Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет14/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38

 Калиев Нуржан Кажимуканович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы 
Абдукаримов Баймурат Үсенович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының  магистр-оқытушысы
 МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРҒА ЖЕКЕ  САЙЫС ЭЛЕМЕНТТЕРІМЕН 
ҚИМЫЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ТОПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Түйін.  Бұл  мақалада  дене  шынықтыру  са-
уықтыру  жұмысы  –  денсаулықты  нығайту, 
білім  беру,  дамыту,  тәрбиелеу  міндеттерін  ше-
шуге  арналған  педагогикалық  іс-шаралардың  бірі 
бола  отырып,  жеке  тұлғаның  денсаулық  деңгей-
ін  арттыру,  табиғи  күш-қуатын  нығайту,  дене 
мүшелерінің гигиеналық негіздері мен дене қозға-
лыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қи-
мыл-қозғалыс  жаттығуларын  орындап,  өзін-өзі 
үнемі дамытып, көңілді де сергек жүру  қарасты-
рылған.
Кілтті  сөздер:  Білім  беру,  оқытып,  үйрету, 
бағдарлау,  өздігінен  дамыту,  дене  дайындаған-
дығы, дене тәрбиесі.
Резюме. В этой статье рассматривается физ-
культурно-оздоровительной работы – укрепление 
здоровья, образования, развития, воспитания для 
решения  задач  педагогической  деятельности,  яв-
ляясь  одним  из  мероприятий,  повышение  уровня 
здоровья,  физического,  природного  потенциала, 
укрепление физической гигиенические основы фи-
зической способности членов движения и возмож-
ностям,  самостоятельно  двигательных  упраж-
нений,  выполняя  постоянно  развивать,  проезд 
веселый, яркий.
Ключевые  слова:  Ориентирование,  образова-
ние  развитие  личности,  саморазвитие,  физиче-
ская культура.
Summary:  This  article  discusses  sports  and 
recreation  activities  –  health  promotion,  education 
development,  education  for  the  decision  of  tasks 
of  pedagogical  activity,  being  one  of  the  activities 
increasing  the  level  of  health,  physical,  natural 
building, strengthening of physical and hygienic bases 
of physical abilities of the members of the movement 
and  possibilities  of  self-movement  exercises, 
performing to continually develop, travel fun, bright.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development,  personal  development,  physical 
education.
Қимылдық ойындардың әртүрлі бейнедегі тәр-
биелеу-сауықтыру  және  дамытушы  және  оқытып 
үйретуші мәні, мектеп жасына дейінгі және баста-
уыш сынып жасындағы балалар үшін шұғылдануға 
қолайлы, балалардың ойындар арқылы көңіл-күйін 
көтеретін, қызықтыратын, солар арқылы олардың 
іс-әрекеті  аясын  кеңейтетін,  олардың  күнделік-
ті  өміріндегі  табиғи  бөлінбейтін  құнды  бөлшегі 
ретінде анықталады. Балалардың қимыл-қозғалыс 
салаларын  қалыптастыратын  қимылдық  ойындар 
даму  үдерісінде  көп  бейнелі  қозғалыс  формала-
ры, сюжеттер, қозғалыс актылары және т.б. жүйелі 
қалыпқа  түсіп,  жетілдірілді.  Қалыптасып,  жетілу 
негізінде  қимылдық  ойындардың  қазіргі  заманғы 
қозғалыс іс-әрекеттері талаптарына жауап беретін, 
сәйкес қимылдық-қозғалыс іс-әрекетінің жаңа, ба-
рынша жетілген түрлері пайда болады. Жеке сай-
ыс  элементтерімен  қимылдық  ойындардың  бұл 
тұрғыда дамуы соңғы қорытынды емес, олар өзінің 
қалыптасып, дамуы үрдісінде жалпы негізгі бағыт-
тарға сәйкес келеді.
Сонымен  бірге,  білім  беру  -  тәрбиелеу  бағы-
тындағы қимылдық-қозғалыс әрекеттерінің мазмұ-
ны, ережелері, мәндері, ойын үлгілерінің түрленуі 
барысында  және  т.б.  жеке  сайыс  элементтерімен 
қимылдық  ойындардың  басымырақ  психологи-
ялық - физиологиялық және педагогикалық әсерін 
анықтау және оларды жіктеуде бірнеше рет талпы-
ныстар болды. 
Бұл әрекет аса әдістемелік, практикалық тұрғы-
дан тағы ғылыми тәжірибелік зерттеу мақсатында 
жүргізілді. Сонымен бірге, жіктеу белгілері ретін-
де  қимылдық  ойындардың  әртүрлі  мына  аспек-
тілер пайдаланылды:
- ойындардың ұйымдастыру ережелері мен фак-
торлары;
- ойынға қатысушылардың қозғалыс әрекеттері;
- ойын әсерінің сандық-сапалық сипаттамалары;
- ойынның жас ерекшелігі бойынша өзгешелік-
тері (спецификасы);                                                                                                                       
Бұл ғылыми – практикалық мақалада жеке сай-
ыс  элементтерімен  қимылдық  ойындарды  топта-
стырып,  жіктеу  бойынша  М.Л.Лавочкин,  Н.Т.Ле-
бедев,С.А.Төнеев  сияқты  ғалымдардың  зерттеп 
қорытқан қазіргі таңда қолданыстағы бар қимыл-
дық ойындарды талдау мақсат  етіп қойылды. Мек-
тепке кейінгі үлкен жастағы және бастауыш сынып 
жасындағы  балалардың  дене  тәрбиесі  құралдары 
мен  әдістерінің  жалпы  жүйедегі  жеке  сайыс  эле-
менттерімен  қимылдық-қозғалыс  ойындарының 
мәнін ғылыми ұғыну, олардың қоғамдағы ролінің 
мәнін  түсіну  қажеттілігінен  туындап  отыр.  Со-
нымен  бірге  бұл  ойындардың,  қандай  жүктеме 

91
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
көлемінде,  қандай  мақсат  бойынша  максималды 
дұрыс  педагогикалық  әсер  ету  мақсатында-адам-
ның  жеке  дамуының  (онтогенез)  әртүрлі  сатыла-
рында қолдануға болатынын нақты, дәл анықтаған 
мақсатқа  лайықты  болады.  Басқаша  айтқанда, 
жеке сайыс элементтерімен қимылдық ойындарды 
пайдалану  бойынша  ғылыми  тәжірибелік  бағдар-
ламаның  негізгі  бөлімдерін  және  олардың  әсерін 
зерттелетін  жастағы  балалар  контингентінің  дене 
сапаларын,  өмірде  маңызды  қозғалыс  біліктілігі 
мен дағдыларын қалыптастыруға және тәрбиелеу-
ге өтпес бұрын олардың педагогикалық және пси-
хо-физиологиялық  әсері  туралы  ақпаратты  алған 
дұрыс.
 
Жеке  сайыс  элементтерімен  қимылдық 
ойындарды, топтастырып, жіктеу. Басқа кез келген 
құбылыстар сияқты қимылдық ойындарды жіктеу, 
яғни оларды анықталған белгілеріне сәйкес олар-
дың  бірқатарын  топтарға  бөлімдермен  тәртіпке 
келтірілген  жиынтығын  қисынды  (логикалық) 
ұсыну  болып  табылады.  Қимылдық  ойындарды 
жіктеудің  ғылыми  педагогикалық  мәні,  оның  не-
гізіне  атап  көрсетілетін  қандай  белгілері  тиісті 
ойындардың ойналуы және қолданылуын бағалау 
үшін ол қаншалықты бағалылығымен анықталады.
Балалар мен жас жеткіншектердің дене тәрби-
есінің  мақсаты.    Егер  педагогикалық  қатынаста 
бар, жіктеу негізіне қандай да белгі қойылған бол-
са,  онда  ол  қимылдық  ойындардың  төтенше  көп 
түрлілігі, оларды ұтымды іріктеу және пайдалану 
балалар мен жас жеткіншектердің дене тәрбиесінің 
мақсатында бағдарлауға көмектеседі.
Қазіргі  таңда  ғылыми  және  әдістемелік  әде-
биеттерде  бар  мүмкіндігінше  жіктеу  белгілерін 
пайдаланумен  қимылдық  ойындарды  жіктеудің 
үлкен  саны  жинақталған.  Алайда,  мамандардың 
әділ бағалауы (Л.В.Бычева, И.М.Коротков, 1982ж., 
Е.А.Тимофеева  1989ж.  т.б.)  көрсеткендей  толық 
ғылыми негізделген қимылдық ойындарды жікте-
удің жалпы көпшілік мойындаған түрлері әлі дай-
ындалмаған. 
Бүгінгі  таңда  жіктеу  белгілеріне  сәйкес  ірік-
теумен  қимылдық  ойындарды  жіктеуге  келісімді 
жатқызуға болады.
Қимылдық  ойындарды  бөлудің  барынша  қа-
рапайым  түрі,  оларды  күрделілік  дәрежесіне  қа-
рай қарапайым және күрделіге жатқызуға болады. 
Біздің  пікірлеріміз  бойынша  бұлай  бөлу  топта-
стыруда елеулі кемшіліктерге жол беріледі: бұлай 
бөлуге болады, бірақ шұғылданушылардың әртүр-
лі  контингенті  үшін  қарапайым,  біреулері  үшін 
оңай  болуы  мүмкін.  Осыған  байланысты  жекеле-
ген  мамандарға  ойынға  қатысушыларды  жасына 
қарай бөлу, яғни ойындар мектепке дейінгілер, ор-
талар және үлкендер, он мектеп жасындағы баста-
уыш  сынып  оқушылары  сыныптастарымен  бөлу 
болжамданады. 
Қимылдық  ойындардың  әртүрлі  бейнедегі 
тәрбиелеу-сауықтыру  және  дамытушы-үйретуші 
маңыздылығы,  олардың  мектеп  жасына  дейінгі 
және  бастауыш  мектеп  жасындағы  балалар  үшін 
жеңіл, оңайлығы, ойындардың балалардың іс-әре-
кеті  аясында  көңіл  күйін  көтеру,  қызықтыруға 
жағдай  туындатуы,  міне  осылардың  барлығы  қи-
мылдық  ойындарды  олардың  күнделікті  тіршілі-
гіндегі  органикалық  бөлінбейтін  құнды  элементі 
ретінде анықтайды. Қимылдық ойындардың даму 
үдерісінде сюжеттер, қозғалыс актылары және т.б. 
әртүрлі бейнедегі қозғалыс формалары жинақтал-
ды. Мұнда жинақталған қозғалыс әрекеті негізінде 
жаңа барынша жетілген, қазіргі заман талаптарына 
жауап  беретін  қимылдық  ойындардағы  қозғалыс 
әрекеттері үнемі пайда болып отырады.   Б ұ л 
аспектіде  жеке  сайыс  элементтерімен  қимылдық 
ойындар өзінің қалыптасып, дамуында жалпы не-
гізгі  мақсаттарға  жалғасады.  Қозғалыс  әрекетінің 
мазмұны, ережелері, сюжеттері, стилдерінің қолда 
бар  варианттарында,  білім  беру-тәрбиелеу  бағыт-
тылығында  және  т.б.  қимылдық  ойындардың, 
оның ішінде жеке сайыс элементтері барларының 
да басымырақ психолого-физиологиялық және пе-
дагогикалық әсер етуін анықтау және жіктеу бірне-
ше рет қолға алынып, қарастырылды. Бұл жұмы-
стар таза ғылыми зерттеу мақсатында, әдістемелік 
практикалық  тұрғыда  жүргізілді.  Әрі  жіктеу  бел-
гілері  ретінде  қимылдық  ойындардың  әртүрлі 
төменде көрсетілген аспектілері пайдаланылды:
- ойынды ұйымдастыру ережелері мен форма-
лары;
- ойнаушылардың қимылдық әрекеттері;
- сандық-сапалық әсер ету сипаттамасы;
- ойынның жасерекшілік спецификасы;
-  қимылдық  ойын  түрлерінің,  ойынға  кіретін 
спорт түрлерінің элементтері бойынша және т.б.
Жеке  сайыс  элементтерімен  қимылдық  ойын-
дарды  жіктеп,  топтастыру.  Басқа  кез  келген  құ-
былыстар  сияқты  қимылдық  ойындарды  жіктеу 
белгілі  ойын  ерекшеліктеріне  сәйкес  олардытоп-
тарға бөлудің біршама тәртіпке келтірілген жиын-
тығы ретінде қисынды (логикалық) көрсету болып 
саналады.  Қимылдық  ойындарды  жіктеп,  топта-
стырудың ғылыми-практикалық мәні, оның негізі-
не  қандай  белгілері  қойылған,  оларды  қолдануда 
және  ойынның  қолданыста  болуын  бағалау  үшін 
қаншалықты ол маңызды екендігі анықталады. Пе-
дагогикалық қатынаста бар, қимылдық ойындарды 
топтастыру негізіне ерекше белгі қойылған болса 
онда ол қимылдық ойындардың шамадан тыс көп 
бейнелілігіне бағдар жасауға жәрдемдеседі, олар-
ды балалар мен жас жеткіншектердің дене тәрби-
есі мақсаттарында үйлесімді іріктеуге және пайда-
лануға болады.
Осы кезге дейін ғылыми және әдістемелік әде-
биеттерде  мүмкін  болған  топтастыру  белгілерін 

92
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
пайдаланумен қимылдық ойындарды топтастыру-
дың үлкен саны жинақталған. Алайда, педагогика 
саласының мамандары әділ айтқандай ғылыми не-
гізделген қимылдық ойындардың жалпыға бірдей 
топтастырылуы осы уақытқа дейін әлі жасалмаған 
[7,8,9,10]. Бүгінгі күнгі қимылдық ойындарды топ-
тастырудың  барынша  таралған  санына,  яғни  топ-
тастыру  белгілерін  сәйкестікпен  таңдау  бойынша 
келесілерді жатқызуға болады.
Қимылдық  ойындарды  күрделілік  дәрежесіне 
қарай  қарапайым  және  күрделіге  бөлу.  Бірақ  бұл 
топтастырудың,  біздің  пікіріміз  бойынша  келесі 
елеулі кемшіліктері бар, яғни бұлай бөлуге болады, 
бірақ бұнда әртүрлі жастағы шұғылданушы бала-
лар үшін күрделілік дәрежесі ескерілмейді. Қайсы 
бір жастағы балаларға күрделі болып келетін қи-
мылдық  әрекет  олардан  үлкен  жастағылар  үшін 
қарапайым,  оңай  болып  келеді.  Осыған  байланы-
сты  жекелеген  мамандардың  ұсынысы  бойынша 
ойнаушылардың  жасерекшелігіне  қарай  ойынды 
бөлу, яғни майдалар үшін ойын, орта және үлкен 
мектепке дейінгі жастағылар және бастауыш мек-
теп  жасындағылар  үшін  ойындарды  топтастыру 
қарастырылған. Солай болғанымен, бұл топтасты-
ру  ойындардың  әрбір  баланың  жеке  тұлғасы  мен 
оның ағзасына педагогикалық, әсіресе психофизи-
ологиялық әсер етуін ескермейді.
Ойындарды мазмұны бойынша топтастыру кең 
таралымға  ие  болды,  яғни  ережесімен  қимылдық 
ойындар және спорттық ойындар. Ережесімен қи-
мылдық  ойындар  сюжеттік  және  сюжетсіз  болып 
бөлінеді.  Сюжеттік  қимылдық  ойындар  шартты 
түрде өмірде бар тіршілік немесе ертегілік кезеңді 
көрсетеді.  Сюжетсіз  ойындар  нақтылы  мақсатқа 
жетуге  әкелетін  белгі  қозғалыс-қимылдық  тапсы-
рманы  мазмұндайды.  Мұндай  топтастырудың  та-
биғи әсіресе тәрбиелік мағынасында бірқатар оңды 
сәттері  бар.  Солай  болғаныменбұл  педагог-тәр-
биешілерге белгілі бір уақытпен белгіленген дене 
жүктемесін іріктеуі бойынша нақтылы нұсқау бер-
мейді.
Қимылдық  ойындар,  оның  ішінде  жеке  сайыс 
элементтерімен ойындардың кез-келген топтасты-
рылуында  олардың  әрқайсысы  балалар  ағзасына 
және жеке тұлғалық психолого-физиологиялық са-
наларына белгілі дәрежеде әсер ететінін атап өткен 
жөн.  Соңғысы  қолданылатын  ойынның  мазмұны 
және  формасы  ерекшеліктеріне  байланысты  бо-
лады. Іс жүзінде қимылдық ойындардың нақтылы 
тиімділігі  оларды  орындай  шарттарына  байланы-
сты болады. Басқаша айтқанда, ойынның нақтылы 
әсер ету сипаты тек оларға тән қасиеттеріне ғана 
емес, сонымен бірге оны кімнің орындайтынына, 
қалай  орындайтынына,  кімнің  басшылығымен 
және қандай мүмкіндік жағдайында ойынның өт-
кізілуіне де байланысты болады. Сонымен, сол бір 
қимылдық ойын және сол жіктелу тобында шұғыл-
данушылардың  жеке,  жас  және  жыныс  ерекшелі-
гін, денсаулық жағдайы, дайындалғандық деңгейі, 
ерекшеліктеріне, тіршілік режімі, күнделікті қозға-
лыс  белсенділігінің  жиынтығы,  еңбек  режімі,  де-
малыс  пен  тамақтану,  тұрмыс  жағдайы,  сонымен 
бірге сабақтың өткізілудегі сыртқы жағдайлар яғни 
географиялық ауа-райы, спорт қондырғылары мен 
құрал  жабдықтар,  сабақ  өтілетін  орынның  гигие-
налық  тазалығына  байланысты  елеулі  дәрежеде 
әртүрлі тиімділік әсерін беру мүмкін.
Қимылдық  ойындардың  тиімділігін  анықтай-
тын  барлық  негізгі  қозғаушы  күштермен  жағдай-
ларды  ой  елегінен  өткізіп,  талдау  және  шығар-
машылық  қатынас  оларды  мақсатқа  лайықты 
қолданудың міндетті алғы шарты болып табылады. 
Қимылдық және спорттық ойындарды ұтымды үй-
лесімділікте  пайдаланудың  басты  кепілдемесінің 
бірі сабақтарға білікті педагогикалық басқару, дене 
тәрбиесінің ғылыми принциптерін ұқыптылықпен 
сақтау  және  олардың  әдістемесіне  негізделгенді-
гімен қорытындыланады.
Бұл  тұрғыда  жеке  сайыс  элементтерімен  қи-
мылдық ойындарды топтастыруды өңдеп дайындау 
дене  тәрбиесі  жүйесінде  мектепке  дейінгі  үлкен-
дер тобындағы және бастауыш мектеп жасындағы 
балалардың барлық ерекшеліктері, ойынды қолда-
ну шарттары, ойын ерекшеліктері есепке алынып 
оларды  пайдаланудың  ғылыми  және  эксперимент 
жүзінде негізделген әдістемесін жасау жолындағы 
бірінші қадам болып табылады.
Біз  жеке  сайыс  элементтерімен  қимылдық  ой-
ындарды  төмендегідей  топтастыруды  дұрыс  деп 
тауып, белгіледік:
Біздің пікіріміз бойынша, жеке сайыс элемент-
терімен  қимылдық  ойындардың  педагогикалық 
және  психолого-физиологиялық  әсер  етудегі  ба-
рынша  үйлесімді  топтастыру  белгісі  басымырақ 
қызмет ету бағыты болуы мүмкін. Мұнда болжал-
данған  барынша  әсер  ету  дәрежесін  нақтылауға 
мүмкіндік  беретін  осындай  топтарды  бөліп  қа-
раған дұрыс болар еді. Қазіргі сәтте, мақсатқа жету 
аспектісінде  барынша  басымдық  берілетін  ойын-
ды  педагог-тәрбиешінің  тиімді  таңдау  көзқарасы 
тұрғысынан ерекше маңызды. Сонымен бірге, ере-
же бойынша қимылдық ойындардың кешенді, іле-
спелі әсері болғандықтандығын алдын-ала ескерту 
қажет.  Олардың  нақтылы  қозғалыс  компонентіне 
немесе  шұғылданушылардың  функционалдық  қа-
білеттеріне «таза» , диференциалды әсері іс-жүзін-
де жоқ. Сондықтан бұл жағдайда басымырақ әсер 
ету атап көрсетіледі. өңдеп дайындалған жеке сай-
ыс  элементтерімен  қимылдық  ойындарды  топта-
стыру белгісі ретінде қимылдық ойынның педаго-
гикалық  және  психолого-физиологиялық  әсерінің 
басымырақ бағыттылығы таңдап алынды.
Бірінші кезекте келесі жағдайларды ескерту қа-
жет:
1.  Топтастыруда  күн  режіміндегі  қимылдық 
ойындарға  басшылық  жасау,  ұйымдастыру  фор-

93
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
малары  көрініс  таппады.  Дене  жаттығуларымен 
шұғылдану сабақтың формасында жеке сайыс эле-
менттерімен қимылдық ойындарды пайдаланудың 
үйлесімді шарттарын өңдеп, дайындаудағы негізгі 
мақсат,  біздер  бұл  топтастыру  белгісін  қоспауды 
және ойынды ұйымдастырудың басқа формаларын 
бөлмеуді мақсатқа лайықты деп санадық.
2. Мақсатты тапсырма, яғни осындай себептер-
мен бұл топтастыруда ойындарды пайдалану кезін-
дегі әдістемелік тәсілдердің ерекшеліктері есепке 
алынбады.
3. Топтастыруда тіпті үлкенірек жастарда тәр-
биеленуі және қалыптасуы мүмкін қозғалыс білік-
тілігімен дағдыларымен дене сапаларының кейбір 
компоненттері  де  көрсетілді.  Алайда,  мұнда  олар 
қозғалыс  сапаларын,  біліктілік  дағдыларын,  пси-
хологиялық ерекшеліктерін айқындау үшін зертте-
ушілік пікір бойынша бөліп қарастырылды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Әбділлаев  Ә.К.      Оңалбек Ж.К.   Дене  мәде-
ниетінің  ілімі  және  әдістемесі. Түркістан 2004-
223б.
2. Әбділлаев  Ә.К.   Дене  мәдениетінің  ілімі  
және  әдістемесі. Кентау 2007-227-246б.
3.  Әбділлаев    Ә.К.,Мұхамеджанов  Б.Қ.      Дене  
мәдениеті. Кентау 2008-60-61б.
4. Дене шынықтыру туралы Қазақстан Респу-
бликасының заңы. Қазақстан № 1. 2000. 
5. Матвеев Л.П. Введение в теорию физической 
культуры: Москва: ФиС 1985.
6. Выдрин В.М. Теория   физической культуры, 
Ленинград, 1988.
7.  Әлімжанова  Г.  Ерғазиева  К.  «Салауатты 
өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп» 2004-2.
8.  Қайымова  Ш.  «Салауатты  өмір  салтын 
құру», «Өзіндік таным» , 2005-2. 
9. Абдрахманова А. «Салауатты өмір салтына 
құрылымдық модель», «Валеология дене тәрбиесі 
спорт» №12 -2003.
8.  Есжанов  Б.  «Салауатты  өмір  салтын  қа-
лыптастыру», «Ислам әлемі».2005-10 17. Исламо-
ва А. «Педагогикалық салауаттанудың даму негіз-
дері», «Мектептегі дене шынықтыру» 2004-3.
9. Қосуақова З.   «Оқушылардың   салауатты   
өмір   салтын       ынталандыру.» «Валеология дене 
тәрбиесі спорт». 2003-3.
 10. Таубаева   Ш.   Назарова   Г.   Педагогика-
лық   салауаттанудың   даму   негіздері. «Валеоло-
гия және салауаттылық негізі» 2003-1.
11.  Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. - Алма-
ты: Білім, 1997. - 256 бет.

94
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07
Калиев Нуржан Кажимуканович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы
Мамиров Ерлан Нарзуллаевич
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Түйін: Бұл мақалада дене тәрбиесі жүйесінде-
гі  қимыл-қозғалыс  ойындарын  өткізу  әдістемесі 
жайында  мәселе  қарастырған.  Ойын  түрлерін 
балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бөліп көр-
сеткен. Мақаланың басты ерекшелігі жасөспірім 
балалардан  бастап,  ересек  адамдарға  дейін  өз 
еріктерімен  қызығушылықтарымен  ойнайтын-
дығы сөз етілген.
Кілтті  сөздер:  Білім  беру,  оқытып,  үйрету, 
бағдарлау,  өздігінен  дамыту,  дене  дайындаған-
дығы, дене тәрбиесі.
Резюме.  В  этой  статье  рассматриваеться  в 
системе физического воспитания подвижные игры 
методика  проведения,  о  рассмотрении  вопроса. 
Выделить  игровой  деятельности  в  зависимости 
от возрастных особенностей детей. Главная ста-
тьи особенности детей, подростков, взрослых до 
слово добровольно интересами.
Ключевые  слова:  Ориентирование,  образова-
ние  развитие  личности,  саморазвитие,  физиче-
ская культура.
Summary:  This  author  talks  about  the  physical 
training  and  outdoor  games  to  the  methodology, 
consideration  of  the  question.  To  highlight  gaming 
activities  depending  on  the  age  characteristics  of 
children.  Main  article  characteristics  of  children, 
adolescents,  adults  to  eunicidae  the  word  volunteer 
interests.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development,  personal  development,  physical 
education.
Дене  тәрбиесі  үдерісінде  ойын  -  жасөспірім-
дердің өмірінде алатын орны ерекше. Ойындардың 
әдіс  –  тәсілдеріне  қарап  жылдамдық  дамытатын 
ойындарды ерекше атып өтуге болады. Себебі, ой-
ынға  қатысушылар  белсенділікпен  қимыл-қозға-
лыс  әрекеттеріне  қатысады.  Ойын  ережелеріне 
байланысты өздерінің алға қойған мақсатына жете 
алады. 
Ойын  –  сан  алуандылығына  қарамастан  өт-
кізілу ережелеріне байланысты, жасөспірімдердің 
жас ерекшеліктерімен дайындық деңгейлеріне бай-
ланысты таңдалады. Себебі ойындардың мазмұны 
өмір сүріп жатқан ортаға байланысты. 
Ұлттық  ойындардың  басым  көпшшілігі  топ-
тарға бөлініп ойналады. Кейбір ойындар спорттық 
ойындармен жергілікті ойындарға дайындық ретін-
де  қолданылуы  мүмкін.  Дене  тәрбиесі  үдерісінде 
ойындарды сабақ ретінде қолдану жасөспірімдер-
де дене тәрбиесінде туындаған кейбір мәселелерді 
оңай  шешуге,  денсаулығын  жақсарту  арқылы  қи-
мыл-қозғалыс дағдыларын арттыруға ықпалы өте 
жақсы.  Тәрбиелік  жағынан  ойындар  Отаншыл-
дық,  патриоттық  сезімдерге,  батылдықпен  табан-
дылыққа  үйретеді.  Сауықтыру  мәселесіне  ұлттық 
ойындардың  тигізетін  әсері  көп.  Мысалы  жүгіру, 
секіру, лақтыру, өрмелеу сияқты жаттығулар олар-
дың икемділік қабілеттерін дамытады. 
    Ұлттық  ойындар  ойыншылардың  қарым-қа-
тынасын орнататын ережелерге сай бөлінеді. Сол 
арқылы  олар  қажетті  ойын  түрлерін  таңдап  алуы 
тиіс. Мысалы:
«Әуе таяқ». Ойын ережесі бойынша ойнаушы-
лар бірнеше топқа бөлінеді. Олардың біреуі таяғын 
әуелете лақтырып, екіншісі оны өз таяғымен көз-
деп, тигізу керек. Таяқты лақтырушы мен көздеуші 
жеребе бойынша анықталады. Егер ойыншылар екі 
топқа бөлінсе, таяқтарын көп тигізген көп жеңген 
болып есептеледі[1,2]. 
Ойын кезінде балалардың жылдамдық, ептілік 
дағдылары дамиды. Мұндай ойындардың қатары-
на «Шеңбер жарыс», «Доп алып қашу», «Орамал 
байлау», «Көз байлап жарысу», «Еңбектеп жары-
су»  ойындары  жатады.  Ойындардың  негізгі  мақ-
саты  дене  қозғалысының  жедел  дамуына  ықпал 
ету және де баланың тез қимылдау икемділіктерін 
дамыту, жылдам қимылдауға үйрету. Жасөспірім-
дерді  төзімділікке,  күштілікке  үйрететін  ойындар 
көп  тәжірибені  қажет  етеді,  себебі  ойындардың 
балаларға ауырлық түсетін ойын түрлері де болуы 
мүмкін. Мұндай кезде олардың жас ерекшеліктері, 
денсаулық  деңгейлеріне  де  ерекше  мән  беру  қа-
жет. Жүректің қатты соғуына, қатты шаршату са-
пасын, тыныс алу жолдарына қиындық келтіреді. 
Төзімділікпен  күштілікке  үйрететін  ойындар  ба-
лалардың  жан-жақты  дамуына  оң  ықпал  етеді, 
оларды  төзімді,  күшті  болуға  икемдей  отырып, 
олардың сана сезіміне де әсер етуі мүмкін. Бала-
лар  үшін  пайдалы  ойындардың  қатарына  күрес 
түрлері, бірін-бірі көтеру, арқан тартыс ойындары 
кіреді. Бұл ойындар ойналып жатқан кезде бақы-
лауда болуы қажет. Себебі ер балалар мен қыз ба-
лалар арсында ерекшеліктер болуы мүмкін. Себебі 
ер балаларға қарағанда қыз балаларда күші аз бо-
лады,  сондықтан  қыз  балалар  мен  ер  балаларды 

95
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
араластырып,  екі  топта  да  күштілікті,  жылдам-
дықты теңдей қарастыру қажет. Шыдамдылық пен 
күштілікті  дамытатын  тек  ұлттық  ойындар  емес 
олардың қатарына спорттық ойындарды да жатқы-
зуға болады. 
Дене  мүмкіндіктерін  өз  ықтиярына  бағынды-
рып, ойындарды өз еркімен ойнау, ережелерін пай-
далана  білу  шапшаңдықпен  жылдамдықты  талап 
етеді. Қимыл-қозғалыстарының шапшаңдығы дене 
тәрбиесі  үдерісіндегі  ойындар  негізінде  жүзеге 
асады.  Дене  жеңілдігін,  дене  шапшаңдығын  да-
мытатын негізгі жаттығулардың көпшілігі доп пен 
ойналатын ойындарда болады. Бұл ойындарда қи-
мыл-қозғалыстарының жан-жақты жетілуіне себеп 
болатын жаттығулар пайдаланылады. Мысалы, өр-
мелеу, жүгіру, секіру, лақтыру элементтері бар ой-
ындар. Мұндай қозғалыстағы ойындар жасөспірім-
дердің дене бітіміне әсер етіп, олардың икемділік, 
шапшаңдық,  төзімділік  қасиеттерінің  дамуына  өз 
ықпалын тигізеді. Шапшаңдық пен икемділікке үй-
рететін ойындарға «Үйрек ату», «Ақсүйек», «Қар-
мақ» сияқты ұлттық ойындар жатады [3,4].
Ұлттық ойындарға қарағанда күнделікті ойна-
латын қарапайым ойындар арнайы дайындықты та-
лап етпейді, керісінше олар жасөспірімдерде дағды 
мен шеберлікті жетілдіріп, күрделі ойын түрлерін 
үйренуге мүмкіндік жасайды. Күрделі жаттығулар-
дан кейін зейін аударуды қажет етпейтін қарапай-
ым тапсырмалар берген дұрыс. Жүгіру, секіру, не 
кедргілермен жүгіру ойындарынан кейін, қозғалыс 
дәлдігін, тепе-теңдік сақтауды, күрделі координа-
ция талап ететін, жаттығулар жүргізбеген жөн.
Қозғалыс  ойындарын  әдетте  жаппай  әдіспен 
жүргізеді.  Қатысушылар  мүмкіндігіне  қарай  екі-
үш топқа бөлінеді және әр топта ойын өз бетінше 
жүргізіледі.  Топтық  әдіс  те  жетекші  ойыншылар-
ды екі топқа бөліп, оларға әртүрлі ойындар береді. 
Қозғалыс ойындарына үйрету әдістемесі оқу про-
цесінің  жалпы  принциптеріне,  заңдылықтарына 
негізделеді.  Оның  тиімділігі  дидактикалық  прин-
циптерді іске асырумен байланысты. 
Күрделі  ойынның  мазмұнын  бірден  түсіндіру 
пайдасыз екендігін дәлелдеген ғалымдарымыз ой-
ындардың  бірнеше  кезеңнен  түсіндіру  қажеттігін 
ұсынған: 
1-кезең – ойынмен таныстыру (аты, негізгі сю-
жет, негізгі ережелер)
2 – кезең одан әрі зерттеу
3-кезең  ойын  мазмұны  және  ережесіне  өзгері-
стер енгізу.
Осындай  кезеңдерді  ескерген  жағдайда  біз 
бастауыш сынып оқушыларының қозғалыс ойын-
дарында  олардың  анатомиялық-физиологиялық 
жетілу  ерекшеліктерін,  ойынға  икемділігін  бақы-
лап  отырып  ойнатамыз.  Себебі  олардың  бұлшық 
еттерімен  сүйектері  жетілмеген,  сондықтан  көп 
күш  қажет  етпейтін  ойындарды,  қозғалыс  жат-
тығуларын  қысқа  уақыт  ішінде  ойналатын  ойын-
дарды ұсынамыз. 
Бастауыш  сыныпта  балалар  ойын  баласы 
болғандықтан ойын сабақтарында белсенділікпен 
қатысады.  Бір-бірімен  жарысу  әдісінде  олар  қи-
мыл-қозғалыстарын  бақылап  отырады.  Ойын 
арқылы балалар қимыл-қозғалыс дағдыларын арт-
тырса, екінші жағынан олардың саналылық жүйесі 
жүзеге асады. Ойын әрекеттеріндегі белгілер сөз-
бен берілуі қажет, себебі олар сөйлеуді дамытады 
және құрал –жабдықтар әртүрлі формада, олар қы-
зығатындай дәрежеде болуы тиіс. 
5-6 сынып жасөспірімдердің бұлшық еттерінің 
даму кезеңі, бірақ күшке толық ие емес. Олардың 
өсіп  жетілген  ағзасы  оттегіні  қажет  етеді,  тыныс 
алу жолдары дамиды. Бұл жастағы жасөспірімдер 
ойын тактикасы мен техникасына жетік меңгереді. 
Ойындардың  әдіс-тәсілдерін  таңдап,  жекпе-жек 
күрес  тәсілдерін  терең  меңгереді.  Қимыл-қозға-
лыс  ойындары  дене  тәрбиесі  үдерісінде  барлық 
сабақтарға  енгізілуі  қажет.  Ойындар  сабақтың 
негізгі  және  қорытынды  бөлімінде  жүргізіліп, 
күштілікпен  жылдамдықты  дамытатын  ойындар 
сабақ  үдерісінде  жүргізіледі.  Бірақ  бұл  ойындар-
дың  ұзақтығы  20  минуттан  аспау  керек.  Әрбір 
ойындар ережелері мен ойналады. Сабақта ойын-
дармен бірге гимнастикалық және жеңіл атлетика 
жаттығулар  пайдаланылады.  Гимнастикалық  жат-
тығулар мен бірге жеңіл атлетикалық жаттығулар 
сабақтың бастапқы бөлімінде жүзеге асады. Кейбір 
жағдайларда жасөспірімдердің шаршағанын шыға-
ру  үшін  қимыл-қозғалысты  ойындарды  сабақтың 
қорытынды бөлімінде берген дұрыс [5,6].
7-9  сынып  жасөспірімдер  үшін  өсу  кезеңі  деп 
есептейміз.  Бұл  кезеңде  жасөспірімдер  күштілік, 
шапшаңдық, шыдамдылық ойындарына бейім ке-
леді.  Олар  тосықтардан  өту  жаттығуларын,  ұзақ 
жүгіруі бар ойындарды көп пайдаланады. Мұндай 
жаста шапшаңдық пен күштілік ұлдар мен қыздар 
арасындағы айырмашылықтар еленеді, себебі олар 
өздерінің дене бітімі талап еткен қимыл-қозғалысы 
бар  ойындарды  таңдайды.  Қимыл-қозғалысы  бар 
ойындарда мысалы, қысқа аралыққа жүгіру, күрес 
элементтері  бар  ойындар,  лақтыру  сияқты  ойын-
дарда ұлдар қыздарға қарағанда басымырақ келеді. 
Жарыс  кезінде  осындай  ерекшеліктерді  ескеріп, 
ұлдар мен қыздардың тепе-теңдігін сақтау керек. 
Шыдамдылыққа тосықтардан аса жүгіру ойын-
дарында бөлінген топтарды ұлдар тобы мен қыздар 
тобына бөліп жүргізген ережеге сай болады. Бірақ 
қимыл-қозғалысы  бар  ойындар  ұлдарға  да  қы-
здарға да өте пайдалы. Себебі жарыс сипатындағы 
ойындар  жасөспірімдердің  қимыл-әрекеттеріне 
ықпалы зор. Мұндай қимыл-әрекетті ойындар дене 
тәрбиесі сабағында жоспар бойынша сабақтың не-
гізгі бөлімінде қарастырылу қажет.
10-11  сыныптарда  оқушылардың  іс-әрекетке 
бейімділік  қабілеті  артады.  Оларға  көбірек  қи-
мыл-қозғалысы бар ойындарды беру керек. Себебі 

96
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
олардың  дене  мүмкіндіктерін  арттыруға  арнайы 
спорттық  ойындар  даярланады.  Дене  тәрбиесі 
үдерісінде  ұлдар  мен  қыздардың  ойындарға  қы-
зығушылығын  ескере  отырып,  олардың  іс-әрекет 
ойын  түрлері  бар  қозғалыс  жаттығулары  ұсыны-
лады. Жасөспірімдердің қимыл қозғалысын артты-
ратын жаттығуларды жүйелі түрде ұйымдастырған 
жөн.  Сондықтан  ойындар  арқылы  олар  спорт-
тың  бір  түрімен  айналысуға  бейімделеді  және  де 
таңдаған  спорттың  бір  түріндегі  шеберлік  дағды-
сын жетілдіре түседі. 
Дене  тәрбиесі  үдерісінде  қимыл-қозғалыс  ой-
ындарын жіктеу
Дене  тәрбиесі  үдерісінде  қимыл-қозғалыс  ой-
ындарын жіктеу формалары төмендегіше болады:
Ойын  мазмұнымен  таныса  отырып,  ойын  әді-
стерінің оңай немесе күрделі болып бөлінуі;
Ойыншылардың  өсіп  жетілу  ерекшеліктерін, 
дене бітімін есепке алып, жасына, жынысына қа-
рай ойналатын ойын түрі;
Жасөспірімдерді  жан-жақты  дамытушы  ойын-
дар, қимыл-қозғалыстары басым келетін ойындар. 
Бұл  ойынның  ішіне  жеңіл  атлетика  жаттығулары 
кіреді:  мысалы,  секіру,  қысқа  аралыққа  жүгіру, 
лақтыру, өрмелеу;
Жасөспірімдерді  шыдамдылыққа,  жылдам-
дыққа,  бейімділікке,  қабілеттілікке  үйрететін  ой-
ындар;
Ойын барысында ойынның техникасы мен так-
тикасын  үйрену,  қимыл-қозғалысты  нығайту  мен 
жетілдіру;
Қарсыласып  ойнау  түрлері  немесе  кезектесе 
ойнау түрлері;
Сабақ  үдерісіндегі,  сабақ  арасындағы  үзілі-
стерде, жарыст сипатындағы іс-шаралардағы ойын 
түрлері;
Еліміздегі мектептер мен жоғары оқу орында-
рында дене тәрбиесі жүйесіндегі ұлттық ойындар 
мен қимыл жаттығулары тек жеке тұлғаны дамыту 
емес, олардың педагогикалық, психологиялық тәр-
биесін, рухани адамгершілік сипаттары мен мәде-
ни құндылықтарын өзара ішкі бірлікте денсаулық 
сақтау межесіне жету мақсатын көздеген.
Жасөспірімдердің  жеке  тұлғасын  жан-жақты 
дамытудың  бірден-бір  жолы  ұлттық  ойындармен 
айналысу және қимыл - қозғалыс белсенділігі. 
Қазақстан  Республикасында  жасөспірімдердің 
дене тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлініп, орта білім 
беру  орындарында  дене  тәрбиесіндегі  жаттығу-
лармен ғана шектеліп қоймай, сабақтан тыс үйір-
мелер,  туристтік  жорықтардағы  ұлттық  ойындар 
ұйымдастырылуда.  
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.  Тайжанов С., Қонысбаев Н. Қозғалыс қимыл-
дарына үйрету. – Алматы: Дәнекер, 2004. – 86б.
2.  Қасымбекова  С.И.  Научно-педагогические 
основы  формирования  физической  культуры  уча-
щихся молодежи. Дисс. д.п.н.: 13.00.04. -Алматы, 
2002.-306с.
3.  Е.Алимханов – Ұлттық спорт пен ойындар-
дың теориялық және педагогикалық негіздері. Ал-
маты, 2010 ж
4.  Мухамеджанов  Б.  Дене  мәдениеті  маман-
дығына  кіріспе.  –  Шымкент:  Ғасыр-ІІІ,  2006.  – 
166б.
5.  Е.Сағындықов – Қазақтың ұлттық ойында-
ры. Алматы, 1991 ж
6.  Қуанышев  Т.Ш.  Болашақ  дене  тәрбиесі 
мұғалімдерін ұлттық ойын құралдары арқылы да-
ярлау. Автореф. дисс.пед.ғыл.канд.13.00.01. Алма-
ты, 1992. 

97
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
 ӘОЖ:796.07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет