Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8986
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

Абусейтов Бекахмет Зайнидинович
п.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене мәдениеті» кафедрасы доценті
Халилаев Абдисадык Нурлакович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының доценті
 МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ
Түйін. Мектеп оқушыларының дене шынықты-
ру  жаттығуларымен  шұғылдануының  тиімділі-
гі  педагогикалық  жүйенің  ұйымдастырылуына, 
ғылыми  және  материалдық  қамту  деңгейіне, 
басқару  және  бақылау  органдарының  жетілуіне 
байланысты.  Дене  тәрбиесі  жүйесінің  бөлімдері 
белгілі  бір  құрамымен,  оның  атқаратын  тиісті 
қызметімен,  өзге  қоғамдар  жүйесінің  өзара  бай-
ланысының  ерекшеліктерімен  сипатталады.  Бар-
лық осы бөлімдердің жүйе құрылымындағы негізгі 
мақсаты  -  адам  денесінің  жан-жақты  жетілуін 
жүзеге  асыру.  Жүйенің  жұмыс  істеу  нәтижесі 
оның бағытының мақсаттылығына және жүйеге 
енетін бөлімдерді жетілдіруі қамтылған.
Кілтті сөздер: педагогика, білім беру, оқытып, 
үйрету,  бағдарлау,  өздігінен  дамыту,  дене  дайын-
дағандығы, дене тәрбиесі. 
Резюме.  В  статье  рассматривается  эффек-
тивность  педагогической  системы  организации 
физической  культуры  школьников  шұғылдануының 
упражнениями,  научных  и  уровня  материального 
обеспечения,  совершенствование  органов  управле-
ния  и  контроля.  Определенные  отделы  в  составе 
системы физической культуры, соответствующей 
его должности с деятельностью иного общества 
характеризуется  особенностями  взаимодействия 
системы.  Основная  цель  всех  этих  разделов  в 
структуре системы - тела человека, всестороннего 
совершенствования. Направления совершенствова-
ния функционирования системы и ее частей, входя-
щих в систему, результат целесообразности.
Ключевые  слова:  Ориентирование,  образова-
ние развитие личности, саморазвитие, физическая 
культура.
Summary: The article discusses the effectiveness of 
pedagogical system of physical education organization 
of schoolchildren you exercises, scientific and welfare 
standards, improving management and control. Certain 
departments  in  the  system  of  physical  culture,  the 
respective  positions  with  the  activities  of  a  society  is 
characterized by the features of the interaction system. 
The main purpose of all these sections in the structure 
of the system - the human body, all-round improvement. 
Directions of improvement of functioning of the system 
and  its  parts  included  in  the  system,  the  result  of 
expediency.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development,  personal  development,  physical 
education.
Дене мәдениеті мен спорт бойынша оқу бағдар-
ламасының  мазмұнын  таңдаудың  әдістемелік  не-
гіздері  оқытып,  үйрету  үдерісінің  жалпы  және 
арнайы  міндеттерін  шешумен  байланысты.  Бұл 
қандай да бір спорт түрінің ерекшелігіне байланы-
сты оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және жүзеге 
асыруға  дифференциалды  жолмен  шешу  қажет-
тілігімен байланысты.
Дене мәдениеті мен спорттық білім жүйесінің 
мақсаты  барлық  жастағы  азамаматтардың  оқып, 
үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық 
қызметке  дене  даярлығын  қамтамасыз  етуге 
жағдай жасаудан тұрады.
Бұл мақсат дене мәдениеті мен спорттың қазір-
гі  заманғы  даму  сатысында  жетілдірудің  жалпы 
және арнайы міндеттерін шешумен жүзеге асады.
Білім  беру  мекемелеріндегі  оқытып,  үйрету 
және  тәрбиелеу  үдерісінде  дене  мәдениеті  мен 
спорт жүйесінің негізгі жалпы міндеттеріне мына-
лар жатады:
- оқып, үйренушілердің дене сапаларын дамыту 
және жетілдіру;
- әрбір оқып, үйренушіге дене мәдениетінің не-
гізгі қолданбалы дағдыларын меңгерту;
-  мақсатқа  лайықтылық,  батылдық  және 
шешімшілдік,  бастамашылдық  және  тапқырлық, 
табандылық  және  жігерлілік,  ұстамдылық  және 
байсалдылық,  ұжымшылдық  сезімі  және  өзара 
жолдастық көмек беру сияқты адамдық қасиеттер-
ге тәрбиелеу;
- денсаулықты нығайту және ағзаны шынықты-
ру, қолайсыз қозғаушы күштердің және кәсіби қыз-
мет жағдайының әсеріне орнылықты арттыру.
Дене мәдениеті курсының арнайы міндеттері – 
оқытып, үйретудің мақсаттар мен міндеттерін іске 
асыруға, бағыттылық оқыту бағдарламасына дене 
мәдениетінің  барлық  бөлімдерін  кіргізу,  олардың 
әрқайсысын  меңгеруге  оқу  уақытының  үйлесімді 
қатынасын  белгілеу,  оқу-тәрбие  үдерісін  жандан-
дыру.  Әрбір  міндеттің  өзінің  өзгеше  ерекшелігі 
болады.
Бірінші міндет – дене мәдениеті міндеттерінің 
ішінде басты орынды дене сапаларын дамыту және 
жетілдіру алады.
Төзімділікті,  күшті,  шапшаңдықты  және  әб-
жілдікті  дамытудың  жоғары  деңгейінің  маңызы 
жалпыға белгілі және көпшілік мойындаған қағи-
да болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда бұл 

71
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
дене  сапаларының  маңыздылығы  тек  дәлелденіп 
қойылған жоқ, сонымен бірге адам ағзасының жал-
пы тұлғалық жағдайына олардың әсерінің сандық 
және сапалық сипаттамасы алынған.
Жоғары  дене  дайындығы  деңгейі  бар,  үлкен 
дене  жүктемелері  мен  жүйке-психикалық  күште-
нудің әсері жағдайында жан-жақты дамыған адам, 
тәжірибе  бойынша,  жұмыс  қабілеттілігі,  қажуы, 
жүйке  орнықтылығы  көрсеткіштері  бойынша 
басқа адамдарға қарағанда едәуір басымдықта бо-
лады.
Екінші міндет -  дене мәдениетінің негізгі қол-
данбалы  дағдыларын  әрбір  оқып,  үйренушінің 
меңгеруі  жүруде,  жүгіруде,  секіруде,  өзін-өзі 
қорғау әдістерін орындаудағы әрекетте және қозға-
лу біліктілігіндегі қалыптасуды қарастырады.
Адамның қозғалыс біліктілігінің бөлшегі ретін-
де  әдістер  мен  жаттығулар  дене  және  психологи-
ялық сапаларды дамыту және жетілдірудің тиімді 
құралы  болып  табылады.  Олар  экстремальды 
жағдайларда  апаттық-құтқару  құралдарын,  жеңіл 
суға сүңгудің (водолаз) жабдықтарымен, киімімен 
жүзу, сүңгу және басқа судағы және су астындағы 
әрекеттер, күтпеген жағдайда кедір-бұдырлы, жыр-
тылған жермен жүгіру, қарлы- борасын жағдайын-
да қашықтықты қажет болған жағдайда шаңғымен 
жүріп  өту  сияқты  арнайы  дағдыларды  меңгеруге 
негіз болады
Суға  жүзуді  үйрету  үдерісі  ағзаның  қызметтік 
мүмкіндіктерін  арттыру,  әсіресе  жүрек-қан-тамы-
ры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсарту, 
денсаулықты нығайту және шынықтыру мақсатын-
да жеке тұлғаның дене және ерік-жігер сапаларын 
жетілдіру үшін қолайлы мүмкіндік туғызады.
Шаңғымен  жүру  негізінен  қысы  қарлы  аудан-
дарда меңгеріледі. Қазіргі таңда кез келген ауа рай-
ында роликті шаңғылармен, роликті конькилермен 
шаңғымен  қозғалу  жаттығуларының  иммитаци-
ялық мүмкіндіктерін орындауға болады.
Үшінші міндет – оқытып, үйрету және тәрбие-
леу  үдерісінде  оқып,  үйренушілердің  жеке  тұлға-
лық сапаларын қалыптастыру.
Жеке тұлға – адамның психологиялық-әлеумет-
тік қасиеттерінің негізгі иесі.
«Жеке  тұлға»  ұғымында  жеке  адамның  қоғам 
құрамында  болатындығы    анықталатын  белгілері 
айқындалады. 
Мақсатқа  ұмтылуға,  батылдыққа  және 
шешімшілдіке,  бастамшылдыққа  және  тапқы-
рлыққа,  табандылыққа  және  қажырлылыққа, 
ұстамдылыққа  және  сабырлылыққа,  ұжымшыл-
дық  сезіміне  және  өзара  жолдастық  көмектесуге 
тәрбиелеу өскелең ұрпақтың және азаматтың жеке 
тұлғасы сипаты мен сапаларын қалыптастырудаға 
маңызды міндеті болып табылады.
Жоғарыда атап көрсетілген сапаларды дене мә-
динеті мен спорт құралдары арқылы дамыту және 
жетілдірудің  іс  жүзіндегі  мүмкіндіктері  адамдар-
дың жеке ерекшеліктерімен алдына қойылған оқу 
және тәрбиелік міндеттерді шешуі есепке алынып 
пайдаланылатын  арнайы  жаттығулар  мен  әдісте-
мелік  тәсілдерді  шұғылдану  сабақтарында  орын-
дау кезінде оларды жүйелі және мақсатты бағытта 
қолдану жағдайында ғана жүзеге асырылады.
Адамның өзінің даралық қасиеті (индивидуаль-
ность) қоғамдық-тарихи мәдинетті дамытудағы іс 
әрекет  пен  білім  иесі  ретінде  әрбір  адамның  тір-
шілік қызметіндегі дара ерекшеліктері мен алдына 
қойған оқу және тәрбиелік міндеттерін жүзеге асы-
рудағы өзіне тән қайталанбайтын рухани күйі мен 
ішкі сезімі болып табылады.
Төртінші  міндет-  оқу  тәрбие  үдерісіндегі  са-
уықтыру бағыты. Бұл бірінші кезекте денсаулықты 
нығайту  және  ағзаны  шынықтыру,  қолайсыз 
жағдайлардың әсеріне орнықтылықты, төзімділік-
ті арттыру және  кәсіби қызметтің өзіне тән ерек-
шелігі болып табылады.
Бұл міңдетті шешуде теория мен іс тәжірибені 
дене  мәдениеті  мен  спорттың  үдерісіндегі  байла-
нысы принципі өз көрінісін табады.
Кез келен спорттық міндетті шешу тек студент-
тің денсаулыға есебінен ғана емес, керісінше ден-
саулықты  үнемі  нығайту  және  ағзаны  шынықты-
рудағы  мақсатты    міндеттерді  орындау  негізінде 
қамтамасыз етілуі тиіс. Жақсы денсаулық дене мә-
динеті мен спортты дұрыс ұйымдастырудың басты 
нәтижелерінің бірі ретінде қарастырылады.
Оқу  және  кәсіби  қызмет  үдерісінде  пайда 
болатын  әртүрлі  бейнедегі  қолайсыз  қозғаушы 
күштердің  (факторлардың)  көптігі,  адам  ағзасы-
ның  орнықты  төзімділігін  арттыру  шараларын 
талап  етеді.  Мұның  негізі,  жан-жақты  дене  даяр-
лығын қажетті денгейіне жеткізу болып табылады.
Бірқатар  жағдайларда  жекелеген  сыртқы  қо-
лайсыз әсер етуші күштердің әсер етуіне ағзаның 
жоғары    төзімділік  көрсетуіне  жетуі  үшін  жан-
жақты дене даярлығы арнайы құралдар мен денені 
жаттықтыру әдістерімен толықтырылады.
Студентің  психикалық  дамуының  қозғаушы 
күші, оның қабілеттері мен қоршаған ортамен бай-
ланысу  түрлерінің    жеткен  даму  денгейінің  ара-
сындағы үйлеспеушілік болып табылады. 
Дене мәдинеті мен спорт саласындағы арнайы 
міндеттерді  шешу  жеке  тұлғаның  рухани  және 
дене сапаларының қалыптасуы үшін үлкен маңы-
зға  ие.  Оларды  орындау  спроттың  қандай  да  бір 
түрі бойынша спортшыларды дайындаудың қажет-
ті мүмкіндігі болып табылады.
Арнайы міндеттердің жекелеген (тобына) дене 
дамуында ауытқуы бар және дене даярлығы төмен 
студенттермен  шұғылдану  сабақтарын  ұйымда-
стыру міндеттері арнайы қарастырылады. Бұл мін-
деттерді шешу оқытушыдан медицина саласы мен 
физиологияның  жас  ерекшеліктері  мен  морфоло-
гиясынан арнайы білімі болуын талап етеді. 
Жеке тұлғаның құрылым негізі, яғни студенттің 

72
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
қызығушылығы мен қажеттілігі, күрделі  психика-
лық құрылымының бағыты оның мінез – құлқын, 
іс әрекетін, спорттық қызығушылығын анықтайды.
Адамның  оқу  және  кәсіби  қызметі  жағдайын-
дағы  және  мінезіндегі  мазмұндық  айырмашылық 
дене мәдениеті мен спорттың жалпы және арнайы 
міндеттерін  шешу  қажеттілігін  айқындайды.  Ар-
найы  міндеттерде  дене  дайындығына  нақтылы, 
ерекше талап қою өз сипатын табады.
Арнайы  міндеттерді  шешу  және  оны  жүзеге 
асыру жолдары студенттердің дене және психоло-
гиялық дайындықтарын дұрыс ұйымдастыруда не-
гізді маңызы бар.
Алайда  арнайы  міндеттерді  анықтау  елеулі 
қиындықтар  туындатады,  яғни  дене  даярлығына 
қойылатын  ерекше  талаптың  сипаты  сырт  көзге 
жиі байқалмайды.
Арнайы міндеттерді шешуге қойылатын негіз-
гі талапты бөліп қарау үлкен қиыншылық туғыза-
ды, өйткені әрбір спорт түрі үшін оларды шешудің 
өзіндік ерекшелігі болады. 
Студенттің психикалық дамуы – жеке тұлғаның 
сапалық біртіндеп дамушы өзгерісі, яғни оның ба-
рысында  әртүрлі  динамикамен  жас  ерекшелігіне 
қарай жаңа құрылу қалыптасады.
Студенттердің  дене  даярлығына  қойылатын 
ерекше  өзгешелігі  бар  талапты  талдау  негізінде 
дене мәдениеті мен спорттың арнайы міндеттерін 
анықтаудың маңызды мәселесі, студенттерді оқы-
тып,  үйрету  үдерісінде  барынша  көп  мөлшерде 
қажетті қозғалыс дағдылары мен дене, психологи-
ялық, арнайы сапаларын анықтау болып табылады.
Студенттердің  дене  даярлығына  қойылатын 
ерекше талап арнайы міндеттерде өз көрінісін та-
бады.
Дене  мәдениетінің  құралдары  мен  әдістері 
арқылы шешілетін арнайы міндеттер мыналар бо-
лып табылады:

оқу аудиторияларындағы аз қозғалыстағы 
және  бір  сарынды  еңбек  немесе  сабақ  кезіндегі 
орныққан күш түсуіне төзу қабілеттілігін қалыпта-
стыру;

төзімділікті,  шапшаңдықты  және  жауап 
беру және әрекет реакциясының дәлдігі, кеңістікте 
және уақытқа бағдар жасауды дамыту және жетіл-
діру;

дененің үйлесімді салмағын сүйемелдеу;

ыстыққа, 
суыққа, 
температураның 
ауытқуына ағзаның төзімділігін арттыру;

батылдықты  және  шешімшілдікті,  ұстам-
дылық  пен  сабырлылықты,  бастамашылдық  пен 
тапқырлықты,  мақсатқа  ұмтылушылық  пен  сезім 
күші орнықтылығын дамыту;

жүйке  және  жүрек  қан-тамырлары  жүй-
есіндегі,  асқазан-ішек  жолдарындағы  қызметтік 
бұзылуды, көздің қажуын, мүсіннің ауытқуын қал-
пына келтіру.
Арнайы міндеттер дене мәденитінің барлық та-
рауларын оқыту бағдарламасына ендіру, жекелеген 
тақырыптар  бойынша  шұғылдануға  бөлінген  оқу 
уақытының  үйлесімді  қатынасын  белгілеу  есебі-
нен жүзеге асырылады.
Арнайы міндеттерді дұрыс анықтаудың негізді 
(принципті)  мәні  бар,  өйткені  бұл  міндеттер  оқу 
тәрбие  үдерісінің  мазмұны  мен  бағытына  елеулі 
әсер етеді.
Арнайы  міндеттердің  сипаттамасы  спорт 
түрінің  ерекшеліктерін  сапалы  ұғынуға  қажет-
тілікпен,  олардың  әрқайсысының  оқытудың  мақ-
саттары  мен  міндеттеріне  қоятын  талаптарына 
байланысты болады.
Мектептерде  және  кәсіби  орта  білім  беру  ме-
кемелерінде мамандық (профиль) бойынша оқыту 
ендірілуімен байланысты оқу үдерісін тиімді арт-
тыратын, оған дараландыру мүмкіндіктерін туғы-
затын,  оқушыларды  дайындаудың  дифференция-
лау бағдарламасы дайындалуда.
Дене  мәдениетін  жетілдірудің  маңызды  бағы-
ты спорт мектептерінде, мамандандырылған спорт 
залдарында,  спорт  үйірмелері  сияқты  қосымша 
білім  беру  жүйелерінде  оқытып,  үйрету  үдерісін 
даралау болып табылады, яғни олардың әрқайсы-
сында  әртүрлі  спорт  түрлерінің  ерекшеліктерін 
есепке алатын күрделі бөліктерімен (дифференци-
ял) оқу бағдарламалары болады.
Бұдан басқа, бөліктермен үйрету және даралау 
негізінде дене мәдениеті мен спорт бойынша оқы-
тып,  үйретуде  оқу  бағдарламасын  қалыптастыру 
шұғылданушыларға  биологиялық,  ауа  райы  гео-
графиялық  және  әлеуметтік  қозғаушы  күштердің 
әсерлерін  есепке  алып  жүзеге  асырылады.  Со-
нымен  бірге,  бұл  қозғаушы  күштер  оқытып,  үй-
ретудің  спецификалық  міндеттерін  анықтап,  іске 
асыруға елеулі әсерін тигізеді.
Оқытып, үйретудің мазмұны, сипаты, жағдайы 
және  студенттерді  даярлаудың  өзіндік  ерекшелік-
тері болады, яғни оларды оқытып, үйретудің және 
тәрбиелеудің  арнайы  бағытын  анықтайды.  Сту-
денттерді  арнайы  бағытпен  дайындау  дегеніміз, 
қандай да бір спорттың түріне жалпы және жекеле-
ген бейімделу міндеттерін шешудің ең жақсы дәре-
жесін қамтамасыз ететін дене мәдениетін оқытып, 
үйретудің және тәрбиелеудің формалары мен әді-
стерін, жүйелі құралдарын іріктеу, таңдау және іс 
жүзінде қолдану болып табылады.
Қазіргі  өскелең  өмір  талабы жағдайында дене 
мәдеиетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеудің ар-
найы  бағыты  жайлы  мәселелер  үлкен  теориялық 
және тәжірибелік маңызға ие болуда.
Ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  нәтижелері 
мен  тәжірибе  көрсеткендей  студенттерді  дене 
мәдениетіне  оқытып,  үйрету  мен  тәрбиелеудің 
арнайы  бағытын  анықтайтын  қозғаушы  күштер 
мыналар болып табылады:

білім беру үдерісі жүргізілетін орындағы 
жағдай;

73
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016

оқу барысындағы дене жүктемесінің және 
жүйке-психикалық күштенудің мөлшері мен сипа-
ты;

ЖОО-дағы  оқытудың  сапасы  және  оның 
студенттердің дене және психикалық жағдайлары-
на әсер етуі;

оқу  топтарын  жүйелеп,  құру  ерекшелік-
тері;

кейбір  жекелеген  ерекшеліктері  (білім, 
біліктілік  және  дағдыларды  меңгеруге  ынталану 
дәрежесі;  оқу-спорттық  базаның  ұзақтығы  және 
бытыраңқы,      бөлек-бөлек  орналасуымен    байла-
нысты және т.б.).
Студенттер күнделікті өздерінің уақыттарының 
негізгі  бөлігін  аудиторияларда,  спорт  ғимаратта-
рында, яғни дымқылдық немесе құрғақтық көрсет-
кіштер жоғары, ауасы ластанған жерде жаттығумен 
шұғылдану кезіндегі ұзақ күштену жағдайында өт-
кізеді.
Ағзаға  елеулі  әсер  етуші  тітіркендіргіштердің 
саны,  жүктемелер  сипаты,  оларды  жою  үшін  ар-
найы шаралар кешенінің әсерімен өзгеруі мүмкін. 
Мысалы,  егер  қажу,  шаршау,  жүйке-психикалық 
күштенуі  пайда  болса  жеткіліксіз  дене  белсен-
ділігін  қалпына  келтіретін,  нашар  сезім  күйін 
түсіретін,  жұмыс  қабілеттілігін  тез  орнына  кел-
тіретін  және  көңіл-күйін  көтеретін  жаттығулар 
орындалады.  Мұндай  оқу  бағдарламасында  бел-
гіленбеген  жаттығулар  спорт  ойындары,  қызмет 
түрі бойынша қызықты, күлкілі жарыстар түрінде 
өткізілуі мүмкін.
Дене  тәрбиесінің  маңызды  міндеттерінің 
бірі  әрбір  шұғылданушыны  дене  жаттығуларын 
орындауға  қызықтыру  болып  табылады.  Мұнда 
оқытушының  біліктілігіне,  қабілеттілігіне  және 
тәжірибелілігіне,  оқу  орнының  материалдық-тех-
никалық  және  оқу-спорттық  базасына,  санитар-
лық-гигиеналық жағдайына, сабақ өтілетін орын-
ның  спорт  құрал-жабдықтарымен  және  спорт 
қондырғыларымен жарақтандырылуына көп дәре-
жеде байланысты.
Оқу тобының ұжымын ереже бойынша бірдей 
жастағы  шұғылданушылар  құрайды.  Оқытып, 
үйрету барысында әрбір шұғылданушының спец-
ификалық  ерекшеліктері  ескеріледі,  спорттық 
құрал-жабдығынсыз  және  спорт  қондырғыларын-
сыз да орындалуы мүмкін әртүрлі жаттығулар, әді-
стер мен әрекеттер меңгеріледі. Студенттердің да-
ярлық деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым 
оқытып, үйрету құралдары мен әдістері де әртүрлі 
және күрделірек болады.
Оқытып,  үйретудің  арнайы  бағытын  анықтай-
тын  қозғаушы  күштер  оқу-тәрбие  үдерісінің 
мазмұнына    және  сипатымен  өзара  тығыз  байла-
ныста. Әрбір оқытушының барынша маңызды мін-
деті-студенттердің дене тәрбиесінде бұл қозғаушы 
күштердің  барлығы  жан-жақты  талдануы  және 
есепке алынуы мүмкін.
Дене мәдениетіне оқытып, үйрету және тәрби-
елеудің арнайы бағыттылығын жүзеге асыру, сту-
денттердің жұмыс қабілеттілігін арттыру, сонымен 
бірге сабақ үлгерімін жақсарту үшін барлық құрал-
дар  мен  әдістерді  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік 
береді. Сондықтан кәсіби қызметін табысты жүр-
гізу үшін оқытушы оқу-тәрбие үдерісінің арнайы 
бағыттылығын  анықтайтын  негізгі  қозғаушы 
күштерді ескеру қажет; шұғылданушылардың дене 
және психологиялық жағдайларына олардың әсер 
етуі; дене мәдениетіне оқытып, үйретудің барынша 
тиімді құралдары мен әдістерін пайдалану.
Дене  мәдениетіне  оқытып,  үйрету  мен  тәр-
биелеудің  арнайы  бағыттылығының  міндеттерін 
шешу  студенттермен  жұмыс  жүргізуде  оқытушы-
дан  (жаттықтырушы)  кәсіби  шығармашылық  із-
деніс және жоғары педагогикалық шеберлікті және 
арнайы дайындық деңгейін талап етеді [7,8,9].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  бола-
шағы қоғамның идеялық бірлігінде» 6. Білім беру 
туралы  Қазақстан  Республикасының  заңы-Алма-
ты: Қазақстан, 1992
2. Әбділлаев  Ә.К.      Оңалбек Ж.К.   Дене  мәде-
ниетінің  ілімі  және  әдістемесі. Түркістан 2004-
223б.
3. Әбділлаев  Ә.К.   Дене  мәдениетінің  ілімі  
және  әдістемесі. Кентау 2007-227-246б.
4.  Әбділлаев    Ә.К.,Мұхамеджанов  Б.Қ.      Дене  
мәдениеті. Кентау 2008-60-61б.
5. Дене шынықтыру туралы Қазақстан Респу-
бликасының заңы. Қазақстан № 1. 2000. 
6. Матвеев Л.П. Введение в теорию физической 
культуры: Москва: ФиС 1985.
7. Выдрин В.М. Теория   физической культуры, 
Ленинград, 1988.
8.  Әлімжанова  Г.  Ерғазиева  К.  «Салауатты 
өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп» 2004-2.
9.  Қайымова  Ш.  «Салауатты  өмір  салтын 
құру», «Өзіндік таным» , 2005-2. 
10. Абдрахманова А. «Салауатты өмір салты-
на құрылымдық модель», «Валеология дене тәрби-
есі спорт» №12 -2003.
11. Есжанов Б. «Салауатты өмір салтын қа-
лыптастыру», «Ислам әлемі».2005-10 17. Исламо-
ва А. «Педагогикалық салауаттанудың даму негіз-
дері», «Мектептегі дене шынықтыру» 2004-3.

74
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07
Халилаев Абдисадык Нурлакович
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының доценті,  
Абусейтов Бекахмет Зайнидинович
п.ғ.к., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене мәдениеті» кафедрасының доценті
ДЕНЕ ТӘРБИЕ САБАҒЫН ДЕНЕ  ЖАТТЫҒУЛАРЫМЕН ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ
Түйін. Бұл мақалада  дене шынықтыру жат-
тығуларымен  шұғылдану  кезінде  жан-жақты 
дамуы, денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір 
сүру  бейнесі  негіздерінен  білімді  меңгеруге,  бала-
лар  өздерінің  жеке  гигиенасына  ұқыптылықпен 
қарауды.  Батылдықты,  ұстамдылықты,  өзін-өзі 
игере білу және жаттығуды өздігінен орындауға 
қажетті басқа да сапаларын тәрбиелеу қарасты-
рылған.
Кілтті  сөздер:  педагогика,  білім  беру,  оқы-
тып,  үйрету,  бағдарлау,  өздігінен  дамыту,  дене 
дайындағандығы, дене тәрбиесі. 
Резюме. В этой статье при занятиях физиче-
скими  упражнениями  разностороннее  развитие, 
укрепление  здоровья,  усвоение  знаний  по  основам 
здорового образа жизни, образ жизни, аккуратно-
стью, рассмотрение личной гигиены своих детей. 
Мужество и знание воспитания и других качеств, 
необходимых  для  выполнения  упражнения  само-
стоятельно.
Ключевые  слова:  Ориентирование,  образова-
ние  развитие  личности,  саморазвитие,  физиче-
ская культура.
Summary: In this article, when you exercise diverse 
development,  health  promotion,  learning  the  basics 
of  a  healthy  lifestyle,  lifestyles,  care,  consideration, 
personal  hygiene  of  their  children.  Courage  and 
knowledge  of  education  and  other  qualifications 
necessary to perform the exercises yourself.
Key  words:  Orientation,  education,  personal 
development,  personal  development,  physical 
education.
Дене  жаттығулары  сабағы  дене  тәрбиесі  жүй-
есінің  бөлігі  болып  саналады,  яғни  оларда  іс 
жүзінде  құралдары  мен  әдістері  пайдаланылады, 
сонымен бірге соңғы нәтижеде оның міндеттерінің 
негізін  құрайтын  дене  тәрбиесінің  принциптері 
жүзеге  асады.  Дене  жаттығуларымен  шұғылдану 
барынша әр түрлі - серуендеу, таңертеңгілік дене 
шынықтыру,  спорттық  сайыстар,  суға  шомылу, 
туристік жорықтар, дене тәрбиесі сабақтары және 
т.б.  олардың  барлығында  кейбір  сәйкес  жалпы 
заңдылықтары  бар.  Бұл  заңдылықтарды  білу  әр-
бір  жекелеген  жағдайда  жете  түсініп,  барынша 
тиімділікпен  дене  жаттығуларының  шұғылда-
нушылардың  ағзасына  әсер  етуін  іске  асыруға 
жағдай жасайды.
Дене жаттығуларының шұғылдану үлгілері мен 
мазмұнының өзара байланысының диалектикалық 
сипаты педагогикалык қатынаста өте маңызды бо-
лып табылады.
Шұғылданудың негізгі мазмұнын адамның де-
несін  жетілдіруте  бағытталған  белсенді  қозғалыс 
қызметі құрайды. Кез келген сабақтағы шұғылда-
нушылардың қызметі қатынастық дербес элемент-
тер қатарынан тұрады: дене жаттығуларының өзі, 
оны орындауға дайындық, белсенді демалыс және 
т.б. Өзара байланыс тәсілі немесе мазмұн элемент-
терінің құрылымы, дене жаттығуларымен шұғыл-
дану үлгісін құрайды. Оған мыналар жатады: жат-
тығуды  орындау  тәртібі,  шұғылданушылардың 
өзара байланыс сипаты, олардың ұйымдасуы және 
т.б.
Әрбір  жекелеген  жағдайда  сабақтың  шұғыл-
дану  үлгісі  оны  сапалы  өткізудің  негізгі  педаго-
гикалық  ережесінің  бірі  болып  табылып,  мазмұ-
нына  сәйкес  келуі  тиіс.  Егер  сабақтың  мазмұны 
дене  сапаларын  дамытуға  бағытталған  болса, 
онда жүктеме мен демалыстың қатаң жүйелілігін 
сипаттайтын  жаттығуды  орындаудың  белгілі  бір 
тәртібі  қажет.  Сабақтың  нәтижесі  оқушылардың 
ұйымшылдығына,  сабақты  өткізу  уақытына,  жат-
тығуды  өткізу  орнына  және  сабақ  бөліктерінің 
басқа үлгілерін ұтымды пайдалануға байланысты. 
Атап  айтқанда,  сабақтың  түрінің  мазмұнына  бел-
сенді  әсер  етеді.  Онымен  бірге  болып,  шұғылда-
нушылардың  қызметіне  тиісті  табысты  қамтама-
сыз  етеді,  ал  кері  жағдайда  шұғылдану  нәтижесі 
төмен болады. Үнемі сабақтың бір үлгісін пайда-
лану  шұғылданушылардың  дене  дайындығының 
жетілуін  тежейді.  Сабақтың  ескі  үлгісін  жойып 
және  оны  жаңасымен  ауыстыру  немесе  керісін-
ше, дене тәрбиесінің міндеттерін табысты шешуге 
мүмкіндік жасайды.
Дене  жаттығуларымен  шұғылданудың  әр  түр-
лілігі  мазмұндық  және  үлгілік  қатынас  тұрғыла-
рында көрінеді.
Дене  тәрбиесінің  іс-тәжірибесінде  жеке  са-
бақтардың алдында оларды іске асыру үшін әр түр-
лі уақыт және бірдей емес күш салуды қажет ететін 
міндеттер кешені қойылады.
Сабақтың  педагогикалық  құрылуы.  Сабақ 
басқа дене жаттығуларымен шұғылданушылар си-
яқты үш бөлімге бөлінеді: дайындық, негізгі және 
қорытынды.  Одан  әрі  бөлінген  бөлімдердің  жүк-

75
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
телген  міндетін  ескеріп,  сабақтың  құрылымының 
нақтылы міндеттеріне сәйкес бөлшектеп талдауға 
кіріседі.
Дайындық бөліміне бәрінен бұрын оқушылар-
ды бастапқы ұйымдастыру кіреді. Ол шешіну оры-
нын тәртіпке келтіру, киімді және пайдаланылатын 
спорт  құрал-саймандарын  дайындау,  қысқаша  ке-
зекшінің  нұсқауы,  оқушыларды  спорт  алаңына 
шығар алдында сапқа тұрғызу және т.б. кіреді. Ұй-
ымдастырудың бұл жақтары көбіне сабақтың бар-
лық бөлімдеріндегі табысты айқындап, қарқынды 
жұмыс үшін қажетті тез әсерленгіш орта (фон) жа-
сайды. Сабақты құру қызметі тікелей сабақтың ба-
сында әр түрлі әрекеттер атқаруы мүмкін, яғни са-
бақ басталар алдында бір қатарға тұрғызу, рапорт 
беру,  назарға  арнайы  жаттығулар,  сабақтың  мін-
детін түсіндіру және тағы басқалар. Олар жеке-же-
ке және кешенді пайдаланылуы мүмкін. Педагоги-
калық  қатынаста  бастапқы  ұйымдастыру  сәтінде 
әр  түрлі  міндеттер  шешіледі,  яғни  оқушыларды 
сапқа тұруға үйрету, дұрыс дене мүсінін қалыпта-
стыру, бұйрықтарды анық орындауға үйрету және 
т.б. жөнге келтіру сәттері сабақтың барысында бар. 
Олар сабақтағы әрбір ірі міндеттерді шешуге және 
толық аяқтауға алдын - ала жол салады. Сабақтың 
ұйымдастыру жақтарын дұрыс жүзеге асыру оқы-
тушының  маңызды  міндеттерінің  бірі  болып  та-
былады. Осының арқасында оқушылар жаттыққан 
әрекетке,  өзінің  назарын  алдағы  қызметке  және 
т.б.  шоғырландыруға  үйретеді.  Сабақтың  бірінші 
бөліміндегі негізгі орынды алда тұрған негізгі жұ-
мысқа  қызметтік  дайындық  алады.  Дайындыққа 
және  оның  орындалуына  ұзақ  уақыт  талап  етіл-
мейтін және жеңіл мөлшерленетін жаттығулармен 
табысқа  жетеді.  Оларға  мыналар  жатады:  жүру, 
жүгіру,  секірулер,  жалпы  дамыту  жаттығулары, 
қарапайым би адымдары, ойындар және алдыңғы 
сабақтардан оқушыларға таныс басқа қозғалыстар. 
Оларды орындау кезінде оқытып үйрету және тәр-
биелеу міндеттері шешілуі мүмкін (таныстыру, үй-
рету және жетілдіру, шапшаңдықты дамыту және 
т.б.).  Сабақтың  дайындық  бөлімінде  шешілетін 
міндеттердің  арасында  жаттығудың  мағыналық 
үйлесімділікпен  және  физиологиялық  қозғаушы 
күштермен  қамтамасыз  етілген  айқындалған  қи-
сындық өзара байланыс алдын ала қарастырылған 
болуы  тиіс.  Мысалы,  біртін-біртелік  принципін 
басшылыққа  алып  жалпы  дамыту  жаттығулары-
ның  кешенін  орындау  кезінде,  әдетте  келесі  рет-
тілік  сақталады:  созылу;  қолға  және  иық  белдеу-
леріне  арналған  жаттығулар;  аяқ,  қолға  арналған 
жаттығу, тізені бүгу; кеудеге арналған жаттығулар; 
секірулер; босаңсуға арналған жаттығулар.
Сабақтың  дайындық  бөлімі  келесі  сабақ 
бөлімдерімен  байланыста  болуы  тиіс.  Сабақтың 
басталар  алдындағы  жаттығуларды  үйлестік  ме-
ханизмімен және дене жүктемесі сипатымен ірік-
теу алда тұрған негізгі қызметтің ерекшеліктеріне 
сәйкес келуі тиіс. Бұл үшін арнайы-ұштастырушы 
деп  аталатын  жаттығулар  қосылады  (9-суретте 
сабақтың  дайындық  бөлімінің  әр  түрлі  үлгілері 
берілген).  Негізінен  оған  сабақтың  негізгі  уақы-
тының 10-20 пайызы бөлінеді: мектептегі сабаққа 
5-12 минут, спорттық жаттығу сабағына 30-40 ми-
нутқа  дейін.  Сабақтағы  барынша  күрделі  міндет-
терді шешу оның негізгі бөлімінде шешіледі.
Негізгі  бөлім  нақтылы  мазмұнына  қарай  бір 
немесе  бірнеше  тараулардан  құрылуы  мүмкін. 
Әдетте барынша күрделі принципінде жаңа мате-
риалдарды  меңгерумен  байланысты  және  үлкен 
үйлестік  күрделілігіндегі  міндеттерді  сабақтың 
негізгі бөлімінің ең басында іске асырады. Мұнда 
оқытып үйрету кезеңдерін есепке алып және мін-
деттерге  жолға  қоюда  келесі  бірізділікті  қолдана-
ды: таныстыру, үйрету және жетілдіру [16].
Дене  сапаларын  тәрбиелеу  әдетте  келесі 
тәртіппен  жоспарланады:  шапшаңдыққа,  күш-
ке,  төзімділікке  арналған  жаттығулар.  Әр  түрлі 
спорт түрлерінен өтілетін сабақта жоғары жұмыс 
қабілеттілік  сәтінің  ерекшелік  сапаларын  дамыту 
үшін пайдаланады.
Мысалы,  штангашы  бұл  сәтті  күшті  дамыту 
үшін пайдаланады. Өмірдегі іс жүзіндегі қызмет-
те барлық қозғалыс міндеттерін әр түрлі жағдай-
да  шешуге  тура  келеді.  Сондықтан  білім  беру 
міндетін  шешудегі  жүйелілік  және  дене  сапала-
рын  тәрбиелеуде  ағзаның  әр  түрлі  жағдайында 
оқушылар жоғары жұмыс қабілеттілігін көрсетуге 
үйренетіндей  түрлендіру  қажет.  Сабақтың  негіз-
гі  бөлімінде  дайындық,  негізгі  және  жаттығудың 
басқа  түрлері  орын  алады  және  оларды  өткізуде, 
сонымен бірге әр кезде белгілі бір реттілікті алдын 
ала ескеру қажет.
Сабақтың  қорытынды  бөліміне  тән  сәйкестік 
келесі  педагогикалық  міндеттер  болады:  әр  түрлі 
күш қуаты дәрежесімен қозғалысты еркін орындай 
білуге  біртіндеп  күшін,  қарқынын,  жаттығудың 
жылдамдығын  төмендетіп  түсіру;  назарын  оқуға, 
еңбекке, демалысқа аудара білуге үйрету. Бұл мін-
деттерді  шешу  үшін  жеңіл  мөлшерленетін  мына 
жаттығулар  таңдап  алынады:  жүру,  жеңіл  жүгіру, 
қарапайым  қозғалыстар,  би  элементтері  және  т.б. 
Бұл  міндеттерді  шешудің  тәртібі  жүктемені  бір 
мезгілде түсіруі тиіс.
Сабақтың  қорытынды  бөлімі  қисындық  өзара 
байланыстағы  бірнеше  бөлімдерден  тұруы  мүм-
кін  (11-сурет).  Бірқатар  сабақтарда  қорытынды 
бөлімінің  дидактикалық  ақталған  жүйеліліктегі 
міндеттері  алдын  ала  қарастырылған  болуы  тиіс. 
Үйге  берілген  тапсырмаға  ерекше  назар  аудару 
керек. Сабақтар тек дене тәрбиесі жүйесінің бөл-
шегі  ғана,  яғни  өз  бетінше  жаттығумен,  жарысқа 
қатысумен, ойынмен және т.б. толықтырылады. Үй 
тапсырмасын  бағаламау  шұғылданудың  сабақтық 
және  сабақтан  тыс  түрлерінің  арасындағы  байла-
нысты бұзады.

76
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Жүктемені  мөлшерлеп  бөлу  (дозировка)  -  бұл 
оның  көлемін  және  қарқынын  бағытты  реттеу 
деген  ұғым.  Мөлшерлеп  бөлу  мәселесі  дене  жат-
тығуларындағы жүктемені белгілеу бойынша ұсы-
ныстармен шектелмейді. Шұғылданушыларға әсер 
ету күші тек жаттығулардың сипатына ғана емес, 
сонымен  бірге  оқу  жұмысының  мына  элемент-
терімен  де  байланысты:  түсіндіру,  жаттығуларды 
көрсету, оқушыларды ұйымдастыру және т.б.
Әрбір  нақтылы  жағдайда  оқытушы  сабақта 
жүктеменің  мүмкін  болған  үлкен  көлемін  қамта-
масыз  етуге  ұмтылады  (оның  педагогикалық 
ақталғандығы  жағдайы  ескеріліп).  Жүктеменің 
көлемінің көбеюі сабақтың барынша ұтымды жал-
пы тығыздығы нәтижесінде іске асады.
Сабақтың  жалпы  тығыздығы  деп  педаго-
гикалық  ақталған  уақыттың  барлық  сабақтың 
ұзақтығына қатынасын айтады.
Педагогикалық  ақталған  уақытқа  келесі  қыз-
мет  түрлері  немесе  сабақ  бөліктері  жатады:  оқы-
тушылардың  түсіндіргені,  көрсеткені,  оқытушы-
ның нұсқауын ұғыну және түйсікпен қабылдау, өз 
жолдастарының әрекетін ұйымшылдықпен талдау; 
дене  жаттығуларын  орындау  және  одан  кейінгі 
қажетті  демалыс;  жәрдемші  әрекеттер  қайта  са-
пқа тұрғызу; спорт қондырғыларын орнату, секіру 
шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.
Оқу  уақытының  ақталмаған  шығынына  ұй-
ымдастырудағы қойылған оқу-тәрбие міндеттерін 
шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып 
қалу жатады: сабаққа кешігіп келу және оны ерте 
аяқтау,  тәртіп  бұзуға  байланысты  сабақ  үстіндегі 
үзілістер,  спорт  құрал-саймандарының  жарамай 
қалуы, мұғалімнің кетіп қалуы.
Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы 
педагогикалық  ақталған  қызмет  түрлері  маңыз-
ды  емес.  Мысалы,  амалсыз  демалыс  және  жәр-
демші әрекеттің аз мәні болады, ал сол бір уақыт-
та  оқушылардың  өз  жолдастарының  әрекеттерін 
зерттеп  және  сын  көзбен  талдауы  педагогикалық 
тұрғыдан сабақтың өте маңызды сәттеріне жатады 
(егер бұл оқытушының арнайы ұйымдастыруымен 
және  оның  тікелей  қатысуымен  өтсе).  Мүмкінді-
гінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші әрекет-
терді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.
Бұл үшін әр түрлі әдістер қолданылады: алдын 
ала оқушылардың жүретін барынша қысқа жолда-
рын  белгілейді;  артық  сапқа  тұрғызу  және  қайта 
тұрғызудан  қашу;  спорт  қондырғыларын  орнату 
және  жинауды  шұғылданушылардың  ішінен  ар-
найы  кезекші  тағайындап  жарыс  тәртібімен  өткі-
зеді.
Осы тәртіппен оқытушы түсіндіруге, өз бетін-
ше  жұмысқа  және  тікелей  жаттығуды  орындауға 
мүмкіндігінше көп уақыт бөледі. Сабақтың жалпы 
тығыздығына  қолайлы  келудің  тәсілі  осылай  жа-
салады.  Жаттығуды  орындауға  жұмсалған  уақыт 
моторлы  тығыздық  ұғымымен  байланысты,  яғни 
жаттығуды  орындауға  кеткен  уақыттың  сабақтың 
жалпы уақытына қатынасы.
Моторлы  тығыздық  -  дене  жаттығуларымен 
шұғылданудың өнімділігінің барынша ерекше көр-
сеткіші, сондықтан,  әрине,  бірдей  жағдайда мүм-
кіндігінше  сабақтың  үлкен  моторлы  тығыздығын 
қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге оның ең ба-
стысы оқу-тәрбие міндеттерін шешу сапасы болып 
табылатын  сабақтың  шұғылданудағы  маңызын 
артық бағалауға болмайды, өйткені ол өз кезегін-
де түсіндіруге, қозғалысты, кинограмманы, үлгіні 
және басқа да оқытып үйрету әдістерін көрсетуді 
талап етеді. Осылай гимнастика сабағының негізгі 
бөлімінде сабақтың моторлы тығыздығы ең жақсы, 
қолайлысы деп жиі саналып, 10-15 %  құрайды.
Уақыттың арақатынасын түсіндіруге, көрсетуге 
және жаттығуға жақсы бейнеде белгілеу, сабақты 
әдістемелік сауатты жүргізудегі ең басты жағдай-
дың бірі. Ысылған, іскер оқытушылар түсіндіруді 
оқушылардың тікелей қозғалысты орындауы кезін-
де жүргізеді.
Алайда  ол  кезде  жаттығудың  күрделілігі, 
оқушылардың  дайындығы  және  шұғылданудың 
ұсынылған сабақ үлгісінің талаптарын ескеру қа-
жет. Сабақтағы педагогикалық ақталған қызметтің 
барлық  түрлеріне  бөлінген  уақыт  шегінде  жүкте-
менің  қарқындылығын  мөлшерлеп  бөлу  мәселесі 
де  өте  маңызды.  Дене  жаттығулары  сабағындағы 
жүктеменің  қарқыны  оның  көлеміне  қарағанда 
тікелей  үлкен  реакцияны  қозғайды.  Көп  шамада 
сабақтың  оқу-тәрбиелік  нәтижесі  және  олардың 
сауықтыру әсері қарқындылыққа көп байланысты.
Сабақтағы  жүктеменің  қарқындылығына  қой-
ылатын  негізгі  талап  оның  физиологиялық  және 
психологиялық  әсерінің  мүмкін  болған  шегін 
анықтау болып табылады. Әрбір нақтылы сабақта 
жүктеменің өзіндік мүмкін болған шектегі шамасы 
болуы тиіс және ол әр кезде жасына, жынысына, 
шұғылданушылардың жаттыққандығына және са-
бақтың нақтылы міндеттеріне байланысты анықта-
луы тиіс.
Оқытушының шұғыдданушыларды оқу-тәрбие 
міндеттерін  өздігінен  іске  асыра  білуге  үйретуі 
ерекше назар аударуға тұрарлық мақтаныш. Мұн-
да әр түрлі қызмет түрлері пайдаланылады: әңгіме, 
кеңес өткізу, тапқырлықты, ептілікті, қиын жағдай-
да  женін  таба  білу  талап  етілетін  шұғылданушы-
лардың алдына міндет қою.
Түсіндіру  және  көрсету  кезінде  шұғылда-
нушылардың  назарын  өзіне  аударуы,  олардың 
белсенділігін тәрбиелеуі оқытушының басты мін-
деттерінің бірін құрайды. Оқушылардың жұмысы 
неғұрлым қарқынды болған сайын, жаттығу нәти-
жесінен солғұрлым табыс күтуге болады.
Дене  жаттығуларының  қарқындылығын  мөл-
шерлеп белгілеу шұғылданушыларға тікелей және 
жанама  әсер  ету  арқылы  әдістемелік  тәсілдердің 
қатарымен іске асады.

77
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
Шұғылданушыларға тікелей әсер ету әдістеріне 
жаттығудың қайталану саны, жылдамдығы, күші, 
қолданылатын  сыртқы  ауырлық  жүктеме  шамасы 
туралы сөзбен нұсқау беру және т.б. жатады. Тіке-
лей әсер ету әдістерін пайдаланып, егер оқушылар 
мұғалімнің тапсырмасын дұрыс орындаса, онда ба-
рынша кең ауқымда жаттығудың қарқындылығын 
дәл мөлшерлеп, бөлімдермен орындатуға болады.
Шұғылданушыларға жанама әсер ету әдістері-
не  қатаң  уақытпен  белгіленген  жаттығулармен 
орындалатын ойындық және жарыстық әдістерінің 
кезектесуімен жүргізілуі жатады.
Мысалы,  әдеттегі  тапсырмамен  орындауға 
қарағанда  спорттық  сайыс  кезіндегі  жаттығуды 
орындау  жағдайындағы  үлкен  карқындылығымен 
айырмаланады.  Селқос,  бейқамдықты  жеңу  үшін 
осыны  пайдалануға  болады.  Бүтіндей  алғанда 
жаттығулардың орындау қарқындылығын жанама 
әдіспен мөлшерлеп, бөлу тікелей әдіске қарағанда 
дәлдігі  азырақ  болса  да  оны  қолдану  қажет.  Осы 
бейнеде  сабақтағы  жүктемені  ең  қолайлы  мөл-
шерлеп,  бөлу  жоғары  қарқындылығын,  шұғыл-
данушылардың  ақыл-ой,  сонымен  бірге  дене  жұ-
мыстары  ретінде  сабақтың  100  пайыздық  жалпы 
тығыздығын  қамтамасыз  етуді  талап  етеді.  Жүк-
темені  мөлшерлеп  бөлудің  жоғарыда  сипатталған 
әдістері  оқушыларды  дұрыс  ұйымдастыра  білуге 
және оларға жаттығудың ететін әсерінің дәрежесін 
бақылауға тәуелді [17].
Сабақты ұйымдастыру әдістемесі оқытушының 
белгіленген  оқушылар  контингентімен  (сынып, 
команда,  үйірме)  жұмыс  істеу  әдісіне,  шұғылда-
нушылардың тапсырманы орындау тәртібіне, оқы-
тушылар  мен  оқушылардың  және  шұғылданатын 
орындағы  спорт  қондырғыларының  орналасуына 
(зал, стадион, спорт алаңы және т.б.) байланысты. 
Сабақтың  дұрыс  ұйымдастырылуы  оқу-тәрбие 
міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайды қамта-
масыз етеді.
Сабақта шұғылданушыларды ұйымдастырудың 
негізгі  үш  әдісі  айырмаланады:  фронтальді  (ман-
дай алдынан), топтық және жеке.
Фронтальді әдісі кезінде оқытушы бірегей оку 
материалы  бойынша  барлық  оқушылармен  бір 
уақытта жұмыс істейді.
Сабақты топпен өткізу әдісі кезінде оқушылар 
топтарға бөлініп, әр топ жеке оқу тапсырмаларын 
алады. Оқытушы барлық оқушыларды өз бақыла-
уында  ұстап,  бір  топпен  басымырақ  жұмыс  жүр-
гізеді  немесе  кезекпен  бірінен  кейін  келесі  топқа 
өтеді.
Жеке  өткізу  әдісі  кезінде  әрбір  окушы  жеке 
тапсырма алып, оны өздігінен орындайды. Мұнда 
оқытушы оқушылардың жұмысына таңдап, іріктеп 
басшылық жасайды.
Бұл  әдістердің  әрқайсысының  өзіндік  ар-
тықшылығы және кемшіліктері бар. Сабақты қар-
сы  алдынан  фронтальді  әдіспен  өткізу  кезінде 
барлық оқушылардың қимыл-қозғалысын назарда 
жақсы ұстауға және олардың қимыл әрекеттерін ті-
келей басқаруға болады. Алайда бұл кезде оқушы-
лардың  әрқайсысына  қимылын  дербес,  өздігінен 
басқару  қиындайды.  Топтық  және  жеке  әдістерді 
қолдану  керісінше,  оқытушының  барлық  оқушы-
ларды бақылау мүмкіндіктерін шектейді. Бұл әді-
стердің қайсысының берілген сабақты өткізуге жа-
рамды екені, оқу материалының жаңалығына және 
күрделілігіне,  сабақ  өткізілетін  орынның  матери-
алдық жабдықталуына, шұғылданушылардың жа-
сына, жаттығу өткізілетін орынның кендігіне және 
т.б. байланысты.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  бола-
шағы қоғамның идеялық бірлігінде» 6. Білім беру 
туралы  Қазақстан  Республикасының  заңы-Алма-
ты: Қазақстан, 1992
2. Әбділлаев  Ә.К.      Оңалбек Ж.К.   Дене  мәде-
ниетінің  ілімі  және  әдістемесі. Түркістан 2004-
223б.
3. Әбділлаев  Ә.К.   Дене  мәдениетінің  ілімі  
және  әдістемесі. Кентау 2007-227-246б.
4.  Әбділлаев    Ә.К.,Мұхамеджанов  Б.Қ.      Дене  
мәдениеті. Кентау 2008-60-61б.
5. Дене шынықтыру туралы Қазақстан Респу-
бликасының заңы. Қазақстан № 1. 2000. 
6. Матвеев Л.П. Введение в теорию физической 
культуры: Москва: ФиС 1985.
7. Выдрин В.М. Теория   физической культуры, 
Ленинград, 1988.
8.  Әлімжанова  Г.  Ерғазиева  К.  «Салауатты 
өмір салтын ұстау» «Бастауыш мектеп» 2004-2.
9.  Қайымова  Ш.  «Салауатты  өмір  салтын 
құру», «Өзіндік таным» , 2005-2. 
10. Абдрахманова А. «Салауатты өмір салты-
на құрылымдық модель», «Валеология дене тәрби-
есі спорт» №12 -2003.
11. Есжанов Б. «Салауатты өмір салтын қа-
лыптастыру», «Ислам әлемі».2005-10 17. Исламо-
ва А. «Педагогикалық салауаттанудың даму негіз-
дері», «Мектептегі дене шынықтыру» 2004-3.

78
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №6 (42) 2016
ӘОЖ:796.07

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет