
(тренажер) жөндеуден өткізу. 
Жыл бойы 
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі 
2  Дене тәрбиесінен көрнекті құралдарын дайындау. 
Жыл бойы 
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі 
 

103
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016

Негізгі бөлімдер және жұмыстар мазмұны 
Өткізілу мерзімі  Орындауға жауапты
Шартты белгілер:  Х- негізгі сабақтар, + - негізгі са-
бақ барысында пайдаланған қосымша жаттығулар.
Дене  тәрбиесінен  оқу  процесінің  жылдық 
жоспар-кестесінің үлгісі (V сыныптар үшін).
Оқу  тоқсанына  арналған  тақырыптық  сабақ 
жоспары.    Бұл  жоспар  жылдық  оқу  процесінің 
жоспар-кестесі  негізінде  әр  тоқсанға  параллель 
сыныптарға  арнап  жасалады  (оны  “тоқсандық'',- 
деп  те  атайды).  Мұнда  жоспар-кестеге  қарағанда 
пайдаланылатын  оқу  құралдары,  нақтылы  түрде 
ұсынылады және қозғалыс әрекеттерімен дене са-
паларын  тәрбиелеуді  оқытып,  үйрету  әдістемесі 
көрсетіледі.
Мектеп  жұмыс  жоспары  мына  екі  бөлімнен 
тұрады:  жоспарға  жазбаша  түсіндірме  және 
жоспардың өзінің мазмұны.
Жазбаша  түсіндірмеде  параллель  сыныптар 
үшін тоқсандық оқу жұмысының міндеттері анық 
айқындалған  және  тұжырымдалған  болуы  тиіс; 
оқытылып, үйретілетін  негізгі жаңа материалдың 
және біліктілікпен дағдыларды бекіту және жетіл-
діру үшін қайталау ретінде ендірілген бұрын өтіл-
ген материалды қайталау көрсетіледі; сол өтілген 
тоқсандағы сабақтардың әдістемелері мен ұйымда-
стыру ерекшеліктері белгіленеді; тоқсанға бақылау 
жаттығулары, оқу өлшемдері және талаптары кел-
тіріледі.  Жұмыс  жоспарында  әр  сабақта  сабақта-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет