Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38

Құдайбергенова Әлия Мәлікқызы 
п.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті
Сұлтан Айдана 
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2-курс магистранты 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ “ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ” САБАҚТАРЫНДА 
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Түйін. Мақала танымдық қызығушылық мәселесіне 
арналған.  Балалардың  танымдық  қызығушылығының 
даму үдерісі  қарастырылады. «Өзін-өзі тану» сабақта-
рында  оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  арт-
тырудың маңыздылығы көрсетілген.
Резюме. Статья посвящена вопросам познаватель-
ного интереса. Проанализированы характерные особен-
ности  детского  познавательного  процесса  развития. 
Важности  повышения  познавательного  интереса  уча-
щихся на уроках "Самопознание".
Summary. The article is devoted to questions of cognitive 
interest. We analyzed the characteristics of children's cognitive 
development.  The  importance  of  enhancing  the  cognitive 
interest of pupils in the classroom, "Self-knowledge".
Егеменді еліміздің білім беру жүйесінің әлемдік 
деңгейге  жетуі  үшін  жасалынып  жатқан  талап-
тар  нәтижесінде  12-жылдық  білім  беру  жүйесіне 
көшуде  терең  білім,  ізденімпаз,іс-әрекеті  шығар-
машылық  бағыт  ұстанатын,  сол  тұрғыда  өз  бол-
мысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру 
ісіне  ерекше  мән  береді.Ал,  12  жылдық  жалпыға  
міндетті орта білім беру стандартындағы бастауыш 
сатысының негізгі мақсаты-оқушының даралығын 
ашу және оқу әрекетін игеру. Демек, жас ұрпақты 
әрекет негізінде тәрбиелеу талабын негізге ала оты-
рып, жекебас тұлғасын тәрбиелеуде оқу әрекетінің 
мол мүмкүндіктерін тиімді пайдалану жүйелі мақ-
сатты жұмысты талап етеді.
Сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасының  2015 
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдама-
сында:“Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім 
алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, со-
лардың  негізінде  дербес  әлеуметтік  және  кәсіби 
біліктілікке-ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және 
ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі 
дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу бо-
лып табылады”-делінген[1].
Қазақстан Республикасының білім берудегі да-
мытудың  2005-2010жылдарға  арналған  мемлекет-
тік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты- 
қазіргі  қоғам  талабына  сай  алынған  терең  білім, 
білік,  дағдылар  мен  құзырлықтардың  негізінде 
еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа таным-
дық  қызмет  жасау  арқылы  жете  алатын,  өз  бетін-
ше  дұрыс,  тимді  шешімдер  қабылдауға  қабілетті 
жеке  тұлғаны  қалыптастыру  екендігі  көрсетілген 
[2].  Оны  жүзеге  асыру-  бастауыш  мектептерде 
оқушылардың танымдық қызығушылығын қалып-
тастыруға септігін тигізетін оқу әрекетін ұйымда-
стырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын із-
дестіруге өзекті сипат береді.
Танымдық  қызығушылықтың  қалыптасуы  – 
жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыруды қамта-
масыз етудің қажетті шартының құралы, сонымен 
қатар оқу әрекетін игеру, оқушылардың даралығы, 
жалпы білімдік біліктілігі, дағдысы болып табыла-
ды.
Танымдық  қызығушылық  –  жеке  тұлғаның 
маңызды  білімді  меңгеру  түрі,  шығармашылық 
әрекеті мен белсенді ынталандырушысы болып са-
налады. Сонымен бірге, танымдық қызығушылық 
сезімнен ойлауға өтуге, өздігінен ізденуге үйретеді.
Танымдық қызығушылық категориясы бірқатар 
психологиялық-педагогикалық  еңбектерінде  қара-
стырылған (Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, Л.И.Божо-
вич,  А.Н.Леонтьев,  С.Л.Рубинштейн,  Г.И.Щукина 
және т.б.)[3; 4; 5; 6; 7; 8]. Мәселен, қызығушылықты 
қалыптастыруда  Н.К.Крупская  қоршаған  ортаны 
және балаға жақсы танымал деректер мен құбылы-
старды, білімді меңгеруде зерделі көз қарасқа тәр-
биелейтін  мақсатты  сананы  тірек  ету  қажеттігіне 
тоқталады[8].
Көп  жылдар  бойы  Г.И.Щукина  ең  маңызды 
ғылыми  мәселе  ретінде  оқушылардың  таным-
дық  қызығушылығын  зерттеді.  Танымдық  қы-
зығушылықтың  тұтас  педагогикалық  тұжырымда-
масын    жасады.  Оның  «Танымдық  қызығушылық 
– педагогикалық мәселе» деген монографиясы 1971 
жылы жарық көрді. Мұғалімдерге арналған «Оқы-
ту үдерісіндегі әрекеттің рөлі»  деген кітабы 1986 
жылы басылып шықты. 
Адамның  даму  үдерісі  өмір  бойы  жүзе-
ге  асады.  Оның  жасы  есейген  сайын  таным-
дық  қызығушылығы  да  толысып  жетіле  түседі. 
Әрбір  кезеңдегі  адам  жасына  тән  танымдық  қы-
зығушылықтың  өзіндік  мазмұндық  сипаты,  ерек-
шеліктері  болады.  Сол  себепті  оқушылардың  да 
танымдық  қызығушылығын  зерттеп,  зерделемей 
тұрып,  толығымен  жүзеге  асыруға  болмайды,  өй-
ткені  зерттеу  міндеттерінің  шешімі  оқушылардың 
танымдық қызығушылығының мазмұндық сипатты 
өзіндік ерекшелігін білуге байланысты.
Баланың даму үдерісі өмір бойы жүріп жатады. 
Даму үдерісінде оқушының таным белсенділігі ар-
тады.  Бірінші  сынып  жасындағы  балалар  заттар-
дың түр-түсіне, көлеміне қарап ажырата бастайды, 
олардың  құрылысын,  пайдалану  әдісін  білгісі  ке-
леді.Өмір  тіршілігіндегі  шындықты,  болмыстағы 

57
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
құбылыстар мен заттарды анықтап білуге, адамзат-
тың тарихи тәжірибесін меңгеруге талпынады. Ба-
лалардың әр нәрсені білуге құмартып талаптануын 
таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, елік-
тегіш болады, әр нәрсеге зейін қояды, оларды олар 
көп нәрсені ойлайды.
Егер  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қы-
зығушылығы  ойын  іс-әрекеті  мен  байланысты 
болып  келсе,  бастауыш  сынып  жасында  қы-
зығушылықтың  дамуы  оқу  іс-әрекетінде  жүзеге 
асырылады.  Психолктардың  пайымдауынша,  7 
жастағы  оқушыны  мектепке  қатысты  жағдай-
лардың  балрлығы  қызықтырады:  жаңа  адамдар 
(мұғалім,  сынып  оқушылары,  жаңа  орын,  мек-
теп,  сынып),  іс-әрекетінің  жаңа  түрі  (оқу)  және 
т.б.  Әртүрлі  жастағы  оқушылардың  танымдық 
қызығушылығы  мазмұнының  өзіндік  ерекшелік-
тері- зерттеушілер үшін қиыншылық туындататын 
жай.  Өйткені,  танымдық  қызығушылықтың  қа-
лыптасуы  мен  дамуы-  жеке  бастың  дамуы  бары-
сында  жүзеге  асатын  өте  күрделі  үдеріс.  Жалпы 
алғанда қызығушылықтың қалыптасуы бала айна-
лысатын  іс-әрекетке  және  жеке  өмір  тәжірибесіне 
байланысты  болады.  Бұл  жастағы  оқушылардың 
қызығушылығы  тұрақты,  бағыттылығы,  мазмұны 
жағынан әр түрлі болуы мүмкін.
Қызығушылық ерте жастан қалыптасады және 
оның  алғашқы  көрінісі  әуестік,  әуестену  түрінде 
болады. Алғашында баланы ақ, ашық түсті заттар, 
қатты шыққан дыбыстар, заттардың қозғалысы өзі-
не тартады. Бала осы тітіркендіргіштерді үзілізссіз 
қабылдайды және оларды қайтара қабылдауға тілек 
білдіреді. Алайда объктіге деген бұл бағыттылықты 
оның эмоциялық тартымдылығына сәйкес уақытша 
қызығушылықтың алды деп қабылдауға болады.
Мәселен  өзін-өзі  тану  пәніне  әуестену  -  бала 
табиғатына  тән  қасиет,  ол  баланың  көргендерін 
танып-білуге,  оған  терең  бойлауына  көмектеседі. 
Баланың  мұндай  әуестігі  өзін-өзі  тану  сабағында 
әңгімеде  болган  оқиғаны  түсінуге,  білуге,  көруге 
деген қызығушылығынан байқалады. Баланың ер-
тегіні есту барысында “қайдан?”, “неге?”, “бұл не”, 
“неліктен?” жіне тағы басқа сұрақтар қоюын олар-
да танымдық қызығушылықтың пайда болуы мен 
байланыстыруға болады. 
Оқушылардың қойған мұндай сұрақтары белгілі 
дәрежеде  әңгіме  мазмұнына  деген  танымдық  көз 
қарасты,  білуге  деген  әуестікті  көрсетеді.Дәлірек 
айтқанда,  мұны  танымдық  қызығушылықтың 
бастауы деп есептеуге болады.
Балалардың  қызығушылығы  өздігімен  дербес 
пайда  болмайды,  ол  әлеуметтік  ортаның,  ересек-
тердің ықпалымен қалыптасады.
Оқушылардың  қызығушылығы  олардың  жас 
және  дербес  ерекшеліктеріне  байланысты  болған-
дықтан,  мәселен,  оқу-тәрбие  үдерісінде  өзін-өзін 
тану  пәнін  пайдалануда  әртүрлі  жастағы  бала-
лардың  өздеріне  тән  қызығушылығы  болаты-
нын  ескеру  қажет.  Оқушылардың  танымдық  қы-
зығушылығының  келесі  бір  көрсеткіші  болып 
реттеушілік  үдерісі  саналады,  ол  оқушылардың 
эмоциялық  көңіл  күімен  бірге,  танымдық  іс-әре-
кеті  барысындағы  ерекшеліктерден  көрінеді.  Бұл 
ең  алдымен  зейіннің  жинақталып,  тиянақты  бола 
бастауынан  байқалады.  Оқушылардың  танымдық 
іс-әрекетін  реттеуші  механизімі  білімге  деген  қы-
зығушылықтың  аса  қажеттілігін  сезінуге  итерме-
лейді.  Қызығушылық  әр  дәйым  іс-әректпен  айна-
лысумен, іс-әрекетке берілмеуінен байланысты.
Оқушылардың  танымдық  қызығушылығы  мы-
надай шаттарды ескергенде жетіле түседі:
1.  Оқушыларды  мүмкіндігінше  белсенді  ойлау 
әрекетіне баулу.
2.  Оқу  үдерісінде  танымдық  қызығушылықты 
қалыптастыру мақсатында оқушыларды тимді жол-
дар арқылы дамытуды ескеру.
3.  Оқытудағы  эмоционалдық  жағдай,  оқу 
үдерісіндегі жағымды эмоциялық көзқарас.
Қорыта айтар болсақ, оқушылардың танымдық 
қызығушылығын  қалыптастырудағы  тимді  құрал-
дардың  бірі  өзін-өзі  тану  пәні.  Оларда  халықтың 
тыныс-тіршілігі,  әдет-ғұрыптары  мен  дәстүрлері, 
бақыт  жолындағы  күресі,  адамдардың  өзара  қа-
рым-қатынастары мен мінез-құлықтары, өз халқы-
на  ең  жақсы  қасиеттері  еңбек  сүйгіштігі.  Отанға, 
туып-өскен табиғатқа және т.б. деген сүйспеншілігі 
бейнеленген. Танымдық қызығушылық оқушылар-
ды өзін-өзі тану пәніне жеке тұлғалық эмоционал-
дық көзқарасқа бағыттай отырып, дүниетанымды, 
адами  сенімді  қалыптастырады,  оқушы  тұлғасы-
ның дамына ықпал етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі 
білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Жоба // Егемен 
Қазақыстан, 30 желтоқсан. 2003
2. 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді 
дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  Мемле-
кеттік  бағдарламасы  //  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  мен  ҚР  Үкіметінің  актілер  жинағы.  2004, 
№39.-516-құжат.-179 б.
3. Крупская Н.К. педагогические сочинения // В 10 т. 
Москва, 1960, Т.9. 839 стр.
4. 
Щацкий С.Т. Избранныне педагогические сочи-
нения // В 2- х т. Москва, 1980, 364 с.
5. 
Божович  Л.И.  Познавательны  интересы  и  их 
условыя формирования в детском возрасте // Труды ини-
ститута психологии. Москва, 1955, 260 с. 
6. 
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. 
Лич-
ность. Москва, 1977, 304 с.
7.  Рубенштейн С.Л. Основы общей психоло-
гии. Санкт – Петербург, 1999. 704 с. 
8.  Щукина  Г.И.  Проблема  познавательного 
интереса в педагогике. Москва, 1974, 351 с.

58
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07
Ахмедов Бахытжан Асылбекович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушысы, 
Түркістан қ., dene-tarbiesi@mail.ru
 ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ САБАҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ
Түйін.    Бұл  мақалада  дене  шынықтыру  және 
спорт  жұмыстарының  тарихи-әлеуметтік,  мә-
дени  дамудағы  алатын  орнын  саралап,  оның  бо-
лашақ  дене  мәдениеті  мамандарын  даярлаудағы 
педагогикалық  аспектілері  анықтауға,  дене  шы-
нықтыру-спорттық  жұмыстары  жеке  тұлға-
ның  жан-жақты  жетілуіне  ықпал  ете  отырып 
жас  жеткіншектердің  дамуы  мен  қалыптасуын 
қамтамасыз  ететін  үрдіс  болғандықтан  маман-
дық  студенттерін  болашақ  педагогикалық  қыз-
метке даярлауда дене тәрбиесі мен спорттық-са-
уықтыру  шараларын  ұйымдастыра  білу  және 
оның мәні мен мүмкіндіктерін түсіндіру нәтиже-
сінде  бейімдеуге,  зерттеу  нәтижелері  жоғары 
және орта оқу орындарында мектептерде және 
мұғалімдердің  білімін  жетілдіру  институттары 
жүйесінде  пайдалануға,  зерттеу  проблемалары 
күрделі емес, ойға қонымды болғандықтан толық 
талданып, талқыланғандығы қамтылған.
Кілтті  сөздер:  педагогика,  білім  беру,  оқы-
тып,  үйрету,  бағдарлау,  өздігінен  дамыту,  дене 
дайындағандығы, дене тәрбиесі. 
Резюме.  В  статье  рассматривается  физиче-
ской  культуры,  спорта  и  работы  историко-соци-
альных,  культурных  мест,  которые  в  развитии 
дифференциации,  определены  ее  педагогические 
аспекты  в  подготовке  специалистов  физической 
культуры будущего физкультурно-спортивной ра-
боты-всесторонне гармоническое развитие лично-
сти подростков, способствуя совершенствованию 
процесса  физического  воспитания  в  подготовке 
студентов  к  педагогической  деятельности,  обе-
спечивающие формирование и развитие будущего, 
так  и  спортивно-оздоровительных  мероприятий, 
адаптацию и умение организовать его значение и 
возможности  в результате толкования и исполь-
зовать  результаты  исследования  в  системе  ин-
ститутов усовершенствования учителей в школах, 
средних и высших учебных заведениях, проблемам 
исследования сложных  не полностью проанализи-
рованы, поскольку разумные.     Ключевые  слова: 
Ориентирование, образование развитие личности, 
саморазвитие, физическая культура.
Summary:  The  article  deals  with  physical 
culture,  sports  and  socio-historical,  cultural  places 
in  the  development  of  differentiation,  defined  by  its 
pedagogical  aspects  in  the  training  of  specialists 
of  physical  culture  of  future  physical  and  sports 
activities-a  comprehensive  harmonic  development 
of  the  personality  of  adolescents,  contributing  to 
the improvement of process of physical education in 
preparing students for teaching activities, ensuring the 
formation and development of the future, and sports 
events adaptation and ability to organize his value and 
opportunities as a result of the interpretation and use 
of the results of the study in the system of institutions 
of teachers training in schools, secondary and higher 
educational establishments, problems in the study of 
complex, not fully reviewed as reasonable.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development,  personal  development,  physical 
education.
Дене  мәдениеті  туралы  білім  жүйесіндегі  не-
гізгі  және  барынша  іргелі  ұғым,  бұл,  өзінен  өзі 
түсінікті  «дене  мәдениеті»  болып  табылады.  Бұл 
сөз  ұғымының  осылай  аталу  себебі  адам  қоғамы 
дамуымен  астасып  жатқан  тарихи  кезеңдермен 
байланысты. Алайда, «дене мәдениеті» сөз тіркесі 
ХІХ ғасырдың соңында пайда болды.
Отандық және шетел ғалымдарының барынша 
негізделіп  дәлелденген  еңбектерінде  мәдениет-
ті    адамның  шығармашылық  даму  жолдары  мен 
қайта  құрылу  нәтижелерінің  жиынтығы  ретіндегі 
табиғат  және  қоғамдық  құбылыстарды  материал-
дық және рухани құндылықтарды әсіресе оған қы-
змет ететін факторларды тұтас қарастыру мақсатқа 
лайықты  болады.  Жалпы  мәдениеттану  саласы-
ның мамандары (культурологтар) әлемдік арнайы 
әдебиеттерде мәдениет ұғымының 150-ден 250-ге 
дейін анықтамасы бар екенін куәландырады. Батыс 
культурологиясының  негізін  қалаушылардың  бірі 
Лесли Уайт: «мәдениет ұғымына берілген анықта-
малардың  ішінде,  былықтар  мен  түсініссіздік  то-
лып  жатыр»,-  деген  сипаттама  береді.  Бірқатар 
мәдениет  тарихын  зерттеуші  ғалымдардың  мәде-
ниет туралы мағлұматтары ауыл шаруашылығын-
дағы топырақты өңдеу (латын тіліндегі культурос 
– жерді өңдеу), адамның қоғамдық-тарихи тәжіри-
бесі  үдерісінде  тарихи  жеткен  деңгейі  мен  қоғам 
дамуын  сипаттайтын  материалдық  және  рухани 
құндылықтарының жиынтығы және т.б. ауқымын-
да  болды.  Кей  жағдайларда  мәдениет  ресми  дең-
гейдегі қысқартылған мағынада жиі қолданылады. 
Мысалы,  басқару  деңгейінде  «мәдениетпен»,  ку-
раторлық  деңгейде  «мәдениет  министрлігі»,  (теа-
трлық, көркемсурет-бейнелеу, әдебиет және соған 
сәйкес шығармашылық ұжымдар, мұражайлар мен 
кітапханалар қызметі т.б.) болып тарала береді. 
Қазақстанда  және  Ресейде  нарықтық  қатына-
стың қалыптасуы кезеңінде үйреншікті «басқару» 
(қоғамды,  саланы,  ұйымды,  мекемені)  ұғымымен 

59
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
қатар  басқа  «менеджмент»  ұғымы  барынша  жиі 
қолданыла бастады.
Қазіргі  кезде  «басқару»  және  «менеджмент» 
ұғымы қатынасында екі негізгі пікір қалыптасты, 
яғни біреулері бұл ұғымдарды өзара байланысты 
бірдей  синоним  ретінде  пайдаланса,  басқалары 
«басқару»  ұғымын  «менеджмент»  ұғымына  қа-
рағанда елеулі кең мағынада деген пікірді ұстана-
ды.
Отандық  энциклопедиялық  басылымдар  мен 
арнайы  әдебиеттерде  «басқару»  ұғымы  техника-
лық, биологиялық, әлеуметтік т.б. олардың белгілі 
құрылымын  сақтауды,  қызмет  режімін  сүйемел-
деуді, бағдарламалары мен мақсаттарын іске асы-
руды  қамтамасыздандыратын  ұйымдастырылған 
жүйелердің функциясы, элементі ретінде қарасты-
рылады.
«Басқару»  ұғымын  бұлай  түсіндіру  адамның 
әлеуметтік  тіршілігіндегі    өлі  және  тірі  табиғат-
тың  әр  түрлі  аясындағы  спецификалық  басқару 
қызметін  сипаттау  үшін  пайдаланудан  тұратын 
оның  маңызды  ерекшелігін  айқындауға  мүмкін-
дік  береді.  Дене  мәдениеті  мен  спортта  аталған 
салалардың  барлық  аясында  қолданыста  «басқа-
ру» ұғымын заңды қолдануға болады. Кей жағдай-
ларда  спортшы  өлі  табиғат  нысандарын  әр  түрлі 
бейнедегі,  жиірек  арнайы,  транспорт  құралдарын 
(автомобилді, самолетті, тікұшақты, яхтаны, мото-
циклді және т.б.), сол сияқты тірі табиғат нысанда-
рын (атты, бұғыларды, иттерді және т.б.) басқару 
арқылы әсер етеді.
Алайда дене мәдениеті мен спортта жаратылы-
стың тірі нысандарына әсер ету тек жануарлармен 
ғана  шектелмейді,  яғни  биологиялық-әлеуметтік, 
сол  сияқты  әлеуметтік-биологиялық  нысандары 
ретінде  алға  шығатын  спортшылардың  өздарінің 
организмдеріне  де  спецификалық  әсер  етеді.  Бұл 
жағдай  арнайы  сөздікте  өз  көрінісін  тапты.  Бұл 
түсіндірме сөздіктің авторлары «спортшы дайын-
дығын  басқару»  сөз  ұғымын  қосты.  Мұнда  өзіне 
келесі іс-әрекеттерді ендіретін ең жоғары нәтиже-
лерге  жетуді  қамтамасыз  ететін  спортшылар  дай-
ындығының  мақсатты  бейнедегі  дамуы,  олардың 
іс-әрекетін жандандыру ретінде түсіндіріледі, яғни 
нәтижелерді алдын-ала болжалдау, жарыстық қы-
зметтің  параметрлерін  спортшы  организмдерінің, 
функционалдық  жүйелерінің  дамуын  және  дай-
ындық деңгейін үлгілеу, жаттығу үдерісін бағдар-
лау, даярлық деңгейін кешенді бақылау, дайындық 
жүйесіне  түзетулер  ендіру.  Дене  мәдениеті  мен 
спорт материалдық емес өндіріс саласының бөлін-
бейтін  элементі  бола  тұрып,  әлеуметтік  тіршілік 
аясына жатады. Осыған байланысты «басқару» сөз 
ұғымын дене мәдениеті мен спортқа сала ретінде 
қолданыста  бұрынғы  кеңестік  «Дене  мәдениеті 
мен спортты басқару» дара оқулығының (1987ж.) 
авторлары  түсіндіргендей  «басқару»  сөз  ұғымын 
пайдаланудың заңдылығы шүба тудырмайды.
Бұл  оқулықта:  «Дене  мәдениеті  мен  спортты 
басқару  адамдардың  дене  дамуы  қажеттіліктерін 
барынша толық қанағаттандыру мақсатында дене 
мәдениеті мен спорт саласын жоспарлы түрде да-
мыту және олардың қызметін жүйелі қамтамасыз 
етуге  бағытталған  саналы  қызметінің  нақтылы 
әдістері  мен  үлгілерінің  жүйесі  болып  табыла-
ды»,-делінген.
Дене мәдениеті мен спорттағы басқаруға бірқа-
тар  заңдылықтар  тән,  яғни  олардың  бірі  диффе-
ренциация (бүтінді түрлі формаға бөлу) болып та-
былады. Бұл заңдылықтың мәні мына келесілерде 
көрінеді:  өзінің  тарихи  даму  үдерісінде  әр  түрлі 
бейнедегі  басқару  мектептерінің    (адам  қатына-
стары  мектебі,  мінез-құлық  ғылымдары  мектебі, 
әлеуметтік  жүйелер  мектебі  және  т.б.)  біртіндеп 
қалыптасу  және  әр  түрлі  уақытша  кезеңдеріне 
приоритетті әсер етуінде адам факторларына, яғни 
жеке адамдарды, адамдар ұжымын басқару, басқа-
ша айтқанда әлеуметтік тіршілік аясындағы басқа-
руға барынша маңызды назар аударылады.
Кез  келген  оқу-ғылыми  пәнді  зерттеуді  оның 
негізгі  ұғымдарын  анықтаудан  бастау  маңызды. 
Бұл  әсіресе  дене  мәдениетінің  жалпы  теориясы 
сияқты пәнді оқып, зерттеу кезінде мақсатқа лай-
ықты болады.
«Менеджмент»  ұғымы  Қазақстанда  соңғы 
жылдары  біздің  елімізде  нарықтық  қатынастар 
қалыптасуының  басында  ағылшын  тілінен  сөздік 
қорымызға  енді.  Сондықтан  да  бірінші  кезекте 
шетел  мамандарының  бұл  ғылым  туралы  база-
лық  түсініктерін  талдап  көрейік.  Мысалы,  «Ме-
неджмент  бойынша  Халықаралық  анықтамасы» 
(1990ж) «менеджмент» ұғымын капитал, ғимарат-
тар, материалдар және еңбек сияқты ресурстарды 
тапсырылған мақсатқа максимальды тиімділікпен 
жету  үшін  тиімді  пайдалану  және  үйлестіру 
ретінде  түсіндіріледі.  Іргелі  Оксфорд  сөздігінде 
(1994ж.) «менеджмент» ұғымына келесі түсіндір-
мелерді береді: 1) адамдармен қарым-қатынас үл-
гісі, тәсілі; 2) басқару өнері және билік; 3) ерекше 
түрдегі біліктілік және әкімгершілік дағдылар; 4) 
басқару органы, әкімгершілік бірлігі.
«Менеджмент»  ұғымы  мазмұнының  көп 
мағыналылығына  қарамастан,  оның  мәнін  ұғы-
ну  үшін  тән,  шетел  мамандары  менеджментті 
нақтылы  ұйым,  мекемені  басқару,  «фирмаішілік» 
басқару  ретінде  жиі  қолданатындығымен  түсін-
діріледі.  Біздің  көзқарасымыз  бойынша  дәл  осы 
түсінік менеджменттің басқарудан негізді айырма-
сын анықтайды.
Жоғарыда аталған айырмалық сипатына ресей-
лік  басқару  саласының  мамандары  ерекше  назар 
аударады.  Э.А.  Уткин  (1998ж.)  менеджментті  «... 
менеджменттің  әлеуметтік-экономикалық  меха-
низмінің  көп  бейнелі  қағидаларын,  функцияла-
рын  және  әдістерін  қолдану  негізінде  нарықтық 
жағдайда әрекет жасайтын кәсіпорынның ең жақ-

60
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
сы  шаруашылық  шығынын  нәтижелерге  жетуіне 
бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі» ретін-
де анықтайды.
Іс жүзінде осыған ұқсас көзқарасты дене мәде-
ниеті мен спортты басқару бойынша мамандар да 
ұстанады [1].
«Спорттық менеджмент – бұл осы заманғы на-
рықтық жағдайдағы дене мәдениеті және спорттық 
бағыттағы ұйымдарды, мекемелерді тиімді басқа-
рудың теориясы мен практикасы» [2].
«Менеджмент»-бұл  осы  заманғы  жағдайдағы 
және  ғылыми  негіздегі  ұйымдарды,  фирмаларды, 
кәсіпорындарды  тиімді  басқару  бойынша  шара-
лар  жүйесі.  «Менеджмент»  -  бұл  жоспарланған 
нәтижелерге  ұтымды  жолдармен  жетуге  бағыт-
талған өндірістік қызметті басқаруды үйлесімді ұй-
ымдастыру жүйесі; бұл дұрыс ақыл, оймен ұтым-
ды  басқаруды  жүзеге  асыруға  көмектесетін  адам 
білімінің ауқымы; бұл басқару бойынша жұмыстар-
ды орындайтын адамдардың әлеуметтік тобы [3].
Бұл  ұғымдар  бойынша  авторлардың  жалпы 
ұстанымы келесі бейнеде тұжырымдалуы мүмкін:
1) «басқару» ұғымы адамның өлі және тірі та-
биғатта, сол сияқты әлеуметтік тіршіліктегі ерекше 
өзгешеліктегі қызметін сипаттау үшін пайдаланы-
лады, сондықтан да ол тек әлеуметтік тіршіліктің 
басқару қызметін белгілеу үшін ғана қолданыстағы 
«менеджмент» ұғымынан кең мағыналы;
2) «дене мәдениеті мен спортты басқару» ұғы-
мы  адамның  спецификалық  негізгі  үш  саладағы 
іс-әрекетін  сипаттауға  бағытталған,  яғни  өлі  та-
биғатта,  тірі  табиғатта  және  әлеуметтік  тіршілік-
тегі,  ал  «дене  мәдениеті  мен  спортты  басқару» 
ұғымын дене мәдениеті мен спортты халық шару-
ашылығының саласы ретінде, басқа сөзбен айтқан-
да  әлеуметтік  тіршілік  салаларының  бірі  ретінде 
қарастырып, пайдалану мақсатқа лайықты болады;
3) «дене мәдениеті мен спорттағы менеджмент» 
ұғымы  нарықтық  қатынасты  қалыптастыру  және 
дамыту  жағдайындағы  әртүрлі  бейнедегі  және 
әртүрлі  сипаттағы  дене мәдениеті  және спорттық 
ұйымдардың, мекемелердің қызметін фирмаішілік 
басқаруды  белгілеу  үшін  пайдалану  бәрінен  де 
нақтырақ болады.
Жоғарыдағы  тұжырымдарды  есепке  алып,  қа-
жетті жағдайларда зерттеушілер сала ретінде дене 
мәдениеті  мен  спортты  басқару,  сол  сияқты  дене 
мәдениеті мен спортты фирмаішілік ұйымдастыру 
ретіндегі дене мәдениеті мен спорт менеджментіне 
қолданыста туындаған жеке мәселелерді қарасты-
рады.
Дене мәдениеті мен спорттағы менеджменттің 
мақсаты дене мәдениеті және спорт салаларының 
мүмкіндіктері,  қажеттілік  жағдайлары  ьойынша 
нәтижеге  жету  болып  табылады.  Қазіргі  заманғы 
арнайы  әдебиеттерде  менеджменттің  (басқару) 
мақсаты дене мәдениеті мен спорт саласының «са-
ясаты»,  «философиясы»,  «миссиясы»  сияқты  сөз 
ұғымдарымен белгіленеді. 
Мақсатты анықтау дене мәдениеті және спорт 
менеджменті  үдерісінің  бастапқы  сатысы  болып 
табылады,  сондықтан  өзінің  мазмұны  бойын-
ша  стихиялық  әсер  ету  емес,  мақсатты  бағыт-
тылығымен сипатталады.
Дене мәдениеті мен спорттағы менеджменттің 
мақсатын ұғыну және тұжырымдау барысын мақ-
сатты болжамдау деп атайды, яғни оның үдерісін-
де  таңдаған  критериіне  сәйкес  мақсат  иерархия-
сы (басты мақсат «декомпозициясы» өндіріледі), 
«мақсат  тармақтары»  деп  аталатын  өзара  бірле-
скен  байланыстардың  графикалық  ұсынылымда-
ры  қалыптасады.  «мақсаттардың  тармақтары» 
бірінші жағынан мақсаттардың және міндеттердің 
приоритетін,  екінші  жағынан  қолданбалылығын 
белгілеуге және көрекілікпен ұсынуға мүмкіндік 
туғызады [4].
Мақсатты  болжалдаудың  негізгілері  келе-
сілерге  жататын  белгілі  ережелер  негізінде  іске 
асырылады:  менеджмент  (басқару)  субъектісінің 
араласуын талап ететін, нақтылы жағдайларды си-
паттау; үдерістің емес, қажетті нәтиже ретінде ба-
сты мақсатты тұжырымдау; басты мақсатты жеке 
тармақтарына  декомпозициялау;  альтернативтік 
мақсат  тармақтарын  қоюды  болдырмау;  менед-
жмент  нысандары  үшін  нақтылы  міндет  түрінде 
жекелеген мақсат тармақтарын тұжырымдау және 
т.б.
Субъект  мен  объектінің  өзара  әрекеттестігі 
ретінде  менеджмент  (басқару)  үдерісі  нақтылы, 
механизмдердің  көмегімен  жүзеге  асады.  Дене 
мәдениеті  мен  спорт  менеджментінің  механизмі 
дене  мәдениеті  және  спорттық  ұйымдардың  мақ-
саттарын тиімді іске асыруды, олардың жүргізетін 
әлеуметтік-мәдени  қызметіне  қызметкерлермен 
тұтынушылардың  барынша  толық  қанағаттануын 
қамтамасыз ететін әдістері, құралдары мен форма-
ларының кешені болып табылады.
Менеджмент  үдерісі  тұжырымдалған  мақсат 
негізінде, яғни менеджмент функциясы жүйесімен 
мазмұнды ұсынылған нақтылы механизмді пайда-
ланумен іске асырылады.
Дене  мәдениеті  мен  спорттағы  менеджмент 
функциясы басқаруға ықпал жасауды жүзеге асы-
руға мүмкіндік туғызатын басқару қызметінің жеке 
қатынастағы бағыты болып табылады.
Менеджменттің  негізгі  функциясы  келесі  се-
бептер бойынша айырмаланады: біріншіден, олар 
халық  шаруашылығы  кешенінің  барлық  салала-
рында  (материалдық  және  материалдық  емес  са-
лаларында) жүзеге асады; екіншіден, олар барлық 
дене мәдениеті және спорт ұйымдарында (халықа-
ралық,  ұлттық  немесе  аймақтық;  коммерциялық 
немесе коммерциялық емес; кіші, орта немесе ірі 
және  т.б.)  және  кез  келген  менеджменттің  иерар-

61
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
хиялық  деңгейінде  (жоғары,  орта  немесе  төменгі 
санаттағы  басшылықтарында)  іске  асады;  үшін-
шіден, олар нақтылы функцияларға бейімді, яғни 
менеджменттің  негізгі  функциясының  құрамы 
мен  мазмұны  өзгермейді,  менеджменттің  қандай 
функцияны атқаратынынан тәуелсіз; төртіншіден, 
олар  шектелген  қор  жағдайындағы  белгіленген 
уақыт аралығында менеджменттің мақсатқа жетуін 
басқаруды қамтамасыз етеді.
Менеджменттің негізгі функцияларына барын-
ша дәстүрлі мыналар енеді:
Ұйымдастыру, ішкі және сыртқы ауысып оты-
рылатын  жағдайлармен  сәйкес  бұрын  құрылған 
және  қызмет  етуші  жүйелерді  сапалы  жетілдіру 
немесе жаңасын жасау бойынша қызмет;
Жоспарлау,  әртүрлі  жоспарларды  өңдеп,  дай-
ындау жолымен менеджмент нысанының мақсатты 
бағытта, динамикалық және пропорциялық дамуы 
үшін жағдай жасау бойынша қызмет;
Мотивация,  дайындалған  жоспарға  байланы-
сты қызметкерлерді тиімді еңбекке белсенді ретін 
және  қызықтыратын,  ықпал  ету  жүйелерін  құру 
бойынша қызмет;
Бақылау,  менеджмент  нысанындағы  үдері-
стердің жүруін бақылау, тапсырылған бағдарлама-
мен бақыланатын параметрлерінің мөлшерін салы-
стыру, бағдарламадан ауытқуын, олардың орынын, 
себебін және сипатын анықтау қызметі; үйлестіру, 
ұйымның,  оның  бөлімдерінің  және  жекелеген 
орындаушыларының  арасында  үйлесімді  байла-
ныс  орнатудың  көмегімен  менеджмент  үдерісінің 
тоқтаусыз және үзіліссіздігін қамтамасыз ету бой-
ынша қызмет.
Менеджменттің  негізгі  функциялары  басқа-
руға  ықпал  ету  механизмін  сипаттайтын  бірегей 
үдерісті құрып өзара тығыз байланыста болады.
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.  Зубарев  Ю.А.,Сучилин  А.А.  Менеджмент  и 
маркетинг в сфере физической культуры и спорта. 
Учебное .пособие  Волгоград., 1998г.
2.  Переверзин  И.И.  Менеджмент  спортивной 
организации. Москва, 1998г.
3. Жолдак В.И. Основы менеджментам Мало-
ховка, 1994г.
4. Жолдак В.И., Зуев В.Н. Основы менеджмен-
та спорта.-Тюмень, 1999ж.

62
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет