Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал


Жылдық жоспар-кестенің екі түрі болуы мүмкін: бағдарламалық оқу материалын жыл бойында өтілетін сабақтарға бөлу және дене тәрбиесінен бағдарламаның



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

Жылдық жоспар-кестенің екі түрі болуы мүмкін: бағдарламалық оқу материалын жыл бойында өтілетін сабақтарға бөлу және дене тәрбиесінен бағдарламаның 
негізгі бөлімдері кіретін ірі блоктарды құру. Оқу материалын меңгеруге бөлінген уақытты жоспарлаудың екі әдісі бар: әртүрлі жаттығуларды өткізуге бөлінген 
уақыт көрсетілуі, немесе сол материалдық мәліметтері уақыты көрсетілмей белгілеу. 
2-таблица 
Оқ
у 
мат
ер
иалд
ар
ы
 
Саб
ақ
 са
ны
 
ІІІ 
то
қс
ан
 
ІҮ 
тоқ
сан
 
Сабақт
ың
 р
ет
тік
 
(N
-)
 н
оме
рле
рі
 
 
 
33
 
34
 
35
 
36
 
37
 
38
 
39
 
40
 
41
 
42
 
43
 
44
 
45
 
46
 
47
 
48
 
49
 
50
 
51
 
52
 
53
 
54
 
55
 
56
 
57
 
58
 
59
 
60
 
61
 
62
 
63
 
64
 
65
 
66
 
67
 
68
 
Білім 
не
гізд
ер
і 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж
ең
іл 
ат
ле
ти
ка
 
18
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
Спор
т 
ой
ы
нд
ар
ы
 
(бас
ке
тбол)
 
21
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
Х
 
х 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Гим
на
ст
ика
 
14
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
К
ро
сст
ы
қ 
дай
ын
дық
 (ш
аң
ғы 
дай
ын
дығ
ы
 
15
       
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
х 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қ
озғ
алыс

имыл
 
ой
ын
дар
ы
 
33
 




 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 








 
 
 
 

104
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
стық және біртіндеп күрделілену тәртібімен бөлін-
ген  бағдарлама  бөлімдерінің  негізгі  үйретілетін 
жаттығулары келтіріледі.
Дене жүктемелері (көлемі және қарқындылығы 
бойынша) сабақтарда біртіндеп өсіп отыруы тиіс.
Бұдан басқа әрбір сабақтың жұмыс жоспарын-
да  дене  тәрбиесі  бойынша  бағдарламада  қара-
стырылған,  әр  класқа  бөлінген  сағаттың  ішіндегі 
оқушыларға ілімдік білім беру үшін уақыт бөлінеді 
(минутпен).
Бұл білім сабақтағы өтілетін нақтылы оқу ма-
териалының  (спорт  және  жаттығуы  түрі)  түрі 
ескеріліп  жоспарланып,  беріледі.  Мысалы,  егер 
қозғалыс  әрекетіне  үйрету  жоспарланған  болса, 
онда  үйретілетін  әрекеттің  әдісі,  бұл  дене  жат-
тығуының  ағзаға  әсері,  оны  орындау  қауіпсіздік 
тәртібі туралы білімді беру алдын ала қарастыруы 
керек.
Жұмыс жоспарын өңдеп, жасау барысында ке-
лесі әдістемелік ұсыныстарға сүйену қажет:
1/  жаттығудың  күрделілік  құрылымын  ескеру 
және үйренушілерді оны меңгеруге дайындау;
2/  қозғалыс  әрекетінің  нақты  әдісіне  үйретуді 
бір,  немесе  бірнеше  аралас  (шектес)  сабақтарда 
үзіліске  жол  бермей  уақытқа  қарай  шоғырланды-
рып өткізу қажет;
3/ теріс  тасымалдауды шығарып тастап, шебер-
лікті, дағдыларды дұрыс тасымалдау тиімділігінің 
максимальды дәрежесін пайдаланып оқу процесін 
құру;
Сапалы құрылған жұмыс жоспары оқу жүйесін 
әдістемелік қамтамасыз ету қызметін елеулі дәре-
жеде  атқарады.  Жұмыс  жоспарлары  сызба  және 
мәтін түрінде құрылады.
Сызба  (графика)  түріндегі  жоспардың  жеңіл-
детілген  сипаты  бар.  Онда  келесі  графалар  қара-
стырылады:  "Бөлімдер  және  сабақтың  мазмұны" 
(бөлімдер бойынша жаттығулар тізімі); "Бөлімнің 
оқу  материалын  өтуге  бөлінген  сағаттар  саны" 
және "Оқу жылының апталарына үйретілетін жат-
тығуларды бөлу" ("+" белгісімен белгіленеді).
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Әбділлаев  Ә.К.   Дене  мәдениетінің  ілімі  
және  әдістемесі. Кентау 2007-227-246б.
2.  Әбділлаев    Ә.К.,Мұхамеджанов  Б.Қ.      Дене  
мәдениеті. Кентау 2008-60-61б.
3. Дене шынықтыру туралы Қазақстан Респу-
бликасының заңы. Қазақстан № 1. 2000. 
4. Матвеев Л.П. Введение в теорию физической 
культуры: Москва: ФиС 1985.
5. Выдрин В.М. Теория   физической культуры, 
Ленинград, 1988.
6.  Әлімжанова  Г.  Ерғазиева  К.  «Салауатты 
өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп» 2004-2.
7.  Қайымова  Ш.  «Салауатты  өмір  салтын 
құру», «Өзіндік таным» , 2005-2. 
8. Абдрахманова А. «Салауатты өмір салтына 
құрылымдық модель», «Валеология дене тәрбиесі 
спорт» №12 -2003.
9.  Есжанов  Б.  «Салауатты  өмір  салтын  қа-
лыптастыру», «Ислам әлемі».2005-10 17. Исламо-
ва А. «Педагогикалық салауаттанудың даму негіз-
дері», «Мектептегі дене шынықтыру» 2004-3.
10. Қосуақова З.   «Оқушылардың   салауатты   
өмір   салтын       ынталандыру.» «Валеология дене 
тәрбиесі спорт». 2003-3.
 11. Таубаева   Ш.   Назарова   Г.   Педагогика-
лық   салауаттанудың   даму   негіздері. «Валеоло-
гия және салауаттылық негізі» 2003-1.

105
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ 109.584.5    
Баетов Биназар Көпжасарұлы
Дене шынықтыру және спорт ғылымдарының  магистрі, аға оқытушы, 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Biko_kz 86 @mail ru.
Баетов Көпжасар Дүрменұлы
Филос.ғ.к.,  ХҚТУ профессоры, Baetov.Kopzhasar.60 @mail ru
СПОРТ  МЕКТЕПТЕРІНДЕ  ОҚУ-ЖАТТЫҒУ  ҮДЕРІСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ
Түйін.  Бұл  мақалада  спортшылардың  спорт  мек-
тептерінде  жүргізілетін  жаттығу  жұмыстары  мен 
оқу-жаттығу  жиындарының  ерекшеліктері  туралы 
мағұлыматтар келтірілген. 
Резюме. В этой статье рассматриваются вопросы 
касающиеся  учебно-тренеровочных  сборов    и  занятии. 
Вы познакомились с различными видами физическых  и 
общих,  специальных  за¬нятий,  основами  закаливания, 
самомассажа,  самоконтроля  и  др.,  которые  помогут 
предупредить  ряд  заболеваний,    повысить  работоспо-
собность, бодрость духа и продлить активное долголе-
тие.
Summary. In this article the issues relating training and 
classes.  You get acquinted with different kinds of physical and 
general special classes, basics of tempering, self – massage, 
self – central et.s, that  will helf to prevent a rank of diseases, 
to increase working efficiency and freshness of spirit and to 
extend active langeity.
Спорт мектептерінде оқу-жаттығу үдерісін ұй-
ымдастырудың  тәртібі  туралы  регламент,  ұйым-
дық-әдістемелік  нұсқаулар  негізінде  жұмыс  жүр-
гізіліп отырады, яғни:
1.  Спорт  мектептерінде  оқу-жаттығу  үдерісін 
ұйымдастыру тәртібі туралы регламенті Қазақстан 
Республикасының  "  Білім  туралы  ",  "Дене  шы-
нықтыру  және  спорт  туралы"  заңдарының  ,  Қа-
зақстан Республикасы Үкіметінің "Мектептен тыс 
ұйымдардың қызметі ережесін бекіту туралы" 2001 
жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысының негізінде 
әзірленді. [1].
2. Спорт мектептері өз қызметінде мынадай мін-
деттерді шешуі қажет:
- балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында 
олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты 
дене жетілуіне бағытталған дене шынықтыру - са-
уықтыру және тәрбие жұмысын жүзеге асыруы;
-  оқушыларды  дене  шынықтырумен  және 
спортпен  шұғылдануға  тарту  жөнінде  тұрақты 
жұмыс  жүргізу,  жалпы  білім  беретін  мектептер-
де  БЖСМ-да  жүргізілетін  спорт  түрлері  бойынша 
әдістемелік және спорттық-бұқаралық жұмыстарға 
жан-жақты  жәрдем  көрсету,  спорт  мектептерінің, 
спортта  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-ин-
тернаттың,  олимпиадалық  резервтің  маманданды-
рылған мектептерінің, жоғары спорт шеберлігі мек-
тептерінің жұмысындағы сабақтастықты дамытуға 
ықпал етуі;
-  спорттық  бейімдегі  мектеп-интернаттардағы 
және  спорт  шеберлігі  мектептеріндегі  мамандан-
дырылған  сабақтарға  тарту  үшін  жүйелі  оқыту 
процесінде  қабілетті  балалар  мен  жасөспірімдер 
табуы; 
-  гигиена  және  алғашқы  медициналық  жәрдем 
саласында, сондай-ақ теориялық негізді игеру және 
өз жағдайын бағалаудың қарапайым тәсілдерін иге-
руде  оқушылардың  қажетті  білім  алуын  қамтама-
сыз етуі; 
-  мамандандырылған  мектепте,  олимпиадалық 
резервтің мамандандырылған мектепте және жоға-
ры  спорт  шеберлігі  мектептерінде  спорт  резервін 
даярлауды және халықаралық дәрежедегі спортшы-
ларды тәрбиелеуді қамтамасыз етуі қажет. [2].
Ескерту: спорт мектептері қажет болған жағдайда, 
құрылтайшының  және  дене  шынықтыру  мен  спорт 
жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша спорт 
түрлерінің жіктемесіне енген ұлттық спорт және өзге 
спорт түрлері бойынша алғашқы даярлау тобын аша 
алады.
3.Алғашқы  даярлау  тобында  шұғылданушы-
ларға қойылған емтихандарын орындамаған жалпы 
білім беретін мектептердің жасы 6-дан 15-ке дей-
інгі  оқушыларынан  спорттық-сауықтыру  топтары 
құрылады. 
Алғашқы  даярлау  топтары  спортпен  шұғыл-
дануға  ниетті  жалпы  білім  беретін  мектептердің 
оқушыларынан жинақталады. 
Оқу-жаттығу  топтары  алғашқы  спорттық 
даярлықтан  өткен,  жалпы  физикалық  және  ар-
найы  даярлықтың  нормативтік  қабылдау  талап-
тарын  орындаған  спортта  дарынды  балалар  мен 
жасөспірімдерден жинақталады. 
Спорттық жетілдіру топтары Қазақстан құрама 
командасының  үміткерлерінен  немесе  оның  ре-
зервтік  құрамының  тиісті  емтихандарынан  және 
даярлықтың  бұрынғы  кезеңінен  өткен  оқушылар-
дан жинақталады.
4.  Келесі  оқу  жылына  оқушыларды  ауысты-
ру  сабақ  өтілінің,  олардың  жалпы  және  арнайы 
дене  дайындығы  бойынша  ауыстыру  емтиханда-
рын  орындауының  негізінде  жаттықтырушылар 
кеңесінің  шешімімен  жүргізіледі.  Осы  талаптар-
ды  орындамаған  оқушылар  келесі  оқу  жылына 
көшірілмейді. Жоғары спорт шеберлігі тобындағы 
оқушылардан  басқа,  мұндай  спортшылар  спорт 
мектебінің педагогикалық кеңесінің шешімімен да-
ярлау кезеңінде кемінде бір рет оқу жылында қай-
тадан  оқуды  жалғастыра  алады.  Егер  осы  топтар 
үшін белгіленген нормативтер мен талаптарды жыл 

106
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
сайын бекіткен жағдайда, олар спорттық жетілдіру 
және  жоғары  спорт  шеберлігі  топтарына  қабыл-
данған оқушылардың жасына шек қойылмайды. 
Ескерту: келесі оқу жылындағы топқа ауысу үшін 
белгіленген жасқа жетпеген, бірақ өткен оқу жылын-
да  бағдарламалық  талаптарды  орындаған  жекелеген 
оқушыларға  дәрігердің  жеке  шешімімен  және  педа-
гогикалық кеңестің шешімімен мерзімінен бұрын өте 
алады. [3].
Оқушылар саны, оқу топтарының құрамы және 
спорт  мектебіндегі  оқу  сағаттарының  жылдық 
есебін  жыл  сайын  1  қыркүйекте  БЖСМ,  ОРМБ-
ЖМ,  ал  жоғары  спорт  шеберлігі  мектептері  мен 
олимпиадалық даярлау орталықтарында 1 қаңтар-
да  құрылтайшылар  бекітеді.  Жалпы  білім  беретін 
мектептерде оқу жылы аяқталған кезде, БЖСМ мен 
ОРМБЖМ топтарының сандық құрамының 50%-ін 
құрайды.
Спорт  мектептерінің  алғашқы  даярлау  топ-
тарына  оқушыларды  қабылдау  оқуға  түсушінің 
ата-анасының,  жалпы  білім  беретін  мектеп  бас-
шылығының  келісімімен  тұрғылықты  жері  бой-
ынша  балалар  дәрігерінің  немесе  жалпы  білім 
беретін  мектептің  дәрігерінің  жазбаша  рұқса-
тымен  жүргізіледі.  Алғашқы  даярлау  топтарына 
қабылдау  спорт  мектебінің  25  қыркүйекке  дейінгі 
бұйрығымен  жүргізіледі.  Оқушы  топтан  шыққан 
жағдайда,  жаттықтырушы-оқытушы  оны  бір  ай 
мерзім ішінде жасақтауға міндетті.
Кейінгі оқу жылында оқушыларды топтарға қа-
былдау дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің 
қорытындысы  негізінде,  осы  топтарға  көзделген 
және  құрылтайшы  бекіткен  жаттықтырушылар 
кеңесінің  ұсынысы  және  бақылау  нормативтерін 
орындаудың нәтижелерінің негізінде жүргізіледі. 
Қабылдау  емтихандарын  тапсырмаған  оқушы-
лар мектептің оқу-жаттығу топтарына алынбайды.
Оқушыларды  қабылдау  және  оларды  шығару 
спорт  мектебі  директорының  бұйрығымен  рәсім-
деледі. [4].  Спорттың ойын түрлерінен спорт ше-
берлігін көтеруге бағытталған спорт мектептерінің 
оқушылары  спортта  дарынды  балаларға  арналған 
мектеп-интернаттардың,  спорт  колледждерінің, 
жоғары спорт шеберлігі мектептерінің топ құрамы-
на кірмейді, бірақ сол спорт мектебінің тәрбиеле-
нушілері болып саналады және соның командасы-
на  алынады.  Топтарды  жабдықтағанға  дейін  оған 
алдыңғы оқу жылынан алынған оқушылар қабыл-
дануы  мүмкін.  Оқу-жаттығу  жұмысының  режимі 
және осы топты толықтыру оқытудың әрбір кезеңі 
аяқталғанға дейін сақталады. 
ЖСШМ, СДБМИ, спорт колледждерінің спорт-
тың  ойын  түрлері  бойынша  шеберлер  командасы, 
спорт шеберлігін көтеру үшін спорт мектептеріне 
жіберілген жекелеген оқушылар және оқу топтары 
жарыстардың өту кезеңінің ішінде (1, 2, 4 жыл) но-
менклатурадағы  басшы  қызметкерлер  мен  маман-
дардың алған өтемақысы сақтала отырып, осы мек-
тептің  төрт  жылдық  кезеңі  ішінде  өтемақы  төлеу 
топтары сақталады. 
Оқу-жаттығу топтарында оқытудың барлық ке-
зеңінен өткен және СДБМИ-ге, спорт колледждері-
не, жоғары спорт шеберлігі мектептеріне спорттық 
жетілдіруге  жіберілген  спорт  мектептерінің  "Қа-
зақстан  Республикасының  спорт  шебері"  атағын 
орындаған оқушылар екі ұйымға да (олимпиадалық 
кезең бойында) бірдей есептеледі.
3. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру
 БЖСМ-да оқу жылы 1 қыркүйектен, ал жоға-
ры спорт шеберлігі мен олимпиадалық даярлау ор-
талығында  1  қаңтардан  басталады.  Спорт  түрлері 
бойынша  бөлімшелердегі  оқу-жаттығу  сабақтары 
оқу  бағдарламалары  мен  оқу  жоспарлары  бойын-
ша  оқу-жаттығу  сабақтары  52  аптаға  есептелген 
оқу-жаттығу  сабақтарында  тікелей  спорт  мек-
тебінің  жағдайында,  оқу-жаттығу  жиындарына 
қатысуды қоса отырып, жарыстарда, спорттық-са-
уықтыру  лагерьлерінде  және  оқушылардың  дема-
лысы  кезінде  олардың  жан-жақты  тынығуы  үшін 
жеке жоспар бойынша тікелей жүргізіледі. 
Ереженің  негізінде  әрбір  спорт  мектебі  мен 
олимпиадалық даярлау орталығы өзі таңдаған жұ-
мысты,  спорт  түрлерінің  ерекшелігін,  материал-
дық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді, 
сондай-ақ қалыптасқан дәстүрлерді ескере отырып, 
өзінің  қызметінің  бағдарламасын  әзірлейді.  Қыз-
мет  бағдарламасы  БЖСМ,  МБЖСМ,  ОРМБЖМ, 
ЖСШМ  және  ОДО-ның  педагогикалық  ұжымы 
әзірлейді және құрылтайшылар бекітеді.
Спорт  мектептері,  спорт  клубтары,  жоғары 
спорт шеберлігі мектептері, олимпиадалық даярлау 
орталықтары және олимпиадалық резерв дайындау 
орталықтары  облыстық,  республикалық  және  ха-
лықаралық жарыстарға қатысуға жіберілген коман-
далар  мен  оқушыларды  дайындау  үшін  оқу-жат-
тығу  жұмысына  арналған  қаржы  бөлудің  шегінде 
ұзақтығы 18 күнге дейін облыстық және ұзақтығы 
24  күнге  дейін  республикалық,  халықаралық  жа-
рыстарға  дайындалудың  оқу-жаттығу  жиындарын 
өткізуге  құқылы  және  балалар  мен  жасөспірім-
дер спорт мектептерінде жылына 150 күнге дейін, 
жоғары спорт шеберлігі мектептері мен спорт клуб-
тарында, олимпиадалық даярлау орталықтары мен 
олимпиадалық  резерв  дайындау  орталықтарында 
250 күнге дейін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге 
құқылы. [5].
Пайдаланған әдебиеттер:
1.  ҚР  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы // Химия мектепте. -2005 -№ 3 -16 б.
2.  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 
Астана: Елорда, 2006, 48 бет.  
3. Ашмарин Б.А. Теория и методика физического вос-
питания. Москва: ФиС, 1979.
4. Матвеев А.П. Теория и методика физической куль-
туры. Москва: ФиС, 1991.
5. Аманбаев Р.Р., Қалдыбаев М.К. Дене тәрбиелеу мә-
дениеті және спорт ілімі мен методикасының түсінік-
тері. Алматы, 1992.

107
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ 109.584.5    
Баетов Көпжасар Дүрменұлы
Филос.ғ.к.,  ХҚТУ профессоры Қ.А.Ясауи атындағы халақаралық қазақ-түрік университеті,
«Дене мәдениеті» кафедрасы. Түркістан қаласы,  Baetov.Kopzhasar.60 @mail ru.
 
Баетов Биназар Көпжасарұлы
Дене шынықтыру және спорт ғылымдарының  магистрі, аға оқытушы, 
Қ.А.Ясауи атындағы Халақаралық қазақ-түрік университеті, «Дене тәрбиесі» кафедрасы. 
Түркістан қаласы, Biko_kz 86 @mail ru.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ПАЙДАЛАНУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Резюме.  В  этой  статье  рассматриваются 
вопросы  преподования  касающееся  народной  пе-
дагогике  в уроках и занятиях. Вы познакомились 
с  различными  видами  физкультурных  и  общих, 
специальных  занятий,  основами  закаливания,  са-
момассажа,  самоконтроля  и  др.,  которые  помо-
гут  предупредить  ряд  заболеваний,  помогут  вам 
повысить  работоспособность  и  бодрость  духа, 
продлить активное долголетие.
Summary.    In  this  article  the  issues  relating 
national  pedagogy  at  lessons  and  classes.  You  get 
acquinted with different kinds of physical and general 
special classes, with basics of tempering, self-massage, 
self-contral  et,s,  that  will  help  to  prevent  a  rank  of 
diseases, to increase working efficiency and freshness 
of espirit and to extend active longevity.   
Халқымыздың  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұр-
паққа  жеткізіп  жинаған  мұраларының  бірі  –  ұлт-
тық  ойындар,  билер,  ән-күйлер,  жырлар,  еңбек 
қимылдары, ұлттық қимыл-қозғалыс жаттығулары 
мен  тіршілік  салттары.  Бұл  құбылыс  жастардың 
сана-сезімі  мен  парасатының,  ішкі  мәдениетінің 
халықтың  асыл  да  өлмес  қазынасымен  сабақтас, 
ұштасқан,  содан  нәр  алған,  терең  тамырласқан. 
Халық  өнерінің  шын  табиғатын,  сыр-сипатын 
дене тәрбиесінде қимыл-қозғалыстарды сабақтар-
да,  жаттығуларда  қолдану  болашақ  дәрігерлерге 
ұлттық тәрбие беру үшін аса қажет. Өйткені ұлт-
тық  салт-дәстүр  мен  ұлттық  ойындар  халық  да-
налығынан туған мұндай өнердің шын табиғатын 
тану студенттер үшін қажет. [1].
Болашақ мамандардың дене тәрбиесі процесін-
де,  олардың  әртүрлі  қимыл-қозғалыс  жаттығула-
рын орындаулары арқылы олардың тек қана дене 
күші  ғана  емес,  сондай-ақ  халықтың  ұлттық  ой-
ындарымен, халық әуендерімен, билерімен, қазақ 
халқының  тарихымен,  мәдениетімен,  әдет-ғұр-
пымен,  салтымен,  халықтың  жүздеген  жылдар 
бойы сұрыптап жинаған, мұра етіп қалдырып келе 
жатқан қасиетті дәстүрлерімен терең танысу мүм-
кіншілігі туады.
Қазақ  халқы  музыкасының  ұлттық  сазы  мен 
дыбысы,  үні  өте  әсем,  ырғағы  жігерлі,  мазмұны 
бай болып келеді. «Балбырауын», «Мерген», «Қара 
жорға», «Ортеке» т.б. шабытты күйлерді дене тәр-
биесі сабағындағы қимыл-қозғалыс жаттығуларын 
орындау  кезінде  пайдалану  студенттердің  ұлттық 
сезімдерінің оянуына және жаттығуларды орындау 
деңгейін жоғарылата түсуіне септігін тигізе түседі.
Бүгінгі  күн  талабына  сай  дене  тәрбиесі  са-
бағында халықтық педагогика элементтерін  пай-
далану  қазақтың  би  өнерлері  ең  алдымен  денені 
түзу ұстап үйренуден басталады. Бұл дене тәрби-
есінде біз көздеген  мақсатқа жетудегі жолдардың 
бірі.  Осындай  ерекшелік  тұрғыдан  қимыл-қозға-
лыс жаттығуларды былай деп жіктеуге болады:
1. бас және мойын қимылдары;
2. иық бұлшық еттері қимылы;
3. қол қимылы;
4. аяқ бұлшық еттері қимылы;
5. қазақтың қолөнерінен туындайтын жаттығу-
лар;
6.  тұрмысқа  байланысты  туындайтын  қимыл-
дар;
7. аударыспақ қимылдарын жұптасып орындау.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық қимыл-қозға-
лыс  ойындарды  өткізгенде  жоғарыдағы  жат-
тығулардағы  қимылдардың  барлығы  қамтылады. 
Бұлардың  бәрі  тұрмыс-тіршілікте  жасалынатын  
еттене таныс қимыл-қозғалыстар.
Мысал ретінде мынадай ұлттық жаттығуларда 
орындауды ұсынамыз:
«Қоржын». Бастапқы жағдай – тізесімен тізер-
леп отыру, екі қол кеудеде, оң қолды сол қолдың 
үстіне қойып, қаусырады:
а) екі қолды екі жаққа жайып, алақан төмен, са-
усақтар ажыратулы;
б) екі алақан жоғары;
в) екі қол жоғары көтеріліп, сыртымен бір-бірі-
не қабыстырады, алақан екі жаққа қарайды;
г) қолдың басын айналдырып төмен түсіреді.
«Құс қанаты».
а)  оң  аяқпен  алға  қадам  жасап,  екі  қолды  екі 
жағына жаяды, алақан ашып, шынтағын сәл бүгіп 
ұстайды;
б)  сол  аяқты  оң  аяқтың  қасына  қояды,  қолды 
төмен түсіреді.

108
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
в) сол аяқпен артқа қадам  жасайды, екі қолды 
екі жағына жаяды, алақанын ашып, шынтағын сәл 
бүгеді,
г)  оң  аяқты  сол  аяқтың  қасына  қояды,  қолды 
төмен түсіреді.
«Қошқармүйіз».
а) екі аяғының ұшымен көтеріледі, екі қолы екі 
жақта, төмен түседі, екі қолды да түсіреді;
б) екі өкшесімен тұрып, екі қолын екі жаққа кө-
тереді,
в)  оң  аяқтың  өкшесіне  сол  аяғының  өкшесін 
түйістіріп, сол қолды кеудеге қарай иеді. Оң қолды 
жоғары көтереді де, осы керісінше жасалады.
«Сақина жасыру»
 а) екі қолды алақан жайып, алға созу
б) саусақтарын жұмылдырып, төмен қарату,
в) шынтақты бүгіп, өзіне жинау,
г) екі қолды жасырғандай, арқасына қою.
«Атқа  міну».  Статикалық  жаттығу,  аяқ  иық 
кеңдігінде, тізе бүгулі, қол алға, арқаны түзу ұстау.
«Тары түю». Бастапқы жағдай – аяқ иық тұсын-
да, қол алдында, жұдырық түйілген:
а)  екі  аяқ  ұшында  тік  тұрып,  қолды  кеуде  тұ-
сынан төменнен жоғары көтереді,
б) екі өкше төмен түсіп, екі аяқ ұшы көтеріліп, 
қол төмен түседі,
«Күн  мен  түн».  жұптасып  орындалатын  жат-
тығу. Бастапқы жағдай – екі адам бір-біріне арқа-
ларын түйістіріп, қолдарын бір-бірінің шынтақта-
рынан өткізе қайыстырады, дене тік тұрады:
а)  біріншісі  алға  еңкейіп,  екіншісін  арқасына 
көтереді;
б) бастапқы жағдайға келеді;
в) екіншісі қайталайды,
г) бастапқы жағдай.
«Аударыспақ».  Бастапқы  жағдай  –  бір-біріне 
қарама-қарсы  қарап,  қолдарымен  қамшының  са-
бынан ұстайды:
а) денені оңға және солға иеді;
б) екеуі солға бір адым жасайды,
в) оңға бір адым,
Қамшыны  ұстаған  бойы  айналу  қимылын  жа-
сау.
«Жүн  сабау».  Бастапқы  жағдай  –  бір  тізерлеп 
отырады:
а) екі қолын жоғары көтеріп, қолындағы сабау-
мен еденді (тулақ, мат) ұрады;
б) оң қолды жоғары көтеріп еденді ұрады, сол 
қолды шынтағын бүгіп, артқа жылжытады
в) сол қолмен де сол жаттығуларды қайталай-
ды.
«Қашпа доп». Бастапқы жағдай:
а) аяқ иық тұсында, екі аяқ ортасында доп тұра-
ды. Дене тік, екі қол төменде
б) Тізені бүкпей, екі қолмен допты ұстап, алға 
созу;
г) Допты ұстап, жоғары көтеру, оң жаққа бұру, 
сол  жаққа  бұру.  аяқ  бұрылмайды,  тек  қол  ғана 
бұрылады, дене қозғалады;
д)  Бастапқы  жағдай,  допты  ортасына  тізе 
бүкпей қою. [2].
Мұндай  қимыл-қозғалыстар  мен  ойын-жат-
тығуларды  дене  тәрбиесі  сабағында  орындаудың 
нәтижесінде  халықтың  педагогика  элементтері 
мен  дене  динамикасы  бірін-бірі  үйлесімді  түрде 
сабақтастырып, күшейтіп,әдемі әуезді сазбен дене 
тәрбиесі  сабағының  әсерлілігін  арттыра  түсетін 
болады.
Бірақ бұл ұлттық қимыл-қозғалыстар мен ойын 
жаттығуларды  дене  тәрбиесі  болашақ  маманның 
барысында  қажетті  мезгілде  ұлттық  әуенмен  бір-
ге пайдаланылса, онда шаршағанын басып, жұмыс 
қабілетін  тұрақтандырып,  ұлттық  тәлімге  деген 
ынтасын арттырады.
Ұлттық  ойындар  немесе  ұлттық  қимыл-қозға-
лыс жаттығулары болашақ дәрігерлерге дене тәр-
биесі  барысында  бірнеше  рет  қайталанса,  онда 
орындау  ережелері  тұрақталып,  студент  дағды-
сы,  машықтануы,  белсенділігі,  шығармашылығы, 
іскерлігі дамып, қалыптасады. [3].
Кез  келген  ұлттық  ойындар  мен  жаттығу  ой-
ындарының  негізінде  нақты  мазмұнын  және  бел-
гілі нәтижеге жету мақсаты бар, олай болса олар-
да  белгілі  бір  бағыт,  педагогикалық  құндылық  та 
бар.  Педагогтың  міндеті  –  солардың  әрқайсысы-
ның білімдік, сауықтыру, тәрбиелік мүмкіншілігін 
дұрыс  анықтап,  қызметтік  іс-әрекеттеріне  дұрыс 
енгізіп, пайдалана білуінде.
Ұлттық  ойындар  мен  ұлттық  спорттық  жат-
тығуларын  болашақ  спорт  мамандарының  дене 
тәрбиесі сабағында қолдану мәселесін тәжірибелі 
педагог  өзі  шешеді.  Олай  болатыны,  дене  тәрби-
есінде  халықтың  педагогика  элементтерін  пайда-
лану,  студенттердің  басқа  да  қимыл-қозғалысын 
ұштастыруға септігін тигізіп, танымдық және тәр-
биелік функцияларды қоса атқарады.
  Сондықтан,  біз  ұсынған  болашақ  спорт  ма-
мандарының  дене  тәрбиесі  сабағында  халықтық 
педагогика  элементтерін  пайдаланудағы  дене  ди-
намикасы  және  оны  пайдалану  технологиясын 
төмендегідей ұйымдастыру оң нәтижеге жететінді-
гі дәлелденіп отыр:
1. Дене тәрбиесі сабағындағы халықтық педаго-
гика материалдары негізіндегі спорттық жаттығу-
лар, ойындар жас мамандардың қызығушылығын, 
ынтасын туғызады.
2.  Бір  сарынды  өтетін  дене  тәрбиесі  сабағы 
және  үйреншікті  жаттығулардан  қажып,  шал-
дыққанда  және  спорт  өнерінен  нәтиже  болмаған 
кезде студентті ширатып, белсендіреді.
3.  Студенттерге  эмоциялық  жағынан  әсер  ету 
қажет болғанда, олардың назарын көңілді, шабыт-
ты күйді орнықтыратын ұлттық ойындарды пайда-
лану арқылы тәрбиелік әсер қалыптастырады.
4. Студенттердің дене тәрбиесі сабағында дене 
құштарлығын арттырып, зейінін дене мәдениетіне 

109
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
аудара  отырып,  оны  болашақ  кәсібінде  оңтайлы 
пайдаланылуын қалыптастырады. [4].
5.  Халықтың  педагогика  элементтерінің  тәр-
биелік мүмкіндіктерін күнбе-күнгі өмірмен ұшта-
стыру  және  оны  болашақ  қызметінде  шығар-
машылықпен пайдалануға мүмкіндік береді.
Халықтың  педагогика  элементтерін  кез-кел-
ген формада мақсатты пайдалануға болады. Дене 
тәрбиесі  сабағын  ұйымдастыру  барысында  оры-
нын  тауып,  ретті  қолданған  ойын,  кімді  болсын 
жайбарақат  қалдыра  алмайды.  Сондықтан    дене 
тәрбиесі сабағында халықтың педагогика элемент-
терін  пайдаланудың  технологиясы  болашақ  дәрі-
гердің  ұлттық  ынта-ықыласын,  ізденіс  әрекетін, 
сана-сезімін  оятуға  бағытталады.  Сонымен  қатар 
педагог әр спортшының деңгейіне сәйкес қабілеті 
мен икемділігіне, ой өрісіне қарай, жеке-жеке әсер 
ету  жолдарын  қарастырады.  Атап  айтқанда,  дене 
тәрбиесі сабағында халықтың педагогика элемент-
терін  пайдаланудағы      дене  динамикасын  пайда-
лану  технологиясын  төмендегідей  бөліп  қарауға 
болады:
1. Жалпы халықтың педагогикасы элементтерін 
пайдаланғандағы дене тәрбиесі сабағының   негіз-
гі ұстанған бағыты, оның негізгі элементтерін үй-
рету,  оқыту  барысында    студенттердің  көзқарасы 
және қарым- қатынасын қалыптастыру.
 2. Салалық  –  дене тәрбиесі сабағында ұлттық 
ойындар  мен    ұлттық  спорттық  қимыл-қозғалыс 
жаттығулары жөнінде мағлұмат беру, үйрету, тәр-
биелеу.  Халықтың  педагогика  материалдарының 
мазмұнын жүзеге асыру арқылы тәрбиелік, рухани 
дамыту мүмкіндігін арттыру;                       
3.  Локальдік  –  студенттің  күш,  шапшаңдық, 
ептілік,  машықтану  деңгейін  арттыру,  ұжымдық 
жұмыс  жасай  білу  дағдысын  қалыптастыру,  ха-
лықтың  педагогикасы  элементтерінің  мазмұнын 
меңгерту  технологиясы  арқылы  жеке  дара,  өз 
бетінше  ізденісті  ұйымдастыру,  меңгерту,  қайта-
лау, машықтандыру, ретке келтіру, есепке алу, тек-
серу, бақылау, ықпал жасау, бағалау.
 Халықтық педагогика материалдарын пайдала-
ну технологиясының көмегімен дене шынықтыру 
сабағында  экспроматтардың  орнына  алдын-ала 
бағдарлама жасау, сабақ барысын хабарлау, ұлттық 
ойындар мен ұлт қимыл-қозғалыс жаттығуларын іс 
тәжірибеде, яғни сабақ барысында пайдалану, ұлт-
тық мұраны қайта жаңғырту арқылы жоғары нәти-
жеге жетудің жолдарын қарастырады. [5].
Педагогтардың  күнделікті  дене  тәрбиесі  са-
бақтарында  пайдаланып  жүрген  бағдарлама,  әді-
стемелік  жүйе  мен  оқу  құралдарынан  болашақ 
дәрігерлердің  дене  тәрбиесі  сабағында  халықтың 
педагогика  элементтерін  пайдалануда  дене  дина-
микасын  ескере  отырып,  оны  пайдалану  техно-
логиясының  ерекшелігі:  болашақ  мамандар  дене 
мәдениеті,  ондағы  өзіндік  іс-әрекеттері,  болашақ  
қызметінің оқу-тәрбие үрдісі барысында бағдарла-
ма құрылымымен, оны алдын-ала жобалап, сабақ 
нәтижесін болжай алады. 
Сонымен  қатар  бұл  технология  төмендегідей 
құралады:
1.  Диагностикалық  жолмен  мақсат  қоя  білу 
және  студенттердің  ұлттық  ойын  және  ұлт  қи-
мыл-қозғалыс  жаттығуларын  меңгеру  сапасын, 
машықтану  дәрежесін,  ұлттық  тәрбие  деңгейін 
объективті түрде анықтау, ықпал ету, бақылау.
2. Мақсатты конструктивті, айқын, нақты түрде 
қою.
3. Жеке тұлғаны шынықтыру, сауықтыру және 
емдеу.
Дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика 
матералдарын пайдалануда дене динамикасын да-
мыту және оны пайдалану технологиясы болашақ 
спорт мамандарының ұлттық ойындарға және дене 
тәрбиесі сабағына ынта-ықыласын, сонымен қатар 
осы бағытқа сәйкес, қабілеті мен икемділігіне қа-
рай, жеке-жеке әсер ету жолдарын қарастырады.
Тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастырудың тех-
нологиялық  әдістері:  ақыл-ойдың  даму  деңгейі 
мен дарындылығын байқауға арналған тест, әртүр-
лі сызбалар  – үйрену карталары; оқытуды ұйымда-
стыруда  сүйенетін  сызбалар  өзіндік  басқаруды 
қалыптастырудың,  сайыстардың  өзіне-өзі  қызмет 
етудің  бірыңғай  талаптарының  топтастырылған 
құрылымы ретінде пайдалануға болады. 
Әдебиеттер:
1. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға 
ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау: теориясы 
және практикасы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2004.– 
304 б.
2.  Ұзақбаева  С.А  Халықтық  психологиядағы 
эстетикалық тәрбие. – Алматы, 1993. – 246 б.
3.    Қожахметова  К.Ж.  Мектептің  ұлттық 
тәрбие  жүйесі:  теория  және  практика.  –  Алма-
ты: РБК, 1997. – 141 б.
4.  Қалиев  С.К.  Қазақтың  халықтық  тәрби-
есінің  ғылыми  педагогикалық  негіздері:  пед.  ғыл.
докт. ... дис. автореф: 13.00.01 – Алматы, 1996. 
– 66 б.
5.    Оразбекова  К.  Иман  және  инабат:  Әдет 
және  тұрмыс  –  салт  психологиясы.  –  Алматы: 
Ана тілі, 1993. – 217 б.

110
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет